77
шығудың жолын ізде. Бір ғана нұсқамен тоқтап қалма. Ең соңында көңіліңдегі бірнеше
пікірдің біреуіне тоқта. Алайда, серігіңмен келісуді есіңнен шығарма. Өйткені жетістікке,
жеңіске бірге жетулерің керек;
-қандай жағдай болмасын серігіңе өз пікірін сақтауға мүмкіндік бер. Өзіңді еш уақытта
өз қолыңнан шығарма, ашуға ашумен жауап беруге мүлдем болмайды. Оның ар-намысына
тиме.Тіпті сенімен амалсыздан келіскен жағдайдың өзінде сені еш уақытта кешірмейді.
Сондықтан оның өзіне емес, іс-әрекетіне ғана жауап бер;
-оның талап-тілектері мен айтқандарының мағынасын дұрыс қабылда. «Сіз осыны
айтқыңыз келді ме? Мен сізді дұрыс түсіндім бе?-деп жиі-жиі сұраңыз. Бұл әдіс дұрыс
түсінбей қалудан сақтандырады және оны ықыласпен тыңдап отырғаныңызды көрсетеді;
-өзіңді тең ұста. Өзің сенімді, сабырлы бол. Серігіңді ашу-ызаға берілуден сақтау
екеуіңді де абыройсыз жағдайға қалдырмайды;
-кінәлі болсаң, кешірім сұрауға ұялма. Біріншіден, ашудың алдын аласың. Екіншіден,
саған көзқарасы өзгереді. Өзіне сенімді, өзін жетілдірген адам ғана кешірім сұрай алады;
-қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңды сақтауға
тырыс;
-серігіңе сыйластық сезіміңді көрсете отырып, түсініспеушіліктен болған арадағы
жағдайға қиналатыныңды айт. Егер арадағы қарым-қатынасты дұрыс сақтасаң, оның сенімен
алдағы уақытта да бірге жұмыс істейтіні даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: