ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет136/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   153

сыртынан тыңдап тұрған екен. Омармен елшілер үйден шығып кетісімен Күләнда шешесіне жылап келіп 

бас салып: 

– Апатай-ай, бұл не деген сұмдық болды. Менің қу әкем біреудің адамын құдайдан қорықпай, қайтып зар 

қақсатып  айырмақшы  болды.  Бәрібір  мен  ол  жерге  барғанымша,  маған  бір  сүйем  бұйырсын.  Мен 

Әнуәрдан айрылып, тірі жүре алмаспын, – депті. 

Сонда шешесі қызынан да қатты жылап: 

–  Ой,  сорлы  балаларым-ай,  құдай  көздеріңді  ашпайын  деген  екен.  Әнуәрді  бір  жасынан  жылатып, 

зарлатқан жасаған бейшара, көз жасына қарамай-ақ қойған екен. Сен сорлы қызымды өз теңіне қосылды 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              904 bet 

ғой деп қуаныш ішімді кернеп жүргені бекер екен. Сен әзірше сабыр ет! Әнуәр не дейді екен, ақылдасып 

көр, – депті. 

Патшаның елшілері молданыкінен шығысыменен патшаға келіп, Омар молданың жауабын түгел сөйлеп 

беріпті. Мәлік патша қуанып кетіп, қазынашыға дереу бұйырып, қазынадан ақша алып, базардағы неше 

түрлі асылдардан жартас алыңдар. Ұсталар Күләндаға лайықты алтын, гауһар тастан алқалар соқсын деп 

бұйырыпты. Бұл істердің барлығын Жабар деген патшаның хатшысы Әнуәрбекке бастан аяқ ұқтырып, 

«менің қолымнан келетін шара жоқ, іс жаманға айналды, өзің ойланып көрерсің», – депті. Әнуәрбек бұл 

сөзді естігенде қаны қашып, өңі бұзылып, жүрегі дүпілдеп, үнсіз біраз отырды. Сенерін, сенбесін білмей 

кешқұрым үйіне қайтып келсе, Күләнда әке-шешесі отыратын бөлмеде бүктүсіп жатыр екен. Әнуәрбек 

өздері  жататын  қарсы  бөлмеге  кіріп,  біраз  әрі-бері  жүріп  жүрді.  Әнуәрбек  келісімен  бір  минут  өтпей 

жатпай келетін Күләнда бүктүсіп жатқан күйінше жатып алыпты. Әнуәрбек бұған сенер-сенбесін білмесе 

де, бұл ахуалды көріп, естіген сөзінің шынға айналғанына көзі жете бастады. Бір кезде енесі келіп, тамақ 

іш  деп  шақырған  соң,  Әнуәрбек  ата-енесі  отырған  бөлмеге  кіріп  келсе,  қабағын  түсіріп,  Әнуәрбекке 

шынайы бір қарамаған Күләнда бұрышта бүктелген күйі жата беріпті. Енесі қатты уайымға түсіп кетіпті. 

Үшеуі үнсіз отырып тамақ ішіп, Әнуәрбектің тамағынан тамшы да өте алмай, өзі жататын бөлмеге барып, 

қасіретпен қарайып, ұйқы келмей, түнімен сенделіп, әрі-бері жүріп, сонымен таң атқызыпты. Күләнмен 

ауызша  жолығайын  десе,  Омар  молда  да  ұйықтамай,  қызын  бағып,  таң  атқызыпты.  Таң  атқан  соң, 

Әнуәрбектің  көңілінде  Күләннан  айрылса,  тірі  жүре  алмайтынын  айта  келіп,  Күләнжан  өзің  не  ойлап 

жатырсың деп хат жазып, қорасында атқа қарайтын он жастағы бір балаға беріп, сол күні өзі күндегідей 

қызметіне  бармай,  шет  жерде  бір  танысының  үйіне  барыпты.  Әнуәрбек  қызметке  келмеген  күні  жеті 

молданың біреуі Мәлік патшаға келіп: 

– Тақсыр, сіз қауіпті жүрсіз. Қадірлеп, қастерлер жүрген Әнуәрбек сіздің дәм-тұзыңызды татып жүріп, 

сізге дұшпан болып, сіздің ғашық, адал жарыңызды алып қашып кеткелі жатыр дейді. Өзі менің абыройым, 

патшадан асып кетті деп өте көлбеңдеп, кеткенін сезбей жүрмісіз, – депті. 

Патша елең етіп қарап: 

– Е, оған ондай күш қайдан біте қалды? Өзі Жапарменен бір жүреді. Анығын сол білетін шығар деп оны 

да шақырып келіп, сен мына сөзден не білесің, – деп сұрапты. 

Жапар: 

– Мен ондай сөзді естімедім. Кеше басым ауырып отыр деп отырған. Жазылса ертең келетін шығар,  – 



депті. 

Әнуәрбек шетте бір танысының үйінде күн батқанша жатып, кешкісін Жапардың үйіне келіп: 

– Қане достым, біздің жағдайымыз қалай болатын болды, – деп сұрапты. Жапар естіген сөзін түгел айтып 

келіп: 


–  Бұл  бұзықтар  Күләнді  қайтседе  ажыратып  алатынын  анықтады.  Сендердің  қайғы-қасіреттерің  менің 

жаныма да батып барады. Амал не? Қолдан келер түк жоқ, енді өзің ойланып көрерсің, – депті. 

Сонда Әнуәрбек қасіретпен қан жұтып тұрып: 

– Достым, мен Күләннан тірідей айрылғанымнан гөрі, өліп айрылғаным жақсы. Мен Күләнға жанымды 

қидым.  Қазір  Күләннан  хабар  аламын,  мүмкін  Күләнда  өз  жанынан  үміт  үзгенде  шығар.  Күләнді  осы 

жерге  шығарып  алып,  бұдан  былай  жарық  көре  алмайтын  өмірдің  боласысын  тезірек  болдырамыз. 

Қайтейін достым, жолдастық ақың үшін маған қаншалық жаның ашығанымен лажымыз жоқ. Жолдастық 

қарызыңызды кешіңіз, – деп екеуі қол ұстасып жылап тұрып, қош айтысып ажырасып кетіпті. 

Әнуәрбек ымырт жабыла, Омар молда бала оқытатын мектептің жанына келсе, өзі хат берген он жастағы 

бала жүгіріп келіп: 

– Аға, бүгін мен сізді кешке дейін іздеп таба алмадым, Күлән тәте ағаңды қайдан болса да тауып, мына 

хатты бер деп еді. Өзі ауырған ба білмеймін, тамақ ішпей кешке дейін жылап жатыр, – деп Күләнда жазған 

хатты беріпті. 

Әнуәрбек, Күләнжан не деді екен деп асып-сасып, хатты ашып, оқып көрсе, сондағы Күләннің жазған 

хаты: 

Айналайын Әнуәр, 



Бірге өсіп едім жасымнан 

Төл қозыдай тең өстім, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              905 bet 

Бір сағат кетпей қасыңнан 

Жеттім бе деп мұратқа, 

Бақытым қайсы ашылған? 

Шыбын жан кетпей кеудемнен, 

Тірідей сіздей айрылман. 

Ендігі өмір не керек? 

Не десең сонда мен тұрам 

Мен де қидым жанымды 

Әнуәр өзің шыдасаң. 

Ес білгелі бірге өсіп 

Он беске кәмәл кеп едім 

Өз жанымнан тәттірек 

Ғашығым, сәулем сен едің. 

Зұлымның түстік торына 

Келтіріп тұрған кемелін. 

Айналайын Әнуәр, 

Бір көрініп жол көрсет, 

Дегенің болсын- дегенің. 

Әнуәрбек Күләннің жазған хатын оқып, өте сүйсініп, қасындағы балаға: 

– Інім, сен үйге барып, апамды мен шақырады деп айта ғой, – депті. Бала құлдырықтай жүгіріп отырып, 

Әнуәрбектің енесіне: 

– Апа, сізді балалар оқитын жерде Әнуәр аға шақырып жатыр – дегенде, енесі естісімен жүгіріп Әнуәрға 

келіп, оны көргенде енесінің көзінен жас төгіле бастап: 

– Бақтарың жанбаған сорлы балаларым-ай, ендігі күндерің не болар екен, – деп еңіреп жылап жіберіпті. 

Әнуәрбек енесімен қосыла жылап: 

– Апатай-ай, Күләнжанның хәлі қалай болып жатыр? Бізге айтар ақылыңыз не? – деп сұрапты. 

Сонда енесі тұрып: 

–  Ой,  сорлы  балам-ай,  Күләннан  қандай  хәл  сұрайсың?  Күлән  жанынан  үмітін  үзді.  Бар  арманы  сені 

тірлігімде бір көрсем болғаны, одан кейін маған ендігі жарық  дүниенің керегі  жоқ деп қасіретпен қан 

жұтып жатыр, – депті. 

Күләннің зарын естіген Әнуәр іштей елжіреп, шыдап тұра алмай жылап жіберіп, «апатай-ай, бізге айтар 

ақылыңыз бар ма», – деп қайталап сұрай беріпті. 

Енесі тұрып: 

– Менде не ес қалды деп тұрсың, сендер қайғы-қасіреттеріңмен енді мені адам болып жүре алады деп 

тұрмысың?  Менің  қураған  қу  маңлайым  симаған  екеуің,  енді  өздерің  білерсіңдер,  –  деп  енесі  жылап 

жіберіпті. 

Әнуәрбек енесіне: 

– Апатай-ай, егер өмірім болса, төбеме көтергендей бағармын-ау деуші едім, құдай ол тілегіме жеткізбеді. 

Біздегі аналық қарызыңызды кешіңіз, енді Күлән екеуіміз тірлікте сізге жоқпыз, дегеніме жете алмай бұл 

дүниеден өтетін болдым, жаны басқа адамның өліп кетуі де оңай емес, өзіңізді-өзіңіз мықты ұстаңыз, – 

деп жылап тұрып, апатай, Күләнді шығарып жіберіңіз, Күлән екеуіміз де өмірден үміт үзген адамбыз ғой, 

әзірше осы арадан бір шығып кетіп, не болса да бірақ көрелік, – депті. 

Енесі де еңіреп, жылаумен тұрып: 

– Біріңе-біріңді лайықтап қосқан екі қарағым-ай, менде кешпейтін не қарыз бар? Ажалсыз жанға айла бар 

деуші  еді  ғой  қарақтарым  жолдарың  болсын.  Қашан  жаман  аттарыңды  естігенше  үміт  дүниесі  ғой 

тілектеріңді тілеп тұрайын, Күлән әзір-ақ келеді. Қош-қош-қош қарағым, – деп үш айтып, өксіп жылап 

үйіне қарай жүріп кетіпті. 

Енесі кеткеннен кейін көп кешікпей-ақ Күләнда жүгіріп жетіп келіп, екеуі жылап тұрып амандасып алып, 

шеттегі танысының үйіне қарай жүре беріпті. Жолда келе жатып екеуі ақылдасып, сонда Әнуәр айтыпты: 

– Біздер бір жаққа ұзап қашқанмен мұнан құтыла алмаймыз. Жанды қинап қашқан ақыры ұсталуымыз 

анық. Сондықтан осы маңайға екі-үш күн айналып, бітетін өмірді тезірек бітіріп жібергеннен тиістісі жоқ 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              906 bet 

екеуіміз  тірідей  ажырап  кетсек  құса  менен  қатып  барып  ақырында  өлуіміз  анық.  Өйтіп  жанды  қинап 

өлгеннен гөрі неде болса зәлімдердің өздерімен қарсыласып, халық алдында өліп кеткеніміз дұрыс па? – 

депті. 


Сонда Күләнда тұрып: 

– Менің ойымда осы еді. Мен махаббатсыз тіршілікпен-ақ өмір кеше тұрайын десем, Алланың жазған 

өміріне көндім деп, бүгін үйімнен шықпайтын едім. Маған ендігі өмірдің керегі жоқ, қалай десең, мен сол 

жердемін депті. Бұлар өзара кеңесіп алып, түнделетіп, шеттегі таныс үйіне келіп, сол жерде екі-үш күн 

болса да өмір сүре тұралық, – деп, сол жерде тоқтап жата беріпті. Әнуәрбек пен Күләнда кеткен түннің 

ертеңінде,  «Әнуәрбек  Күләнданы  алып  қашып  кетіпті»  деген  сөз  ел  ішіне  дүр  ете  түсіп,  Мәлік  патша 

естігенде, қаһар менен терісіне симай жарылып кете жаздап, «қайдан болса да тауып келіңдер», – деп, ел 

ішіне көптеген адам шығарып, үй-үйге кіріп, астан-кестенін шығарып, тінтіп жүргенде, барлық халық: 

–  А,  құдай,  мына  бұзықтар  табылмай  құтылса  еді,  –  деп  Әнуәрлардың  тілегін  тілеп,  шуласып  кетіпті. 

Тінтушілер қаншалық іздесе де, таба алмай енді ұзап іздеуге айланған уақытында үш күн өтіп, төртінші 

күні Әнуәрбек ерте тұрып, Күләндамен қол ұстасып қоштасып тұрып: 

– Сүйікті адал жарым Күләнжан, үш күннен бері ел арасын іздеп болып, енді қырға шығып іздейді. Енді 

біздің  дүниеден  көретін  жарығымыз  таусылып,  бітетін  уақыты  болса  керек.  Мен  қазірден  бастап  сол 

зәлімдер  алдына  барып,  көңілдегі  сезімімді  ашық  айтып,  көпшіліктің  алдында  өлейін.  Сені  өздері  де 

тауып алар, әзірше сабыр етіп, осы үйде отыра тұр, – депті. 

Сонда Күлән: 

– Әнуәржан, сенің бұл не дегенің? Бәрібір сен ол жерге барған соң-ақ ол зәлімнің өлтіруінде шек жоқ. 

Мен бұл жерде қалып, жеке жерде өлгенімше сенің өліміңді көріп тұрып, сол жерде өлгенім жақсы емес 

пе? – депті. 

Сонда Әнуәрбек: 

– Сен сабыр ет! Кім білсін, қалай болады? Менің жақсы-жаман ахуалымды есті, – деп, Күләнданың бірге 

бармау  жағын  сұрай  берген  соң,  Күләнда  амалсыздан  риза  болып,  сол  жерде  қалатын  болғанда,  екеуі 

қоштасып, жылап тұрып, қоштасқандағы Әнуәрбектің сөзі: 

Төрт жасымнан бірге өскен, 

Айналайын Күләнжан. 

Мінсіз болып туылып, 

Сымдай белің бұралған 

Бақытымызға кез бопты, 

Бұзық бір заман қуарған. 

Тұйықсыз торға оралып, 

Шыға алмай қалдық Құмардан. 

Қылмысты ісім жоқ еді, 

Көпке ісім сыналған. 

Сен ғашық жетпей мұратқа 

Біз құсап кеткен жылап та, 

Қош Күләнжан, қош енді 

Емеспіз артық солардан. 

Күләннің жылағаны: 

Айналайын Әнуәр, 

Сүйікті, сынды бағланым. 

Мен үшін қиып жаныңды, 

Бір бағыттан танбадың. 

Бірге өлсем деп өзіңмен, 

Тіленіп мен де зарладым. 

Амалым қанша, қайтейін, 

Қызығыңа қанбадым. 

Іші-бауырым елжіреп, 

Күйсем де от боп жанбадым. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              907 bet 

Жеткенде желкем қиылып, 

Тістеулі кетті бармағым. 

Жазуға амал бізде жоқ, 

Зұлымның қанды қармағын. 

Қош-қош сәулем қош енді, 

Қайырлы болсын барғаның. 

Екеуі бірін-бірі қимай көпке дейін айрылыса алмай жылап тұрып, үй иесіне Күләнді тапсырып, қайта-

қайта қоштасып, амалсыздан Әнуәр Күләнданы құшақтаған қолын босатып, Мәлік патшаға қарай жүре 

беріпті.  Әнуәрбек  сол  бетімен  тоқталмастан  Мәлік  патшаның  алдына  кіріп  келгенде,  Мәлік  патша 

тұтанып, қап-қара болып: 

–  Ей,  бұзық  сенің  менің  қатынымда  нең  бар  еді,  –  деп,  зіркілдей  жөнелгенде,  Әнуәрбек  бұдан  тірі 

қалмасын білген соң: 

– Мен бұзық емес, сен бұзықсың, мына отырған жеті қуменен сегізіңе құдайдың дүзі арам. Күләнда қашан 

сенің қатының болып еді? Сен бізді жылатсаң, сені құдай жылатсын, – деп қасқарып тұрып алғанында, 

Мәлік патша қаһарланып, жендеттеріне «мына бұзықтың екі қолын байлап апарып, зынданға салыңдар», 

– деп ақырыпты. 

Жендеттері  Әнуәрбектің  қолын  байлайын  деп  жетіп  келгенінде,  Әнуәрбек  жендеттерді  қойып-қойып 

жіберіп, «апаратын жерлеріңе өзім-ақ барам, жүріңдер», – деп кетіп бара жатқанда жеті молдаға қарап: 

– Жерлерің енді кең, сендердің қандарыңда менің қаным сияқты шашылсын, – деп, жендеттердің алдына 

түсіп, үйіне өзі келіп, кіріп кетіпті. Жетеуі «бұл бұзықтың өлім алдында тұрып айтқан сөзін қарашы» деп, 

мұрттарынан күліп қала беріпті. Мәлік патша хатшыларын шақыртып алып: 

– Дереу хабарландыру жазып, барлық жерлерге іліңдер! Әнуәрбек бұзық ертең дарға тартылады, – деп 

бұйрық беріпті. Хатшылар дереу жазып, халық көретін жердің бәрінде бір сағат ішінде Әнуәрбек дарға 

тартылады  деген  хабар  қаптап  кетіпті.  Бұл  хабар  Күләндаға  естіліп,  ол  Әнуәрдің  тапсырып  кеткен 

адамынан жасырынып далаға шығып, қолына бір құлаштай жіп алып келіп, Әнуәрбек өлді деген хабардан 

бұрын өліп алайын деп, жіпті ілмектеп бір ағашқа тастап жіберіп буынып енді жаны шығып бара жатқан 

кезінде, үй иесі көріп қалып, жіпті кесіп жібергенде Күләнда сылқ етіп құлай кетіпті. Әлгі адам дереу 

өкпесіне қолын салып жіберсе, болымсыз жыбырлағандай болған соң, Күләннің бетіне су бүркіп, аздан 

кейін Күлән есін жиып, бас бармағын батыра шайнап алып, су бүркіп отырған адамға қарап: 

– Ағатай-ай, маған бекер обал еттіңіз-ау! Сіздің маған жаныңыз ашыса, мен  Әнуәрдің өлімінен бұрын 

өлгенім жақсы еді ғой. Бәрібір мен енді тірі қалатын адам едім ғой, – деп еңіреп жылай беріпті. Күләннің 

зарына ер-әйел екеуінің іштері елжіреп, екеуі Күләндамен қосыла жылап, Әнуәрдің таныс адамы: 

– Қарағым-ай, сабыр етші, – деп, Күләнданы жұбатып, сонан кейін өзі ешқайда бармай және ұйықтамай 

Күләнданы күзете тұрыпты. 

Ендігі әңгімені Асан менен Үсеннен бастайық. Әнуәрбектің жоғалып кеткен екі ағасы намыстанып, өз 

елінен шығып кеткеннен кейін алыс бір елге келіп, малайлық іспен әлдене бастағанда сол жерде тұрып, 

сауда  қылып,  бұрынғы  бұзықтарын  тастап,  әбден  байып,  қатын  алып,  балалы  болып,  әбден  өлместей 

болған кезінде өз еліне көштерінің бетін түзеп, өздері үш жасында тастап кеткен інісін сағынып, Әнуәрбек 

тірі  болса,  жылдамырақ  көрелік  деп,  көштеріне  қарай  Әнуәрбек  қамауға  алынған  күні  өз  елінің  ішіне 

жетіп келсе, қайсыбірі мал айтып сойып, қайсыбірі жеті нан таратып: 

–  А,  құдай,  Әнуәрбекті  сақтай  көр,  –  деп,  жылап-шулап  жүрген  елді  көреді.  Сонымен  бірге  әр  жерде 

Әнуәрбек ертең дарға тартылады деген хабарландыруды көріп, бұлар: 

–  Япырым-ау,  мына  адам  көпшілікке  осыншалық  жағымды,  қадірлі  адам  болғанда,  патшаға  неғып 

қылмысты болды екен? Өзінің жайын білейікші, – деп, бір адамды шақырып алып: 

– Бұл өлімге бұйрылған кім? Патшаға соншалық қылмысты адамның осынша көпшілік неғып тілеп жүр? 

Бұл өлімге бұйрылған адамның бұл елге қандай жақсылығы өткен адам, – деп сұрапты. 

Сонда әлгі адам тұрып: 

– Біздің елде Нұрым деген бір бай бар еді, ол адам әйелімен екеуі бір жылда қайтыс болып, оның ер жеткен 

екі баласы, бір жастағы Әнуәрбек деген баласы қалған. Ер жеткен екі баласы бұзық болып, бар малды 

тауысып қашып кетіп, сол жетім қалған Әнуәрбек оқып, ер жетіп, осы елді әбден түзеп еді, патшамыз сол 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              908 bet 

Әнуәрбектің әйелін тартып алып, өзін дарға тартып өлтіретін болып тұр. Мына шулап жүрген халық, сол 

жас үшін жылап жүр. 

Бұл сөзді естіген Асан мен Үсен естерінен танып, көздерінің жасы кетіп, енді қайтеміз деп бірін-бірінен 

ақыл сұрағанда, Үсен тұрып, «мен қазір Әнуәрдің жатқан жеріне барып, қайтсемде Әнуәрдің бір түн қу 

бетінен сүйіп, бүгінше Әнуәрмен бір жатып, ертең онымен бірге өлем», – депті. 

Сонда Асан тұрып: 

– Біздердің бұрынғы ақымақтығымыз жетіп жатыр. Енді біздерге Әнуәрдан айрылып, жасаған өмірдің 

керегі де жоқ. Біздер бекерден-бекер өлгенше бүгін екеуіміз екі ақ балта тауып алып, ертең дар түбінде 

Әнуәрді өлтірушілердің бір-екеуін өзіміз өлтіріп, өзіміз Әнуәр өлтірілген жерде бірге өлеміз, – депті. Бұл 

сөзді Үсен де тура көріп, екеуі екі балта сатып алып, оны ұзынырақ сапбен саптап, өткірлеп қайрап, екеуі 

де туысы үшін өз жандарын өлімге қиып, даярлық ете беріпті. 

Қаһарлы  Мәлік  патша  ызаменен  ерте  тұрып,  «барлығы  дар  майданы  түбіне  жиналсын»,  –  деп  бұйрық 

етіпті. Әнуәр үшін шулап, жүректері дүпілдеп, ұйықтаған көпшілік ерте менен топ-топ болып, дарға қарай 

ағытылып  жүре  беріпті.  Әнуәрбекті  қамаудан  шығарып,  дар  майданына  қарай  айдағанда,  екі  қолын 

байлап,  жендеттер  алды-артынан  қамап  алып,  қолдарына  мылтық,  қылыш  алып  айдапты.  Дарға  қарай 

ағылып келе жатқан көпшілік байлауменен айдалып келе жатқан Әнуәрді көргенде: 

– Қайран Әнуәр, шынымен өлгенің бе? Ақ иіліп сынбайды деген бекер екен ғой, – деп жылаған дауыстар 

жер жаңғыртса да патша әміріне қарсы тұруға шара жоқ, шулап, жылағаннан басқа шарасыз болып жүре 

беріпті. 

Сонда Әнуәрбек байлауда айдалып келе жатып, халықпен қош айтысып айтқан сөзі: 

Білесіздер ел-жұртым, 

Бір жастан жетім шерлі едім 

Екі ағам тастап кеткенмен, 

Туып-өскен жерде едім. 

Ата-ана мен туыстың, 

Тәрбиесін көрмедім. 

Риза бол ел-жұртым, 

Қаны бірге өз ұлтым. 

Дегендей қылып көбіңе, 

Қызмет етіп бермедім. 

Тірі болса ағалар, 

Бұдан кейін кеп қалар. 

Бір арман сол сәлемде, 

Тірлікте бірін көрмедім. 

Қаны қара зұлымдар, 

Ерте айырды елімнен. 

Кіндік кесіп, кір жуып, 

Туып-өскен жерімнен. 

Жемеңдер қанзұт жеті қу, 

Қу құлқынға берілген. 

Тілектерің қабыл боп, 

Ойлаған шықты жеріңнен 

Он беске жаңа жеткенде, 

Опырдың қулар белімнен. 

Ызалы халық анталап, 

Тесемен, шотпен балталап 

Уақыт кезі келгенде, 

Шұқысын көзге көрінген. 

Сендерге барып оқ болсын, 

Бір тамшы қаным төгілген. 

Соры қайнаған енеме, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              909 bet 

Көз қырын сал ағайын. 

Әнуәр, Күлән деп жүріп, 

Ағартып еді самайын. 

Кеудемде жаным тұрғанда, 

Келген қысым қу жанға. 

Көрінсе енем деп едім, 

Арыздасып қалайын. 

Жоқ сияқты бұл жерде, 

Жан-жағыма қараймын. 

Сәлем де жұртым сәлем де, 

Ғарып болған енеме. 

Бағып еді төрт жастан, 

Көтергендей төбеге. 

Мені есіңе алсаңдар, 

Жүріңдер желеп-жебеп. 

Кететін болдым, 

Күләндаға сәлем де! 

Аманда бол ел-жұртым, 

Жаны бір көшеде 

Әнуәрбектің бұл зарын естігендер, одан әрі шулап, Әнуәрді айдаған жендеттер де майданға жақындап 

қалыпты.  Асан-Үсен  Әнуәрбектің  екі  ағасы  екі  ақ  балтаны  қойындарына  тығып  алып,  олар  да 

жендеттердің артында таяу жүріп, еңіреп жылап келе жатыпты. Жендеттер Әнуәрбекті қамалап, майданға 

айдап келгенде, Мәлік патша мен жеті молда бұрын келіп, майданда тұр екен. Әнуәрбек майданға айдалып 

жетісімен-ақ Мәлік патша жендеттерге: 

– Тартыңдар, – деп ақырғанда, жендеттің бірі Әнуәрдің мойнына арқан ілмектеп, тартып қалғанда, Үсен 

қарғып  келіп,  Әнуәрдің  мойнына  арқан  тастағанды  қақ  басынан  ақ  балтамен  періп  кеп  жібергенде, 

жендеттердің енді біреуін Асан періп жіберіпті. Сол кезде Әнуәрбек үшін жылап-шулап тұрған көпшілік 

ойбай, жабылыңдар жабылыңдар, – деп шу етіп басып келіп, алдымен Мәлік патшаның, содан кейін жеті 

молданың бастарын қағып-қағып жіберіпті. 

14. Ермек 

Ертеде бір кемпір болыпты, оның жалғыз баласы болыпты. Баласының аты Ермек екен. Кемпір кедей екен, 

мал дегенде жалғыз көк сиыры бар екен. 

Күндерде бір күн Ермек шешесін қалдырып, өзі оқуға кетеді. Айлардан ай, жылдардан жыл өткенде ол 

бір қалаға келіп жетеді. Сонда жүріп әлдеқалай базарға шыға қалса, бір шал сандық көтеріп жүріп: «Осы 

сандықты алған да арманда, алмаған да арманда», – депді. Ермек келе салып: 

– Бұл сандығыңа не сұрайсың? – депті. 

Шал сандығыма мың ділдә сұраймын депді. 

– Мә ақшаң! – деп, ақшасын санап беріп, сандықты алып, хат жазып, шешесіне беріп жібереді. 

Ермек сонымен оқи берсін, шешесіне келейік. 

Кемпір көк сиырдың ертеңгі, кешкі сүтін пісіріп ішіп, күнелтіп, баласын ойлап, анда-санда жылап қояды. 

Бір күні кемпірдің алдына баласы жіберген сандық келеді. Кемпір қуанып, соны жер үйіне бүкшеңдеп, 

әрең  көтеріп  енгізеді.  Сандықтың  аузы  жабулы,  кілті  жоқ.  Кемпір  балталап,  сандықты  бұзады.  Аузын 

ашып  қалғанда,  «ай  десе  аузы,  күн  десе  көзі  бар»,  қасы  қиылған,  аузы  оймақтай,  ерні  жұп-жұқа,  беті 

қандай қып-қызыл, белі құмырсқаның беліндей нәп-нәзік, саусағы тезге салғандай сүп-сүйір, орта бойлы 

бір қыз шыға келеді. Кемпір сасқанынан шалқасынан түсіп, талып қалып, әлдене уақытта есін жиып алып, 

сөзге келеді. Қыз кемпірмен сөйлесіп, мән-жайын білісті. Қыз базардан бір бояу алдырып, өзінің суретін 

салады. Бұл суретті кемпір базарға алып барып, сатып жүреді. Бір күні кемпір бір сурет алып шығып еді, 

бір  жуан  адам  кемпірдің  сұрағанын  беріп,  сатып  алды.  Екінші  күні  кемпір  тағы  да  бір  суретті  алып, 

базарға шығып еді, кешегі жуан кісі көшеде аңдып тұрып, сұрағанын беріп, суретті тағы сатып алады. 

Осының арқасында кемпір байып, бірнеше қатар тас үй салдырып, сән-салтанаты артады. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              910 bet 

Бір күні кемпір базарға суретті алып шығып еді, баяғы жуан кісі соңынан қалмай еріп жүріп, кемпірдің 

үйіне келеді. Келіп қызды көріп, талып қалады. Әлдене уақыттан кейін есін жиып, қызбен сөзге келеді, 

қызға: «Ғашықпын! – деп сөз айтты. Бірақ, қыз мұның сөзін қабыл алмайды. Онымен жуан қоймайды. 

Бірнеше күн ұдайы келіп, қызға сөз айтып жүреді. Қыз әбден көнбеген соң, жуан кісі Ермекке хат жазып, 

қызды  жамандайды.  «Сенің  жіберген  әйелің  өңкей  бозбалаларды  қондырумен  байыды.  Үйің  күніне 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет