80
аулағымыз келеді, жақындарымызға өзіміз туралы жақсы ой қалдырғымыз келеді, осының
бәрі – туа біткен тілек.
Егер адам қоғамда көп уақытын өткізіп, соның өзінде оны ешкім байқамайтын болса,
одан артық жазаны ойлап табу мүмкін емес шығар.
Бір сәтке елестетіп көрелік, егер сіз
кіргенде, сізге қарай ешкім бұрылмаса, сіздің сөзіңізге ешкім жауап бермесе, сіздің
істеріңізге
ешкім көңіл бөлмесе, мүлдем сіздің бар екендігіңізді елемесе, сіз өзіңізді қалай
сезінетін едіңіз?
Адам (топ, ұжым) және оның сауда, саясат, әлеует жаққа бағытталған жұмыстарының
нәтижесі: идеялары, тауарлары, кызметі, осының бәрі имидж объектісін құрады.
Имидж
объектісінің түсінігі оның мазмұнына қарай сәйкестенеді.
Имидж объектісі ретінде, біраз адамға белгілі бір әсер қалдыра алатын кез келген нәрсе
саналады. Әсіресе әлеуметтік әсер өндіру қабілеттілігі имидж объектісінің негізгі қасиеті
болып табылады.Сана-сезімінде берілген имидж объектісі қалыптасатын адамдар (мақсаттық
топтар, тұтыну базар сегменттері, сайлаушылардың категориялары) – имидж субъектісі
болып саналады. Ереже бойынша, имидж субъектісі ұжымдық болып келеді.
Алғашқыда, экономика саласында бұл түсінікпен
практикалық аспектіде, кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын шетел экономисттері белсенді жұмыс істей бастады.
Алпысыншы жылдары американдық экономист Болдуинг айналымға «имидж» түсінігін
енгізгені белгілі, сонымен қатар, оның іскер үлгерімділікте қажеттілігін негіздеді.
Нәтижесінде имидж жаңа пайда бола бастаған саясаттанудың қару-жарағына айналды, оның
мамандары имидждеуді өз жұмысының басты құрастырушысы ретінде қабылдаған болатын.
Қазіргі заманда кәсіпкерлік және саяси іспен айналысатындарда имидж өтетін тауар болып
есептелінеді. Кәсіпшілік имидждеудің үнемі өсіп жатқан сұранысына байланысты,
«имиджмейкер» деген жаңа мамандықтың пайда болуына мүмкіншілік туды. Яғни, тұлғаның
имиджін және әр түрлі іскер, саяси құрылымдармен айналысатын маман.
Имидж көп жағдайларда алғашқы сатысында, яғни
жалпы мәліметті шолып өту
кезеңінде пайда болады. Имидж аңдаусыз санада орналасады деп айтуға болады.
Сонда адамдардың оны түсінудегі тиімділігі неде және қандай себеппен ол адам
санасында біраз уақытқа сақталып қалады? Имидж, нақтылы психологиялық өнім сияқты,
құнды стереотип есебі ретінде алынады, сонымен қатар әлеуметтік құрылғы ретінде
есептелінеді және талпындыратын арман болып саналады.
Имидж –
ұлғайтқыш әйнек сияқты, адамның дербес және іскер қасиеттерін қоғамға
әлдеқайда жақсы көрсетуге мүмкіндік береді. Соның арқасында күнделікті қарым-қатынасқа
ыңғайлылық әкеліп, жұмыс орнында жағымды жағдай жасауға болады.
Менеджерлік қызмет ұйымдастыру мен клиенттермен жұмыс жасайтын адамның
жағымды болмауына мүмкіншілік бермейді. Бүгінгі күнде, магнит сияқты тартымды
менеджер болу өте қиын, бірақ сондай болуға тырыспайтын адамда одан да көп қиындықтар
туындайды.
Имиджеология – аса маңызды прагматикалық тәртіп. Блез Паскаль «көндіру тәсілі» мен
«ұнау тәсілі» туралы жазған, және оның айтуы бойынша, соңғы тәсіл адамға ықпал етудің ең
тиімдісі екен.
Имидждің Ф.Джевкинз белгілеген келесі түрлері болады:
- айналы – өзіміз туралы пікірге сай имидж,
- ағымдағы - сырт көзге тән имидж түрі,
- қалаулы – ұмтылатын имидж түрі,
- корпоративті – біртұтас мекеме имиджі.
Имиджді қалыптастыруда өзіндік мақсаттар болады:
-
Психологиялық (өзі қалайтын бейнеге бағдарлық – ішкі мақсат);
-
Прагматикалық (рөл немесе орын алуға бағдарлық – сыртқы мақсат).
Осы мақсаттар негізінде адам имиджін қалыптастыратын техникалар мен операциялар
жиынтығын имиджмейкинг деп атайды. Ал сол операциялар
арқылы имидж жасайтын
адамды имиджмейкер деп атайды.
81
Әрбір имиджде ең алдымен тұлғалық қасиеттер айқындалуы қажет. «Мен» бейнесі
қалыптасқан кезде адам өзіне қандай түс, қандайкиім және қандай шаш үлгісі қажет екенін
оңай түсінеді.
Ал «Мен» бейнесі неден құралады?
Адамның «Мен» бейнесі оның «өз-өзіне» бағытталған бағдарлар жиынтығы. Олар
когнитивті (өзі туралы пікір, ойлар), эмоциялық (өзіне эмоциялық баға беру:
жағымды/жағымсыз) және іс-әрекеттік (өз-өзіне бағытталған іс-әрекеттік реакциялар)
бағдарлар. Бұл бағдарлар келесі құбылыстарда көрініс табады:
1.
«Мен бейнесі» – адамның өзі туралы пікірі;
2.
Өзін-өзі бағалауы – өз бейнесін аффективті бағалау, яғни өзінің нақты бір тұлғалық
қасиеттерін қабылдау немесе қабылдамауына қатысты берілетін баға.
3.
«Мен бейнесі» мен өзін-өзі бағалауы деңгейіне сәйкес қалыптасатын жүріс-тұрысы.
Адамның өзінің қабылдауының мазмұны ретінде оның дене бітімі, келбеті, қабілеттері,
әлеуметтік қарым-қатынасы және басқа да тұлғалық қасиеттері болуы мүмкін.
Енді тереңірек жоғарыда аталып өткен бағдарлар туралы айтып кетейік.
Достарыңызбен бөлісу: