Қазақстандық жол 2020 стратегиялық жоспары: «ЖАҢА Қазақстан» сериясы


Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «экономикалық



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата02.01.2017
өлшемі11,45 Mb.
#1014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «экономикалық 
өрлеу — баршаның ісі» немесе индустриалдық жаңғыру «таяудағы он жылдық-
та  бүкіл  еліміздің  жалпыұлттық  міндетіне  айналуы  тиіс»  дегені,  іске  келгенде, 
жаңғыртудың  қандай  да  бір  ұжымдық  субъектісінен  әркімнің  өз  орнын  табуы 
керектігін білдіреді.
61

КӨШБАСШЫЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ — 
АСҚАҚ БОЛҒАНЫМЕН 
ШЫНАЙЫ
2.3
Игорь Николаев, 
экономика ғылымдарының докторы, 
ФБК компаниясы Стратегиялық сараптама департаментінің директоры

Қ
азақстан  өзінің  «көшбасшылыққа  бастар  жолын»  белгіледі  —  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Жаңа  онжылдық  —  Жаңа 
экономикалық  өрлеу  —  Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Жолдауы 
дәл  осылай  таныстырылды.  Шындығында,  бұл  —  елдің  2020  жылға  дейінгі 
стратегиялық даму жоспары.
Осы құжаттағы ең тұрлаулы жайт Қазақстанның таяудағы он жылдықта жеделдетіл-
ген  индустриалды-инновациялық  даму  бағдарламасын  жүзеге  асыру  туралы  табан-
ды  ниет  білдіргенінде  жатыр.  Дәл  «жеделдетілген»  дамуға  айрықша  назар  аудару-
ды  ұсынамыз.  Сондай-ақ,  әңгіменің  «индустриалды-инновациялық  даму»  жайында 
өрбитініне де көңіл бөлу керек.
Бұлайша екпін қоюдың маңыздылығы неде?
Ғаламдық  экономикалық  дағдарыстар  жүзеге  асқанда,  әлемдегі  экономикалық 
күштерді орналастыру да өзгереді. Және дағдарыс ауқымды болған сайын, соған сәйкес 
маңызды өзгерістер ықтималдығы да жоғары. 2008 жылы басталған қазіргі дағдарысты 
бұдан бөліп қарай алмаймыз. Біреу айтарлықтай ұмтылыс жасады, біреу кері шегінді, ал 
енді біреуі бір орында тоқырап тұр.
63

Сырт  көзге  бәрі  де  алғашқы  нұсқаны  ұстанғысы  келетіндей.  Біріншіден,  жай  ғана 
қалау аз. Екіншіден, жалғыз ғана осы жолдың дұрыс екеніне шын мәнінде көзің жетуі ке-
рек.
Ресейде, айта кетейін, стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауға қатысты адам-
дарда  мұндай  сенімділік  жоқ.  Міне,  мәселен,  қазақстандық  2020  страгегиялық  жос-
парымен  бір  мезгілде  дерлік  шыққан  құжатты  алайық.  Бұл  қамқорлық  кеңесін  Ресей 
Президенті Д.А. Медведев басқаратын ресейлік Заманауи даму институтының (ИНСОР) 
баяндамасы.  Бұл  құжат,  керісінше,  жеделдетілген  экономикалық  дамудан  бас  тарту 
қажеттігі туралы тезистен тұрады. Бұған негіз: экономикалық қиындықтарды тудырған 
да осындай даму нұсқасын таңдау және жүзеге асыру.
Ресей  және  Қазақстан.  Екі  ел  —  екі  бөлек  амал.  Міне,  осылайша,  аса  маңызды 
мәселедегі түбегейлі өзгешелік — дамудың қандай болуы керектігінде.
Қазақстандікі,  дегенмен,  дұрыс  секілді.  Себебі,  экономикалық  дағдарысты 
тудырған  жеделдетілген  экономикалық  даму  емес,  экономиканың  алыпса-
тарлыққа ойысқандығы. Және де экономиканың бұл екі күйі — мүлде екі бөлек 
нәрсе.
Соңғы дағдарыс — экономиканың алыпсатарлық үлгісінің дағдарысы, оның жүзеге 
асырылуы  нәтижесінде  активтердің  әлемдік  нарықтары  (қор,  мұнай,  жылжымайтын 
мүлік және т.б.) алыпсатарлық жолмен сатып алынған болып шықты. Міне, осы бәлемен 
белсенді күресу керек, оның шектен шығуына жол бермеу керек.
Сондықтан  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  жеделдетілген  дамуды  таңдауы  — 
стратегиялық  тұрғыда  дұрыс  таңдау.  Бұл,  Қазақстан  Президентінің  Жолда-
уында мәлімделген жоспарларды табысты жүзеге асырған жағдайда, жас елдің 
экономикалық күштерді елеулі түрде өз пайдасына бұруына мүмкіндік береді.
Енді «индустриалдық-инновациялық даму» жөнінде.
ҚР  Президентінің  халыққа  Жолдауында  инновациялық  қана  емес,  индустриалдық 
дамудың  да  айтылатыны  әбден  орынды.  Қалыптасқан  нақты  экономиканы  нығайту 
міндеттерін  «болашақтың  экономикасын»  құрумен  шебер  үйлестіре  білу  керек.  Бей-
нелей айтқанда, Қазақстанға қолдағы тұрымтай да, көктегі сұңқар да керек! Шынын-
да  да,  егер  индустриалдық  даму  бағытында  Қазақстанның  әлі  көп  істі  атқаруы  керек 
болса, ол туралы ҚР Президентінің халқына тура айтқаны жөн, билік пен қоғам алдына 
сәйкесінше міндеттер қойғаны абзал. Сондықтан да, Н.Ә. Назарбаевтың жаңа индуст-
риалдану жайлы барлық сөзі әділ ғана емес, бүгінгі және ертеңгі Қазақстанның болмы-
сын бейнелейтін сөздер.
Инфрақұрылымның бұдан арғы дамуына (жаңа темір жол желілерін салу («Жетіген — 
Қорғас»  және  «Өзен  —  Түркіменстанмен  мемлекеттік  шекара»,  «Батыс  Қытай  —  Ба-
тыс Еуропа» автожолы және т.б.) күш салу да өте дұрыс қадам. Қазақстан үшін — даму 
әлеуеті едәуір өрісті ел үшін — инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор болып табы-
лады.
Бұл  салада  біздің  елдерге  кеңестік  дәуірден  қалған  мұра  аса  мардымды  емес  — 
қазіргі  кезде  Ресей  инфрақұрылымының  даму  деңгейі  жағынан  әлемде  небәрі  72-ші 
орында. Ал Қазақстан Республикасы осы жиынтық рейтингте жоғары тұр. Есесіне, темір 
жол инфрақұрылымының даму деңгейі бойынша, Қазақстан әлемде 34-ші орынды ала-
64

ды. Сондықтан, болашақ Жолдауда Қазақстанның инфрақұрылымын дамытудың озық 
басымдығын, шын мәнінде, одан әрі күшейте түсуге болар еді.
Енді  ұлттық  экономикадағы  дамудың  инновациялық  құрылымдарын  жүзеге  асыру 
қажеттігі мәселесіне тоқталайық. Бұл мәселеде қажетті екпінді мейлінше арттыра түсуге 
де  болар  еді  деп  ойлаймын.  Қазақстанда  үш  бірдей  мүлде  жаңа  ғылыми  орталықтың 
құрылатыны (өмір туралы ғылымдар, энергетикалық зерттеулер мен пәнаралық аспап-
ты  ғылыми  орталықтар)  жақсы  әрі  құптарлық.  Осы  секілді  елдің  2020  жылға  дейінгі 
ғылыми-технологиялық  дамуының  салаларалық  жоспарын,  «Ғылым  туралы»  жаңа 
Заңды және т.б. әзірлеу қажеттігі де ресейлік сарапшыларға күмән тудырмайды.
Сондай-ақ, 2020 стратегиялық жоспары, сандармен дәл есептелген нақты мақсатты 
бағыттарының  кең  жиынтығы  ретінде  де  ерекшеленеді.  Бұл  Қазақстан  басшылығы 
жауапкершілігінің куәсі іспетті.
Үлкен  саясаткерлерге  мақсаттарды  жалпылама  түрде  құру  анағұрлым  оңай  әрі 
қауіпсіздеу  деуге  болады.  Қарапайым  тілмен  айтқанда,  бос  мәлімдемемен  құтылу. 
Алайда,  мұндай  жағдайда  стратегиялық  сипаттағы  құжаттардың  тәжірибелік  мәні, 
әлбетте,  күрт  төмендейді.  Бірақ,  Президент  Н.Ә.  Назарбаев  —  өз  қызметінде  толып 
жатқан көпсөзділік мен арзан сәуегейлікке жол бермейтін мақсатшыл әрі іскер саясат-
шы. Көпсөзділік оның стиліне жат, Нұрсұлтан Назарбаев — парасатты прагматик және 
өзіндік саяси саласының барша кезеңдерінде сарабдал реалист болып келеді.
Мынадай  қарапайым  мысал  келтірейін.  Таяудағы  Жолдауда,  мәселен,  ІЖӨ-дегі 
өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-дан кем емес мөлшерін құрауы тиіс, немесе экспорттың 
жалпы көлемінде шикізаттық емес экспорттың үлесі 27-ден 45%-ға дейін ұлғаюы керек 
деп  белгіленгенде,  ол  мақсаттардың  қол  жетімділігін  бақылау  билік  басындағыларға 
оңай әрі түсінікті болмақ.
Нұрсұлтан  Назарбаев  жариялаған  нақты  мақсатты  бағыттар  атқарушы  биліктің, 
бизнестің  және  барша  қазақстандық  қоғамның  оларға  қол  жеткізу  жөніндегі  соған 
сәйкес  үкіметтік  бағдарламалары  мен  жоспарларын  дайындауы  үшін  аса  маңызды 
бастапқы бағдар болып табылады.
Мұндай  құжаттарды  дайындау  енді  республика  билігіндегілердің  бірінші  кезектегі 
міндетіне айналған болса керек.
Тағы  бір  маңыздысы  —  Жолдауда  аталған  мақсатты  бағыттардың  ауылы  әлі 
айтарлықтай алыс 2020 жылға ғана жатпайтындығы. Қазақстанға қандай да бір бағыттар 
бойынша  дамудың  қажетті  орташа  мерзімді  векторларын  беретін  нақты  аралық 
мақсаттар да бар.
Осылайша,  мәселен,  ҚР  Президентінің  халыққа  Жолдауында  үкіметтің  2011  жылы 
бизнесті тіркеуге және бизнесті жүргізуге байланысты операциялық шығындарды 30%-
ға қысқарту керектігі айқын көрсетілген. Оған қоса, 2015 жылы мұндай шығындар тағы 
30%-ға қысқаруы тиіс. Агроөнеркәсіптік кешенде еңбек өнімділігі 2014 жылы кем деген-
де екі есеге артуы қажет. Дәл осы уақытта азық-түлік тауарлары ішкі нарығының 80%-
дан астамын отандық тағам өнімдері құрауы тиіс.
Осылайша,  президенттік  Жолдау  жарияланғаннан  кейін,  Қазақстан  Республика-
сында  стратегиялық  дамудың  айтарлықтай  асқақ,  дегенмен  әбден  шынайы  жоспа-
ры  пайда  болды. 
Қазақстан  соңғы  жылдары  бұрынғы  кеңес  елдері  кеңістігінде 
65

66

ғана  емес,  әлемде  де  әлеуметтік-экономикалық  дамудың  қарқыны  мен  са-
пасы  жағынан  көшбасшы  болып  келеді.  Әрі  әлемдік  экономикалық  дағдарыс 
кезеңінде Қазақстанның осы артықшылығы бұрынғысынан да айқындала түсті. 
Қазақстанның 2020 стратегиялық жоспарын қабылдағаннан кейін, қол жеткізген оң та-
быстарды бекітіп, жаңа стратегиялық биіктерді бағындырарлық барша мүмкіндікке ие 
екендігіне сенімдімін.
67

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ 
БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ — 
«ЖАҢА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ»
2.4
Михаил Ремизов, 
Ұлттық стратегиялар институтының президенті

Қ
азақстан  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  халыққа  Жолдауы  ұлт 
көшбасшысына  лайық  біртұтас  саяси  құжаттай  әсер  тудырады.  Бұл  жолдау-
да  жаңғыртудың  риторикалық  пакеті  емес,  стратегиялық  жаңғырту  жос-
пары  құрастырылған.  Бұл  —  экономика  мен  қоғамды  жаңартудың  мұқият 
ойластырылған бағдарламасы.
Мақсаттар  айқын  қойылып,  оларды  жүзеге  асыру  жоспары  беріліп,  көзделген 
жетістікке  (белгілі  бір  мерзімде  орындалуы  тиіс  өңдеу  өнеркәсібінің  сандық  үлесі, 
еңбек өнімділігінің өсім деңгейі және т.б.) қол жеткізудегі табыстылықтың нақты инди-
каторлары  нақтыланған.  Тағы  бір  аса  маңыздысы,  Назарбаев  Жолдауында  жауапты-
лар көрсетілген — ол ҚР Үкіметі, даму институттарының басшылары, ол аймақты дамы-
ту жобаларының басшысы болып табылатын әкімдер. Осы ретте аймақтық жобаларды 
іске  асыруда  барлық  корпорациялар  мен  мемлекеттік  ведомстволардың  үйлестірілуі 
мен ынтымақтастығын қамтамасыз етеді.
Меніңше,  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қазақстандықтарға  Жолдауының  басты  
басымдығы  Ресей  үшін  де  сондай  маңызды.  Бұл  —  «жаңа  индустрияландыру» 
басымдығы.  Бұның  астарында  не  жатыр?  Еңбек  өнімділігінің  өсуі,  негізгі  қорларға 
69

тікелей  инвестициялардың  басымдығы,  негізгі  капиталға  жинақ  салымдары  мен  ин-
вестициялау  нормаларының  жоғарылауы,  даму  институттарының  —  Ұлттық  қордың, 
арнайы экономикалық аймақтардың қызметі.
Нәтижесінде,  Жолдаудан  біртіндеп  елдің  мүлде  жаңа  экономикалық-география- 
лық  нобайы  өсіп  шығады.  Белгілі  бір  орынға  шоғырланған  ауқымды  инвестициялық  
жоспар пайда болады. 
Бұл — Қазақстанның географиялық картаға түскен индуст-
риалдық болашағының бейнесі.
Осы  ұлттық  басымдық  —  жаңа  индустрияландыру  бағдарламасы  ішінде  —  бұдан 
гөрі  жеке  басымдық,  дамудың  маңызды  индикаторы  бөліп  көрсетілген.  Бұл  — 
Қазақстан көшбасшысының ойынша мемлекет тарапынан барынша және дәйекті түрде 
ынталандырылуға тиісті шикізаттық емес экспорттың өсуі.
Жоғарыда  аталған  көптеген  тармақтардағыдай,  бұнда  да  Қазақстанның  өзі  үшін 
шығыс азиялық «серпінді топтың» — қарқынды индустриалды дамудың үлгісін табыс-
ты жүзеге асырған Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Тайваньның және басқа елдердің 
сенімді  жолын  таңдап  алғаны  анық.  Өзіміз  білетіндей,  Азиялық-Тынық  мұхиттық 
аймақтың (АТА) бұл елдері тауарлық экспортты өзінің жаңғыртулық дамуының абсолютті 
әрі сөзсіз басымдығына айналдырған. Бұл жүзеге асырылатын жобалардың тиімділігінің 
негізгі  шамасына  және  мемлекеттік  құрылымдардың  да,  ұлттық  жеке  капиталдың  да 
күш жұмсар басты нүктесіне айналды.
Ресей  үшін  Қазақстанның  «жаңа  индустрияландыруының»  бұл  элементтерінің 
барлығы  дерлік  тең  дәрежеде  маңызды.  Бәлкім,  біздің  елімізге  қатысты  экспортқа 
бағытталған даму үлгісіне берілген басымдық қана сұрақ тудырар. Бұл Ресейдің едәуір 
сыйымды  ішкі  нарыққа  және  маңызды,  әзірге  жүзеге  аспаған  сапалы  жұмыс  күші 
әлеуетіне, инновациялық шешімдер әлеуетіне ие екендігіне байланысты, ол оның ішкі 
сұранысты тірек еткен еуропалық даму үлгісіне жол ашады.
Дамудың мұндай үлгісінің басты артықшылығы — оның өмір сүру деңгейінің ұлғаюын 
жасанды түрде ұстап тұруға, еңбек ақысын бизнестің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі 
үшін төлеуге итермелемей, керісінше халықтың тұрмыс сапасын экономикалық өсудің 
негізгі факторына айналдыратынында жатыр. Өкінішке қарай, артта қалған «молшылық» 
жылдарында  Ресейдегі  төлем  қабілеттілікке  сұраныстың  айтарлықтай  өсуі  өзіндік 
өндірістің  емес,  импорттың  өсуіне  себеп  болды.  Сондықтан  жаңа  индустрияландыру 
біз үшін дәл ішкі нарықтың — Кеден одағы елдерінің нарығының — басымдық ретінде 
игерілуі керектігінен басталуы тиіс. Мен тіпті халықаралық капиталдан табанды түрде 
«қайтарып алынуы» дер едім.
Әйтсе де, мынадай шетін жағдайды да естен шығармайық: Қазақстан тауарлық экс-
портты барынша көбейтуді мақсат еткенде, Кеден одағындағы одақтастар нарығы да 
«сыртқы» нарықтарды игеруге жататын осы санатқа жатады. Және Ресейдің белсенді 
индустрияланып жатқан одақтасы ішкі және сыртқы нарықтарда салмақты бәсекелес 
болатынын  таяу  болашақ  жайлы  бүгіннен  бастап-ақ  ойланғаны  жөн.  Айталық,  Ресей 
«қалғып  кетіп»,  өзінің  индустриалдық  жаңғыруын  өткізіп  алса,  Кеден  одағы  нарығы 
анағұрлым серпінді индустрияланушы елдің нарығы боп шыға келуі мүмкін. Бұл — біз 
үшін салмақты да пайдалы бәсекелестік ынталандыру.
70

Назарбаевша жаңғыртудың бүгінгі негізгі салаларды әлсірету есебінен емес, олар-
ды  жаңа  деңгейге  шығару  есебінен  жаңа  индустриалды  қоғам  құруда  батылдыққа 
меңзейтіні де маңызды.
Отын-энергетикалық  кешен  (ОЭК)  тек  шикізатты,  қазып  шығарушы  ғана  емес, 
жоғары  индустриалды  өңдеу  өнеркәсібі  саласына  айналуы  тиіс.  Қосымша  құн  үлесі 
қаншалықты  мүмкін  болса,  соншалықты  жоғары  болатын  заманауи,  технологиялық 
жарақталған салаға айналуы шарт. Сондықтан газ химиясы, мұнай химиясы дамуының 
басымдықтары Жолдауда айқын көрсетілген.
Демек,  ОЭК  —  жаңа  индустрияландырудың  доноры  ғана  емес,  оның  қозғаушы 
күштерінің бірі де. Бұл бағыт біздің екі ел үшін де бірдей өзекті.
Осыған  ұқсас  жағдайды  агроөнеркәсіпті  кешен  (АӨК)  жайлы  да  айтуға  бола-
ды.  Қазақстан  мен  Ресей  үшін  ауыл  шаруашылығының  бір  кездердегідей  жаңа 
индустрияландырудың құрбаны емес, жаңа экономиканың даму орталықтарының бірі 
болғаны бірдей маңызды. Бүгін біздің елдерімізде бұл сала үлкен, бірақ негізінен іске 
кірістірілмеген даму әлеуетіне ие. Бұл әлеуеттің жүзеге асуы — стратегиялық маңызды 
басымдық.  Біріншіден,  аграрлық  кешен  ауылдың  жаппай  жұмыспен  қамтылуын 
қамтамасыз етеді, бұл әлеуметтік және демографиялық маңызға ие. Екіншіден, АӨК — 
қайта өңдеу өнеркәсібінің жергілікті деп аталатын ерекше түрінің жылдам өсу орталығы 
да. Бүгінгі әлемде біршама алдыңғы қатарлы және бәсекеге қабілетті бола алатын за-
манына әбден сай әрі кірісті азық-түлік өнеркәсібі бар. Ал бұл Қазақстанның аймақтық 
жобаларын жүзеге асыруда жаңа бизнестің дамуы үшін өте маңызды. Және, үшіншіден, 
бұл — азық-түлік қауіпсіздігінің мәселесі, Жолдауда ол туралы да айтылған.
Соңғы  айтқым  келетіні  —  таңдалған  жолдың  жүйелілігін  түсіну  Ресей  үшін  де 
маңызды.  Егер  де  индустрияландыру  жолымен  жүретін  болсақ,  ол  жолдың  міндетті 
түрде әлеуметтендіру саясатына өте белсенді бет бұруды талап ететінін түсінуге тиіспіз.
Жаңғыртуды, ең алдымен, технологиялар буынын (технологиялық және инновациялық 
серпінділікті) ауыстыру ретінде бір жақты түсіну аса тиімді емес. Технологиялық даму 
жөніндегі  мәселе  міндетті  түрде  технологияларды  ұдайы  теңдігін  сақтап  өндіруге, 
енгізуге және қолдануға қабілетті қоғамдық ортаның болу мәселесіне барып тіреледі. 
Техника  және  табысты  индустриалды  құрылыстың  өзі,  түп  негізінде,  әлеуметтік 
құбылыс болып табылады. Сондықтан, технологиялық жаңғырту қаншалықты маңызды 
болғанымен де, Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңғырту тұжырымдамасының басты ныса-
насы қазақстандық қоғамның өзі болып табылады.
Бұл мемлекеттің жаңа өнеркәсіпті пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар оны жа-
сайтын өнеркәсіп мамандарының қажетті саны мен сапасын алуға бағытталған мақсатқа 
сай  жұмысын  білдіреді.  Ұлттық  мемлекеттің  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  әлеуметтік 
қамсыздандырудан бастап, бұқаралық ақпарат құралдары мен бұқаралық мәдениетке 
дейінгі  барша  әлеуметтік  құрылымдарының  әбден  жолға  қойылған,  төзімді,  толассыз 
қызметі қажет.
Жалпы  алғанда,  Жолдауда  табысты  индустрияландырудың  жаңа  нарықтар  мен 
технологиялар  ғана  емес,  индустрияландыруға  қажетті  алғышарттарды  тудыратын 
әлеуметтенудің белсенді саясаты екендігінің тұрлаулы түсінігі бейнеленген.
71

72

Тәжірибелік тұрғыдан алғанда, жаңғырту әлеуметтік тұрғыда қазіргі демократиялық 
қоғамның  инфрақұрылымдық  тірегі  болып  табылатын  әлеуметтенудің  базалық  жүйе-
лерін құру үдерісі ретінде түсінілуі мүмкін. Сапалы білім беру, сапалы денсаулық сақтау, 
сапалы бюрократия, сапалы мәдени және тұрмыстық орта — осының бәрінің жиынтығы 
салауатты да ынтымақты ұлтты құрайды.
Өткеннің көптеген табысты жаңғыртуларында ұлттық құрылыстың және тіпті ұлттың 
өзін танытуының түптамыры өте айқын сезілген.
Бұл  ой  жеделдетілген  индустрияландыру  тек  жалпыұлттық  жоба  ретінде  жүзеге 
аса  алады  деген  тұста  ҚР  Президентінің  Жолдауынан  да  аңғарылады.  Әңгіме  қазіргі 
әлемдегі ұжымдық табыс стратегиясы жайында, және тәсілдер бойынша болғандықтан, 
қоғамның жаңғырту құрылысына белсене қатысуы жайында болғандықтан, мақсаты да 
жалпы ұлттық болып саналады. Аса ірі жобалар қоғамның жіті назарында әрі қоғамдық 
бақылау жағдайында жүзеге асырылуы керек.
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қоғамды  ұлттық  мүдделер  аясында  жұмылуға  шақырған 
үндеулерін  де  мен  осы  тұрғыда  қабылдаймын.  Ол  әрбір  азаматты  елді  жаңғырту 
мүдделерін жеке өз мүддесіндей көруге шақырады. Меніңше, бұлай деуге толық негіз 
бар.  Өйткені,  Қазақстанның  «жаңа  индустрияландыру»  ретінде  қабылданған  табысты 
жаңғыруынан басты пайда көруші қалың ұлттық орта тап бола алады және болуға тиіс те.
73

ҚР МЕН РФ ЖАҢҒЫРТУ 
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ:
ЕСЕП 1:0, ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
ПАЙДАСЫНА
2.5
Дмитрий Андреев, 
саясаттанушы, 
«Политический класс» журналы бас редакторының орынбасары, 
ресейлік «Новости» ақпарат агенттігінің сараптама кеңесінің мүшесі

Н
ұрсұлтан Назарбаевтың таяудағы президенттік Жолдауының өзекті идеясы — 
елді оның индустриялануы негізінде жаңғырту. Соңғы бірнеше айда Ресейде де 
жаңғыртудың қажеттілігі жөнінде жиі айтылып жүр. Бірақ ол қандай жаңғырту? 
Егер  ұсынылған  екі  нұсқаны  —  ресейлік  және  қазақстандық  жаңғыртуды 
салыстырсақ төмендегідей көрініс туады.
Өзінің  халыққа  Жолдауында  Нұрсұлтан  Назарбаев  инновациялар  енгізуді  тек  қана 
ғылыми-техникалық ілгерілеумен және өнеркәсіптік дамумен кесімді түрде байланыс-
тырады. Яғни, инновациялық іс-әрекет анағұрлым табиғи әрі негізгі өзегі болып келетін 
салалармен байланыстырылады.
Өкінішке  қарай,  Ресейде  инновациялық  басымдықтарды  құру  мұндай  жариялы 
айқындықтан алыс. Бізде инновациялар мазмұны жайлы пікірталас, шындығында, жал-
пы жағдайлар жөніндегі бұлдыр болжамдарға ойысқан, инновациялық іс-әрекет солар-
да ғана болуы мүмкін (мәселен, ресейлік басшылардың «бостандықтың жетіспеуі» жай-
лы жүйелі пайымдаулары).
Даусыз  бір  ақиқатты  барынша  ашық  мойындаған  жөн  —  «төменнен»  стихиялық 
жаңғырту  (кейде  оны  «авторитарлы  емес  жаңғырту»  деп  те  атайды)  бұрынғы  Кеңес 
75

Одағының  барша  аймағында  (Балтық  бойы  елдерін  қоспағанда)  мүлде  мүмкін  емес. 
Мықты билік әбден ойластырып, асықпай «жоғарыдан» жүргізген жүйелі реформалар 
ғана берік әрі негізді болып келеді.
Дәл осы Қазақстан Республикасында жасалып жатқандай.
Қазақстан Президентінің жақындағы жоғарыда аталған Жолдауында демократияға 
кезең-кезеңімен  өту  жайлы  әділ  де  тура  айтылған.  «Жаңа  онжылдықта  біз  өзіміздің 
экономикалық жоспарларымыздың табыстарын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекем-
деп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз», — деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назар-
баев. Осылайша, қаңтардағы Жолдауда саяси реформаның ағымдағы кезеңі құқықтық 
жүйенің пісіп жетілген оңтайландырылуы ретінде көрсетіледі  — бар болғаны сол. Ре-
сейде билікті бірте-бірте демократияландыру жайлы мұндай прагматикалық жаңалықты 
тек Кремль мұнаралары маңынан ғана емес, Краснопресненск жағалауынан да көзге 
елестету қиын.
ҚР  Президентінің  халыққа  Жолдауы  нақты  әрі  жалпыға  барынша  түсінікті  тілмен 
жазылған.  Осыған  сәйкес  ресейлік  биліктің  жаңғырту  риторикасы  түсініксіз;  ол 
«сигналдарға»  —  түрліше  тұспалдар  мен  бүкпелі  ойларға  ойыса  береді.  Бұл  ресейлік 
жаңғыртудың  жұмбақталған  мәнін  тармақ  арасынан  іздеуге  немесе  осы  мақсатпен 
Кремльдің әр алуан мұнараларының арнайы түсіндірушілеріне құлақ түруге мәжбүрлейді.
Осы  тарихи  тәжірибені  ескерген  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  қашанда  өзінің 
халықпен  бірге  болу  туралы  стратегиялық  ұстанымына  берік  болды.  Қаңтардағы  
Жолдауда  Қазақстан  Президенті  Қазақстанның  жаңа  индустриялану  жобасын  «жал-
пыхалықтық іс» деп ашық жариялаған шын мәніндегі ұлт көшбасшысы ретінде танылып 
отыр. «Болашаққа белгіленген ұлан-ғайыр міндеттерді ұйыстырушы ұлттық стратегия-
сыз жүзеге асыру мүмкін емес», — дейді Н.Ә. Назарбаев.
Алдағы  онжылдықтың  аса  маңызды  міндеті  ретінде  Жолдауда  «Қазақстанның 
барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен 
қорғалуды нығайту» аталды.
Бұл  тармақта  біз  тағы  да  ресейлік  және  қазақстандық  модернизация  арасындағы 
іргелі  айырмашылықты  көреміз.  Түптеп  келгенде,  бәрібір  өзінің  мәні  кеңестік  болып 
қала  беретін,  яғни  шын  мәнінде  тегін  әрі  жалпыға  бірдей  қолжетімді  әлеуметтік  сала 
(оның ішінде баспана болып келетін, білім беру, медицина және т.б. секілді оның негізгі 
құрамдас  бөліктері)  —  көптеген  жоғары  лауазымды  Ресей  шенеуніктері  үшін  көзге 
шыққан сүйелдей екені құпия емес.
Біздің  ыждағатты  реформаторлар  коммунистерден  қалған  осы  мұраны  жан-жақты 
пайдаға  асыруды  көксеп  отыр.  Осыдан  сұрақ  туындайды:  Кремль  жариялап  отырған 
өзгерістер  шын  мәнінде  басқаша,  мысалы,  жаппай  модернизациялау  сияқты  си-
пат  алмас  па  екен?  Бұндай  саясат  Ресей  халқын  еріксіз  «таза  көпшіліктің»  яғни, 
«күйзеліске  ұшырағандарды»  қамтамасыз  етуді  талап  ететін  «модернизацияланған» 
10-20  миллионның  бөлінуіне  әкеледі.  Және  бір  мезгілде  қалған  «таза  емес»  — 
«модернизациялауға жатпайтын» масылдарды жарамсыз ету.
Бұған керісінше, қазақстандық индустрияландырудың басты мақсаты — әлеуметтік 
маңызының басымдығы. Оның басты себебі — бұрынғы барлық кеңес елдеріндегі еңбек 
нарығының жаппай дағдарысынан кейін жұмыспен қамту мәселелеріне баса ден қоюы. 
76

Қазақстан  билігі  халқының  басым  көпшілігінің  ынта-ықыласын  арттыруда  әлеуметтік 
бағыттағы модернизациялауды іске қоспағы анық. Бірақ, бір айта кетерлігі — әлеуметтік 
саясаттың дамуын Астана тек индустрияландыруға ғана қатысты байланыстырады.
Қазіргі Ресейдегі жағдай бұған мүлде қарама-қайшы. Тіпті бүгіндері баса назар ауда-
рылып отырған ірі қалалар мәселесін алсақ та жеткілікті. Нақтырақ айтқанда, Тольяттидің 
федералдық  эксперименталдық  алаңы.  Осындағы  Ресейдің  «халықтық  автомобилін» 
құтқару туралы айту тіптен қисынсыз. АВТОВАЗ қуаттылығын қайта қалпына келтіру — 
корпоративтік-бюрократиялық  мүдделердің  үздіксіз  қақтығысының  қасында  бос  қиял 
тәрізді.  Нәтижесінде,  жұмыссыз  тольяттиліктерді  тоқыраудан  ес  жимаған  Ленинград 
облысына жаппай көшіру сияқты жобамен қауіп төндіріп отыр.
Қазақстанда индустрияландыру жұмыссыздықпен күресудің негізгі құралы ретінде 
қаралса, бізде жұмыспен қамту мәселесі бойынша кеңесшіл бастама — деиндустрия-
ландыру фактісіне сүйеніп әрекет қылмақ.
Сайып келгенде, ресейлік модернизация формулаларының тағы бір оғаштау қырын 
айтпай кету мүмкін емес. «И» әрпінен тізілген тізбек құра — алдымен төртеуі (Инсти-
туттар,  Инвестициялау,  Инфрақұрлым,  Инновация),  бесінші  (Интеллектісі  тағы  бар),  
Дмитрий  Медведев  неге  екені  түсініксіз  осы  әріптен  басталатын  Индустрияланды-
ру туралы басты сөзді айтпай отыр. Неге? Бізге бұл соғысқа дейін сабақ болды деген  
берік  ұғымға  қатысты  ма?  Әлде  Хрущевтің  кезінде  ғарышқа  ұшу  арқылы  біржола 
меңгердік  пе?  Не  болмаса,  мүлде  коньюнктуралық  себеппен,  барлық  айып-күнәлар- 
ға сталинизмді кінәлайтын қатып қалған «кеңестік терминологияға» жүгінбеу үшін бе?
Қорытындылай келе, бүгіндері Ресей мен Қазақстанда белең алған импорттың ор-
нын басу саясаты жайлы бірер ауыз сөзімді айтып кеткім келеді. Ақиқатын айтайық — 
1998  жылы  басталған  дефолттан  кейін  отандық  тауар  өндірушілерге  сұраныс  Ресей-
де Путин басқарған «шұрайлы» сегіз жылда жоққа шықты. Ол кезде өкімет ушықтырған 
тұтынушылар дүрлігісі көмірсутекті (көпшілік саясатының астыртын өтемақысы) бірлесіп 
шетелге шығарудан түскен табыс ресейліктерді көпшілік тұтынатын заттармен жаппай 
қамтыды.  Осылайша,  Ресей  «күйзеліске  ұшырағандарды»  қамтамасыз  етуге  қатысы 
жоқ  өз  өндірісінен  біржола  бас  тартты.  Қазір  біздің  «модернизаторлардың»  ресейлік 
тауарлардың долбар бәсекеге қабілетсіздігіне сенімі өзгеріссіз қалуда.
Осы тұрғыда Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында жиі қолданылатын «шикізаттық 
емес» дейтін тіркес (Қазақстанның табиғи ресурстары мол және олардың географиялық 
қолайлы транзиті жағдайында!) қарқынды экономикалық дамуды көздеген қазақстандық 
2020  стратегиясын  ресейлік  пиар-дайындықтан  едәуір  ерекшелеп  тұрғанын  тағы  бір 
қайталап өткім келеді.
Сайып  келгенде,  қазақстандық  модернизациялаудың  ресейлік  жобаға  қарағанда 
анағұрлым  айқын  әрі  жіті  —  әлеуметтік  қайшылықты  саяси  көзқарастан  аулақ  екені 
аңғарылады. Егер «гамбургтік есеп» бойынша Астана мен Мәскеудің стратегиялық жос-
парлауын салыстырсақ, 1:0 есебі Қазақстанның пайдасына шешіледі.
77


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет