84
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жазылған «Психология» оқу құралы
адамның ішкі,
субъективті әлемі туралы, оның басқа адамдармен қарым-қатынасы мен
құндылықтар жүйесі және мотивациясы, эмоциялық интеллектісі, стресс-менеджмент,
өзіндік анықталу, имидж, мінез-құлық моделдері сияқты қазір әлемдік деңгейдегі
психологиялық аса танымал, әрі әркімге аса қажетті ұғымдарды жан-жақты талдайды.
Оқу құралының басты мақсаты студентті адамзаттың психологиялық әлеміне енгізу,
оның ғылыми түсінігін
қалыптастыруға және тұрмыстық, жеңіл және иррационалды
түсініктрден ажыратуға көмектесу. Адамның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері
мен психикалық бейнесінің мазмұнын ашады.
Оқу құралы арқылы студент психологиялық ғылым мен оның практикасымен алғашқы
танысуы өтеді.
Психология оқу құралында талданған танымдық-психологиялық ақпараттар негізінде
келесі қорытындыларды ұсынуға болады:
1. Алғырлық, аңғарымдылық, сезімталдық, ақылды болу, сөзге шешен, өнер,
білімге
құштарлық, жалықпайтын, іздене білетін, еңбекқор, қиындыққа төзімді, барлығын ақылмен
зерделеп, сабырмен қабылдайтын мінез, ұқыптылық, үлгерімді, қанағатшыл, ар - намысы,
ұяты мол, иманды, шыншыл, рухы биік, елін сыйлайтын, тектілікті сүйетін, тарихты білетін,
ізгі нәрселерге ғана ұмтылатын, оңай олжа табуға жирене қарайтын, әділетті, шынайы,
қайрымды, рақымшыл, ақкөңіл,
зұлымдығы жоқ, кез- келген жағдайда дұрыс шешім
қабылдай білетін, батыл, ер жүрек адам бола білу. әл-Фараби сомдаған осы айтылған кісілік
қасиеттер ұлттық сана негізінде жеке адам мен ел болмысының бойында ұялайды, ұлттық
мінезді қалыптастырады.
2. Мотивация - бұл жеке тұлғаны немесе топтың ішкі немесе сыртқы әсерлер
ықпалынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процесі
3. Эмоцияларды түсіну қабілеті дегеніміз адамның өзінің және өзгенің қандай да бір
эмоциясын сезініп отырғандығын тани білуін, оны анықтап,
атай білуін, осы эмоцияны
тудырып отырған себептерді және оның салдарын түсінуін білдіреді. Эмоцияларды басқару
қабілетіне адам эмоция қарқындылығы мен оның сыртқы көріністерін қадағалай алуы,
сондай-ақ, өзінің бойында белгілі бір эмоцияларды ерікті түрде туындата білуі жатады.
4. Эмоциялық интеллект (EQ) – стресті түсіру, айналадағылармен тиімді қарым-
қатынас орнату, қиындықтарды жеңу және жанжалдарды бәсеңдету үшін эмоцияларды
позитивті және конструктивті бағытта түсіну, анықтау, қолдану және басқару.
5. Стресс қоршаған ортамен өзара әрекеттесуден және адамның жеке дара мінез
қырларына байланысты туындайды. Адамның өзіне тән жеке ерекшеліктері болады: адамның
өзі сол стрестің көзі; басынан бастап стреске «икемді» көңіл бөлуге қабілеттілік керек. Осы
«икемді бірдейлік» жеке бастық бірдейлікпен байланысты болады.
Қорыта айтсақ стресс-менеджмент шарттар мен реакциялардан тұрады: сыртқы
стрестік факторлар; стресті күшейтушілер; стреске деген стрессорлар
мен реакциялардың
арасындағы байланыстырушы звено; жүктеме организмнің физикалық және психикалық
реакциялары.
6.
Темперамент (латын тілінен аударғанда temperamentum – тиісті бөліктердің
қатынасы) - белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының
динамикасы, белгілі бір жағдайда адамның іс-қимылын түсіндіретін психиканың
ерекшеліктері.
Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің
айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Мінез дегеніміз - адамның белгілі
жағдайларда жасайтын тәсілдік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты
даралық ерекшеліктердің
бірлігі
Қабілет дегеніміз – қандайда бір іс-әрекетті жақсы, нәтижелі орындауда бір адамды
екіншісінен ерекшелендіретін жеке дара психологиялық ерекшеліктер болып табылады.
85
7. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады. Қарым-қатынас
психологиясының негізгі мәселесі - адами қарым-қатынастың тұлға аралық және топаралық
формаларын танып-білу
8. Психологиялық денсаулық - бұл адамның әл-ауқаты, іс-әрекетке бейімділік. Бұған
сонымен қатар тамаша көңіл-күй, өзін және басқаларды қабылдау, шығармашылық,
жауапкершілік, тәуелсіздік жатады. Екінші жағынан, жағымсыз
эмоцияларға кедергі
келтіретін жеке тұлғаның деструктивті көріністері бар, олар адамда жалпы наразылық,
реніш, кінә сезімін тудырады
9. Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің
міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.
Объективті қатынастар мен байланыстар:тәуелді болу, бағыну қатынастары,
ынтымақтастық, өзара көмек көрсету және кез-келген нақты топта сөзсіз және заңды түрде
пайда болады.
10.Коммуникация ұғымы негізгі ұғым, адамдар арасында қарым-қатынас формасында
хабарламаларды (белгілерді) алмастыру ретінде анықталады.
11. Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз қарым-қатынастың прагмалингвистикалық,
прагмапсихологиялық сипатын анықтаушы мінез-құлықтың перцептивті, коммуникативті
және интерактивті дәрежесін қамтитын кәсіби коммуникацияның тұлғааралық
мәдениетаралық аймағы.
12. Конфликтіде ең маңыздысы «мен жеңдім-сен жеңілдің»
деген мінез-құлық
моделінен «мен жеңдім-сен жеңдің» деген модельге өту. Конфликт қарым-қатынас
барысында туындайды. Қарым-қатынастағы қақтығыстар, яғни конфликтілер тұлғаның
эмоциялық көңіл-күйімен, мінез-құлқымен тікелей байланысты болады. Қарым- қатынас
барысында адамдар өзара түсінісе алмай реніштер басталады, кайшылыкты пікірлер пайда
болады да конфликт туындай бастайды. Қарым-қатынастағы өзара түсініспеушілік
адамдардың арасында психологиялық кедергілер жасайды.
Өмірде кездесетін әр түрлі күнделікті қиыншылықтарды адамның жеңе алмауы,
төменгі эмоциялық күйі қарым-қатынаста адамды конфликтілі мінез-құлыққа итермелейді,
осы
жағдайлар адамның физикалық, психологиялық денсаулығына кері әсерін тигізеді.
13. Конфликтілі мінез-құлықтың типологиясы мінез-құлықтың екі стиліне негізделген:
адамның конфликтіде басқа адамдардың мүдделеріне назар аударуымен байланысты
ынтымақтастық және өз мүдделерін қорғауға баса назар аударумен сипатталатын
талапшылдық.
14. Әлеуметтік интеллект – адамдар мінез-құлқын дұрыс түсіну қабілеті. Бұл қабілет
тұлғааралық өзара әрекеттің нәтижелілігі мен сәтті әлеуметтік бейімделуі үшін қажет.
15. Имидж (ағыл.
image
— бейне, бейнелеу) — өнер ретiнде мақсатты түрде адамның
өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi
бейнелеп көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: