ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет99/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   153

қайдан  шыққанын  еркін  аңғармады  да,  жан-жағына  қарады.  Болмаса,  құлағы  құрғырға  әлде  не 

жаңғырығады деді ішінен. 

– Балаңды өзіңе берейін, бұдан былай ұрмайсың ба? Әкесі қайта елеңдеді, үйдегілерге білдіртпей, сыртқа 

шығып, үйдің артын қараған болды. Сонда да дыбыс жоқ. Ешнәрсе көре алмады. Құлақай осы уақытта 

екінші бір үйдің қалқасын тасалап тұр. 

Әкесі  үһлеп,  не  екенін  түсінбей,  қайта  келеді.  Оның  артынша  Құлақай  да  іле-шала  үй  жабығынан 

сығалады да, шешесінің құлағына қамыс түтігін таяп тұрып: 

– Ей, кемпір, балаңды әкеп берсем, әкесіне ұрғызбас па ең? 

Бұл сөзді естіген Құлақайдың шешесі таяғына сүйеніп, әлденелерді айтып, ернін жыбырлатып отырған 

шалына: 


– Құдай тағаланың өзінің құдіреті, өзі берген баласын өзі алып, көз жасымызға қайта берейін деп тұрған 

ғой.  Барлық  кесел  өзіңнен.  Құдайдың  ен  даласы  құрығандай,  су  ішімен  қуып,  су  иесі  Сүлеймен 

қамқорлығына алмасын ба жас нәрестені? 

Шал-кемпір өзді-өзі осылай дауласып отырғанда әкесінің құлағына екінші рет: 

– Балаңды әдейі өзім әкеп тұрмын, бұдан әрі ұрмайсың ба, өз еркіне жібересің бе? – дейді. 

Бұл сөзді естіген шал сыртқа жүгіре шығып, аспанға қарап, алақанын жаяды. 

– А, Құдай! Рақым ет құлыңа, егер баламды көзіме көрсетсең, бетіне қарап, сөйлеп, етіне таяқ тигізбес ем, 

–  деп,  өзінен-өзі  жатып  қалған  елдің  түн  тыныштығын  бұзып,  айқай  салды.  Бұл  айқайға  ауыл  оянып, 

«баласының күйігі ғой, жынданған ғой» деп, екі жігіт қолтығынан сүйеп, үйіне әкелді. 

Дәл осы уақытта денесін қамыспен сызып-сызып, өн бойына батпақ жағып, үйіне кіріп келеді. Үй ішіндегі 

бөгде адамдар да үрпиісіп, таңғажайып бұл адамзат баласынан жөн сұрайды. 

– Суға күп беріп, түскенімді ғана білемін. Одан соңғы не болғанымды түсінбеймін. Бір шал бұта-бұтаның 

арасымен жүрмес еркіме қоймай, «әкең шақырады, шешең сағынды» деп, осы есіктің алдына әкелгенін 

ғана білем. «Бармаймын үйге, әкемді көрсем, денем түршігеді, тағы ұрады ғой» – деп ем, «әкеңе сөйлестім, 

бетіңе қарап сөйлемеуге, етіңе таяқ тигізбеуге серт етті» [деп], осыны айтты да, әлгі ақсақалдан айрылып 

қалдым, – депті. 

Үй ішіндегілердің барлығы да жағасын ұстады. Сорлы шешесі баласының үстіне кеп, құлап түсті. 

*** 


Құлақай Есеналы деген рудың Қасқырбай деген байымен бір жиында сөзге келісіп қалса керек. Сөз аяғы 

шиеленісе келе, жесір дауы, барымта алуға дейін барған. 

Арада бірнеше күн өткеннен кейін қасына оншақты жігіт ертіп, Қасқырбай аулынан жылқы алмақ және 

келемеж, ақымақ ету ниетімен аттанады. Одан алған жылқыларды ауыл кедейлеріне үлестірмек болады. 

Бірақ күзет өте қатты екен, жылқы ала алмайды. Содан жолдастарымен ауылға таяп келіп, таң да атуға 

таянып, шығыс жақ түріліп келе жатқан уақыт болса керек, бай ауылына жалғыз өзі келіпті. 

Ауыл  ақсақалдары  таң  намазына  тұрып,  кейбір  малжанды  бәйбішелердің  тұра  бастаған  мезгілі  еді. 

Құлақай келген бетте сәлемдескен соң: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              704 bet 

– Найман елінен келе жатқан көптеген адам едік, мына Тарбағатай тауы құлағалы тұр дегенді естіп, соған 

тіреу тірейік деп, шығып едік, жолдастарымның аттары болдырып, азықтары таусылып, далада қалды. 

Соған не көмек көрсетесіздер? – депті ғой. 

Сонда ауыл ақсақалдарының ішінен бір кәрия: 

– Е, ол Тарбағатай болғалы қашан, мүмкін құлауға?.. Астының шіритін уағы жеткен шығар, – депті. 

Ауыл адамдары бастығы Қасқырбай болып, Құлақайға оншақты ат жинап беріпті. Ішінде Қасқырбайдың 

қос күреңі де бар. Он атты айдаған Құлақай: 

– Дайындала беріңдер, біраздан соң біз де келіп қалармыз, – деп, жүре беріпті. 

*** 


Құлақай бір күні келе жатса, ауыл арасынан садақа жинап жүрген бір қарт адамға жолығады. Қарттың 

ішерге асы, киерге киімі жоқ, мүсәпір адам екен. Оны үйіне ертіп келе жатқан Құлақайға ол: 

– Қарным ашты, – десе керек. Оған Құлақай: 

– Біздің ауыл әлі талай жер, сіз қолыңыздағы дорбаңызды маған беріңіз, мені осы арадан күте тұрыңыз. 

Сізге  мына  ауылдан  тамақ  әкеп  берейін,  –  дейді.  Құлақай  таяудағы  бір  ауылға  келді.  Бірақ  ыңғайлы 

ешнәрсе кездеспеді. Шеткерірек отырған бір үйдің жер ошағынан от жылтырайды. Жылтыраған отқа таяп 

келсе, бір кемпірдің қазан ішінен ет алып көріп, аударыстырып отырғанын көреді. Бір  уақытта кемпір 

үйіне ене бергенде, аңдып тұрған Құлақай етімен қазанды көтере жөнеледі. Демін алып, пісіп тұрған ет 

екен, сорпасын жерге төге салады. Кемпірдің жер ошақтағы қазанға қайта оралуы да, оны іздеуі де өте тез 

болса керек. Ай жарық, қазан көтеріп бара жатқан адам да тез көзге шалынады. Құлақай қатты жүгіре, 

аяңдай басып, мойнына ілген дорбаға етті салып келеді. 

Әйелдің дауысымен қой күзетшілерінен екі-үш адам кемпір нұсқаған жаққа қарай тоқталмастан жүгіріп 

келеді. Құлақайға қуғыншылар өкпе тұсынан келе айқасады. Оларға Құлақай: 

– Сендердің ойнайтын кісілерің мен емес, қазан сынады, жаман болады, – дейді. Тыңдамаған қуғыншылар 

айқаса келіп түскенде, Құлақай: 

– Әкелеріңнің құны кеткендей жүгірмесеңдер де болады ғой, қазан сынады десе де, болмайсыңдар ғой, – 

деп, үлкен бір қара тасқа қазанды періп кетіпті ғой. 

Қуғыншылар аң-таң. Құлақай өз бетінше жүріп кетіпті. Содан айтулы уағдалы жерге келіп, шалға тамақ 

беріп, үйіне апарып, киім-кешек, әртүрлі сый, құрметтер көрсетіп жіберсе керек. 

*** 


Бір  күні  Құлақай  қой  ұрламақшы  болып,  қораның  ортасында  жатқан  қойға  кіреді.  Ел  түгел 

жатпағандықтан, көгендегі қозылардың арасына келіп жатса, қой күзетшісі ұстап алыпты. Ұрады. Ел де 

жиналып қалады. Құлақайдың қолын байлап, жөнін сұрайды. 

– Кімсің? Не ұрламақсың? Жолдасың бар ма? – десе, оларға Құлақай «Әринеден» басқа ешнәрсе айтпайды. 

– Атың кім? – десе де, «Әрине», – дейді. 

Содан ауыл адамдары: 

– Дені сау адам емес қой, қоя берейік, – деп, Құлақайды қоя беріпті. 

Былай шыға салып, Құлақай: 

– Қойға келген ұры едім, әринемен құтылдым, – деп, айқай салыпты. 

*** 


Құлақай көршілес ауылдағы қыз ұзату тойынан таң ата қайтып келе жатса, өз үйінің сары атанын Масалы 

сайынан жетектеп, бездіртіп бара жатқан бір кісіні көреді. Түйе жетектеушінің ұры екеніне түсіне қалған 

ол ұрының алдын ала бірнеше қырқаларды асып, осынау жерден жүреді-ау деген мөлшермен оның жолын 

тосады. Тау ішінің жалғыз аяқ жолы өзіне белгілі. Қайтсе де, ұрының Масалы сайымен жүретіні күмәнсіз. 

Басқа жерде ол кете қоятын дағдылы жол жоқ. Сондықтан ол Масалы сайының бір белесінің астына атын 

байлап, киімдерін түгел шешіп, денесінің әр жеріне батпақ жағып, ұрының алдын тосып, тұра қалады. 

Сары  атанның  сыры  өзіне  мәлім.  Мыңқ  етіп,  дыбыс  шығаруды  білмейді.  Ұры  да  белгілі  жерден  өте 

бергенде жанасалап, қосыла кетеді. 

Ұрының беті –  «Қызыл тас»,  «Өкпеті»  жақта. Таңның салқын самал желі. Күншығыс жақ түріліп, таң 

белгісін беруде. Даланың жыршы құстары атар таңды қошеметтеуде. Түйемен бір-екі минуттай қатарласа 

желіп отырып, оның ұзын қара бұйдасын қиды. Бұйданың бір ұшы – ұры қолында. Екінші ұшын Құлақай 

аузынан тістейді. Түйе бұйдасы қиылған жерде қалды. Құлақай да ұры артынан жетектеліп, желіп келеді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              705 bet 

Әлден  уақытта  түйе  қарасын  үзіп,  бір  белесті  асып  түскеннен  кейін аузына  тістеген  бұйдасын  тісімен 

тартып, табандап тұра қалады. Түйе жетектеуші артына қарауы-ақ мұң екен, атты борбайға салып қалып, 

безбесін бе? Құлақай да бір бел асқанша артынан шамасынша жүгіріп бақты. 

Қарасын үзген ұры үйіне жетер-жетпесте-ақ аттан құлады. 

– Не болды? – деген адамдарға даланың «кісі киігі» қуып, ат құйрығынан әне ұстап, міне ұстап жүргенде, 

Алла тағаланың жар болуы. Зорға құтылдым, – депті. 

Содан шошынған ұры екі ай төсек тартып, жатып алыпты. 

Ал,  Құлақай  ше?  Ұрының  зәресін  ұшырып, қайта  келіп,  атына  мініп,  киімін киіп, түйесін  алып,  үйіне 

келіпті. 

107. ҮСЕН ҚУ 

Үсен осы әңгімесін бастап айтқанда былай дейді екен. 

– Көктем уақ жұрт оразасын көкек айында ұстайтын болған. Сол жылда қыста Үсеннің жалғыз көк шолақ 

аты болады екен. Қыс қаталаң болып, Үсеннің көк аты қыршаңқыға ұрынып, көк шолақ ат болыпты. Бір 

ауылға  мініп  барса,  қышынып,  үйге  сүйкеніп,  маза  бермейтін  бопты.  Елден  қыдырып,  ет  жеуге,  тіпті, 

ыңғайсыз болған соң көк шолақ атты мінбей, қоя беріп, үйінде жататын бопты. Бір күні қатыны Зарауқа 

даладан үйге жұлынып, бір нәрсеге тырысқандай түсі бұзылып кіреді. 

– Біздің көк атты үлкен атамның ауылындағы кіші енем қолына бақан алып, қуалап ұрып жүр. Дәрісі, 

үйіне сүйкенді білем. Арам қатқыр, ішің сұйылғыр, – дейді. Зарауқа жылап жібереді. 

– Зарауқа, сен оған намыстанбай-ақ қой. Оны мұнда ұстап алып келші. Бір жаққа мініп кетейін, – дейді. 

Зарауқа көк шолақ атты ұстап әкеліп, ерттеп береді. Үсен домбырасын ішінен байланып, Асы деген жерде 

Албан деген елге бармақшы болып, жүріп кетеді. 

Жылы жағалай қонып, үш күнде Асыдағы Албанға барады. 

Күн  батып  кеткен  кезде  бір  түйе  жинап  келе  жатқан  ақсақалды  шалға  жолыға  кетеді.  Ақсақалды  шал 

Үсенге: 

– О, батырым, кімсің? – дейді. 

– Шапырашты боламыз, Шапырашты ішінде Айқым. Айқым ішінде Қалқаман деген ел боламыз, – дейді. 

– Қалқаман болсаң, сенің түбің Тобықты болды ғой, – дейді. 

– Тобықтыңыз не? Мен Қалқаман деп тұрмын ғой, – дейді. 

– Сенің атаң Қалқаманға Мамыр сұлуды қоспаймыз деп, Тобықты деген ел Қалқаманды мылтықпен атқан 

екен ғой. Сонда Қалқаман батырдың санынан оқ тиіп, жарадар болып, қашып келген екен. Мұнда келген 

соң оқ тиген жерінен үзіліп түсіп, Қалқаман батыр балдақпен жүретін ақсақ кісі болды деуші еді. Айқым 

деген елден бір қыз алып, үйлі-баранды болып, сонан туған тұқымдар жиырма шақты үй болып қалды 

деп, шөпшек сен Қалқаман болсаң, сол Қалқаман батырдың тұқымы боласың. Мұнан былай атаңды біреу 

сұраса, ұмытып қалып жүрме, – дейді. 

– Сіз айтқан соң ұмытуға бола ма? Қалқаманға батыр деген жерін қосып айта алсам, ұмытпаспын, – дейді. 

– Батырым, сөзіңнің кермегі бар екен. Енді кімнің үйіне барасың? – депті. 

–  Отағасы,  еліңіздің  мырза-шорасына  жарапазан  айтқалы  келдім.  Бір  тәуірін  көздеп  жіберсеңіз,  сонда 

барайын, – депті. 

– Бәсе, сондайыңның бар екенін сөзіңнің кермегінен сезіп едім. Ендеше сен бүгін Қосбасар батырдың 

үйіне бар. Өзі бай, өзі батыр кісі. Ақбөпе деген тоқалымен жылқының отарына шыққан үлкен үйімен екі 

бәйбішесі қой-түйе, сиырларымен елге бұрын қыстаған, өзінің баласы жоқ. Әйтеуір, Ақбөпені мақтай бер, 

сорлы болса, саған бір ат берер, – депті. Үсенге Қосбасардың үйіне баратұн жолды тура көрсетіп жібереді. 

Біреуді біреу танымайтын іңір уақта Үсен бір белеске шыға келсе, белестен аса берген жерде бір жыртық-

жыртық үйдің оты жарқ-жарқ етеді. Бұл Қосбасардың үйі болмады ғой, не де болса, бара кетейінші деп 

үйдің  жанынан  оты  жарқылдаған  туырлықтың  тесігінен  қарап  тұрып,  төрдің  алдында  тері  тулақтың 

үстінде үйелбедей үлкен қара кісі тырдай жалаңаш отқа қыздырынып жатыр екен. Бір үлбіреген жап-жас 

қана  ақ  бөрте  келіншек  әлгі  кісінің  арқасының  отқа  қызған  жерін қолымен  сипап  отыр  екен.  Сондағы 

Үсеннің айтып жіберген жарапазаны мынау дейді: 

– Қосбасардың үйі емес 

Туырлығы шұрық тесік. 

Қу кедейдің үйі екен 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              706 bet 

Қызыл киік қышыма 

Қотыр болып отырған 

Үйдің шалы би екен. 

Үлбіреген келіншек

Атасынан өнеге 

Үйренгелі жүр екен. 

Келінің бе, қызың ба? 

Тоқалың ба білмедім. 

Жас келіншек кім екен? 

Кімде болсаң, келіншек, 

Именбедің ұялып. 

Бетіңе жаққан күйе екен, 

Ізетіңді, келіншек. 

Ұятына керінің 

Бәрекелді сақтаған 

Келсаптай болып иманы, 

Бұтына қысса, сыймады. 

Қыздырып отқа таптаған 

Әкеңіз бе, келіншек, 

Атаңыз ба, келіншек. 

Бұтын отқа таптаған 

– Қосбасар мен Ақбөпе 

Ет берер, – деп, ит қақбас 

Мұның несін мақтаған? 

Мұқамет айтып өткен 

Жарапазан, – дей бергенде, 

– Қылышымды әпере бер, 

–  деген  дауыс  шығып  қалады.  Үсен  атының  басын  бұрып  ала,  қашпақшы  болғанда,  көк  шолақ  үйге 

құйрығын тығып алады. Қосбасар батыр қылышын алып, есіктен қарғып шыққанда Үсеннің көк шолағы 

бақан  алып,  қуалап  ұратын  қатындар  екен  деп  қалса  керек,  безіп  ұра  жөнеледі.  Қосбасар  қолындағы 

қылышын  жарқылдатып,  еңіске  қарай  қуалап  келеді.  Үсен  аттың  басын  жетіп  қалғанда  бұра  қашады. 

Қосбасар екпінімен еңіске қарай ағып кетеді. Үсен аттың басын өрге тарта қашып, Қосбасардан құтылып, 

ұзаңқырап кетеді. 

Қосбасар: 

–  Сені  ме,  бәлем,  көк  шолақ  атты  жарапазаншы  ертең  атымды  мініп,  жердің  жарығына  кірсең  де, 

қоймаспын. Тап сенің қаныңды ұрттамасам, Қосбасар атым құрысын, – дейді. 

Үсен оның Қосбасар батыр екенін сонда біледі. Үсен ойлайды: 

Қосбасар енді мені көрсе, тірі қоймайтын болды, не де болса, бұл маңнан басқа жерге кетейін деп, сол 

күні далаға қонды. Түннен тұрып, Дулат деген момын елге өтіп кетейін деп, жүре береді. Сол күні суыт 

жүріп, кешке жақын бір үлкен өзен суға келеді. Судың ар жағында бір жалғыз атты кісі атының аяғын 

тұсап, тізгінін еріне қаңтарып қойып, өзі намаз оқуға азан айтайын деп, қамданып тұр екен. Сол кісінің 

айтатын азаны дейді екен Үсен. 

– Айдап аям 

Айдап аям 

Ашадан иіп аям 

Ашадан иіп аям 

Ашадан мініп аям 

Ашадан сойып аям 

Аяғынан сайда, аяғынан пайдасы айда, 

– дегенде, Үсен: 

– Ой, мұның не шүлдіретіп жатқаның? – дейді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              707 bet 

Сақау: 


– Түк көймеген надан сүйдемісің? Құдайдың кешпейтін отыз күн ойаза, бес уақты намазы бойады, – дейді. 

Үсен: 


– Ондай болса, маған да намаз үйретіңізші, – дейді. 

Сақау: 


– Ана судан дейет алып кей, сауабыңды айайын, – дейді. 

Үсен судан дәрет алып, сақаудың қасына келіп: 

– Қалай оқимыз, молдеке? – дейді. 

–  Бүйтүйіт  иеке  ғат  екінді  намазы  бойады.  Екеуін  маған  ұйып  оқы,  екеуін  өзің  бөйек  оқисың,  –  деп, 

шапанын жайнамаз қылып оқыған. 

–Алда момын-ау, – дейді екен Үсен. 

– Айқамды дидайын иа, 

Беп айамын иа 

Құмғаным, құмғаным 

Иа кане сүйдетіп сайам 

Үйретіп айам ойазайым, 

–  деп,  екі  рет  жығылып,  азырақ  отырып,  аузы  күбірлеп,  бата  қылып,  Үсеннен  декбір  күтеді.  Үсен 

жайнамаз шапанды жұлып ала жөнеледі. Сақау шапанды ұстай алып: 

– Кеңкебас неме, қайда апайасың? – дейді. 

Үсен: 

– Өзің екі намазыңды бөлек оқы дедің ғой. Ана төбенің астына оқып келейін, – дейді. Сақау: 



– Бөйек оқы дегенде ішіңнен құпия оқы дедім ғой, – деп, шапанды қайта жайып, қалған намаздарын оқып 

болған соң сақау Үсенге: 

– Ана менің атымды бейі тайт, – дейді. Үсен сақаудың атын тартып, қолтығынан аттандырып, өзі де атына 

мініп, бірге жүреді. Сақау Үсенге: 

– Бүгін менімен биге қонсаң, ақ майға би дүздиейін, – дейді. Үсен: 

– Мақұл, етке тойғызсаңыз, сізбен бірге болайын, – дейді. 

– Ендеше анау бетте отырған үш үйді көйдің бе, сол менің жездемнің ауыйы бойады. Бүгін сонда қонамыз. 

Менің сыбағам енді бүгін сайайа тұздық бойады ғой. Сен айдыңа кейген тамақты соғып, жей-жей, тек 

сөйдемесеңде ығысып қоясың. Қыз-келіншек, бозбайа да қағынған сені күйкі қиады, бидің бе? – дейді. 

Үсен: 


–  Мақұл,  бүгінше  жағымды  қарыстырып  отырайын,  –  дейді.  Сонымен  әңгімелесіп  жүріп,  алдындағы 

үлкен ақ боз үйге жете бергенде үйден бір бойжеткен сұлу қыз шыға келіп: 

– Нағашым, нағашым келді, – деп, аттарын байлап, үйіне кіргізе бергенде үйдегі адамдар сақауға жік-

жапар  болып  қалады.  Үсен  домбырасын  көрсетпей,  жүктің  артына  тыға  салып,  отыра  береді.  Дереу 

ауызашардан  қалған  бір  табақ  тураған  етті  екеуінің  алдына  қоя  береді.  Сұғынып  жеп,  бірақ  Үсен 

тойыңқырамай қалады. Сақаудың жездесі: 

– Әйел, мына кісілерге тамақ асыңдар, – десе, қатыны: 

– Су жоқ, бәрібір, ет тамаққа тойды ғой, – депті. Сақау: 

– Мес байданып кейді дейсіз бе? Су жоқ бойса, үйіне бомайақ қой кенет бойды, – дейді. Қысқасы, бақанда 

жабулы тұрған жал-жая майын шешіп, самсап тұрған сары ала қазыдан асылмайтын болды. Бір түйе қарап 

кеткен әйелдің қойшысының мінгені көк бурыл құнан шұбар тай екен. Тайды терлетіп, қинап келді. Екі 

үйдің шаңырағынан арқан тастап, таза суытып, ертең үйіріне қоспақ болып, кермеге байлап қойды. Тай 

жұлынып,  кісінеп-кісінеп  қояды.  Әйелдің  үйіне  қыздар,  келіншектер  жинала  бастаған  соң  Үсен  өтірік 

ұйықтаған кісі болып жамбастап жата кетеді. Ауылдың бозбалалары сақауға намазыңды қашан оқисың 

десіп, тіліне қызығып, мазақтап отырғанда, жамбастап жатып, Үсен осырып қояды. 

– Жұпар сасыған кімнің иісі? – деп, ду күледі. 

Сақау: 

– Айбасты басқый, айбасты басып жати ма? – деп, Үсенді түртіп жібереді. Үсен шошынып оянған кісідей 



селк етіп оянып, сақау: 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              708 bet 

– Бағана не айтып едім, мына қатындар сені күйкі қып отыр. Басыңды көтеріп отыр, айбасты басқый, – 

депті. Үсен оқты көзімен сақауға бір қарап, отыра беріпті. Отырған адамдар азырақ күлісіп, өзді-өзінің 

үйіне тарап кетеді. Артынан Үсен, сақау, үйдің іші түгел далаға шығады. Үсен елден бұрын түзге отырып, 

үйге келсе, төрдің алдында екі төсек салулы жатыр. Қыздың төсегі жаққа сақауға салған жастық жастап, 

көрпе төсеп. Үсенге деген төсек – бір ескі текемет жая салған. Үсен киімін шешініп жіберіп, сақауға деген 

төсекке  жатып  алады.  Төсек  салып,  далаға  шығып  кеткен  қыз  әке-шешесімен,  сақау  –  төртеуі  де  үйге 

кіреді. 


– Нағашыма салған төсекке мынау осырақ кісі жатып қалғаны несі? – дейді. 

– Қыз-балам, жатқан кісіні тұрғызғаның болмас, қырықтың бірі Қыдыр деген, жатсын. Нағашыңа жаңалап, 

төсек салып бер, – депті. Қыз қайтадан сақауға төсек салып береді. Үйдің іші тегіс жатқан соң қыз түндігін 

жауып, өзі де жатады. Аздан соң елдің көзі ұйқыға іліне бергенде есіктен біреу кіріп келеді. Үлкен қара 

шапанды желбегей жамылып, ақырын келіп, қыздың қолынан ұстап, ірге жағына аттап өтіп, шапанын шай 

көрпенің үстіне жауып, қыздың қойнына құшақтасып жатады. 

Үсен ыңыранып, қыздың қойнына екі аяғын тығып жібереді. Жігіт қызға: 

– Мынауың кім? – дейді. Қыз: 

– Осында бір жаман қонақ қонған, соның аяғы ғой, – деп, Үсеннің аяғын от жаққа итере бергенде, шай 

көрпе  мен  шапанның  етегін  Үсен  екі  аяғының  ұшыменен  қысып,  оттың  қозына  жеткізіп  қояды.  Жігіт 

қыздың кеудесіне аттай мініп алып: 

– Осы сенің үстіңе шықсам, бейішке шыққандай боламын-ау, – дейді. 

Қыз: 

– Сенің астыңда жатқанда өлсем, Құдайға ырзамын ғой, – дегенде көрпенің шеті тұтанып, қоңырсып, иіс 



шығады. Жігіт: 

– Бұл ненің иісі қоңырсыған, бірдеме күйді ме? – дейді. Қыз: 

– Қонақтың шылғауы шығар отқа күйіп жатқан, күйсе, күйсін, жата бер, – дейді. Сонда кермеде тұрған 

тай кісінеп-кісінеп жібереді. Үсен: 

– Пай, пай, пай, маза бермеді-ау тай, қызыңды ұрайын. 

Су тұрып, аспады-ау бай, қызыңды ұрайын. 

Оттың қызылы сөнбестен 

Қыздың үстінде жатқан, 

Қай қызыңды ұрайын. 

Шай көрпе мен ламшық шапанның етегі өртеніп кетті-ау

Қай, қызыңды ұрайын, – деп, жігітті басқа теуіп кеп жібереді. Жігіт шапанын ала жөнеледі. Үйдің екі қара 

төбеті  қосылып  береді.  Лапылдап  жанған  шапанның  етегінен  қорадағы  қойлар  тас-талқан  болады. 

Қыздың әкесі де далаға айғай сала атып шықса, жігітті иттер қуып, безіп барады. Қораның төріне шыға 

бергенде шапан жағасына дейін өртеніп, жігіт тастай жөнеледі. Қыздың шешесі де оянып, түтеп жатқан 

көрпеге жүгіріп келіп: 

– Жалмауыз, қатын, көрпең өртеніп кетті ғой, – деп, қызын жұмырықпен қуалай береді. Үсен: 

– Бәйбіше, әлемнің бәрі алдында өтіп кетті. Ашулансаң, көрпеге ашулан, қызыңа ашуланба, – дейді. 

– Аламың не, адыра қалғыр, кеңкелес. Неме-неме, не сандырақтап жатқаның? – дейді. 

– Қорадағы қойға қасқыр шауып жатыр, үйді жау шауып жатыр, сені албасты басып жатыр ма?  – деп, 

жатқан сақауды басқа теуіп кеп жібереді Үсен мына кеңкебас немені. 

– Бидеме ойып кетті ме? – деп, сақау тұрып отырады. Үсен: 

– Мен саған осындай ит басты, сиыр аяқты жерге қондыр деп пе едім, ит, сақау. Басыңды кесіп алайын 

ба? – дейді. 

Әйел үйге кіріп: 

– Ойбай, от жақ, от жақ, – дейді. Қатын дереу от тамызып жібереді. Жарық болған соң әйел Үсенге: 

– Сен кім едің, шырағым? – дейді. 

– Қалқаман Үсен қу деген мен едім, – дейді. 

–  Үсен,  шырағым,  өзіңді  көрмесек  те,  атыңды  естуші  ек,  естідік,  біздің  өзімізден  болды,  бір  жолғы 

ашуыңды байла. Атым – тарту, шапаным – жабу, – деп, судай жаңа қоңыр ала шапанды үстіме жаба береді. 

Қатыны қазанды асып жіберіп: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              709 bet 

– Бақандағы еттің қайсысын жейсің, қарағым? – дейді. Үсен: 

– Майлы майлысынан пісірсең, жей берем, – дейді. Шешесі еттің майлы-майлы жерінен кесіп, аса берді. 

Бірақ қызы ұялып, төсектен тұра алмай, қайтадан асқан қазы-қарта, жал-жая пісіп, ішіп жегенше, жазғы 

таң неме атып кетті,  – дейді екен Үсен. Үсен ертең ерте жүктің артындағы домбырасын алып, ілмегін 

қайта тағып, құлағын бұрап, бір-екі ауыз өлең айтайын деп отырса: 

– Шырағым,  Үсен, өлеңіңді  айтпай-ақ қой, айтқаным айтқан, түндегі  атыңды алдырып берейін,  – деп, 

бетте тұсаулы тұрған бурыл жорғаны алдырып берді. Сақау көк шолақтың ер-тоқымын бурыл жорғаға 

ерттеп, лыпың қағады. Үсен көк шолақ атын әйелге аманат қойып, қош-қош айтып аттанады. Сақау да 

бірге аттанып, қалғысы келмейді. Ауылдан былай шыққан соң сақау Үсенге: 

– Сен кеңкебас екен десем, би байекет екенсің ғой, – дейді. Үсен: 

– Өзің бәлекет болғыр, бір әңгіме айтшы, – дейді. 

Сақау: 

– Мен әңгіме бимеймін, айтсаң, өзің айт, – дейді. 



– Мен айтсам, сенің жынысың кім болады? 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет