Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі


Қауіпсіздік және болашаққа деген сенім қажеттілігі



Pdf көрінісі
бет15/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83
Байланысты:
Бердібаева С.Қ. ... Психология оқу құралы Рухани жаңғыру

Қауіпсіздік және болашаққа деген сенім қажеттілігі 
(өмірді, денсаулықты сақтау, 
ертеңгі күнге және зейнет ақымен қамтамасыз етуге деген сенімділік және тағы басқалар). 
Ал бұл топқа қоршаған ортадағы физикалық және психологиялық қауіптерден қорғану және 
физиологиялық қажеттіліктер болшақта қанағаттандырылуына деген сенім жатады. Маслоу 
қауіпсіздік дегенде тек жауға қарсы тұру ғана емес, сонымен қатар ауа райының жағымсыз 


19 
салдарынан қорғану, киім, техникалық құрал–жабдықтармен, транспортқа байланысты, өрт, 
су тасқыны сияқты қауіптерден қорғануды жатқызады. 
Ал психологиялық қажеттіліктер де өте маңызды мотиваторлар болып табылады. 
Психологиялық қажеттіліктерге болашақта адамдардың зейнет ақы алуына сенім, 
медициналық сақтандыру және жұмыссыздыққа берілетін жәрдем ақылар жатады. 
3.
Әлеуметтік қажеттіліктер
(ұжымға қабылдануы, олардың қадірлеуіне және 
қуаттауына, адамдардың жылы лебізді қатынастарына ие болу). Осы топқа адамдардың 
күшті, өзіне сенімді, қабілетті, бәрі жайлы хабардар болуы, сонымен қатар, оны басқалардың 
қабылдауы, түсінуі, қолдауы – осы қажеттіліктердің барлығы жатады. Адамдар оларға қатты 
әсер ететін осы қажеттіліктері арқылы көшбасшы болуға немесе міндеттерді шешуде 
пайдалы, беделді болуға ұмтылады. 
4.
Құрметке ие болу қажеттілігі
– кәсіпорын үшін өзінің қажеттілігі мен 
маңыздылығын сезіну, айналасындағылардан құрмет көру тілегі, әлеуметтік жоғары 
мәртебиеге ие болу. Адамның өзін-өзі сыйлауы, жеке басының жетістіктері, басқалардың
көрсететін қызметі мен құрметін жатқызуға болады. 
5.
Өзін-өзі 
көрсете 
білуге 
деген 
қажеттілік 
(өзінің 
қабілеттерінашуға, 
шығармашылыққа, дамуға, өз өмірінің мәнін түсінуге деген ұмтылыс). Бұл топ адамның 
өзінің білімін, қабілеттілігін, біліктілігін анағұрлым толығымен қолдануға тырысатын 
қажеттіліктер жиынтығын біріктіреді.
Бұл қажеттіліктер басқа қажеттіліктерге қарағанда көбінесе жеке сипатта болады
себебі адамдар өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылады және тұлғар етінде 
дамуына мүмкіндік туады.
Осы қажеттіліктері бар адамдар көбінесе, өзін және басқаларды қабылдауға ашық, бір 
нәрсе жасағыш, ойлап тапқыш және тәуелсіз болады. Осындай адамдарды басқару 
барысында оның қабілеттіліктерін толығымен іс жүзіне асыруға мүмкіндік беретін ерекше 
тапсырмаларды берген дұрыс. 
Маслоудың қажеттіліктер теориясы қажеттіліктердің табиғатын анықтайтын сұрақтарға 
жауап бере алмады. Осы теорияның негізгі міндеттері адамның жұмысқа деген
мотивациясына белгілі бір қажеттіліктер қалай әсер ететінін, адамдарға олардың 
қажеттіліктерін белгілі бір сипатта қанағаттандыруына мүмкіндік бере отырып, оларға әсер 
етуге тырысуды көрсету болып табылады. 
Маслоу теориясы бойынша бұл айтылған қажеттіліктерді қатаң иерархиялық құрылым 
ретінде орналастыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет