Қазақстандық жол 2020 стратегиялық жоспары: «ЖАҢА Қазақстан» сериясы


Нұрсұлтан  Назарбаевтың  жаңа  жоспары  туралығымен,  әділдігімен



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата02.01.2017
өлшемі11,45 Mb.
#1014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  жаңа  жоспары  туралығымен,  әділдігімен 
ерекшеленеді.  Оның  әр  санының  артында  нақты  экономикалық  және  ғылыми 
болжам тұр.
Экономиканың  шикізат  емес  салаларының  өсуі  экономикалық  дамудың  басты 
бағыты етіп көрсетілген. Оған тартылатын инвестициялар біртіндеп көбейтіле беретін 
болады.  Сонымен  қатар,  президенттік  бағдарламада  көрсетілген  экономиканың 
әртараптандырылуы әзірше салалардың үлесін түбегейлі өзгерте алмайды. Бұрынғыдай 
шикізат  саласы  Қазақстан  экономикасындағы  басты  сала  болып  қала  бермек.  Бұл  — 
шындық.  Мұнда  принциптің  өзі  маңызды  —  шикізаттық  емес  салалардың  дамуы 
Қазақстан болашағы үшін ерекше мәнге ие. Және бұл жай ғана сөз емес, сандармен 
көрсетілген нақты ұсынымдар.
Осылайша,  тарихшының  көзқарасы  бойынша,  назарбаевтық  «индустрияланды-
ру  бесжылдығының»  үш  басты  стратегиялық  мақсаты  бар.  Біріншісі  —  Қазақстанды 
жеке  қайта  өңдеу  өнеркәсібі  бар  елге  айналдыру.  Екінші  —  Қазақстанның  бәсекеге 
қабілетті тауарларын әлемдік нарыққа шығару. Оның үстіне, бұл тек мұнай және газ хи-
миясы өнімдері ғана болмай, сондай-ақ, өнеркәсіп өнімдерінің үлкен тізімі болуы тиіс. 
Үшіншіден — Қазақстанның экономикалық тұрғыдан өзін-өзі барынша қамтамасыз етуіне 
қол  жеткізу.  Яғни,  бұған  дейін  қарастырғанымыздай,  атап  айтқанда,  агроөнеркәсіптік 
кешендегі  жетістіктерді  мысалға  ала  отырып,  басқа  да  салаларда  қол  жеткізу  керек. 
Әлемдік  нарықта  халықаралық  еңбек  бөлінісінде  тауардың  шағын  ғана  тобын  жаппай 
өндіру немесе бір ғана шикізатты өндірумен айналысатын ел үлкен тәуекелдікке бара-
ды. Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған қазақстандық экономиканы әртараптандыру страте-
гиясы болашақта да осындай қауіптердің алдын алуға бағытталған.
29

30

Сөз соңында, ең бастысы — Қазақстанның өндірістік күшін дамытудың президенттік 
жоспарында  адам  әлеуетінің  дамуы  маңызды  орында  тұр.  Қазақстан  қазірдің  өзінде 
бұрынғы КСРО мемлекеттерінің ішінде халық санының тұрақты дамуы мен адам өмірінің 
орташа ұзақтығы жағынан мақтана алатын аз ғана елдердің бірі. Халыққа медициналық 
қызмет  көрсету  сапасының  өсуі,  жаңа  жетекші  медициналық  орталықтарды  құру  — 
осының  бәрі  де  бүкіл  қазақстандықтардың  өмір  сапасын  көтеруді  қаматамасыз  етуге 
бағытталған. Бұл Қазақстанның ілгері қарай батыл қадам басқанын білдіреді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «жаңа индустрияландыру» жоспарын да елдің сәтті 
шешетініне ешқандай күмән жоқ. Бұған ҚР Тұңғыш Президентінің саяси жігері — 
халықпен бірге барлық проблемаларды шешуге және алға батыл қадам жасауға 
қорықпайтын  әлемдік  ауқымдағы  саясаты  дәлел  бола  алады.  Қазақстанды  ин-
дустрияландыруды  әрбір  қазақстандық  азаматтың  ісі  деп  бекер  айтпаса  керек.  Қа- 
зақ айтпақшы, «Көп түкірсе, көл болады».
31

ҚАЗАҚСТАН 
СТРАТЕГИЯСЫ-2020: 
РЕСЕЙ ҮШІН ӨНЕГЕ
1.4
Михаил Делягин, 
экономика ғылымдарының докторы, 
Жаһандану мәселелері институтының директоры

Б
иылғы  жылдың  29  қаңтарында  ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  ҚР 
Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ұсынған «Жаңа онжылдық — 
Жаңа  экономикалық  өрлеу  —  Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  кезекті 
халыққа Жолдауы негізінен, ықшамдалған, елдің стратегиялық дамуының біртұтас 
бағдарламасының  шоғырландырылған  көрінісі.  Ең  бірінші,  баяндаудың  нақтылығы  мен 
ерекше дәлдігі көзге түседі. Осы орайда, Қазақстанның сөзсіз жетістіктері мен ХХІ ғасырдың 
бірінші онжылдығында алға қойған мақсаттарын сәтті орындап шығуы, бір қарағанда тым 
батылдау көрінетін бұл жоспарлардың негізді екеніне көзімізді жеткізе түседі.
Шын мәнісінде, бұрынғы кеңестік кезеңнен кейінгі барлық жылдарда Қазақстан алға 
батыл  қадам  басып  келеді.  Мәселен,  республикада  жай  сөз  жүзінде  емес,  нақты  іс 
жүзінде ІЖӨ екі есеге өсті. Ерекше атап өтейін, жас тәуелсіз ел бұған белгіленген жылдан 
екі жыл ерте — 2008 жылы банк жүйесіндегі ауыр дағдарыстарға қарамастан қол жеткізді. 
2009 жылы жаһандық дағдарыс бүкіл әлемді дүр сілкіндіргенде, қазақстандық экономи-
ка 1,1 пайызға, оның ішінде, өнеркәсіптік өндіріс — 1,7 пайызға өсті. Н.Ә. Назарбаевтың 
өзі атап көрсеткендей, «біз оң өсу қарқыны бар елдердің «серпінділер тобынан табыла 
білдік».
33

Бұның  сан  алуан  себептері  бар:  жоспарлаудың  кешенді  сипаты  және  адалдық, 
қабылданған шешімдерді орындауды қатал бақылау, дамудың басты ресурсы — адам 
капиталының  көзі  ретінде  әлеуметтік  саланы  дамытуға  басты  назар  аудару.  Н.Ә.  На-
зарбаев  «Елді  жаңғырту  стратегиясын  іске  асырудың  табыстылығы  ең  алдымен 
қазақстандықтардың  біліміне,  әлеуметтік  және  тұрмыстық  ахуалына  байланысты» 
екенін нақты түсінеді.
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  осы  бір  гуманистік  тезисі  Ресейдегі  кейінгі  оқиғаларға 
қарама-қайшы екенін айтудың қажеті де жоқ болар.
Ресей Федерациясында либералды әлеуметтік реформа мектептер мен аурухана-
ларды жаппай жабуға (әсіресе, селолық жерлерде) әкелген онжылдықта Қазақстанда 
керісінше, 652 жаңа мектеп және 463 денсаулық сақтау нысаны ашылды. Қазақстан Рес-
публикасында ана өлімі екі есеге төмендеді, ал бала туу бір жарым есе өсті. Қазақстан_ 
мемлекеті ресми түрде емес, тура мағынасында әлеуметтік болып табылады, сондықтан 
да  азаматтарын  алаяқтардың  құрбанына  айналдырмай,  үлестік  құрылысты  аяқтау 
шығынын да көтеруді қолға алды.
Тағы  да  бір  мысал:  елде  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылықты  қайта  жөндеудің 
862  жобасы  жүзеге  асырылды.  Нәтижесінде,  республикадағы  қарқынды  жұмыстың 
арқасында,  2009  жылы  БҰҰ  Қазақстанды  адам  әлеуеті  деңгейі  жоғары  елдердің 
қатарына енгізді. Бұл қазақстандық мемлекеттің ұдайы күш салуының лайықты жоғары 
бағасы және ең бастысы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еңбегінің нақты нәтижесі.
Н.Ә.Назарбаевтың таяудағы он төртінші Жолдауы өзгеше нақтылықпен ерекшеленеді. 
«30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек. Осындай жағдайда 
ғана біз дамуды көре аламыз. Бұл бүкіл Үкіметтің міндеті де». Немесе Жолдаудан тағы да 
бір мысал: «2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар 
мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады» (Естеріңізге 
сала кетейін, әлемдік қаржылық дағдарыстан өзектілігін мүлдем жойған ресейлік «2020 
Тұжырымдамасында» Ресейдегі миллиондаған панасыз балалардың мәселесін шешу-
ге жанама түрде ғана тоқталған).
Бүгінде  Қазақстанның  алдына  маңызды  әлеуметтік  міндет  қойылды:  ана  мен  бала 
өлімін екі есе, жалпы өлімді — 30 пайызға, туберкулезді — 20 пайызға төмендету. Шағын 
қалалардың барлығы да сапалы ауыз су құбырларына қол жеткізуі тиіс. Қазақстанның 
күрделі  географиялық  жағдайында,  ел  аумағының  86,2  пайызын  қуаң  жерлер  алып 
жатқанда, бұл өте маңызды міндеттердің бірі!
Қазақстандық  үкіметтің  дағдарысқа  қарсы  шаралараның  арқасында  6,3  пайызға 
төмендеген (Ресейдегідей бірден өсіп кетпеді) жұмыссыздық деңгейі ҚР-да кемінде 5 
пайызға,  ал  өмір  сүру  деңгейінен  табыстары  төмен  тұрғындардың  үлесі  —  8  пайызға 
төмендеуі тиіс.
Ресейлік  сарапшылардың  назары,  сондай-ақ,  Жолдаудағы  қазақстандықтардың 
өмір сапасын жақсартуға ерекше ден қойғанына түседі: «Әркім сапалы медициналық 
қызметке қолжетімділік алады. Балалар бақшасынан бастап университетке дейінгі са-
палы білім бүкіл еліміз бойынша әр отбасына қолжетімді болады». Бұл адам капиталының 
сапасын көтеру үшін әлеуметтік саланы дамытудың бар маңыздылығын ҚР Президенті 
мен оның командасының жақсы түсінетіндігін білдіреді.
34

Ағымдағы  кезеңнің  маңызды  міндеті  деп  ҚР  Президенті  заңдарды  ізгілендіруді 
атап көрсетті. Ол бас бостандығынан айырумен байланысты жазалау үлесінің жоғары 
көрсеткішін  баса  айтты.  Сондай-ақ,  «жазалау  айыптары  5  пайыздан  аз  болса,  түзеу 
жұмыстары — 0,4 пайызды, қоғамдық жұмыстар 0 пайызды құрайтынын» айтады. Пре-
зидент Назарбаев «жаңа құқық қорғау жүйесін» құруды талап етті. Міндетті түрде бұл 
елді әлеуметтік қатынастарды ізгілендірудің жаңа деңгейіне шығарып, мультипликативті 
экономикалық әсер беруі тиіс.
Осы  бір  маңызды  міндеттерді  шешу  қоғамның  әлеуметтік  саулығының  ең  басты 
индикативті көрсеткішіне — 2020 жылға дейін Қазақстан халқының санын 10 пайызға 
өсіруге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ресей азаматтары өз басшылары тарапынан осындай амалды бүгінде армандап қана 
қояды. Менің бұл ойыммен миллиондаған ресейліктердің де келісетініне сенімдімін.
РФ  Үкіметі  мағынасы  жоқ  жекешелендіру  ісімен  айналысып  жатқанда,  Қазақстан 
Президенті Н.Ә. Назарбаев мақтанышпен «Мемлекетке бізге қиын болған кезде сатуға 
мәжбүр  болған  маңызды  активтерді  қайтардық.  Бұл  —  Екібастұз  1-ші  ГРЭС-і,  «Бога-
тырь» разрезі, Қашағандағы біздің үлесіміз, Маңғыстаумұнайгаз және барлық үш мұнай 
өңдеу зауыты» деп мәлімдеді. Ұлттық экономиканың барлық стратегиялық секторла-
рына мемлекеттік бақылауды қайтару бойынша маңызды шаралардың бәрін Қазақстан 
«активтерді мемлекеттік меншіктендіру» және «аяқтан тұру» туралы басы артық дабыра 
сөзсіз-ақ тыныш қолға алды.
Жаңалықтар  мен  жаңғыртуларға  нұсқау,  ақпараттық  технологиялар  негізіндегі  ин-
дустрияландырудан  кейінгі  экономиканы  дамыту  қажеттілігі  Қазақстанда  (Ресеймен 
салыстырғанда — М.Д) өзіндік әлеуетті біртіндеп жою себебі ретінде қарастырылмайды. 
Керісінше,  Н.Ә.  Назарбаев  экономиканың  тұрақты  түрде  дамуы  «Жедел  индустрия-
ландыру  мен  ішкі  құрылымды  дамыту»  арқылы  жүзеге  асырылатынын  басып  айт-
ты.  Нәтиже  сандардан-ақ  байқалады:  2000  жылдарда  Қазақстан  жолдарының  үштен 
бір  бөлігі  қайта  салынып,  жөндеуден  өткізілді.  Осыған  керісінше,  Ресейлік  Қаржы 
министрлігі  және  Экономикалық  даму  министрлігі  РФ  премьер-министрі  Владимир 
Путиннің  қарастыруына  2010-2015  жылдарға  жоспарланған  федералдық  мақсатты 
«Ресей көлік жүйесін дамыту» бағдарламасын (ФМБ) қаржыландыруды шамамен 3 есе-
ге  қысқарту  жобасын  ұсынды.  Осылайша,  «кудриндік  Қаржы  министрлігі»  ФМБ  көлік 
бағдарламасына жұмсалатын қаражатты 2010 жылы 2,3 есе — 219 миллиард рубльге 
дейін қысқартуды ұсынып отыр. 2011 жылы қаржыландыру 66%-ға, ал 2012 жылы 70%-
ға қысқартылады. Сонымен қатар, Қаржы министрлігі 2010-2012 жылдар аралығында 
жол саласына бөлінетін шығындарды 2,4 есе азайтуды да ұсынып отыр.
Елімізде  «индустрияландыру»  сөзінің  өзіне  бейресми  тыйым  салынғанда,  Қазақс-
танда мұндай маңызды түсінік жаңалықтармен тығыз байланысты. Ел экономикасының 
болашағын  айқындайтын  негізгі  мемлекеттік  құжаттардың  бірі  «Жеделдетілген 
индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы (екіншісі — «Индустрия- 
ландыру  картасы»)  деп  аталады.  Президенттік  Жолдаудағы  сөздермен  айтқанда,  бұл 
Қазақстанда «алдағы бес жылда нені, қалай құратынымыздың толық жоспарын» анық 
көрсете алады.
35

Алға  қойылған  мақсаттар  арасында:  мұнай  өнімдерінің  барлық  түрлерімен  толық 
қамтамасыз ету (үш МӨЗ қайта жөндеуден өткізу арқылы), металлургиялық өнімдерді 
өндіру және экспортқа шығаруды екі есе көбейту, химиялық өнеркәсіп өнімдерін үш есе 
арттыру, ауылшаруашылық кешеніндегі еңбек өнімділігін екі есе дамыту, отандық азық-
түлікпен 80% қамтамасыз ету және әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдері қатарына кіру. 
Бұл өте маңызды әрі кең көлемді мақсаттар!
Осындай істермен қатар, Қазақстан импорттың орнын басу саясатын жүргізіп жатыр, 
олай болса, бұл отандық өнім өндірушілерді қолдау бағыттарын білдіреді. 2015 жылға 
дейін  қазақстандық  құрылыс  материалдары  есебінен  80%  құрылыс  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруды  ашық  түрде  жоспарлап  отыр.  ҚР  экономикасының  дербестілігін 
дәлелдейтін  тағы  бір  айқын  көрсеткішті  көрсетейік:  стратегиялық  мүмкіндіктерге 
сәйкес, Қазақстан қолданыстағы дәрі-дәрмектің жартысын өзі шығармақ! Біз Ресейге 
дәрі-дәрмек атауларының 80%-ын енгіземіз, осы ретте шет елдерден келетін дәрілерге 
үстеме орташа баға 100%-ға жуық, ал кейбір ерекше танымал медикаменттер түрлеріне 
(детралекс, Servier) тіпті 328%-ға дейін қосылады.
Президенттік  Жолдаудың  ең  негізгі  басымдықтары  арасында  экономиканың 
«жеделдетілген әртараптандыру» мәселесі қарастырылады, оны жүзеге асыру үшін жал-
пы  аймақтық  даму  реформасы  жүрзіледі,  ал  даму  бағыттары  Қазақстан  Президентінің 
жолдауында өңірлерге қатысты анық әрі бірізділікпен толық сипатталады. Әзірше, алдағы 
үш жылда жалпы көлемі ІЖӨ-нің 40 пайызынан астам инвестицияны қамтитын 200 мыңнан 
астам жұмыс орнын ұсына алатын 162 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
2020  жылға  дейін  жеделдетілген  әртараптандыру  шаралары  арқылы  өңдеуші  
өнеркәсіп  үлесін  ІЖӨ-нің  13  пайызына  дейін,  ал  жалпы  көлемдегі  шикізаттық  емес 
экспортты  қазіргі  27%-дан  (РФ-дан  айтарлықтай  көп!)  45%-ға  дейін  көтеру  ке-
рек.  Өңдеуші  өнеркәсіптегі  еңбек  өнімділігі  жаңа  технологиялар  есебінен  екі  есе,  ал 
ауыл  шаруашылығында  кем  дегенде  төрт  есе  көтерілмек,  сондай-ақ  ІЖӨ-нің  қуат 
сыйымдылығы 25% төмендейді.
Атап  өтер  жайт,  нақты  жоспарлау  бизнесті  қатаң  қысымға  алуға  емес  (Ресейде 
кеңестік  және  посткеңестік  жылдарда  болғандай),  қайта  керісінше,  оны  жан-жақты 
ынталандыруға  негізделген.  Қазақстан  басшылығы  ұлттық  бизнесті  сәті  түскен  кез-
де жойып жіберуге болатын табыс көзі ретінде ғана қарастырып отырған жоқ, ұлттық 
экономикалық  дамудың  қайнар  көзі  санайды.  Н.Ә.  Назарбаев  бұны  өз  Жолдауында 
анық әрі ашық түрде көрсетіп отыр: «Біздің тәуекелге бара алатын, жаңа нарықтарды 
игеруге құштар, инвестиция ендіре алатын мықты кәсіпкерлік класс құрғымыз келеді».
Сәйкесінше,  2010  жылдың  өзінде  бизнестің  операциялық  шығындарын  30%-ға 
төмендету жоспарланып отыр, ал 2015 жылы тағы 30%-ы қысқартылмақ, жалпы есеп-
пен  он  жылдықтың  аяғына  қарай  шағын  және  орта  бизнес  үлесін  ІЖӨ-нің  40%-ына  
дейін,  яғни  еуропалық  деңгейге  жеткізу  көзделуде.  Аймақтық  атқарушы  билікке 
«бизнесті  дамыту  корпорациясына»  айналу  міндеті  жүктелген.  Меніңше,  кез-келген 
ресейлік кәсіпкер өз президентінің аузынан осындай сөздерді естуге асық болар.
 Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында банк жүйесінің 
сыртқы  несиелік  тәуелділігі  деңгейін  төмендету  қажеттілігіне  баса  назар  аударылған. 
36

Әсіресе,  ерекше  басып  айтылған  мәселе  —  «сырттан  алынатын  қарыздардың  басым 
бөлігі тиімді әрі бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға бағытталу тиіс».
Банктер еншілес құрылымдардан бөлінеді, ал банк жұмысының айқындылығына қол 
жеткізу  арқылы  алаяқтық  әрекеттерді  қысқартуға  мүмкіндік  туады.  Сайып  келгенде, 
мемлекет  банктерді  дағдарыс  кезінде  тоқыраудан  құтқарып  қалды,  сондықтан  ендігі 
кезекте  олар  мемлекеттің  агенттері  болуға  міндетті,  яғни  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің жоспарларына сәйкес, шынайы секторды дамытудың негізгі көздерінің 
біріне айналуға тиісті.
Айта  кетер  жайт,  Президенттің  Жолдауындағы  аталмыш  жоспарлардың  сипатта-
масы  жауапты  ұйымдарды  тағайындаумен  қатар  осы  жоспарларды  жүзеге  асыратын 
басқарушы  механизмдерді  құрумен  аяқталады.  Бұл  ресейлік  сарапшыларды  шыны-
мен де қатты таң қалдырып отыр, себебі көптеген функциялар ешқандай қауіп-қатерге 
қарамастан  аймақтық  деңгейге  өткізіліп,  индустриалдық  жобалар  жергілікті  биліктің 
ғана емес, қоғам бақылауына да алынады.
 Президенттік Жолдауда сипатталған келешектегі мүмкіндіктерге негізделген жүйелі 
және мұқият ойластырылған әрекеттер бағдарламасы Н.Ә. Назарбаевтың қорытынды 
шығаруына жол ашты: «Біз нені, қашан, қалай құратынымызды айларына дейін нақты 
білеміз.  Ең  бастысы...  біздің  барлық  әрекеттеріміз  қажетті  қаржылық  қорлармен 
қамтамасыз етілген».
Сын  көзбен  карайтын  болсақ,  Қазақстан  Президентінің  жыл  сайынғы  Жолдаулары 
көп жағынан қағаз жүзіндегі толып жатқан жобаларды, түкке тұрғысыз бағдарламалар 
мен «ресейлік модернизацияға» қатысты сан алуан пиар тұжырымдамаларын шығара 
беретін көптеген ресейлік «әдіскерлер» мен сарапшылар әрекеттерін жоққа шығарады. 
Тиімді нәтиже көрсетіп отырған Қазақстан тәжірибесін пайдалану арқылы Ресей Феде-
рациясында кеңінен етек жайып келе жатқан дағдарысты тоқтатып, Қазақстан Респуб-
ликасы қол жеткізіп отырған айтарлықтай сәттілікке жетуге орасан зор мүмкіндіктер ту-
дыратын еді.
Алайда, меніңше, мұндай саналы да тиімді шешімге келместен, ең алдымен, 
үш негізгі факторды құру қажет, ол: биліктің жауаптылығы және тиімділігі, оның 
қоғам  алдындағы  тарихи  жауапкершілігі,  қоғам  мен  билік  әрекеттерінің  өзара 
сыйластығы  және  ең  бастысы  —  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  сынды  алыс-
ты болжай білетін көреген, туған халқы мен отанын жан-тәнімен жақсы көретін 
ұлттық көшбасшыны сайлау.
37

«НАЗАРБАЕВ БАҒЫТЫНЫҢ» 
САБАҚТАСТЫҒЫ — ЖОЛДАУДЫҢ 
АЙРЫҚША АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
1.5
Виктор Ивантер, 
Ресей Ғылым Академиясы (РҒА) Халық шаруашылығын болжау институтының 
директоры, РҒА академигі, РҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімінің мүшесі (Экономика 
секциясы), РҒА Ғылыми даму мәселелері институты кеңесінің мүшесі

Қ
азақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қаңтар  айында  халқына  жол-
даған Жолдауында ұсынып отырған жоспарлары өте мұқият ойластырылған, 
оларды жүзеге асыруға болады. Бұл, ең алдымен, Қазақстанның кеңес дәуірінен 
кейінгі жылдардан бері жүргізіп отырған табысты саясатының жалғасы. Менің 
ойымша, «назарбаевтық бағыттың» сабақтастығы құжаттың ең маңызды артықшылығы 
болып табылады.
Мен  Қазақстанның  экономикалық  дамуында  бұрыннан  қолданылып  келе  жатқан 
әрі  әлемдік  нарықта  орын  алған  қауіпті  ахуалдан  кейін  біраз  түзетулер  енгізілген 
бағыт-бағдардан  ауытқу  нышандарын  байқамадым.  Жолдауда  ештеңені  «керісінше» 
жасауға  деген  құлшыныс  жоқ.  Яғни  Қазақстанда  тұтас  онжылдаққа  құрылған  осы-
нау стратегиялық жоспарда қол жеткізілген табыстардың бірізділігі сақталып, алдағы 
әрекеттер де соларға негізделеді. Бұл аталмыш Жолдаудың бірден-бір артықшылығы.
Осынау маңызды құжатта Қазақстандағы дағдарыс жағдайларының зардаптары ба-
рынша айқын көрсетілген. Айта кетер жайт, бұл ел көптеген қиындықтар тудырған соңғы 
жылдан айтарлықтай сәтті шықты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті 
39

40

мақтанышпен  атап  өткендей,  республика  өткен  жылы  барлық  көрсеткіштер  бойынша 
аздап болса да жетістікке жетіп отыр.
Қазақстан  экономикасының  алдына  қойылып  отырған  мақсаттары  —  шынайы 
мақсаттар. Олар Қазақстанның қолында бар ресурстар есебінен жүзеге асырыла алады, 
солай болуға тиіс те. Екінші жағынан, аталмыш жоспарлар сыртқы қауіп-қатерлерден 
жеткілікті мөлшерде қорғалған.
Президенттік Жолдауда ұсынылған идеялар Ресей үшін де өте маңызды болып табы-
лады. Қазақстанмен орнатып отырған қарым-қатынасымыз — ресейлік экономикалық 
саясаттың маңызды бөлігі. Әлбетте, стратегиялық серіктесіміздің болашақ саясатына 
қатысты анық әрі құрылымдарға бөлінген түсінік қалыптастыра алсақ, бұл Ресей саяса-
тын қалыптастыруда айтарлықтай жеңілдіктер тудырады.
Келесі назар аударатын мәселе, Қазақстан экономикасы үшін Нұрсұлтан Назарбаев 
ұсынып отырған бағыттар және Ресейде Дмитрий Медведев пен Владимир Путин ұсынып 
жүрген бағыттар жалпы өзара өте ұқсас болып келеді. Ең алдымен, бұл — экономика-
ны әртараптандыру, яғни диверсификация. Ал бұл сөз шикізат экономикасынан үзілді-
кесілді бас тартуды білдірмейді, қайта керісінше, оның мұқият ойластырылған дивер-
сификациясы — шикізатты терең өңдеу мақсаттарына қатысты бұрыннан талқыланып 
келе жатқан мәселелердің шешімін табу, сондай-ақ өңдеудің бұдан да жоғары деңгейіне 
жету. Бұл Ресей үшін мейлінше таныс әрі көкейтесті мәселе болып табылады.
Модернизацияда  Мәскеу  мен  Астананың  екі  елдегі  интеллектуалдық  әлеуетке  иек 
артып отырғаны да өте маңызды жайт. Ал бұл әлеует өте жоғары! Бұл Қазақстан мен 
Ресейдің  оқшауланған  ғылыми  әлеуеттері  емес,  олар  бұрыннан  өзара  бірігіп,  кірігіп 
кеткен. Қазақстан мен Ресейдің ғылыми зерттеулері — бұл тарихи тұрғыда араласып, 
өзара тиімді түрде бірігіп кеткен жүйелер.
Ресей мен Қазақстанның Ортақ Экономикалық кеңістікпен тығыз байланысты ортақ 
стратегиялық келешегі бар. Соңғы жылдары оны құруға бағытталған қадамдар нәтижесі 
көңіл қуантарлық. Бұл ретте қандай да болмасын кедергілер бар ма? Иә, бар. Ең ал-
дымен, аталмыш кедергілер Ресейдің 90-шы жылдары мүлде басқа мәселелерге көңіл 
бөлгеніне байланысты.
Ашып  айтсақ,  Мәскеу  бірігу  үдерістеріндегі  маңызды  бастамаларды  қалт  жіберіп 
алды.  Ал  Қазақстан,  дәлірек  айтқанда,  ел  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  
бірігу үдерістерін соңғы жылдары қарқынды түрде дамытты. Ал қазіргі уақытта Қазақстан 
мен  Ресей  басшылығының  біріккен  әрекеттері  айтарлықтай  синергетикалық  нәтиже 
көрсететуге мүмкіндік тудырып отыр.
Кедендік кеңесті дамытудың келешегі зор, себебі ол уақыт өте келе кеңестік дәуірден 
кейінгі  кеңістіктегі  көптеген  елдерді  де  біртіндеп  енгізе  бастайды.  Сонда  Еуразиялық 
экономикалық кеңістік шығысқа қарай да, батысқа қарай да жылдам кеңеюі ықтимал.
Жалпы  Елбасы  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы  —  бұл  өте  шынайы, 
прагматикалық және теңгермелі құжат. Бұл жүзеге асырылатын кешендік бағдарлама 
болып табылады.
41

ТАБЫСТЫ ЕЛДІҢ НАҚТЫ 
САНДАРЫ
1.6
Сергей Евстратьев, 
экономика ғылымдарының докторы, Ресей Жаратылыстану ғылымдар 
академиясының академигі

Б
іздің  ғаламшарымызда  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  сияқты 
халқымен  қоян-қолтық  араласа  алатын  мемлекет  басшылары  санаулы  ғана. 
Оның  «Жаңа  онжылдық  —  Жаңа  экономикалық  даму  —  Қазақстанның  жаңа 
мүмкіндіктері» атты жолдауы осы пікірді тағы бір дәлелдеді. Президенттік Жол-
дау бір жағынан кешенді әрі жүйелі, екінші жағынан нақты және бұған дейінгі істермен 
сабақтасып жатыр.
Қазақстан және оның көшбасшысының табыстарын бұлай жоғары бағалау — мүдделі 
бақылаушының  асыра  мақтағаны  емес.  Көптеген  беделді  халықаралық  ұйымдар  да 
Қазақстан Республикасының іс-әрекетіне жоғары баға беріп отыр. Мысалы, солардың 
арасындағы елдерді алалап таңдау әдеті жоқ әрі ең ірісі БҰҰ-ын алып қарастырайық. 
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  2009  жылғы  Баяндамасындағы  көрсетілген  жаңалықтың 
маңыздылығы  ерекше,  онда:  «Қазақстан  адами  әлеуеті  жоғары  елдер  қатарына 
кіреді» — деп жазылған.
Тәуелсіз жас мемлекет мұндай жоғары ұпайға қалай ие болды? Жауап қарапайым — 
жүйелі  еңбек  пен  дұрыс  таңдалған  даму  бағыты  арқылы.  1997  жылы  Н.Назарбаев 
«Қазақстан — 2030» Стратегиясын қабылдады. Осы Стратегия елді дамытуға қатысты 
мақсаттар мен басымдықтарды, ұзақ мерзімді жоспарларды қалыптастырды. Осыдан 
кейін  Қазақстанның  эволюциялық  өзгерістер  жолы  2010  жылғы  Жолдауда  қисынды 
43

жалғасын тапты. Жеткен жетістіктер Қазақстанның және оның Президентінің беделін арт-
тыра түсті.
 ІЖӨ көлемі жоспардан екі жыл бұрын екі еселенді, орташа еңбекақы бес есе көтерілді, 
ал зейнетақылар көлемі үш есе өсті. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен табыс таба-
тын адамдар үлесі 50%-дан 12%-ға дейін төмендеді. Бала туу бір жарым есе көбейді.
 652 мектеп, 463 денсаулық сақтау нысаны салынды, 350 мың отбасы баспаналы бол-
ды. Дағдарыс уақытында Қазақстан және оның ұлттық көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаев  даналық  пен  батылдық  танытты.  Астана  «даму  қарқыны  оң  нәтижелі  елдер» 
қатарынан  табылды.  Ендігі  кезекте,  дағдарысқа  төтеп  берген  Қазақстан  2020  жылға 
дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруға білек сыбана кіріспек. Нақты мақсат — әлемнің 
50 бәсекеге қабілетті елдері қатарына кіру. Бұл әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға, 
экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады.
Қазақстан  Президенті  елдің  даму  жоспарында  барлығын  заңды  орынға  қойып  отыр. 
Еңбек  өнімділігін  арттыру  —  болашақ  экономикасының  негізгі  бағыттарының  бірі  бо-
лып  табылады.  Жалпы  көлемі  6,5  триллион  инвестиция  салынған  немесе  ел  ІЖӨ-нің 
40%-ын  құрайтын  162  жоба  іске  қосылды.  Жоспарланған  істердің  жүзеге  асырылуы 
үшжақты мақсаттың орындалуына негізделеді, оның ішінде: бизнестік ортаны жақсарту, 
қаржылық  жүйе  қызметін  тұрақтандыруды  қамтамасыз  ету  және  сенімді  құқықтық  орта 
құру мақсаттары қарастырылады.
Мемлекет  сонау  напалеондық  «министрліктер  мемлекеті»  үлгісі  ендірілген  заманнан 
бері айтарлықтай өзгерістерге ұшырамаған ең көне қоғамдық институттар қатарына жа-
тады. Либералдар «көп немесе аз» үлгісінде кеңес беретін мемлекеттің экономикадағы 
рөлі  жөнінде  пікір  таластырғанды  ұнатады.  Біздіңше,  маңыздылық  бір  ғана  сұрақпен 
айқындалмақ:  қандай  сападағы  мемлекет  қажет?  Бәлкім  жаман  мемлекеттер  көп, 
жақсылары аз болар? Осы ретте дау бірден мағынасын жоғалтады.
Қазақстан Президенті осынау негізгі поблеманың шешімін мемлекеттік-жеке меншіктік 
серіктестік механизмінен тауып отыр. Қазақстан бәсекелестіктен тартынбайды. Сондықтан, 
кәсіпкерлік — жаңа экономиканың қуат-күшіне айналады. Президент 2010 жылдан бастап 
аймақтардағы кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Бизнестің жол картасы — 2020» атты біре-
гей бюджеттік бағдарламаны енгізуді Үкіметке тапсырып отыр.
2020  жылға  дейін  экспорттың  жалпы  көлемінің  45%-ын  құрауға  тиісті  шикізаттық 
емес  экспортты  кеңейту  жұмыстарының  маңыздылығына  назар  аудару  ұсынысынан 
да  Қазақстан  Президентінің  заманауи  стратегиялық  ойлау  қабілеті  көрінеді.  Азық-түлік 
қауіпсіздігі — ел қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Жолдауда 2014 жылға 
дейін  ел  қолданысындағы  азық-түлік  өнімдердің  80%-ы  Қазақстанда  өндірілу  керек 
делінген.  Заманға  сәйкес  даму  үшін  тиісті  білім  алу  керек.  Елбасы  «Жаңа  университет» 
пен «Интеллектуалдық мектептерді» салу жұмыстарын жеке қадағалауға алмақ.
Президенттің  қаңтар  айындағы  Жолдауында  көрсетілген  сандар  шындыққа  сәйкесе 
ме? Жоспарлар орындала ма? Нақты істер мен өндірістерге айнала ала ма? Әлбетте со-
лай!.. Мен Астанаға сапар жасап, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның қандай тарихи 
өзгерістерді бастан кешіргеніне куә болдым. Сондықтан, аталмыш сандардың шындыққа 
ұласатынына кәміл сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет