Қазақстандық жол 2020 стратегиялық жоспары: «ЖАҢА Қазақстан» сериясы



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата02.01.2017
өлшемі11,45 Mb.
#1014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА 
ЖАҢҒЫРУ РУХЫНДАҒЫ 
ЖОЛДАУ
2.6
Валерий Хомяков, 
Ұлттық стратегиялар жөніндегі кеңестің президенті

Қ
азақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қаңтардағы  Жолдауында  — 
мемлекетке  жекеленген  инновациялар  ғана  емес,  жүйелі  әрі  түбегейлі  жаңа 
инновациялық  саясат  керек  деген  пайымды  пікір  айтылды.  Ең  алдымен  жас 
елдің барлық аймақтарының экономикасы бірдей қарқынды дамуы қажет, бұл 
Қазақстан үшін өте маңызды (елдің бір жерінде мұнай болса, екінші жерінде жоқ). Егер 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  бұл  жоспарлары  жүзеге  асса,  Қазақстан  экономикасының 
құрылымдық қайта құрылуына үлкен пайдасын тигізер еді.
Ресей мен Қазақстанның алдында тұрған кейбір мәселелер ұқсайды. Президент На-
зарбаев тәжірибелі әрі елінің қамын ойлаушы тұлға ретінде Қазақстандағы «бас ауыр-
тып,  балтыр  сыздатар»  тұстарды  өте  жақсы  біледі.  Сондықтан  да  ұлт  көшбасшы  өз 
Жолдауында қалыптасқан жағдайды түзету жолдарын нақты да айқын көрсетіп берген. 
Бәлкім, Нұрсұлтан Назарбаев осындай жоғары деңгейдегі кеңестік дәуір басшыларының 
соңғысы болар. Өз басым көреген саясаткер сексенінші жылдың соңы — тоқсаныншы 
жылдың  басында  пайда  болған  жаңа  экономикалық-саяси  бағыттарды  бірден 
меңгергеріп  әкеткенін  ризалықпен  мойындаймын.  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  халыққа 
кезекті Жолдауындағы айтқан ұстанымдары өзінің Қазақстан экономикасының бәсекеге 
79

қабілеттілігін  қолдауға  байланысты  маңыздылығымен  өзекті.  Әрине,  Қазақстанда  
проблемалар да жеткілікті. Біз еш мінсіз қоғамда өмір сүріп жатқан жоқпыз және одан 
ешқайда құтыла алмаймыз.
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  халыққа  Жолдауындағы  мақсат-мүддесі  айқын  да  сара, 
бұл орайда құқық қорғау жүйесін реформалау қажеттелігі туралы айтқаны айрықша на-
зар аударуды қажет етеді. Ол билік пен қоғам үшін моральдық өлшемдерді айқындап 
бермек, сондықтан бұл бұрынғы кеңестік мемлекеттердің барлығы үшін аса қажет.
Қазақстан халқына Жолдау төл жаңғыру рухымен суғарылғандай. Онда тұрақтылық 
жетістігіне көпірме мақан немесе саяси жүйені жылдам өзгерту қажеттелігі туралы асыра 
айтылған сөздер жоқ. Бұл дұрыс та! Өйткені, қазақстандық мемлекет жаңа қалыптасып 
келеді және оның бір жола аяқталуына айтарлықтай ұзақ уақыт қажет. Нағыз мемлекеттің 
қалыптасуы  —  бұл  күрделі  тарихи  үрдіс,  және  ол  үшін  жиырма  жыл  аз.  Сондықтан, 
кезекті «қайта құру» немесе қандай да бір ойластырылмаған «демократияландыруға» 
қадам басуға әлі ерте.
Ерте ме, кеше пе, Қазақстан Республикасында елдің эволюциялық демократиясының 
кезекті айналымы қажетті кемеліне жетеді деген ойдамын. Бүгіндері қазақстандық оп-
позиция мен бірқатар батыс елдерінің Астананы экономиканы ескере отырып, түбегейлі 
либералдық  саяси  өмірге  ауысуға  шақыруы  ағаттық  дер  едім.  ҚР  өз  замандастарын 
негізгі  демократиялық  еркіндікпен  қамтамасыз  етуде;  әрі  сөз  жүзінде  ғана  емес  іс 
жүзінде!..
Қазақстан Президентінің Жолдауы — өте маңызды құжат, Ресей жұртшылығы үшін 
жалғыз  кілтипан  оның  жариялану  уақыты  деуге  болады.  Қаңтардың  соңында  барлық 
ресейлік саяси және сарапшылар қауымдастықтары тек Украинаның президенттік сай-
лауына қатысты мәселелермен айналысты. Сондықтан, құнды бастамалар мен тиімді 
ұсыныстарға толы бұл маңызды қазақстандық құжат ресейлік модернизациялау үлгісінің 
назарынан тыс қалды — бұл ауқымды мәселе. 
Өз басым Нұрсұлтан Назарбаевтың 
қаңтардағы  Жолдауы  сияқты  стратегиялық  маңызды  құжатты  талқылауға 
ресейлік сарапшылар мен саясатшылардың қалың көпшілігін жұмылдыру керек 
екеніне күмәнданбаймын.
Президент Жолдауының бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінің ықпалдастығын нығайту 
туралы  айтылған  тұсы  өте  маңызды  деп  санаймын.  КСРО-ның  ыдырауына  кінә  тағу 
мүмкін емес адамдардың бірі — Назарбаев, 1980 жылдардың соңы — 1990 жылдардың 
басында бәрібір болған жайттың алдын-алуда Назарбаевтың көп еңбек сіңіргенін мен 
жақсы  білемін.  Маған  оның  өз  ісіне  деген  жауапкершілігі,  адамгершілік  мұраттарға 
беріктігі мен сенімі ұнайды.
Бүгіндері  бұрынғы  кеңес  елдерінің  билігінде  сабақтастық  пен  мызғымастықтың 
болғаны  өте  маңызды.  Осы  тұста  Нұрсұлтан  Назарбаев  тарихи  тұлға  ретінде  өткен 
жылдардың  басқару  тиімділігін  теріске  шығармайтын  және  өз  тәжірибесін  екпінді 
жаңашылдықпен табысты ұштастырған саналы басшы болып айқындалды.
Қарапайым ғана мысал келтірейік. Жаңа Кедендік одақтың қозғаушы күші болған да 
Нұрсұлтан Назарбаев еді. Оған қоса, Жолдауда айтылғандай бұл алғашқы қадам ғана. 
Келесі кезең 2012 жылға белгіленіп отыр, бұл Біртұтас экономикалық кеңістік құрудағы 
айтарлықтай терең экономикалық ықпалдасу.
80

Н.Ә. Назарбаев ЕурАзЭҚ аумағында бірыңғай валюта жасауды бірнеше рет ұсынған 
болатын.  Бұл  шынымен  маңызды  оқиға  болмақ.  Егер  біз  тауарлардың,  капиталдың, 
жұмыс күшінің еркін айналымына ықпал ететін Кедендік одақтан Біртұтас экономикалық 
кеңістікке  қадам  бассақ,  бұл  жаңа  ықпалдастық  құрылымын  біршама  нығайтуға 
көмектеседі.
Қазақстанның өзінің ішкі мәселелері де бар екені сөзсіз, бірақ олардың соның ішінде 
экономикалық  қиындықтардың  мейілінше  аз  болғанын  қалар  едім.  Ал,  елдің  жалпы 
экономикалық жағдайына әділ бағасын беру үшін Қазақстанның өткен дағдарыс жыл-
дарында да алға басқанын айтсақ жеткілікті. «Қазақстан төтеп берді», — деп Президент 
Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында мақтанышпен мәлімдеді. Амал не, оңай болған 
жоқ!..
Қазақстан дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыруда қомақты жетістіктерге 
қол жеткізді — ол жай ғана жүзіп шыға салған жоқ, дағдарыстан кейінгі дамудың жаңа 
бағытына батыл қадам жасады. Қазақстанның «жаңа индустрияландыру» бағдарлама-
сын жүзеге асырудан кейін, бұл ел Орталық Азия аймағында ғана емес, бүкіл бұрынғы 
кеңестік елдердің локомотиві болады деген үміт бар.
Қазақстан  мемлекет  басшысының  бұл  Жолдауының  тағы  бір  ерекшелігі  —  онда 
айқындылық  басым. 
Президент  Жолдауында  барлығы  —  тапсырмалар,  орында-
лу  мерзімдері,  қашан  және  не  істеу  керектігіне  дейін  сипатталған.  Бұл  Ресей, 
Қазақстан және басқа да ТМД елдеріндегі күрделі экономикалық жағдайлар үшін аса 
маңызды.
ҚР Президентінің тарихи Жолдауынан Мәскеудің алар тәлімі көп деп санаймын. Және 
тек Ресей ғана емес. Сайлаудан кейінгі Украина Қазақстаннан көрші болуды үйренсе, 
нұр үстіне нұр болар еді. Демек, Нұрсұлтан Назарбаев сияқты өзін ұстамды әрі лайықты 
ұстай  білу  керек.  Киевке  кейін  көршілік  қасиеті  жоқ  деп  кінәламас  үшін,  үнемі  бүлік-
жанжал  шығарудың  қажеті  шамалы.  Керісінше,  Астана  тәрізді  байсалды  да  батыл  та- 
бысты  экономика  мен  әділ  қоғам  құрса  дұрыс.  Қазақстанмен  біздің  арамызда 
айтарлықтай  қиындықтар  жоқ,  болған  да  емес,  және  ешқашан  болмайтынына  сенім-
дімін.
81

3. АДАМ — 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

АДАМ КАПИТАЛЫНА ҰМТЫЛУ
3.1
Дмитрий Верхотуров, 
саясаттанушы

2010
 
жылғы қаңтардың 29-ында ҚР Парламенті палаталарының 
бірлескен  отырысында  ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  На-
зарбаев  Қазақстан  халқына  «Жаңа  онжылдық  —  Жаңа 
экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» 
атты жаңа Жолдауын жолдады. Бұл айтарлықтай маңызды әрі ауқымды құжатта келесі 
онжылдықта  Қазақстанды  көшбасшылыққа  шақыратын  басты  ұраны  бар  2020  жылға 
дейінгі бағдарлама баяндалған.
БАСТЫ НАЗАРДА — ӨНІМДІЛІК
Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында келесідей мәліметтерді келтірді. Қазақстанда бiр 
қызметкер жылына орта есеппен 17 мың доллардың өнiмiн өндiредi, ал дамыған елдер-
де бұл көрсеткiш 90 мың доллардан асып түседi. Соған байланысты, аграрлық сектор-
дағы өнімділік — жылына адам басына шамамен 3 мың доллардан келеді, ал дамыған  
елдерде ол 50–70 мың долларға дейін жетеді.
87

Президент  мынадай  мақсат  қойды:  «Еңбек  өнiмдiлiгi  өңдеу  өнеркәсiбiнде  2  есе,  
ауыл шаруашылығында кем дегенде 4 есе артуы керек», — деп мәлімдеді Назарбаев. 
Демек, бұл орташа өнімділік 34 мың долларға, ал агроөнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 12 
мың долларға дейін көтерілуі тиіс екенін білдіреді.
Қазақстан  үшін  бұл  бірінші  кезекте  қалта  толтырар  қомақты  қаражат  түріндегі 
Қазақстан тұрғындарын бірден ынталандыратын орасан сапалы қадам болмақ.
Осы басты міндеттен Қазақстанды дамытудағы қалған іс-шаралар өрбиді. Өнімділік-
тің  өсуі  —  бұл  экономикалық  дамудағы  инфрақұрылымдық,  ғылыми-технологиялық, 
инновациялық,  әлеуметтік,  білім  беру  сияқты  бірнеше  мәселенің  бірден  шешілетін 
едәуір күрделі міндеттерінің бірі. Бұл тек жаңа заманауи жабдықтарды орнатып, жаңа 
озық технологияларды енгізу ғана емес, алайда бұның өзі де аз жұмыс емес. Сондай-
ақ,  әрбір  қызметкердің  меңгеріп  білуімен  қатар  заманауи  өнімділікпен  жұмыс  істеуге 
құлқы болуы тиіс. Соған байланысты, 2020 жылға дейінгі дамыту жоспарында әлеуметтік 
даму, денсаулық сақтау, білім беру сияқты мәселелерге баса назар аударылып отыр. 
Аш, науқас әрі үйретілмеген қызметкер «жаңа индустрияландырудың» ауқымды көлемін 
меңгере алмайды, бұл онсыз да түсінікті жайт.
Дегенмен, бұл өте күрделі міндеттер. 2020 жылы өңдеуші өнеркәсіп Қазақстанның 
IЖӨ-дегi  13%  мөлшерiн  құрауы  тиiс,  алайда  еңбек  өнімділігін  екі  есеге  өсіріп,  энер-
гия сыйымдылығын 25%-ға төмендетіп, 45% экспорт алуы тиіс. Орта және шағын биз-
нес үлесі IЖӨ-нің 40%-ын, инновациялық кәсіпорындар үлесі IЖӨ-нің 20%-ын құрауы 
тиіс.  Демек,  енді  жер  қойнауындағы  байлық  пен  мұнайға  арқа  сүйемей,  ақыл-оймен, 
еңбекпен табысқа жету керек дегенді меңзейді. «Бұл жаһандық мәселе, мемлекеттiлiк 
мәселесi, тәуелсiздiк мәселесi», — деп атап өтті Назарбаев.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН ТИІМДІ ТАҢДАУ
Адам  капиталының  дамыту  мәселелері  Нұрсұлтан  Назарбаев  ұсынған  2020  жылға 
дейінгі даму бағдарламасында ерекше аталып өтті.
Бүгіндері  көпшілігі  ұстанатын  соғыстан  кейінгі  кеңестік  экономикалық  үлгі 
шеңберінде  (айта  кетерлігі,  соғыстан  бұрынғы  үлгіден  мүлде  ерекше)  әрдайым  жал-
пы көрсеткішке баса назар аударылған. Былайша айтқанда, сан қуамыз деп сапа мен 
еңбек  өнімділігінен  қалыс  қалдық.  Басшылық  өндірілген  шойын,  болат,  көмір,  электр 
энергиясының мөлшеріне көбірек көңіл бөлді. Іс білетін адамдар қалай жұмыс істейді, 
олардың қолынан келе ме, жұмыс істеуге құлқы бар ма деген мәселелер әдетте үшінші 
орында тұрды. Кеңес үкіметі кезінде Кемеров облысы көмір мен болат өндіруде КСРО-
ның  алдыңғы  қатардағы  үштігінде  болғаны  жайлы  айқын  мысалдар  келтіруге  бола-
ды. Алайда, әлеуметтік даму деңгейі бойынша Кемеров тұрақты түрде үшінші орынды 
иеленді,  тек  соңынан  санағанда.  Адамдардың  тұрмыс-ахуалы  былай  тұрсын  олардан 
тынымсыз жұмыс істеу талап етілді. Сөйтіп, төзімі таусылған Кемеров шахтерлері қайта 
құру кезінде бірінші болып адуындап алаңға шықты.
ҚАЗАҚСТАН ОЙҒА АЛҒАНДЫ ОРЫНДАЙДЫ
Президент 2020 жылға дейінгі өзінің даму бағдарламасын баяндауды бұдан бұрынғы 
онжылдықты қорытындылаудан бекер бастаған жоқ.
88

Ол  республикадағы  IЖӨ-нiң  2000  жылғы  көлемiнің  екi  еселенгенін,  орташа  айлық 
жалақы  5  есеге  өскенін,  өмiр  сүрудiң  ең  төменгi  деңгейiнен  аз  табысы  бар  халықтың 
үлесі 4 есеге қысқарғанын, күтiлетiн өмiр ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейiн ұлғайғанын, 
бала туу 1,5 есеге өскенін атап өтті. Он жылда 652 мектеп және 463 денсаулық сақтау 
нысаны салынды, әлемдiк деңгейдегi медициналық орталықтар құрылды, 1,2 миллион 
адамға тұрғын үй салынды. «Қазақстан-2030» бағдарламасы қабылданған кездегімен 
салыстырғанда, Қазақстан халқының табиғи өсімі мен әл-аухаты едәуір жоғарлап, са-
лауатты елге айналды.
Бұл  туралы  кейбір  күмәнмен  қарайтын  сарапшыларға  айғақ  ретінде  қазақс-
тандықтардың ауқымды міндеттерді орындауға қабілетті екенін ерекше атап өту керек. 
Әлемді таң қалдырған Қазақстан бұл жетістіктеріне тәуелсіздік жылдарының алғашқы 
күрделі  кезеңдерінде  қол  жеткізді.  Енді  басқару  тәжірибесі  молайып,  экономикалық 
дағдарысқа қарсы күресте табыстылыққа жетіп, батыл шешімдер қабылдап, біршама 
қор жинаған оларға айтарлықтай ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға болады.
Жолауда одан әрі ілгерілеудің жолдары белгіленген:
– 2010 жылы Астананың Жаңа университеті аясында үш жаңа ғылыми орталық, оның 
ішінде  өмiр  туралы  ғылымдар  орталығын,  энергетикалық  зерттеулер  орталығы,  тағы 
бір қуантарлық маңызы бар пәнаралық аспаптық орталық құру;
– Ұлттық инновациялық жүйе құру;
–  ұлттық  қор  нарығын  ТМД  мен  Орталық  Азиядағы  ислам  банкингiнiң  өңiрлiк 
орталығына айналдыру және Азиядағы жетекшi қаржы орталықтарының ондығына ену.
Бұл күрделі міндеттер осынша қысқа мерзімде қажырлы еңбекті талап етеді. Прези-
дент өзінің Жолдауында атап өткендей, қазақстандықтар бұған төтеп береді. «Сондықтан 
дәл осындай санамен, бiлiммен және табандылықпен осы бағдарламаны орындауға қол 
жеткiзуiмiз керек. Ұлы Неру бiр кездерi былай деген екен: «Табыс кiм батыл қимылдаса, 
соның үлесiне жиi түседi». Ал бiз батыл қимылдадық», — деп атап өтті Президент.
ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУЫ
Жолдауда  қысқа  да  нұсқа,  бірақ  мағынасы  зор  бір  тезис  бар:  «Әр  өңiрдегi  әрбiр 
индустриялық  жоба  жергiлiктi  билiктiң  ғана  емес,  сонымен  бiрге  жұртшылықтың  да 
айрықша бақылауына алынуы керек. Бұл жұмыс таяудағы онжылдықта бүкiл елiмiздiң 
жалпыұлттық мiндетiне айналуы тиiс», — деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.
ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  жұртшылықпен  қарым-қатысты 
толықтай  өзгертуді  талап  етеді.  2020  жылға  дейінгі  даму  бағдарламасы  барлық 
қазақстандықтардың мүддесіне құрылғандықтан, әрі дамудың басты ресурсы ретінде 
қазақстандық адам капиталына бәс тігіліп отырғандықтан, жұртшылықты республика-
ны индустрияландыруға белсенді қатысуға тарту талап етіледі.
Бұл  жағдайды  түпкілікті  өзгертіп,  мәжілісмендерге,  мәслихат  мүшелеріне, 
мемлекеттік қызметкерлерге, әкімдер мен ірі компаниялардың өкілдеріне қойылар та-
лапты  біршама  күшейте  түседі.  Қазір  олардан  индустрияландыру  жобаларын  жүзеге 
асыру  туралы  шұғыл  да  толық  және  сапалы  ақпарат  жариялауға  талап  қояды.  Олар 
жұртшылықпен тіл табысып, сынға құлақ қойып, төзімді болуға үйренулері тиіс.
89

90

Бір жағынан Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл тезисі жұртшылық өкілдерінің өзіне тар-
тыстардан, билікке шектен тыс сыншылдықпен қарап, не болса соған кінәлауды әдетке 
айналдырудан аулақ болуға жоғары талаптар қояды. Ортақ істің мүддесі үшін ұсақ-түйек 
шамданушылықтан бас тарта білу керек.
Ұзын сөздің қысқасы, 2020 жылға дейінгі даму жоспары — барлық қоғамның игілігі 
үшін жұмыла бірлесіп жұмыс істеуге айқын міндет қойды.
Қазақстан  2020  жылға  қарай  өзінің  даму  жолында,  дәулеті  молайып,  әлеуметтік 
дамыған, инфрақұрылымы жетік, заманауи инновациялар мен жоғары өнімді еңбектің 
айрықша талаптарын меңгере отырып, айтуылы табыстарға қол жеткізуі тиіс.
91

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ 
ЖАҢҒЫРУ ҮЛГІСІ:
ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ АЛҒА БАСУ
3.2
Павел Святенков, 
саясаттанушы, 
«Даму институты» қоры басқармасының мүшесі, 
Саяси жаңалықтар агенттігі сараптамалық департаменттің директоры

азақстан мен Ресей бүгіндері маңызды межеге қатар келіп тұр. Бұрынғы кеңестік 
экономикамыз  түбегейлі  жаңғыртуды  қажет  етеді.  Осы  маңызды  міндетті  та-
бысты  түрде  жүзеге  асыру  үшін  ең  алдымен  қоғамды  модернизациялаудың 
мүмкіншіліктері  мен  тиімді  әдістерін  білу  керек.  Ресей  Президенті  Дмитрий 
Медведев ұсынған модернизациялау жолдары туралы пікірталас әлі күнге дейін ресейлік 
сарапшылар бірлестігін толғандырып отырғаны тегін жайт емес.
Біздің  Ресейде  модернизациялауға  қатысты  екі  негізгі  көзқарас  қалыптасты. 
Сарапшылардың  бірі  алдын  ала  экономика  реформаларынсыз  модернизациялау 
мүмкін емес деп санайды. Тек сындарлы, толыққанды дамыған капиталистік жүйе құру 
арқылы ғана табысты саяси ырықтандыруға қадам басуға болады. Енді біреулері сая- 
си  жүйе  ырықтандырылмайынша  дамыған  экономика  туралы  дәмеленбесе  де  бола-
ды  деп  санайды.  Біздің  бір  түйгеніміз,  ресейлік  сарапшылар  арасындағы  пікірталас 
тұйық шеңбердің ауқымынан шыға алмай тұр. Экономикалық реформалар либералды 
мемлекетсіз мүмкін емес. Либералды мемлекет экономикалық реформаларсыз мүмкін 
емес. Сөйтіп, тұйыққа тірелген деген осы болады!..
Бұл қарама-қайшылықты шешу үшін көршілердің тәжірибесіне жүгіну керек. Әлбетте, 
әңгіменің төркіні алып Қытай туралы болмақ. Қытай айдаһарының табысты даму үлгісі 
Қ
93

белгілі — өте арзан жұмыс күші мен батыс капиталына жасалған ставка. Бұл Ресейдің 
қолынан  келмейді,  өйткені  бізде  арзан  жұмыс  күші  мүлде  жоқ:  қытайлықтар  оны  700 
миллиондық  елді  мекендерден  жинайды,  сондай-ақ  бұл  резервуар  бізде  30-жылда-
ры  Сталиннің  кезінде  толықтай  сарқылған.  Ал  ресейлік  шалғай  ауылдардың  ақырғы 
әлеуетін 70-жылдары брежневтік «лимитшілер» сарықты.
Сондықтан, Қытайдың жолы бізбен қиыспайды!
Ал кеңестік жылдар бойы табысты дамып келе жатқан көрші Қазақстан Мәскеу 
үшін үлгі тұтатындай өнеге бола алады. Әрі оның да, Ресейдің де бастапқы жағдайы 
бірдей. Түптеп келгенде, екі мемлекет те таратылған КСРО-ның одақтас республикала-
ры, екеуі де Одақ құлағаннан кейін бір мезгілде өз бетімен күн көре бастады. Екі елде 
де шикізат секторының пайдасына әлі де болса айқын экономикалық ауытқу бар. Онда 
неге Қазақстан Ресейге қарағанда басымырақ жетістіктерге қол жеткізді?
Бұл  сұрақтың  жауабын  қазақстандық  реформа  үлгісінің  өзі-ақ  айқындап  тұр.  Егер 
жуырдағы  оқиғаларға  көз  жүгіртсек,  бұның  мәні  Нұрсұлтан  Назарбаев  тұспалдап 
айтқандай,  «алдымен  экономика,  сосын  —  саясат». 
Міне,  біздің  сарапшыларды 
толғандырған  теория  жүзіндегі  тұйықталудан  шығудың  бірден-бір  жолы  осы! 
Бұл мүмкіндікті бізге өмірдің өзі ұсынды әрі ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
саяси кемеңгерлігінің арқасы.
Кремль мұнаралары бірікпес нәрсені біріктіріп, қалайша режімді сәл авторитарлық 
және бірден жаңашаландыруға болатынын түсінуге тырысып дауыстарын қарлықтыруда. 
Меніңше,  бұнда  шаршы  доңғалақты  велосипед  ойлап  табудың  қажеті  шамалы,  бірақ 
Ресей  басшыларына  қазақстандық  реформалардың  жүйелі  тәжірибесін  мұқият  иге-
ру  керек  сияқты.  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  сөзі  мен  ісіне  ден  қоятын  уақыт  жетті.  Ол 
үшін  мағынасы  маңызды  стратегиялық  құжатты  —  жуырдағы  Назарбаевтың  Жолда- 
уын ашып, мұқият зерделеу жеткілікті. Осылайша, 2010 жылғы қаңтардың 29-ында Пар-
ламент  палаталарының  бірлескен  отырысы  барысында  халыққа  жол  тартқан  Жолда-
уында  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев,  қазақ  басшыларына  ел  экономи-
касын  модернизациялауда  айқын  да  анық  бағыт  көрсетіп  берді.  Мемлекет  басшысы: 
«2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсiпте 1,7%-ды құрады», — деп атап 
өтті. «Бiз оң өсу қарқыны бар елдердiң «серпіндi тобына» жаттық. Жұмыссыздық деңгейi 
6,3%-ды  құрады,  ал  бұл  дағдарысқа  дейiнгi  уақыттағыдан  төмен.  400  мыңнан  астам 
жұмыс орны ашылды. Бiз төтеп бердiк. Ендi бiз 2020 жылға дейiнгi Даму стратегиясын 
орындауға кiрiсемiз», — деді өз Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның  басты  міндеті  Назарбаевтың  нақтылығы  мен  беріктігінде: 
инновацияға жасалған ставкасында айқындалған. «Өнiмдiлiктi арттырып, иннова-
цияларды ендiру керек», — деп мәлімдеді Қазақстан мемлекет басшысы. Модерниза-
циялау мәселесі оңтайлы шешімін тапты. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, «Үкімет 
жедел  индустриялы-инновациялық  дамудың  мемлекеттiк  бағдарламасын  және  Елдi 
индустрияландырудың егжей-тегжейлi картасын әзiрледi. Бұл екі құжат — таяудағы бес 
жылда бiз ненi, қайда және қашан салатынымыздың толық iс-қимыл жоспары. Бүгiнде 
әңгiме инвестицияларының жалпы көлемi 6,5 триллион теңгелiк 162 жобаны iске асыру 
туралы болып отыр, ал бұл ел IЖӨ-нiң 40%-дан астамы, олар бiзге таяудағы үш жылда 
ғана 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын тiкелей ашуға мүмкiндiк бередi».
94

Осылайша,  қазақстандық  билік  «жоғарыдан»  ойластырылған  модернизациялау 
пайдасына  стратегиялық  шешім  қабылдады.  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  экономикалық 
бағыты — бұл бір себептен ұлттық экономиканың қарқынды дамуына байланысты қалыс 
қалған  саясат  аясындағы  дамудың  дұрыс  бағдары.  Соған  байланысты  бүкіл  қоғам  өз  
елін абаттандыру жөніндегі экономикалық істерге белсенді түрде етене араласуы ба-
рынша ынталандырылады. Президент Назарбаев: «Әр өңiрдегi әрбiр индустриялық жо-
ба жергiлiктi билiктiң ғана емес, сонымен бiрге жұртшылықтың да айрықша бақылауы- 
на алынуы керек. Бұл жұмыс таяудағы он жылдықта бүкiл елiмiздiң жалпыұлттық мiндетi-
не айналуы тиiс. Тек осылай ғана бiз әлемнiң бәсекеге қабiлеттi 50 елiнiң қатарына ене 
аламыз», — деп мәлімдеді.
Түптеп келгенде, Қазақстандық модернизациялау үлгісі ресейлік үлгіден өзгешелеу: 
ол  негізінде  модернизациялау  үрдісіне  қоғамның  ұдайы  түрде  жұмылдырылуын 
тұспалдайды.  Қазақстан  қоғамы  билік  әрекеттерінің  қырағы  сақшысы  тәрізді.  Бұны 
бірде-бір  ресейлік  модернизациялау  үлгісінен  кездестіру  мүмкін  емес.  Ресейлік  сая-
саткерлер  мен  қоғам  қайраткерлерін  «қоғамның  үкіметті  бақылауы  мүмкін»  деген  ой 
мүлде толғандырмайды.
Мұндай  бүкіл  әлеумет  игілігі  үшін  жасалған  қоғамдық  бақылау  Қазақстан  тәрізді 
тұрақты ұлттық мемлекет аясында ғана мүмкін. Үкіметі халқының қалауын орындайтын 
мемлекетте — жыл өткен сайын күн көріс жақсарып, түптеп келгенде, демократиялық 
қоғам құрылады.
КСРО  тарағаннан  кейінгі  жылдарда  қазақстандық  саяси  тап  бұрынғы  кеңестік 
мемлекеттердің  көпшілігі  жіберген  —  ұлттық  немесе  сословиелік  белгілері  бойынша 
халқын тапқа бөлу арқылы қиянат жасау сияқты басты қателіктерді қайталамауға ты- 
рысты.  Сол  себепті  де  ар-ұжданы  таза  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  жоғарғы  ар- 
битраж  бен  жаһандық  инвестиция  тарту  сияқты  өзінің  «патшалық  істерімен»  бай-
салдылықпен  айналыса  алады.  Н.Ә.  Назарбаев  Жолдауында  өзінің  президенттік 
жұмыстарының  толағай  табыстарын  зор  мақтанышпен  айта  алады:  «Қытайдан, 
Оңтүстiк  Кореядан,  Бiрiккен  Араб  Әмiрлiктерiнен,  сондай-ақ  француз,  итальян, 
ресейлiк компаниялардан 20 миллиард доллар көлемiнде инвестициялар тарту туралы 
мәселелер шешiлдi. Бұл қаражат шикiзаттық емес секторға жұмсалып, индустриялық 
бағдарламаның, инфрақұрылым мен бiрлескен кәсiпорындардың ондаған нысандарын 
iске қосуды қамтамасыз етедi», — деп атап өтті ол.
Тағы  бір  айта  кетерлігі,  Ресей  басшылары  шикiзаттық  емес  секторға  жұмсалатын 
ауқымды шетелдік инвестицияларды тартуды мүлде көздеп отырған жоқ. Оған себеп — 
қоғам ішіндегі сословиелік жікшілдік. Билік пен халық бөлектенгеннен кейін де халықтың 
билікті бақылауға шамасы жетпейді. Сондықтан, Ресей шикiзаттық емес секторға ин-
вестиция тартуға шындап кіріспей отыр. Бәлкім, абзалы ресейлік модернизациялауға 
кіріспес бұрын халық пен биліктің арасындағы алауыздықты ретке келтірумен айналысу 
керек шығар. Өйткені, дәл қазір Ресейде модернизациялауды өткізуге аңызға айналған 
«туабітті сыбайластықтан» гөрі осы мәселе көбірек кедергі болуда. Президент Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  қазақстандық  басшылар  алдына  қойған  тағы  бір  маңызды  міндеті  — 
экспортты қолдау. Қазақстан Президенті: «Бiздiң шикiзаттық емес экспорттаушылар-
ды  қолдау  индустрияландырудың  шешушi  бағыты  болуға  тиiс.  Қазақстан  өнеркәсiбi 
95

96

экспорттық рыноктарға отандық брендтердiң кең ауқымды тiзбегiмен ұсынылуы керек. 
Сондықтан  Үкiметтiң  мiндетi  —  экспорттаушыларға  негiзгi  құралдарды  сатып  алуды 
қаржыландыруды, экспортқа сервистiк қолдау көрсетудi, экспорттаушыларға гранттар 
мен экспорттық саудалық қаржыландыруды қарастыратын бiртұтас қолдау жүйесiн жа-
сау», — деді.
Ресейде бұл мәселе бойынша да мардымды істер атқарылып жатпағаны айдан анық. 
Қалай дегенмен, шикiзаттық емес экспортты қолдаудың жүйелі бағдарламасы әлі күнге 
дейін жоқ. Әйтсе де, модернизациялау мәселелерімен айналысатын мемлекет адам-
дары қам жейтіндей бірінші бағыт осы еді.
Сонымен қатар, Қазақстан еңбек өнімділігін арттыру үшін барын салып күресуге ниет 
етіп отыр. Осындай көкейкесті міндетті жүктеген де — Нұрсұлтан Назарбаев. «Бiрiншi-
ден, негiзгi салмақ еңбек өнiмдiлiгiнiң артуына түсiрiлуi тиiс. Ауыл шаруашылығындағы 
еңбек өнiмдiлiгi ең төменi және жылына бiр жұмыс iстеушiге 3 мың доллар шамасын-
да келедi. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткiш 50-70 мың долларды құрайды екен. Ауыл 
үшiн өсу перспективасы, мiне, осында. Сондықтан бiздiң мiндетiмiз — 2014 жылға қарай 
агроөнеркәсiптiк кешенде өнiмдiлiктi кем дегенде екi есе арттыру. Бұл күрделi мiндеттi 
аграрлық-индустриялық  әртараптандыру  ғана,  яғни  ауылшаруашылық  шикiзатын 
қайта  өңдеудi  шұғыл  арттыру,  жаңа  құрал-жабдықтар,  жаңа  технологиялар  мен  ауыл 
шаруашылығындағы  жаңа  көзқарас  шеше  алатын  жағдайда.  Әлемдiк  тәжiрибенi  пай-
далану,  оны  бiздiң  ауыл  шаруашылығымызға  жедел  ендiру  керек»,  —  деді  Қазақстан 
көшбасшысы.
Осылайша,  Қазақстан  Республикасы  «бір  оқпен  екі  қоянды  бірдей  атып  алмақ»: 
бүтіндей еңбек өнімділігі артады және ауыл шаруашылығын дағдарыстан алып шығады, 
бұл бұрынғы кеңестік республикалардағы бұрыннан проблемалы салалар екені белгілі. 
Осы  Жолдаудың  бір  ғана  тұсының  өзі  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  реформаторлық 
әрекетінің жүйелілігі мен жітілігін айқындап тұр.
Менің  пікірімше,  авторитарлық  немесе  либералдық  модернизациялау  тұрғысында 
пікір  таластырған  бүкіл  ресейлік  сарапшылардың  Қазақстанның  осы  тәжірибесіне 
мұқият зейін қойғаны дұрыс сияқты. Ресейде экономикалық жағдайын жақсарту үшін 
осының пайымды жақтарын пайдаланатын уақыт жетті. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет