«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәніне жалпы сипаттама



бет6/30
Дата24.04.2023
өлшемі265,48 Kb.
#86144
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Азаматтықсаяси қайшылықтар.

  1. Ресейдегі Қазан төңкерісі және оның Қазақстанның саяси өміріне ықпалы.

  2. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және тұтас Түркістан идеясы.

  3. Қырғыз (Қазақ) АКСР-дың құрылуы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:



  1. 1917 ж. Қазан төңкерісінің басты себебі бүкілресейлік әлеуметтік – экономикалық және мемлекеттік – саяси дағдарыс болды.

Ауылшаруашылығы I дүниежүзілік соғыс пен Уақытша үкімет
саясатының нәтижесінде құлдырады. Соғыс жылдарында мал басының саны азайып кетті, Мысалы, 1915-1918 жылдар аралығында бүкіл Түркістан өлкесінде мал саны 11 млн басқа қысқарды. Уақытша үкімет қазақ халқынан көп мөлшерде ет – май және басқа да мал шаруашылығы өнімдерін тартып алып тұрды. Қазақстанның дерлік барлық аймағында дәндік – дақылдар егісі едәуір қысқарып кетті. Десятинадан жиналған астық жылдан – жылға төмендеп кетті, ал 1917 жылы егін шықпай қалды.
Бүкіл Қазақстанда ашаршылық өзінің қаһарын тигізді, Петропавлда, Павлодарда, Жаркентте «аштық бүліктері» басталды. Нанның бағасы қатты шарықтады, басты қажеттілікке жарамды өнеркәсіп тауарлары да өте қымбаттады, рубль бағамы түсті, инфляция жайлап алды.
Революция алдындағы жағдай айтарлықтай деңгейде Ресей империясының шет тұстарында да наразылықтардың артуымен шиеленісіп жатты, оның ішінде Қазақстанда Уақытша үкіметтің демократиялық реформа жүргізе алмауына және ұлттың өзін – өзі шынайы билеуін жүзеге асыруға қабілетсіздігіне наразылықтар туындады.
Қазан революциясы бірнеше негізгі факторлардың өзара әрекеті нәтижесінде орнады:

  1. Уақытша үкіметтің демократиялық өзгерістер жасауға, елді экономикалық дағдарыстан алып шығуға, мерзімі жеткен ұлттық және аграрлық мәселелерді шешуге қабілетсіздігі, осының бәрі билікті босатуға алып келеді.

  2. Ең өзекті жер, нан, бибітшілік сынды өмірлік мәселелердің шешілуін талап еткен халық наразылығының екпіндеп дамуы;

  3. Халық сұрапылының күрестің саяси түріне айналуы;

  4. Халық қозғалыстарында большевиктер көсемдігінің нығаюы;

  5. Ресейдегі қоғамының дәстүрі мен саяси мәдеинетінің, демократияға дайын болмауы, салдарынан биліктің бостығы орын алды.

Қазан революциясы немесе большевиктердің басшысы В.И. Лениннің сипаттауынша «Қазан төңкерісі» 1917ж. қазанның 24- інен 25-іне қараған түні басталды. Революциялық күштердің барлығы ескі әлемге қарсы шықты. Қызыл гвардия отриядтарынан, революциялық гарнизоннан, Балтика матростарынан шамамен 200 мыңдай адам жиналды.
25 қазанда таңға жуық астананың барлық стратегиялық орталықтары – Нева көпірлері, орталық телефон станциясы, телеграф, электростанциялар, вокзалдар, банктер және т.б. көтерілісшілердің қолында болды.
Таңертең 25 қазанда (7 қарашада) Петроград кеңесінің әскери – революциялық комитетінің жиналысында В.И. Ленин үндеу жолдады, онда Уақытша үкіметтің құлатылғаны, мемлекеттікбиліктің жұмысшы, солдат және шаруа кеңестеріне көшетіні туралы жариялады.
Кеңес үкіметі тегін білім алу мен медициналық қызметті, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді, жұмысшылар мен қызметкерлерді сақтандыру туралы декрет шығарды; әлеуметтік топтар, шендер және атақтар жойылып, «Ресей Республикасының азаматтары» деген ортақ атау бекітілді. Ұждан бостандығы жарияланды; шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден бөлініп шықты. Әйелдер қоғамдық өмірдің барлық саласы бойынша ер азаматтармен тең құқыққа ие болды. Қазан төңкерісі кейінгі қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеметтік және рухани саласын түбегейлі қайта құруға, тарихтағы жаңа бағытқа алып келді. Бұл қоғам өміріндегі келесі өзгерістер арқылы көрініс тапты:

  1. «пролетариат диктатурасы» тоталитарлық режимнің құрылуы;

  2. Елді басқарудағы коммунистік партияның монополиясы;

  3. «ұлттардың өзін – өзі билеу құқы»;

  4. Қазақстан да Азаматтық соғысқа тартылды;

  5. Қазақстанда дәстүрлі қоғам бұзылды, қазақ халқының көшпенді тұрмысы қирады, отырықшылық өмірге күштеп жүгіндіре бастады.

Қазан төңкерісі және Кеңес үкіметінің алғашқы мемлекеттік актілері Қазақстанның саяси өміріне орасан зор ықпал еткенін төменнен көруге болады:

  1. қоғамдық – саяси өмірдегі жаңа өрлеу және саяси партиялар мен халықты өз қатарына тарту жөніндегі қозғалыстардың белсенділігі;

  2. ұлттық сана – сезімнің бұрын болмаған өрлеу;

  3. 1917 ж. қараша Құрылтай жиналысына сайлау өткізу;

  4. алғаш құрылған ұлттық партиялардың өз саяси бағыттарын әзірлеуі;

  5. ұлттық демократиялық интеллигенцияның ұлттық азаттық үшін және Қазақстан тәуелсіздігі үшін күресі;

  6. «Алаш» ұлттық автономиясы және Түркістан (Қоқан) автономиясы түріндегі алғашқы мемлекеттік құрлыстардың орнауы;

  7. 1917 ж. қазан мен 1917 ж. наурыз аралығында қазақ халқының мүддесі ескерілместен, Қазақстанның барлық территориясында кеңестік билік орнады;

  8. Кеңестер оппозициялық газеттердің шығаруға жаппай тыйым салды, мысалы, «Қазақ» газетінің басылуы рұқсат етілмеді;

  9. «контрреволюциямен» күресу үшін Бүкілресейлік төтенше комиссия органдары құрылды, бұл контрреволюцияға тілектес деп күдік астында болған үшін ғана бостандығынан айыру; тұтқындарды жаппай ату; тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын лагерьлерде «тап жауларын» изоляциялау; «қызыл террорды» орнату сияқты төтенше шараларды қолдану арқылы пролетариат диктатурасының орнауына алып келді.

  1. Түркістан (түркістан генерал – губерниясы) Ресей Орталық Азияны бағындырып алған соң өзінің құрамына Самарқан, Ферғана, Закаспий, Сырдария, және Жетісу облыстарын қосты (соңғы екі облыс Қазақстанға қарасты еді). Халықтың басым бөлігін қазақтар, қырғыздар, өзбектер, түрікмендер, тәжіктер құрады.

Билікке Уақытша үкімет келген уақытқа қарай Түркістан интеллигенциясы ортасында өлкенің болашақ құрылысына қатысты екі жол айқындалды. Біріншісіне сәйкес, Түркістан ажырамас біртұтас, дербес, құрамы бірнеше автономдық аймақтан тұратын мемлекет болуы қажет еді. Түркістан үкіметі басты міндеті ретінде өзінің өлшенген, саналы саясатының көмегімен өлкенің түркі халықтарын біріктіруді және біртұтас полиэтникалық мемлекет құруды санады. Бұл идея Мұстафа Шоқай мен оның пікірлестерінікі еді. Сонымен қатар олар осы өлкеде тұрып жатқан бүкіл түркі халқы біріккен жағдайда ғана Түркістан өзінің жоғалтып алған мемлекеттігін қалпына келтіре алады және оны сыртқы қатерден қорғай алады деді.
Қоқанда 1917ж. 26-29 қарашада өткен IV Төтенше өлкелік мұсылман съезі Түркістан (Қоқан) автономиясы – Мухтариаттың (автономия) құрылуын жариялады. Съезге Түркістанның 200 – ден астам мұсылман тұрғындары қатысты. Саяси билік съездің шешімі бойынша құрамында 54 адаммен Уақытша кеңестің қолына тапсырылды, олардың 11 – і Жетісу және Сырдария облыстарының өкілдері еді.
Қоқан автономиясы өлкедегі қалалар мен ауылдарда өткен мыңдаған митингілер мен ереуілдер арқылы қолдау тапты. 13 желтоқсанда осындай бейбіт демонстрациялардың бірі Ташкентте Қоқан автономиясына қолдау көрсету үшін өтті.
Автономды Түркістанның Уақытша үкіметінің төрағасы болып М.Тынышбаев сайланды. Премьер ретіндегі қызметтің қысқа тәжірибесі М.Тынышбаевты үкімет басшысы лауазымында отыруы орынсыз деп сендірді. Берік база болмады; автономияны жақтаушылар арасында келіспеушіліктер басталды. М.Тынышбаевтың Түркістан автономиясының басшысы лауазымынан бас тартуының маңызды себебінің бірі – Мухтариатқа бас биліктің қысым жасауы.
М. Шоқай М.Тынышбаев қызметтен кеткеннен кейін, қысқа уақыт билігі Қоқан мен уезд шамасымен ғана шектелетін үкіметті басқарды. Кеңес үкіметі Түркістан (Қоқан) автономиясының Уақытша үкіметіне талап қойды, оған Мустафа Шоқай бас тартып әрі кеңестердің билігін мойындаудан да бас тартатынын білдірді. Өзін – өзі жария еткен Түркістан автономиясын жою үшін Мәскеуден Түркістанға 11 эшелон әскер мен артиллерия келді.
1918 ж. 6 қаңтарда Қоқан автономиясын жақтаушылардың шағын отрядына әскери шабуылдар басталды. Мұсылман халқының больщевиктерімен ұрысы үш күнге созылды. Қырылған тұрғындардың нақты саны белгісіз, бірақ өте көп адам шығыны болды. Қала қиратылып, отқа оранды. Өз әскері болмаған Қоқан автономиясы больщевиктердің өздерінен басым күшіне қарсы тұра алмады және 64 күн өмір сүріп, 1918 жылғы 13 ақпанда талқандалды. Бұл талқандау Ресейдің Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметіне жылы шыраймен қарауының орнына, шындығында, көптеген онжылдықтарда жергілікті халықтың орыс революциясына, орталық және жергілікті Кеңес билігіне сенімін жойды. Кеңес тарихнамасы Кеңес билігінің Түркістанда орнатылуының тарихын бұрмалап ұсынды: Қоқанда жарияланған автономия, саналы түрде буржузиялық – ұлтшылдық, пантүркілік мемлекеттік құрлыс мақсаты Қоқан хандығын қалпына келтіру болып табылатындай қабылдады. Түркістанда Кеңес үкіметінің орнауына қарсы болған және басмашы ретінде танымал ұлт – азаттық қозғалыс әдейі қасақана бандитизм мен қарақшылыққа теңестірілді.
Түркістан (Қоқан) автономиясының талқандалуы және Мустафа Шоқайдың мәжбүрлі түрде басқа елге қоныс аударуы, негізінде, «Алаш» партиясының оңтүстік қанатының ыдырауына алып келді. Ал Жетісудың алаштық ұйымына келер болсақ, оның белсенділері Ибрагим Жайнақов, Отыншы Әлжанов, Төлебай Дүйсебаев және басқалары Кеңес билігін аймақта орнату кезінде Қытай жаққа өтіп кетті.

  1. 1920 жылы 26 тамызда М.И. Калинин мен В.И.Ленин БОАК (Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті) пен РКФСР (Ресей Кеңестік Федеративтік Социолистік Республикасы) ХКК- інің (Халық Комиссарлары Кеңесі) кеңестік федерациялық социалистік мемлекет РКФСР – дың құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын. Қырғыз (Қазақ) автономиялы кеңестік социалистік республикасын құру туралы декретіне қол қойды.1920 жылы 4-12 қазан аралығында Орынборда Қазақ АКСР – дың (Қазақ Автономиялы Кеңестік Социолистік Республикасы) жұмысшы, шаруа, казак және қызыл әскер депутаттарының Құрылтай съезі өтіп, оған Қазақстанның барлық облыстарынан 273 делегат және Алтай губерниясы қазақтарынан 6 делегат қатысты. Делегаттар құрамы 128 қазақ, 124 орыс, 18 басқа ұлт өкілдерінен, 179 коммунистен және олардың 4 жақтаушысынан тұрды. Коммунистердің ішінде қазақтар аз еді.

Ежелден қазақтың жері болып саналатын Сырдария мен Жетісу облыстары 1920 жылы құрылған Қазақ АКСР – дың құрамына енгізілмей, Түркістан құрамында қалды. Сырдария мен Жетісу облыстарын Қазақ АКСР – дың құрамына енгізу туралы мәселе сол кезде үлкен проблемалардың біріне айналды. Сонымен қатар Батыс Сібір құрамында болған Ақмола, Семей облыстарын Қазақ АКСР – дың құрамына қосу қиынға соққан болатын. Қазақ АКСР құрамында 31 қала мен 14 қала типтес поселке болды, елді мекендердің жалпы саны 10 мыңнан артық еді, олардың 1000 – нан астамы – әкімшілік ауылдар, әрқайсысында орта есеппен 3-15 шаруашылық кірді.
Қазақ АКСР – дың жаңа үкіметінің алғашқы міндеттерінің бірі Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіру болды. Ұлттық – терреториялық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР – дың бұрынғы Жеісу және Сырдария облыстарының көптеген жерлері Қазақ АКСР – дың қарамағына қарайтын болды.
Республиканың болашақ астанасы ретінде Ақтөбе, Ақмола, Шымкент,Әулиеата, Ақмешіт (Қызылорда) қалалары ұсынылды. Сөйтіп, 1925жылғы 9 ақпанда астана Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Бұл қаланы таңдауының себебі: біріншіден, Ақмешіт қазақ даласының ортасында орналасқан, екіншіден, Ташкент теміржолы Ақмешітті елдің барлық өлкелерімен байланыстырады, оның үстіне Ақмешіт Сырдарияның жағасында тұр. 1925 жылғы 15-19 сәуір күндері өткен Қазақстан кеңестерінің V съезі қазақ халқының тарихи есімінің патшалық билік тұсында бұрмаланып, «киргиз» атауын өзгертіп, оның тарихи шын атын «қазақ» деген атауды қалпына келтірді. Қырғыз АКСР – ын Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республика деп қайта атады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет