I. Алғы сөз
Мерейтойлық мақала белгілі бір адамға немесе институтқа емес заң мәтініне арналғаны, бұл
күнделікті факт емес. Оның үстіне, әңгіме кез келген заң мәтіні туралы емес – биыл жиырмажылдық
мерейтойын аталып өтетін, мемлекеттің ең жоғары құқықтық негізі - Қазақстан Республикасының 1995
жылғы үлгідегі Конституциясы туралы болып отыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ең алдымен, Президент, Конституциялық Кеңес
және Бас Прокуратура өздеріне «сырттың көзқарасын тарта отырып» Қазақстанның осы күнге дейін жет-
кен жетістіктері үшін мақтанышын білдіреді. Бұл Республиканың халықаралық деңгейдегі құқықтық
мемлекеттер арасында өз орнын табуы ғана емес, сондай-ақ, оның трансформациялық үрдісті өз бетімен
бірізді дамытуға талабын да білдіреді. Бұл қарқынды және жүйелі құқықтық сұхбаттасу аясында жүріп
жатқан, мемлекеттің күш салуының маңыздылығын және мақсаттылығын көрсетеді.
2013 жылдан бастап мен Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының (IRZ) сарап-
шысы ретінде конституциялық құқық саласындағы құқықтың барлық салаларын қамтитын сұхбатқа
қатысып жүрмін. Осы тұрғыдан және сол кезде алған тәжірибе әсерінде мен Сіздерді шын жүректен
Конституцияның 20 жылдығымен құттықтаймын.
Мен Конституцияның бұдан бұрынғы дамуының негізгі сатыларын қысқаша шолудан бастағым
келеді (II.). Осындай шолу, әрине, бұрынғы Кеңес Одағының жалпы мемлекеттеріндегі, және әсіресе,
Қазақстандағы трансформациялық үрдістің түбегейлі проблемаларын қысқаша қараумен шектелмейді
(II.1.). Қазақстан Республикасының конституциялық құқық және конституциялық даму саласындағы
жолы және бүгінгі қол жеткізген табыстарының жоғары маңыздылығы тек осы аяда дұрыс және әділ
бағалануы мүмкін (II.2.).
ларс БРОКЕР
–
Рейнланд-Пфальц жерінің
(Германия Федеративтік Республикасы)
Конституциялық Сотының және Жоғары
әкімшілік сотының президенті
ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ
КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ДАМУ:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОЛЫ
93
II. «өзіндік жолы»
1. Трансформациялық мемлекеттердегі конституциялардың рецепциясы
1989 жылғы КСРО Конституциясының негізге алынған реформаларынан бастап, КСРО ыдырағаннан
кейін және тәуелсіз ұлттық мемлекеттер құрылғаннан кейін көп кешікпей Орталық және Шығыс Еуропа-
да, сондай-ақ Орталық Азияда тарихта бұрын ешқашан болмаған конституциялардың рецепциясы үрдісі
басталды. Конституциялық құқықтың бұл рецепциясы мемлекеттің заңды негізін құруға және құқықтық
мемлекет құрылымдарына кепілдік беруге және, сонымен бірге, халықтар қауымдастығын құруға және іске
асыруға бағытталған болатын. Бірақ осы конституцияларды толықтыру және дамыту үрдісі құрылымдық
жағынан қиын, тәуекелді іс, сондықтан, конституция және оның кепілдіктері тек бірте-бірте құқықтық
ақиқаттың бөлігіне айналып, оның әрекетін толық өрістете алады [1, 919 ff. б.]. Трансформациялық үрдіс
содан басталады, бірақ аяқталмайды.
Бұл Орта Азия мемлекеттері үшін және, әсіресе, осы өңірдегі ең үлкен және геостартегиялық тұрғыдан
ең маңызды мемлекет ретінде, Қазақстан үшін ақиқат. Еуропалық конституцияның (америкалық ықпалды
«қосалғанда»), рецепциясы, және, сонымен бірге демократияны, құқықтық мемлекетті және адам
құқықтарын мойындауды, мемлекеттік органдардың қолданыстағы билік нысандарына, және, ең алдымен,
тарихи қалыптасқан менталитетке шынтайтына келгенде құнттап үйлестіруі және бейімдеуі керек [2, 383 б.].
Қазақстан Конституциясының тарихы КСРО ыдырауынан емес және Қазақ Кеңес Социалистік
Республикасының 1937 жылғы үлгідегі Конституциясынан емес, одан ерте - XV ғасырдың ортасынан,
қазіргі Қазақстан Республикасы аумағында оңтүстік хандықтардан тәуелсіз өз билік нысандарын құрудан
басталады. Кеңес, ал одан бұрын патша үкіметі кезінде тоқтатылған және өзгертілген, бірақ жойылмаған
түпнегіздер мен әсерлер, тіпті жанасу нүктелері бар. Осы дәстүрлердің және ақиқаттың, сондай-ақ
азаматтық қоғамның әлі де ұзақ уақыт орнықпауы «сырттай көзқараста» көзге түспей қоймайды. Бұл ең
алдымен, өз дәстүрлерінің келеңсіз нәрсе емес екенін, керісінше, оның бүгінгі күнмен едәуір дәрежеде
сәйкестілігін анықтап, трансформациялық үрдісті жеңілдетумен бірге, оның мүмкіндігін де арттырады.
Осы себеппен трансформациялық үрдістің бірінші сатысында – бұл кейде байқалмайды - күшті
президенттік аппарат қажетті реформаларды іске асыру және Конституциямен көзделген құрылымдарды
құру үшін реформалар үрдісін жүргізудің ең жақсы кепілі болып табылады [3, 927 б.]. Бұл – табысты «өзіндік
жол» үшін алғы шарт. Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентіне неміс мемлекеттік құқығында «саяси
тұрақтылықты міндетті қамтамасыз ете отырып, әкімшілік-экнономикалық жаңғырту мақсатымен мәжбүрсіз
басқару стилі» және, тиісінше, Орта Азиядағы жетекші рөлі беріледі [4, . 607 (634)б.].
2. Конституция және конституциялық даму
a) Қазақстан Республикасының Конституциялық дамуы және конституциялық құқық дәстүрлеріне
негізделген бөтенді рецепциялау және өзінікін дамыту «өзіндік жолы» 1995 жылғы үлгідегі конституци-
ядан емес, 1990 жылғы 25 қазандағы «Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларациядан», дәлірек
айтқанда, 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы»
Конституциялық заңнан басталады. Конституциялық заңда былай делінген: «Қазақстан Республикасы
тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет болып табылады» [4, 610 б.]. Бұл конституция тура-
лы неміс ілімінен туындайтын, өзін құқықтық мемлекетті қолдаушы деп тану Қазақстанның (ең жаңа)
конституциялық дәстүрлеріндегі конституционалдық элемент болып табылады. 1991 жылдан бастап бұл
Конституция мәтінімен қабысып және біртінде өмір заңдарымен толықтырылуда.
b) 1990 жылы Президент төрағалығымен құрылған Конституциялық комиссиямен ұсынылған және 1993
жылғы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен қабылданған Қазақстан Республикасының (Бірінші) Конституциясы
кіріспеде өткен коммунистік өмірден бас тартуды, негізгі заңдар тізімдемесін, құқықтық мемлекетті, адам
құқықтарын, биліктің бөлінісін, халықтың егемендігін және демократияны тануды бекітті.
Конституцияның үстемдігін және сонымен бірге оның «ең жоғары басымдығын» қамтамасыз ету
үшін құзыреті мол конституциялық сот құрылды. Оған, атап айтқанда, жеке конституциялық шағыммен
жүгінуге және – соттың кәдімгі функцияларының шегінен шығатын құзырет – өз бастамасы бойынша
өндірісті бастауға болатын еді. Бұл күшті конституциялық сот өз жұмысын 1992 жылғы 5 маусымда баста-
94
ды [4, 615 б.]. 1995 жылғы 6 наурызда сайлау құқығы теңдігінің ( 1993 жылғы Конституцияның 109, 111
және 117 б.) негізгі мәселелері жөніндегі конституциялық шағым негізінде қабылданған – 1995 жылғы
10 наурыздағы шешіммен расталған– оның шешімі заң тұрғысынан дәлелді болды және конституциялық
даму үшін, Парламенттің таратылуына байланысты, салдары зор болып, Конституцияны өзгертуге әкеп
соқты, нәтижесінде 1995 жылғы 30 тамыздағы жаңа Конституция жарық көрді [4, 618 ff. б.].
c) 1995 жылғы 30 тамыздағы Референдумда қабылданған бұл жаңа Конституция бұрынғы Конституция-
дан гөрі анық және құрылымдалған, дәлме-дәл және бірізді жүйеленген Конституция болды. Оның шарықтау
шегі адамның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп аталатын 1 б. 1 т. көрсетілген. Адамның
абыройы – Германия Федеративті Республикасы Конституциясының негізгі ең жоғары нормасы – 17 б. 1 абз.
оған қол сұғылмайды деп анық белгіленген. Конституция демократияны, құқықтық мемлекеттілікті және
әлеуметтік мемлекеттілікті таниды. Ең алдымен, құқықтық мемлекет негізгі құрылымдық қағидат ретінде
бекітілген. Бұл маңызды қағидат тәуелсіздік жарияланған сәттен бастап Қазақстан Республикасының
конституциялық дамуында және конституциялық дәстүрінде кәміл бекітілген.
Бұл жаңа Конституция мемлекеттік билік құрылымын жаңадан, нақтылап реттеді. «Президенттік
басқару нысаны» Парламенттің және сот билігінің құзыретін қысқарту есебінен күшейтілді, бұл, ең
алдымен, шетелдің шымбайына бататын сынға себеп болды. Әрине, 1993 жылғы үлгідегі Конституция-
мен салыстырғанда, трансформациялық үрдістің күрделі жағдайларынан туындаған осы өзгерістерді
мемлекеттік билік органдары тұрғысынан түсінуге болады [4, с. 633].
2007 жылғы 21 мамырдағы парламенттік реформа және сонымен байланысты Конституцияға
енгізілген өзгерістер арқасында (әсіресе 50, 51, 52 б.) билік құрылымы тағы да Парламент пайдасына
ауыстырылды. Оның үстіне, бұл реформаның мақсаты саяси партияларды, яғни, демократияның маңызды
институттарын дамыту үшін алғышарттарды жақсарту деп мәлімденді [5, с. 125 ff.].
Бірақ әңгіме Президент – Парламент арақатынасы туралы емес. Құқықтық мемлекет Конституцияның
негізгі қағидаты болғандықтан, әділетке ерекше көңіл бөлу қажет. Оның жағдайы құқықты іске асыру
механизмдерінің тиімділігі үшін маңызды болып табылады. 1995 жылы Конституциялық Сот құзыретін
едәуір кеміту, оны француз үлгісі бойынша Конституциялық Кеңеске айналдыру (ст. 71 ff.) құқықты іске
асыру механизмдерін күшейтуге маңызды үлес қосқан жоқ.
Бұл құқықты бұзу жайында билік органдарының актілеріне қарсы сотқа жүгіну кепілдігін алып
тастауға да қатысты [6, с. 927 f].
Әрине, бұны да асыра бағалауға болмайды, өйткені 13 б. 2 абз, әркімнің «өз құқықтары мен бостандықтары-
ның сот арқылы қорғалуына құқығы бар» деп анық кепілдік береді. Бұл билік органдарына да қатысты.
Бірақ Конституциялық Сотқа қатысты жағдай басқаша: осы мерейтойлық мақаланың «тоталитаризм-
нен демократияға және құқықтық мемлекетке» тақырыбында тұжырымдалғандай, құқықтық мемлекет
конституциясының табысты рецепциясының және оның мемлекеттің трансформациялық үрдісіне шын
енгізілуінің маңызды критерийі - конституциялық-құқықтық көзқарас тұрғысынан, ең алдымен, құқықты
іске асыру механизмдерінің тиімділігі (соттарға қолжетімдік кепілдігін іске асыру) және конституциялық
соттардың Конституцияны тиісті түсіндіруі болып табылады. Құқықтық мемлекет қағидаты сияқты,
толықтыруды талап ететін құқықтық қағидаттарды түсіндіруде де ерекше еркіндік қажет. Бұл негізгі
құқықтар саласына да қатысты [7, 927 ff. б.].
Соынмен бірге, заң әдебиетінде трансформациялық мемлекеттердің конституциялық соттары салы-
стырмалы құқықтанумен өте сирек айналысады немесе мүлдем айналыспайды деген сын да айтылады, ал
бұл конституцияны «бөтен» құқық тәртібінен рецепциялауға байланысты, қажетті болып табылады [7, с. 929
ff.]. Қалай болса да, бұл сынның Қазақстанға қатысы жоқ. Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесі салыстырмалы құқықтанудың, атап айтқанда, өте сезімтал сайлау саласындағы қиындықтарынан
қорықпайтынын, 2011 жылғы 31 қаңтардағы өз шешімінде сенімді дәлелдеді. [8, с. 116 ff.].
Мүмкін, сондықтан да, «Конституцияны сақтаушы» ретінде Конституциялық Кеңесті тағы да
күшейтіп, 1993 жылғы 28 қаңтардағы Конституция үлгісі бойынша тағы да мықты Конституциялық сот-
ты енгізу жайында ойлану қажет шығар. Еуропа Кеңесінің Венециандық комиссиясы, конституциялық
95
соттардың юрисдикциясы жаңа демократиялық конституциялық құрылысты бекіту үшін маңызды
фактор болатынына сүйенуге болады деп есептейді [9, с. 103]. Конституциялық Кеңес, осылайша,
Конституцияға және қоғамға қатысты өзінің тұрақтандыру әсерін күшейте алар еді.
Әкімшілік юрисдикция және оның біртұтас және сенімді әкімшілік практиканы дамытудағы рөлі
отандық саясаткерлер тарапынан ден қойдырады, бұны, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы
өкілдерінің IRZ ұйымдастырған 2010 жылғы 15-17 қарашадағы Киевте (Украинада) өткен «Әкімшілік
юрисдикция және әкімшілік құқық практикасы» атты конференцияға қатысуы күәландырады [10, 1007
(1008) б.]. Осы күнге дейін әкімшілік соттармен бақылау күн тәртібінен басым орындалып келген жоқ,
өйткені ең алдымен шаруашылық құқық, жеке құқық және қылмыстық іс жүргізу мәселелері қаралатын
болған. Бірақ бұл осындай көзқарастар ұмытылған немесе қабылданбаған дегенді білдірмейді.
Құқықтық мемлекет туралы сұхбаттың жариялылығы, қарқындылығы және реформаларға стратегиялық
бағытталғандығы, оның Қазақстан Республикасы институттарымен және оның басшы өкілдерімен –
атап айтқанда, Президент Әкімшілігімен, Конституциялық Кеңеспен және оның төрағасымен, сондай-ақ
Бас прокуратура аппаратымен жүргізілетіні және тереңдетілетіні – осы тақырыптар жақын арада күн
тәртібіне шығатынын куәландырады [11].
III. Қорытынды ескертпе
1995 жылғы үлгідегі Конституция және 1993 жылғы үлгідегі оның ізашары, сондай-ақ Қазақстан
Республикасындағы конституциялық даму трансформациялық үрдісті қамтамасыз етуге елеулі үлес
қосты. Сонымен бірге Конституцияның мәтініндегі ең басында айтарлықтай дәрежеде рецепцияланған
өзгерістерге қатысты сын, әрқашан орта азиялық кеңістіктегі қоғамның ерекшеліктерін және дәстүрлерін
есепке алуы тиіс. 1995 жылғы көлемді реформалар кезінде және бүгінгі таңда 20 жыл толатын Конститу-
цияда байқалатын қалыптасқан өзіндік дәстүрлерін сақтау, мемлекеттік құрылымдардың тұрақтылығын
және тиімді қалыптасу мен трансформациялық үрдісті қамтамасыз ету үәждемесі түсінікті де, дәлелді де.
Ең бастысы үстем құқықтық мемлекет қағидаты негізге алынып әрдайым толықтырылып отырды. Осы
қағидаттың тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыс күшеюде. Оның өкілдері әріптестермен құқықтық
мемлекет туралы сұхбатты жалғастырып жүрген Қазақстан Республикасының «өзіндік жолы» басқа мем-
лекеттер үшін алға қарай жетелейтін жарқын жұлдыз болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:
1. М.Хартвиг, Конституцияны рецепциялау жолымен Орталық және Шығыс Еуропада мемлекетті
заңдастыру: Шетел көпшілік құқық және халықаралық құқық журналы. 59 (1999).
2. Д.Миров/Ш. Хюльсхерстер, Құқықтың трансфері және әділеттің сыртқы саясатындағы
құқықтың трансформациясы: Неміс судьялар одағының газеті 2011.
3. М.Хартвиг ( 1 сілтеме).
4. О.Люхтерхандт, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы үлгідегі Конституциясы: Қазіргі
заманғы көпшілік құқық жылнамасы. Жаңа топтамасы т. 47 (1999).
5. М.Сарсембаев Қазақстан Республикасындағы парламенттік реформа: ЕҚЫҰ жылнамасы. 13 (2007), с. 125 ff.
6. О.Люхтерхандт (o. Fn. 4); М.Хартвиг (1сілтеме).
7. М.Хартвиг (1 сілтеме).
8. Р. Книпер/Й. Пуделька, Қазақстан Республикасы: Құқықтық мемлекет туралы табысты диалог
үлгісі: Шығыс Еуропадағы экономика және құқық 2011.
9. С.Рюльке Венециандық комиссия және конституциялық соттардың юрисдикциясы, 2003.
10. Ц.Штайнбайс-Винкельманн Әкімшілік юрисдикцияны құрған кездегі құқықтық және құрылымдық
мәселелер: Жаңа әкімшілік құқық журналы 2012.
11. И.Рогов IRZ қорының қазақ институттарымен ынтымақтастығы,: Ш. Хюльсхерстер/
Д.Миров (жауапты редактор), IRZ 20-жылдығына арналған мерейтойлық мақала, 2012, с. 439 f.;
И.Меркель, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы мен IRZ қоры арасындағы құқықтық
ынтымақтастығын ұйымдастыру және дамыту с. 441 f.
96
Ө
ткен ғасырдың 90-шы жылдары бұрынғы КСРО республикаларымен қабылданған Конституциялардың
осы елдердің тарихындағы рөлі ерекше. Олардың негізінде мемлекеттер аса ауқымды, шын мәнінде,
революциялық өзгерістерге толы қиын жылдардан қоғамды шайқамай және мемлекеттіліктен айырыл-
май өте алды. Шынында тарихи революцияны жасап, егемендікке ие болған елдердің саяси, экономикалық,
әлеуметтік тұтастығын қамтамасыз еткен құқықтық іргетасын біз нақ конституциялардан алдық.
Біздің конституциялар Ресей мен Қазақстанды егеменді демократиялық құқықтық мемлекеттер
ретінде заңдастырудың жоғары әмбебап нысаны болып табылады. Олар біздің елдеріміздің халықтың
құқық билігі аясындағы саяси қауымдастығы ретінде ұйымдастырылуының құқықтық негізі болып табы-
лады. Конституциялар жаңа мемлекеттіліктің бет жүзін белгілейтін негізгі құқықтық құндылықтардың
жүйелік заңды көрінісіне айналды.
Конституция, өз құқықтық жаратылысына байланысты, халықтың саяси-идеялық бірлігінің жалпыға бірдей
негізі болып табылады. Бұл идеологиялық және саяси (партиялық) плюрализм қағидатына қайшы емес. Кон-
ституция – бұл кеңестен кейінгі кеңістікте егемендікке ие болған елдердің қоғамдарын идеялық біріктірудің
партия үсті, топ үсті, этнос үсті жалпыға бірдей көзі. Біздің кеңестік патриотизміміз өз мәнінен –КСРО-дан
айырылған қиын кезеңдерде, осы елдердің конституциялық патриотизм идеясы аса маңызды болды.
Функционалды, құқықтық аспектіде Конституция — барлық құқықтық жүйенің негізі, қаңқасы.
Егер қаңқасы бұзылса, немесе біраз уақытқа болса да әлсіресе, барлық заң шығарушы жүйе әуеде ілініп
қалып, енжар, қолынан түк келмейтін, үйлесімсіз «ботқаға» айналады.
Конституция демократия, билік бөлінісі, адам мен азаматтың тумысынан жазылған және айырыл-
мас құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, құқықтық заң қағидаттарына негізделген қазіргі
Валерий ЗОРьКиН
–
Ресей Федерациясының
Конституциялық Сотының төрағасы,
Ресей Федерациясының еңбек
сіңірген заңгері, заң ғылымдарының
докторы, профессор
КЕҢЕСТЕН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ
МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛАРЫНЫҢ
ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ҚҰРУДАҒЫ ЖӘНЕ
ҚОҒАМДЫ БІРІКТІРУДЕГІ РӨЛІ
97
өркениетті мемлекеттің құқықтық негізін бекітеді. Сонымен мемлекет құқық аясына енгізілді. Ол заңға
сыйымды объект ретінде әрекет етуі тиіс.
Адам — саналы тіршілік иесі болғандықтан, ол құқықтық тіршілік иесі. Адамның тумысынан
жазылған және айырылмас құқықтары мен бостандықтары туралы ұғым осымен байланысты. Және
қазіргі конституциялық мемлекет – бұл құқықтық мемлекет, яғни, заңды теңдік және әділдік негізіндегі
егеменді билік аясындағы құқықтық одақ.
Құқық еркіндіктің нормасы (өлшемі) болып табылады. Солонның әйгілі нақыл сөзі бойынша «Ешнәрсе
шамадан тыс болмауы тиіс». Мемлекеттік өмірде билікті жүзеге асырған кезде құқықтан тыс, құқық үсті
ешнәрсе болмауы тиіс. Дәл осы негізде күш пен құқықтың қосылуы (құқықтың билігі және биліктің құқығы)
іске асырылады. Қаншама билік заңдастырылған болса, соншама ол құқыққа сүйенеді. Өз мәні бойынша ол
құқықтың оның әрекетіндегі көрінісі болып табылады. Бұл күштің озбырлығы емес, құқықтың күші. Либе-
ралды шаралар және мықты құқықтық тәртіп, конституционалдық заңдылық тәртібі – тек осындай жолмен
ғана табысты саяси-құқықтық жаңғыртуды жүргізуге және жаңа мемлекеттілікті нығайтуға болады.
Бұрынғы КСРО мемлекеттері үшін олардың экономикалық, аумақтық және геосаяси факторлармен,
сондай-ақ кең ауқымды әлеуметтік трансформация және түбегейлі реформалар жағдайымен байланысты
нақты–тарихи ерекшеліктерін ескере отырып, құқыққа негізделген және барабар ұйымдастырушылық–
құқықтық нысандарға құрылған мықты мемлекеттік билік қажет болды. Уақыт сын-қатерлеріне қарсы
тұра алатын берік және икемді билік болмаған жағдайда – ел хаосқа батады. Мықты және пәрменді
құқық жүйесі болмаған жағдайда — мемлекеттік билік озбырлыққа айналады, ал ел ыдырап кетеді.
Мемлекеттік биліктің міндеті – құқық үстемдігі шегінен шықпай, шиеліністерді (өзекті және әлеуетті) және
олардың артында тұрған қайшылықтарды жою. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі осыған арналған. Бірақ
өтпелі кезеңдерде біздің елдерімізде жүктеменің басым бөлігі Президентерге түсті. Президенттің мемлекет бас-
шысы және конституцияның кепілі ретіндегі міндеті – соттар мен заң шығарушы өз өкілеттіктері арқылы сол үшін
шараларды қолданатынына қарамастан, биліктердің өзара іс-қимылын және келісімін қамтамасыз ету.
Конституцияның президенттік өкілеттігіне ерекше көңіл бөлгені Ресейді мемлекеттік құлдыраудан
құтқарды. Қазақстандағы жағдай, сырттан қарағанда, соншама қатерлі болмаған сияқты. Бірақ
Қазақстан 1993 жылғы үлгідегі парламенттік Конституцияны 1995 жылғы шын мәнінде президенттік
Конституцияға ауыстырғаны – жеткілікті үлгі. Елдеріміздің халқы тәуекелдіктерді жете түсініп, оларға
тиісті конституциялық жауапты тапты. Кеңестен кейінгі кеңістіктің кейбір елдеріне осындай сәт түскен
жоқ, және оның салдарын біз қазір байқап отырмыз.
Әлем тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі және дағдарыс кезеңдерінде елдің және қоғамның бүтінтігін
және тұрақтылығын сақтау үшін аса мықты және белсенді атқарушы билік қажет. АҚШ демократиясы Ұлы
депрессиядан Президент Ф Рузвельттің өте авторитарлы «жаңа бағыты» арқылы шыққаны баршаға мәлім.
Францияда әлсіреген, нақты парламенттік Төртінші республика азаматтық соғысқа және мемлекеттің
құлдырауына таянғанда Ш. де Голль Бесінші республиканы құрды. Бесінші республиканың Конституция-
сы осы күнге дейін қолданыста. Және қазіргі уақытта Ш. де Голльге жамандық ойлағандардың көбі оның
Францияны азаматтық соғыстан құтқарғанын мойындайды.
Ал мінекей басқа тарихи мысал. Веймар Германиясы, парламенттік республика бола тұра, әлсіреген
кезде билікке Гитлерді жіберді. Кейбіреулер маған қарсы, бүгінгі ГФР – үлгілі және өркенді президенттік
емес, парламенттік республика дер. Бірақ шынында ГФР канцлер республикасының құқықтық тәртібі
(дегенмен, К. Аденауэр кезіндегі фашизмнен айыру жылдары ғана емес) кей жағынан президенттік ре-
спубликадан артады да. ГФР-де канцлер партиялық жүйесінің ерекшелігіне байланысты атқарушы билікті
жүзеге асырудан басқа, оның парламентте шешуші маңызы бар.
Мықты мемлекеттің қарсыластары мемлекет қоғамға қарсы шығып, қоғамдық мақсаттарды жүзеге
асыру құралынан өз-өзінің қамын ойлаушы нәрсеге айналып кетуі мүмкін дейді. Мұндай қатер бар, және
биліктің халықтан шеттеуін жібермес үшін бар күшті салу қажет. Бірақ, антагонизм қатері туралы осы
сөздің астары бұзу мақсатымен жасанды түрде құрылған халықты мемлекеттен шеттету болмасын.
Кеңестен кейінгі кеңістікте саяси билікті жүзеге асыру практикасының кейбір авторитарлы элементтері
құқықсыз өткен шақтан жаңа демократияларға өтпелі кезеңнің ерекшеліктерімен себептеледі. Олар
98
заңнамалық жүйеде бірізді нақтылануы тиіс құқық пен демократия императивтері көрсетілген Кон-
ституциямен мөлшерленеді және тежемеленеді. Және тұтас алғанда барлық осы ұйымдастырушылық-
құқықтық құрылым күрделі әлеуметтік практика талаптарына сай. Мәселе ол басқа конституциялық
құндылықтар мәнмәтінінімен қалай үйлесетінінде. Ол оларды шегіндіріп тастайды ма немесе әңгіме
парламенттік республика сияқты құқықтың үстемдігі, демократия, билік бөлінісі және саяси элитаның
ротациясы қағидаттарына негізделген басқару нысанында ма?
Абстракталы «оңтайлы құрылыс» жоқ. «Оңтайлы құрылыс» әрқашан және әр жерде нақты және
парламенттік республика немесе диктатура арасындағы жалған таңдаумен мүлдем сыйыспайды. Мемле-
кет – бұл тым күрделі жүйе. Ал оңтайлылық ұғымы одан гөрі жай жүйелер үшін де (мысалы, техникада)
оңтайландыру мақсаты мен оңтайландыру критерийлері арасында өте қиын және бір мағыналы емес таңдау
жасауды болжайды. Мақсаттар мен критерийлер бір – бір оңтайлылыққа. Мақсаттар мен критерийлер басқа
болса, оңтайлылық та мүлдем өзгеше болады. Бірақ дәл Конституция биліктің қоғаммен және әр жеке адам-
мен қатынастағы тәртібінің максимасы ретінде басқарушылық оңтайлылықа құқықтық масштабты береді.
Қазіргі елдердің құқықтық шаруашылығында Конституциядан артық құндылық жоқ (жазылған және
кодификацияланған конституциялары жоқ елдерде де, ол бәрі бір түрлі құқық көздерімен белгіленген
нормалар жүйесі ретінде бар). Барлық конституциялық ережелер кешенінсіз әлеуметтік өмірдің бір де
бір саласы дами алмайды. Ең алдымен бұл экономикаға және саясатқа қатысты. Экономикалық өмір өз
бетімен бола алмайды, ол әрқашан құқықтық экономика жүйесі (Конституция бойынша ол сондай болу
қажет) немесе, құқықтық емес, құқыққа қарсы экономика түрінде («көлеңкелі», «сұр», «қара» және
т.б.) болады. Саяси билік те құқықтық, конституциялық билік болуы тиіс. «Тұрақты билік формуласы»
ретінде Конституция нақты саясаттың, барлық саяси қызметтің шегін құрады. Немесе Конституция және
құқық тәртібі, немесе зорлық және озбырлық. Үшіншісі жоқ.
Қазіргі әлемдегі әлеуметтік ақиқаттың сипаты көбінесе дағдарысты. Бұл өте күрделі және өте
қарама-қайшы ақиқат. Осы ақиқатта билік, бір жағынан әлеуметтік және басқа институттардың нысан-
дары, және, екінші жағынан, осы институттардың мағыналық құрамы арасында көптеген үзілістер анық
байқалады. Нысаны мен мазмұны арасында, тиісті мен қолда бар арасында, тиісті ретінде құқық пен
саясаттың сан алуандығы арасында да үзілістер көп. Бірақ нақ осы ақиқатта бізге өмір сүруге, басқа,
одан жарқын, игілікті ақиқатты құруға тура келеді. Және осы ақиқаттың трансформациялық әсерінен тыс
бола алмағанына қарамастан, ең маңызды құқықтық институт ретінде дәл Конституция осы құрылыстың
негізі болып табылады.
Мемлекеттілік пен Конституция елдің халқымен бағасыз тартыспен жеткен табыс ретінде қабылданғаны
маңызды. Бағасыз - өйткені мемлекеттіліктен айырылған халық сан алуан апаттар ұйығына тап болады-
материалдық да, мәдени, рухани, адамгершілік те. Және ең ақырында құриды. Ал тартыспен жеткен табыс
–өйткені конституцияларға әкелген жол КСРО ыдырағаннан кейінгі қиын мемлекетсіздік жылдары ішінде
өткен.
Біздің елдерімізде мемлекеттіктің қалыптасқаны және қоғамның алуан түрлі көзқарастарға, саяси
біржақтылықа, діни көзқарастарына, ұлттық дәстүрлерге қарамастан, буынтықтанбағаны - көп жылдар
ішінде қол жеткізген тарихи нәтиже. Және, Конституция – қатып қалған мәтін емес және шаң басқан
манускрипт емес, тірі құжат екенін есте сақтап, осы нәтижені дамыту, растау, сақтап қалу, әрдайым
толықтырып отыру қажет. Ол үнемі өзгеріп жатқан әлемнің базалық нормативті негізін құрады және осы
әлемнің мәнмәтінінде қарастырылуы тиіс. Онда бекітілген жалпыға бірдей танылған теңдік пен әділдік,
демократия мен құқықтық мемлекет қағидаттары, іргелі құқықтар мен бостандықтар түсіндірілуі және
әр жаңа тарихи даму кезеңіне сай мол әлеуметтік мазмұнымен толықтырылуы тиіс.
Бұл XXI ғасырға тән жаһандық әлемдік қарама-қайшылықтар және өзгерістер аясында аса маңызды,
өйткені олардың мәнмәтінінде нақты мемлекеттік егемендікті әлемге ашықтықпен, ал берік және икемді
билікті – ажыратылмас адам құқықтары мен бостандықтарын сөзсіз құрметтеумен үйлестіру оңайға
тимейді. Нақ Конституция біздің елдерге жаһандық әлемге қадам басқанда, өз мемлекеттік егемендігін
және ұлттық мүдделерін бөтен мүдделермен және құқықтық аласапыранмен шайып жібермей, нақты
мемлекеттік субъектілікті сақтауға мүмкіндік береді.
|