қайдан келгенін біліп алды да.
-Ол қыздың мініп келген ағаш аты қайда? — деді. Патша қазынада тұрғанын айтты.
- Ендеше сол атты көрсетіңіз. Мүмкін, қыздың
кеселіне сол ат себеп болар. Алдымен соны көрейін, -
деді. Патша өзі ертіп келіп сарайда тұрған ағаш атты
көрсетті. Шаһзада атты айналдыра қарап шығып, бүтін
тұрғанына қуанды, енді қызды көрсе, ретін тауып қашып
құтылатынына көзі жетті.
-Енді қызды көрсетіңіз, кеселін басайын, — деді. Патша қыз тұрған сарайға алып келді. Қыз жынды
адамдай көрініп, жанына басқа адамды жолатпайтын еді. Шаһзада жанына келіп қолын ұстады. Ол өзінің
жігітін танып: «Ах!» — деді де қуанғанынан есінен танып құлап қалды. Шаһзада басын көтеріп әлдебір
нөрсе айтқан болып: «Есіңді жи, байқа, мені танытпа, бұл пәледен айламен құтылмасақ қиын, сен
тәуірленген бола бер. Патшаға түзу сөйлеп, құрмет көрсет…» — деді. Қыз түсінді де, айла істеуге
дайындалды., Шаһзада қызметші әйелдерге қыздың қолына салып қойған кісенді алуды бұйырды. Қыз
босанған соң патшаға қарап, басын иді.
-Тақсыр, сіздің айрықша түскен ықыласың себеп болып, мен бұл қыздың қандай кеселі бар екенін білдім,
-деді шаһзада. Румның патшасы тәуіптің сөзін естіп, қыздың түзеліп қалғанына қатты қуанды. Қызметші
қыздары тәуір бола бастаған сұлуды моншаға түсіріп, мойнына алқа салған соң, ол тоты құстай құлпырды.
Көргелі келген патшаға иіліп сәлем беріп, қолын қусырып құрмет көрсетті. Оған қуанған патша, тәуіпке
басын иіп:
-Сіздің шарапатыңыз бұл қыздың жынын қуып-ақ тастаған екен. Енді бұл қызметіңізді мен ешуақытта
ұмытпаймын, — деді. Шаһзада:
-Науқасынан түгелдей айықтыру үшін қызды ұстап тұтқын еткен жеріңізге ағаш атымен алып баруыңыз
керек. Әскерлеріңіз оқ атым жерде айнала қоршап тұрсын. Мен қызды ағаш атқа мінгізіп соны соққан
жынды ат үстінде байлап аламыз, — деді.
-Нендей ем істесеңіз де ықтияр сізде, — деді патша. Ертеңіне шаһзада бақта қызды атқа мінгізді. Ат пен
қызды айналып жүрді де, бір мезетте дуа оқимын деп өзі де атқа мінді. Сөйтіп аттың оң жағындағы тетігін
бұрап аспанға ұшты да кетті. Рум патшасы қайтып түседі деп кешке шейін күтіп тұрды да, түн болған соң
күдер үзіп үйіне қайтты, жиналған халықтың бірі «оларды жын алып кетті» деді. Бірі «тәуіптің өзі жын
болды, патшаны алдап алып кетті» деді. Патша түгіне түсінбей санын соғып өкінді. Шаһзада қаласына
ұшып келіп, қызды әкелгенін әкесіне білдірді. Әкесі еліне хабарлап, үлкен тойға дайындық жасады.
Патша баласын үйлендірген үлкен той жасады. Ел жиналып сауық-сайранын көрді. Қыздың әкесіне хабар
жіберіп, онан көп сыйлықтар келді. Патша той үстінде аспанға ұшатын атты «сиқыр» деп далаға алып
шығарып өртеткізіп жіберді. Баласы қанша тәуір көріп кәдірлегенмен әкесінің әміріне қарсы бола алмады.
Ағаш ат себеп болып тауып алған сұлуды құшып қала берді. Ұшатын ағаш атты қайтадан істеп беретін
ғалым зынданда өліп кетті.
253 - Бөлім: Бақыт құсы
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1950
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
421 bet
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, байлар киіп қырмызы, жарлының тоны келтеде, жердің үстінде,
аспанның астында әлемді таң еткен Келтең деген бір сараң бай болыпты. Бірнеше малшылары, құлдары
болыпты. Сол көп малшылардың бірі Қазанқап деген қозышысы бар екен. Қазанқап бір күні ұйықтап
жатып түс көреді. Түсінде басынан күн, аяғынан ай туып, қасында екі қозы қошқар соғысып жатыр екен.
Қазанқап «екі қошқарды айырайын, әйтпесе сүзісе-сүзісе бастары жарылар да бай маған ұрысар» деген
оймен айғайлап тұра жүгіремін дегенде, өз даусынан өзі шошып оянып кетеді. Оянса, түн әлі қараңғы.
Қозылар қотанда тып-тыныш жатыр. Ол аң-таң болып біраз отырды да, ертеңіне байдың баласы
Асаубайға түсін жорытпақ болады. Таң атып, ел тұрады. Қазанқап Асаубайға түсін айтады. Асаубай
қызыға тыңдап тұрады да:
- Маған осы түсіңді сат. Төрт түлік малдан қанша алсаң да берейін, - дейді. Қазанқап: «Мүмкін, сатсам
сатармын, жауабын үш күннен соң берермін», - деп қозысын айдап кете береді. Қазанқап далаға барып
әрі ойлайды, бері ойлайды. «Тегі бұл түсім жақсы түс болар. Сараң байдың баласы маған мал да бермес,
алдар, немесе сатпадың деп сабар, асылы мен қашып кетейін де, алдымнан бақыт іздейін», - деп қозыны
тастап, құла дүз далаға қашып кетеді. Жүре-жүре күн батып, түн болады. Таң атып, күн болады. Бір күні
шаршап кешке қарай бір шоқ терекке жетеді де, демалып тәтті ұйқыға кетеді. Бұл маңда Таусоғар деген
хан болады екен. Ханның екі әйелі болады, екі әйелінен екі қызы болады. Бірінің аты Гүләйім, екіншісінің
аты Гүлмаһира екен. Бұл екі қыз әрі құрдас, әрі тату екен. Екеуі де ақылды. Әсіресе Гүлмаһира жын-
перінің тілін біледі екен. Екі қыз бір жүреді, бір тұрады, бірге сырласады. Сүйтіп жүріп, екеуі өмірі
айрылмасқа, тіпті екеуі сүйген бір адамға, барып, тату-тәтті өмір сүруге уәделеседі. Күн артынан күн, ай
артынан ай, жыл артынан жыл өтеді. Екі қыз өсіп, бойжетеді. Таусоғар хан екі қызын екі байдың
мырзасына бермек болып құда түседі. Бірнеше күн той-топыр жасап көп мал, дүние шашылады.
Құдаларымен сөйлесіп, келесі жылы осы уақытқа той жасап, екі қызын бір күнде ұзатуға уәде жасап
тарқасады. Қыздар бұл байлардың балаларын сүймейді, өздерінің уәдесінде болады. Елде өздері сүйіп,
сөйлесіп жүрген Сағит деген бір жігітті сырттай жаратып жүреді. Сағит қуана құптайды. Үшеуі қашпақ
болады. Әуелі Гүләйім мен Сағит қашып кетпек болады, олар орныққасын Гүлмаһира бармақ болады.
Сонымен Сағитқа бүгін түнде ауылдың шығыс жағындағы шоқ теректе күт дейді. Гүләйім қос атпен өзі
барып, сол жерден әрі жүріп кетуге сөз байласады. Сағит асыға жолға шығады. Түн көзге түртсе көргісіз
қараңғы. Ол жүре-жүре адасады. Ақыры жүріп келіп кездескен бір шоқ терекке жата кетеді. Гүләйім өзі
ерлерше киінеді. Қалған киімдерін қоржынға салады. Азык, жол қаржылық алтын, Сағитқа киім алады.
Садақ, қылыш, найза сияқты қаруларды да алады, түн ішінде бір атты мініп, бір атты жетектеп жүріп
кетеді. Шоқ терекке келеді. Келсе, түбінде біреу ұйықтап жатыр.
- Тұр, мына атқа мін! - деп оятады. Ұйықтап жатқан адам шошып оянады. Қару асынған бос атты адамды
көріп зәресі ұшады. Өзін қуып келген Асаубай шығар деп, басын төмен иіп жылай береді. Гүләйім де
қайран қалады. Бірақ аялдауға уақыт жоқ. Естіп қалса, қуғыншылар ұстап ала ма деп қорқып, ақырын
дауыспен:
- Тез, мына атқа мін де маған ере бер! - дейді. Кісі мінеді де Гүләйімге еріп тарта береді. Жүйрік аттар сол
түннің ішінде бірнеше патшалықтан өтіп, таң ата бір бұлақтың басына келіп тоқтайды. Бұлар аттан түсіп
бір-біріне қарасады. Қарап, өзөздерінен таңқалысады. Екеуі де бірін-бірі танымайды. Гүләйім ойға кетеді.
Сағиттың адасқанын, оның орнына басқа бір жігітті алып қашқанын сезеді. Қыз жігітке қарайды, жігіт
қызға карайды. Қыз абайлап қараса, қасындағысы үсті-басы алба-жұлба, бет-аузы кір-кір, бірақ көзінен
оты жанған орта бойлы жас жігіт. Гүләйім енді болар іс болды, не де болса маңдайыма жазғаны осы шығар
деп, бастан-аяқ сырды айтады. Сырласып, мұңдасады, бірін-бірі ұнатады, аты-жөндерін сұрасады.
Гүләйім тамақ ішкісі келгеніне қарамастан, өзенге Қазанқапты жуындырады. Ескі киімдерін өртеп, таза
киім кигізеді. Тамақ ішіп әлденеді. Қазанқап әп-әсем жігіт болады. Ағаштан күрке жасап алып, құс, балық
аулап тұра береді. Аттарын көзге түсірмей, терең сайға арқандап бағады. Гүләйім Қазанқапқа көңіл
қосады. Бірақ біреу-міреу біле қалса, екеуміз де жетімбіз дерсің деп айтып қояды. Күндерде бір күн бұлар
өздері тұрған жерден онша қашық емес бір қаланың бар екенін біледі. «Асықпай аралап кел» деп, елеусіз
бір киім кигізіп, қыз Қазанқапты қалаға жібереді. Қазанқап қаланы ертеден кешке дейін аралап қайтып
келеді. Бұл Асаухан деген ханның қаласы екен. Хан ауру болып, ханның орнына қалғаны – бас уәзірі
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
422 bet
Қасен басқарады екен. Күндерде бір күн Қасен жолдастарымен аң аулап жүріп, Гүләйімдердің күркесінің
үстінен түсіп қалады. Уәзір қайтып қалаға келген соң, ханға сондай бір сұлу қыз көргенін, ол қыздың тек
ханға лайық екенін және қасында інісінің бар екенін айтады. Хан жазылған соң алармын деп ойлайды да,
жазылғанша інісінің көзін жоюды тапсырады. Ертеңінде Қасен Қазанқапты шақыртып алып: «Хан науқас
еді. Ол аурудың емі Сүлейменнің «ақ дәрісі» деген көрінеді. Соны тауып әкеліп бер. Бармасаң, не таба
алмасаң басыңды аламын!» - дейді. Қазанқап күркесіне бір түрлі мұңайып келеді. Оны Гүләйім сезеді де:
«Мұңаймасым, неге мұңайып келесің?» - дейді. Қазанқап Қасеннің бұйрығын айтады.
- Ол ешнәрсе емес, мұңайма, уәзірге бар да ханның бар жылқысын ертемен алдымнан шұбыртып өтіңіз,
ішінен таңдап бір ат аламын да, соны мініп дәріні іздеймін де, олар оны мақұл көреді, - дейді. Қазанқап
қайта келіп уәзірге айтады. Хан да, уәзір де мақұл көреді. Ертеңіне Гүләйім мен Қазанқап жылқыларды
аралап жүріп, бірнеше жүз жылқы өткеннен кейін, басқа бір жүз жылқының орта шенінде келе жатқан бір
қара семіз ат пен бір арық көк атқа көздері түседі. Қазанқап қара атты ұстағысы келеді. Бірақ Гүләйім қара
атты ұстатқызбайды. Қазанқаптың көңілі толмайды. Сонда Гүләйім тұрып:
Ей, мұңаймасым!
Ешнәрсені білмейсің.
Ержігітте мін болмас,
Тұлпар атта сын болмас.
Қазанат мініп қас батыр
Өмірінде жау алмас, - дейді. Қазанқап кететін болады. Гүләйім бір хат жазып қолына ұстатады. «Күннің
батысында Таусоғар деген хан бар, оның Гүлмаһира деген қызы бар. Бұл дәріні тапса сол табады. Осы
хатты сол қызға табыс ет, бірақ оның қақпасына ену қиын. Қақпасына екі тау қондырған. Ол екі тау лезде
ашылып, жабылып тұрады. Арасында қалып қойсаң атың да, өзің де жаншылып мерт боласың. Тек
ашылғанын бағып тұрып тез өтіп кетесің», - дейді. Қазанқап жүріп кетеді. Күндерде бір күн Қазанқап
Таусоғар ханның еліне жетеді. Есік ашылғанын аңдып тұрып ханның ордасына өтеді. Ретін тауып хатты
Гүлмаһираға табыс етеді. Гүлмаһира хатты оқып қуанады. Қазанқаптың атын да, өзін де оңаша жерге
қойып күтеді. Бір күн түнде өзінің сиқыр орамалдарын желпіп, перілерді шақырады. «Сүлейменнің ақ
дәрісін» сұрайды. Бұл дәрі біреуінде бар екен. Содан бір мысқалын алып, өздерін таратып жібереді.
Ертеңінде Қазанқапты аман-есен аттандырып салады. Қазанқап келгенше Асаухан өліп қалады. Өлсе де
дәріні әкеп Қасенге береді. Ел ханның орнына хан сайламақ болады. Бұл елдің заңы бойынша «бақыт
құсы» деген құс болады екен. Сол құсты үш күндік жерден ұшырып, құс кімнің үйінің төбесіне қонса, сол
кісі хан болады. Мезгілді күні елді жиып, сол заңдары бойынша қүсты ұшырады. Құс Гүләйім мен
Қазанқаптың күркесіне келіп қонады. Бір емес үш рет ұшырады, үшеуінде де сонда келіп қонады. Қасен
елге де, Гүләйімге де қысым жасайды. Гүләйім енді қорқады да, әкесіне хат жазып, барлық жағдайды
баяндап, Қазанқапты жібереді. Таусоғар хан көп әскерімен Асауханның еліне келеді. Барлық жайды ұғады
да, елді жинап алып, мерзімді жерден бақыт құсын ұшырады. Құс төртінші рет келіп күркеге қонады.
Сонымен бүкіл ел болып жиналып, ақ түйе сойып, той жасап, Қазанқапты хан көтереді. Қасенді
уәзірліктен алып, халық алдында жазалайды. Таусоғар хан мен Гүлмаһира бірге келеді. Кетерде екі қыз
өздерінің ойларын әкесіне білдіреді. Таусоғар хан мақұлдайды. Қазанқап той жасап екі қызды да алады.
Қазанқап өте әділ және қайырымды хан болады. Бұның тұсында ұрлық, кісі өлтіру, біреуге біреу зорлық
қылу сияқты әдеттер жойылады, хан жарлығы құлдарға жәрдемдеседі. Гүләйім мен Гүлмаһирадан екі ұл
болады. Екеуі де бір күнде дүниеге келеді. Бірінің аты Ередік, екіншісінің атын Біредік қояды. Балалары
жақсы өседі, бірімен бірі тату болады. Бір күні Қазанқап күндегісінен ертерек ұйықтауға жатады.
Жанында екі ұлы Ередік пен Біредік асық ойнап отырады. Екеуінің де екі алтын сақасы бар екен. Ханның
көзі ілініп кеткенде, бір нәрсе сарт ете қалады. Хан селк етіп, көзін ашып жан-жағына қараса, бірі басында,
бірі аяғында екі әйелі отыр. Екі баласы өзінің баяғы түсінде көрген қошқарша екі сақаны шарт-шарт
соғыстырып жатыр. Сонда хан: «Баяғы түсімде көрген ай мен күн - екі әйелім, екі қозым - екі ұлым болды-
ау», - деп сақылдап күліп жібереді. Қайран қалған Гүләйім мен Гүлмаһира күлген мәнісін сұрайды.
Қазанқап бастан-аяқ түсін айтып береді. Қазанқап келесі жылы Таусоғар ханға қонаққа барады.
Сұрастырып Сағитты тауып алады. Сағит орта жасқа келген, әйел алмаған, бір байдың құлшылығында
жүр екен. Елге келгенде Сағитты өздерімен бірге ала кетіп, таңдаған қызын алып береді. Өзіне уәзір етіп
алып, өле-өлгенше дос болады. Сөйтіп, Қазанқап барша мұратына жетеді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
423 bet
254 - Бөлім: Жылан қабықты жігіт
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1951
Баяғыда бір кедей шал мен кемпір болыпты. Қолында мал дегеннен жалғыз есегі бар екен.Қалаға отын
сатып күн көреді екен. Шал мен кемпірдің жасы алпысқа келгенше бір перзентке зар болып, күні-түні
жылап жүргенде шалдың кемпірі айдаһардың етіне жерік болыпты. Шал айдаһарды іздеп келе жатса, бір
шаң көрінеді. Жақындаса, қара айдаһар мен сары айдаһар ар-басып-алысып жатыр екен. Қара айдаһар
сары айдаһарды өлтіреді. Шал өлген айдаһардың сан етінен кесіп алып үйіне келсе, кемпірі жерігі асып,
ауырып жатыр екен. Шал келіп: «Ау, кемпір, сүйінші бер! Жерік асың табылды!» - депті. Аңсап жатқан
кемпір орнынан ұшып тұрып, шалдың әкелген етін шикілей жей беріпті. Жерігі қанған кемпір тоғыз ай,
тоғыз күнде аман-есен босанған екен. Бірақ бала жыланға ұқсаған екен дейді. Кемпір-шал не де болса
ішінен шыққан соң асырай беріпті. «Іштен шыққан шұбар жылан» деген нақыл содан қалыпты. Жылан
баланың сөзінде ағаттық жоқ екен. Бір күні баласы әкесін қасына шақырып алып: «Әке, менің үйленетін
уақытым болды. Маған осы елдің ханы Бабаханның жұрттан асқан сұлу қызы бар, соны әпер», - дейді.
Әкесі айтады: «Ей, балам, мал дегенде жалғыз қолдағы отын сатып күн көріп отырған көк есектен басқа
ешнәрсе жоқ. Өзі халықтың ханы, саған малсыз береме?» - дейді. Баласы айтып қоймағансын, көп болса
хан мені өлтірер, не де болса барайын деп келе жатса, шалдың алдынан ханның бір жендеті шығыпты.
Жендет шалға: «Нағып жүрсің?» - депті. Сонда шал айтып-ты:«Менің жалғыз балам бар еді. Сол маған
Бабахан ханның қызын алып бермесең болмайды, басқа адамның қызын пері болса да алмаймын деп
мазамды алған соң тәуекел деп, Бабаханға келе жатырмын», - депті. Оған жендет айтады: «Сенің балаң
жоқ еді, күні кеше есекпен отын сатып жүр едің. Ол бала саған қайдан пайда болды?» - депті де, тағы да:
«Егер балаң бар болса, балаңның аты кім?» - дейді. Шал айтады: «Баламның аты Шаһимардан», - деп
жауап береді. Сонда жендет: «Бабаханға беретін малың жоқ. Ханға қызыңды бер десең, ол саған
ашуланып басыңды алады ғой. Онан да басың аманында осы жерден тіке үйіңе қайт», - деп ақыл береді.
Шал не болса да көрейін деп, Бабаханның үйіне келеді. Шал ханменен амандасып болған соң, шалға хан:
«Не жұмыспен жүрген адамсың?» - депті. Сонда шал айтады: - Тақсыр, менің Шаһимардан деген жалғыз
ұлым бар еді. Ол бала маған Бабахан ханның қызын алып бер деп мазамды алып, үйімде отырғызбады.
Соған бола, тақсыр, сіздің алдыңызға келіп отырмын, - деді. Бұған ханның ашуы келіп, жендеттерді
шақыртып: «Шалды өлтіріп, тең ортасынан екі бөліп, есегіне теңдеп үйіне қарай айдап жіберіңдер», - деп
әмір етті. Қасапшының итіндей жалаңдаған жендеттер шалды ортаға алып, буындырып өлтіріп,
ортасынан екі бөліп, қапқа салып есегіне теңдеп жіберіпті. Жем жеп үйренген есек басқа жаққа
бұрылмастан өз үйіне оралады. Есек келсе, үстінде шал жоқ. Теңдеулі тұрған екі капты көріпті. Сонда
кемпір: «Құдай маған кәрі шалды да көпсіндің бе?» - деп жылай беріпті. Кемпірдің баласы: «Шеше, сен
жылама, маған әкемнің өлігін әкеп бер», - дейді. Өлікті алдырған бала үш рет дем салып, тірілтеді. Таң
атқан соң: «Әке, сен Бабаханға қайта бар, ол саған білгенін істер, сен қорқушы болма», - дейді. Шал ханға
қайта барып, қызын екінші рет сұраған екен. «Мына тамағын асырай алмай жүрген шалдың ызасын-ай!»
- деп жендеттерін тағы шақырып, шалды мүше-мүшеге бөліп, есегіне тендеп жіберіпті. Баласы әкесін
қайта құрастырып алыпты. Үшінші рет тағы жібереді. Хан ашуланып: «Бұл шалға, сірә, өлім жоқ шығар
және бір көрейін», - деп шалды айналып тұрған жел диірменге салып майдалатады да, есегіне теңдеп үйіне
жібереді. Баласы күндегі әдеті бойынша әкесін тағы тірілтіп, төртінші рет ханға жіберіпті. Енді хан
қорқып: «Бұл шалдың баласы менің түбіме жететін бәле шығар, қызымды бермеймін демейін, шалдан көп
мал сұрайын», - деген ақылға келіпті. - Қызымды шын сұратсаң, менің каламның үстінен көп жылқы айдап
өтесің, сонда жылқының көптігінен қала халқы таңданатын болсын. Егер оны таба алмасаң енді қайтып
менің алдыма келме! - депті хан. Шал үйіне келіп, баласына ақылдасады. Онда баласы айтады: «Азанда
менің ізіме еріп жүріп отыр. Екеуіміз бір жерге барамыз», - депті. Бір жерге келгенсін баласы әкесіне өткір
алмас қылыш беріпті. «Қазір біз бір іннің аузына барамыз, сол іннен ұзын қара жылан шығады, соны
өзінен бұрын көріп басын қағып алмасаң, онда ол сені өлтіреді, одан соң қайта келмейсің», - дейді. Осыңы
айтып болып бала інге кіріп кетеді. Көптен кейін ұзын қара жылан іннен шығады. Аңдып тұрған шал
жыланның басын шауып түсіреді. Содан кейін іннен қаптаған қалың жылқы шұбырып шығып, ханның
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
424 bet
қаласының үстін басады. Ханның әмірі бойынша көптігінен қала көрінбей қалады. Бұл істі көзі көрген
хан қатты қорқып: «Бұл бала емес, пәле шығар, не болса да бұған қызымды беріп құтылмай болмас», -
деп, хан еріксіз қызын шалдың баласына беретін болады. Он бес күннен кейін қызын беретін болады.
Уәделі күн біткесін шал кемпірін алып, баласын ертіп, ханның ауылына құда түсе келіпті. «Күйеу келді»
деп, қыз-келіншектер алдынан шықса, аттың мойнына оралған сары жыланды көріп: «Ау, кемпір-шалдың
баласы қайда?» - депті. Шал-кемпір: «Баламыз міне» - деп аттың мойнына оралған адам басты сары
жыланды көрсетіпті. Бұл сөзді естіген хан да, оның әйелі де, қыз да қатты қорқады. Ханның жалғыз
қызының күйеуі келеді деп, оңаша жерге ақ отау тіктіріп қойған екен. Не де болса соған апарып күйеуді
кіргізеді. Күйеу төсектің үстінде үйіндегі жатысындай домаланып жатпай, ұзынынан жатады. Кеш
болғанда халықтың әдеті бойынша қызды күйеуге күйеулетіп қасына апарады да, өздері бұл жылан не
қылар екен деп, сыртта жасырынып тұрады. Қыз үйге келсе де баланың қасына баруға қорқып, қасына
жақын бармайды. Сонда жігіт айтады: «Сен менен қорықпа, қасыма келіп басымнан аяғыма дейін сипа»,
- дейді. Қорқып тұрған қыз амалсыз жыланды басынан аяғына дейін сипайды. Сол уақытта жігіттің
сыртындағы жылан қабығы сыпырылып түсіп, дүниеде жоқ, бір сұлу жігіт болып отырады. Қыз жігіттің
сұлулығына қызығып кетіп, есі ауады, сонда жігіт қызға айтады: «Мынау жылан қабық - менің екінші
жаным. Соны адамға сездірме және адамға көрсетпе, өзің де жоғалта көрме! Егер бұл киімнен айрылсақ,
мен саған жоқпын!» - дейді. Қыз жігіттің жылан қабығын орамалына орап, көйлегінің ішіне қолтығының
астына тігіп қояды. Бірақ бұл сырды не істер екен деп, сырттан аңдып тұрған адамдар «ол не деп» қыздан
сұраса, қыз не екенін айтпайды. Сонсын аңдып тұрған адамдар қыздан тартып алуға айналғанда жігіт
қыздың қолтығының астындағы өзінің жылан қабығын қағып алып, қарлығаш болып ұшып, шаңыраққа
қонып отырып, қызға айтады: «Енді саған мен жоқпын. Мені іздей қойсаң басыңдағы қалпағың оймақтай,
қолға ұстаған темір таяғың тебендей болғанда табасың», - деп, қызға «көргенше, қош бол» деп, қарлығаш
ұшып кетеді. Қыздың жігітке есі ауғаны сонша үш күнге дейін ас-су ішпестен шаңыраққа қарауменен
отырады. Мұны естіген Бабахан құдасы мен құдағиы шал-кемпірді шақыртып алып былай дейді: «Менің
жалғыз қызым да, сенің жалғыз балаң да енді бізге жоқ екен. Менің басымнан хандық таятын болды.
Сенің көзің өлгенше жылаумен өтетін болды. Бұл халық маған дұшпан екен. Енді қашан басымызға іс
түскенше, сендер де елдеріңе қайтыңдар», - дейді. Шал үйіне қайтып кеткенсін, ханның қызы Нұрсұлу
әкесіне келіп: «Әке, енді мені басқа бір адамға беремін деген үміттен күдер үзіңіз. Енді менің қалған
өмірім сол жылан қабықты жігіттің жолына құрбан болады. Сондықтан соны өлгенімше іздеуге рұқсат
етіңіз», - депті. Сонда хан: «Не де болса үлкен істі өзің баста, бар, балам», - деп күйеуді іздеуіне рұқсат
береді. Кетерінде Нұрсұлу туған елге, ата-анаға, жасынан көрген қызық дәуреніне қош айтып, басына
қалпақ киіп, қолына темір таяқ алып жолға шығады. Екі ай жүріп, табаны тілініп, жүруге дәрмені болмай,
зарығып келе жатып, бір үлкен бәйтеректің түбіне келіп, демалып отырады, зарланып өлең айтады:
Қызы едім мен бір ханның Нұрсұлухан,
Еш қызық көре алмадым дүниядан.
Қарлығаш көз алдымнан болды ғайып,
Дерегін іздеп табам енді қайдан?!
Жаратқан, жас тілегі кетті қайда,
Ішімде кеткені ме шықпай арман.
Шаһимардан деді атын сұрағанда,
Кеткенше ізденермін дүниядан!
Осы өлеңді айтып, өзіне-өзі қуат беріп, аздап демалғансын бәйтеректің биік басына шығып қараса,
айдалада көз ұшында тігулі тұрған жалғыз ақ отауды көріпті. «Неде болса осы отауға барып, ұшқан құс
көрген жан бар ма екен, бір хабарын білейін», - деп жүре беріпті. Отауға келсе, ішінде бір сұлу келіншек
отыр екен. Ол келіншек қызды көріп орнынан ұшып тұрып, тас қылып құшақтап, қызға жылап көріседі.
Содан кейін қыз айтады: «Неғып отырған жансың бір өзің?» - дейді. Келіншек айтады: «Мен Гүлстан
патшасының қызы едім, атым Маржан еді. Менің атағымды дию патшасы естіп, өзінің бес дәуін жіберіп,
олар менің әкемнің әскерін қиратып, мені тартып алып осы жерге әкелгеніне биыл бес жыл болды. Содан
Достарыңызбен бөлісу: |