«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқытудың рөлі мен мәнін төмендегідей кешенді міндеттермен байланыстыра қарастырды:
Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру;
Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру;
Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу;
Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау;
Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес)
1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні ол: А) Дүниежүзі тарихы
В) Орта Азия тарихы
С) Отан тарихы D) Еуразия тарихы
2. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнін жоғары оқу орындарында оқып-үйрену қалыптастырады: А) отансүйгіштікті
В) азаматтық ұстанымды
С) терең тарихи білімді
D)Барлық жауабы дұрыс 3. Қазақстанның қазіргі заман тарихы мына кезеңді қамтиды: А) VIII-XII ғасырлар аралығы
В) XV-XVII ғғ. аралығы
С) XVIII-XIX ғ. аяғы