Қазақстанның Ғылымы мен өмірі халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Бір жылда 6 рет жарық көреді Құрылтайшы: «ҚҰҚЫҚТЫҚ миссия»



Pdf көрінісі
бет29/43
Дата03.03.2017
өлшемі5,5 Mb.
#5910
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43

 
 
References 
 
1. Webster N. An American dictionary of the English 
language. - 1828. 
2. Saussure F.D. A professionally-oriented education. 
- M., 1999.- p. 17-19. 
3. N.Khomskiy. Language and thought. - M., 1972. 
4.  Khutorskoy  A.V.  The  educational  concept  of 
school - "Didactic heuristics" Teaching // databank. - 1995 // 
http://edu.redline.ru:0/data/1207.txt. 
5. Key competences for lifelong learning: a European 
reference  frame.  Recommendation  of  the  European  Parlia-
ment. - Strasbourg; France, 2006, December. - 18 sec. 
6.  State  program  of  development  and  functioning  of 
languages  in  the  Republic  of  Kazakhstan  for  2011-2020.  - 
Astana, 2011. 
7.  Zimneya  I.A.  Key  competencies  -  the  result  of  a 
new paradigm of modern education. - M., 1989. - p.19. 
8.  Kondakov  N.I.  logical  dictionary  catalog.  -  M  .: 
Nauka, 1975. - p.17. 
9. Smolyaninova O.G. Formation of information and 
communicative competence of the future teacher on the basis 
of  multimedia technologies // Computer Science and Educa-
tion. - 2002. - № 9. - p. 5-8. 
10.  Choshanov  M.A.  Didactic  designing  flexible 
learning technologies // Pedagogy. - 1997.- №2. - p. 18. 
 
 
 
 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
161 
 
 
 
 
 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
162 
 
 
Қалыбаева Қ.С.,  ф. ғ. д., профессор, Нұрбек М.А., PhD доктор
ант 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,  Алматы қ., Қазақстан 
 
ӨЗБЕК ТІЛІНІҢ ТҰРМЫСТЫҚ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ ИРАНИЗМДЕР 
 
Түйін.  Бұл  мақалада  өзбек  тілінің  тұрмыстық  лексикасындағы  иран  тілінен  енген  кірме  сөздер 
қарастырылады. Мұндағы ирандық кірме сөздер сандық көрсеткіш арқылы нақты көрсетіледі. Иранизмдер 
түркі  тілдерінің  фонетикалық  және  грамматикалық  құрылымына  сәйкес  едәуір  фонетикалық  және 
семантикалық түрленуге ұшырап енеді. 
Резюме. В статье рассматриваются заимствованные из иранского языка слова в бытовой лексике узбекского 
языка.  В  работе  приводится  точное  количество  иранских  заимствований.  Иранизмы  в  соответствии  с 
фонетическим  и  грамматическим  строем  тюркских  языков  подверглись  фонетическим  и  семантическим 
изменениям в узбекском языке.  
Summary. The article touches upon the borrowed words from Iranian language in social sphere of Uzbek language. 
There are given statistics of Iranian borrowed words in this sphere. Iranisme have been borrowed in to the Turkic 
language  through  changes  of  phonetic  and  grammatic  structure  and  divergencies  in  their  phonetic  and  semantic 
forms. 
 
Өзбек  тілі  –  өзінің  дамуы  барысында  өз 
жүйесіндегі  тілдермен  ғана  емес,  сондай-ақ  өзге 
жүйелердің  тілдерімен  байланысқа  түскен  түркі 
тобындағы  тілдердің  бірі.  Сондықтан өзбек тілінің 
кірме  қабаты  сөздердің  көптігімен  және  олардың 
әралуандығымен ерекшеленеді. 
Қазіргі  өзбек  тілінің  тұрмыстық  лексикасын 
құрайтын  қабаттардың  бірі  ирандық  қабат  болып 
табылады.  Иранизмдер  өзбек  тілінің  сөздің 
құрамына терең әрі мықты тамыр жайған.  
Шығу тегі ирандық сөздерді негізінен анықтау 
қиын  емес  –  оларды  фонетикалық  ерекшеліктері, 
өзіне  тән  морфологиялық  құрылымы  бойынша 
анықтауға  болады.  Сонда  да  болса,  кейде  тіпті 
күрделі  әрі  талас  тудыратын  жәйттар  да  кездесіп 
қалады. 
Иран  тілдері  де  өзінің  сөздігінің  этимология-
лық  құрамы  бойынша  әралуан  болып  келеді. 
Оларда  кірме  лексикалар  көп,  бұл  жайында 
иранистер  көп  жазған,  алайда  «түркологияда  да, 
иранистикада  да  осы  күндері  қандай  да  бір  сөздің 
шығу тегі жайлы талас тудырар мәселелерді шешу 
кезінде  сенімді  түрде  сүйенуге  болатын  мықты 
анықтамалық құрал жоқ» [1, 9]. 
Қазіргі 
түркологияда 
әртүрлі 
түркі 
тілдеріндегі  ирандық  кірме  сөздерге  арналған 
еңбектер  аз  емес  (қараңыз  Боровков,  1952; 
Рустемов,  1963;  Джафаров,  1971;  Насыров,  1972; 
Меметов, 1974, 9). 
Тарихшылар 
түркі 
тайпаларының 
соғдылармен  тығыз  қарым-қатынастары  жайында 
куәлік  береді.  А.Ю.  Якубовский  Зарафшан  және 
Қашқадария 
алқаптарында 
«халық 
негізінен 
соғдылардан тұрды, соғды тілінде сөйледі, әйтсе де 
олар түріктердің ықпалына ұшырап отырған, бұған, 
әрине, 
бейбіт 
қарым-қатынастардан 
өзге 
түркілердің  әскери  жорықтары  да  өз  септігін 
тигізген.  VII  ғасырдың  соңы  мен  VIII  ғасырдың 
басында шығыс түріктер Соғды еліне екі рет баса-
көктеп  кірген»  [2,  19].  Ал  одан  ертеректе,  «588 
жылы  түріктердің  билеушісі  Қара  Жұрын  қаған 
хазарлар  мен  Византияның  көмегімен  Иранға 
қарсы  күресті  бастады»  [3,  168].  Міне  осылайша, 
түркі-иран  қарым-қатынасы  түркі  тілдерінің 
дамуының  сонау  ерте  кезеңінде-ақ  басталған  деп 
болжауға болады. 
Шығу  тегі  ирандық  көне  кірме  сөздер  қазіргі 
өзбек  тілі  сөздігінің  ажырамас  бөлігіне  айналған, 
мұнда  ирандық  кірме  сөздерден  тұратын  көптеген 
мақалдар мен мәтелдер бар. 
Жоғарыда  біз  атап  көрсеткеніміздей  –  VII  – 
VIII 
ғғ 
– 
бұл 
арабтардың 
жаулап 
алу 
жорықтарының басталуы болатын. Исламмен бірге 
арабтар  өз  тілін  де  енгізген.  Алайда  араб  тілі 
дінбасылар  мен  ақсүйектердің  тілі  болатын, 
сондықтан  IX  ғасырдан  бастап  араб  тілі  Орта 
Азияда мемлекеттік іс жүргізу мен әдебиетте бірте-
бірте парсы тіліне орын бере бастайды. Бұл кезеңде 
«тіпті шығу тегі түркістандық авторлардың өзі араб 
немесе  жалпыпарсы  әдеби  тілінде  жазды»  деп 
Бартольд өз еңбегінде атап көрсетті [4, 95]. 
XV-XVII 
ғасырлар 
кезеңі, 
осы 
заман 
ақындары мен ойшылдарының өз туындыларын екі 
әдеби 
тілде 
– 
араб 
және 
иран 
тілінде 
жазғандығымен 
ерекшеленеді. 
Алайда 
сол 
уақыттың  өзінде,  иран-түркі  қос  тілінің  өмір  сүруі 
жағдайында олар өз шығармаларын түркі тілдеріне 
аударуға көбірек көңіл бөле бастайды. 
Түркі  тілдерінің  даму  тарихында  ирандық 
кірме сөздердің енуінің екі жолын бөліп көрсетуге 
болады:  бұл,  біріншіден  тікелей  сөйлесу  жолы, 
яғни  түркі  тілдері  мен  иран  тілдерінің  жақын  әрі 
тұрақты  байланыстарының  нәтижесі.  Бұл  ой 
иранизмдер  түркі  тілдерінің  фонетикалық  және 
грамматикалық 
құрылымына 
сәйкес 
едәуір 
фонетикалық 
және 
семантикалық 
түрленуге 
ұшырағандығымен расталады.  
Кірудің екінші жолы – жазбаша дерек көздері. 
Бұл  ең  бастысы  парсы  тілі  бірнеше  ғасыр  бойы 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
163 
 
 
бірқатар 
түркі 
халықтарының 
әдеби 
тілі 
болғандығымен байланысты. 
XIV-XV  ғғ.  алдыңғы  қатарлы  ақындары  мен 
ойшылдары  өз  шығармаларын  түркі  тілдеріне 
аудара  бастады,  алайда  аударма  барысында 
кейіннен  түркі  тілдерінде,  дәлірек  айтқанда  өзбек 
тілінде  берік  орнығып  қалған  көптеген  парсы 
сөздері  сақталып  қалды.  Өзбектің  әдеби  тілінің 
негізін қалаушы Әлішер Науаи болып табылады. 
Лексиканың тұрмыстық қабаты  – адамдардың 
қоғамдық  өмір-салтындағы,  олардың  күнделікті 
өмірлеріндегі  өзгерістерге  орай  көбірек  әрекет 
ететін  сөздіктің  бөлігі.  Түркі  тілдес  халықтар  мен 
иран  тілдес  халықтардың  тығыз  әрі  ұзаққа 
созылған  байланыстары  қос  тілдің  дәл  осы 
тұрмыстық  лексикасында  өз  ізін  қалдырды,  себебі 
тұрмыстық  лексика  тілге,  тікелей  сөйлесудің 
барысында, негізінен, ауызша жолмен енеді.  
Сондықтан  сандық  тұрғыдан  ирандық  қабат 
көне  түркілік  қабаттан  кейін  бірінші  орында 
тұрады: 
қазіргі 
өзбек 
тілінің 
тұрмыстық 
лексикасында 
иранизмдер 
шамамен 
27,9% 
құрайды.  
Иран  сөздерінің  ең  көбі  «асхана  керек-
жарақтары  атаулары»  ЛСТ-да  (119  сөздің  33-і) 
(27,7%).  Бұл,  иран  және  түркі  халықтарының 
арасындағы 
ең 
жақын 
қарым-қатынастар 
түркілердің отырықшы өмір салтына көшкен кезде 
орнағандығымен  байланысты  болып  отыр,  осыған 
орай  асхана  керек-жарақтары  заттарының  саны 
арта түскен. 
«Үй  бөлмелерінің  атаулары»  ЛСТ-да  (68 
сөздің 17-і) – 16,6%; «көрпе-төсектердің атаулары» 
ЛСТ  мен  «үйдегі  мата  бұйымдарының  атаулары» 
ЛСТ-да  тиісінше  (25  және  27  сөздің  13-і)  -  52% 
және 48,1%; «үйдегі әртүрлі ұсақ-түйек заттарының 
атаулары»  ЛСТ-да  (33  сөздің  –  11-і)  –  33,3%; 
«үйдегі  еңбек  құралдары  атаулары»  ЛСТ-да  (33 
сөздің  7-і)  –  21,3%;  «жиһаз  заттарының  атаулары» 
ЛСТ-да  (34  сөздің  5-і)  –  14,7%;  «қолөнерге 
арналған  керек-жарақтардың  атаулары»  мен 
«жалпылама атаулар»  ЛСТ-да (тиісінше 13 сөз бен 
19 сөзден 4-і) – тиісінше 30,8% және 21%; «тазалық 
заттарының  атаулары»  ЛСТ-да  (11  сөздің  3-і)  – 
27,3%;  «жылу  беретін  және  салқындатушы 
құрылғылар  атаулары»  және  «жарық  беруші 
құрылғылардың  атаулары»  ЛСТ-да  (тиісінше  9 
және  11  сөзден  1-і)  –  тиісінше  11,1%  және  9,1%; 
«байланыс  пен  ақпаратқа  арналған  аспаптар 
атаулары»  ЛСТ-да  кірме  иран  сөздері  жоқ,  себебі 
сөздердің  бұл  тобы  өздерінің  шығу  тегі  бойынша 
қазіргі заманғы сөздер болып табылады.  
Фонетикалық  тұрғыда  ирандық  кірме  сөздер 
өзгеріске көп ұшырамаған, себебі бұл салада өзбек 
тілі  мен  иран  тілдерінің  ортақ  тұстары  көп,  өзбек 
тілінде  оған  тіпті  өзгеріссіз  кірген  иран  сөздері 
баршылық.  Мәселен:  қат  парсының 

ت   [кат] 
сөзінен; лаган ﻦﮓﻝ [лаган] сөзінен шыққан. 
Сөздердің  басқа  бір  бөлігі  болмашы  ғана 
өзгерістерге  ұшыраған.  Мысалы  дастмол  парсы 
тілінде 
ﺴﺪ
ﻞﺎﻣﺘ  > [дастмал] деп айтылады, яғни соңғы 
буындағы  дауысты  дыбыс  өзгерді.  Мұндай 
мысалдар аз емес. Түркі тілдерінде жоқ [ф] фонемі 
соңғыларында  оған  сапасы  бойынша  жақын 
фонемдермен беріледі, мәселен ﻒﻻﺎﮎ [калаф] өзбек 
тілінде [калава] деп айтылады; парс.  кафгир – өзб. 
капгир  және  т.с.с.  Кіруі  кезінде  ирандық  бірліктер 
едәуір  семантикалық  түрленуге  ұшырады,  бұл  үш 
бағытта  -  семантиканың  тарылуы,  кеңеюі  және 
ауысуы (өзгеру) бағытында байқалды [4, 96-97].  
Ирандық  тілдер  тобынан  біз  материалдарды 
олардың  екеуінен  –  парсы  және  тәжік  тілінен 
аламыз,  себебі,  біздің  пікіріміз  бойынша  өзбек 
тіліндегі иранизмдер осы екеуінен енген. 
Семантиканың  тарылуы.    Дастмол.  Парсы 
тілінде  ﻞ  ﺎﻣﺘﺴﺪ  >  [дастмал]  «қол  орамал,  майлық» 
дегенді  білдіреді  [5,  І,  638а];  тәжік  тілінде  бұл 
сөздің  үш  мағынасы  бар  1)  «ыдысты  сүртуге 
арналған  шүберек,  асхана  сүлгісі,  майлық»;  2) 
«жазу, 
тегістеу, 
илеу 
(жүннен 
жасалған 
бұйымдарды  оларды  илеу  кезінде  өңдеу)»;  3) 
«қолмен бір нәрсені жазу, сипау, сипалау» [6, 122]. 
Өзбек  тілінде  дастмол  «ыдысты  сүртуге  арналған 
шүберек, асхана сүлгісі, майлық». Егер де сөз тәжік 
тілінен енген деп жорамалдайтын болсақ, онда енуі 
кезінде мағына тарыла түскен. 
Чорпоя.  Парсыша ﻪﯿ ﺎﭙﺭﺎﮁ  [чарпайё] сөзінің екі 
мағынасы  бар:  1)  «төрт  аяқты,  төрт  тағанды»;  2) 
«орындық,  шағын  орындық»  [5,  І,  456].  Тәжік 
тілінде  сөз  өзінің  мағынасын  біршама  кеңейте 
түскен  –  алғашқы  екі  мағынадан  басқа,  оның 
үшінші – «ағаш кереует, отырып демалуға арналған 
сәкі» деген мағынасы да бар. [6, 446]. Бұл сөз өзбек 
тіліне  тәжік  тілінен  енген  секілді,  себебі  соңғы 
чорпоя сөзінде осы, үшінші «ағаш кереует, отырып 
демалуға  арналған  сәкі  (отыруға,  жатып  демалуға 
арналған  аяқтары  қысқа  ағаш  тақтайлар  төселген 
сәкі)» – деген мағына бар.  
Чорпоя сөзінің синонимі Өзбекстанның кейбір 
облыстарында  қолданылатын  ﮐ
ت   [кат]  лексемасы 
болып  табылады.  Парсы  тілінде  кат  1)  «ағаштан 
жасалған  кең  орындық  немесе  төсеніш»  (отыруға 
және  ұйықтауға  арналған);  2)  ескір.  «тақ»  [5,  2, 
308].  Тәжік  тілінде  кат  сөзінің  мынадай  келесі 
мағыналары  бар:  1)  «кереует,  төсек»;  2)  «жаз 
уақытында  ұйықтауға  немесе  отырып  демалуға 
арналған  кең  ағаш  кереует»  [6,  183].  Өзбек  тіліне 
бұл сөз екінші мағынасында енген. Ақпарат беруші 
тәжіктердің  сөздеріне  қарағанда  кат  грек  тілінен 
енген кровать сөзінің жинақы формасын білдіреді, 
алайда бұл жорамал дәлелдеуді қажет етеді.  
Чироқ.  Парсы  тілінде    ﻍﺍﺭﭽ  [черат]  1)  «шам, 
шырағдан»;  2)  «жарық  беру,  жарық»;  3)  «жылу 
беретін  аспаптар»  (мәселен,  керосин  пеш)  [5,  І, 
503а] деген мағыналарды білдіреді. Тәжікше чироқ 
парсышамен  алғашқы  екі  мағынада,  ал  үшінші 
мағынада 
ауыспалы 
«шырағым, 
жарық» 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
164 
 
 
мағынасында  сәйкес  келеді.  Өзбек  тілінде  бұл  сөз 
«шырақ,  шам»  деген  бірінші  мағынада  және 
қосымша 
түрде 
ауыспалы 
«шырағым» 
мағынасында  бар.  «Жарық,  жарық  беру»  ұғымын 
көрсету  үшін  өзбек  тілінде  ёруғ  сөзі  бар,  әйтсе  де 
кейде осы мағынада чироқ сөзі қолданылады.  
Хокандоз. Парсы тілінде 
ﺎﮐﺎﺨ
۸
ﺯﺎ
 [хакандаз] күл-
қоқысқа  арналған  шағын  күректі  білдіреді  [5,  І, 
530а].  Тәжікше  хокандоз  сөзі  мынадай  келесі 
мағыналарға  ие:  1)  «күрекше»;  2)  «күл-қоқысқа 
арналған  күрек»;  3)  «ожау»  [6,  424].  Өзбек  тіліне 
тек  бір  ғана  мағынамен  –  «күл-қоқысқа,  көмірге 
арналған күрек» мағынасында енген.  
Калава.  Парсы  тіліндегі  ﻒﻻﺎﮐ  [калаф]  1) 
«шумақ, орам»; 2)  «бұғау (жылқыға арналған)» [5, 
2,  338а].  Тәжікшеде  калабо  1)  «орам,  шумақ»;  2) 
«иірілген  жіп»  [6,  176].  Калава  өзбек  тілінде 
«шумақ». 
Дегча.  Парсы  тілінде:  ﮓﻳﺪ  <  [диг]  «кәстрөл, 
бақыраш, шойын ыдыс, шөген» [5, І, 694];  ﻪﻫﮓﻳﺪ > 
[дигчэ]  «кәстрөл,  бақыраш».  Тәжікше  дегча  1) 
«бақыраш»; 2) «кәстрөл» [6, 126] дегенді білдіреді. 
Түркіше  кішірейтпелі  –ча  аффиксі  (қосымшасы) 
байқалмайды,  себебі,  сөз,  сонымен  бірге  енген  де 
болуы  мүмкін.  Өзбекше  дегча  «бақыраш»  сөзінде 
мағына  тарыла  түскен,  алайда  кейінірек  сөз 
мағынасын  кеңейте  түскен,  себебі  өзбек  тілінде 
ауыспалы «бақыраш (маубас)» сөзі пайда болды.  
Семантиканың  кеңеюі.  Капгир.  Парсы 
тілінде кафгир - ол «кәкпір» [4, 662]. Тәжік тілінде 
де  солай.  Өзбектің  сөйлеу  тілінде  сөз,  бұдан  өзге, 
«сағаттың  маятнигі»  деген  тағы  бір  мағынаға  ие 
болды.  
Лаган.  Парсы  тілінде  ﻥﻪﮓﻟ  [лäгäн]  1) 
«шылапшын,  леген,  шара»;  2)  «сауыт»;  3)  «анат. 
жамбас»; 4) «(сирек) шамдал» дегенді білдіреді [5, 
2,  429].  Тәжік  тілінде  лаган  1)  «мыс  шылапшын, 
шылапшын,  ағаш  астау»;  2)  сөйл.  «жайпақ  табақ». 
Өзбек  тілінде  лаган  негізінен  «түбі  жайпақ  үлкен 
ыдыс»  мағынасында  қолданылса,  кейде,  диалект 
тілінде  «жайпақ  табақ»;  «шылапшын,  мыс 
шылапшын»  мағынасында  қолданылады.  Бұл 
жерде  бірнеше  семантикалық  құбылыстар  болған: 
1)  егер  де  сөз  парсы  тілінен  енген  деп 
жорамалдайтын  болсақ,  онда  өзбек  тіліне  енуі 
кезінде  семантиканың  тарылуы  байқалады;  2)  егер 
де  ол  тәжік  тілінен  енген  болса,  онда  семантика 
кеңейе  түскен,  тіпті  мағына  ауысқан,  себебі  өзбек 
тілінде  ол  өзінің  асханада  қолданылу  қызметі 
арқылы  шараға  немесе  жайпақ  табаққа  ұқсайтын 
затты білдіреді.  
Корсон.  Парсы  тілінде  ﻥﺎﺴﺭﮐ  [карсан]  сирек 
қолданылады  да  «ағаш  лар  немесе  қыш  құмыра 
(азық-түліктерді  сақтауға  арналған)»  [5,  2,  319] 
дегенді  білдіреді.  Тәжікше  корсон  «үлкен  ағаш 
ыдыс  немесе  табақ»  (ТРС,  204]  дегенді  білдіреді. 
Өзбек тілінде бұл мағынадан басқа  корсон сондай-
ақ  музыкалық  «резонатор»  термині  мағынасында 
қолданылады.  Бұл  сөз  тәжік  тілінен  енген  деп 
жорамалдауға болады. 
Латта. Парсы тілінде ﻪﺗﻟ [лäтте] 1) «шүберек, 
қиқым»;  2)  «асхана  сүлгісі»  [5,  2,  421] 
мағыналарында (сирек) қолданылады. Тәжікшеде – 
«қиқым,  шүберек»  [6,  204].  Өзбек  тілінде,  осы 
мағыналардан  басқа  латта  «жігерсіз,  ынжық, 
сылбыр» деген ауыспалы мағынаға ие болған.  
Ойна.  Парсы  тілінде  ﻪﻨﻳﻳﺁ  [айинэ]  «айна»  [5,  І, 
151а] дегенді білдіреді. Тәжік тілінде оның «айна», 
«әйнек»  деген  екі  мағынасы  бар.  Өзбек  тілінде 
сөздің  қосымша  мағынасы  бар,  және  де  жоғарыда 
аталғандардан 
өзге 
– 
үшінші 
«терезе» 
семантикасында да өмір сүреді.  
Парда.  Парсы  тілінде  ﻩﺪﺭﭙ  [пäрда]  сөзінің  11 
мағынасы бар – олар 1) «перде, жабын, бүркеніш»; 
2)  «шымылдық»;  3)  «бет  перде,  шілтер»  4) 
«картина,  кескіндемешінің  салған  суреті»;  5) 
«қабат»;  6)  анат.  «жарғақ,  қабық,  қалқа, 
қабыршық»;  7)  «мембрана»;  8)  театр.  «қимыл, 
әрекет,  көрініс»;  9)  ескір.  «шатыр»;  10)  «үйдің 
әйелдер тұратын ішкі бөлігі»; 11) муз. «ырғақ, үн» 
[5,  І, 283]. Тәжікше  парда  1)  «шымылдық,  шілтер, 
есіктің  қалың  пердесі,  тұтас  перде,  жабын,  жабу»; 
2)  театр.  «қимыл,  әрекет,  көрініс»;  3)  «қабық, 
желқабық,  перде,  қабықша,  жарғақ»;  4)  муз. 
«ырғақ, үн (музыкалық аспаптың құлағындағы)» [6, 
298].  Өзбек  тіліне  сөз  тәжік  тілінен  өзінің  барлық 
үш мағынасында енген, бірақ бұлардан басқа өзбек 
тілінде  ер  адамның  есімі  ретінде  аталатын  парда 
сөзі де бар. 
Семантиканың  ауысуы.  Баркаш.  Парсы 
тілінде  ﺶﮐ  ﺭﺎﺒ  [баркеш  және  баркäш]  1)  «ауыр 
заттарды,  жүкті  тасушы,  алып  жүруші;  жүк 
артатын»;  2)  «жүк  көлігі,  жүк  автомобилі;  жүк 
сүйрейтін  көлік»  [5,  І,  165]  дегенді  білдіреді. 
Тәжікше  баркаш  мынаны  білдіреді:  1)  «жүктерді 
тасымалдаушы, жүк артылатын»; 2) «алып жүруші, 
жүк  түсіруші»;  3)  «күйеу  жігіттің  қалыңдықтың 
үйіне  жайпақ  табақтармен  немесе  себеттермен 
музыканттар  мен  әншілердің  сүйемелдеуімен 
жіберетін  сыйлықтары»  [6,  80].  Енуі  кезінде  осы 
сөздің мағынасы ауысқан: өзбек тілінде ол «жайпақ 
табақ» дегенді білдіреді. Өзбектер баркаш – бұл ﺭﺎﺒ 
[бар]  «жүк»  және  ﻦﻠﻳﺸﮐ  [кäшидäн]  «арқалап  жүру», 
яғни  «жүкті  арқалау»  етістігінің  осы  шағының 
негізі болып табылатын - каш сөздерінің бірігуінен 
тұратын күрделі сөз екендігін біле бермейді.  
Сөздің  ішкі  формасының  өзгеруі.  Кірме 
сөздерде  олардың  ішкі  форманы  жоғалтып 
алғандары  байқалады:  рецептор-тілде  сөз  біртұтас 
ретінде  қабылданады,  ал  түп-негіз  сөзде  ол 
сөзжасаммен 
қалыптасқан. 
Мысалы, 
капгир 
«кәкпір»  ﻒﮐ  [кäф]    ﻦﺗﻓﺭﮐжәне  көбік    [гäрäфтäн] 
«алу»,  сөзбе-сөз  «көбікті  алушы»  етістігінің  осы 
шағының негізі ﺭﻳﮔ [гир] сөздерінен жасалған.  
Кубе  ﻮﮐ
۶     «май  шайқайтын  аппарат»  кофтан 
«тоқпақтау»  етістігінің  осы  шағының  негізі  –  куб 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
165 
 
 
сөзі  мен  зат  есімдерді  жасаушы  -бе  жұрнағының 
қосындысынан пайда болған. [7, 12]. 
Грамматикалық  ерекшеліктер.  Сөздің  ену 
үдерісі  ықпалдың  лексика  саласында  ғана  емес, 
сонымен  бірге  тілдің  басқа  да  деңгейлерінде  – 
фонетикада, морфологияда, синтаксисте де болуын 
қажет ететіндігі белгілі.  
Морфологиялық  элементтердің  ену  (кіру) 
техникасын 
сипаттай 
отырып, 
зерттеушілер 
соңғыларының тілге тұтастай сөздердің құрамында 
кіретіндігін  атап  көрсетеді.  «Өзге  тілдік  жүйеден 
кірген 
сөздерде 
жат 
тілдік 
түпсөздердің 
жұрнақтары 
мен 
префикстері 
(сөз 
алды 
қосымшалары)  әдеттегідей  ерекшеленбейді»  [8, 
28].  
Өзбек 
тіліне 
ирандық 
сөзжасамдық 
қосымшалардың  бірқатары  енген,  олардың  өзбек 
тілінің грамматикалық жүйесіне үйлесіп кеткендігі 
сонша,  олар  өзбек  тілінің  негізінде  сөз  жасауда 
өнімдіге айналды. 
Мәселен  –дон  қосымшасы    сөздердің 
құрамында негізінен тұрмыстық лексика саласынан 
кірген.  Парсы  тілінде  ﻦﺍﺪ  [дан]  –  «бірнәрсені 
сақтауға  арналған  орын,  бір  нәрсеге  арналған 
ыдыс»  мағынасындағы  зат  есімдерді  жасаушы 
жұрнақ. Мысалы: ﻦﺍﺮﺒﺁ [абдон] «суға арналған бак»; 
ﻦﺍﺮﮐﻣﻨ [нäмäкдан] «тұз сауыт» және т.б. [5, І, 606]. 
Тәжік  тілінде  -дон  сыйымдылықтардың, 
ыдыстардың  атауларын  жасайтын  өнімді  жұрнақ: 
хокистардон «күлтөкпе» – хокистар «күл» сөзінен 
шыққан [6, 542]. 
Өзбек  тіліне  -дон  қосымшасы  дәл  сол 
«сыйымдылық»  мағыналық  көлемімен  енген.  Ал 
қазір  -дон  қосымшасымен  қай  сөздердің  кірме,  ал 
қай 
сөздердің 
түркі 
тілдерінің 
базасында 
қалыптасқандығын  айқындау  қиын.  Мәселен, 
гулдон  «гүл  сауыт»,  нондон  «нан  салатын  ыдыс» 
иран тілдерінен қосымшасымен бірге енген. 
Сиёҳдон 
«сия 
сауыт» 
түркі 
неізінде 
қалыптасқан деп есептеуге болады, себебі парс. ﻩﺎﯿﺴ 
[сийаһ]  «қара,  баран,  қараңғы,  түнеріңкі,  сұрқай» 
дегенді  білдіреді,  ал  енуі  кезінде  өзбек  тілінде 
оның  мағынасының  ауысқан,  өзбекше  сиех  «сия» 
(парсы  тілінде  «сия»  ұғымы  арабтың  ﻦﮐﺮﻣ 
[мораккаб]  сөзімен  беріледі,  бұл  «күрделі  құрам, 
күрделі  қосылыс»  дегенді  білдіреді).  Осылайша, 
сиеҳдон  –дон  қосымшасы  арқылы  ирандық  сийа 
сөзінің аралас мағынасының негізінде өзбек тілінің 
ішінде пайда болған. 
Қанддон  «қант  сауыт»  сөзі  арабтың  қанд 
«қант» сөзінен жасалған. Алайда біз бұл сөзді түркі 
тілінің  базасында  қалыптасқан  деп  тұжырымдай 
алмаймыз,  себебі  қанддон  парсы  тілінде  де,  тәжік 
тілінде де «қант сауыт» дегенді білдіреді [6, 485]. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет