Қазақстандық жол 2020 стратегиялық жоспары: «ЖАҢА Қазақстан» сериясы



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата02.01.2017
өлшемі11,45 Mb.
#1014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Себебі, соңғы 20 жылда Пре-
зидент  Назарбаев  бастаған  қазақстандық  биліктің  атқарған  ең  басты  ісі  —  бұл 
саламатты заманауи мемлекет-ұлтқа қол жеткізгені. Билік басындағылар мен қара 
халық болып бөлінбейтін қарқынды дамушы тәуелсіз ел.
Осылайша,  дағдарыс  кезеңінен  шығып,  заманауи  экономикаға  бірден  ауысу  үшін 
Қазақстан негізгі төрт мәселеге баса назар аударды: а) инновация, б) бірқатар 
ірі  индустриялық  жобалар  және  оған  бүкіл  қоғамның  қуатын  жұмылдыру,  в) 
шетелден  инвестициялар  тарту  және  г)  еңбек  өнімділігін  барынша  арттыру. 
Бұның бәрі — Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын қолжетімді мақсаттар. 
Сондықтан,  Қазақстан  Республикасы  мен  оның  Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу жолында аса қабілетті 
өзіндік үлгісі бар деп батыл айтуға болады.
97

РЕСЕЙДІҢ САНАЛЫ 
КӨПШІЛІГІ НҰРСҰЛТАН 
НАЗАРБАЕВТЫ 
БАҒАЛАЙДЫ
3.3
Анатолий Барковский, 
РҒА Экономика институты Сыртқы экономикалық зерттеулер орталығының жетекшісі, 
экономика ғылымдарының докторы, 
РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясының профессоры

Қ
азақстан  Республикасы  Президентінің  Жолдауына  қатысты  бейтарап  болып, 
өзімді  тежеп  қалу  мен  үшін  қиын,  өйткені,  халықаралық  ғалым  ретінде  мен 
мемлекетаралық  ауқымдағы  дарынды  да  сан  қырлы  қайраткер  Нұрсұлтан 
Назарбаевқа  бұрыннан  зор  сүйіспеншілікпен  қараймын. 
Бұрынғы  кеңестік 
елдердегі  жағдайдың  дамуындағы  біздің  ықпалдастығымыздың  тұрақты  әрі  
басты  генераторы  болған  да  —  Президент  Н.Ә.  Назарбаев.  Мүлдем  өзгеше  
өзара  сыйластық  қарым-қатынасқа  негізделген  Достастықтың  қалыптасуын-
да жаңа өрлеудің сарқылмас көзі болды. Ресейдің саналы халқы бұны біледі — 
және Нұрсұлтан Назарбаевтың бірегей үлесін жоғары бағалайды.
Ең алдымен, Қазақстан Президенті өз елінің мүмкіндіктерін қашанда парасаттылық-
пен  бағалайды.  Сол  себепті  Нұрсұлтан  Назарбаев  қаңтардағы  Жолдауында  өзіне 
абырой-бедел жинау мақсатында қандай да бір ақылға сыймас міндеттер қойған жоқ. Иә, 
олар сындарлы, бірақ орындауға тұрарлық. Өз пайымдауымша, мен достас елдің дам-
уын мұқият бақылауға тырысудамын, даму міндеттерінде баяндалған теңгерілімділік — 
президент Жолдауының басты жетістігі.
ҚР
99

100

Айрықша атап өтуге тұрарлық жайт, Президент Жолдауының басты назарына алынған 
ел  азаматының  барлық  мұң-мұқтажы  ескерілген,  қамқорлыққа  алынған,  көпэтносты 
халқының  мүддесі  жан-жақты  ескерілген.  Жолдаудың  көтерген  басқа  мәселелерінің 
бәрі де маңызды, бірақ олар осы салиқалы міндеттен туындайды. Атап айтқанда, Жол-
дауда елдің агроөнеркәсіптік кешені ел тұрғындарының өмір сапасын артырудың шар-
ты  ретінде  аталады.  Сонымен  қатар  аграрлық  сектор  бүкіләлемдік  еңбек  бөлінісінде 
елдің халықаралық беделін көтерудің маңызды факторы болып та саналады.
Қаңтардағы  Жолдауда  қойылған  барлық  міндетті  Қазақстан  халқының  табысты 
орындап  шығатынына  күмән  жоқ.  Биылғы  жылы  Қазақстан  ЕҚЫҰ  төрағасы  ретінде 
осы беделді ұйымның барлық ұжымдық іс-шараларын жемісті өткізетініне де еш шүбә 
келтіре  алмаймыз. 
Демек,  Нұрсұлтан  Назарбаев  жаңа  онжылдықта  жаһандық 
әлем тәртібін қайта бағыттау ісінің берік іргетасын қалайды.
101

4. ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
ЖАҢА 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ӨРЛЕУІ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ 
ТАРТЫМДЫЛЫҚ 
ЖАҒЫНАН ҚАЗАҚСТАН 
РЕСЕЙДЕН АЛДА КЕЛЕДІ
4.1
Михаил Крутихин, 
RusEnergy компаниясының серіктесі әрі сарапшысы

аңтардың  соңында  жарияланған  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  жаңа 
Жолдауы  ел  басшылығы  таңдаған  инвестициялық  белсенділікті  ынталандыру 
бағытын жалғастыруды көздейді. Бұл ұлттық экономиканың жетекші саласы — 
мұнай-газ секторына қаражат салуды арттырудың жақсы нышаны. Президент 
өз Жолдауында: «Бiз Қазақстанда өңiрiмiзде жұмыс iстеуге дайын инвесторлар үшiн ба-
рынша тартымды жағдай жасауға тиiспiз», — деп ашық айтты.
Қызметіме  байланысты  мен  бұрынғы  кеңестік  елдердегі  қаражат  жұмсау 
мүмкіндіктерін  қарастыратын  шетелдік  инвесторлармен  жиі  кеңесемін.  Осы  жыл-
дар ішінде Қазақстанның мұнай-газ саласы жеке бизнестің де, шетелдік мемлекеттік 
компаниялардың да ерекше назарын аударып отырғанын байқауға болады.
Бүгіндері  инвестицияларды  тарту  бойынша  Қазақстан,  мысалы,  жер  қойнауларын 
пайдалану,  активтер  сатып  алу  мен  өнімдерді  экспорттауға  арналған  көліктік  инфра-
құрылымды пайдалану үшін лицензиялар алатын шетелдіктерді ашықтан-ашық кемсітуге 
ұшыратқан Ресейден анағұрлым алда келеді. Қазақстанда көршілес Ресейдегі тәрізді 
жеке бизнеске мемлекеттік монополиялар тарапынан айтарлықтай қысым жасалмай-
ды.  2008  жылдың  екінші  жартысында  кенеттен  басталған  жаһандық  экономикалық 
Қ
107

108

дағдарыста  Қазақстанның  барынша  аз  шығынға  ұшырауы  да  тұрақтылықтың  арқасы 
екені анық. Тіпті ел экономикасының өзі қиын да күрделі жағдайда беріктік танытты.
Президент  Жолдауында  баяндалған  қайта  өңдеуші  кәсіпорындарды,  газ-химия 
өндірісі мен жаңа генерациялық қуатты құрылысты дамытумен энергетикалық индуст- 
рияны әртараптандыру жолдарын барынша кеңейтумен айналысқандықтан халықара-
лық инвесторлардың сұранысына лайық. Шетелдік инвесторлар үшін шикі мұнай және 
табиғи газды өңдеу мен шетелге шығарудан басқа, жаңа өндірістер үшін озық техноло-
гиялар мен жабдықтар жеткізуде, ұлттық кадрлар дайындауда жаңа белестер ашылуда.
Нұрсұлтан  Назарбаев  қаңтардағы  Жолдауда,  Қазақстандағы  «әртараптандыру 
жөнiндегi  біздің  жоспарларымызды  iске  асыру  үшiн  бiр  ғана  мемлекеттiк  ресурстар 
жеткiлiксiз болатыны анық» деп мәлімдеді. Мемлекет басшысының көздеген мақсаты — 
«оның негiзгi көзi тiкелей шетелдiк инвестициялар болуы тиiс».
Бұндай  міндет  ел  басшысының  қолынан  келетінін  айқындайды.  Коммунистік 
идеологияның тамырына балта шапқан басқа елдердің ішінде адам басына шаққандағы 
тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Қазақстан Венгриядан кейінгі орын-
да  келеді.  Республика  осы  бет  бұрған  дұрыс  бағытын  одан  әрі  жалғастыруда.  Бұл 
Қазақстанның  —  шетелдік  қаржы  салымдары  үшін  және  жергілікті  компаниялармен 
өзара тиімді ынтымақтастықта нық сенімді алаң екенін айқындайды.
Ең  бастысы  —  жаһандық  құлдырау  жағдайына  қарамастан,  Қазақстан  Президенті 
Нұрсұлтан  Назарбаев  елінің  инвестициялық  сенімділігін  нығайтып  қана  қойған 
жоқ,  сондай-ақ  ол  Қазақстанды  тікелей  шетелдік  инвестицияларды  мол  тарта  оты-
рып,  әлемдік  қауымдастық  аясындағы  көшбасшы  елдердің  қатарына  қосты. 
Бүгінде 
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің басты артықшылығы — оның дүниежүзі 
инвесторлары сенетін және құрмет тұтатын ұлттық көшбасшысы.
109

ҚАЗАҚСТАН АӨК-нің ДАМУЫ — 
ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ МІНДЕТ
4.2
Андрей Спартак, 
Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу конъюнктуралық институтының директоры, 
экономика ғылымдарының докторы, профессор

Н
ұрсұлтан  Назарбаевтың  Жолдауында  Қазақстан  экономикасын  жедел 
әртараптандыру  барысында  агроөнеркәсіптік  кешенді  дамытуға  баса  на-
зар  аударылып  отырғаны  қуантарлық  жайт.  Н.Ә.  Назарбаевтың  ең  алдымен 
ауылдағы еңбек өнімділігіне ерекше көңіл бөліп отырғаны өте дұрыс.
Тағы  бір  маңызды  жағы:  дамудың  негізгі  факторы  —  агроөнеркәсіптік  кешенді 
әртараптандыру.  Яғни,  Жолдауда  айтылғандай,  Қазақстан  «ауылшаруашылық  шикі-
затын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар мен 
ауыл  шаруашылы ғындағы  жаңа  көзқарас»  және  әлемдік  тәжірибені  пайдалану,  оны 
ауыл шаруашылығына жедел ендіру» қарсаңында тұр. Бұл ҚР Президентінің Қазақстан 
ауылдарының мәселелеріне қаншалықты жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.
Себебі,  қазақстандық  агроөнеркәсіп  —  бұл  тек  мал  басы  мен  статистикалық 
өнімділік  қана  емес.  Тауарлық  ауыл  шаруашылығы  —  бұл  Қазақстан  Республикасы 
азаматтарының басым көпшілігі үшін күнделікті күнкөріс көзі. Соңғы санақ мәліметтері 
бойынша, Қазақстан халқы (2010 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай) 16 млн. 196 мың 
800  адамды  құрады,  оның  ішінде  ауылдағы  халықтың  саны  7  млн.  365,7  мың  адамды 
құрайды. Өзіміз байқап отырғандай, бұл ҚР Конституциясы гаранты — Елбасының ауыл 
тұрғындарының мұң-мұқтажына деген ерекше қамқорлығы.
111

112

Мемлекет  тарапынан  жасалған  ілтипат  бірден  сезіледі.  Ауыл  шаруашылығындағы 
кез  келген  олқылық  бірден  басы  артық  әлеуметтік  қиындықтар  тудырады,  өйткені 
мұндай  жағдайлар  агроөнеркәсіп  еңбеккерлерін  келешекке  деген  сенімінен  айырып, 
жаппай көшуіне соқтырады. Агроөнеркәсіп — тек үнемі жұмысбастылық қана емес, бұл 
ауыл мен шағын қалалар халқы үшін үйреншікті тұрмыс-салт — оның құлдырауы ауыл 
тұрғындарының көңілін құлазытады. Бұл өз кезегінде әлеуметтік тұрақтылық пен елдің 
тектік қорына елеулі нұқсан келтіруі ықтимал.
Қазіргі  кезде  қазақ  халқының  негізгі  демографиялық  әлеуеті  дәл  осы  ауылда 
шоғырланған. Статистердің мәлімдеуінше, қала халқы тек 2,3%-ға өссе, ауыл халқы — 
12,7%-ға көбейіпті. Демографтардың бағалауынша, Қазақстанның табиғи өсіміне бай-
ланысты  ауыл  халқы  жыл  сайын  25–35  мың  адамға  артуда.  Сондықтан  қазақстандық  
ауылдарды көтеру — бұл ақиқатында Қазақстанның жалпыұлттық міндеті.
Сайып келгенде, Қазақстанның Президенті елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету секілді маңызды стратегиялық міндет қойып отыр. 2014 жылға қарай азық-түлiк та-
уарлары iшкi рыногының 80%-дан астамын отандық тағам өнiмдерi құрауы тиiс. Әзірше 
Қазақстанда шетелден келетін азық-түліктің үлесі 40-тан 60%-ға дейін ауытқуда. Осы 
кезде БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымдарының арнайы декларация-
сында (ФАО) баяндалған азық-түлік қауіпсіздігі талаптарына сәйкес шетелден әкелінетін 
өнімнің  ықтимал  көлемі  17%  шамасында  белгіленген.  Бұнда  әлі  де  атқарылатын 
жұмыстар баршылық, бірақ бұл әлбетте шешілетін міндеттер.
Дегенмен, Қазақстан мен Ресей — өз-өзін асырай алатын аз ғана елдердің бірі. Олар-
да құнарлы жерлердің бірегей әлеуеті бар. Біздің елдеріміз негізгі азық-түлік түрлерімен 
өзін-өзі қамтамасыз етуге тиіс. Болашақта дүниежүзіне де азық-түлік шығарушы жетек-
ші елдердің бірі болуы мүмкін. Алайда, аграрлық сектордың бұл ауқымды міндеттерін 
мемлекеттің қолдауына сүйене отырып шешу керек. Және ең маңыздысы өнімді шетел-
ге шығарудың сауатты саясатын жүргізу.
Тәуелсіз  даму  жылдарында  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстанның  ауыл 
шаруашылығын  халықаралық  аграрлық  нарықтың  маңызды  факторына  ай-
налдырды.  Ауыл  шаруашылығындағы  шешуші  реформалардың,  ілгері  басқан 
заңнамалық базалар жобасы, ауқымды мақсатқа сай инвестиция мен аграрлық 
саланың  ұтымды  жетекшілігінің  арқасында  Қазақстан  бүгіндері  жаһандық 
азық-түлік  қауіпсіздік  жүйесінің  ықпалды  нысанына  айналды.  Бұл  Қазақстан 
Президентінің басшылығымен атқарылған елеулі еңбек.
113

БИОТЕХНОЛОГИЯЛАР — 
БҰЛ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН 
«БАҚЫТТЫ БИЛЕТ»
4.3
Раиф Василов, 
Ю.А. Овчинников атындағы Ресей биотехнологтар қоғамының президенті, 
биология ғылымдарының докторы

Н
ұрсұлтан  Назарбаев  Жолдауында  Астанада  үш  жаңа  ғылыми  орталық 
құрылатынын айтты. Олардың бірі — биотехнологиялық зерттеулермен айна-
лысатын,  өмір  туралы  ғылымдар  орталығы.  Бұл  —  Қазақстан  Президентінің  
дұрыс  әрі  нақты  таңдауы.  Биотехнологиялар  білімнің  инновациялық  эконо-
микасының  маңызды  бағыттарының  бірі  болып  табылады.  Қазіргі  уақытта  биотех-
нологияларға деген қызығушылық дүние жүзінде аса жоғары. Бұл — жаһандық тренд.
Біздің  мемлекеттеріміз,  Ресей  мен  Қазақстан  үшін  биотехнологиялар  —  бас-
ты  серпінді  бағыт.  Бұл  біздің  геосаяси  ерекшеліктеріміздің,  оның  ішінде  көлемді 
аумақтарымыздың,  табиғи  ресурстардың  болуының  арқасында  «бақытты  билетіміз» 
болады.  Бұл  жерде  бізбен  Қытай  да  теңесе  алмайды.  Жақсы  ғылыми  іс  те  бар.  Егер 
өнертабыстарға берілген патенттер санын алатын болсақ, онда кеңестік дәуірден кейінгі 
ғылымның  дамуының  барлық  бағыттарынан  биотехнология  көш  басындағылардың 
қатарында.
Биотехнологиялық  жобаларды  жүзеге  асыруға  болады  және  олар  аз  уақыт  ішін-
де  айтарлықтай  экономикалық  нәтиже  береді.  Мысалы  —  биомассалар  негізінде 
аймақтарды  балама  энергетикамен  қамту.  Ең  бастысы,  бұл  зауыттар  жергілікті  
115

116

ресурстармен  жұмыс  істейді  —  орман,  су,  биомасса,  мал  шаруашылығы  және  оның 
қалдықтары,  тағы  басқасы.  Бұл  жедел  модернизацияның  және  жаңа  зауыттардың 
құрылуының  белгісі.  Алдағы  уақытта  —  аймақтарда  жаңа  жұмыс  орындары  құрылып, 
соның нәтижесінде, әлеуметтік және демографиялық мәселелер шешілмек.
Бұл  —  жандандырылатын  шикізат  негізінде  химия  өнеркәсібіне  арналған  өнімнің 
шығуы, тез өсетін ағаштар егістігін өсіру, топырақ пен суды мұнай ластауларынан тазар-
ту, жануарларға арналған азықты және биоқоспаларды және ветеренария препаратта-
рын  импортпен  алмастыру,  органикалық  қалдықтарды  биотехнологиялық  әдістермен 
жою және басқа да көптеген жаңа технологиялар болуы мүмкін. Мысалы, органикалық 
қалдықтардан  және  биоотыннан  биогаз  өндіру.  Айтпақшы,  Орталық  Азиядағы  ірі  би-
дай  өндірушісі  —  Қазақстанда  бүгінгі  таңда  қайта  өңдеу  қуаттылығы  жылына  300.000 
тоннаға жуық бидайды құрайтын биоотын шығаратын «Биохим» зауыты жұмыс істейді.
Өкінішке қарай, жаңа саланың қалыптасуы әзірге күткендегіден баяу болып отыр. Біз 
биотехнологиялық жарыста тіпті бір кездері фармсаланың тұтастай негізін қалап бер- 
ген және мыңдаған маманын оқытқан Үндістаннан да едәуір артта қалып келеміз. Әзір-
ге  Ресейде  50-ге  жуық  биотехкәсіпорын  бар,  салыстырып  көрейік,  АҚШ-та  олардың 
саны  —  1500.  Алайда,  ғылыми  мектептер  сақталып  қалса,  онда  біздің  биосала  тиісті 
мемлекеттік импульспен тез дамиды.
Барша әлемде биосала қуатты және көп болып келетін шағын және орта бизнеске 
сүйенеді. Бірақ мұндай жобалар жекеменшік-мемлекет серіктестігінің негізінде жүзеге 
асырылу  керек.  Бұл  жерде  мемлекеттің  рөлі  тек  қаржы  беруде  ғана  емес,  сондай-ақ 
қолайлы  жағдай  тудыруға  негізделген.  Әңгіме  биоиндустрия  қалыптасып,  гүлденген 
Кеңес  Одағы  заманында  болғандай  импорт  қондырғыларына  салықтан  босату  және 
басқа да жеңілдіктер туралы болып отыр.
Бүгінгі  таңда  Нұрсұлтан  Назарбаев  шынайы  нәтиже  беріп  жатқан  экономи-
каның  қазақстандық  даму  жолын  салып  жатыр.  Бұл  —  табысты  жол,  жетістік 
стратегиясы.
Биотехнологиялар — «мықтылардың спорты». Және Қазақстан қуатты, сенімді да-
мып жатқан мемлекет ретінде бұл жаңа шыңды бағындыра алады. Қазақстан Президенті 
құрып жатқан өмір туралы жаңа ғылымдар орталығы жаңа жас мамандар мен ғалымдар 
үшін тартымды боларына сенімдімін.
117

БАЛАМА ЭНЕРГЕТИКА — 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЕРПІНДІ 
ЖОБАСЫ
4.4
Михаил Кащеев, 
техника ғылымдарының докторы, 
РФ ФЭИ МҒО бас ғылыми қызметкері

Н
ұрсұлтан  Назарбаевтың  Жолдауында  «жаңа  экономика»  үшін  бірқатар  аса 
перспективалы  міндеттер  қойылған.  Олардың  бірі  —  жаңартылатын  энер-
гетика,  физика,  жоғары  энергиялар  техникасы  мәселелерімен  айналыса-
тын энергетикалық зерттеу орталығын құру. Заманауи экономиканың шама-
дан тыс көмірсутекті инфрақұрылымдық тәуелділіктен өту қажеттілігін қазіргі заманның 
технологиялық дамуындағы көшбасшылары — АҚШ, ЕО және Жапония айқын белгілеп 
берді.
Барлық  дерлік  еуропалық  мемлекеттердің  және  АҚШ-тың  дағдарысқа  қарсы  іс-
қимыл жоспарында қаржының айтарлықтай бөлігі балама және жаңартылатын энерге-
тиканы дамытуға бөлінеді. Мысалы, АҚШ әкімшілігі жарты миллиард доллар көлеміндегі 
бірінші траншты (жалпы жоспарланғаны — 3 млрд доллар) жаңа энергетиканың дам-
уына байланысты жобаларды енгізу үшін бөлді. Еуропадағы өнім көлемі жөнінен екінші 
мұнай  компаниясы  BP  Plc  қазірдің  өзінде  жаһандық  көлемде  балама  энергетиканың  
дамуына 3 млрд доллар инвестиция салды. Бұған дейін ВР бұл міндеттерді жүзеге асы-
ру үшін 2015 жылға дейін 8 млрд доллар жоспарлаған болатын.
119

120

Менің ойымша, қазіргі Қазақстанда балама энергетиканың барлық спектрі бойынша 
дамуға белгілі бір әлеует бар. Жедел даму шағын қуатты (АБВ реакторлы қондырғысының 
атом  кеме  құрылысында  жасалған  база  негізінде)  атом  стансаларының  салынуы-
на  жол  ашуы  мүмкін.  Бұрыннан  белгілі,  Ресей  мен  Қазақстан  атомшыларында  бүгінгі 
таңда қуаттылығы шағын және орта жаңа буын реакторларын бірлесіп жасау жөніндегі 
инновациялық  жобалар  бар.  Келешекте  Қазақстан  Республикасында  осындай  энер-
гоблоктарды өз бетінше салу және олардың үшінші елдер нарығында перспективалық 
өткізілуі мүмкін болмақ.
Белгілі  болғандай,  негізінен  Ресей,  АҚШ,  Канада  сынды  мемлекеттердің  шалғай 
жатқан  және  жолы  қиын  аймақтарында  жергілікті  энергия  көздері  ретінде  пайдалану 
үшін шағын қуатты атом стансалары белсенді түрде жобаланып жатыр. Осылайша, Ре-
сей  қазірдің  өзінде  әлемге  атом  кеме  құрылысы  негізінде  жасалған  жүзетін  электро-
стансаларды  (ЖАЭС)  ұсынуға  дайын.  Мұндай  жылжымалы  стансалар  электр  қуатын 
беретін желілерді тарту немесе органикалық отын апару тиімсіз болатын шалғай жатқан 
аймақтар үшін теңдессіз болады.
Мысалы,  ЖАЭС  Ресейдің  Арктикадағы  және  Қиыр  Шығыс  жағалауларындағы 
өңірлерінде  қажет  болады.  Ал,  шетелде  олар  қолданылатын  жерлер  —  Азия  мемлекет-
терінің  жағалаудағы  аудандары,  «әлемдік  фабрикаға»  айналған  ғаламшардың  халқы 
тығыз орналасқан аудандары. Сонымен қатар, ЖАЭС-ын теңіз суын тұщыландыру үшін де 
пайдалануға болады. Мысалы, Парсы шығанағы мемлекеттерде немесе мұхит шельфін-
дегі жүмыстарда. МАГАТЭ-ның бағалауы бойынша, осындай инновациялық қондырғылар-
дың жиынтық сомалық нарығы 30–60 млрд доллар көлемінде бағаланып отыр.
Қуаттылығы  төмен  энергоблоктар  негізінде  атом  стансаларын  салу  (қызмет  ету 
мерзімі  60  жыл)  моноқалаларда  жылу  және  электр  энергиясымен  кепілдендірілген 
қамту бойынша ұзақ мерзімді ресурс ұсынуға мүмкіндік береді. Электр қондырғысының 
аталған жобасы алынуы күрделі табиғи ресурстарды тек Қазақстанда ғана емес, соны-
мен қатар басқа да мемлекеттерде — мысалы, Латын Америкасында немесе Африкада 
стратегиялық кен орындарға жақын жерлерде игеруге қолайлы болуы мүмкін.
Кеңінен алып қарайтын болсақ, онда шағын атом стансаларын жасау жобасының ай-
наласында кеңістікті игерудің жаңа философиясы қалыптасады. Жаңа «номадизмнің» 
бұл  түрінде  балама  энергетика  мен  балама  урбанизация  перспективасы  табысты 
қосылуы мүмкін. Осылайша, шағын атом энергетикасы және қалдықтарды өңдеу тех-
нологиясы  бүгінгі  таңда  толықтай  «автономды  қоректегі»  үлкен  емес  неоиндустриал-
ды  қалаларды  жасауға  мүмкіндік  береді.  Жаңа  байланыс  технологиялары  жоғалған 
жұмыспен  қамтуды  жеңілдетеді,  құрылыс  технологиялары  аз  қабатты  тұрғын  үйлерді 
сапалы арзандатады, ал заманауи көлік технологиялары инфрақұрылымды біріктіруге 
мүмкіндік  береді.  Жаңа  инновациялық  технологиялар  жиынтығы  Қазақстанның  «күр-
делі»  және  бытыраңқы  кеңістігін  әлдеқайда  жинақы  әрі  бір-бірімен  байланысты  ете  
алады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың осы мәселеге ерекше назар аударуы — қазақстан-
дық  көшбасшының  ұзақ  келешекті  ойлайтын  көрегендігінің  белгісі.  Жаңарты-
латын энергетика, физика және жоғары энергия техникасы мәселесін шешу — 
бұл  болашақтың  бағдарламасы.  Бұл  —  Нұрсұлтан  Назарбаев  құрып  жатқан 
болашақ.
121

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ 
ӨРІСІНІҢ КЕҢДІГІМЕН 
ҚУАНТАДЫ
4.5
Александр Райков, 
РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясының профессоры, 
«Новые стратегии» сараптамалық агенттігінің президенті, 
техника ғылымдарының докторы, 
РФ Үкіметінің ғылым мен техника саласындағы сыйлығының лауреаты

Н
ұрсұлтан  Назарбаев  Жолдауы  өрісінің  кеңдігімен,  ауқымдылығымен  және 
мақсатымен қуантады. Ойға алынған істердің дағдарыс уақытында сыналған 
нақты  жетістіктері  негіз  болып  отыр.  1997  жылы  Қазақстанда  Ресейге 
қарағанда үш жылға ерте стратегия жасалған болатын, сол кезде-ақ жас рес-
публика  жоспарлаудың  ұзақ  мерзімді  көкжиегін  батыл  таңдайтын.  ҚР  жетістіктері  де 
осыдан  —  тәуелсіздік  жылдарында  адам  әлеуетінің  жоғары  деңгейіне  қол  жеткізілді, 
бұл БҰҰ деңгейінде бағаланды. Аса маңызды салалық және кешенді «жол карталары» 
дайындалды.  Дегенмен,  бәрінен  бұрын  президенттік  жолдауда  дана  ұлттық  көшбас- 
шының позитивті ойлары қызықтырады.
Сонымен  қатар,  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  позитивті  ойлары  оны  қолдаудың  жаңа 
әдістерін айрықша қажет етеді. Қазақстанды «жаңа индустрияландыру» ауқымды жоспа-
ры шарасыз сұрақтарды туындатады: «жол картасында» белгіленген жолдар күтілмеген 
тосқауылдарға  тосқауыл  болмайтынына  кепіл  бар  ма?  Іс-қимылдар  жоспары  қажетті 
стратегиялық бірізділікте жасалған ба? Менің ойымша, Қазақстанның атқарушы билігі 
мен  сарапшылар  тобы  дереу  президенттік  Жолдаудың  стратегиялық  кезеңдерін  мұ-
қият талдап-тексеріп, анықтауы тиіс.
123

124

Қазіргі  индустрияландырудан  кейінгі  әлемде  өзгешеліктер  аса  маңызды.  Интег-
рация  мен  «ұсақ-түйектер»  синергиясы  жетістікке  жету  сенімін  береді.  Осылайша, 
Қазақстанның инновациялық болашағы үшін жай кәсіпкерлік пен шағын бизнестің ғана 
емес, ғылымға бағытталған шағын бизнестің дамуы маңызды. Жаңа экономиканы ынта-
ландыру рөлін нақ сол атқаруы мүмкін. Бір нәрсеге көп салғандағы инвестициялардың 
көлемі  емес,  венчурлық  инвестициялар  —  көптеген  бәсекелес  жобаларға  аз-аздан 
салған  маңызды.  Бұл  қызық  болғанымен,  ақпараттық  ғасырда  айқын  ақпарат  пен 
кәдімгі білім емес, жасырын, айқын емес ақпарат маңызды. Оны пайдалану мен ескеру 
үшін мүлдем жаңа технологиялар қажет, мысалы, кванттық семантика, балама есептеу, 
контент-анализ технологиялары.
Индустрияландырудан  кейінгі  уақытта  мемлекетті  индустрияландырудың  дәстүрлі 
техникалары көп жағдайда жұмыс істей бермейді. Осылайша, заманауи экономиканы 
әртараптандыру  —  өнімдер  мен  қызметтерді  әртараптандырусыз  ешқандай  маңызға 
ие  бола  алмайды.  Әлемдік  дағдарыстар  көрсетіп  отырғандай,  қаржы  жүйесін  ескі 
қағидаттармен  жетілдіру  қайтадан  және  күтпеген  жерден  қаржылық  көпіршіктердің 
пайда болуына және кезекті дағдарысқа соқтырады. Батыста рейтингтік компаниялар 
материалдық емес активтерді тиісінше және дұрыс ескермей, тек бұрынғыдай жалаң 
жұмыс істеп отыр. Менің ойымша, бүгін Қазақстанда белсенді дамып отырған мемле-
кет  пен  жеке  меншіктің  серіктестігі  механизмі  —  әлемдік  тәжірибеде  сынақтан  өткен 
тәсіл!
Жолдауда көрсетілген мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқару 
механизмі  қалай  құрылады?  Қазіргі  заман  көзқарастары  динамикалық  жағдайда 
экономикалық жүйелердің тәртібін бағалауға және көзбен шолуға көмектеседі, қазіргі 
уақытта жағдай одан ары күрделеніп барады, нашар болжанады. Экономикалық үлгілерде 
трансцендентальдық  көрсеткіштерді  ескеру  қажеттілігі  туындады.  Қолданыстағы 
ғылыми-экономикалық көзқарастар нарықта жасырын, айқын емес, себепсіз, шатасқан 
құбылыстар мол кезінде стратегиялық басқаруда әлсіз. Бәлкім Қазақстанға математи-
ка, және физика, биология және генетика, конвергентті басқару теориясын тереңдету-
ге байланысты зерттеулер жүргізу қажет болар.
Айтпақшы,  Президент  Жолдауында  «болашақ  экономикасының»  жаңа  секторла-
рын құру міндеті қойылған. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, «нәтижелі және тиімді 
қызмет ететін ұлттық инновациялық жүйе оның негізі болуы керек».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет