ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет101/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   153

қасығын алып, үлкен тай қазанды төңіректеп, жүгіріп жүр. Бір уақытта тұздар қызып, бытырап қазанның 

астындағы  шоқты  аспанға  ұшырды.  Жүк  те  от,  кереге  де  от,  қатын-балалары  быт-шыт  болып,  жау 

шапқандай шу болып қалды. Тілеміс ұйқыдан басын көтерген адамдай шошып оянды, «ой, бұл қалай?» – 

деп, түрегеледі. Сонда: 

– О, қонақтар, бұ не деген сұмдық? – деп, шошып тұрды. Жан-жақтағы көршілер де жиналып, келіп қалды. 

Сонда Тілеміс: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              715 bet 

–  Ойпырмай,  «отының  басынан  үйден  шықсын»  деген  мақал  бар,  «Құдай  мүйізді  Өтегеннің  тұқымы 

қылып жаратып едің, бәлеңді тоқтат!» – деп, солай дегенде бытырлаған тұздың дауысы басыла бастады. 

Сонда бай: 

– О, құдай, боз қасқа қойды алып кел, – деп, қатындары қорадан бір үлкен боз қасқа қой алып келіп, бата 

сұрады. Шикі шегін қалдырмай асып, ауыл да қарқ, қонақ та қарқ болған екен. 

115. ӨТІРІК САҢЫРАУ 

Бұрынғы уақытта Шаған елінің бір саудагері Киптанға келіп, сауда істеп жүреді екен, ақ қашқан жылы, 

қызылдың  қолына  түсіп,  бар  істеп  жүрген  күрегінен  айырылып,  кісі  жатты.  Ішінде  бір  Жүніс  деген 

ақсақалы бар екен. Бір күні түнде отырып, саудагер Жүніске айтты: 

– Көңіліміз бір көтерілсін, күлдірші, – деді. Сонсоң Жүніс айтты: 

– Шынымды айтып күлдірейін бе, өтірігімді айтып күлдірейін бе? – деді. 

Сонсоң: 

– Өтірікпен күлдірмей-ақ қой, шыныңмен күлдір, – деді. 

– Шыныммен күлдірсем, – деді, – бір көк атым бар еді. Соны жазды күні семіз күйінде ұрлап қойды. Өзі 

бәйге ат еді, зар ғып жүр едім, бір күні біреу бәленше жерде тұр деп айтты деген соң құлағымды тігіп, 

бақылай  келсем,  Керекудің  аржағында  тұр  деген  дейді  естілді,  бұрын  сол  Кіптанға  келіп  жүретін  бір 

керекулік жігіт бар-ды. Талай «Тамыр болайық», – деп, – үйге жүр, қалағаныңды алып кет деп жүретін. 

Мен қолым тиіп, бара алмайтынмын-ды. Сонан соң жолдас та ерткенім жоқ, жүріп кеттім. Қуанышым 

қойныма сыймай, ойым сол тамырыма барсам деп, келе жатырмын. Үстімде киген киімім жақсы, сағаты 

бар күміс, бір күннен кейін тағы да жүріп келе жатырмын. Артыма қарасам, бір боз жорға атты келе жатыр. 

Сонсоң бөгелгенім жоқ, аттың екпінімен соғып келіп, өтті. Оң жақ тізем сынып қала жаздады. 

– Япырмай, бұған не қайла істеймін, – деп, келе жатыр едім, бір мезгілде артына қарап тұрды. Енді бұған 

мен саңырау болайын деп, саңырау болдым. Қасына келіп едім: 

– Кімсің? – деді. 

– Алдымда қонатын ауыл бар ма? – дедім. Сонсоң құлағыма таман жақындап келіп: 

– Қайда бара жатқан адамсың? – деді. 

– Атыма шөп беретін үй бар ма? – дедім. 

– Ой, мынау бір саңырау екен ғой, – деп, «Жүр», – деп, басын изеді. Көтінен ердім. Жақын көшеге келді, 

есігінің алдында бір қыз, бір келіншек тұр екен. Жігіт келіп, тәжікелесе кетті, мен тұрмын саңырау болып 

ішімнен. 

– Атыңды байла, – деп, анау ағашқа нұсқайды, атымды байлап келіп, отырдым. Шай, бәрі даяр тұрған, 

әкеліп құйды. Менің алдыма сары май қойды да, жігіттің алдына қоспа қойды. Байқасам, тәрізі үйде басты 

кісі жоқ. Қыз самаурынның жігіт жағына отырды да, келіншек мен жағына отырды, өзім ашығып келген 

кісі, майды екі айналдыруға келтіргенім жоқ, жеп қойдым. Жігіт қоспаны менің алдыма таман тартты. 

Оны және жеп алдым. Келіншек анда-санда жігітке айтып қояды: 

– Бұл жалмауызды қайдан тауып әкелгенсің? – дейді. Онан сайын терлеп-тепшіп соғамын. Не қылсам [да], 

сол дастархандағыны тауыстым. Жатар мезгіл болды. Әлі саңыраумын. Домбыра әкелді. 

– Өлең айт, – деп, домбыраның шегін қатты бұрап, үзіп алды. Сонсоң домбыраны былай алып қойды. Ет 

әкелді, тағы да өлер-тірілеріме қарамай, пысылдап жеп жатырмын. Түгел жеп қойдым. Жатарда: 

– Атымды қайда қоямын? – дедім. 

Келіншек айтты: 

– Енді өзі тойып алған соң атты ойлауын, – деді. 

Бәрін тыңдап отырмын, атты апарып, шөпке кіргізіп жіберді. Жаттық, жігіттің астына қос төсек салды да, 

менің астыма екі қабат көрпе салды. Қыз біз жатқан үйге жатты да, келіншек төменгі үйге жатты. Елдің 

көзі ұйқыға бара бергенде жігіт басын көтеріп алды. Мен ояу жатырмын. Өтірік етімді қасып, дырылдатып 

жаттым.  Қайта  жатты.  Жігіт  әрі-беріден  кейін  тағы  басын  көтеріп  алып,  ыңылдады.  Тағы  да  етімді 

тырнадым.  Қайта  жатты.  Жігіт  қор  ете  түсті.  Жүгіріп,  қыздың  қойнына  кіріп  бардым.  Мойнымнан 

құшақтап алды. Мен де құшақтай алдым, бөгелгенім жоқ, мініп келіп алдым, қайдан білгенін білмейім, 

қос аяқтап келіп теуіп жіберді. Шалқамнан түскенде төсағаштың артындағы шкабқа сақ ете түсті басым. 

Қайта келіп, орныма жаттым. Жігіт мен салдырлатып жүргенде оянған жоқ. Әлі ұйықтап жатыр. Төсегіме 

жатып әбден жайланып, ұйықтап жатқан жігітті ауыздан қойып келіп жібердім. Жігіт басын жұлып алды. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              716 bet 

–  Япырмай,  қыз  жіберді  ме,  –  деп,  жан-жағын  сипалап қарады  да,  тұрып,  қызға  таман  жүре  бергенде, 

аяғымды  алдына сала  қойдым. Қағып кетті, басымды көтеріп алып, ойбайды сала ішімді  жарып кетті. 

Шамды жағып алып, ана жақтан келіншек келді. 

– Ай, байғұсым-ай, өзің бүлдіріп алдың. Менен жарық жоқ еді. Қайдағы бір жексұрынды әкеп келіп, – 

деді. Жігіт киімін киіп алып, іштен және бір теуіп жіберді. Бағанағы бағанағы ма, онан жаман ойбайды 

салды. Жігіт киініп қалды, біз қайта жаттық. Таң атып келе жатқанда, «есік аш», – деп, біреу айқай салды. 

Шам жағып, есік ашты. Ептеп қараса, бағанағы тамыры төргі үйге келіп: 

– Мынау кім? – деді. Келіншек: 

– Бір саңырау, – деді. 

116. АЛАША ШОРАНЫҢ БІР ӘҢГІМЕСІ 

Алаша Шора қуақылығы күшті болса керек. Жаз күні екен, мал қарай шығып келе жатса, екі аттылы жас 

жігіттерге кездесіпті. Жігіттер Шораны танымайды, бірақ қарт кісі болған соң қазақ әдетінше сәлем береді. 

Шора сәлем алып, амандасып болған соң: 

– А, балалар, шырағым, келе жатқан жолыңызда бір үйір жылқы көзіңізге түспеді ме? – дейді. Жігіттер: 

– Жоқ, ата, көре алмадық, – дейді. Шораны қуақылығы қысып кетіп, өтірік саңырау бола қалады да: 

– Е, шырағым, сол екен біздің жылқы, – дейді. 

Жігіттер: 

– Жоқ, ата, көргеніміз жоқ дейміз, – деп, қаттырақ айтады. Сонда: 

– Шырағым, е, е, балалар, сол тап біздің жылқы айғыры торы болса, тап сол, тап сол, – дейді. Жігіттер 

енді сескенбейді. Біріне-бірі: 

– Нағыз тас құлақ екен, – дейді. Шора да: 

– Балалар, шошақтың ар жағында біздің үй бар, келіп-кетіп, қымыз ішіп жүріңіз, менің атым – Шора, – 

дейді. Жігіттер тағы сескенбей, бір-біріне: 

–  Ой,  бұл  Шора  болса,  мұның  үйінде  екі  бойжеткен  қара  к...т  қызы  бар,  барайық,  –  дейді.  Шораның 

құлағының естімейтініне нақ сенген. Ертесіне Шора түсте іргені түріп жатса, кешегі екі жас жігіт келе 

жатыр. Жігіттер сәлем беріп, кірген соң Шора екі қызына: 

–  Шырақтарым,  мына  балаларға  қымыз  құйыңдар,  –  дейді.  Қыздар  дастарқан  жасап,  қымыз  қояды. 

Жігіттер бір-бір аяқ қымыз ішіп, екінші аяқты қойып, алдарында тұрған мезгілде төрде жатқан Шора: 

– Балаларым, қымызды ішіңдер, келіп-кетіп жүріңдер, кешегі айтқан нағыз тас құлақ Шора дегендеріңіз 

– менмін. Үйінде екі қара кө... қызы бар дегендеріңіз ана екі құрбыларың, шырақтарым, ойнап-күліңдер. 

Қымыз  ішіп,  келіп-кетіп  жүріңдер,  шырақтарым,  –  дегенде  жігіттер  алдындағы  қымыздарын  ішуге 

жарамай, белбеулерін байлауға әлі келмей, үйден шыға жөнелген ғой. Шора кейде осындай қуақылықты 

қолданатын кісі көрінеді. 

117. СӘМЕН ҚУ 

Сәмен мен Бақтияр дейтін замандасы кеңесіп отырып, әңгіменің арасында Бақтияр өзінің әйелін мақтайды. 

«Әйелім өзіме сенеді, мен арамдық істемейім, о да аман, кісі сөзіне ермейді», – дейді. Сәмен: 

– Ол бекер, ол ашуланады да, сөзге де ерер,  – дейді. Ақыры, екеуі сөз байласады. Сәмен азғырмақшы 

болады. 

Бір кезде Сәмен Бақтиярдың үйіне келіп, ешнәрсе күтпестен Құран оқиды. Артынан көңіл айтады. Сонда 

отырған 4-5 адамға: 

– Е, Бақтияр анаугі ана елден әйел алмай, басқа елден әйел алған ба? – дейді. Отырғандар аң-таң болып, 

«жоқ, ондай, мұнда [й] өзгеріс болған жоқ», – дейді. 

Сәмен: 


– Неге Бақтияр... ана қалхоздан бір әйелге сөйлесіп жүр еді, –– дейді. Сол кезде Бақтияр келеді. Бақтияр 

кірісімен әйелі алдынан тұра жүгіріп: 

– Е, мені тірідей өлді деп, Құран оқытып, әйел алмақшы болып жүр екенсің ғой, әйеліңді барып ал, – деп, 

ұрысады. 

Бақтияр басында түсінбей, аң-таң болып отырады. Сәменге қарайды, жан-жаққа қарайды. Аң-таң. Сонда 

Сәмен: 


– Ә, Бақтияр, сенің әйелің ашуланбайды екен, – дейді. Сонда Бақтияр: 

– А, Құдай ұрған екен! – деп, сонда түсінеді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              717 bet 

118. ХАНДЫ ЖЕҢГЕН ҚОЖА 

Бұрынғы заманда бір адам жол үстіне егін салыпты. Сол егін піскен уақта бір адам көшіп келе жатып, жеп 

қойыпты. Егінші мен жеген адам ханға келіп, егінші: 

– Мынау егінімді жеп жеп қойды, – дейді. Анау: 

– Ырас, жолмен көшіп келе жатып, қараңғыда жолдан бұрылмай, жол үстіне қондым. Енді қайда қонам? 

Көргенім жоқ, малым жеп қойды, – дейді. 

Хан: 


– Жындысың ба? Елдің жолына неге егін салдың, жолмен жүрерін білмедің бе? – дейді. 

Егінші: 


– Сен өзің қатыныңмен бірге жатып, бала туып, оның өлерін білмедің бе? – деп, жүріп кетіпті. 

Ханның жалғыз баласы сол арада ғана өлген екен дейді.Сонан соң хан баласының өлгеніне ренжігенін 

қойып, тәуба қылыпты. 

119. ДУАНА ҚОЖАНАСЫР 

Тіпті,  бұрынғы  заманда  бір  дуана  Қожанасыр  деген  болыпты.  Әйтеуір,  бір  адам,  не  ақылды  емес,  не 

ақымақ емес, не тентек емес, не момын емес. Оған таныс болған емесдүр қайғы да, машақат та, өш алу да, 

һәм күншілдік те. Ол өзі Құдай деген кісі еді, һәм әрқашан өзінде не бар болса, соныменен қанағат қылар 

еді, ілгергі уақытта қайтемін деп, қам жемейінше. Ол турада айтылған қазақ арасында көп сөздер бар. 

Бұларды санауға мүмкін емес. Біз бұлардың ішінен бағзы біреулерін алып, жазуға жаһат етеміз. 

Бір күні Қожанасыр көк есегіне мініп алып, отын алғалы ағаш ішіне барды. Ағаш ішіне келіп, бір ағаштың 

бұтағына шығып алып, бұтақты түбінен кесе  бастады. Дәл со  уақытта бір жолаушы адам қасынан өте 

беріп, бұған айғайлап айтады: 

– Ағаш құласа, астында калып өлесің ғой, – деп. Дуана айтады: 

– Ей, әулие, тоқта, сен маған айт, мен қашан, қалайша өлсем керек? – дейді. Жолаушы тоқтамастан жүре 

беріп, бірақ оған айтты: 

– Сен ақымақ екенсің, – деп. Сонда Қожанасыр жіберместен сұрайды: «Қашан өлетұғынымды айт», – деп. 

Жолаушы әбден мазасын ала берген соң ашуланып: 

– Ақымақ, сен қашан есегің үш мәртебе сүрінсе, сонда өлесің, – дейді. 

–  Тәңір  жарылқасын,  әулие!  –  деп,  дуана  айтады,  –  Тәңір  жарылқасын,  жасырмай,  маған  шыныңды 

айтқаныңа, енді жүре бер, жолың болсын, бірақ менің үшін дұға қыл, Алла тағала мені өлімнен сақтап, 

есегіме қуат беріп, мені отынымменен үйіме аман жеткізуге, – дейді. 

Қожанасыр отынын алып, есегіне артып, һәм үстіне өзі мініп алды. Ауыр жүкті көтеріп жүруге есегінің 

күші келмеді. Отыз қадам шықпай жатып, сүрініп кеткен еді, Қожанасыр қорыққанынан «я, Алла» – деп 

зарланып, –«шыныменен өлемін бе?» – дейді. 

Біраз уақыттан кейін есегі тағы да сүрініп кетіп еді, дуана: «мен өлемін», – деп айғай салып, «Апырмай, 

бала-шаға, қатынымды көре алмай қаламын ба?» – деді. Бейшара есегі әрең-мәрең ағашқа жақын тұрған 

көпірге  келіп  жетіп,  дәл  көпірдің  ортасына  келгенде  сүрінгеніменен  тұрмай,  жығылып  та  қалды. 

Қожанасыр есегіменен бірге жатып, айғайлады: «Міне, өлдім, қош бол, қатыным, сүйікті балаларым», – 

деді. Есекпенен дуана көпір үстінде жатып алды. Есек ауыр жүкпенен тұра алмай жатса, дуана: «Өлдім», 

–  деп  жатыр.  Қожанасыр  жатып  ойлайды:  «Мен  өлдім,  қайда  Мүңкір-Нәңкір,  не  себепті  келіп  маған 

азабын салмайды», – деп. Дәл сол уақытта көпірге қарай жақындап, бір-екі керуенбасы келе жатыр еді, 

арттарында көп керуендері бар. Керуенбасылардың аттары Қожанасыр менен есегінен үрке бастады және 

көпірдің тарлығы сондай еді, дәл Қожанасыр менен есегінің ортасынан өтсе керек. Сонда керуенбасылар 

айғай салып айтады: 

– Ей, кісі, тұр, бізге жол бер, біз өтіп кетелік, – дейді. 

Қожанасыр жауап сұрайтұғын періште деп біліп, бұларға айтады: 

–  Ай,  Алла  тағаланың  періштелері,  мен  өз  ғұмырымда  ешбір  жамандық  қылғаным  жоқ,  әлсіздерді 

ренжіткенім  жоқ,  күнінде  бес  уақыт  намазды  бұлжытпастан,  орнына  келтіріп  тұрдым,  ықыласыммен 

ораза тұттым. Ей, жақсы періште, мені қинамаңыздар, – деді. 

Керуенбасы  оны  ақылынан  адасқан  ғой  деп  біліп,  олар  Қожанасырға  «Орныңнан  тұр»,  –  деп  еді,  ол 

тыңдамай, жатып алды: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              718 bet 

– Мен жақсы кісімін, мені аяңыздар. Сендер мені тамұққа жіберейін деп тұрсыңдар ғой. Онан да мен осы 

орнымда жатып қалайын да, жанған оттың ішінде күйгенімше, – деді. 

Сонда керуенбасылар мұны қамшының астына алып, сабай бастады. Бейшара Қожанасыр барлық күшін 

салып, қашып жөнелді. 

Қожанасыр үйіне қарай демалмастан қашып келе жатыр, жақсы адамдардың оны тірілтіп жібергеніне ғана 

қуаныпты. 

*** 


Жолда өлген адамды арулап көмгелі апара жатқандарға жолықты. Олар бұған айтты өлген бір байдың 

қызын көмгелі апара жатырмыз деп. Қожанасыр ойлайды: мені керуенбасылар ұрып еді, мен тірілдім, һәм 

мен де бұл өлген қызды тірілтіп қарайын. Тірілтсем, мұның үшін мен көп сый алармын деп. 

– Ей, жақсы мұсылмандар, естіңіздер, – деп айғай салып, – сіздер маған не бересіздер, егерде мен бұ қызды 

тірілтсем, – деді. 

– Жомарттық қылып көп сый беремін, тек менің қызымды тірілт. Мен сенің төбеңнен төмен қарай алтын 

құямын, һәм мың жылқы беремін, – деді. 

Қожанасыр қолына сойыл алып, ай-жайға қарамай, өлген кызды ұра бастады. Қожанасыр қалай ұрса да, 

қызды орнынан тұрғыза алмады. Дуана ешнәрсе қыла алмағанын көріп, һәм оны ақылынан адасқан ғой 

деп біліп, жаназаға жиылған адамдар оны мейлінше ұрды. 

*** 

Қожанасыр  базардан  бір  қой  сатып  алып,  жетектеп,  үйіне  алып  келе  жатса,  алдынан  көп  шәкірттер 



жолығады. Бұлар топтанып, медреседен шығып бара жатыр еді. Олар мұны хұп білуші еді, һәм мұның 

қылығына әр  уақытта  күлуші  еді. Содыр балалар Қожанасырға әрбір қалжың, күлкі  сөздер айтып, сөз 

сұрады. Бұлардың сөздеріне Қожанасыр да тиісті, күлкілі жауап қайтарды. 

Шәкірттер айтты: 

– Рас-ақ, Қожеке, сіз білмейсіз бе, ертең заманақыр болатұғынын? Молда бізге айтты: «барыңдар, ойнап-

күліңдер, сендерге ғұмыр сүруге көп қалған жоқ» деп, – дейді. 

– Қожеке, сізге қойдың не керегі бар, ертең бәріміз де өлеміз ғой, – дейді. 

– Сен онан да мұны сойып, етіменен бізді тойғыз, – дейді. 

– Жарайды, балалар, – дейді Қожанасыр. 

– Өзеннің жағасына барайық та, менің қойымды тасаттық қылайық, – дейді. 

Қожанасыр һәм шәкірттер судың жағасына келіп, қойды сойды, дуана қойдың етін аса бастайды. Әмме 

шәкірттер киімдерін Қожанасырға қалдырып, өздері шомылуға кетісті. Олар шомылып жүрген уақытта 

Қожанасыр олардың киімдерін жиып алып, отқа жағып жіберді. 

Шәкірттер қайтып келіп, Қожадан сұрады: 

– Біздің киімдеріміз қайда? – деп. 

– Шырағым, балаларым, – деп, Қожанасыр жауап берді, – ертең заманақыр болады, киімнің сіздерге не 

керегі бар, мен оларды отқа жағып жібердім, – дейді. 

120. ҚОЖАНАСЫР 

Қожанасыр  бір  ағаштың  басына  шығып,  қолына  балта  алып,  өзінің  тұрған  ағашының  астынан  қырқа 

беріпті. Жолдан бір жолаушы өтіп бара жатып: 

– Әй, Қожанасыр, жығыласың ғой, – деп айтып, кете беріпті. Оның сөзін тыңдамай, Қожанасыр қырқа 

беріпті. 

Біраз қырыққан соң ағашы сынып, Қожанасыр жығылыпты. Қожанасыр ойлапты: 

–  Әлгі  адам  әулие  екен,  жығыласың  деп  еді,  жығылдым.  Енді  мен  қашан  өлемін  екенмін,  соны  сұрап 

қалайын, – деп, әлгі адамның артынан қуып барып: 

– Жаңа сен жығыласың деп едің, мен жығылдым. Енді қашан өлемін, соны айтып бер, – деп, Қожанасыр 

сұрады. Ол жолаушы айтты: 

– Есегің үш осырса, өлесің, – деді. 

Бір  күні  Қожанасыр  ұзақ  жолға  шығыпты.  Біраз  жерге  келгенде  есегі  осырып  қойыпты.  Заман  қандай 

болады екен деп ойлап қойыпты. 

Тағы біраз жерге келгенде тарқ етіп осырып қойыпты. Сонда Қожанасыр: «Байғұсым ауырды ғой», – деп, 

өкпелей бастапты. Есек әдетінше шаршаған соң осыра бастайды. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              719 bet 

Көп жерге келгенде бір көпірдің қасына келген заманда есек әдетін қылып, осырып қойыпты. «Өлді деген 

осы ғой», – деп, есектен жығыла кетіпті. 

Сол уақытта бір топ керуен келіп, жақындап келгенде түйелер әлгі сұлап жатқан бір нәрсені көріп, үркіп, 

үстіндегі артқан мейіз, тағы басқа жемістер екен, қабы жарылып, [ол] төгіліп, абыржып жатқанда, өліп 

қалған  Қожанасыр  түрегеп:  «Ол  дүниеде  осындай  миуалар  бар  деп  еді.  Сол  осы  екен  ғой,  –  деп  [жеп 

қойыпты]. 

– Бәрін жеп жүрмісің? – [деп], керуендер Қожанасырды ұстап алып, әбден сабапты. 

*** 

Қожанасырдың  бір  сиыры  болыпты.  Бір  күні  көйлек-станы  тозған  соң  сиырды  базарға  апарып  сатып, 



көйлек-стан алып келейін деп, базарға сиырын апарып жүрсе, ешкім сұрамайды. 

Бір үлкен сары итке: «Сен менің сиырымды аласың ба?», – деп, иттен сұраса, ит «ыр-р», – етеді. 

– Е, осы аламын дейді екен ғой, – деп, сол итке сиырын сойып береді. 

Ит етті жеп жатқанда: 

– Сен менің бұлымды жеті күнге дейін тауып қой, – деп, қолын сілтеп, айта бергенде, ит «ыр-р» етеді. 

– Е, беремін, – дейді екен ғой, – деп, үйіне қайтып кетеді. Үйіне барса, қатыны: 

– Сиырды қайттің, саттың ба? – деп сұрайды. 

Қожанасыр: 

– Е, сиырды бір үлкен сары итке саттым, пұлын жеті күннен соң барып алмақшы болдым, – деп, қатынына 

жауап қайтарады. 

Қатыны Қожанасырдың сырын біледі екен, қатыны біліпті не қылғанын. Қожанасыр жеті күні біткен соң 

сиырдың пұлын алайын деп, баяғы итке барады. Итке барса, сол жерде сандалып жүр екен. Қожанасыр 

барып, итке айтады: 

– Пұлымды бер, айтқан уадаңа келдім, – дейді. Итке жақындап, айта берсе, ит қасына береді, артынан қуа 

береді. Ит әбден шөлдеген соң, бір ағаштың түбін қазып-қазып, анандай жерге барып, ит жатады. 

– Е, осы жерде ақша бар екен ғой, – деп, қазып қараса, бір көзе алтын тауып алады. 

Өзінің ақшасын түгел санап алып, артығын сол жерге көміп кетеді. Үйіне барып, қатынына мақтанады. 

– Мен сиырды сатып, алтын алдым, – дейді. Қатыны сұрайды: 

– Ақшаны сол ит берді ме? – деп Қожанасырдан сұрайды: 

– Осындай жерде бір көзе алтын бар екен. Содан сиырым сатқан ақшамды санап алып, артығын көміп 

кеттім,  –  деп.  Қатыны  айтады,  Қожанасырдың  қатыны  қу  екен.  Сол  алтынды  алмақшы  болып,  біраз 

бауырсақ пісіріп алып, Қожанасырды бір есекке мінгізіп алып, басын жетектеп, біраз жерге барған соң 

қатыны: 

– Мен мінейін, сен жетекте, шаршадым, – деп есекке мініп, Қожанасырға басын жетектетіп бара жатып, 

баяғы бауырсақты Қожанасыр ........ 

*** 


Қожанасыр таң қалады, ауадан да бауырсақ жауады екен ғой деп, кете береді. Сөйтіп, көріп, алтынды 

көмген жерге келеді. 

Қожанасырдың қатыны алтынды алады. Қожанасыр қатынына айтады: 

– Сен алтынды алма, алсаң, мен патшаға айтамын, – десе де, қатыны алтынды алыпты. Қожанасыр барып, 

патшаға барып айтады. 

– Осындай менім қатыным алтын тауып алды, – депті. 

Бір күні патша қатынымен екеуін сұрапты. Қожанасырға қай күні алтынды тауып алдың десе, әнеукүнгі 

ауадан бауырсақ жауған күні тауып алдым, – деп, Қожанасыр соғып тұр. 

Қатыны айтады: 

– Ойбай, тақсыр, ауадан да бауырсақ жауады екен ғой, – деп, патшадан сұралмай, құтылып кеткен екен. 

*** 

Бір күні Қожанасыр бір кесесін алып, жермай алғалы базарға барыпты. Бір дүкенге келіп, бір қадақ майын 



тартқызып, кесесіне құйса, біразырағы сыймай қапты. Май егесі: 

– Мынау қалған майыңды қайтесің? – десе, 

– Мына жағында да құятын жағы бар, – деп, төңкеріп ұстайды. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              720 bet 

Май  егесі  оның  төгілгенімен  несі  бар,  ақшасын  алған  соң  қалған  майын  ана  жағына  құйып  жібереді. 

Қожанасыр кесені сол ұстаған бойынша үйіне барады. 

– Қатын, май алып келдім, – дейді. Қатыны әкелген майын көріп: 

– Әдейі барып, алып келгенің осы ма? – дейді. Сонда Қожанасыр: 

– Е, көбі мына жағында бар, – деп, кесесін шалқайта ұстайды. Сөйтіп, майының бәрі төгілген екен. 

121. ҚОЖАНАСЫР ӘҢГІМЕЛЕРІ 

Бір күні Қожа Насредден ас пісіруге көршісінен қазан сұрап алыпты да, ас пісіріп болған соң ішіне өзінің 

темір шөмішін салып, көршісіне апарып беріпті: 

– Қазаның аман-сау туды, – деп. Көршісі: 

– Бір темір шөміш пайда қылдым, – деп ішінен ойлап, қала беріпті. 

Екінші – Қожа Насредден тағы көршісінің қазанын сұрай барады. Көршісі тағы сөз айтпай, беріп жібереді. 

Қожа Насредден асын пісіріп болған  соң қазанды ортасынан қақ жарады да, көршісіне апарып тұрып, 

айтады: 


– Алла қайырын берсін, қазаның пәни дүниеден бақи дүниеге көшті, – деп. Көршісі шошып кетіп: 

– Пәни дүниеден қазан көшетін бе еді? – дейді. 

Сонда Қожа Насредден айтыпты: 

– Қазан туды дегенде нанып, менің темір шөмішімді алып қалып едің, енді қазаның өлді дегенде неге 

нанбайсың? – деп, үйден шығып кетті. 

*** 


Бір  күндері  Қожа  Насредденнің  бұзауы  жамырап  кетіпті.  Артынан  қуып,  ұстай  алмаған  соң  үйдің 

қасындағы көлеңкеде жатқан өгізді сабапты. 

– Неге сабайсың? – деп сұраған кісіге айтқан сөзі: 

– Үлкен өгіз үйретпеген соң кішкене бұзау ненің мәнісін білсін? – депті. 

*** 

Бір күні Қожа Насредден түн ішінде ұйықтап жатқан қатынын «тұр-тұрлап» оятып алыпты: 



– Көңіліме бәйіт келді, – деп. 

Қатыны сөзін қайырмай, тұрып, шамын жағып беріпті. Сонда қолына алып жазған бәйіті мынау екен. 

– Ақ қағаз, қара сия, 

Көк жапырақ, қызыл алма, – деп жазыпты да, қайта жатыпты. 

122. ҚОЖАНАСЫРДАН СӨЗ 

Қожанасыр өте қиял әпенді кісі болған екен. Қожанасыр бір күні үйде жатса, патша шақырыпты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет