КСРО-ның ыдырауы орталық одақтық өкiмет және одақтас республикалардың жоғарғы кеңестері, президенттері орындарына жаңа сайланған өкiмет өкiлдерінiң арасындағы өткiр қарсы тұрумен бейнелендi. Республикалық жоғарғы кеңестер 1989—1990 жылдары барлығы бірдей мемлекеттiк егемендiк туралы декларацияларын қабылдап, кейбiреулері - тәуелсiздiк декларациясын жариялады.
КСРО-ның 15 республикасының 9-ында 1991 жылдың 17 наурызында азаматтардың үштен екiсi жаңартылған одақтың сақталуын шешу мақсатында Бүкiлодақтық референдум жүргiзiлдi. Бірақ орталық өкiметке ахуалды тұрақтандырудың сәтi түспедi.
Сәтi түспеген мемлекеттiк төңкерістің нәтижесінде Балтық жағалауы республикаларының тәуелсiздiгiнiң ресми мойындауы болды. Украина тәуелсiздiгi жарияланған Бүкiл Украиналық референдумнан кейiн КСРО-ны сақтау мүмкiн емес болды. Беларусь, Украина және Ресей Федерациясы 1991 жылдың 8 желтоқсан күні қол қойған Тәуелсiз мемлекеттердiң достастығын құру туралы келiсiмде мәлiмдеген.
18 Билет
1 сұрақ:Исламның таралуы
Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастады. Әл-Макдиси өз деректерінде, 10 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған. Құйрықтөбе қала жұртындағы зираттарды зерттегенде адамдардың мұсылманша жерленгендігі анықталды. Адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат қоймай жерленген. 12 ғасырдың екінші жартысында қыпшақ ақсүйектерінің Хорезммен жақындасуына байланысты қыпшақтар арасына ислам діні кең түрде ене бастады. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласында мешіт, медреселер салынды. Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына да ықпал етті.
2 сұрақ:Хандық билікті жою(1822-1824)
«Сібір қырғыздары туралы жарғы» Авторы – Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский. 1822 жылғы “Жарғының” басты мақсаты – Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде əкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тəртіптерді əлсірету. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді.
• әкімшілік ауыл 50-70 түтіннен
• болыс 10-12 ауылдан
• округ 15-20 болыстықтан тұрды
1822 жылы Кіші жүзге байланысты Орынбор генерал-губернаторы П.Эссенн даярлатқан осындай ережені Азиялық комитет 1824 жылы қабылдады. Бұл құжат бойынша да хандық билік жойылды.
Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға шақыртылып, 150 сомдық айлықпен сондағы шекаралық комиссияға қызметке қалдырылды.Кіші жүз үшке бөлінді: батыс бөлік — байұлы рулары, орта бөлік — жетіру және әлімұлы бұтағының аз бөлігі
3 сұрақ : Тамыз төңкерісі 1991 ж 19-21 тамызда болған — Кеңес Одағы Коммунистік партиясының жақтастары ұйымдастырған, КСРО президенті Михаил Горбачёвті биліктен құлату және КСРО мемлекетін сақтап қалу мақсатымен ұйымдастырылған сәтсіз төңкеріс.Көптеген бақылаушылар бұл оқиғадағы жеңіліс КСРО ыдырауын одан әрі жылдамдатты деп санайды.Көтеріліс Ресей,Санкт-Петербургте,Мәскеуде болған.