Қазақстанның егемендi ел болуымен байланысты оқу-ағарту iсiнде оның басшылыққа алатын негiзгi идеялық бағыты Елбасымыз Н.Ә



бет17/61
Дата14.09.2023
өлшемі333,24 Kb.
#107822
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61
Бақылау сұрақтары:
1.Отбасында қандай тәрбие түрлерi жүзеге асырылады?
2.Қазақ отбасында тәрбиенiң қандай түрлерi жүргiзiлген?
3.Бала тәрбиелеу iсi ғылым ба, әлде өнер ме?
4.Отбасындағы тәрбие түрлерiнiң өзара байланысын неден көруге болады?
Негізгі әдебиеттер:
1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.
2.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.
3.Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: “Ғылым” 1973 ж. Әлеуметтiк-этикалық трактаттар. – Алматы: “Ғылым” 1975 ж.
4. Ақ сандық, көк сандық. – Алматы: “Жалын” 1990 ж.
5.Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: “Жазушы” 1989 ж. Психология. А; “Рауан” 1995 ж.
6.Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi. - Алматы; 1993 ж.


Қосымша танысуға арналған әдебиеттер:
1.Төреқұлов Н. Сүйiншiден көңiл айтуға дейiн. – Алматы: “Қазақстан” 1998 ж.
2.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиетi. - Алматы; ҚМОП баспасы. 1958 ж.


Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) үшін берілген тапсырмалар
1. Ұлттық психикалық құрылым мен ұлт мәдениетi.
2. Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелiгi.
3. Ұлттық дәстүрлердің ұлттық психологиядан көрiнiс табуы.
4. Ұлттық сезiм дегенiмiз — адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тiлiне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйiспеншiлiктi бiлдiруi.


Рефераттық тақырыптар

  1. Ұлттық психологияның ерекшеліктері және оның қоғамдағы рөлі.

  2. Ұлттық тағам даярлаудың маңызы.

  3. Ұлттық сезімнің қазіргі кездегі зерттелу жәйі.

  4. Егемендік және халық педагогикасы.

3.4. Қазақ этнопедагогикасының өзiндiк ерекшелiктерi.




Жоспар:
1. Әр ұлттың өзiне тән тiршiлiк кәсiбi, тарихы мен мәдениетi.
2. Халық педагогикасының негiзгi мақсаты.
3. Қазақтың ұлттық философиясының тағы бiр гносеологиялық танымдық ерекшелiгi.
Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерiнiң сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, ұлттың өзiндiк салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн туғызды. Көшпелi халық өзi өмiр сұрген қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жағдайына, мәдениетiне, тарихына орайлас жас буынға тәлiм-тәрбие берудiң айрықша талап-тiлектерiн дұниеге әкелдi. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемi белгiлендi, оның мәнi “сегiз қырлы, бiр сырлы” шынайы, отаншыл, азамат тәрбиелеу едi. Мiне, осы қағида сан ғасырлық дала тұрғынадарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар көшпелi мал шаруашылығын жете игеру, еңбек сүйгiштiк, қиыншылыққа төзе бiлу, ел намысын қорғау, жаудан бетi қайтпау, ата тегiн жадында сақтау, сөз асылын қадiрлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкендi, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың меселiн қайтармау, көршi хақын жемеу, қайырымды, iзгi жүректi, бауырмал болу т. б.). Осындай қоғамдық қатынастарды кiшкентайынан көрiп-бiлiп өскен адамдарда мүдделестiк, өмiрге көзқарастың сәйкестiгi кiсiлiк қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкiндiк қалдырмаған, психологиялық жағынан “бiрауызды қауымдасқан жандар” үнемi өзiнiң рулық одағына етене сiңiскен салттар мен дәстүрлердi ұстанды. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетiнiң сипатын айқындайтын факторлар болды.
Әр ұлттың өзiне тән тiршiлiк кәсiбi, тарихы мен мәдениетi бар. Ол мәдениет сөйлеу тiлiнен, ойлау жүйесiнен айқын көрiнiс табады. Сондай-ақ, ұлттық мәдени ерекшелiк сол халықтың өмiр сүру тәсiлiнен, дiни-наным сенiмiнен, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрiнен өзектi орын алады.
Осы тұрғыдан қарағанда, ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай бiлу, дарқан көңiл, ақжарқындық пен адалдық, досқа деген мейiрiмдiлiк қазақ халқының бойына туа бiткен ұлттық психологиялық ерекшелiк қасиетi, философиялық ойлау жүйесiнiң негiзi демекпiз.
Ол жөнiнде орыс офицерi А. Левшин өзiнiң “қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” (1832) атты кiтабында: “...Деспотизмдi көп көрмеген қырғыздар (қазақтар — С.Қ.) басқа Азия халықтарына қарағанда аңғал да ақкөңiл, сенгiш... қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға, аксақалдарға құрмет көрсету — олардың ең жақсы қасиетi. Қырғыз үшiн меймандостық — қастерлi заң. Олар бар дәмдi асын қонақтарға тосуды заң деп санайды” (53, 69), — деп, қазақтардың кiшiпейiлдiлiгiн, меймандостығын, қайырымдылығын, сенгiштiгiн сүйсiне паш етедi.
Қазақ халқының ұлттық даралығы ой толғаныс қазынасында (ұлттық психологиясында) ұрпақ тәрбиелеу тәсiлдерi (этнопедагогика) мен салт-дәстүр ерекшелiгiнде (этнографиясында) деп бiлемiз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет