Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет6/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



1-ТАРАУ 
ТҰЛҒАНЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯЛЫҚ ӘЛЕМІ ҰЛТТЫҚ 
САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
 
1.1 Тұлға психологиясындағы тұлға және ұлттық сана мәселелері 
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп 
аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары 
жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген.
Тұлға деп жеке әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін 
маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Адамның танымдық психикалық 
процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын 
қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, тұлғаның қасиеттері болып адамдар 
мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер саналады. Адам тұлға болып тек әлеуметтік 
ортада қалыптасады. 
Адамды жүйелі зерттеу мәселелерін қарастырған Б.Г. Ананьев және оның шәкірті В.А. 
Ганзеннің айтуы бойынша, адам төрт макроқұрылымнан тұрады. Олардың қатарына 
индивид, тұлға, іс-әрекет субьектісі, жеке даралық жатқызылған (1-сурет). 
 
1-сурет – Адамның жүйелік құрылымы (Ганзен, 1984) 
Адам биологиялық құбылыс ретінде 
индивид
болып табылады. Биологиялық түр 
болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге 
мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек 
құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, осы белгілер адам баласын хайуаннан 
ажыратады.
«Индивид» ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде 
сипаттайды. 
Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне 
қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, 
тұлға 
болып қалыптасады.
Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық 
еңбек адамының биологиялық дене құрылымын өзгертіп, өзіне бағындырды. Сонымен қатар, 
адам түрлі кәсіби мамандық иегері ретінде 
іс-әрекет субъектісі
болып қалыптасады. 
Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын 
сипаттап, оның 
жеке даралығын
анықтайды. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның 
Іс-әрекет 
субъектісі
Жеке 
даралық
Тұлға
Индивид
Адам



психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі 
деп түсініледі. 
Сонымен, «тұлға» ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек.
2-сурет – Тұлға құрылымы (В.А. Ганзен, 1984) 
В.А. Ганзеннің жүйелік талдау әдістемесіне сәйкес, тұлға құрылымына темперамент, 
мінез, бағыттылық (мақсат, мотивация, құндылықтар, қызығушылықтар) және қабілет кіреді. 
Бұл психологиялық сипаттамалар адамның әлеуметтік даму барысында қалыптасып, қарым-
қатынас жетістігінің негізі болып табылады.
Әрбір әлеуметтік ортаның өз мәдениеті мен дәстүрлері бар. Тіл, мәдениет пен 
дәстүрлер ұлтаралық ерекшеліктерді анықтайтын өлшемдер. Осы тұрғыда әрбір адам нақты 
бір ұлт өкілі және сол ұлттың мәдениетін танытатын субъект. Ұлттық сана адамға өзін нақты 
бір ұлт өкілі және сол ұлттың құндылықтарын ұстанушы субъект ретінде тануға мүмкіндік 
беретін ұғым. Ол халықтың әлеуметтік даму барысында қалыптасады.
Ұлттық сана халықтың тұрмыс-тіршілігімен, тілімен, құндылықтар жүйесімен тығыз 
байланысты. Ұлттық сана халықтың әлеуметтік-мәдени, экономикалық, саяси тарихымен 
бірге қалыптасады. Осы тұрғыда ұлттық сана адамның өзін сол этностың бір бөлігі, сол 
әлеуметтік құндылықтардың өкілі ретінде тануына көмектеседі. Адам өзін өзге ұлт 
өкілдерінен ажыратып, өз ұлтына қатыстырады.
Бұл Б.Ф. Поршнев ұсынған «біз және олар» антитезасын суреттеп, ұлтық, этностық 
сана формуласын қалыптастырады. Ұлттық сана негізіне адамның өзінің бір «түбірге» 
қатыстығы, яғни өз халқының тарихына, рухани құндылықтарына, жетістіктері мен 
жеңістеріне қатыстығын ұғынуы жатады.
Ұлттық сана халық бірлігінің басты факторы мен механизмі. Ол тілде, халық 
дәстүрлерінде, аңыздар мен ертегілерде, әлеуметтік және тұрмыстық қарым-қатынаста, 
сөйлеу мәдениетінде, әдет ғұрыпта көрініс алады.
Қазақтың ұлттық деңгейіне қарасақ, ұлттық сана дегеніміз елдің өткен тәжірибесімен 
өзінің бойындағы бар мүмкіндігін (адамгершілік, қабілет, білім) қатар иеленіп, қоғамында 
орын алып, өзекті болып отырған әлеуметтік мәселелерге жауапкершілікпен қарайтын, жеке 
басына ие және қоғамын игілікке жетелей білетін, өз болашағына жауапты, ел болашағына 
ізгілік әкелетін нәрселерді танып, иелене алған адамның түсінігін, ұғымын, ой өрісін, іс-
әрекетін айтамыз.
Осыған байланысты Әл-Фараби мемлекетіне қызмет ететін адамның бойында болуы 
тиіс қасиеттерді былайша сомдаған: «болмыс мінсіздігі, әлеуметтік ортаға бейімділік, 
түсінік, ел жағдайын түсіне білетін және зерделей алатын қабілеттің, есте сақтау қабілетінің 
болуы.
Алғырлық, аңғарымдылық, сезімталдық, ақылды болу, сөзге шешен, өнер, білімге 
құштарлық, жалықпайтын, іздене білетін, еңбекқор, қиындыққа төзімді, барлығын ақылмен 
зерделеп, сабырмен қабылдайтын мінез, ұқыптылық, үлгерімді, қанағатшыл, ар - намысы, 
ұяты мол, иманды, шыншыл, рухы биік, елін сыйлайтын, тектілікті сүйетін, тарихты білетін, 
ізгі нәрселерге ғанаұмтылатын, оңай олжа табуға жирене қарайтын, әділетті, шынайы, 
Бағыттылық (мақсат, 
мотивация, құндылықтар, 
қызығушылықтар
)
Қабілет (дарындылық, 
шеберлік, гений)
Темперамент
Мінез
Тұлға



қайырымды, рақымшыл, ақкөңіл, зұлымдығы жоқ, кез- келген жағдайда дұрыс шешім 
қабылдай білетін, батыл, ер жүрек адам. 
Осы әл-Фараби сомдаған кісілік қасиеттер ұлттық сана негізінде жеке адам мен ел 
болмысының бойында ұялайды, ұлттық мінезді қалыптастырады. 
Сонымен қатар, жеке тұлғаның үш ерекшеліктерін атап өткен жөн: 
Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық 
көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы 
тұрақтылығы анық байқалады. 
Екіншіден, бұл – жеке тұлғаның бірлігі,жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, 
психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара 
тәуелділігі.
Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. 
Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе 
отырып, жоғары моральдық және дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды 
мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға «жеке бөліктерге» бөлініп қалыптаспайды, 
тәрбиеленбейді, әруақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді. 
Үшіншіден, бұл – жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге, 
түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді. 
Жеке тұлғаның қалыптасуына орта, яғни адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-
экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта макро және микро болып 
бөлінеді.
Макро-орта бұл -адамға қажетті әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол 
жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, 
мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары).
Микро-орта бұл адамның ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол — адамды әрдайым 
коршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен 
адамдар әлемі. 
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе 
географиялық орта, ауа райы, табиғат жағдайлары әсер етеді.
Орта компоненттері және олардың адам дамуына әсері: 
1. Табиғи және географиялық орта (ауа райы, табиғат жағдайлары).
Адам организмінің мүмкін болатын күштерін оятады. 
2. Әлеуметтік орта (макро-орта):
а) өндіріс күштерінің дәрежесі;
ә) өндіріс қарым-қатынастарының деңгейі;
б)өмірсүрудің материалдық жағдайы; 
в) мәдени даму дәрежесі;
г) бұқаралық ақпарат құралдары; 
д) техникалық құралдар.
Қоғам адамға талап қояды, мінез-құлық үлгісін береді, санаға әсер етеді, белгілі 
көзқарас енгізеді. Даму жағдайын қамтамасыз етеді. 
3. Микро-орта (үй-іші ортасы, баланы қоршаған жақындарының ортасы, аула, көше 
әсерлері).
Талап-тілектерді анықтайды, құндылықтарды қалыптастырады, қарым-қатынас негізін 
қалайды. 
Туа біткен қасиеттер әлеуметтік ортада қалыптасып, тұлғаның тұрақты жеке дара 
ерекшеліктерін құрайды. Адaмның тұлғaлық ерекшеліктерін оның өзіне және қоршaғaн 
ортaсынa деген қaтынaсы, мінез-құлқы aнықтaйды.
Бұл қасиеттер психология ғылымында «Үлкен бестік» (Big 5) моделінде анықталып, 
сипатталады. Бес фaкторлы «Үлкен бестік» сaуaлнaмaсының әдіснaмaлық негізін 
aмерикaлық психологтaр Р. МaкКрaе мен П. Костa 1983-1985 жж. арaлығындa жaсaғaн.



Р. МaкКрaе мен П. Костaның пaйымдaуыншa, бес тәуелсіз aйнымaлылaр, яғни aдaмды 
психологиялық тұрғыдaн сипaттaйтын темперaмент пен мінездің тұлғaлық фaкторлaры 
aрқылы тұлғaның объективті психологиялық портрет-моделін білуге жеткілікті деп 
есептейді. 
Бес фaкторды OCEAN aббревиaтурaсы aрқылы жaттaп aлуғa болaды, олар: «тәжірибеге 
aшықтық (openness)», «aдaлдық (conscientiousness)» «экстрaверсия (extraversion)», 
«aқкөңілділік (agreeableness)», «нейротизм (neuroticism)».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет