Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі


Д. Гоулмен эмоциялық интеллект құрылымын келесі түрде сипаттайды



Pdf көрінісі
бет21/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83
Байланысты:
Бердібаева С.Қ. ... Психология оқу құралы Рухани жаңғыру

Д. Гоулмен эмоциялық интеллект құрылымын келесі түрде сипаттайды:
1.
Өзіндік сана: өзіндік санасы жоғары дамыған көшбасшылар өз эмоциялары мен 
сезімдерінің әсерін саналау қабілетті, бұл қасиет оларға күрделі жағдайларда мінез-
құлықтың ең үздік тәсілін таңдауға көмектеседі. 


24 
2.
Өзін-өзі қадағалау: эмоцияны қадағалау, ашықтық, бейімділік, жеңуге деген ерік-
жігер, бастамашылық, оптимизм. Өзін-өзі қадағалауы жоғары дамыған көшбасшылар - 
стрестерге төзімді, дағдарыс уақытысында тыныштық пен байыптылық сақтай білетін, 
аумалы-төкпелі жағдайларға тез бейімделе алатын тұлғалар. 
3.
Әлеуметтік сезгіштік: эмпатия, іскер және білімдарлық, елгезектік. Осындай 
қасиеттерге ие көшбасшылар қоршаған адамдарды тез түсініп, олардың орнына түсе алады; 
адамдардың қажеттіліктеріне өте сезімтал болып табылады. 
4.
Қатынастарды басқару: ынталандыру, ықпал ету, жетілуге көмектесу, өзгерістерге 
қолдау көрсету, шиеленістерді реттеу. Осындай сипаттарға ие көшбасшылар өзінің қол 
астындағы адамдардың үн қатысуына ықпал етіп, оларды алға қойылған міндеттерді жүзеге 
асыруға жігерлендіре алады. Мұндай тұлғалар ұжым шеңберінде ауыз біршілік пен бір-біріне 
сенімді қалыптастыра алады. 
Эмоциялық интеллект келесі құрылымдық компоненттерден тұрады: Өзінің эмоциясын 
тану. Субъектінің эмоциялық тәжірибесі үшін эмоцияны сезіну мен оны сөзбен жеткізе білу 
(анықтау) аса маңызды. Эмоцияларды сөзбен айтып жеткізудің негізгі қызметтерін бөледі.
Олар: тәжірибе, тұлға аралық коммуникация, эмоциялық экспрессия. Эмоцияларды 
тану алекситимияға шалдыққан адамдарда қиындық тудырады. «Алекситимия» («сөзсіз 
сезім») терминін америкалық психиатр Сифнес енгізген.
Алекситемияның маңызды белгілері мыналар болып табылады: өз сезімдерін сипаттап 
бере алмау; сезімдерді және дене түйсіктерін ажырата алмау; қиялдың жетімсіздігі, 
ебедейсіздік. 
Эмоцияларды тану – эмоцияларды дұрыс қабылдап, анықтауға, сипаттауға мүмкіндік 
беретіндіктен, анағұрлым тиімді коммуникация, яғни қарым-қатынас орнатуға зор ықпалын 
тигізеді. Эмоцияны меңгеру – өзін-өзі бақылаумен байланысты.
Дұрыс эмоциялық экспрессия физикалық және психикалық денсаулықты сақтаудың 
маңызды факторы болып саналады. Эмоцияларды тежеу әртүрлі аурулардың пайда болуына 
әкеліп соғады. Онымен қоса эмоциялық экспрессияны бақылай алмау тұлға аралық қарым-
қатынасты қиындатады.
Сондықтан, эмоциялық экспрессияны бақылай алмау мәселесі субъектінің өзі үшін ғана 
емес, оның айналасындағы адамдар үшін де қолайсыз болып келеді. Сонымен қатар, 
эмоциялық экспрессия тұлға аралық қатынастар сапасына да ықпал етеді. 
Мәселен, белгілі бір жағдайларда аса ұстамдылық, шыдамдылық көрсеткен адам 
немқұрайлы, селқос, тәкаппар болып танылады, бұл өз кезегінде өзге адамдарда таңдану 
немесе жақтырмау сияқты жағымсыз қатынасты қалыптастырады. 
Я. Рейковский эмоцияларды көрсету (білдіру) қиындықтарының келесі себептерін 
келтіреді: адамдар қоғамда қалыптасқан эмоция көріністері түрлерін меңгермеген; өзін-өзі 
бақылай алмаудан қорқумен байланысты өз сезімдерін білдіріп қоюдан немесе айналадағы 
адамдардың жазғыруынан күлкіге қаламын-ау деген ойдан қорқу (абыройын түсіруден 
немесе мазақ болудан қорқу); туа біткен факторлар; отбасында және өзіне жақын ортада 
үстемдік ететін мінез-құлық нормаларын игеру. 
Эмоцияларды түсіну. И.А. Романованың анықтауынша, өзін-өзі түсінудің эмоциялық
сезімдік, эмпатиялық сипаты бар, әрі өзін-өзі тану тереңдігі эмоциялық қабілеттердің даму 
деңгейімен байланысты, ол өз кезегінде эмоцияларды ұғынуды қамтамасыз етеді.
Эмоцияларды ұғыну – оларды санаға бекітуді меңзейді. Дегенмен, санаға кез келген 
эмоциялық үрдіс бекітіле бермейді немесе керісінше болуы мүмкін. Осыған байланысты, 
эмоцияларды ұғынуға байланысты екі құбылысты бөлуге болады: іс-әрекет ағымына және 
субъективті әсерлерге ықпал ететін дербес және біріккен үрдістің көрінуі (бұл жағдайда адам 
әлдебір нәрсені сезініп жатқанын біледі, бұл сезім бұрынғыдан ерекшеленеді); шын ұғыну – 
сөздік (белгілік) категорияларда көрінетін жеке жай-күйлері туралы білімдермен 
нәтижеленеді.
Ұғынудың бұл екінші түрі эмоциялары басқару үрдісі, эмоцияларды алдын ала көру 
қабілеті негізінде жатыр. 


25 
Эмоцияларды түсіну – оларды көрсете, білдіре алу мүмкіндіктерімен байланысты. 
Эмоция тілін меңгеру – сол мәдениетте қалыптасқан эмоция көріністерін меңгеруді, сондай-
ақ адамның өмір сүретін және жұмыс істейтін ортасындағы адамдар эмоцияларының жеке 
көріністерін түсінуді талап етеді. 
Эмоцияларды түсіну оларды білдіруден әлдеқайда күрделі.Эмоцияларды түсіну – 
эмпатияның даму деңгейімен де байланысты. К. Роджерс бойынша басқа тұлғамен қарым-
қатынастың эмпатиялық тәсілінің бірнеше қыры бар.
Эмпатия өзгенің жеке әлеміне ену және ол әлемде өзін «өз үйіндегідей» сезіну. 
Эмпатия 
қарым-қатынастағы 
серіктесінің 
өзгермелі 
жан 
тебіреністеріне 
деген 
сезімталдықтан тұрады. Бұл дегеніміз өзгенің өмірімен уақытша өмір сүруді бейнелейді.
Эмпатияға қабілеттілік, жанашырлық – жауапкершілікті, белсенділікті, жігерлікті, 
нәзіктікті, қайырымдылықты, кішіпейілділікті білдіреді. 
Өзге адамдардың эмоцияларының жеке-дара ерекшеліктерін түсіну қиындықтарының 
келесідей себептерін бөлуге болады: өзінің жеке басына ғана көңіл бөлу – өзге адамдардың 
эмоциялық күйін байқай алмауға және дұрыс бағаламауға әкеледі; өзге адамдардың 
эмоциясымен байланысты үрейлену сезімі; өзге адамдардың эмоцияларын түсінбеуден 
қандай да бір пайда табу. 
Эмоциялық интеллект (EQ) – стрестің алдын алу, айналадағылармен тиімді қарым-
қатынас орнату, қиындықтарды жеңу және жанжалдарды бәсеңдету үшін эмоцияларды 
позитивті және конструктивті бағытта түсіну, қолдану және басқару. 
Эмоциялық интеллект – күнделікті өмірімізге, мысалы күнделікті жүріс-тұрысымызға, 
өзге адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға қажет. Егер адамда эмоциялық интеллект 
деңгейі жоғары болса, онда ол өзінің және өзге адамдардың эмоциялық күйін тани біледі, 
адамдарды өзіне жақын тартып, баурап алады.
Эмоцияларды түсіну – өзге адамдармен дұрыс қатынаста болуға, қызметте үлкен 
табыстарға қол жеткізуге және толыққанды өмір сүруге мол мүмкіндік береді. 
Ғалым-зерттеушілердің анықтауынша, эмоциялық интеллектінің төрт атрибуты бар: 
Өзіндік сана. Тұлға өз эмоциясын және өз ойлары мен мінез-құлқын, өзінің күшті және 
әлсіз тұстарын ұғына біледі, өзіне-өзі сенеді. Өзін-өзі басқару. Тұлға өзінің импульсивті 
сезімдері мен мінез-құлқын бақылай алады, эмоцияны позитивті бағытта басқарып, 
бастамашылдық көрсете біледі, өз міндеттерін орындайды және өзгермелі жағдайларға оңай 
бейімделеді. 
Қоғамдық сана. Адам өзгелердің эмоциясын, қажеттіліктері мен қызығуларын түсінеді, 
эмоциялық сигналдарды аңғара біледі, әлеуметтік қатынастарда өзін қолайлы сезінеді. 
Қатынастарды басқару. Басқалармен жақсы, үйлесімді қатынастарды дамыту әрі сақтау, 
оларды шабыттандырып, қолдау көрсету, жанжалды басқара білу. 
Сонымен эмоциялық интеллект ықпал етеді: 
Жұмыстың нәтижелі болуына. Эмоциялық интеллект жұмыс орнында әлеуметтік 
қиындықтарға бағдарлануға, басқаларды басқаруға және оларды түрткілендіруге, 
жетістіктерге жетуге көмектеседі. Сондықтан эмоциялық интеллектіні кәсіби мүмкіндік 
ретінде қарастыруға болады. 
Физикалық денсаулыққа. Егер стресс жағдайын басқара алмаса, ол қиын мәселелердің 
туындауына әкеледі. Стресті қадағалап, басқара алмаудан қан қысымы көтеріліп, иммундық 
жүйе әлсірейді, жүрек ұстамасының тәуекелдігі артады, қартаю үрдісі тездейді. 
Психикалық денсаулыққа. Басқарылмайтын стресс психикалық денсаулыққа да әсер 
етпей қоймайды, адам мазасыздық, депрессияғабейімболып келеді. Егер адам өз 
эмоцияларын басқара алмаса, ұнжырғасы түсіп, көңіл-күйі де болмайды. 
Оның үстіне басқалармен берік қатынастар орната алмаудан адам жалғыздық күйін 
кешеді. 
Қарым-қатынасқа. Егер адам өз эмоцияларын түсініп, оларды бақылай білсе, өзгелерге 
де түсіністікпен қарап, жеке өмірінде де, қызметте де үйлесімді қарым-қатынас орната 
алады. 


26 
Белгілі профессор Константинос Петридес – эмоциялық интеллектіні зерттеп жүрген 
ғалым. Ол «Эмоциялық интеллектің белгілері» атты кітап жазған. Сол кітапта EQ-ні тануға
арналған бірнеше әдіс ұсынған. Оның айтуынша, ең алдымен, өзіңізге «Мен кіммін?» 
деген сұрақ қоясыз. Содан кейін ғана «Нені сезіп тұрмын?» деген сұрақпен жалғастыру. 
Тәсілдің мәні – адам өзін түсініп, эмоцияларын тануы керек. Осыдан кейін
айналасындағылардың сезімін талдап үйрену қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет