Дәріс №20Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында Мақсаты: Ұлы Отан соғысының маңызы мен зардабын, халыққа әкелген қасіретін түсіндіру.
Қазақстан –майдан Арсеналы.
Қазақстандықтардың Мәскеу түбінденгі шайқасқа қатысуы
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына басып кірді. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді бір тұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп, халық азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Ұлы Отан соғысы басталған алғышқы күндері өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.
Соғыстың алғашқы күндерінде ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. В. Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде Қазақстанда 238, 310, 314, 387 және 391-атқыштар дивизи-ялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде небары республикада 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі басқа да құрамалар мен бөлімдерді толықтырып отырды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар қатысты. Республика майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомашина, 1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы жәие 16,2 мың арба жіберді.
Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды.
Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шалиев, В. Лобанов, К. Әбдірахманов, К. Иманқұлов, В. Кача-нов, В. Фурсов т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктін үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса, Бельцы, Шауляй, Севастополь және т. б. қалалар үшін шайқасты. Әсіресе 1941 жылғы қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы бас-қарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. Б. Момышұлына 1990 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді. Қысқа мерзім ішінде бұл дивизияның жауынгерлері бір танк және екі жаяу әскер дивизиясын талқандады. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді.
Дубосеково разъезі түбінде 28-панфиловшы жауынгерлер жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: "Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер жер жоқ, артымызда Мәскеу!"- деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер - орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар - 4 сағат бойы өршелене жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амаикелдиев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес із қал-дырды. 316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған қүрметті 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді. Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған 312, 238, 391, 39, 387-ші атқыштар дивизиялары, 74, 75-ші теңіз флот бригадалары қатысты Сталинград түбіндегі жеңістен кейін 1943 жылдың жазында қызыл әскер бөлімдері бірнеше жүздеген шақырым ілгері жылжып, Белгород-Орел шебіне шықты. Мұнда сол жылдың шілде айында Курск ішінде орасан зор шайқас жүрді. Курск шайқасына қатысқан әскери бөлімдердің қатарында қазақстандық 72-ші және 8-ші атқыштар дивизиялары да болды. 72-ші дивизияның жауынгерлері Белгородтың оңтүстік-шығысына қарай өңірдегі неміс әскерлерінің шабуылына қарсы қорғаныс шебінде қимыл жасады. Сонымен бірге қазақстандық 8-ші атқыштар дивизиясы да 352 Орел-Курск ішінінде жау әскерлерімен жойқын ұрыстар жүргізді.
«Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда, Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында - 1500, Ленинград облысында - 220, Смоленск жерінде - 270-тен астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен отрядтарда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері Г. Ахмедьяров, Қ. Омаров, А. Жүмағалиев, 3. Хұсайынов, Б. Оразбаев, Қ. Қайсенов, Ә. Шәріпов, Т. Жанкелдин, Ж. Саин, т. б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болып отыр.
Қазақстан жауынгерлері соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. 1945 жылғы 9 тамызда 52-ші шекаралық отрядтың капитан Г.А. Голубев басқарған тобы Аргуни өзенінің жағасында болған шайқаста 20 жапон солдатын құртып, 4 солдатын тұтқынға алып, әскер бөлімдеріне жол ашты. Келесі күні 150-ші пулемет батальонының жауынгері Л. Г. Кравченко "Лесной" деген жерде жау дзотының аузын денесімен жауып, жолдастарының өмірін сақтап қалуды қамтамасыз етті. 165-ші атқыштар полкінің командирі Н. Д. Құрманов Оңтүстік Сахалинде жапондардың қорғаныс шебін талқандауды ұйымдастырып, Харамитог бекініс ауданының 7 дзоты мен 198 атыс ұяларын басып алуға жағдай жасады. Сөйтіп, кеңес әскерлерінің құрамындағы Қазақстан жауынгерлерінің ерлігі Жапопияның квантун армиясын 15-20 күн ішінде талқандауы және тізе бүктіруін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды.
Жапонияның 1945 жылғы қыркүйектің басында тізе бүгуімен Кеңестер Одағының Ұлы Отан соғысы және екінші дүние жүзілік соғыс аяқталды. Адамзат соғыс құмар фашистік диктатураның дүние жүзіне үстемдік жүргізу қауіпінен сақталып қалды.