ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет135/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   153

алыс жерден келген соң сағыңыз сынбасын дедім. Ал енді менің сол сөзім сөз, ендігі ақыл мұндай болсын, 

мен бұрын мұндай істі істеп көрмегенмін, сізбен менің жастық махаббатымызды, сарайдағы кемпір де 

сезбей қалуы үшін, сіз қазір кемпірдің үйіне қайта барыңыз да кемпірге былай деңіз, «мен сондай, өте 

сұлу дегенмен іздеп келіп едім, тіпті өте артықша сұлу да емес екен, ондай адамдар өз шәрімізде де толып 

жатыр  шеше,  мен  бұл  әйелді  жақтырмадым,  сондықтан  еліме  қайтуға  тура  келді»,  –  деп,  кемпірдің 

үйіндегі заттарыңызды алып, мен енді еліме кеттім деп, кеміпрге қош айтып, мұнда қайтып келіңіз. Мұнда 

келген соң өзіміз білеміз. Кемпір шаһзада жақтырмай кетті деп қалсын депті. 

Хасен бұл сөзді есіткенде өте қатты қуанып, жүгіріп отырып кемпірдікіне барып, әйелдің айтқан сөздерін 

түгелімен  кемпірге  айтқанда  кемпір  тамсанып  тұрып,  «ойпырмай  балам-ай,  бұл  кісіден  де  өткен  сұлу 

болады екен адам болады екен, өзің біл, балам, өзің біл», – депті. 

Хасен  кемпірдің  үйіндегі  алтын,  діллаларымен  қымбатты  заттарын  алып,  тоқталмай  жүгіріп  отырып, 

Сапаһидікіне келіпті. Хасен келсе, Сапаһидің әйелі түрліше тамақтарын даярлап, жақсы киімдерін киіп, 

қонақты күтіп, даяр отырыпты. Хасен келген кезде күн батып, қас қарайыпты. Сонда Сапаһидің әйелі 

өзінің ас жасайтын әйеліне айтыпты: 

– Тамақ ішіп, жатар кезде, сен сыртқы қақпаны қағып қағып жібер де асығып үйге жүгіріп кір де «молда 

ағаң келіп қалды де» депті. Сонымен тамақты жайлап, пісіріп ішіп, енді жатуға жақын қалыпты. Хасен 

асығып, жүрегі алып ұшып, қашан жатар екенбіз деп, тамақты да жақсы іше алмай, тезірек жаталық деп 

қайта қайта айта беріпті. Әйел ыдыс-аяқты жинап, төсекті жайлап салып, енді жатуға таман ыңғайланған 

кезінде сыртқы қақпа тарс-тарс етіліп қағылыпты. Сол кезде аспазша әйел асып-сасып үйге жүгіріп келіп, 

ойбай-ай молда ағаңыз келіп қалды дегенде, әйел: «ойбай-ай енді қайттым» депті. Хасен де асып-сасып 

«мен қайтем» депті. Сонда Сапаһидің әйелі, «ол кісі мұнда жатпас деп сіз әзірше, ол кісі кеткенше тауық 

қораға кіре тұрыңыз» деп, Хасенді ертіп келіп, тауық қораға кіргізіп, сарт еткізіп сырттан шәугімдей қара 

құлыпты салыпты да, өзі жайлы төсегінде жата беріпті. 

Хасен  «мені  қашан  шығарып  алар  екен»  деп  таң  атқанша  ұйықтамай  таң  атқызыпты.  Таң  атып,  күн 

шыққан соң бұлар жәйімен тұрып, жәйімен шайларын ішіп болған соң Сапаһидің әйелі Хасенді қамаған 

кілетіне  келіп,  бір  тесігінен  қарап  тұрып:  «Әй  жігіт,  сен  қайдан  келдің?  Маған  көрмей-білмей  қалай 

ғашықсың? Кәне жөніңді айтшы», – депті. Сонда Хасен болған ахуалды бастан-аяқ түгел айтыпты. Әйел 

істің жәйін әбден түсінген соң, «Е жарайсың азаматым, іздегенің осы шығар, осы жатқан орныңда жата 

бер», – деп, есікті ашпай, күн сайын аштан өлместей тамағымен су беріп тұра беріпті. Сонымен Хасен 

лажысыз  қамауда  ұзақ  уақыт  жатып  қалып,  Хасенді  жіберген  патшаның  баласы  Хасеннің  келетін 

уақыттан әлде қайда асып кеткен соң, бір күні Сапаһиден басқа жігіттерін жинап алып, «Бұл қалай болды, 

Хасен баяғы кешікті, онымен бірге мына Сапаһидің құлағындағы гүлі де сөнбей қойды, мұны қайтеміз, 

Сапаһидің  әйеліне  барып,  сол  адамды  бұза  алатын  азамат  бармысыңдар»,  –  дегенде,  Хасеннің  інісі 

Құсайын деген жігіт тұрып, «Шаһзада, ол жерге мені жіберсеңіз мен қанадай да болса ол адамды жөнге 

келтіріп  келемін»,  –  депті.  Сонан  соң  Хасенге  берген  алтын  ділдәларды  бұған  да  беріп,  Құсайынды 

Сапаһидің шәріне сапарға шығарып салыпты. 

Құсайын  сапар  жүріп,  Сапаһидің  шәрісіне  келіп,  Хасен  сияқты  ол  да  алдымен  жігіттерге  кездесіп, 

жігіттердің ақылымен кемпірді тауып алып, кемпір бұрыңғысындай Сапаһидің үйіне келіп, Хасен туралы 

айтқан  сөздерін  бір-бірлеп  айтқан  кезде  Сапаһидің  әйелі:  «Шеше-ау,  сіз  айтқан  соң,  өткендегі  жігітке 

мақұл деп едім, ол кісі мені менсінбей кеткеніне осы күнге дейін өзімнен өзім ұялып жүрмін. Шеше сіздің 

сөзіңізді тастамас едім, бұл кісіңіз де тағы да жақтырмай кетеді ғой деп қорқамын», – депті. 

Сонда кемпір, «Қарағым бұл жолғы шаһзада ана өткендегі жігіт сияқты емес. Бұл шаһзадаға сене беріңіз, 

қарағым», – депті. Сонда Сапаһидің әйелі: «Әй, мен сенемін, әуелі өзін жіберіңіз, мені көрсін», – депті. 

Кемпір қуанып, Құсайынға келіп, болған сөздерді түгел ұқтырып, Құсайынды Сапаһидің үйіне жіберіпті. 

Құсайын Сапаһидің үйіне келген соң, әйел Хасенге айтқан сөздерін түгел айтып, Құсайын да ағасы сияқты 

барлық  заттарын  алып,  Сапаһидікіне  келіп,  ақыры  ағасына  істеген  әдістерді  бұғанда  істеп,  ағасының 

қасына Құсайынды да апарып қамап қойыпты. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              900 bet 

Сонымен Құсайынның келетін уақыты да асып кетіп, патшаның баласы: «Бұл қалай болды» деп, қайран 

болып, бір қанша күндер күтіп, ақыры келмеген соң шарасыздан бір күні Сапаһиге: 

– Сіз еліңізден шыққалы көп уақыттар болып кетті, сондықтан екеуіміз сіздің еліңізге барып, сіздің үйдің 

аман-есендігін білсек қайтеді, – депті. Бұл сөзге Сапаһи өте қуанып, шаһзадамен екеуі өз шәрісіне келіпті. 

Шәріге  келгенде  Сапаһи  шаһзададан  бұрын  үйіне  келіп,  әйелімен  амандасып,  өзінің  қожайынының 

қонаққа келе жатқанын айтыпты. Сапаһидің әйелі үй ішін түзеп, келген қонақты құрметпен қарсы алып, 

түрлі  тамақтар  дайындай  бастапты.  Күн  батар  мезгіл  екен,  Сапаһидің  әйелі  қамаудағы  Хасен  мен 

Құсайынға келіп, бүгін біздің үйге бір сый қонақ келіп қалды, сол мейманды тамақ беріп, күтісетін әйел 

жоқ,  сіз  екеуіңіз  бүгінше  әйел  киімін  киіп,  осы  мейманды  күтісесіңіздер,  сіздерді  ертең  азат  етіп,  өз 

шәрлеріңізге  қайтарамын  депті.  Бұл  сөзге  ағалы-інілі  екеуі  қуанып  кетіп,  болады  болады  деп,  әйел 

киімдерін кие бастапты. Екеуі де әйел киімін киген соң мөлдіреген екі жас әйел бола қалыпты. 

Түн  болып,  үйге  шам  жағып,  шаһзаданы  төр  алдына  отырғызып,  қасында  Сапаһи  бар,  бұлар  өзара 

әңгімемен  көп  отырыпты.  Шаһзаданың  ойында  өзінің  екі  жігіті  бар:  «япырым-ай  бұлар  қайда  екен, 

бұлардың хабарын қайтып білемін», – деп, шаһзаданың көңілі екі жігітінде отырғанда, әйел болған Хасен 

мен  Құсайынның  біріне  самауыр  көтертіп,  біріне  шәугіммен  шылапшын  көтертіп,  өзі  дастархан  мен 

тоқаштарын  көтеріп,  шаһзада  отырған  үйге  үшеуі  де  кіріп  келіпті.  Хасенмен  Құсайын  төр  алдында 

отырған өздерінің шаһзадаларын көргенде, бұлар есік алдында қалта қарап тұра-тұра қалысыпты. Сонда 

төр  алдында  отырған  шаһзада  өзінің  екі  жігітінің  әйел  болып  келгенін  көріп,  орнынан  ұшып  тұрып, 

Сапаһидің әйеліне жалбарып: 

– Менен қателік өтті, кешіріңіз, – деп аяғына бас ұрып, кешірім сұрап, болған оқиғаны дәл сол сәтте ғана 

Сапаһиге бірақ айтыпты. Сапаһиден де кешірім сұрап, Хасен мен Құсайындарға да өз киімдерін кигізіп, 

барлығы  бірге  отырып,  тамақ  ішіп,  ертесі  қайтарында  бұрынғы  жігіттерімен  жіберген  қаншалықты 

қымбат атын ділдәларының үстіне шаһзада осы жолы өзі алып келген қаншалаған алтын ділдә, қымбатты 

заттарының  барлығын  Сапаһидікіне  беріпті.  Өзі  Сапаһимен  дос  болып,  екі  жігітін  алып,  еліне  қайтып 

кетті.  Ақырында  шаһзаданың  сан  жеткісіз  көп  зат  Сапаһидікінде  қалып,  сонымен  бай  болып  өмірлері 

өтіпті. 

13. Жеті шаян 

Бұрынғы заманда Нұрым деген біреу сауда қылып, саудагерлікпен үлкен ірі байлар қатарына қосылып, 

қалжың басты адамның бірі болады. Нұрымның Асан, Үсен деген ержеткен екі ер баласы болып, үшінші 

бала туылғанда, атын Әнуәрбек қояды. Әнуәрбек алты айлық болғанда әкесі өліп, жылға жете бергенде 

шешесі де қайтыс болып, Әнуәрбек емшектегі күнінде жетім қалыпты. 

Есепсіз  көп  мал-мүлік  Асан  мен  Үсеннің  еркіне  қалып,  бұл  екеуіде  шарап  ішіп,  құмар  ойнап,  малды 

ысырап қылып, шашып-төгіп, бар жоғы екі жылға жақын мерзім ішінде барлық мал-мүліктен бүтіндей 

айрылып болыпты. Киіп жүрген киімдерінен басқа сататын түк таба алмай бірнеше күндер аш қалып, енді 

еріксіз малайшылық істейтін болыпты. Лажсыздан малайлық істейтін болғанында өзара екеуі ақылдасып, 

біздер бұл күнді өз басымызға өздеріміз іздеп таптық, біздер бүкіл елге белгілі Нұрым байдың балалары 

болып, соншалық мал-мүлікті ысырапшылықпен құртып болып, енді осы ел ішінде малай болып істеп, 

жан  баққаннан  гөрі  өлгеніміз  артық  емес  пе  десіпті.  Екеуі  сол  елдің  ішінде  жүріп,  малай  болудан 

намыстанып, басқа жаққа кетуге айналғанда, үш жасқа толық жетпеген Әнуәрбекті қайтеміз десіпті. Әрі-

бері ақылдасып келіп, Әнуәрбекті құдайым ата-анасынан жасқа толмай, қалдырып зарлатқан үстіне ата-

ана  орнына  бағатұғын  біздің  жәйіміз  мынау  болды,  Әнуәрбек  бізбен  бірге  жүре  алмайды,  жас  баланы 

арқалап жүріп қалай әрекет етеміз? Біздің алдымызда қандай қиындықтың тұрғанын кім білсін? Қайда 

барып, қайда тұрарымыз белгісіз, мүмкін өлтіріп алармыз. Жасқа толмай қақсап, зарлап қалған Әнуәрбек 

еді ғой, қайтелік құдайға тапсырдық, ажалды болса өлер, ажалсыз болса жүрер, неде болса, ел ішінде қала 

берсін десіп, ұйықтап жатқан баланы екеуі кезек-кезек сүйіп, қатты жылап, туысқандық махаббат іштерін 

елжіретіп,  екі  айналып  келіп  сүйіп,  үшінші  келулерінде,  «Обалың  екеуімізде,  қош  Әнуәрбек»,  –  деп 

баланы иесіз тамға ораған күйінше тастап, түн ортасы мөлшерінде жүріп кетіпті. Олар сол бетімен кете 

берсін әңгіме Әнуәрбектен басталады. 

Екі ағасы түнде оянып қалып, далаға қаңғырып, кетпесін деп сыртқы қақпасының сыртынан тіреп, бекітіп 

кеткен екен. Бала күн шыққанда оянып, жалаң аяқ, жалаң бас жатқан жерінен түргеліп, қораға жүгіріп 

шығып,  қақпаны  ашайын  десе,  қақпа  ашылмай,  бала  ойбайды  салып,  ағалап,  әрі-бері  жүріп,  екі  көзі 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              901 bet 

бұладай  болып  ісіп  кетіпті.  Қақсап,  зарлауменен  күн  түске  жақын  түс  мөлшері  болғанда,  өздерімен 

көршілес отырған бір кедей Кембағал кемпір шыр-шыр етіп жылаған жас баланы дауысынан естіп, жетім 

сорлыға не болды екен деп жүгіріп жетіп, жылай-жылай сілесі қатып, өзі әбден қорыққан бала күнде көріп 

жүрген  кемпірді  көргенде,  апалап  барып,  кемпірді  бас  салыпты.  Кемпірдің  балаға  жаны  ашып,  көңілі 

босап,  алды  да,  сорлы  балам-ай,  ағаларың  жұмыс  істеуге  кеткен  екен  ғой.  Ағаларың  кешке  қайтып 

келгенше сорлы баланы үйіме апара тұрайын деп, баланы жетелеп өз үйіне апарып, баланың көз жасын 

сүртіп, алдандырыпты. Күн батып, ымырт болады. Кемпір баланың ағаларының үйіне қайта-қайта жүгіріп 

барып, 3-4 рет көріп, ымырт жабылып, түн болғаннан кейін ертең бір-ақ келетін болған ғой деп, ағалап 

жылай берген баланы жұбатып жатқызып, ертең келер десе, олардан бір жұмаға дейін хабар болмаған соң, 

ұзаңқырап кеткен екен, көп жүрсе, бір ай жүрер деп кемпір, Әнуәрбекті жылатпай бағып тұра беріпті. 

Әнуәрбектің ағаларын кемпір күте-күте жыл өтіпті. Бұлардың белгісіз болып кеткеніне жылдан асқан соң, 

кемпір  бұлардың келмесіне көзі  жетіп, өз жанымды зорға ғана бағып жүргенде, бұл жетім бейшараны 

қайтып асыраймын деп, сол жерде бала оқытатын Омар деген молдаға баланы апарыпты. 

–  Молдеке  мына  бала  кешегі  Нұрым  байдың  баласы  еді.  Әке-шешеден  бір  жасында  айрылып,  зарлап 

қалған бір сорлы еді. Оның үстіне екі ағасы бұзық болып, барлық мал-мүліктерін құртып болып, ақыры 

мына баланы тастап, өздері қашып кеткеніне жылдан асып кетті. Мен көршілік ақым үшін бұл сорлыны 

жылдан аса бағып едім, әл-шамам жоқ, өзім жесір адаммын, бұл баламен бірге жан бағуым жоқтықтың 

салдарынан өте ауырға соғып, хәлім нашарлағандықтан, осы баланы сізге алып келіп отырмын. Құдай 

үшін, бұл жетім баланы сіз бағар ма екенсіз деп әкеліп отырмын. Молдеке, жетімді баққанның сауабын 

өзіңіз білесіз, рақым етіп, бұл баланы бағып, бала қылып алсаңыз, сіздің қолыңыздан алатын адам жоқ, 

сізге келешекте зиян болмас деп келіп едім, – депті. 

Омар молда әрі-бері ойланып қарап, «бұл иесіз балның маған қанша зияны бар, енді 4-5 жылда малай 

орнында  істемей  ме.  Есі  кіргенде  біраз  оқытып  қойсам  да  болар.  Баланың  қылығына  қарармын»  деп 

ойланып,  Әнуәрбекті  алып  қалмақшы  болғанында,  Әнуәрбек  шырылдап  жылап,  кемпірден  айрылмай 

жабысып алыпты. Сонда кемпір қоса жылап, алды да: 

– Қарағым-ай, шамам жоқ, қайтейін,  – деп баламен қосыла жылағанда, Омар молданың әйелі олармен 

бірге жылап, 

– Құдай аямаған сорлы-ай, мен тірі болсам, жалғызым Күләндадан кем қылып бақпаспын, – деп баланың 

көзінің  жасын  сүртіп,  тәтті  беріп,  алдап-сулап,  алып  қалыпты.  Бала  қанша  айналып-үйрілседе  бір  күн 

кешке дейін жылап, ақыры бара-бара молданың әйеліне үйір болып, бірде жыласа бір мезгіл Күләндамен 

ойнап, ақыры біраз күнде кемпірді  ұмытып кетіпті. Әнуәрбек  молданың үйінде төрт жыл тұрып, сегіз 

жасқа  шыққанда,  Омар  молда  өзінің  қызы  Күләндамен  бірге  оқыта  бастады.  Әнуәрбек  сегіз  жасқа 

жеткенде әке-шешесіне қолғанат  болып, малға қарау, су әкеліп, от  жағып жіберу  жұмыстарына жарай 

бастады. Баланың мінезі мен ұғымдылығы Омар молдаға өте қатты ұнады. Омар молда баланы жеті жыл 

оқытып, Әнуәрбек он беске шыққан жылы өз білгенін біліп алып, енді бір ойға батып кетіпті: 

–  Мені  бұлар  төрт  жасымнан  бері  асырап,  ер  жеткізіп,  өзімді  оқытып,  адам  қатарына  қосқан 

қарыздарымен дәм-тұздарын ақтайтын міндетім бар емес пе? Бұл кісілер кемпір-шалдыққа да айналатын 

уақыттары жақын қалды ғой», – деген ойға келіпті. Әнуәрбек он беске шыққанда бала сияқты емес, үлкен 

адам секілді тиянақты, өте сүйкімді, кең ойлы болып өсіпті. Бір күні әкесіне, «маған рұқсат етсеңіз, мен 

бір әрекет етсем деймін. Қандай әрекет етуім керек, ол жөнінде қандай пікір бересіздер», – депті. Бұған 

Омар молда риза болып, «балам өзің біл», – депті. 

Бұл елдің Мәлік деген патшасы бар  екен. Мәлік патша кезінде мықты патшаның бірі  болып, ел сұрау 

жөнінде түрлі дауалы істерді сұрап бітіруге жеті молданы отырғызып, хатшы қазына бөлімдерін құрып, 

өзі  сыртынан  қарап,  тексеріп  отыратын  болыпты.  Сырттан  арыз  берушілердің  арызын  алып,  патшаға 

жеткізіп  тұратын  бөлімін  қақпаның  ауыз  жағынан  орналастырып,  ол  бөлімдегі  қызметші  арыз 

әкелушілердің арыздарын тапсырып алып, патшаға жеткізеді екен. Патша жеті молдаға жіберіп, ол жетеуі 

тойғандарынша  параны  алып-алып,  көп  берген  жағының  ісін  тез  бітіріп  тұратын  болып,  халық  бұл 

жетеуінен өте жиіркенсе де лажсыздан олардың бітпеген істеріне қарсы тұра алмапты. Патшаның екінші 

бір әдеті өзіне қарасты. Елдің сұлу қыздарын еріксіз алып кетсе, үш күн өте сұлу болса, үш ай қылып, 

қайтадан  шығарып  жіберіп  отырады  екен.  Бұл  жөнінде  халық  іш  құса  болып,  сыртынан  қарғап-сілеп 

амалсыздан патшаның әміріне көне беріпті. Қандай әрекет істесем екен деп ойға кеткен Әнуәрбек бір күні 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              902 bet 

патшаға келіп, өзінің жағдайын толық айтып, маған лайықты бір қызмет берсеңіз деп арыз беріпті. Патша 

арызын  қарап  көріп,  «сөзі  өтімді  көрінеді,  арыз  алушы  бөлімі  қызметке  алынсын»,  –  деп  бұйырыпты. 

Әнуәрбек арыз алатын бөлімге кіріп, қызмет істей бастағаннан тартып, арыз әкелушілердің арыздарын 

патшаға жібермей, дауалы істердің екі жағында өз алдына шақырып алып, дауагерді де, жауапкерді де 

риза қылып, өте әділеттілікпен бітіре беріпті. Сұрақшы жеті молда сияқты пәледен түк алмастан дауалы 

істерді  бітіру  әділеттігі  ел  ішіне  таралып,  барлық  халықтың  «Әнуәржан  көп  жаса»,  –  деген  батасына 

жолыға бастапты. Бірнеше айларға дейін патшаның алдына арыз келмей, сұрақшы жеті молданың алдына 

дауалы істен біреуі келмей, олар Әнуәрбекке дұшпан бола бастапты. Мәлік патша алдына көп уақыттан 

бері іс келмеген соң, менің халқым осындай-ақ тынышталып кетті  ме деп, бір күні  Әнуәрбек отырған 

бөлімге кірсе, бірнеше арызшыларды көріп, патша: 

– Ей, Әнуәрбек арыз етушілер тоқтағанына бірнеше айлар өтіп еді, бүгін арыз берушілер көп қой. Бұл 

қалай? – деп сұрады. 

Сонда Әнуәрбек: 

–  Тақсыр  ел  болған  соң,  халықтың  дауалы  істері  тоқтайын,  сіздердің  бастарыңызды  қатырмай  бітіре 

берейін деп, осы арадан-ақ бітіріп тұр едім, – депті. 

Мәлік патша: 

– Ондай болса, мыналарды сұрап бітірші, – деп өзі қарап отырыпты. 

Әнуәрбек бұрынғы әдетінше екі жағын көзбе-көз отырғызып сұрап, бірнешеуін бітіріп жіберген дауагер 

де, жауапкер де күлкімен риза болғандарын көріп, Мәлік патша Әнуәрбектің екі жағын бірдей ренжітпей 

отырып  бітіргеніне  қайран  қалып,  Әнуәрбекке  рахмет  айтып,  тақтына  келіп  отырғаннан  кейін 

Әнуәрбектің қызметін жоғарлатуға бұйрық береді. Әнуәрбек қызметке отырып, елдің дау-шатақ істерін 

бітіре бастағаннан тартып бір қаншалар Омар молдаға келіп, балаңызға айтып, ісімізді бітіртіп бер деп, 

Омарға мал дөңгелеп келе бастапты. Омар молда баласының халыққа мұншалық жағымды болғанына, 

және де малдың қиуасыз жерден үйінде жатқан өзіне төгіліп келе бастағанына сүйсініп, бір күні қатынына 

айтыпты: 

– Қатын байғұс-ау бізге мына Әнуәржанды құдай айдап, оңынан кез келтірген екен. Қазіргі кезде біздің 

Әнуәрдің  абыройы  патшадан  да  артық  болды.  Бүкіл  халық  Әнуәрға  қарай  беріліп  кетті.  Енді  біздер 

бақытымызға душар болған Әнуәрдан айрылмайық. Жат жұртқа жаралған бала ақырында біреудің адамы 

болады ғой, Күләнімізді осы балаға қосып, бүтіндей өзіміздікі етіп алайық, – депті. 

Сонда қатыны тұрып: 

– Ее сен, қызыл шай мен май тоқашқа дәндеген кезде ғана есіңе түсті екен ғой, менің ойланып жүргеніме 

бес жыл болған, – депті. 

Сонда Омар молда қарқ-қарқ күліп: 

– Қатын байғұс-ау, менен гөрі сен сезімді екенсің ғой, – деп, әйелінің арқасынан қағып-қағып қойыпты. 

Омар молданың Күләнда деген жас қызы Әнуәрбекпен бір жылда туған. Әнуәрбекпен бірге оқып, бірге 

өскен. Ай десе ай емес, күн десе күн емес, сұлулықта теңдесі жоқ. Адам бір көрсе, екінші және бірнеше 

көрсем-ау деп аңсатып тұратын өлшеусіз сұлу екен. Күләнда мен Әнуәрбек бірін-бірі өте жаратып, бірін-

бірі бір сағат көрмесе аңсап тұрады екен. Бірақ та әке-шешелерінен бата алмай, соларын іштеріне сақтап, 

амалсыздан жүреді екен. Дүние, малға қарқ бола бастаған Омар молда әйелімен ақылдасып, алған соң 

тойын кейін жасаймыз деп екеуін оңаша қарсы үйіне шығарып: 

– Балам Әнуәржан, сен менің күйеу балам болдың, – деп сырын ашық көрсетіп, сонымен бірнеше күндер 

өтті. Алдарына елдің дауалы ісі бармай, парадан қағылып, қарындары аша бастаған жеті молда бір күні 

отырып, өзара кеңесіпті: 

– Япырым-ау, осы бір қу баланы құдай қалай кезіктірді, осы неме келгелі алдымызға іс келуден бүтіндей 

тоқтап, елдің бәрі сол қуға аударылып кеткен жоқ па? Өзін барған сайын патша да өте жақсы көріп барады. 

Осы немеге ақылды қалай табар екенбіз, – дескенде, араларынан біреуі отырып: 

– Оның ақылын мен таптым, – депті. 

Басқалары: 

– Е кәне, амалын қалай табасың, – десіпті. 

Сонда әлгі молда айтыпты: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              903 bet 

– Осында бала оқытатын Омар деген молда бар. Сол молданың адам баласы тең келмейтін өте бір сұлу 

қызы бар. Омар молда сол сұлу қызын осы қуға некелейтін болыпты. Оның сұлулығын патша білген жоқ. 

Егер  патша  ол  қызды  бір  көрсе,  бұл  қудың  жаны  шырқырап,  үміт  кетеді  оп-оңай  дегенде  басқалары 

қуанып кетіп, ойбай-ау, олай болса, оны қарайтын Мәриям деген қатынға айталық. Ол көріп келіп патшаға 

осы істің оңалғаны десіп, біреуі барып Мәриямға: 

– Сіз патшаға лайықты өте сұлу бір қызды көрмей жүр екенсіз. Осында пәлен жерде бала оқытатын Омар 

деген бір молда бар. Оның теңдесі жоқ бір сұлу қызы бар. Соны алдымен өзіңіз бір көріп алып, патшаға 

айтсаңыз, сіздің мәртебеңіз көтерілгелі тұр депті. Мәриям мұны естісімен тоқталмастан, Омар молданың 

үйіне барып қызды көрсе, адамнан туды деуге болмайтын бір сұлуға таңданып, біраз қарап тұрып, асығып 

қайта жүгіріп, алқынған күйінде Мәлік патшаның алдына кіріп келіпті. Мәлік патша қайтседе бір сұлу 

тауып келген екен деп қасына отырып: 

– Е, асығыс келдіңіз, – депті. 

Сонда Мәриям: 

– Ойбай тақсыр, ауызбен айтып түр-сипатын толықтыра алмайтын бір қыз таптым, – депті. 

Патшада оның сүйсініп: 

– Е, ол қыз кімнің қызы, қай жерде, – деп сұрапты. 

Мәриям: 


– Әлгі бала оқытатын Омар молданың қызы, – депті. 

Мәлік патша: 

– Ондай болса, ол қызды өзім барып көрейін,  – деп, сол  сағатында тоқталмай, атқа мініп, дереу Омар 

молданың  үйіне  келіп  көрсе,  күндей  балқып  отырған  бір  қыз.  Патша  Күләнданың  нұрына  таң  қалып, 

мұндайда адам баласы туылады екен-ау деп, жан-ділімен ғашық болып, қайта айналып, дереу тақтына 

отырып,  Омар  молдаға  сол  сағатында  үш  кісі  жіберіпті.  Ол  жіберген  елшілеріне  айтқан  сөзі,  «Омар 

молданың қызы маған өмірлік әйел болуға лайықты екен жауабын тез алып келіңдер», – деп бұйырыпты. 

Жіберген елшілері Омар молданыкіне келсе, Омар үйінде екен. Елшілер келіп амандасып отырып: 

– Молдеке, сіздер бір бақытты адам екенсіздер. Балаңыз патшаға лайық туылыпты. Қызыңызды патша өз 

көзімен көрген екен, қызыңызды өмірлік жолдас етемін, жауабын алып келіңдер деп бізді жіберді. Қане, 

не дейсіз, – депті. 

Сонда  Омар  молда  күлімсіреп  ойланған,  «Мен  патшаға  ата  болсам,  одан  артық  құдайдан  не  тілеймін. 

Дүние деген өз-өзінен төгілмеді ме? Енді сарайды алтыннан салып, бір жас тоқал алса, одан еркек балалар 

туылмай ма? Патша маған күйеу болған соң, енді маған теңдесетін кім бар? Мұнан артық құдай қайтып 

оңлайды» деп, сақалын саусағымен тарап-тарап қойып, күле сөйлеп: 

– Ойбай-ау, патшаға біздің қыз ұнаған болса, мен патшаның қасындамын ғой, – дегенде әйелі баж етіп 

түргеліп: 

–  Ойбай,  қызымызды  Әнуәрбекке  атастырып  қойғанбыз,  бұл  кісі  байқамай  сөйлеп  отыр,  –  деп,  бетін 

шымшып-шымшып алып, патшаға айтыңыздар үйдегі балаға обал қылмасын, – депті. 

Омар молда: 

– Ой, боқ жеп келген дәулетті тебемін дегенің қандай ақымақшылығың? Балам үйде болмағанда қайда 

кетіпті? Оттамай отыр! Мені сен билей алмайсың, – деп қатынын ұрарманға келгенде, елшілер: 

– Молдеке, ашуланбаңыз, қатын деген не білуші еді, өз сөзіңіз сөз-ақ қой. Енді біз қайтайық, – десіпті. 

Сонда  Омар  молда,  «мені  қатын  билей  алмайды  ғой,  менің  ойым  патшамен  бір-ақ  жерде,  ендігісін 

патшаның өзі білсін. Патшаға менен үш қайтара сәлем деңіздер», – деп, Омар молда қақырынып, күрбиіп 

елшілерді  аттандыруға  шығып  кетіпті.  Елшілер  келіп  әкесімен  сөйлесіп  отырғанда,  Күләнда  есіктің 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет