Жолтабардың жоғын сезді. Естерінен айрылған кемпір-шал не істерін білмей, тұнжырасып тіл қатпастан
отырып қалды. Бірақ отыра беруден пайда болмайтынын сезгендей, екеуі баланың ізін кесті, сары інген
бала жүрген жаққа жүрді. Ықтын жерден ізін тапты, бытқыл жерден де ізін тауып жүріп келеді, бірақ
қоқтыдан баланың ізі шағылға шығып, кемпір-шал ізден айрылды, абдырады, састы. Түйені жетелеп қара
қоқты жерден із кезуге кетті. Бірнеше күн жүрсе де, Жолтабарды іздеп таба алмай, аштықтан,
балаларының қайғы-қасіретінен екі қарт жол жүрістен қаза тапты, сары інген жүгін арқалап жайылып
жүрді. Соңынан сары інгенді иесі тауып алған шығар.
Жолтабар сол жүргеннен он күндей жол жүріпті. Бірнеше шағылдан, қоңырдан, былқылдан өтіп қарасын
көрген ауылға қонып, құдығын көрген ауылға түстеніп жүре беріпті. Әке-шешеден айрылған бала берсе,
біреудің қалғанын, бермесе, суын ішіп жүріп отырып, бір иесіз далада бір үйдің үстінен шықты. Ол үйдің
кімнің үйі екенін білмесе де, бір жұтым суын ішу үшін амалсыздан кіреді. Үйде жоғалған апасы Қадиша
және күңірең көзді, ұзын тұмсық, қу жақ, екі көзі жапалақтың көзіндей көзі бар кемпір отыр екен. Апасын
танып, әке-шешені көптен көре алмай аңсаған бала, не істерін білмей, қуанғанынан сөйлей алмай қалды.
Абайсызда кіріп келген балаға кемпір де не дерін білмейді. Апасы Қадиша Жолтабарды танығанымен,
жалмауыздың тырнағынан шығып еш нәрсе айта алмайды. Қадишаның екі көзінен сағынған жалғыз
бауырын көрген соң, жас сорғалап аға берді. Бір кезде кемпір:
– Шырағым, жоғары шық, енді менің балам боласың. Шөлдеп келсең, мына суды іше ғой, – деп бір аяқ
сары қымызды бере қояды. Жолтабар қымызды жұтып жібергенде, маңдайынан тері бұрқ ете түседі.
Апасымен танысайын десе де, апасы Қадиша тіл қатпады. Сондықтан бұл апасымен оңаша сөйлесу үшін
өз жұмысын айтып, жүрмекші болады.
– Шеше, мен ата-анамнан, туысқан дегенде жалғыз апамнан айрылып, соларды табуға жорыққа шығып
жүрген адаммын. Рахмет, сау болыңыз, мен кетемін, – деді Жолтабар.
– Жоқ, шырағым, сен кете алмайсың, мен дүниеде жалмауыз атанған кемпірмін, менен қашсаң да құтыла
алмайсың, енді сен менің баламсың, – деді жалмауыз кемпір. Не істерін білмей, кейінгі жағдайын ойлаған
Жолтабар апасына сөйлесіп кетуді қажет деп тауып:
– Жарайды, мен сізге бала болдым, байқамай қақпаныңа түскен екенмін, – деді. Біраз күн өтті, апасымен
бір де сөйлесе алмады. Бір күні жалмауыз кемпір сыртқа шығып келіп, әлде жалмауыздық істейін деді ме,
әйтеуір, бір жаққа жүрмекші болып, Жолтабарға мынаны айтты:
– Балам, мен бір айдан соң келемін. Менің келер қарсыма бір қойдың етін пісіріп қой, сонда менің жақсы
ұлым боласың, – деп, киініп шығып кетті.
Жалмауыз кетісімен апасы Қадишамен шешіле әңгімелесіп, қуаныштың шегі болмады. Жолтабар
Қадишаның жалмауыз кемпірдің қолына қалай түскенін сұрап түгел білді. Енді қашып кету, не жалмауыз
кемпірді өлтіру жағдайын ойлады. Бір кезде апасы:
– Жолтабаржан-ау, ол жалмауыз кемпірдің бір айда келем дегені, кешке келем дегені. Беріп кеткен
кілтімен сарайын ашып, ас асалық, егер келгенде ас әзір болмаса, сені жеп қояды, – деді Қадиша. Екеуі
біраз кеңесіп асты әзірледі, ата-анадан айрылғанға екі жас оқтын-оқтын жылап та алады. Бір кезде
жалмауыз кемпір келіп, асын ішіп, балаға риза болды. Қадишаның оны Жолтабарға айтқанын сезбеді.
Екінші күні тағы кетпекші болып:
– Балам, мен енді жеті күнде келем, маған деп бір жылқының етін асып әзірлеп қой, сарайдың кілті мынау,
– деп, кілтін беріп үйден шығып кетті,
Үйде апасымен қалған Жолтабар Қадишамен кеңесін, барлық жай-күйін біледі. Сонда апасына:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
916 bet
– Мен осы кемпірді өлтірем, оның зорлығына шыдай алмаймын, алтын сандығындағы тұқымды уатамын,
қолыма алмасты ұстап, жанталасып кіргенде, есіктен аңдып тұрып өлтіремін, кескілеп, – деді Жолтабар
ашулы дауыспен.
– Жоқ, Жолтабар, жалмауызды өлтіргенмен оның бір ала биесі бар, ол келеді де екеуімізді де өлтіреді, –
деді Қадиша.
– Жоқ, апа, онан қорқуға болмайды, оның айласын өзім табамын, – деді Жолтабар.
Жолтабар алтын сандықты бұзып, тұқымды алып уатып, қолына алтын алмасты ұстап, жалмауыз кемпірді
күтті, есік алдына қылыштан тұзақ құрды. Тұқымның уатылғанын сезіп, жанды жеріне тигесін ебін тауып
жалмауыз кемпір үйіне жүгіріп келіп кіре бергенде, екі көзінен от жарқ ете түсті. Ар жағында не болғанын
кемпірдің өзі де білмей қалды. Бұл Жолтабардың алмасы еді. Қанішер жалмауызды ер Жолтабар осылай
өлтіреді. Отардағы ала бие бұл оқиғаны сезіп, Жолтабарды жоқ қылмақшы болып жорыққа шықты.
Ертемен ата-анасынан айрылғаннан бүгін ғана тыныш ұйықтап ер Жолтабар тұрды. Ертеңгі асын ішіп
болғаннан кейін Жолтабардың өмірінен қорыққан Қадиша:
– Енді не істейміз, қазір ала бие келеді, бізді жоқ қылады, тапайды, – деді ол,
– Онан саспалық, қорықпалық, оның айласын өзім табам, – деді Жолтабар. Біраздан кейін Жолтабар
мынадай айла тапты, «бие келе ауыз үйге килігер, сол кезде ауыз үйдің үстінде көрінбей жатып оның
үстіне мініп алайын, апамның өмірін сақтайын, өзім биенің үстінен түспейін» деп ойлады.
Бір кезде далаға шықса, күнбатыс жақтан қара бұлттай түнеріп, боранды дауылдай шаңдатып келе жатқан
ала биенің айбарын сезді. Апасын үйде отырғызып, өзі жаңағы айтылған орынға жата кетті. Бұрқырап,
сарқырап, қара бурадай күркілдеп, аузынан ақ көбігі төгіліп ала бие келді. Келді де ауыз үйге килікті. Сол
ала биенің үстіне ер Жолтабар ырғып мініп алды. Бие әрі тулады, бері тулады, аунады, басын кері соғып
Жолтабарды тістегісі келді, бірақ шоқтықтан Жолтабар айрылмады. Енді беті ауған жаққа шапты, көзі еш
нәрсе көрмеді, бірақ Жолтабар жалдан айрылмады, қағылған темірдей қадалып қалды. Бір кезде бие:
– Е, енді мен шаршадым, сен маған енді қожа бол, мен саған бағындым, алмаспен соғып бетімді
жараладың. Енді саған істер менің амалым жоқ, – деді Жолтабарға. Екеуі келісімге келіп, ала бие
Жолтабардың амалсыздан аты болды.
– Енді маған рұқсат ет, мына менің он бес тал қылымды ал, егер мен керек болсам, осының біреуін отқа
салып күйдірсең, мен дереу келемін, – деді ала бие.
Ала бие өз бағытына кетті де, ер Жолтабар өз бағытына кетті. Бірнеше күн жүріп бәйшешек атқан бақшаға
келді де, алма ағашының көлеңкесіне жата кетті. Жолтабардың мандайында бір тал алтын шашы бар еді.
Бас киімін басына жастанған күйінде шаршап келген Жолтабар қатты ұйқыға кетті, күннің атқанын да,
батқанын да білмеді. Қаннен-қаперсіз жата берді. Бұл бақша сол елді билеп отырған ханның бақшасы еді.
Оның үш қызы бар. Үлкені – Сара, ортаншысы – Қаным, кішісі – Шара еді. Ішіндегі сұлуы да, көркемі де
Шара еді. Мөлдіреген қарақаттай қара көзді, қара касты, ақша бет, бетінен қаны тамған, алма мойын, нәзік
белді, жіңішке келген Шара сұлу еді. Осы үшеуі бақшаны аралап жүріп, Шараны үйге жіберіп, ыдыс
алдырып, үш қызы әкесіне үш алма беріп жібереді. Әкесі қыздарының ержеткенін біліп, еліне жарлық
салып, елдің жігіттерін жинап, қыздарын сүйгеніне бермекші болды. Шара Жолтабардың қасына барып,
елеусіз бұл кім деп сезіктенсе де, шашының алтын жалын көріп, Жолтабардың қасында бірталай отырып,
«күйеуге тисем, осыған тиемін, бір ерекшелігі бар адам, онысы болмаса да, жарлы да болса менің теңім»
деп ойлады да, «әкем жарлық салды ғой, сонда менің іздеп табатын теңім осы» деп ойлады. Екі апасынан
соң қайтқан Шара терең ойға кетіп, төмен қарап, үйіне қарай аяндай берді.
У-шу болған қала. Біреу келіп, біреу кетіп жатыр. Жібек пен мақпалға оралған ханның үш қызы тұр. Екі
төренің баласына ханның қыздары тиді Шара әлі үнсіз тұр. Қайғыға батқан адамдай тұнжырап Шара үйіне
қайтты. Жолтабардың келмесіне көзі жеткен Шара бақшаға барып, «не болса да көрермін, сүйген теңім
сен» деп Жолтабарға тиеді. Жолтабар жарлы, сөйлемейді, ешбір адамға тіл қатпайды. Шараның
Жолтабарға «тілі жоқ» қаңғыған балаға тигені туралы хан хабар алып, өзінен-өзі күйініп, Шараны
көрмеймін деп ант етеді. Шара Жолтабардың қасында, бірнеше күн өтті, екеуі үй болды, бірақ Жолтабар
ешкімге де тіл қатпады. Шара да жүдейді, ата-анасының түрлі сөзін есітеді. Еншісіне бір бұзаулы сиыр
мен бір жыртық-жыртық қараша үй алады. Қалай да тұрмыс етеді. Бір күні хан ауырып еміне құланның
өкпе-бауырын іздетеді. Құланның өкпе-бауырын әкелуге екі күйеуі кетеді. Жолтабарды халық «Білмес»
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
917 bet
деп атады, Білмес; Шараға ханнан ат сұрап әкелуге, өзінің құланның өкпе-бауырын тауып әкелетінін
ыммен түсіндірді. Шара ата-анасына барып айтады. Шараға ата-анасы:
– Сол сұмырайдың соны тауып әкелу қолынан келе ме, оның тауып әкелгені ем болмас, – деді.
Шара жылап қоймаған соң, хан бір қотыр тайды береді. Білмес қотыр тайға мінін алып, жүрмеген соң,
кері қарап отырып, бөксесіне біз тығып жүргізеді. Төбе астына түсіп, қылды жағып, ала бие келіп, жаңа
киімді киіп алып, екінші түрлі кісі болып алып, құлан суға келетін жерге келеді.
Құланды көргенде ала бие:
– Ана су ішіп жатқан құландар. Оны былай ұста: мен қамыстың арасына барып тұрайын, сен менің екі
аяғымның арасында тұрып біреуін ат, онда түсіре алмасаң, онда енді ұстай алмайсың, – деді.
Іс осылайша болды, атып түсірді, сойып өкпе-бауырын алып жатқанда, екі күйеу келеді, бірақ Білместі
танымайды. Бір кесек етін беруді сұрайды, өйткені олар өкпе-бауырын әкелуді ұмытып кеткен. Білмес
былай дейді:
– Сұрасаңдар, әншейін берейін, тек сендердің жауырындарыңа темірден таңба басамын, соған риза
болсандар, – дейді.
Бұлар риза болады. Білмес таңбасын басып, құланның санынан екі кесім ет береді. Білмес ала биені қыр
астынан қоя беріп, баяғы қотыр тайға мініп келеді.
Хан Білместің әкелген өкпе-бауырын баста жемесе де соңынан жеп ауруынан жазылады, бірақ Білместі
бұрынғыша кем ұстады.
Бір күні бір елде той болып, хан күйеулерімен кетпекші болады. Шара Білмеске қотыр тайды сұрап алып
береді. Білмес қотыр таймен қыр астына түсіп, ала биені шақырып алып, жаңа киімдерін киіп, тойға кетеді.
Оны ешкім сезбейді. Білмес жолда хандарға жолығып, жолдағы өзектен олар асып жүгіріп шыққанда,
Білмес ала биемен алақтатып шығады. Тойда ат шабыс болып, ала бие бірінші бәйгені алады. Хан
Білмеске, оның ала биесіне назары түсіп, баласының тойына Білместі шақырады, ханға Білмес бір елдің
батыры, мырзасы болып көрінеді. Білмес келуге уәдесін беріп кетеді. Кешке үйіне қотыр таймен келіп,
ертең той болады деген күні түнде Шараға саудырап сөйлеп қоя береді. «Білмес» деп ат қойылып, енді ол
шын білмес болды деп жүрген Шара Білмес сөйлеп, жай-күйін айтқанда, жүрегі жарылып не істерін
білмеді. Сөзінің қорытындысында мынаны айтады:
– Ертең ханның тойы болады, соған сен де бар. Екі апаңнан жоғары отыр. Сонда мен өзім туралы мәселені
хан алдында шешемін, – деді.
Той болды. Шара айтқан уәдені орындады. Білмес ала биемен келгенде, хан өзі шығып аттан түсіріп алады.
Тойда ел-жұртты сұраса келгенде, өзінің «Білмес» дейтін күйеуі екенін айтады. Хан шалқасынан түсіп:
«Олай болса, менің тағымды ал, мен білмедім», – деді. Сонда Жолтабар айтады:
– Жоқ, маған хандық керек емес. Менің тілегім мынау: есіктегі құлдарыңды босат, менің таңба басқан екі
кісім бар, соларды маған құл етуге рұқсат бер, – дейді. Ханның екі күйеуінде құлан басында басқан таңба
кетпеген екен. Сол екеуін құл етіп, малдарын ел-жұртқа бөліп беріпті, апасын іздеп тауып, мұрат-
мақсатына жетті.
18. Мархума
Ерте заманда Араб елінде бір Жүніс деген кісінің Мархума деген өте сұлу әйелі болыпты. Әйелі ері Жүніс
сияқты шыншыл, сопы, ғайбәт сөйлемейтін, намаз, оразасын тастамайтын өзінің ұстаған дініне мықты
адам болыпты. Ері әйелінің жалған сөйлемейтініне, өз ерінен басқа адамға тура қарамайтынына әбден
сенімді екен. Мархуманы бір көрген жігіттер ғашық болып, өзін әуре, сарсаңға салса да, Мархума бірінің
бетіне қарап жауап бермеген соқ, ғашық болған жігіттер лажсыздан үмітсіз болып қойған екен. Бір
күндерде ері Жүніс кажыға бармақшы болып, жолға ұстайтын ақшаларын дайындап алып, өзінің бір
туысқан інісіне:
– Сен мына жеңгеңнің ақылынан шықпа, Мархума өте ақылды адам, қылдай қиянат, жалған сөзді білмейді.
Осы жеңгеңнің ақылымен жүрсең мал шаруаларың шашылмайды, барлық істі әуелі аллаға, екінші
Мархумаға тапсырдым, мен келгенше аман болыңыздар, – деп, Жүніс елімен қош айтысып, өздерінің мал,
басқа шаруаларын Мархумаға тапсырып, қажыға жүріп кетеді.
Ағасы қажы сапарына шығып кеткеннен кейін бірнеше күн өтісімен Жүністің бірге туған інісі жеңгесі
Мархумаға ғашық болып, көңілдегі мақсатын айтуға бата алмай екі-үш күн жүріпті. Ақыры шыдай алмай
бір күні өзінің ғашықтығын айтып, жеңгесіне жалынып, көптеген сөздерді айтыпты. Сонда Мархума:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
918 bet
– Бұл сөзіңді мен ғана бір жолы естиін, осы сөзің осы арада қалсын, бұл не деген сұмдық, енді мұнан
былай аузыңды жауып жүр, бір жолға қаталығыңды мен де кешірейін, – депті.
Қайнысы ғашықтыққа шыдай алмай бір күн өткеннен құшақтап алып:
– Мақсатымды орындап беріңіз, – деп жалына бастағанда Мархума қатты ашуланып:
– Құдайдан қорқпаған қара бет, бұзық, енді мұнан былай менің көзіме көрінбе, жоғал, шық үйден! – деп,
үйінен айдап қуып, айдап жіберіпті.
Қайнысы ағасының үйінен қуаланып шығысымен жеңгесіне өшігіп, Мархумаға бір өтірік пәле жабу үшін
өзі сияқты Мархумадан үмітсіз болған төрт жігітті тауып, оларды куәға тартып, сол қаланың қазысына
келіп, арыз қылып, төмендегі айтыпты.
– Менің жеңгем Мархума, ері қажыға кетісімен бұзықшылыққа қатты айналды. Осы шәрінің барлық
бұзықтары менің ағамның үйінде опыр-топыр, бірін шығарып, бірін кіргізіп, халық бетіне қарай алмайтын
болған соң, жеңгеме мына қылығыңды қой, мұның ұятты іс деп едім, мен өзімді өзім білем, менде сенің
жұмысың болмасын, кет үйімнен деп, мені үйінен ұрып, қуалап шықты. Үйінен күндіз-түні адам
кетпейтінін менімен бірге көріп жүргендер мына кісілер, – деп, өзі ілестіріп келген төрт жігіт куәға
тартылыпты.
Қазы шариғат үкімі бойынша куәлардан бір-бірлеп сұраған екен, куәлар үйретінді бойынша бәрі де бір
түрлі сөзбен:
– Мархуманың үйі бұзықтардың ойнағы болды. Мұныңды қой деген қайнысын үйінен ұрып айдап
шыққаны да рас, – деп куәлік өткізіпті.
Жүністің інісі мен куәлардың сөзі бірдей шыққан сон, қазы Мархуманы шәрінің сыртына шығарып
кесекпенен атып өлтіру үкімін шығарып, Мархуманы өлтіруге бірнеше жендеттермен бірге өзінің
қайнысын қосыпты. Мархуманын қайнысы жендеттерді ертіп алып Мархуманың үйіне келіп, Мархуманы
байлап алып шығып, шәрінің сыртына қарай сүйреп ала жөнелгенде, Мархума жылап, қайнысының бетіне
түкіріп, «алла сазайыңды берсін, басқа айтарым жоқ», – деп мойнын аққа ұсынып, сүйреліп жүре беріпті.
Жендеттер шәрінің сыртына шығарып тас кесекпен атқылап ұра бастаған екен. Мархума жанымды
қинамай тездетіп, бірақ өлтірсеңіздерші деп жылап тұрып сұранғанында өлтірушілер әмір осылай деп, тас
кесекпен мыжғылап ұрып-ұрып, өлігі осы арада жатып, ит пен құсқа жем болып құрысын деп бір шұқырға
тастап кетіпті.
Аяусыз, мыжғылап ұрған тас кесектің салдарынан есі ауып, әлсіреп қалған Мархуманың есі кіріп бір кезде
болымсыз ыңырсып жата беріпті. Бірсыпыра уақыт өткен кезде түйе мінген бір ағраби жолмен кетіп бара
жатса, әлсіз ыңырсыған бір дауысты естіпті. Ағраби дауыстың қайдан шыққанын білмей біраз тұрып,
дауыс шыққан жаққа қарай келсе, өне бойы қан болып, бүтін денесінде сау тамтығы жоқ Мархуманы
көреді. Ағрабидің өлім алдында жатқан әйелге жаны ашып, түйесін шөгеріп, әлсіз Мархуманы алдына
өңгеріп, үйіне алып келеді.
Ағраби үйіне әкелген соң денесіндегі қанын, қанмен боялған киімдерін жуып, жараланған денелеріне дәрі
жағыптьі. Біраздан соң Мархума есіне келіпті. Мархуманың есі кіргеннен кейін, ағраби Мархумадан не
болды деп сұрап, мәселенің анығына жетеді. Ағраби Жүніс қажыны да, Мархуманы да әбден біледі екен.
Мархумаға «қарағым ерің қажыдан келгенше біздің үйде тұра бер, ерің келген соң өз қолымнан тапсырып
берейін», – депті. Мархуманы дәрілеп, өзі бір үйде тағат-ғибадат қылып жата беріпті. Мархума әбден
жазылып, өзінің бұрынғы түр-сипатына келгенде ағрабидің бір құлы Мархумаға ғашық болып, мені өлтір,
болмаса мақсатыма жеткіз деп, Мархуманың мазасын кетіре бастапты.
Мархума бірнеше күнге дейін мен ондай істі істемеймін, бұл сөзіңді қойыңыз деп айтып көрген екен,
ақыры болмаған соң, бір күні құлды қасынан қуалап жіберіп, енді менің жаныма келуші болма деп айдап
жіберіпті. Құл Мархуманың болмасына кезі жеткен соң, Мархумаға өшігіп, қожайынның жалғыз еркек
баласы бар екен, сол баланы Мархума жатқан үйге алып кіріп, Мархума ұйықтап жатқанда жас баланы
бауыздап, баланы бауыздаған пышағын Мархуманың жастығының астына тығып, өлген баланы төсегінің
алдына тастап кетіпті. Ағраби ертемен оянса, орнында баласы жоқ. Мархума қасына алып жатқан болар
деп Мархуманың белмесіне кірсе, баласының басы кесіліп бас бір бөлек, дене бір бөлек жатыр.
Мархуманың киімі де қан-қан. Ұйықтап жатқан Мархуманы оятып мұның қалай дегенде Мархума
дірілдеп, есі шығып кетіп, жастықтың астындағы қанға боялған пышақты суырып алған Мархума онан
жаман қалтырап, алла қақы, бұл істі мен істемедім, маған дұшпан болып жүрген адамдардан болған іс деп
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
919 bet
зарлағанда, Ағраби Мархуманың жазықсыз баланы мұндай етіп өлтірмейтінін ақылмен ойлап біліпті.
Сонда Ағраби:
– Мархума, сен бұл баланы өлтірген жоқсың, оған мен сенемін, сенің өлтірмегеніңе мен сенгенмен, менің
әйелім сенбейді. Ол сізге баланың ашуымен қас қылуы мүмкін. Соның үшін сіз енді басқа бір жаққа кете
тұрмасаңыз болмайды. Менің әйелім тұрғанша сіз мына дәрһәмді алыңыз да осы шәріден басқа жерге
барып тұрыңыз, – деп, Мархумаға 400 дәрһәм беріп, Мархуманы үйінен шығарып жіберіпті.
Мархума 400 дәрһәмді алып, ол шәріден шығып, бірнеше күн жол жүріп, шәріге келсе, көп адам жиылған
жерге кезігіп қалады. Жиналған көпшілік бір жігітті дарға тартқалы жатыр екен. Мархума: «Бұл жігіттің
не жазығы бар», – деп сұрапты. Сонда көпшілік: «Бұл жігіттің қылмысы патшаның (400) дәрһәм қарызын
төлей алмаған соң, патша дарға тартуға бұйырды, жазығы сол», – депті.
Мархума, бұл сорлы үшін патшаны (400) дәрһәмін мен төлесем, бұл бишара өлімнен аман қалама деп
сұрапты. Дарға тартқалы тұрған жендеттер, (400) дәрһәм төленсе әрине өлімнен аман қалады дегенде
Мархума бұл сорлы үшін қарызын мен төлейін деп, (400) дәрһәмін беріп, жігітті дардан босаттырып, өзі
сол бетімен кете беріпті. Дардан босанған жігіт Мархумаға ғашық болып, мен сізге жан-тәніммен ғашық
болдым, мені не өлтір, болмаса мақсатымды орындаңыз деп Мархумаға жабысып алыпты. Мархума менің
жазығым сені өлімнен айырып алғаным ба, менен әрі жүр десе, жігіт зорлық етбекші болыпты. Мархума
жігіттің үстаған қолын жұлып тастап, қаша жөнеліпті. Сонымен Мархума қашып отырады, жігіт жете
алмай артынан қуып отырады.
Мархума қаша беріп, сол қашқан бетімен бір дарияға келеді. Дарияға келсе, бір қанша сәудегер кемемен
дариядан өткелі тұр екен. Мархума олардың үстіне келеді. Артынан қуған жігіт те келіп жетеді.
Керуеншілер қараса, өздері өмірінде көрмеген бір сұлуды көреді. Бір жігіт қуып келгесін жігіттен
керуеншілер:
– Бұл қалай? – деп сұрайды.
Сонда жігіт:
– Бұл менің сатып алған кәнизегім еді, екеуміз сөзге келісіп ұрсып, сонымен қашып келеді, – депті.
Сонда керуеншілер:
– Ендеше бұл кәнизегіңізді біздерге сатыңыз, – деп, керуен басы көп діллә бермекші болады. Мархума
«неде болса мына бұзықтан құтылайын» деп үндемепті. Керуен басы бір қанша діллә беріп Мархуманы
сатып алып, кемемен су үстінде келе жатыпты. Керуеншілер бұл кәнизекке берген ділләні мен төлеп, мен
алам деп өзді-өзі таласып, ақырында керуен басы ділләні төлеп өзі алып, Мархумаға жан-тәнімен ғашық
болып, су үстінде мұрадын хасыл етуге айналғанда Мархума шынын айтып:
– Менің ерім бар, – депті. Мархума жалынса да керуен басы:
– Мен сатып алдым, өзім білем, – деп зорлық қылуға айналыпты.
Мархума:
– Маған біраз уақыт рұқсат беріңіз, мен дәрет алып, намазымды оқып алайын, сонан кейін сіздің
ықтиярыңыз болсын, – дегенде керуен басы:
– Ендеше тезірек оқып ал, – деп рұқсат етіпті. Мархума дәретін алып, екі рәкәғат намаз оқып болған соң,
алла тағалаға жалынып:
– Ей, алла, мына бұзықтар менің еркіме қоятын болмады, мені алла қияметте қара жүзді кыла көрме,
соның үшін бұл зәлімдерден құтылатын бір керемет көрсеткейсің алла, – деп дұға қылыпты. Сол сағатта
аспан бұлттанып, күн жауып, қатты дауыл шығып, дарияға қатты толқындар пайда болып, кемелер
шетінен суға бата бастап, әркім өз жанымен қайғы болып, біреуді біреу білмей кеткен екен. Мархума
мойнын аққа ұсынып, иманын айтып, бір кемеде жалғыз өзі ғана отыра беріпті. Біраздан соң қараса,
Мархума отырған кеменін шынжыры үзіліп, басқа кемелерден ажырап бөлек кеткен екен. Байқап караса,
басқа кемелер түгелімен суға батып, қаран болып кетіпті. Мархума отырған кеме суға батпай судың
ағымына қарай жүре беріп, дауыл тоқтаған кезінде дарияның бір жақ шетіне келіп шығады. Мархума кеме
келіп шыққан жерге кемені мықтап байлап, кеменің ішіне қараса, кеменің іші алтын, күміске лық толы
екен. Өзінін аман шыққаны үшін құдайға тәубә қылып, құрғаққа шығып қараса, сол дарияның жағасында
бір үлкен шәрі көрінеді.
Мархума шәріні көргеннен кейін, өзінің әйел киімін тастап, кемедегі еркек киімін киіп, шәріге келіпті.
Байқаса, ол шәрі мұсылман шәрісі екен де патшасы өте әділ екен. Патшасының әділдігін есіткен соң,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
920 bet
Достарыңызбен бөлісу: |