«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәніне жалпы сипаттама


Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы



бет8/30
Дата24.04.2023
өлшемі265,48 Kb.
#86144
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы.



  1. Қазақстан индустрияландыру жолдарында.

  2. Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру.

  3. Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары мен нәтижелері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:




  1. Индустрияландыру ірі өнеркәсіпті, ең алдымен, ауыр өнеркәсіпті құру мен дамыту, ірі өнеркәсіптік өндірісі негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру болып табылады. Қазақстандағы индустрияландыру шарасы өзінің мерзімі жағынан КСРО халық шаруашылығын дамыту ісінің бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.) сәйкес келді.

1925 жылы желтоқсанда партияның ХIV съезі өтіп, модернизациялау бағдарламасын әзірлеудің бастапқы нүктесін айқындап берді. Индустрияландыруға алынған бағыттың басты мәні:

  1. КСРО – ны машиналар мен жабдықтарды сырттан әкелуші елден машиналар мен жабдықтарды өндіруші елге айналдыру;

  2. КСРО «социалистік жолмен құрылып жатқан дербес экономикалық бірлік болуы үшін» экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу болды.

Социалистік ндустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан ірі машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен, ауыр индустрияны, бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруға бағытталды. Аталған мерзімде КСРО – дағы индустрияландыруды жүзеге асырудың өзіндік қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай елдегі бұған дейін орын алған революциялар мен азамат соғысының зардаптары жойылып, халық шаруашылығын қалпына келтіру біршама аяқталды және кеңестік экономика соғысқа дейінгі көрсеткішіне жетіп үлгерді. Соған орай елдегі өнеркәсіптік өндірісті дамытуды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау және олардан жаңа заманға лайық кәсіпорындарды құру қажеттілігі туды. Екіншіден, елдің экономикалық жағдайын тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті қарастырылды. Халық шаруашылығы бұрынғыша аграрлы, шаруашылық даму сатысында болды. Халық көп шоғырланған елі мекендер мен қалаларда жұмыссыздық өсіп, әлеуметтік шиеленіс күшейді. Бұл үдерістер индустрияландыру саясатын жеделдету қажеттілігін нақтылап берді.
Қазақ өлкесіндегі индустрияландыру үдерісінің басқару жүйесі әміршіл – әкімшілік басқару жүйесі әдісінің енгізілуімен байланысты жүрді. 1925 – 1933 жылдар арасында өлке билігін қолына алған Ф.И.Голощекин капиталистік емес даму жағдайындағы социолизмнің теоретигі рөлін атқаруға тырысып бақты және Сталиннің қатал бағытын жақтап, аймақтық көсемшілдік идеясын ұсынды.
1926 ж. 27 – 30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зеттелмеген аймақтардағы қазба балықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Қазақ АКСР – дың Халық шаруашылығы кеңесі мен Мемлекеттік жоспарлау комитетіне республиканы өнеркәсіптік аудандастыру мен өнеркәсіптің, ең алдымен, түсті металлургия дамуының болашақ жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте, сондай – ақ Қазақ АКСР –ы жағдайында, әсіресе «жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті өнеркәсіпті кең түрде өрістету» өмірлік қажеттілік ретінде атап көрсетілді. Осы негізде өңдеу өнеркәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты салаларының даму жолдары айқындалды. Бұл тұста да патшалық империяның кезеңіндей басты назар тау – кен ісі мен өңдеу өнеркәсібіне аударылды. Республиканың пайдалы қазбалар мен ауылшаруашылығы өнімдерін орталықтағы ірі кәсіпорындар үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл Қазақстандағы индустрияландырудың аймақты шикізат көзі ретінде орталыққа қызмет еткізу бағытында басталғанын көрсетеді.
Индустрияландыру жоспарын жүзеге асырудың нақты жолдарын талдау Қазақстанның жергілікті басшылары: С. Асфендияров, С. Садуақасов, Ж. Мыңбаев, С. Қожанов, Ж. Сұлтанбеков арасында өткір пікірталас туғызды. Алайда Ф. Голощекин және оның жақтастары бұл пікірлерді негізсіз деп тауып, жергілікті басшылардың әрекетін ұлтшылдықтың көрінісі деп есептеп, индустрияландыруды саналы түрде тежеуші ретінде бағалады.

  1. Кеңестік индустрияландыру саясатының алғашқы нысаны теміржол құрлысын салумен 1927 жылы Түркістан – Сібір теміржол магистралының құрлысы басталды. Бұл теміржол құрлысы еліміздің тарихында ерекше орын алып, ол еңбек ерлігінің үздік үлгісі ретінде көрініс берді. Жол құрылысын жүргізу жұмыстарына 100 мыңдай адам жұмылдырылып, орыс, қазақ, украин, қырғыз, татар, дүнген, башқұрттар аянбай еңбек етті. Он мыңға жуық қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрлысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгеріп шықты.

Түркістан – Сібір теміржолын салуда В.С. Шатов – құрлыс бастығы; Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Н. Нұрмақанов – Түрксібке жәрдемдесу комитетінің басшысы; РКФСР Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы болды. Т. Рысқұлов пен М. Тынышбаев комитет жұмысы бойынша магистраль құрлысының табысты жүргізілуіне ықпал еткен көптеген шешімдердің қабылдауына араласты. Ал М. Тынышбаев есімі теміржол құрлысын салу мен пайдалануға беру жөнінен өзінің білгір маман екендігін көрсетті.
Түрксіб теміржолының құрлысына 200 млн сом қаржы бөлінді, оның ұзындығы 266,5 шақырым болатын учаскелерінің бірі – Жетісу жолына тәулігіне 1500 метр жол төселіп, 7 айда салынды. 1930 жылғы 28 сәуірде солтүстік және оңтүстік учаскелер Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды. 1931 жылы қаңтар Түрксіб теміржолы тұрақты пайдалануға берілді. 1939 жылы Қазақстаннан шикізат тасмалдау үшін Ақмола – Қарағанды, Елек – Орал, ал 1940 жылы Қарағанды – Жезқазған жолдары салынды. 1928 – 1940 жылдары республиканың теміржол желісі 50 пайызға өсіп, 1658 шақырымға дейін жетті.
1931 -1938 жылдары Қоңырат кенінің негізіде Балқаш мыс балқыту комбинаты салынып, түсті метталургия Қазақстанның ауыр индустриясының жетекші саласына айналды. Ал екінші бесжылдық қарсаңында іске қосылған М.И. Калинин атындағы Шымкент қорғасын зауыты жыл сайын еңбек өнімділігі артып, озық кәсіпорын қатарына қосылды. 1938 жылы Текелі қорғасын – мырыш комбинатының құрлысы басталды, 1939 жылы Өскемен қорғасын – мырыш комбинатының құрлысы қолға алынды.
Қазақстан 20 – жылдардың аяғы мен 30 – жылдары, өте қысқа мерзімге аграрлы елден индустриялы елге айналды. Мысалы, мұнай өндіру 1928 – 1940 жылдары 3 есеге артса, Қазақстанда 5,9 есеге артқан; көмір өндіру Одақ бойынша 5,7 есеге артса, Қазақстанда ол 77,4 есеге артқан; электр қуатын өндіру Одақ көлемінде 23,7 есеге артса, Қазақстанда 486 есеге артқан, яғни одақтық көлемнен 20 еседен артық болған; темір жолдар салу Одақ бойынша 1,4 есеге, ал Қазақстанда 3,1 есеге артқан.
Отандық көлемде жүргізілген индустрияландыру саясаты өз кезегінде Қазақстан өнеркәсібі, құрлвс саласы мен көлік қатынастарын дамытуға негіз қалады. Алайда барлығы тек орталықтан басқарылып, ел экономикасы Одақ үшін тау – кен шикізатының көптеген түрлері даярлап беруші база ретінде қала берді.

  1. Қазақстанда индустрияландыру әміршіл – әкімшіл басқару жүйесінің әдістерімен, орталықтың тікелей талаптары арқылы жүзеге асырылды. Республика халқының ежелден келе жатқан, қалыптасқан тұрмыс – салтын күштеп күйрету, халықтық дәстүрлеріне тыйым салу, қарапайым бұқараны қайыршыландыру мен аштыққа ұшырату - индустрияландыру саласының негізіне айналды.

Ф. Голощекин КСРО – да индустрияны шетелдік капиталсыз дамыту үшін мынандай жолдарды ұсынды:
1) капиталистік элементтер табысының бір бөлігін тартып алу;
2) азаматтардың жекеменшік жинаған ақшаларын жинақтау кассалары, несие мекемелері арқылы пайдалану;
3) өнеркәсіптен, мемлекеттік (ішкі және сыртқы) саудадан түскенпайданы және бүкіл несие жүйесін мемлекет қолында шоғырландыру;
4) еңбек өнімділігін арттыру, яғни басынан жұмысшылар мен мамандардың ауыр, арзан еңбегін пайдалану көзделді.
Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орындары салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркәсіп өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты, оның жетекші салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауылшаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республиканы индустрияландыру тек шикізаттық бағытта болды.
Осындай сипатта жүргізілген өлкені индустрияландыру саясатының қазақ халқы үшін тигізген салдары да көп болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық дәстүрі толығымен өзгеріске түсті, өнеркәсіп саласына Орталық үкімет тарапынан қызығушылық танылды және ол қарқынды дамыды, ауылшаруашылығы өнімдеріне қарағанда өнеркәсіп өнімдері үлесінің көбеюіне алып келді. Екіншіден, қала халқының саны артуымен ерекшеленді. Республикада халық санының артуына, соған орай қалалардың урбанизациялануы мен күшеюіне алып келді. Үшіншіден, көші – қон үрдісінің салдарынан демографиялық өзгерістер болды, яғни республика көп ұлтты елге айналды. Төртіншіден, индустрияландыру саясаты республика аймақтарындағы ұлтаралық қарым – қатынастарды шиеленістірді. Оның себебі Орталықтан әкелінген еуропалық ұлт өкілдерінен шыққан партия, кеңес қызметкерлері мен жұмысшылар қазақ қызметкерлері мен жұмысшыларына өзімшілдік танытып бақты, тіпті, кейбір жұмыстарды атқару барысында оларды төмендетіп отыруға жол берді. Кеңес үкіметі, сонымен қатар ірі өндіріс орындарының басшылығына жергілікті ұлт өкілдерін жібермеуге тырысты және олар орталық үкіметтің нұсқауын бұлжытпай орындайтын адамдар қатарына таңдан алып отырды.
Қорыта айтқанда, большевиктер индустрияландыру саясатын жүзеге асыру нәтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне толық өзгеріс әкелді. Бұрынғы кезеңде жетекші орында болған ауылшаруашылығы, әсіресе көшпенді мал шаруашылығы және оның өнімдерін әрі қарай дамытылмай, үлкен дағдарысқа ұшырады. Большевиктік саяси басқару жүйесі өлкенің экономикалық дамуының бағытын өзгертті, халық шаруашылығының жетекші саласы етіп мал шаруашылығы емес, негізінен, өнеркәсіп өндірісін белгіледі және оның даму қарқынына үлкен күш салды.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет