Нәтижесінде Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемнің көшбасшысы атануға
мүмкіндік беретін бірегей басқару «ноу-хау» иесі болуы мүмкін. Осындай
ешкім күтпеген серпінді жобалардан бүгінде мемлекеттің жетістігіне кепілдік
беретін мультипликаторлық механизм қалыптасады. Тәжірибелі және дана ұлт
көшбасшысы осы өзгешеліктердің барлығын жаңа индустриалды Қазақстанның
дамуының қажетті шарттары ретінде атап өтеді.
125
5. ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ЖАҢА
МҮМКІНДІКТЕРІ —
ТМД ҮШІН ӨНЕГЕ
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖОЛДАУЫ КЕҢЕСТІК
ДӘУІРДЕН КЕЙІНГІ
КЕҢІСТІКТЕ БАҒЫТ БЕРЕДІ
5.1
Михаил Виноградов,
«Петербургская политика» қорының президенті (Ресей)
азақстан Президентінің Жолдауы дәстүрлі түрде ТМД мемлекет басшыла-
рының ең жарқын және мазмұнды сөз сөйлеулерінің бірі болып табылады.
Бірақ 2010 жылы олардың форматы біраз өзгерді. Осы уақытқа дейін жолдау-
ларда ең басты мағына Н. Назарбаевтың өзінің стратегиялық болжамдарын
жеткізуінде, ұлт көшбасшысының мемлекеттің алдағы онжылдықта қалай дамитыны
туралы түсінігі болатын. 2010 жылғы Жолдауда екпін біраз өзгертілген. 2020 ж. дейін
үлкен міндеттерді қоюды жалғастыра отырып, Н. Назарбаев тактикалық міндеттерге
сүйенеді, мұнымен қоса «экономикалық дағдарыс» сөзінен қашпайды (Достастықтағы
кейбір әріптестеріне қарағанда). ҚР Президентінің осындай прагматикалық көзқарасы
әбден түсінікті. Өйткені, Жолдау — бұл Қазақстан басшысының мемлекет азаматтары-
мен диалогындағы жылдың басты оқиғасы. Ал әлеуметтік-экономикалық конъюнктура-
да қазіргі кезде тіпті ағымдағы жағдайдың ауқымды сараптамасы мен қысқа мерзімді
іс-шаралардың нақты жиыны жоқ түбегейлі қарастырылған құжаттың өзі тыңдарман-
дар тарапынан дерексіз және асбтрактілі болып қабылданады.
Қазақстан Президентінің қаңтар айындағы Жолдауының тағы да бір маңызды
мағынасы іргелес мемлекеттер үшін де өзекті болатын дағдарысқа қарсы саясатқа
Қ
131
132
магистральды бағыт беру әрекеті. Өйткені, 2009 жылдың соңындағы — 2010 жылдың
басындағы экономикалық көрсеткіштер біркелкі емес. Статистикалық мәліметтердің
жақсаруы көптеген саясаткерлерде «дағдарыстың аяқталғаны» туралы сөз қозғауға
ниет тудырды. Оның үстіне ТМД мемлекеттерінің басшылары, қалай болса да, жергілікті
мәселелерге зейін аударды (Украинада — президенттік сайлауға байланысты, Ре-
сейде — мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының «саяси» сипатының
күшейтілуіне).
Нәтижесінде, Қазақстандағы 2010 жылғы Жолдау — ТМД-ға қатысушы елдер кешенді
экономикалық қадамдардың жарқын мысалы ретінде қарастыра алатын іс-шаралардың
жүйелі жиынтығы ретінде өз алдына өнеге боларлық үлгіге айналды.
Айта кетейін, тек қана жергілікті дағдарыс тақырыбына «негізделмеген» стратегиялық
қадамдар. Өйткені, дағдарыстың аяқталғаны туралы да, және оның ушығуынан құтылуға
болмайтыны туралы да бір мағынада айту — бұл авантюризм немесе лотерея.
Қазақстан Президентінің Жолдауы дағдарыстың осы екі сценариінің кез-келген
жағдайында өзінің өзектілігін жоғалтпайтынымен қызықтырады.
Назарбаевтың 2010 жылғы Жолдауы неге қызық? Бүгінгі таңда ҚР-дағы қажеттілігі
айқындалған үш басымдықты атап өтуге болады.
Бірінші басымдық — адам әлеуетін дамыту. Немесе, басқаша айтқанда, адам капита-
лы. Қазақстанның дамуы соңғы жылдары толық дәрежеде біркелкі болмағаны анық. Алып
мемлекетті айтпағанда, жекеленген шағын қалаларда салалық та, аумақтық та диспро-
порцияларды толықтай жою мүмкін емес. Бірақ Қазақстан азаматтары «шығындылықты
немесе, керісінше, қала немесе үлкен емес ауыл болсын, өздерінің аймақтық аумағының
«артықшылығын» мүмкіндігінше аз сезіну қажеттілігі айдан анық. Президенттің халыққа
Жолдауында тек жалпы міндеттер ғана емес («адам ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін
арттыру» секілді), сонымен қатар өте нақты бастамалардың айтылуы кездейсоқ емес.
Мысалы, инфрақұрылымның, коммуналдық шаруашылықтың дамуы жөнінде, мемлекет
аумағында тұтастай жұмыс орындарын құру туралы.
Екінші басымдық — заңдарды ізгілендіру және бизнес-ахуалды жақсарту. Бұл
қадамсыз мемлекеттің экономикалық дамуы туралы барлық әңгімелер бос сөз болып
қалатыны айтпаса да түсінікті. XX ғасырдың екінші жартысында және ХXI ғасырдың ба-
сында бизнестің дамуына барлық тұрғыдан көмектескен (Гонгконг, Сингапур және т.б.)
Атлантика-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттерінің экономикалық дамудың классикалық
мысалдары болуы кездейсоқ емес.
Жолдаудың үшінші маңызды аспектісі — экономикалық байланыстарды әртарап-
тандыру. Ресей және Беларуссиямен бірге Кеден одағын дамыту қажеттілігін атап өте
келе, Қазақстан Президенті тек «кеңестік дәуірден кейінгі» (немесе қандай да болма-
сын басқа) экономикалық ынтымақтастық бағытына қадалып қалмайды. Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев мәлім еткен Көлік дәліздерін дамыту міндеті, Дүниежүзілік сау-
да ұйымы шеңберіндегі жұмыстар XXI жүзжылдықтың логикасына анағұрлым үндес.
Ал практикалық тұрғыдан бұл тиімді — Қазақстанның көпвекторлығы объективті
тәуекелдерге аз ұшырайды, мысалы, қандай да болмасын бір стратегиялық әріптеспен
ынтымақтасу екпінінің пайдасына экономикалық «флюстерге».
133
ҚАЗАҚСТАН ТМД ҮШІН
БАЛАМАЛЫ ЖОЛДЫ
КӨРСЕТЕ АЛДЫ
5.2
Борис Межуев,
«Русский журнал» басылымының шеф-редакторы
Ө
з басым Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа Жолдауымен үлкен қызығушылықпен
танысып шықтым. Ресейлік сарапшылар үшін Қазақстан саяси және
экономикалық модернизацияның балама үлгісі болып табылады. Бір жағынан
бізде плюралистік, бірақ экономикалық және саяси тұрғыдан онша табысты
емес Украина, екінші жағынан — тұрақты және қарқынды дамып жатқан Қазақстан бар.
Бұл құрамда Ресей өзінің тандем жағына қозғалысымен кеңестік дәуірден кейінгі транс-
формация мейнстримнен мүлдем тыс қалды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерінде Қазақстанның жетістіктерінің әсер етерлік
сандары келтірілген. Мен жас Республика үшін жетістікке жетелеген бірқатар саяси
маңызды сәттерді бөліп көрсетпекпін. Қазақстан көптеген кеңестік дәуірден кейінгі мем-
лекеттерге қарағанда, президенттік республикада бірте-бірте партия мен парламенттің
маңыздылығы күшейген жағдайға балама көрсете алды. Оқиғалардың бұлай өрбуі мен
үшін стратегиялық жоспарда өте позитивті болып көрінді.
Мұнымен қоса, Қазақстанның белгілі бір экономикалық жетістіктері де байқалады.
Жалпы алғанда, кеңестік дәуірден кейінгі барлық жылдар ішінде мемлекеттің едәуір
табысты дамығанын көре аламыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы — бұл да
жаңа мемлекет екенін ұмытпауымыз керек.
135
136
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті «нөлдік белгіден» құра бастады деуге болады. Ол
кеңестік кезеңнен қалған мүмкіндіктерді шебер қолдана білді. Қоғамдық тұрақтылық
пен билік сабақтастығын сақтап қалды.
Қазақстанда жасалғанның барлығы — ҚР Тұңғыш Президентінің ерен еңбе-
гінің арқасы. Қазақстан Президентінің артықшылығы ретінде көп жайтты айтуға бола-
ды — оның ішінде Ресей, Батыс және Қытаймен арада теңдестірілген дана сыртқы сая-
си қадамдарын да. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің активі — оның кеңестік дәуірден
кейінгі кеңістікті үнемі интеграциялау жөніндегі әрекеттері екені сөзсіз.
«Қазақстан ТМД–да интеграциялық процестердің белсенді қатысушысы болып та-
былады. 2010 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Ресеймен және Беларуссиямен Ке-
ден одағын құру — бұл барлық қазақстандық интеграциялық бастамалардың серпілісі».
Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауды жариялау барысында айтқан бұл сөздерімен
келіспеу қиын.
ҚР Президентінің қаңтар айындағы халыққа жолдауында көтерілген интеграция
тақырыбына толығырақ тоқталып кеткім келеді. Белгілі болғандай, Нұрсұлтан Назар-
баев кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте интеграцияның басты құралы ретінде «жаңа
еуразиялық» идеясын қолдайды.
Жеке басым, біздің еуразиялық империяның дезинтеграциясы қаншалықты баяу
жүруі мүмкін екендігін тарихи тұрғыда көрсеткен Британдық ұлттар достастығына ұқсас
болуы тиіс деген көзқараспен келісемін. Мен кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте осы
сияқты бірлестік болуы тиіс деп ойлаймын. Еуразиялық ұлттар достастығы секілді. Не-
месе Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Еуразиялық мемлекеттер одағы.
Мен «президенттер клубы» форматында қалыптасқан ТМД-ны аса құптамаймын.
Дегенмен, кеңестік дәуірден кейін сақталып қалған құрылымдар мен бірлестіктер бір
уақытта позитивті рөл атқара алады — мысалы, миграциялық процестер демпфері.
Ал болашақ интеграциялық форматқа келетін болсақ, онда бұл ЕО-ның тікелей
калькасы болмайды. Экономикалық, мәдени, құндылықтардан және тағы сол сияқты
біріздендіруден құрылған тура Еуропалық Одақ секілді бірлестік емес. Керісінше, біздің
интеграциялық бірлестік көбіне оның бірыңғай алуан түрлілігімен белгілі бір біртұтас
кеңістікті сақтауды қамтамасыз ету керек. Өкінішке қарай, Нұрсұлтан Назарбаевтан
басқа ТМД-ның ірі саясаткерлерінің бірде-біреуі заманауи еуразиялылықты бірлестіктің
осындай «жұмсақ» идеологиялық үлгісі ретінде ойластырмайды. Қазақстандық
көшбасшыға «еуразиялық жерлерді жинау» бойынша оның жасампаз еңбегінде табыс
тілегім келеді.
137
ҚАЗАҚСТАН РАНГТАР ТУРАЛЫ
ӘЛЕМДІК ТАБЕЛЬДЕ АНАҒҰРЛЫМ
ЖОҒАРЫ САТЫҒА ОРНЫҒАДЫ
5.3
Геннадий Чуфрин,
РҒА-ның корреспондент-мүшесі:
РҒА қоғамдық ғылымдар бөлімі,
Халықаралық қатынастар секциясы
П
резидент Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы өте нақты сипат-
қа ие. Ол Қазақстанды рангтар туралы әлемдік табельде әлеуметтік-эко-
номикалық дамудың әлдеқайда жоғары сатысына шығару үшін нақты міндеттер
мен белгілі бір мерзімдер қояды.
Ең бірінші назар аударарлық жайт — он жылдықтың соңында жалпы өнімдегі өңдеу
өнеркәсібінің үлесі айтарлықтай артуы тиіс және ұлттық экспортта шикізат үлесі
азаймақ. Екіншісі — ірі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының нақты бағдарламасы.
Соның нәтижесінде Қазақстан халықтың азық-түліктегі қажеттілігін ішкі өндірістің
есебінен 80 пайызға қамтамасыз етуге ниетті. Бұл — стратегиялық маңызды міндет.
Үшіншісі — еңбек өнімділігін айтарлықтай ұлғайту көзделген: өнеркәсіпте, кем дегенде
екі есеге, ауыл шаруашылығында, кем дегенде төрт есеге, сонымен қатар өндірістегі
энергия сыймдылығын 25 пайызға дейін төмендету.
Осының барлығы — өте үлкен, ауқымды міндеттер, оларды орындау оңай болмайды.
Және бұл жерде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың нақты мақсаттар қойып қана
емес, сондай-ақ оларға қол жеткізудің шынайы жолдарын көрсеткені де маңызды.
Мұнда басты рөл ұлттық өндіріс модернизациясына беріліп отыр.
139
Қазақстан инновациялық белсенді өндірістердің, кәсіпорындардың орындарының
рөлі мен үлестерін айтарлықтай ұлғайту керек, тұтастай ұлттық кешенді модерниза-
циялау қажет.
Меніңше, Жолдаудың нақ осы екі басты бағдары — модернизация және иннова-
ция — ресейлік бақылаушыларды, сарапшыларды және қарапайым оқырмандарды елең
еткізбей қоймайды. Өйткені, осы сияқты міндеттер ресей экономикасының да алдын-
да тұр, жалпы біздің экономикаларымыздың құрылымы қатты ұқсайды. Қазіргі таңда
өндірісте де, экспортта да шикізаттың үлесі аса үлкен және еңбек өнімділігі деңгейі бо-
йынша әлем елдерінің өнеркәсіптік дамуынан көп арттақалушылық бар.
Сондықтан біз — Ресей азаматтары Назарбаевтың Жолдауынан екі қорытынды
шығарамыз — біріншіден, біз Қазақстанға алға қойылған міндеттерді орындауда та-
быс тілейміз. Және біз, ресей ғалымдары, мүмкін болғанынша, ынтымақтастықты, оның
ішінде заманауи салалардағы ынтымақтастықты дамыта отырып, бұған тікелей немесе
жанама түрде көмектесетін боламыз. Екіншіден, нақты ғылыми-техникалық прогресс
жағынан серіктестікті белсендіру аса маңызды, өйткені бұл міндеттер Ресей үшін де,
Қазақстан үшін де бірреттік болып табылады.
Және соңғысы, Ресей де, Қазақстан да Кеден одағының тиімді жұмысына ықпал
ететін шынайы іс-шараларды жүзеге асыруда өз қызметтерін үйлестіру керек. Сая-
си шешімдер қабылданды — олардың барлығы белгілі, нақты мерзімдер белгіленді.
Менің түсінуімше, практикалық іс-қимылдарды үйлестіру үшін біраз уақыт қажет. Мы-
салы, пайда болған айырмашылықтарды «қиюластыру» үшін бір жылдай уақыт қажет.
2010 жыл — бұл Кеден одағының мүшелері (айтпақшы, бұл қол қойылған келісімдерде
қарастырылған) ерекше өтпелі кезеңнен өтетін жыл.
Кейбір баж салықтары төмендейді, ал кейбіреулері көтеріледі. Кейбір тауарлар
бойынша, оның ішінде Қазақстан үшін де — ұлттық өндіріс мүддесі ескерілетін кейбір
жеңілдетілген тарифтер қарастырылған. Бірақ межелі 2010 жыл — бұл тұрғыда өте жа-
уапты кезең. Кеден одағы бойынша өте көп сұрақ туындағаны құпия емес. Және олар
қоғамның түрлі таптарында қойылып жатыр — бұл ұлттық кәсіпкерлік мүддесіне, бөлшек
сауда бағаларына, энергиямен қамтуға қалай әсер етеді? Осы сұрақтардың бәріне
тез арада Кеден одағының барлық үш мүшесінің мүддесін ескеретін стратегиялық жа-
уаптар табу керек. Бұл міндет оңай емес және қазір осындай жауаптар белсенді түр-
де іздестірілуде.
Кейде бұқара арасында тарайтын үрейді артырудың қажеті жоқ. Өтпелі кезең
қиындықтарын да асыру қажет емес, бірақ мәселені жеңілдетудің де қажеті жоқ. Жеке
басым оптимистер қатарына жатамын.
Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеден одағын
құру туралы шешімін өте маңызды қадам деп санаймын. Және стратегиялық
тұрғыдан ол Кеден одағының барлық мүшелері үшін тиімді болады. Және бұл жақын
болашақта айтарлықтай нәтиже бере бастайды. Бірақ бұл үшін өте қарқынды жұмыс
істеу керек.
Мен Ресей, Қазақстан және Беларуссия іс-қимылдарын ЕурАзЭҚ-тың басқа
мүшелері — Қырғызстан да, Тәжікстан да өте мұқият бақылайды деп сенемін. Тек
140
ЕурАзЭҚ мүшелері ғана емес, Арменияның өзі мұқият қадағалайтын болады. ТМД-
ның басқа елдері де. Егер Кеден одағын құру шынайы табыс әкелетін болса, онда ары
қарай оның тез кеңеюі де әбден мүмкін. Бұл Кеден одағының барлық қатысушысына
өз халықтарының өмір сүру деңгейін арттыру бойынша одан ары нақты нәтижеге қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
141
МОДЕРНИЗАЦИЯ ІСІНДЕ
«ҮЛКЕН» ЖӘНЕ «КІШІ»
БАУЫРЛАР БОЛМАЙДЫ
5.4
Александр Хинштейн,
РФ Мемлекеттік Думасының депутаты
Н
ұрсұлтан Назарбаевтың бұл Жолдауын сүйсіне отырып оқып шықтым. Өте
жақсы құжат: ол ертеңгі күнге күш пен сенім береді — барлығы нақты әрі түсі-
нікті. Ең бастысы — Президент Жолдауы қаптаған алыстан орағытуларсыз,
жалықтырып жіберерлік ұрандар мен үндеулерсіз қарапайым тілде жазылған.
Мақсаттары айқын, міндеттері анық көрсетілген. Ерекше таң қалдырғаны — жетістіктер
туралы тарау; Жарайсыңдар, қазақстандықтар және Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңғы жылдардағы Қазақстанның жетістіктерін әділ бағалау мен үшін қиын. Ұят та
болса, айтайын, мен Қазақстанда болған емеспін. Сондықтан республиканың жетістік-
тері туралы біздің баспасөздерде жарияланатын материалдар бойынша ғана айта
аламын. Бірақ мен Ресейден көріп отырғандай, тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан
бұрынғы Кеңес Одағының экономикасы едәуір дамыған республикалардың біріне
айналған. Осы бір қысқа ғана тарихи уақыт кезеңінде мемлекет өз экономикасы мен
өнеркәсібінің толық модернизациясына шыға алған. Бүгінгі таңда нақ осы фактор
республикаға дамудың айтарлықтай жоғары қарқынын көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.
Президенттің Жолдауы біздің көршілерімізде Ресей үлгі аларлықтай белгілі бір
жағдайлар барын көрсетті. Сол сияқты, Қазақстанның да Ресейден үлгі алатындай
кейбір жағдайлар бар. Модернизация ісінде «үлкен» және «кіші» бауырлар болмайды.
143
144
Мен аумақтық, ұлттық немесе географиялық негізде құрылған мемлекеттер одағы
жайлы кез-келген идеяға қалыпты қараймын. Бұл бірлестік оған кіретін мемлекеттер-
ге шынайы пайда әкелсе — жақсы. Мына жағдайда біз Ресей мен Қазақстанның өзара
әрекеті түрлі форматтар шеңберінде бір-бірін жақсы толықтырып тұрғанын көріп отыр-
мыз. ШЫҰ шеңберінде де, ТМД аясында да, АТЭЫ шеңберінде де, ЕурАзЭҚ бойынша
да, Кеден одағында, ҰҚШҰ — бүкіл жерде Мәскеу және Астана кооперациясы барлық
тараптарға пайда әкеледі, оның ішінде Ресейдің өзіне де. Нұрсұлтан Назарбаевтың өз
Жолдауындағы еуразиялық интеграция туралы айтқандарын мен толықтай қолдаймын.
Алдағы онжылдықтарда жаңа индустрияландырудан кейін мен Қазақстанды бұдан
артық дамыған мемлекет ретінде елестетемін. Экономикасы әлдеқайда мықты және
гүлденіп жатқан ел ретінде.
Біздің екі мемлекеттеріміздің және халықтарымыздың әріптестік және бауырлас
қарым-қатынастары дамуын жалғастыратынын көріп отырмын. Және мен қашан болса
да, біздің бәрібір де бірігетінімізге сенемін. Қандай мемлекеттің форматында екенін —
одақтық немесе еуразиялық па, білмеймін. Түсінікті бір жайт — бұл нөмірі екінші Кеңес
Одағы болмайды. Бірақ біздің халықтарымыздың тарихи тағдырластығы бізді бір-
бірімізді қолдап жүруге міндеттейді. Ресей мен Қазақстан ары қарай да өмір бойы бірге
жүруі керек.
145
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МАҚТАНАТЫН ЖӨНІ БАР
5.5
Кирилл Привалов,
журналист, жазушы, «Золотое перо России — 2009» жүлдесінің,
Француз Республикасының «Өнер және шығармашылығы үшін» орденінің және
«Еңбегі үшін» орденінің иегері
«Д
ала кең, асықпауға болады», — дейтін бір кездері Қазақстанда. Бүгінгі
таңда бұл сөздер тек тұрақты сөз тіркесі ретінде ғана қабылданады. Де-
генмен, олардың негативті, жағымсыз мағынасы туралы қайта ойлана-
тын уақыт келді. Бұл — өмірлік қажеттілік. Өйткені, Президент Нұрсұлтан
Назарбаев Қазақстан халқына өзінің жаңа Жолдауында айқын міндет қойды: уақыт бір
орында тұрмайды! Даңқа бөленген адамдар (жиі жалған болып шығатындар) неме-
се армандармен шектелетіндер (көбінесе шынайылыққа жанаспайтын), ақыр соңында
жеңіледі. Ал бұған қазір Қазақстан халқының тарихи қақысы жоқ. «Дағдарыс кезеңі —
дұрыс шешімдерді қабылдайтын уақыт», — деді ҚР Президенті. Демек, бұл, Нұрсұлтан
Назарбаев «Жаңа онжылдық — Жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері» атты Жолдауында республика үшін бұған дейін белгілеген жасампаз
векторлардың көбін ұзартты деген сөз. Және олардың бірі — «Еуропаға жол».
Жаңа туған 2010 жыл Қазақстан үшін айырықша мәнді. Республиканың жоғары
халықаралық мерейі оған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ)
төрағалық етуге жол берді. Бұл құрылым қатысушылар құрамы бойынша бірегей.
Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «бұл үш континентте орналасқан 56 мемлекет».
147
Ойланып көріңіздерші: ЕҚЫҰ-дан ауқымды Біріккен Ұлттар Ұйымы ғана бола алады!
Бұл жерде екі пікірдің болуы мүмкін емес: Қазақстан қазіргі замандағы әлемнің көз ал-
дында беделді, абыройлы мемлекет. Және ең маңыздысы, еуропалық ел.
Бірінші кезекте өзінің ойларымен және өмір сүру салтымен.
Мен Францияға жиі барып тұрамын, онда халықтың әртүрлі топтарында доста-
рым көп, оның ішінде жоғары рангтағы саясаткерлер мен бизнесмендер де бар.
Айқын байқағаным: соңғы жылдары — бес-алты жылда — Қазақстанға деген қарым-
қатынас, және бұл мемлекетті қабылдау айтарлықтай өзгерді. Ол туралы көзқарастар
жақсы жағына қарай күрт ауды. Әлбетте, бұл ең алдымен, осы мемлекеттің өзінің
харизматикалық көшбасшысы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бар болғандықтан бо-
лып отыр. ҚР президенті тұлғасы мен қуатының таң қалдырмауы мүмкін емес. Ресей-
ден кейінгі екінші үлкен еуразиялық мемлекет өзінің табиғи байлығымен де, өзінің ин-
дустриясымен де, өзінің тәуелсіз әрі толерантты саясатымен де, өзінің көп ұлттылығы-
мен де еуропалықтардың ой-өрісін баурап алды…
Мәселе мынада, Қазақстан «батыс адамының» көз алдында мықтылығымен және
динамикалық дамуымен аса қызықты жұмбақ ретінде көрінеді. Бұл ғасырлар бойы
жалғасын тапқан аңыздағыдай өткені бар ғажайып мемлекет еуропалықтар үшін,
ежелгі римдіктердің тілімен айтқанда, өзіндік tabula rasa ретінде көрінеді! Сеніңіздер
маған! Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауымен қазір қалыптасып отырған
барлық мәселелерді шешті. Нақтырақ айтқанда: алдағы онжылдықта Қазақстан Еура-
зия кеңістігінде көш бастау керек. Бұл — үлкен міндет, республиканың барлық әлеуетін
қолдануды қажет етеді. Нұрсұлтан Назарбаев жоспарларды жүзеге асыру үшін қандай
ресурстар мен механизмдер қажет екенін Жолдауда жете көрсетіп берді. Басқа сөзбен
айтқанда: ұлт көшбасшысы өзінің міндетін орындады, бұл — Нұрсұлтан Назарбаевтың
мол тәжірибесі мен ойлау жаһандығын ескеріп түйгеніміз. ҚР Президенті мыңжылдықтың
бірінші онжылдығының соңында қалыптасқан жағдайды мұқият сараптай отырып, ұлт
алдына жаңа стратегиялық міндеттер қойды. Енді оларды жүйелі түрде орындау ғана
қалды. Есесіне, Қазақстанның өзінде ғана емес, сонымен қатар тікелей Еуропада.
Өйткені, қазіргі заманда шекара мен қашықтықтарсыз кез-келген мемлекеттің жетістігі
белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің шетелде қалай қабылданатынына байланысты
екені құпия емес.
Президент Н.А. Назарбаев дұрыс атап өткендей, Қазақстан бүгін «серпінді топқа
енді». Тек экономикалық, қаржылық және энергетикалық қана емес, сонымен қатар
медиатикалық серпіліс. Бұл да маңызды. Еуропа үшін — Қазақстан ЕҚЫҰ-ның жаңа
басшысы, Азия — Қазақстанды азиялық ойындарды қабылдайтын ел ретінде таныды.
Енді бүтін әлем — жаңа және сенімді, батыл және саяси ойынға талғамы қалыптасып
жатқан әріптес ретінде тануда… Ендігісі қазақстандықтардың өздерінің қолында. Олар,
Президент шақырып отырғандай, шынын айтайық, негізінен оның жеке күшімен жет-
кен жетістіктерін дамыта ала ма? Нұрсұлтан Назарбаевтың тереңдігі жағынан таң
қалдырарлық ойларымен әлемді өздерінің соңынан ерте ала ма?
Біздің білетініміз: Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы мақтана алатын жайттар
бар. Және қазақстандықтардың мақтанатын кезі туды.
148
149
|