«Қазақтелеком» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағЫ 2011 жылға есебі



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата03.03.2017
өлшемі9,6 Mb.
#6382
1   2   3   4   5   6

ЕС5 көрсеткіші

1-разрядты тарифтік ставка мен ең аз жалақы 

мөлшерінің ара қатынасы

Қ 

азақстан  Республикасының  Еңбек  кодексінің 



нормаларына  сәйкес  еңбекке  ақы  төлеуді 

ұйымдастыруға мынадай талаптар белгіленген:

•  ең  аз  ай  сайынғы  жалақы  мөлшері  (ЕАЖМ)  – 

біліктілікті  қажет  етпейтін  жай  еңбек  (қиындық 

деңгейі  жоғары  емес)  қызметкерінің  қалыпты 

жағдайларда  және  жұмыс  уақытының  қалыпты 

ұзақтығында  айына  өз  еңбек  нормаларын  (еңбек 

міндеттерін)  орындауы  кезінде  төленетін  ең  аз 

кепілді ақшалай төлем;

•  Қазақстан  Республикасының  тиісті  қаржылық 

жылға  арналған  республикалық  бюджет  тура-

лы  заңмен  жыл  сайын  белгіленетін    ЕАЖМ  өмір 

сүру  минимумынан  кем  болмауы  тиіс  және  оған 

қосымша  ақы  мен  үстемеақы,  өтемақы  және 

әлеуметтік  төлемдер,  сыйлықақы  және  басқа  ын-

Аталған  субсидияларға  қатысты  шарттар  мен 

шарттық  міндеттемелер,  ауылдық  елді  мекендерді 

телефондандыру және мектептерді интернетке қосу 

бойынша  Компанияның  алдына  қойылған  барлық 

міндеттер орындалды. 

Әлеуметтік 

маңызы 


бар 

аудандарда 

телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету 

кезінде  келтірілген  шығындарды  өтеуге  арналған 

субсидиялар мөлшері 

5 574 617

  мың теңгені құрады.

таландырушы төлемдер қосылмайды және жұмыс 

істеген уақытына пропорционалды түрде төленеді;

•  бір  айға  белгіленген  жұмыс  уақытын  толық 

атқарған және еңбек нормасын (еңбек міндеттері) 

орындаған  қызметкердің  айлық  жалақысының 

мөлшері  Қазақстан  Республикасының  заңымен 

белгіленген  ЕАЖМ-нен  төмен  болмауы  тиіс  (2011 

жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЖМ 15 999 теңгені 

құрады). 

«Қазақтелеком»  АҚ-да  1-разрядтың  тарифтік  ставка-

сы 16 700 теңгеден басталады.  



1-разрядтың тарифтік ставкасы, теңге

16 700


Қазақстан Республикасының 

республикалық бюджет туралы заңында 

жыл сайын белгіленетін ЕАЖМ, теңге

15 999


1-разрядты тарифтік ставка мен ЕАЖМ 

ара қатынасы

1,04: 1,0


33

Экологиялық көрсеткіштер

Әлеуметтік көрсеткіштер

ЕN3 көрсеткіші

Энергия


«Қазақтелеком» 

АҚ 


өзі 

тұтыну 


үшін 

жаңғыртылмайтын  энергия  көздерін  пайдаланады, 

атап айтқанда:  бензин, дизель отыны, көмір, табиғи 

газ.  Қоғамда  тікелей  энергия  көздері  өндірілмейді 

және  сатылмайды.  Қоғам  тікелей  жаңғыртылатын 

энергия көздерін пайдаланбайды.



LA2 көрсеткіші

Қызметкерлердің құрамы мен тұрақтамауы

2011  жылы  қызметкерлердің  тұрақтамауы  7,8% 

деңгейінде 

болды. 

Кадрлардың 



тұрақтамау 

деңгейінің игіліктілік аймағы шегінде сақталу тенден-

циясы  тұрақты  (10%  дейін)  болып  табылады.  Ерлер 

мен әйелдердің ара қатынасы 60%  және 40% құрады.

Жасқа  қатысты  санат  бойынша  қызметкерлердің 

құрамы мынадай:

•  24 жасқа дейін – 11,5%;

•  25-тен 29 жасқа дейін – 14%;

•  30-дан 45 жасқа дейін – 38,5%;

•  46 және одан жоғары жастағылар  – 36%.



LA4 көрсеткіші

Ұжымдық шартпен қамтылған қызметкерлер үлесі 

Ұ

жымдық  шарттың  қағидалары  Компанияның 



барлық қызметкерлеріне таралады. Ұжымдық 

шартпен  қамтылған  қызметкерлердің  үлесі 

Қоғам  қызметкерлерінің  жалпы  санының  100  % 

құрайды.


LA1 көрсеткіші

Қызметкерлердің жалпы саны

«Қазақтелеком»  АҚ  ел  аумағындағы  ірі  жұмыс 

беруші  болып  табылады.  2011  жылы  Компания 

қызметкерлерінің  нақты  саны 

29,5  мың

 

адам-


ды

  құрады.  2009  жылмен  салыстырғанда  (30,3 

мың  адам)  қызметкерлердің  саны  2,7%  азай-

ды,  бұл  «Қазақтелеком»  АҚ  ұйымдық  басқару 

құрылымын  жетілдірумен  және  қызметкерлер  са-

нын оңтайландырумен байланысты болды. Мұнымен 

бір  мезгілде  есепті  кезеңде  жаңа  қызмет  түрлерін 

енгізуге,  телекоммуникация  желісін  салу  және 

дамытуға байланысты жұмыс орындары ашылды. 

Қызметкерлердің негізгі санаттар бойынша үлестері 

мынадай:  басшылар  –  8,5%,  мамандар  –  42,1%, 

қызметшілер – 0,2%, жұмыскерлер – 49,2%.



 LA3 көрсеткіші

Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау  

«Қазақтелеком»  АҚ  Ұжымдық  шартқа  сәйкес 

қызметкердің жұмыспен қамтылу сипатына (тұрақты 

немесе  уақытша)  қарамастан  мынадай  әлеуметтік 

қолдау түрлерін көрсетеді: 

•  үйленуді тіркеу кезіндегі материалдық көмек;

•  бала тууға/жаңа туған нәрестені асырап алуға бай-

ланысты материалдық көмек;

•  жыл  сайынғы  еңбек  демалысын  ұсыну  кезіндегі 

сауықтыруға арналған материалдық көмек; 

•  уақытша 

еңбекке 

жарамсыздық 

бойынша 

әлеуметтік жәрдемақы төлемі;

•  бір жарым жасқа жеткенге дейін  бала күтімі бой-

ынша қосымша демалыс төлемі; 

•  мерейтойлық  даталарға  орай  қызметкерлерді 

бағалы сыйлықпен көтермелеу;  

•  зейнетке  алғаш  рет  шыққан  кездегі  біржолғы 

жәрдемақы;

•  қызметкерге 1 немесе 2-топ мүгедектігі белгіленген 

жағдайдағы біржолғы жәрдемақы;  

•    қызметкердің  жақын  туысының  қазасына  байла-

нысты  жерлеу  рәсімін  ұйымдастыруға  арналған 

материалдық көмек. 

Компания  2011  жылы  қызметкерлерге  мынадай 

бағыттар  бойынша  жалпы  сомасы    4  024  860  мың 

теңгеге төлемдер жасады:    



Тікелей жаңғыртылмайтын энергия 

көздерін пайдалану жиынтығы, 

ГДж

825 100


Оның ішінде:

Бензин, ГДж

332 500

Дизель отыны, ГДж



269 364

Көмір, ГДж

162 526

Табиғи газ, ГДж



60 707

Қызметкерлердің және олардың отбасы 

мүшелерінің денсаулығын қолдау (санаторлы-

курорттық ем және ерікті медициналық 

сақтандыру), мың теңге

300 899


Уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарына 

заңнамада көзделген мөлшерден артық төлеу

мың теңге 

51 362


Еңбек демалыстары (еңбек демалысына 

берілетін материалдық көмек, бала күтімі 

бойынша демалыс төлемі және көтермелеу 

сипатындағы қосымша демалыс күндері), мың 

теңге

3 027 501



Наградаларға берілетін төлемдер мен үстеме 

ақылар, мың теңге

3 680

Зейнетке шығу кезіндегі төлемдер, мың теңге



462 303

Өмір жағдайларына байланысты төлемдер, 

мың теңге

131 880


Оқу демалыстарына төленетін ақы, мың теңге

47 235


34

LA5 көрсеткіші

Компанияның  өз  қызметін  айтарлықтай  өзгертуге 

қатысты  хабарлау бойынша міндеттемелері 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес 



хабарлау мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды. 

Хабарлаудың жалпы мерзімі қызметкердің мүддесі 

үшін  хабарлаудың  барынша  ұзақ  кезеңін  көздеу 

жөніндегі  жұмыс  берушінің  құқығына  сәйкес 

Қоғамның  Ұжымдық  шарты  бойынша  45  күнтізбелік 

күн болып белгіленген. 

Сондай-ақ 

Қоғамның 

Ұжымдық 

шартында 

кәсіподақтарға  жұмыс  орындарын  қысқартуға  не-

месе  жұмыс  жағдайларының  нашарлауына  алып 

келуі мүмкін Қоғам филиалдарын таратуға, өндірістің 

толықтай немесе жартылай тоқтатылуына байланыс-

ты  қызметкерлердің  құқықтары  мен  мүдделерін 

сақтау  мақсатында  кәсіподақтармен  келіссөздер 

жүргізу  мүмкін  болуы  үшін  оларға    кемінде  екі 

ай  бұрын  жазбаша  хабарлауды  қамтамасыз  ету 

міндеттемесі көзделген. 

2011 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның 

көрсетілген хабарлау мерзімдерін сақтамау мәселесі 

бойынша бір де бр өтініш түскен жоқ және тіркелген 

жоқ.

LA7 көрсеткіші

Өндірістік жарақаттану

2011  жылы  өндірістік  жарақаттану  бойынша  қаза 

болу оқиғалары тіркелген жоқ. 

Қоғам бойынша өндірістік жарақаттану деңгейі 0,2% 

құрады, оның ішінде Ақтөбе облысы бойынша  –  0,9%, 

Шығыс  Қазақстан  облысы  бойынша  –  0,4%,  Батыс 

Қазақстан  облысы  бойынша  –  1,0%,  Алматы  қаласы 

бойынша – 0,8% және Астана қаласы бойынша – 1,1%. 

Денсаулықты 

қорғау 

және 


қауіпсіз 

еңбек 


жағдайлары

 – Компанияның корпоративтік әлеуметтік 

бағдарламасының  бір  бөлігі.  Қоғамда  еңбек 

қауіпсіздігін  және  еңбекті  қорғауды  басқару  жүйесі 

іске  қосылған  және  еңбекті  қорғаудың,  техникалық 

қауіпсіздіктің    жай-күйіне  тұрақты  түрде  әдістемелік 

басшылықты, талдау мен бақылауды қамтамасыз етіп 

отырады.


2011  жылы  Қазақстан  Республикасының  Еңбек 

кодексіне  сәйкес  бірқатар  іс-шаралар  орындалды, 

атап айтқанда: 

•  басшыларды,  мамандарды  және  еңбек  қауіпсіздігі 

мен еңбекті қорғауға жауаптыларды оқыту;  

•  қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі;

•  жұмыс орындарын аттестациядан  өткізу;

•  белгілі 

санаттағы 

қызметкерлерді 

арнайы 

киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныс 



құралдарымен қамтамасыз ету.

Еңбекті  қорғау  және  өндірістік-тұрмыстық  жағдай 

бойынша жыл сайынғы байқау өткізілді. Жеңімпаздар 

ақшалай  сыйлықақымен  және  құрмет  грамоталары-

мен марапатталды. 

LA13 көрсеткіші

Басшы органдардың құрамы 

Қ

оғамның  Директорлар  кеңесі 



9

  адамнан 

тұрады,  оның  ішінде  ерлердің  үлесі  – 

78%


әйелдердің  үлесі  – 

22%

.  Директорлар  кеңесі 



мүшелерінің

 78%


 30-дан 50-ге дейінгі аралықтағы жас 

санатында, 

22%

 -  50 жастан үлкен санатты құрайды.



Қоғамның  Басқармасы   

7

  адамнан  тұрады,  ерлер 



үлесі  -  

100%


, 30 бен 50 жас аралығындағылар   - 

85%


50 жастан үлкендері – 

15%



LA14 көрсеткіші



Ерлер мен әйелдердің орташа айлық жалақысының 

ара қатынасы 

E

рлер 


мен 

әйелдердің 

орташа 

айлық 


жалақысының ара қатынасы 

0,98


 құрады. 

ҚР  Еңбек  кодексінің  қағидаларына  сәйкес 

еңбек құқықтарын жүзеге асыру барысында ешкімді 

жынысына  қарай  қандай  да  бір  кемсітуге    болмай-

ды.  Әркім  еңбек  саласындағы  өз  құқықтары  мен 

еркіндігін жүзеге асыруда тең мүмкіндіктерге ие. 

«Қазақтелеком»  АҚ  қызметкерлері  санының 

құрылымында 

жыныстық 

белгісі 


бойынша 

ерлердің  үлесі 

62,2%

  құрайды.  Лауазымдық  жалақы 



қызметкердің  біліктілігін,  орындайтын  жұмысының 

күрделілігін,  саны,  сапасы  мен  жағдайларын  ескере 

отырып, еңбек міндеттерін орындау үшін белгіленеді. 

LA10 көрсеткіші

Қызметкерлерді оқыту

Б

ір  қызметкерге  шаққандағы  орташа  оқыту 



сағаты  жылына 

0,63


  сағатты  құрады,  оның 

ішінде әкімшілік қызметкерлер бойынша - 1,38 

сағат, өндірістік қызметкерлер бойынша - 

0,56


 сағат.  

Бұл  көрсеткішті  есептеу  кезінде  ИКТАД,  сондай-ақ 

Қоғамның  өңірлік  және  облыстық  қызметкерлерді 

дамыту  орталықтарының базасында өткізілген оқыту 

есепке алынды.


35

HR9 көрсеткіші

«Қазақтелеком»  АҚ  көпұлтты  компания  бола  оты-

рып,  түрлі  ұлттар  мен  ұлыстардың  өкілдері  ара-

сында  теңдік  қағидатының  сақталуын  қамтамасыз 

етеді.  Компанияда  қазақтар    (60%),  орыстар  (28%), 

украиндар  (4%),  татарлар  (2%),  немістер  (1%),  басқа 

ұлт өкілдері  (5%) өз еңбек қызметін жүзеге асырып 

келеді.  

Компания  қызметінде  ұлттық  баланс  қағидаты 

лауазымға қабылдау және тағайындау, кандидатура-

ларды марапаттауға ұсыну, қызметкерлер ротациясы 

сияқты мәселелерді шешуде басымды болып табыла-

ды. 

Жергілікті және саны аз халықтардың құқықтарына 



қатысты ресми оқиғалар 2011 жылы тіркелген жоқ. 

SO5 көрсеткіші

Мемлекеттік саясатқа қатысу

Қ

азіргі  заманда  елдің  әлеуметтік  және 



экономикалық дамуы бизнес пен мемлекеттің 

серіктестігінсіз  мүмкін  емес.  Мемлекет  те-

лекоммуникация  саласын  нормативтік  реттеуді 

жүзеге  асырады,  экономикалық  ахуал  тудырып, 

оны  дамытудың  стратегиялық  даму  мақсаттарын 

белгілейді.  

Біз  билік  органдарымен  өзара  іс-қимылдың 

мәнін  түсіне  отырып,  биліктің  атқарушылық 

және 

заңнамалық 



тармақтарымен 

қарым-


қатынасты  қолдаймыз,  саланы  дамыту  жөніндегі 

ведомствоаралық  жұмыс  топтарының  жұмысына 

қатысамыз.  

Компания  телекоммуникация  саласын  дамытуға 

белсенді және тікелей атсалысады, біз бұл ретте даму 

үдерістің  барлық  қатысушыларының,  оның  ішінде 

байланыс операторларының, мемлекеттің және жал-

пы қоғамның мүддесіне сай болуы тиіс деген ұғымды 

ұстанамыз.  

Осыған  байланысты  «Қазақтелеком»  АҚ  Оператор-

лар кеңесі, «Интернет трафикпен алмасу ортылығы» 

қауымдастығы  аясында  барынша  өзекті  пробле-

малар  бойынша  операторлармен  және  мемлекет-

пен  өзар  іс-қимылға  ерекше  көңіл  бөледі,  сондай-

ақ  байланыс  саласындағы  барынша  тиімді  реттеу 

модельдерін  әзірлеуде  билік  органдарына  қолдау 

көрсетеді.  2011  жылы  Компания  Қазақстанның 

Байланыс  операторлары  кеңесінің  барлық  отыры-

старына,  Қазақстандағы  ӨБД  отырыстарын  және 

Қазақстандағы  ХЭО  шеберлік  орталығының  семи-

нарларын  ұйымдастыруға  қатысты.  ҚР  Парламенті 

HR4 көрсеткіші

Кемсітуді болдырмау

Қ

оғамдағы  еңбек  қызметі  Конституцияға, 



Еңбек  кодексіне,  басқа  нормативтік  құқықтық 

актілерге,  Ұжымдық  шартқа  және  ішкі 

құжаттарға  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Еңбек 

қатынастарына қатысты Қоғам ең алдымен мынадай 

қағидаттарды басшылыққа алады:

1.  еңбек саласында адам мен азамат құқықтарын 

шектеуді болдырмау;

2.  кемсітуге, еріксіз еңбекке  және балалар еңбегінің 

ең нашар түрлеріне жол бермеу;

3.  қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің 

теңдігі. 

«Қазақтелеком» АҚ еңбек саласындағы және еңбек 

саласындағы әркімнің өз құқықтары мен еркіндіктерін 

іске  асыруына    тең  мүмкіндік  құқығын  кемсітуге 

тыйым  салуға  бейілді,  өз  қызметінде  мұны  қатаң 

ұстанады.  Мысалы,    «Қазақтелеком»  АҚ  Іскери  әдеп 

кодексінде  жұмыс  орнында  кемсіту  немесе  қысым 

көрсетудің    қандай  да  болсын  түрлерін  болдырмау 

туралы Қоғамның міндеттемесі қарастырылған. 

2011 ЖЫЛЫ КЕМСІТУ 

ЖАҒДАЙЛАРЫ БОЙЫНША 

РЕСМИ ӨТІНІШТЕР ТІРКЕЛГЕН 

ЖОҚ. 


36

Мәжілісі  мен  Сенатының  көшпелі  отырыстарын 

ұйымдастырды,  2011  жылғы  мынадай  маңызы  зор 

іс-шараларды  ұйымдастыруға  және  техникалық 

қолдауға қатысты:

•  7-ші  Азия  ойындарын  ақпараттық  демеу. 

«Қазақтелеком»  АҚ  барлық  техникалық  және 

дайындық іс-шараларды ұйымдастыруды  жоғары 

деңгейде жүзеге асырды;

•  ТМД 


20-жылдығына 

арналған 

Мемлекет 

басшыларының қатысуымен 2011 жылдың 28 мау-

сымы мен 3 шілдесі аралығында Мәскеу қаласында 

өткен Ведомствоаралық көрмеге қатысу. Көрмені 

өткізу  қорытындылары  бойынша  «Қазақтелеком» 

АҚ  кәсібилік  пен  сапалы  дайындық  үшін  Құрмет 

грамотасымен марапатталды;

•  жыл  сайынғы  ІІІ    «Telecom  2011»    форумын 

ұйымдастыруға қатысу және техникалық қолдау; 

•  «Қазақстан  Республикасы  Президентімен  тікелей 

эфир» өткізу кезіндегі техникалық қолдау; 

•  Мемлекет басшысының қатысуымен 2011 жылдың 

бірінші  жарты  жылдығында  іске  қосылған  Инду-

стриалдандыру  картасы  жобаларының  таныс-

тырылымы  бойынша  Жалпыұлттық  телекөпірді 

жария  етуге  арналған  баспасөз  орталығын 

ұйымдастыру;  

•  Индустриалдандыру  күнін  тойлау  мен  «Алтын 

сапа»  және  «Парыз»  Президенттік  сыйлықтармен 

марапаттау рәсімі аясында өткізілген Индустриал-

дандыру картасы жобаларын іске асыру бойынша 

телекөпірді  техникалық  қолдау  және  конкурсқа 

қатысу. 

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН 

ӨТЕТІН БКБ, СОНДАЙ-АҚ 

ҮКІМЕТ ПЕН КЕДЕНДІК ОДАҚ 

ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ОТЫРЫС-

ТАРЫНА ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ  

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ 

КӨРСЕТІЛЕДІ. МЕМЛЕ-

КЕТ ҮШІН ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ 

АУҚЫМДЫЛЫҒЫ МЕН 

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТҮСІНЕ 

ОТЫРЫП, БІЗ ҚЫЗМЕТТІҢ 

БАРЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІНДЕ 

ЗАҢНАМАНЫҢ САҚТАЛУЫН 

ҚАТАҢ БАҚЫЛАП ОТЫРАМЫЗ. 

Біз  мемлекетке  телекоммуникация  саласын  рет-

теудің оңтайлы тетіктерін дайындауда сараптамалық 

көмек  көрсетуге  және  байланыс  қызметін  ұсыну 

үдерісінің  барлық  қатысушыларының  назарындағы 

проблемаларға нарық операторларының көзқарасын 

жеткізуге тырысамыз. 

2011 жылы «Қазақтелеком» АҚ талқылауға қатысқан 

байланыс  саласы  дамуының  мейлінше  өзекті 

мәселелері мыналар: 

•  тарифтік саясат тұжырымдамасы;

•  табиғи  монополия  саласынан  қалааралық, 

халықаралық  телефон  трафигін  өткізу  және  қосу 

қызметтерін алып тастау

•  табиғи  монополия  субъектілері  қызметтері 

тізбесін қысқарту;

•  кәбіл  кәріздері  бойынша  тарифтерді  есептеу 

әдістемесін бекіту;

•  жергілікті  телефон  байланысының  әмбебап 

қызметін ұсыну шығындарын субсидиялау; 

•  жергілікті  телефон  байланысы  қызметтеріне 

тарифтерді қайта баланстау;

•  секунд  бойынша  тарифтеуді  енгізу  мерзімін 

2012.01.01-інен 2012.01.07-сіне  ауыстыру. 

Компанияның 

әлеуметтік 

бағыттылығы 

жалпыұлттық  сипатқа  ие.  Қоғам  Қазақстанның 

барлық  аумағын  қамтитын  бағдарламаларды  іске 

асырады.  «Қазақтелеком»  АҚ  2004  жылдан  бастап 

Қазақстан  Республикасының  ауылдық  аумақтарын 

дамытудың 

2004-2010 

жылдарға 

арналған 

мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыруға  тікелей 

қатысты. 2008 жылы электр энергиясымен қамтылған 

және перспективалы ауылдардың барлығы телефон-

дандырылды. 

Ұлттық масштабтағы жобаларды іске асыра отырып, 

біз  елдің  телекоммуникациялық  инфрақұрылымын 

жаңғыртуға және Қазақстанның бірыңғай ақпараттық 

кеңістігін қалыптастыруға ықпал етудеміз. 

«Қазақтелеком» 

АҚ 

мынадай 


мемлекеттік 

бағдарламаларды іске асыруға қатысады: 

•  Президенттің  2010  жылғы  19  наурыздағы 

№958 


Жарғысымен 

бекітілген 

Қазақстан 

Республикасының 

үдемелі 

индустриалды-

инновациялық  дамуының  2010-2014  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы;  

•  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2010  жылғы 

29  қыркүйектегі  №983  қаулысымен  бекітілген 

Қазақстан  Республикасының  ақпараттық  және 

коммуникациялық  технологияларын  дамытудың 

2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы.

Байланыс  саласындағы  көп  жылғы  еңбек  пен 

ұсынылатын қызметтердің сенімділігі «Қазақтелеком» 

АҚ-ны  телекоммуникация  саласындағы  мемлекеттің 

басты серіктесі етіп отыр. ҚР Салық комитетімен Өзара 

ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, 

«Қазақтелеком»  АҚ  базасында  Қор  компаниялары 

тобы  үшін  бірыңғай  жүйелік  ықпалдастырушыны 

және 

инфокоммуникациялық 



қызметтердің 

провайдерін құру туралы «Самұрық-Қазына» АҚ-мен 

стратегиялық келісімге қол қойылды. 


37

SO6 көрсеткіші

Демеушілік және қайырымдылық көмек 

Д

емеушілік 



көмек 

көрсету 


қызметінің 

қағидаттары  мен  негізгі  бағыттары  Дирек-

торлар  кеңесінің  2011.10.06  №6  шешімімен 

бекітілген  «Қазақтелеком»  АҚ  демеушілік  және/не-

месе  қайырымдылық  көмек  көрсету  саясатында 

жазылған. Аталған Саясаттың қағидаттарына сәйкес 

Компания жыл сайын Қоғамның шоғырландырылған 

таза пайдасының 

1%

  демеушілік және қайырымдылық 



көмек көрсетуге бөледі. 

КОМПАНИЯ СПОРТ, 

МӘДЕНИЕТ, БІЛІМ БЕРУ, 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, 

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ 

САЛАСЫНЫҢ ІС-ШАРАЛАРЫН 

ҚОЛДАУҒА ЖӘНЕ ДАМЫТУҒА 

ҮЛКЕН КӨҢІЛ БӨЛЕДІ.

Атап  айтқанда,    2011  жылы  «Қазақтелеком» 

АҚ  Директорлар  кеңесінің  шешімдері  негізінде 

спорт  пен  білім  беруді  дамытуға  Қоғам 

84  605 

мың  теңге

  көлемінде  демеушілік  көмек  көрсетті. 

«Digital  Communications  Kazakhstan  -  2011  көрме-

конференциясы»  іс-шарасын  өткізу  үшін  «Электрон-

ды оқытуды дамыту» ҚБҚ, сондай-ақ «Қазақстан бокс  

федерациясы»  қауымдастығы    нысанындағы  Заңды 

тұлғалар  бірлестігіне  WSB  «Astana  Arlans»  версия-

сы  бойынша    Дүниежүзілік  бокс  сериясының  2-ші 

маусымында  Қазақстан  Республикасының  ұлттық 

құрамасын  материалдық-техникалық  қамтамасыз 

етуге демеушілік көмек көрсетілді. 

Сонымен  қатар  «Самұрық-Қазына»  АҚ  Директор-

лар  кеңесінің  шешіміне  сәйкес  Қоғам  волейболдан 

Қазақстанның  ұлттық  құрама  командаларының 

ресми  демеушісі  болып  табылады.  Осы  орайда 

«Қазақстан  Республикасының  Волейбол  федера-

циясы»  ҚБ-ға  республиканың  волейболдан  ұлттық 

құрама  командаларының  ойыншыларын  дайындау 

барысында  жаттықтыру  жұмыстарына  қажетті  көлік 

құралдары мен жабдықтарын сатып алуға демеушілік 

көмек көрсетілді. 



SO8 көрсеткіші

Есепті  кезеңде  заңнаманы  және  нормативтік  та-

лаптарды  сақтамау  үшін  салынған    айтарлықтай 

айыппұлдар

 

Е

септі  кезеңде  заңнаманы  және  нормативтік 



талаптарды  сақтамау  үшін  айтарлықтай 

айыппұлдар болған жоқ. 



38


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет