Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет32/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83
Байланысты:
Бердібаева С.Қ. ... Психология оқу құралы Рухани жаңғыру

Кәсіби бағдарлану 
– еңбек психологиясының негізгі бөлшектерінің бірі. Бұл ғылыми 
пәннің қалыптасуы 1908 жылы Бостонда, дәрігер Ф. Парсонс ашқан жастарға мамандық 
таңдау кезінде кеңес беретін бюро ашылумен байланысты болады. Кәсіби кеңес берушілер 
жұмысының техникасы мен арнайы процедураларының әртүрлі бағыттарының дамуы мен 
қалыптасуын анықтайды. 
Кәсіби даму – (лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде 
жекеленген кәсіби рөлдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың 
әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену 
үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға 
идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы 
болыптабылады. 
Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби 
дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір 
рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі 
кәсіби дамуы қажет. 
Кәсіби даму іс – әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, 
психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқалар. 
Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық 
сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің 
барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу. 
Қазіргі уақытта білім беру саласында өзгерістер көп, сол өзгерістерге лайық педагог 
болу үшін қойылатын талаптар да күрделене түсуде. Бұл адамның шығармашылық 
мүмкіндіктерін дамыту қажет дегенге әкеледі. Оған білім беруді гуманизациялау сай келеді. 
Кәсіби қалыптасу адам өмірінің ұзақ кезеңін қамтиды (35-40 жыл). Осы уақыт 
аралығында өмірлік және кәсіби жоспарлар өзгереді, әлеуметтік жағдайлар мен жетекші іс-
әрекет ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылуы жүреді. Осыған байланысты кәсіби 
қалыптасудың үздіксіз процесінде кезеңдердің бөліну критерийлері туралы сұрақ пайда 
болады. 
Тұлғаның кәсіби қалыптасу мәселесін терең зерттеген отандық психологтардың бірі 
Т.В. Кудрявцев тұлғаның мамандыққа қатынасы мен іс- әрекеттің орындалу деңгейін 
кезеңдерді бөлу критерийлері ретінде алды. Ол кезеңдердің төрт түрін бөліп көрсетті: 
-кәсіби ниет, (ой) оның пайда болуы мен қалыптасуы; 
-кәсіби білім беру және кәсіби іс-әрекетке дайындық; 
-мамандыққа кірісу, оны белсенді меңгеру және өндірістік ұжымнан өз орнын табу; 
-кәсіби еңбекте тұлғаның толық жүзеге асуы. 
Е.А. Климов төмендегідей кәсіби бағдарланған кезеңді ұсынды: 
Оптация кезеңі (12-17 жас) – кәсіби өмірлік жолын саналы түрде таңдауға дайындық; 
Кәсіби дайындық кезеңі (15-23 жас) – болашақ кәсіби іс-әрекет икемділігіне үйрену, 
қажетті білім алу; 
Кәсіпқойдың даму кезеңі (16-23 жастан бастап зейнеткерлікке дейін) – кәсіби 
қауымдастықтардағы тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіне кіру және іс-әрекет субьектісінің 
әрі қарай дамуы. 
Кәсіби қалыптасу процесіндегі іс-әрекет динамикасын Н.С. Глуханюк зерттеген. Оның 
айтуынша, кәсіпке дайындық, оған бейімделу, шеберлік кезеңдерде тұлға іс-әрекеті 
күрделене және кеңейе түседі. Ал, В.Д. Шадриков кәсіби мәнді сапа ретінде іс-әрекет 


46 
тиімділігіне және меңгеру табыстылығына әсер ететін іс-әрекет субъектісінің жеке дара 
сапаларын қарастырған . 
Н.С. Пряжников кәсіби өзіндік анықталуды зерттей келе, оның келесі түрлерін бөліп 
қарастырған: нақты еңбек функциясы кезіндегі, нақты еңбек орнындағы, нақты 
мамандықтағы, нақты кәсіптегі, өмірлік, тұлғалық және тұлғаның мәдениеттегі 
анықталулары
Л.М. Митина кәсіби іс-әрекет қалыптасуының екі моделін бөліп көрсетті. Бейімдік 
моделі – адам сана-сезімінде кәсіби еңбектің сыртқы жағдайларға тәуелді болу бағыты, 
кәсіби міндеттер, ережелерді шешу алгоритмдерінің орындалуы түрінде басым болады. 
Кәсіби даму моделі – тұлғаның қалыптасқан практика шектерінен шығу,өзіс-әрекетін 
қалыптасу затына айналдыру және сол арқылы өзінің кәсіби мүмкіндіктерінің шектерін жеңе 
алу қабілеттіліктерімен сипатталады. 
Тұлғаны сана атрибуты ретінде қарастыратын болсақ, онда ол өзінің қажеттілігін 
бойындағы белсенділікпен көрсете алады. Бұл арада тұлға алдындағы құндылық пен сол 
құндылыққа жету мүмкіндігі орын алуы үшін тұлғаның ішкі рухани қабілеті жұмсалып, 
оның әрекеті белсенді сипатта болуы керектігін айтып кетсек болады. 
Әлбетте, белсенділік дара емес әлеумет, ұжым ішінде көрінеді. Сондықтан біз 
студенттердің де іс-әрекетін қоғамдық іс- әрекеттерден бөлу мүмкін еместігін, олармен қатар 
кәсіби, педагогикалық және тағы басқа іс- әрекеттердің жүретіні жайлы айтқымыз келеді. 
Л.С. Выготский бұл мәселені яғни, тұлғаны әлеуметтік орта мен қоғамнан бөліп 
қарастыру мүмкін еместігін қарастыра келе, психологияда дамудың әлеуметтік жағдайлары 
деген түсінікті енгізген. 
Оның айтуынша, тұлғаның дамуы индивидтің мәдени құндылықтарды меңгеруімен 
ұйғарылады. Адам қатынастары нәтижесінде туындайды, яғни баланың баламен, 
үлкендермен тікелей әлеуметтік байланысы кезінде туындап, интериоризация арқылы адам 
санасында дамиды.Сонда бұл жерде адам қоғаммен және басқа адамдармен біріккен іс-
әрекет жасау арқасында қалыптасады, дамиды және өзгереді десек те болады. 
Э. Эриксонның айтуынша, жоғары оқу орнына түсу тұлғаның үлкендер рөлін 
қабылдауымен байланыста болады. Сонымен әлеуметтік ережелер мен жалпы қабылданған 
принциптерді ақылға қонымды бағалау, саналы ішкі қабылдаудың негізгі жағдайы болып 
табылады. 
Еңбек психологиясы дегеніміз – іс-әрекет ретіндегі еңбектің аясындағы психологиялық 
білімдер жүйесі және оның негізгі зерттеу өрісі адамның еңбек субъектісі ретіндегі рөлі (Е.А. 
Климов). 
Е.А. Иванов бойынша, еңбек тек қана кәсіби іс-әрекет контекстінде ғана 
қарастырылады. Адамның жетекші және негізгі іс-әрекеті болып әлеуметтік шартталған
саналы түрде сезілетін және мақсатқа бағытталған белсенділігі – бұл еңбек және оның негізгі 
сипаттамасы кәсіби іс-әрекетінде көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет