21
балаларға былай деді: «Білесіңдер ме, балалар, бүгін жағдайым өзгерді, енді сендерге 50
центтен ғана беремін» деді. Балалар ақшаны алып ары қарай ойнады, бірақ ақырын
құлшыныспен. Ертеңіне жаңағы ақылды адам 20 центтен беріп айтты: «Ертең тағы келіңдер,
сендерге 5 центтан берем» деді. Балалар бұған былай жауап берді: «міне тағы, біз 5 цент
үшін ойнап айқайлаймыз ба»деді. Міне осылайша қарт адам терезесінің алдындағы айқай
шудан арылды.
Бұл қандай мағынада айтылған әңгіме? Ол ішкі және сыртқы мотивация жайында. Бұл
қарт адам балалардың ішкі мотивациясын төмендетті (олардың эмоциялары, еркін ойнау,
«жүгіру және айқайлау») сыртқы мотивацияға ауыстыра отырып (ақшалар), жойылып
кетуіне себеп болды.
Ішкі мотивация–бұл тыным бермейтін «отын» тәрізді, сәтсіздікке ұшырамау мен
қиындыққа кетпеуді негіздейді. Ішкі мотивация келесі құбылыстардан құрылады:
- армандау, ұмтылу;
- шығармашылыққа ұмтылу;
-өзіне сенушілік пен, талап ету;
- көз жеткізу;
- әуесқойлық;
- тұлғаның өсуі;
- қарым-қатынас қажеттілігі.
Сыртқы мотивацияға жататындар:
- ақша;
- мансап;
- мәртебе, мерей;
- абырой, дүние-мүлік (үй, машина және т.б.);
- сапар шегу мүмкіндігі.
Сыртқы мотивация ылғи өзгереді, ол табыста балалайды және сәтсіздіктерде
аласұрады, бүгін қуантқанымен, ертең керісінше болуы мүмкін. З.Фрейд айтқандай, адам
хайуандар сияқты уайымнан қашып, қанағаттануға ұмтылады. Адам әрекетін қабылдамаумен
қатар, адам нені қалайды, не нәрседен кеткісі келетінін анықтап алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: