Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі


Хоманстың алмасу концепциясы



Pdf көрінісі
бет55/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83
Байланысты:
Бердібаева С.Қ. ... Психология оқу құралы Рухани жаңғыру

Хоманстың алмасу концепциясы
. Өз концепциясын бірнеше постулаттармен 
көрсетті: 
-сәттілік постулаты: әлеуметтік қолдау алған әрекеттерде ғана кездеседі;
-стимул постулаты: марапаттаумен байланысты, соған қарай соған ұқсас мінез-
құлықты көрсетеді;
-құндылықтар постулаты: адам әрекеттің құндылығын қаншалықты бағалай алады, 
нәтижесі де соған сай болады;
-депривация (латынша жоғалту, айырылу, өмірлік қажеттіліктер орындалмағандағы 
психикалық күй) постулаты: адамның әрекеттері неғұрлым жиі марапатталса, ол келесі 
марапаттаудың қадырына жетпейді;
-агрессияның екі жақты постулаты: күтілетін марапаттау болмай қалса немесе күтпеген 
жазалау болса мінез-құлық агрессивті болады, керісінше күтпеген марапаттау болып немесе 
күтілген жаза болса онда құндылықтар жоғарылайды.
Алмасу теориясының басты ұғымдары мінез-құлықтың бағасы (адамның өткен 
әрекеттерімен туындаған әрекетінің негативті салдары, яғни жасаған кателеріңе төлеу мен 
пайдасы, яғни марапаттаудың сапасы мен мөлшер құнын өсіргенде пайда болады. Адамның 
әлеуметтік мінез-құлқын сипаттап, оны пайданы ақылға қонымды іздеудің негізі деп 
қарастырады.
Дж. Мид рөлдік концепциясы
: рөлдік мінез-құлық адамның белсенділігі, бір бірімен 
өзара әрекетте еркін қабылдаған және жеңіліп қалған рөлдер ретінде қаралады. Адамдардың 
рөлдік өзара әрекетте өзін басқаның орнына қоя алатын қабілеті болуы керек, басқаның көз 
қарасы тұрғысынан бағалай білуі.
Мінез-құлық моделдерін таңдаудың критерийлері қандай: 
-өнегелік мінсіздік, тазалық: сіз моралды субъективті бағаласаңыз да қоғамда жалпы
қабылданған ережелер бар соны ескеріп отыру: адалдық, шыншылдық, ар ұят: 
-адам тап болған нақты жағдайды ескеру;


75 
- адамның алдына қойған мақсатын ескеру; 
-нақты мінез-құлық моделін таңдағанда сіз өз мүмкіндіктеріңізді сыни түрде бағалай 
біліңіз.
Адамдармен араласқанда көптеген психологиялық мінез-құлық типтері бар соны білген 
артық болмайды: мысалы солардың бірі есеппен жүретіндер: конфликтіні өз мақсатына жету 
құралы деп қарайды, конфликтіні шешуде өте белсенді, өзара қатынаста манипуляцияны көп 
жасайды, конфликтіде оңтайлы варианттарын қатты есептейді, қарсы жақтың күшін,
позицияларын бағалайды, қарым-қатынастың техникаларын жақсы меңгерген, ұзақ уақыт 
бағынышты бола алады, көнгіш рөл орындайды, қарсы жақтың жеңіле бастағанын көргенше 
сол позицияда болады, сатып жібереді.
Дәрісте қаралған мінез-құлық модельдерінде манипуляция терминін айттық, енді сол 
ұғымға қысқаша талдау берейік . 
Психология ғылымында манипуляция ұғымы өте күрделі сұрақтардың бірі. Біз таныс 
болған қарым-қатынас психологиясы, қарым-қатынастағы эмоциялар, қарым-қатынастағы 
конфликтілер, коммуникация мәселесі, мінез-құлық модельдері, өзара түсінісу сияқты 
сұрақтардың бәрі манипуляция ұғымымен байланысты.
Манипулятивті әсер ету-қарым-қатынастағы серіктеске әсер ету, өз ниетін жасырын 
түрде жүзеге асыру мақсатына жетуге бағытталған тұлға аралық қатынас жасау формасы. 
Манипуляция дегеніміз қарым-қатынастағы серіктеске шын әсер етудің орнына сол адамның 
мінез-құлқын, ойларын бақылағысы келетін әрекет. 
Манипуляция - адамның мінез-құлқының ерекше бір түрі, әлеуметтік өмірдің, 
әлеуметтік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Адамдар өз мақсатына калай болсада жету үшін 
көптеген тәсілдер қолданады соның бірі осы манипулятивті мінез-құлық формалары.
Манипуляцияның көптеген технологиялары бар, яғни адамға әсер ету құралдары,
әдістері, манипуляция жасайтын адам манипулятор өзіне пайдалы күйді немесе әрекетті 
таңдап алады.
Сонымен дәрісті қорытындылау ретінде сіздерге мінез-құлықты ақылға қонымды
басқарудың, қарым-қатынас пен коммуникацияда жағымды қатынасқа ие болуға 
көмектесетін бірнеше психологиялық ұсыныстар, технологиялар, әдебиеттер, глосарий осы 
тақырыпқа 
қатысты 
видеофильмдерге, 
мультфильмдерге, 
психологиялық 
трениг 
бағдарламаларға сілтемелер береміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет