Қазақстанның тас дәуірі мынадай кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді



бет22/33
Дата27.11.2023
өлшемі95,95 Kb.
#128890
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33

2 сұрақ :


Қазақстан тарихында қоныс аудару қозғалысының кезеңдері туралы бір жақты пікір жоқ. Дегенмен қоныс аудару қозғалысын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарауға болады:
• 1861—1885 жылдар;
• 1886—1905 жылдар;
• 1906—1917 жылдар.
Қоныс аударудың бірінші кезеңі :
Жүз мыңдаған орыс, украин, беларусь шаруаларының Сібір, Қазақстан және Орталық Азияға қоныс аударуы Ресейдің аграрлық саладағы саясатымен тығыз байланыста дамыды.
Қоныс аударудың екінші кезеңі. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер:
1889 жылғы 13 мамырдағы «Уақытша Ережеде» ауыл тұрғындары мен мещандарын Тобыл, Том губерниялары мен Жетісу, Ақмола, Семей облыстарына өз еркімен қоныстандыру белгіленді. Үкімет қоныс аударуға шектеулердің кейбіреулерін алып тастады. Дегенмен ресми түрде қоныс аударғандардан гөрі өз бетімен келгендердің ағыны үздіксіз арта түсті. 
XIX ғасырдың соңғы ширегінде Еуропалық Ресей мен Украинадан қоныс аударушылардың келуі есебінен халықтың ұлттық құрамы өзгерді. Қазақ, қырғыздармен бірге орыс, украиндар, татарлар, тәжіктер, түрікмендер, башқұрттар, чуваштар, қараноғайлар, армяндар саны өсе түсті.
3 сұрақ :Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болды. Қазақстан 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Қазақстанның БҰҰ-дағы ұстанымы Біріккен Ұлттар Ұйымы қарайтын мәселелердің барлық спектрі бойынша Қазақстанның мүдделері негізінде қалыптастырылады. Ұйымның қолдауымен қарусыздану, экономика, экология, әлеуметтік және тұрақты даму, бейбітшілікті сақтау, халықаралық құқықты дамыту, адам құқықтарын құрметтеу, гендерлік теңдік, Терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылады


21 Билет


1 сұрақ :1227 жылы Жошы өлген соң оның орнына ұлы Батый отырды. 1235 жылы Монғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайда Батысқа (Еуропаға) шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталады. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болды.Ханы Батый
Әмір Темір&Тоқтамыс соғысы:
Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Алтын Орданың ыдырау себебі мыналар:
- этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;
- шаруашылығының өркендеуі нашар болды; - билік үшін талас күшейді; 
- езілген халықтың азаттық күресі күшейді. 
Әмір Темір әскерлерінің 1389-1391 және 1395 жылдардағы жорықтары нәтижесінде Алтын Орда талқандалды. Алтын Орда ХV ғасырдың ортасына қарай біржола құлады. Шаруашылығы және мәдениеті. Көшпелі мал шаруашылы- ғы мен отырықшы егін шаруашылығы Алтын Орда халықтары- ның басты шаруашылығы осы екеуі. Алтын Орда халықтары, негізінен, мұсылмандар болды. Алтын Орда мемлекетінде ал- ғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кей- іннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет