1 сұрақ :Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет. Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы – Сығанақ қаласы.
Ақ Орда 14 ғасырдың екінші ширегінен бастап Алтын Ордадан біржолата бөліне бастады. 14 ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Ордада аласапыран төңкеріс басталды. 60-жылдары Сарай қаласында бір жылдың ішінде 4 хан ауысқан. Осы тартысты пайдаланған Ұрұс хан билікті қолына алып, мемлекетті нығайтты. Әмір Темір Тоқтамысты пайдаланып, Ақ Орда мен Алтын Орданы басып алуға тырысады. Ұрұс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін Әмір Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызды. 1395 жылы Әмір Темір Тоқтамыстың орнына Ақ Орда тағына Қойыршақ оғланды (Ұрұстың баласы) хан етіп қойды.
Ақ Орда ханы Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасады. Әбілхайыр Шайбани Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, өз хандығын құрды. Ал Ұрұс хан ұрпақтары 15 ғасырда Ақ Орда жерінде Қазақ мемлекетін құрды
2 сұрақ :Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
• Көтерілістің басты себептері: отаршылдық езгінің күшеюінен, Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халқының жерін тартып алудың жалғасуынан, салықтар мен басқа да алымдар көлемінің шамадан тыс ұлғаюынан, патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясатының кең өріс алуы мен қалың бұқараның әлеуметтік жағдайының күрт төмендеуінен көрініс тапты.
• Көтерілістің басталуына ІІ Николай патшаның 1916 жылы 25 маусымдағы «Реквизициялау туралы» жарлығы тікелей себеп болды.
• Орта Азия мен ішінара Сібірдің «бұратана халқының» ер-азаматтарынан (19 бен 43 жастың аралығында) майданның тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстары мен жолдар салу, окоп қазу, т.б.) 400 мың адам (оның ішінде қазақтан 240 мыңға жуық) алу белгіленді.
• Қазақстандағы көтерілістің алғашқы ошақтары 1916 жылы шілде айының бас кезінде пайда болды.
• Халықтың ашу-ызасына жұмысқа алынатындардың тізімдерін жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және жергілікті әкімшіліктердің басқа да қызметкерлері ұшырады.
Қазақ зиялыларының кейбір өкілдері (Т. Бокин, Ж. Ниязбеков, Ә. Жүнісов, Т. Рысқұлов, С. Меңдешев, Б. Алманов, Ә. Жангелдин, т.б.) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды
• Жетісу облысындағы ірі көтерілістің бірі Қарқара жайлауында болды.
• 1916 жылы шілдеде Қарқаралы (Семей облысы) мен Өскемен уезінің, Көкпекті мен Зайсанның көтерілісшілері майданға жіберілетін адамдардың тізімін тартып алып, болыстарға күш қолданды.
• Әбдіғапар Жанбосынұлы пен Амангелді Иманов басқарған Торғай көтеріліс ошағы ең табанды және ұзаққа созылған азаттық үшін күрес аймағына айналды.
• Он алтыншы жылғы көтеріліс Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып-жанышталды.
• Бұл көтеріліс Ресейдегі әскери-әкімшіл және отаршыл басқару жүйесінің іргесін шайқалтты және шығыстағы отар елдердің ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстарының құрамдас бір бөлігі болды.