ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет68/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   153

күн сайын жараланып, әбден жауырға айналған еді. Бейшара есек өзіне күн сайын мың рет өлім тілейтін, 

бірақ өлім де оны ала қоймады. Ол аш күйде су тасыды. Ол иесінің жақсы адам екенін білетін. Бірақ ол 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              440 bet 

кедей болғандықтан, есегіне қарайтын жағдайы жоқ еді. Сол себепті оған дұрыс жем-шөп бере алмайтын-

ды. Бейшара есек ләм-мим деместен, еңбектеніп, су тасып, қорлық көрді. 

Күндердің бірінде патшаның сарайында жұмыс істейтін ат күтуші су тасушы мен оның есегін көреді. Ат 

күтуші су тасушыны бұрыннан танитын еді. Ол су тасушының есегінің жағдайын көріп, оған жаны ашиды. 

Бейшара  есектің  арықтығы  мен  әлсіздігі  ат  күтушіге  қатты  әсер  етіп,  есектің  осындай  мүшкіл  халге 

түсуінің  себебін  сұрайды.  Су  тасушы  өкініш  білдіріп,  басын  бірнеше  рет  шайқап:  «Бұл  жоқтықтың 

нәтижесі, бәріне жоқтық кінәлі. Кедейлік пен жоқтықтан бейшара есегіме қарай алмаймын», – деп жауап 

береді. 

Ат күтуші су тасушы мен оның есегін аяп, су тасушыға бірнеше тиын беріп: «Достым, мына тиынды ал 

да, есегіңе бірнеше күн демалыс беріп, маған тапсыр, бірнеше күн мен есегіңе қарайын. Ол жем-шөп жеп, 

күш-қуат  жинап,  қайтадан  жұмысқа  кіріседі»,  –  дейді.  Кедей  су  тасушы  қуанып,  ат  күтушінің  қолына 

есегін  тапсырады.  Ол  есегінің  күтім  көріп,  біраз  қоң  жинайтынын  түсінді.  Кедей  су  тасушы:  «Жақсы 

болды. Есегім барып, дұрыс жайылып, есін жинап алсын», – деп ойлайды. 

 

Ат күтуші су тасушының арық есегін әмірлер мен сарбаздардың аттарының қасына байлайды. Осы күнге 



дейін жем мен таза шөп жемеген есек қуанып, жеуге кіріседі. Айналасындағы семіз, күтім көрген аттарды 

көріп: «Мен де әрқашан осы аттар сынды осы жерде жем жеп, жұмыс істемей, жүк тасымай, таяқ жемей, 

иемді  тасымай,  демалсам  қандай  жақсы  болар  еді.  Мәңгі  осы  жерде  қалып,  шынайы  бақыттың  дәмін 

татсам ғой», – деп армандайды. Ол Алла неге оны ат қылып жаратпады екен деп ойлайды. 

Бір мезгілде есек бірнеше адамның аттарды ерттеп, мініп кеткендерін көреді. Ол орнында қалған қарт 

аттан: «Аттарды қайда әкетті?»- деп сұрайды. Қарт ат: «Соғыс майданына әкетті. Оларды бостан-бос күтіп, 

жем-шөбін беріп, тазалап тұрды деп ойладың ба?»- дейді. 

Бір күн өткен соң келесі күні аттар орындарына оралады. Барлық аттар жараланған, шаршап-шалдыққан 

еді. Соғыс майданында оларға оқ тиіп, көп зақым келген екен. Есек аттардың оқ тиіп, жараланғандарын 

және денелерінге кірген оқтарды отқа өткір қанжарды қызартып, алып жатқандарын көріп, ауырсынған 

аттардың дауыстарын естіп, осыған дейін тағдырына риза болмағанына өкініп: «Иә, Алла, басыма түскен 

кедейшілік пен саулыққа ризамын, мына аттардың көріп отырған күндерін басыма бере көрме», – дейді. 

 

262 - Бөлім: Балықтар патшалығы 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1959 

 

 



Балықтар патшалығы 

 

Ерте, ерте, ертеде, бір белгісіз теңізде балықтар патшалығы құрылыпты. Ол патшалықтың басшысы кит 



екен. Патша еліне елеулі, халқына қалаулы, абыройлы болыпты. Қарамағындағылар оны құрмет тұтып, 

айтқанын  екі  етпейді  екен.  Кит  ірі,  азулы,  көк  көзді  екен.  Сонымен  бірге  жомарт,  қолы  береген.  Бұл 

патшалықтың халқы  тату,  арыздасу  дегенді  білмейтін  кең  пейілді  деседі.  Осылай  ай  артынан  ай,  жыл 

артынан жыл өтеді. Бір күні патшаға қарамағындағы балықтар тамаша ой айтады. Ол – сол теңізден тағы 

бір  қалашық  тұрғызу  еді.  Бұл  ойды  кит  патша  бірден  құп  алған  соң,  құрылыс  қызу  басталып  кетеді. 

Қалашық  тұрғызу  өте  қарқынды  жүреді.  Олар  қалашықты  ағаштан  тұрғызатын  болғандықтан,  жақын 

маңдағы  құрлықтарға  барады.  Бұл  іске  жауапты  акулалар  ағашты  кесіп  сазандарға  жеткізіп  отырады. 

Ағаштарды кесіп, тазалағаннан кейін бекірелерге береді. Бекірелердің міндеті – дайын ағаштарды қағу 

болатын. Ол өз істерін мүлтіксіз орындап, әрбір іске мұқият қарайды. Одан соң шортандар келіп, көздің 

жауын алатын түрлі өрнектер салып, сырлайды. Біраз уақыттан соң қала да салынып бітеді. Қаланың қақ 

ортасындағы патшаның еңселі ордасына балықтар патшалығының туы тігіледі. Шаһар шетінде күзетші-

балықтар кезекпе-кезек қарауылдап тұрады. 

Бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығарып, қарқынды дамып келе жатқан бұл елдің таңдай қақтырар 

тұрмысы көрші жатқан су астының өкілдеріне ұнамайтын. Олар ақыры тұтқиылдан шабуылға шығады. 

Күзетте тұрған сарбаз балық бұл суық хабарды лезде жеткізгенімен, кит патшалығының әскері дәл осы 

күні  қаннен-қаперсіз  демалып  жатқан  болатын.  Тосыннан  келген  жауға  әскерлер  жүйелі  қарсылық 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              441 bet 

көрсете  алмай  қалады.  Сарбаздары  екі  есе  көп  көрші  елдің  әскеріне  барынша  қарсылық  көрсетіп 

баққанымен,  жеңілуге  мәжбүр  болады.  Мерейлері  үстем  болған  көршілер  орданың  тас-талқанын 

шығарып, зәулім үйлерді қиратады. Ең өкініштісі, бұл соғыста кит патшаның қазаға ұшырауы еді. Кит 

патша  өмірден  озған  соң,  бұл  патшалықтың  берекесі  кетіп,  араздық  орын  алып,  жаппай  ұрыс-керіс 

көбейеді. Бірлігі кетіп, іргесі сөгілген патшалықтың хал-қадірін бағамдаған ақсақалдары ойласа келе бір 

ауыздан  жарлық  шығарады.  «Әр  балық  қалаған  жағына  барсын»,  –  деген  бұйрық  шығысымен, 

патшалықтың желбіреген туы құлатылып, халық жөн-жөніне кетеді. Қара суды қақ тілген сазандар, тұйық 

теңізде үнсіз жүзген акулалар, көлдің көркі майшабақтарға дейін өз бетімен тіршілік етуге кірісті. 

Арада  уақыт  өте  келе  Балықтар  патшалығының  болғандығы  ұмытылып,  мүлдем  айтылмай  кетеді. 

Патшалықтың  билік  құрғанына  куә  су  астындағы  жартастар  мен  балдырлар,  өзге  де  жәндіктер  мен 

көлбақалар ғана еді. 

 

263 - Бөлім: Зеректік 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1960 

 

 



Зеректік 

 

fon_08_2Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам қарсы шығып: 



— Беймезгіл жүрген түйе көздеріңе түспеді ме? – деп сұрайды. 

Жолаушының біреуі: 

— Түйенің оң көзі соқыр ма еді? – дейді. 

Жоқшы: 


— Ие, – деп басын изеді. 

Екінші жолаушы: 

— Түйенің сол жақ артқы аяғы ақсақ па еді? – деп сұрады. 

— Дұрыс! Сол жақ артқы аяғының сылтыңы бар еді, – дейді. 

Сонан соң үшінші жолаушы: 

— Түйенің құйрығы шолақ па еді? – деп сұрайды. 

Жоқшы: 

— Ие, құйрығы шолақ, – деп асығып жауап береді де: – Ол түйені қайдан көрдіңдер? – деп сұрай бастайды. 



Жолаушылар: 

— Көргеніміз жоқ, – дейді. 

—  Көрмесеңіздер,  түйемнің  белгісін  қайдан  білесіңдер?  Түйемді  сендер  ұрладыңдар!  –  деп  жоқшы 

жабыса кетеді. 

Жолаушылар: 

— Ау, жаным, денің сау ма? Түйені ұрламақ түгіл, көргеніміз де жоқ, – дейді. 

Жоқшы бұл жауапқа қанағаттанбайды. Төртеуі бір биге келіп жүгінеді. Би сұрастыра келе: 

—  Ұрламасаңдар,  көрмесеңдер,  ол  түйенің  бейне-белгісін,  көрген  кісідей  анықтап,  байқап  қайдан 

білдіңдер? – дейді. 

Жолаушылар: 

— Біз ұры емеспіз, мал баққан, малмен көзімізді ашқан шаруалардың балаларымыз, сондықтан білдік, – 

деп жауап береді. 

— Қалай білдіңдер? – деп, би қайта сұрады. Жолаушылар: 

— Түйенің оң көзі соқыр ма еді? – дегеніміз: түйе  бара  жатып, ылғи жолдың сол жағындағы шөпті жепті, 

оң  жағындағы  шөпті  жемепті.  Аяғының  ақсағын  білгеніміз:  тұрған  жерінде  артқы  сол  аяғын  көтеріп 

тұрыпты. Түйенің құйрығы шолақ екенін білгеніміз: құмалақ  тастағанда, алысқа жіберіпті. 

Шолақ түйенің құмалағы алысқа түседі, құйрықты түйе құмалағын алысқа тастай алмайды, – депті. 

 

264 - Бөлім: Мақтаншақ бақа 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1961 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              442 bet 

 

 



Мақтаншақ бақа 

 

Ертеде бір мақтаншақ бақа өмір сүріпті. Ол судағы балықтарға мен мықтымын, мен суда да, құрлықта да 



өмір сүре беремін деп күнде мақтана беріпті. Көп сөйлегендіктен оның тамағы бітіп қалыпты. Сөзін ешкім 

естемепті.  

Бір күні ол торға түсіп қалады. Көмектесіңдер деп айғайлайды. Ешкім көмекке келмейді. өйткені, оның 

сөзін ешкім естімеген еді. Бақа тор ішінде өліп қалады. 

 

265 - Бөлім: Піл мен маймыл 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1962 

 

 



Піл мен маймыл 

Ну  орманды мекендеп, бірімен-бірі сыбайлас боп қатар жүрген  піл мен маймыл бір күні өз бойларындағы 

артықшылықтарын айтысып отырып, дауласып қалыпты. 

—  Менің бойым таудай. Күшім де көп, – деп  мақтаныпты піл. – Ашулансам бар ғой,  қандай жуан ағашты 

болса да тамырымен қопарып тастаймын. Ондай қайрат сенде жоқ!.. 

— Ал мен ептімін, ештеңе бөгет бола алмайды, – деп таласыпты маймыл. 

Ағаштан-ағашқа ырғып, ну жыныстың арасымен сырғанап жүре беремін. Осылайша піл мен маймыл өз 

бойларындағы артықшылықтарын айтып, ұзақ таласыпты. Cөйтіп, екеуі емен ағашының діңінің қуысында 

отырған үкіге келеді. 

— О, орманның ақылгөйі!- депті піл ұзын тұмсығын жоғары созып тұрып. – Мына маймыл екеуміздің 

таласымызға өзің төрелік айтшы! 

— Не жайында таласып жүрсіңдер? – деп сұрапты үкі. Сол кезде жыпылдаған маймыл сөзді іліп әкетеді: 

— О, біздің  ақылгөйіміз! Анығын айырып берші, күш-қайрат үстем бе, немесе епшілдік үстем бе? 

— Мұны менің  іс үстінде сынап көруім керек. Шешімін содан кейін айтамын,  – депті үкі. Үкі екеуіне 

кезек-кезек қарайды да, сынның шартын түсіндіреді: 

— Мына өзеннің арғы бетіне өтіңдер. Қалың ағаштың арасында биік өскен бір түп алма ағашы бар. Қазір 

жемісі уылжып пісіп тұр. Екеуің де өзеннен өтіп барып, сол алманы  алып келіңдер. Содан кейін,  өздерің 

қалаған төрелікті айтамын,- дейді. 

Піл мен маймыл алма алып келу үшін өзенге қарай беттейді. Келсе, өзен арнасына сыймай, лықа толып,  

ағып жатыр екен. Өзеннен өте алмайтын болған соң маймыл мұңайып, қасірет шегеді. Сол кезде: 

— Кел, менің  жотама мініп ал, – депті піл. – Мен таудай үлкенмін. Күшім де мол. Өзеннің ағысы мені 

ағызып кете алмайды. 

Маймыл қуанып кетіп, пілдің жотасына өрмелеп шығып алады. Піл өзенді қақ жарып, ешбір қиналмастан 

арғы жағаға өте шығады. Содан кейін екеуі үкі айтқан алма ағашын іздеп табады. 

     Қараса, алма ағашы  зәулім  биік екен. Жемістің бәрі  мойын жетпейтін биікке өсіпті. Қанша созса да 

пілдің тұмсығына бірде-бір алма іліге қоймапты. Алманы  ала алмайтынын білген піл қатты мұңайыпты. 

Сол кезде маймыл: 

—  Мұңайма,  –  депті  пілді  жұбатып.  –    Қазір  мен  алма  ағашына  өрмелеп  шығамын  да,  басындағы 

жемістерді жерге түсіремін. Сен жинай бер, – дейді. 

Маймыл бұтақтан-бұтаққа секіріп, алма ағашының басына өрмелеп шығады да, алмаларды үзіп, жерге 

тастай беріпті. Піл алмаларды теріп, жинапты. 

Сөйтіп, алмаларды алып болған соң, екеуі кері қайтыпты. 

Екеуі алып келген алмаларын үкінің алдына төгіп қойыпты да,  қандай төрелік айтатынын тосыпты. Сонда 

үкі: 


— Маймыл, сен мына ағыны қатты өзеннен қалай өттің? – деп сұрайды. Маймыл шынын айтыпты. 

— Дұрыс. Өйткені оның бойы таудай. Күші де мығым. Өзен ағызып кете алмайды. Ал, піл, сен айтшы, 

биік ағаштың басындағы  жеміске бойың қалай жетті? 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              443 bet 

—  Менің  бойым  жетпеген  соң,    маймыл  ағаштың  басына  өрмелеп  шықты  да,  алмаларды    үзіп,  жерге 

түсірді. Мен жинап тұрдым. 

—  Міне, ұқтыңдар ма? – деп, үкі өзінен төрелік сұрап тұрған піл мен маймылға түсіндіре бастапты. – 

Күштен  де,  епшілдіктен  де  үстем  нәрсе  –  біріңе-біріңнің  көмегің.    Селбесіп  мақсаттарыңа  жеттіңдер.  

Біріңе-бірің жәрдемдеспегенде, екеуің де мына алманы алып келе алмас едіңдер. Демек, күш пен епшілдік 

қабысқанда ғана  жарасып тұрады. 

— Дұрыс, дұрыс! – деп, піл мен маймыл өздеріне айтқан үкінің төрелігіне бас шұлғысыпты.  Сонда үкі: 

—  Піл,  сен  күшіңе  сеніп  даурықпа!  Маймыл,  епшілмін  деп  бөспе!  Әрқашан  біріңе-бірің  осылай 

жәрдемдесіп жүріңдер! – деп өсиет айтыпты. 

 

266 - Бөлім: Қоян құйрығынан қалай айрылды? 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1963 

 

 



Қоян құйрығынан қалай айрылды? 

Қасқырдың  құйрығы  болмапты.  Түлкінің  құйрығына  қатты  қызығыпты.  Бір  күні  оңаша  кездесіп  қап, 

Қасқыр  арманына  жетті.  Түлкінің  құйрығын  тартып  алды.  Оған  өкінген  түлкі  жоқ.  Кетіп  бара  жатқан 

қоянды тоқтатты. 

- Құйрығың қандай әдемі! – деді майысып. – Тек қана маған лайық құйрық екен. 

Әй-шайға қарамай Қоянның құйрығын жұлып алды. Содан бері Қоян байғұс құйрықсыз жүрген құсайды. 

 

267 - Бөлім: Түлкінің айласы 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1964 

 

 



Түлкінің айласы 

 

Қасқыр түлкіні ұстап алады. «Мен сені жеймін» дейді. Қоя тұр – дейді Түлкі. – Жұмбақ айтайын. Соны 



шешсең жей бер… Қасқыр келіседі. 

Жіпке ілдім мен өзін, 

Кіп-кішкентай күн көзін. Ол не? 

Қасқыр көзін тас жұмып ап ойға кетті. Осы кезді пайдаланып Түлкі қаша жөнеледі. Түлкі көп оқитын. 

Соның пайдасы тиді. 

 

268 - Бөлім: Достықтың құны 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1965 

 

 



Достықтың құны 

 

Шегірдің кеңшардың  жылқысын баққанына көп жылдың жүзі болды. Сол ауылға сыйлы кісінің бірі. Орта 



бойлы, толықша келген, екі бетінде қан ойнап тұрады. Жасы алпысқа келіп қалғанымен, әлі күнге  дейін 

асау  жылқыларды өзі бас білдіре береді. Осыдан екі жыл бұрын аудан орталығына барған кезде, «кавказ» 

тұқымдас үлкен күшік сатып алған болатын. Сол ит   өзінің жан жолдасы десе болады. Екеуі  бір-бірін 

қатты түсінеді. Шегір тауға жылқы аралауға шыққан кезде иті де қалмайды. Бір сөзбен айтқанда, Шегір 

қайда жүрсе, төбеті де сонда. Бір-біріне бауыр басып кеткені соншалықты, Шегір итке байқатпай шығып 

кетсе де, сол жерден төбеті тауып алады. Кейінгі кезде қасқырлар ауылға үйір бола бастады. Төбеттің 

үрген дауысынан-ақ, қасқырлар бұл жаққа аяқтарын баспайды. Қалған ауылдың қойларын немесе басқа 

малдарын қасқыр тартып немесе жеп кетті деп жатады. Осы төбеттің арқасында Шегірдің мал басы аман. 

Осыны айтып Шегір көп жерде мақтан тұтады. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              444 bet 

Қысқа қарай малшылар соғым сояды, кезек-кезек соғым басына шақырады. Қыстап отырған қашарлардың 

арасы 3-4 шақырымнан аспайды. Шегір қос айғырды жегіп шанамен жүрген кезде, төбеті шанаға мініп 

алады. Шегір үйге кіргенде, шананың үстінде жатады. Бір күні 10-12 шақырым жердегі бір жекжаты келін 

түсіріп, кемпірі: «Ол жақта жастар болады, сен болсаң үйге кіріп кетесің, біреу-міреу мылтығыңды алып 

қояды ғой. Жаныңда төбетің бар, құдай сақтар, мылтықты тастап кетсейші». «Оның да дұрыс шығар». 

Шегір мылтығын кемпіріне ұстата салды да, тартып кетті. Төбеті шанаға секіріп мініп алды. Кешке малды 

жайғастырып,  ауылдың  кісілері    келіп,    келіннің  бетін  ашқанда,  түннің  біраз  уақыты  болып  қалыпты. 

Шегір  далаға  шығып  қараса,  жердің  беті  аппақ  қар,  ай  күндізгідей  жап-жарық.  Екі  айғыры,  қашан 

қайтамыз дегендей, тарпынып тұр екен. 

Екі айғыр жолға түсісімен ауылға қарай  ағызып берді. Шегір шанаға жақсылап жайғасып отырып алды, 

ал төбеті жанында жатыр. Үлкен төбеден  асып түскені сол-ақ екен, айғырлар елеңдеп пысқыра бастады. 

Шегір жан-жағына қарап еді, ештеңе байқай алмады. Осы кезде төбеті шанадан бір түсіп, бір міне бастады. 

Артына  бұрылып  қараса,  оншақты  қасқыр  бұларды  қуып  келе  жатыр  екен.  Шегір  аттардың  басын 

барынша жіберіп, қамшының астына алды. Төбеті де шанадан бір түсіп, бір мініп болар емес. Қасқырлар 

қалатын емес, қайта жақындап қалды. Шегірдің қолында қамшыдан басқа ештеңе жоқ. «Қап-ай! Бағана 

қос  атар  мылтықты  бекер  тастап  кеткен  екем!»  –  деп,  өкініп  қалды.  Алыстан  қыстақтың  жарықтары 

жылтылдап көрінеді. Қасқырлар жақындап келіп қалды. Біреуі қатарласа келіп, аттың шабынан алатын 

түрі бар. Осы кезде Шегір жанында жатқан төбетті итеріп, шанадан құлатып жіберді. Қасқырлар төбетті 

бас салды. Төбет те оларға бой беретін емес. Олар алысып жатқанда, Шегір ұзай бастады. Артына қарап 

қояды,  қуып  келе  жатқан  қасқыр  жоқ.  Екі  айғыры  аман-есен  қыстауына  алып  жетті.  Шегір  келе  сала, 

айқайлап, көмекшісін шақырды. 

- Ол көрші ауылға соғым басына кеткен, – деді кемпірі. 

 - Әкел әкеңді… сен ғой, бағана мылтықты тастап кет деп зар қақтың. Бізге қасқыр шапты, төбет сол жерде 

қалды. 

- Ойбай? Қайда барасың, көмекшің де жоқ, ол келсін, содан соң барасыңдар, – деп кемпірі жібермеді. 



Жақын арада көмекші келе қоймады. Шегірдің көзі таң атқанша ілінбеді. Итінің жағдайы не болды екен? 

Соншама қасқыр жабылып талап өлтіріп тастаған шығар? Таң атты, көмекшісі келді. Шегір  дүрсе қоя 

берді: 

- Қайда жүрсің, мал-жайды иесіз қалдырып, мен саған сеніп кеткен жоқпын ба? 



Көмекші болса өзінше ақталып жатыр: 

- Құдай сақтасын, біздің төбет тұрғанда, бұл жаққа ештеңе бола қоймас. 

   Шегір өздеріне қасқыр шапқанын, төбет солармен таласып қалғанын айтты. 

- Ондай болса мен үйге барып, мылтығымды алып келейін, сіз де киініп, мылтығыңызды алып шығыңыз, 

– деп көмекші үйіне жүгіріп кетті. Шегір де үйге кіріп, мылтығын алды. Кемпірі сырттан үйге кіріп келіп: 

-Сүйінші! Төбетің аман, қораға кірді, бірақ сау жері жоқ, қып-қызыл қан» – деді. 

Шегір  шыдай  алмай,  далаға  жүігір  шығып,  төбетін  құшақтай  беріп  еді,  төбеті  арс  етіп  Шегірдің 

алқымынан  алды.  Содан  Шегір  етпетінен  түсіп,  о  дүниеге  жүріп  кетті.  Төбеті  Шегірдің  үстіне  құлап, 

қайтып тұрған жоқ. Көріп тұрған кемпірі шыңғырып жіберді, көмекшісі әйелімен атып шықты. Қораның 

ішінде  қанға  боялып  Шегір  жатыр,  оның  үстінде  –  төбеті,  екеуі  де  өліп  жатыр.  Не  болғанын  көршісі 

түсінбей қалды. Аң-таң. 

 Шегірдің кемпірі бір кезде есін жинап алған соң, «Кеше қасқыр аттың шабынан ала жаздаған кезде, Шегір 

жанында отырған төбетті шанадан итеріп жібергенін айтты. Мынаны көрдің бе? Иттің иттік істегінін», – 

деді кемпір. 

- Ойпырмай! Қандай ақылды, әрі кекшіл ит еді! – деп қалды көршінің әйелі. 

- Қой, не деп тұрсың! – деп, әйеліне көмекші дүрсе қоя берді. Ертеңіне ел-жұрт жиналып, Шегірді жерледі. 

«Қой,  итті  де  жерлейік,  нағыз  достың  өзі  ғой.  Қиын-қыстау,  басына  іс  түскен  кезде,  «досты  сатуға  – 

болмайды» – деп, көпшілік итті де жерледі. 

 

269 - Бөлім: Кедей 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1966 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              445 bet 

 

Кедей 



 

Баяғыда бір кедей өмір сүріпті. Ол дөңгелентіп, дүние-мал жиған адамдарға қызыға қарапты. Осы ой жиі 

мазалай берген соң, бір күні ауыл абызына барыпты. 

Абыз: 


-  Қарағым,  тірлік  етсең,  сенің  де  осындай  мал  жиып  алуыңа  болады.  Алайда  мұның  бәрі  тек  еңбекпен 

келеді,- депті. 

Мұны құп көрген кедей бір байға жалданыпты. Киімі көк, тамағы тоқ күй кешіп жүріп жатады. Бірде мал 

бағып жүріп, далада ұйықтап қалады. Түсінде 

« Ей, кедей, осыдан бес айлық жерде үлкен орман бар. Орманның ортасында үлкен көл бар, сен сонда 

бар,- деп аян береді. Кедей неше күн не істерін білмей сандалып жүріп, ақыры Абызға барады. Абыз: 

- Бұл да болса, саған жасаған тәңірдің сыйы шығар. Бар да жолға әзірлен,- дейді. 

Неге болса да белін бекем буған кедей ақыры жолға шығып, әлгі орман мен көлді іздеп табады. Жайқалған 

шөп, шулаған құсты көрген кедей қуанғанынан есі шығады. Ол балық аулап, құс атып күн көреді. Бірде 

тағы түс көреді. Түсінде «Ей, кедей, қашанға дейін құс атып, балық аулап жүре бересің. Сен өз керектіңді 

іздеп тап» дегенді айтады. Кедей тағы да неде болса тәуекел деп, суға түседі. Су сондай жылы, әрі мөлдір 

екен. Тіпті су түбіндегі тіршілікке көз тояр емес. Осылай қызықтап жүрген оның көзі су түбіндегі тосын 

бір затқа түседі. Сүңгіп барып, әзер дегенде оны жағаға алып шығады. Шағын сандық екен. Ашса, іші 

толы алтын. Есі шыға қуанған кедей тезінен еліне қайтады. Тағы 5 ай, 5 күн жол жүріп, еліне қосылып, 

тағдыр берген тартудың арқасында мал жиып, дүниені дөңгелентіп әкетеді. 

 

270 - Бөлім: Бұлт 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1967 

 

 



Шарбы бұлт Қара бұлтқа күн бермеді. Отырса – опақ, тұрса – сопақ. 

- Әй, Қара бұлт! Тағы да қабағың түнеріп кетіпті ғой. Жаумақсың ба? Әбден адамдарды ығыр ғып біттің. 

Өзіңде  ұят  деген  бар  ма?  Мені  қарашы.  Қандай  сұлумын.  Үлпілдек  ақ  орамал  секілдімін.  Сен  құсап 

жаумаймын. Адамдардың мазасын алмаймын. 

Аспан араша түсті. 

- Құр сұлулықтан пайда жоқ. Жердегі адамдарға нан керек. Оған Қара бұлттың еңбегі ұшан-теңіз. Егер 

жауын боп жаумаса, өсімдіктің бәрі қурап қалады, – деді Аспан. 

Шарбы бұлт ойланып қалды. Қара бұлтпен достасуына тура келді. 

 

271 - Бөлім: Әнші есек 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1968 

 

 



Әнші есек 

 

Жезтаңдай  Бұлбұл  күнде  Есектің  қорасының  төбесінде  отырып  алып,  ән  салатын.  Оның  әнін 



тыңдамайтын жан жоқ. Тіпті, табиғат та бір сәт ләззат алатын. 

- Мен неге осы әнші болмаймын, – деді Есек. – Құдайға шүкір, дауыс бар. «Баритон» деп жұрттың бәрі 

мақтап жүрген жоқ па? 

Есек әнші болуға мықтап бекінді. Бірден Орманға тартты. Әр ағашқа бір жарнамадан қыстырып шықты. 

«Өмірде сирек кездесетін әнші Есек. Келіңіздер, көріңіздер». 

Концертке аң біткен тайлы-тұяғымен жиналды. Есек дала сахнасына шықты. 

- Жаңа ән, – деді ол маңғазданып. – Сөзі де, әні де өзімдікі… 

Әннің  басталуы  мұң  екен,  аңдар  сатыр-сұтыр  жан-жаққа  қаша  жөнелді.  Ат  шаптырым  алаң  әп-сәтте 

қаңырап бос қалды. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              446 bet 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет