ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет67/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   153


 

Ауынан өрмекшінің кілем тоқып, 

 

Ұялмай жүз тұсақтан сатып тұрдым. 



 

Балықтың қабыршағын отқа жақтым, 

 

Өтірік өлең айтып жұртқа жақтым. 



 

Бір сонам асыранды қашып кетіп

 

Меккеден он жыл іздеп, азар таптым. 



 

Ақылдан ер жеткен соң болдым жарым 

 

Бір суыр мал дегенде қолда барым. 



 

Қатыным тел қоянды жаздай сауып, 

 

Түйреді сары майды екі қарын. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              431 bet 

Беріпті бақа қызын көбелекке, 

 

Жүріпті қара шыбын жеңгелікке. 



 

Бір туын құмырсқаның ұстап сойып, 

 

Той қылып, ат шаптырып төңірекке. 



 

Міндім де сары қоңыз сона қудым, 

 

Үш жұма, үш ай жүріп қона қудым. 



 

Қумасқа белді байлап тұрып едім, 

 

Дегенге жеңгем жерік бола қудым. 



 

Бай болдым төрт түлікке тумай жатып, 

 

Балама қалың бердім бәрін сатып. 



 

Білімін мал жыюдың ерте біліп, 

 

Сондықтан кедейлікке қалдым батып. 



 

Байлықтан ыза шектім ақырында, 

 

Бір түйір мал болмады жақынымда. 



 

Малымның бәрін жинап отқа жағып, 

 

Отырмын кедейліктің тақырында. 



 

Қамыстан жылқы ұстауға құрық қылдым, 

 

Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым. 



 

Бір талын сақалымның кесіп алып, 

 

Көшкенде мал айдайтын шыбық қылдым. 



 

Жиынға салтанатқа кидім құрым, 

 

Қытықтап зорға айтқыздым ханның сырын. 



 

Келгенде қалыңдығым сексен төртке, 

 

Қайныма бес жасымда бардым ұрын. 



 

Жүз салған қорғасыннан қара балтам, 

 

Шыққанды он матадан сыңар қалтам. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              432 bet 

 

Дәулеттің маған біткен арқасында, 



 

Көшкенде жүз түлкіге жүгімді артам. 

 

Айдадым жылқы қылып отыз түлкі, 



 

Борсықты ұстап мінсең аттың мүлкі. 

 

Ішінде топ адамның тулап жығып, 



 

Қылдың-ау, ойбай, қарсақ, жұртқа күлкі! 

 

Арасын жырып қостым сыр қуаңның, 



 

Машықтым елін билеп бес дуанның. 

 

Екі жүз құнан қойым егіз туып, 



 

Осыған, нанар болсаң, көп қуандым. 

 

Мен көрдім қара шіркей бала қаздай, 



 

Жүк арттым бес қарсаққа ала жаздай. 

 

Түлкісін қырдың қызыл жайлаймын деп, 



 

Қан түсіп аяғыма өле жаздай. 

 

Тамырға өтірікті қап-қап бердім, 



 

Найзасын нән қамысқа саптап бердім. 

 

Жүйрігін тасбақаның ұстап мініп, 



 

Түлкіге төсте қашқан тап-тап бердім. 

 

Басынан Қап тауының қора қылдым, 



 

Бітер деп бес мың жылқы жора қылдым. 

 

Топан су тау басына дамыл бермей, 



 

Қыл маска енді қора тоба қылдым. 

 

Баласы қасқа айғырдың бөлтірікті



 

Айтпаймын өлтірсең де өтірікті, 

 

Мың кісі бір тышқанға мінгескенде, 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              433 bet 

Апырым-ай, тулап бәрін өлтіріпті! 

 

Мен өзім кішкенеден қарға бақтым, 



 

Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым. 

 

Біреуі жануардың үздік шығып, 



 

Мойнына ақ киізден тұмар тақтым. 

 

Басында керегенің үрген қарын, 



 

Көтердім балуандықпен соның бәрін. 

 

Түйеге төстеп барып қойғанымда, 



 

Мертікті көтере алмай қара нарым. 

 

Мизамның сілемейін желім қылдым, 



 

Шымшықтың жұмыртқасын келі қылдым. 

 

Қамыстан сегіз қанат үй істетіп, 



 

Жонынан кесірткенің көгін тілдім. 

 

Шымшықтың шылым шектім бақайынан 



 

Қоянның атым үрікті топайынан. 

 

Баланың ақылы артық, ойы жетік, 



 

Көр тышқан етік қылдым шоқайынан. 

 

Басына бәйтеректің тіктім орда, 



 

Көк орай шалғын екен қорда-қорда. 

 

Қос атпен күні-түні бірдей қуып, 



 

Қашаған бір битімді тұттым зорға. 

 

Мен өзім өтіріктен пайда еткенмін



 

Биялай, бит терісін қалта еткенмін. 

 

Етіне бір шіркейдің қазан толмай, 



 

Соймасқа қайтып шіркей ант еткенмін. 

 

Мыс егіп көбік қарға алтын ордым, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              434 bet 

 

Ізіне әбжыланның қақпан құрдым. 



 

Шегірткем мініп жүрген тулап еді, 

 

Жалғыз тал қыл қамшыммен өлгенше ұрдым. 



 

Түгестім сапты аяқпен Сырдың суын, 

 

Он нарға артып жүрмін қыздың буын. 



 

Еншіге әкем берген мың қоянның 

 

Соғымға қырып алдым барлық туын. 



 

Тілімнің келмейді ебі өтірікке, 

 

Тақсыр-ау, осыным да өтірік пе? 



 

Қырық байтал қалың малға санап алып, 

 

Қыз бердім отау тігіп кекілікке. 



 

Биені қымыз іштім мұзға байлап, 

 

Тышқанды жауыр қылдым үш жыл жайлап. 



 

Қырық тоғыз мүшелімде әкем туып, 

 

Жүгірдім қуанғаннан алақайлап. 



 

Отыным жазғы жаққан мұздан болды, 

 

Салымым сексендегі қыздан болды. 



 

Былтырғы жер ошаққа жаққан отым, 

 

Тұтанып зорға биыл қызған болды. 



 

Сауысқан алып ұшты бөлтірікті, 

 

Айтпаймын қыз берсең де өтірікті. 



 

Шіркіннің тепкісінің қаттысын-ай, 

 

Бір қызды шыбын теуіп өлтіріпті. 



 

Шаянның шаңырақтай омыртқасы, 

 

Көнектей көлбақаның жұмыртқасы. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              435 bet 

Болмаған енді шындық несі қалды? 

 

Түбінен жау қияқтың ердің қасы. 



 

Жонынан атжалманның айыл алдым, 

 

Үш жөргем ішін жарып майын алдым 



 

Ізіне аттың басқан қақ тұрыпты, 

 

Қырық құлаш қармақ салып, жайын алдым. 



 

Қошқардың қағанақтан күйегі бар, 

 

Шідердің мұздан жонған тиегі бар. 



 

Тақсыр-ау, осыған да нанбаймысың? 

 

Қырық арба бір қаншырдың сүйегі бар. 



 

Шымшықтың шылым шектім қу басынан, 

 

Атжалман арқан естім шудасынан. 



 

Қырық қарға, отыз сона құда түсіп, 

 

Инелік киіт киді құдасынан. 



 

Серік боп құрқылтаймен қылдым сауда, 

 

Айналды бұл сертімнің арты дауға. 



 

Борсыққа жарап жүрген міне шауып, 

 

Ұрандап, бір бүйірден тидім жауға. 



 

Елімді қызғыш шауып салды бүлік, 

 

Сауысқан әбден асты аққуды іліп. 



 

Қақалып кеше кешке жеген етке, 

 

Қолқамда бес жыл тұрды кәрі жілік. 



 

Борышыма қатынымды кіреу қойдым, 

 

Аспанға алты жерден тіреу қойдым. 



 

Жүрегін қорқақ тайдың төрт бөліп жеп, 

 

Нансаңыз, өмірімде бір-ақ тойдым. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              436 bet 

 

Жаратып қасқыр қудым көбелекпен, 



 

Дарияға тоған бастым ебелектен. 

 

Жығылып тас кенеден мойны үзіліп, 



 

Бір кемпір "ә" дегенше еле кеткен. 

 

http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=3694&oku=23483#ixzz4We7tFlsM 



 

257 - Бөлім: "Өлген" қазан 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1954 

 

 



Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі 

жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді 

де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден 

орын береді, ет келгенде: 

- Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып: 

- Же, шапаным, же! - деп, отыра береді. 

Үй иесі: 

- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді. 

Сонда Қожа: 

- Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным!  - 

деп, жауап береді. 

 

258 - Бөлім: Қара батыр 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1955 

 

 



Қара батыр 

 

Қара батыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортуылшылары ұстап алып, еліне апарған соң қой 



бақтырыпты.  Аш,  жалаңаш  сақтап,  жөнді  тамақ  бермеген  соң  бала  қойдың  далада  сүтін  сауып  ішіп, 

сонымен  күн  көріп  жүріпті.  Бір  күні  бала  далада  қамығып  жылап  отырғанда,  алдына  бір  қарға  келіп 

қонады. Бала қарғаға айтты: 

— Қарғалар-ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды алсана, біздің елге барсана, сағынып жүрген 

әкеме, тұмарды бере қалсана. 

Қарға бір қарқ етті де, ұшып кетті. Бір мезгілде сауысқан келіп қонды. 

— Ай, сауысқан, сауысқан, өлеске жеп тауысқан, тұмарымды алсана, елге бара қалсана… 

Сауысқан шық-шық етті де, ұшып кетті. Келіп тырна қонды. 

— Ұзын мойын тырналар, қайыры бар мырзалар, тұмарымды алсана, елге бара қалсана… 

Тырна тыррау-тыррау деді де, ұшып кетті. Келді қаз. 

— Әй, қаздар-ау, қаздар-ау, сізге бар-ды наздар-ау, тұмарымды алсана, елге бара қалсана… 

Қаз қаңқ-қаңқ етті де ұшып кетті. Келді акқу. 

— Көлден ұшкан қуларым, құс төресі туларым, тұмарымды алсана, елге бара қалсана… 

Аққу тоқталыңқырап, көлденеңдеп тұрды да, ол да ұшып кетті. 

Біраздан соң қарлығаш келді. 

— Әй, қарлығаш, тамыр-ай, жауда болдым қалар-ай, тұмарымды алсана, елге бара қалсана… 

Қарлығаш ұшып олай кетті, ұшып бұлай кетті, ақыр қимай келіп, баланың қолына қонды. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              437 bet 

Бала ойлады: әкем тұмарымды көріп таныса да, қай елде екенімді біле алмас; бұған бір белгі салайын деп, 

өзінің  қолын  пышақпен  шаншып  қанатты  да,  қанымен  тұмар  үстіне  түрікпен  елінің  таңбасын  салды. 

Сөйтіп болған соң, тұмарды қарлығаштың мойнына байлап, елінің, әке-шешесінің жерін айтып, ұшырып 

қоя берді. 

Қарлығаш ұшты аспанмен, баланың айтқан жоспармен, асқар-асқар таулармен, айдын шалқар көлдермен, 

батпақ-лай  шөлдермен,  түрлі-түрлі  жерлермен;  қос  қанатын  қамшылап,  аспаннан  қатер  көрінсе,  таса 

жерді жамшылап, үстінен тері тамшылап, неше мерзім жерді өтті, неше мерзім елді өтті, нақ отыз күн 

болғанда, бір ауылға сол жетті, баланың айтқан аулы осы ма деп, меңзепті. 

Бұл ауылға келген соң, қарлығаш әр үйдің төбесіне қонып, адамын байқап жүрсе де, баланың айтқанына 

ешқайсысы  ұқсамайды.  Сөйтіп  шаршап  қалғып  отырғанда,  бір  ыңырсыған  кемпірдің  даусы  шықты. 

Құлағын салып қараса, кемпір айтады: 

— Ау, шырағым-құлыным, маңдайымда тұлымым, көлге біткен құрағым, жалғыз ұлым шырағым! Жау 

алды  ма  білмедім,  су  алды  ма  білмедім,  аң  алды  ма  білмедім,  жөнінді  біліп,  шырағым,  құрбаның  боп 

өлмедім, жиырма төрт ай болды, мен жалғызды көрмедім!.. 

«Сен тұра тұр» деп кемпірді тоқтатып, шал айтады: 

—  Жалғыз  біткен  талшыбық,  келбетің  келген  қарағым,  бір  дерегің  білуге,  дүниені  кезіп  қарадым,  аш 

6уpaдай  жарадым,  он  екі  мүшем  секілді,  аш  күзендей  бүгілді,  таулардың  насат  тасындай,  берік-ақ  еді 

сүйегім, өрт шалғандай егілді. Қайда да кеттің, сұңқарым, үміт еткен тұлпарым, бір көрсетіп алмады, сол 

ғана болды-ау іңкәрім. 

Онда бір жас қыз бала әке-шешесін тоқтатып сөйлейді: 

— Нар кескен деген алмастай, асыл еді негізің, бірге туған егізім, сен тұрғанда ойлаушы ем, арғымақ ат 

мінермін,  асыл  киім  киермін,  тең-құрбымнан  ілгері,  мен  жарқырап  жүрермін,  биіктен  талап  тілермін, 

ойын-күлкі сауықпен, қызық дәурен сүрермін. Егізімнен айрылып, ақша беттен қан кетті, көңілімнен жан 

кетті,  желкілдеп  шықкан  көк  шөптей,  жап-жас  қана  күнімде,  міне  бізден  сән  кетті.  Әй,  қартымыз, 

қартымыз, көзіңнің жасын тартыңыз, мен бүгін бір түс көрдім, әжептәуір іс көрдім, түсіме жору ай-ыныз: 

қолдан ұшкан сұңқарым, қайта қонып жүр екен, үйірден жойған тұлпарым, қайта келіп жүр екен, бірге 

туған құлыным, үйге келіп жүр екен. Бізге құдай берген-ді, кісі көрмес өлген-ді. Баба-түкті Шашты-әзіз, 

нақ сарт болып кетпесе, хабар алып шырақтан, бір қарлығаш келген-ді... 

Бұл  сөзді  есіткен  соң,  қарлығаш  тіп-тіке  шал-кемпірдің  алдына  қонды.  Бейшаралар  жылап-сықтап 

тұмарды алып, таңбасынан Қара батыр түрікпенге барғанын білісті. Сонан соң ат жаратып, адам жиып, 

түрікпен жұртына барып, көп тарту-таралғы беріп, баласын алып қайтты дейді. 

 

259 - Бөлім: Ағаштың дәні 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1956 

 

 



Ағаштың дәні 

 

Ел оянғанда төбенің басына шығып, ауыл адамдарын жинамақ болды. Ойы кілең жігіттер жиналып, өзен 



суын аз да болса, ауылға бұру еді. Қиындыққа шыдамағандары балаға қол ұшын берудің орнына басқа 

елге  көше  бастады.  Тек  кедей-кепшік  қана  қалды.  Солардың  бірқатары  жаны  қиналып  жатса  да 

қимылдағысы келмеді. 

—  Балам,  Құдайға  жалбарына  отырып,  өзіміз  суды  бұрып  келейік.  Жайлы  жер  іздегенімізбен,  туған 

ауылымызды  тастауға  болмайды.  Өйткені,  мұнда  ата-бабаларымыздың  қаны  тамған,  –  деп  мұңайып 

отырған ұлын орнынан тұрғызды әкесі. 

Анасы,  бала-шаға  қалған  тағамдарын  дорбасына  салған  кедей  отбасы  өзенге  бет  алды.  Бағзы  заманда 

қайбір күрек, кетпен болсын? Көл маңындағы қатты қамыстан жасаған саймандар шыдамай, сына беріпті. 

Өзен маңындағы тоғайдан кішкентайлар жеміс-жидек теріп әкеледі. Кедей отбасы жанкештілікпен арна 

тартып,  ауылға  жақындап  қалады.  Ауыл  адамдары  болса,  осы  кедей  отбасы  бала-шағасын  алып,  таң 

қараңғылығында қайда барады? демек түгілі ауыл маңында қараңдап, арық тартып жатқанда бірі келмепті. 

Керісінше: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              438 bet 

— Е-е, байғұстар өзен-тоғайдан қарнын тойдырып келеді деп, екі қолын алдына салып отыра береді. Бұл 

уақытта мал да азаяды. Азық-түлік те таусылады. Ала жаздай кедей арып-ашып арықты қазып бітіреді. 

— Ой, бейшара, жаз біткенде, арық кімге керек? – деп кекетті көршілері. 

Тіпті шақырым-шақырым жерден арық тартудың қиындығын сезінбегені кедейдің жанына батады. 

—  Қырқына  шыдап,  біріне  шыдамай  қалмайық.  Алладан  амандық  пен  күш-қуат  тілейік,  –  деп  әйелі 

кедейге қолғабыс етеді. 

Арықты  егіске  қарай  бұрып,  бірнеше  арнаға  су  жібереді.  Түнді  таңға  ұластырып,  тер  төккен  кедейдің 

еңбегі ақталды. Адамдар таңертең тұрғанда, мал су ішіп, жадырап, егін мен шөптің басы көгеріліп, ауыл 

жадырап сала бергенін көрген адамдар болса қуаныштан жүрегі жарыла: 

— Енді өлмейтін болдық. Жаратқан Ием, дұғаларымызды қабыл еткеніңе шүкір, – деді біреулер қарнын 

сипап. 


Біреулер алақайлап, аспанға бөркін лақтырды. Айтсада, кедей отбасының еңбегін ескеріп, алғыс айтқан 

ешкім болмады. 

— Шиіттей балаларымыздың қиналғанын көре тұра, бір көрші сүйемелдеуге мойын бұрмады. Енді келіп, 

қуанғанын қарашы, – деп балалардың анасы күйіп кетті. 

Ауылдастарының адамгершілігінің болмағанына ренжігенімен, іштей: 

— Я, Аллам, пенделеріңнен қайыр болмаса ашуланбаймын. Сіз бізді қайырымдылығыңыз бен мейірім-

шапағатыңыздан айыра көрмеңіз, – деп тіледі. 

Ақылды бала ержетті. Көкейіндегі қайтсем ауылды гүлдендіремін деген сауалға жауап іздеді. Бала кезде 

ата-анасы  ертегіні  көп  айтатын.  Сонда  ғажайып  бақтар,  хош  иісті  гүлдер,  дәмі  тіл  үйіретін  жеміс-

жидектерсіз  ертегі  болмаушы  еді.  Міне,  туған  жерін  сол  ертегідегідей  Иранбаққа  айналдырсам  деген 

арманын жүзеге асыру үшін іздене бастады. 

Көктем ерте шыққан жыл еді. Өгізбен жер жыртып, аз ғана алқапқа егін салды. Бұлақ көзін ашты. Тауға 

барар жолды тазалады. Әбден шаршап, арбаны көлеңкелеп көзі ілініп кеткен екен. Биік ағаштың басында 

бір құс отыр екен. Құйқылжыта сайрағандай. Оянып кетті. Көзін ашып, жан-жағына қарай бастады. Әлгі 

құс ұшып барып, баланың үстінен әлденені тастап ұша берді. Жерде жатқан кішкентай үлпілдекті қолына 

алып, қарап еді не екенін біле алмады. Дереу үйіне қарай құстай ұшты. 

—  Балам-ау,  бұл  ағаштың  дәні  ғой.  Кешелі  бері  үйімізді  қарлығаш  айналшықтап  жүр  еді.  Алланың 

жақсылығы осы екен ғой. 

— Балам, жүр дәнді жерге отырғызайық,-деді әкесі. 

— Айналамыз ну орман болсын! 

Ата-анасы мен баланың тілегі қабыл болып, ауыл жасыл желекке оранды. Санаулы түтіннен тұратын ауыл 

қалаға, бірте-бірте қала о шеті мен бұ шетіне апталап жететін мемлекет болды. 

 

260 - Бөлім: Қауырсын 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1957 

 

 



Қауырсын 

 

 



Баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда бір қауым ел өмір сүріпті. Санаулы үйлер болмаса, шетінен 

ауқатты адамдар. Өмір заңы. Кедейлер байларға жалшы. Солардың айтқанын істейді. Маңдай тер, табан 

ақы  ешуақытта  әділ  бағаланбайды.  Соған  қарамастан,  кедейлердің  бала-шағасына  Құдай  береді.  Және 

бірнеше кедей отбасы бір-бірімен өте тату болыпты. Тату болмағанда ше? 

Бірде кедей отбасы қатты қапаланып, «Осы байдан басқа адам жер бетінде құрып қалып па? Басқа жаққа 

көшейік» – деп жинала бастайды. 

Мұны естіген басқалары да: 

—  Кетсек,  бәріміз  бірге  шығайық.  Жолда  қанша  уақыт  жүретініміз  белгісіз,  ит-құс  бар, 

кішкентайларымыз бар, – деп таң атпастан жолға шығады. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              439 bet 

Байдың  көзіне  көрінбей,  алыстап  кету  керек.  Байдың  әділетсіздігі  жанына  әбден  батқан.  Басқасын 

айтпағанда, балаларды аяса қайтеді? Өзінің де балалары бар емес пе? 

—  Байдың  әйелінің  қомағайлығы  соншалық,  саудагерлер  келгенде,  кедейлердің  әйелдерін  лашығынан 

шығармайды екен. 

— Бар жақсыны сендер алып қоясыңдар. Е-е, 

бейбақтар сендерге пұл бермесем, не сатып аласың? – деп сақылдап, келемеждеуден шаршамайтын. 

Оның мағынасыз сөздерін тыңдаудан жалыққан жалшылар бір Алладан ғана көмек сұрайды. Сол шақта 

ауылға мұғалім келіп, бала оқыта бастаған. Ол да баяғы байдың киіз үйінің бір бұрышына орналасқан. 

Ұстазға  күн  көрсетпей,  «кедейлердің  бірде-бір  баласын  мектепке  кіргізбе»  –  деген  бұйрықты  берген 

байдың әйелі болатын. 

— Сіз кешіріңіз, жеті жасқа толған бала білім алуы керек, мен сол үшін келіп тұрмын. 

Ешкіммен санаспайтын бай әйелінің мінезіне шыдамай, мұғалім де дәл осылардай кетіп қалып еді. Кедей 

баласы тозығы жеткен киіз үйдің жанына шығып, адым жерге атпен, есекпен, тіпті қала берді  жалшы 

арқалап бара жатқан байдың балаларына таңдана қарайтын. 

— Мені ешкім көтермей-ақ қойсын. Мен төрде де отырмаймын. Табалдырықта отырсам да, ілім алсам, – 

деп  армайдайтын.  Мектепке  қызықаны  соншалық,  байдың  үйіне  кіріп  кетіп,  оның  баласының  қалам, 

дәптерін қолына алып көрді. Әліп-биін ақтарды. 

— Білім деген қандай ғаламат! Мына заттардың өзі қандай күш беріп тұр… Сәби жаны қиялға беріліп 

кеткені сондай, байдың әйелінің бажылын да естімеген еді. Тек есіктен итеріп жіберіп, омақаса құлап, 

жаны ауырғанда баж ете түскен. 

— Шіркін-ай! Мен білімділер еліне барып, тұрсам ғой. Кітабым, қалам-қағазым болса….  Мен оларды 

бауырларыма түгел үлестіріп берсем…. Ілім-білім алып, үлкен ғалым боламын. Ата-анамды кедейліктен 

шығарамын. Бізде де мал болады. Алыстан келген саудагерлерден қажеттінің бәрін сатып аламын. 

— Көр де тұр, добым да, ойыншықтарым да, киімдерім де болады. 

— Кедейдің лас балалары ауру жұқтырады. Қасына жоламаңдар, – деген байдың әйелі өзіміздің қандай 

дәрежеге көтерілгенімізді көрсе ғой. 

Тәтті қиял арманшыл баланы ұйқыға баурап алды. Түсінде шынында да, керемет білімділер елінде жүр 

екен. Ерекше киініп алған. Мұның қолында қауырсын қалам. Адамдардың барлығы кезекке тұрып, мұң-

мұқтажын айтып жатыр, айтып жатыр. Бұл болса, бір адамның сөзін қалдырмай жазуда. Оларға уәде беріп 

қоятын сияқты. 

— Балам, өркенің өссін! 

— Нағыз халықтың баласы екенсің!-деп баталарын беріп кері бұрылып барады. Әкесі оятты. 

— Балам, сен түнде ұйықтамай, орманға барып келдің бе?! Қолыңдағы қауырсын қайдан…. 

Қандай  ғажап!  Қолында  тоты  құстың  қауырсыны.  Тура  түсінде  өз  қолымен  жазып  отырған  қауырсын 

осындай еді. 

Міне,  енді  басқа  елге  барып,  қоныс  тебеді.  Мектепте  оқиды.  Алла  тағалам  арманына  жеткізсе,  мына 

қауырсын қаламмен талай дүние жазады. 

 

261 - Бөлім: Есектің тәубесі 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1958 

 

 



Есектің тәубесі 

 

Бұрынғы заманда кедей су тасушы өмір сүріпті. Ол өте мұқтаж адам болған екен. Су тасып, оны сатып, 



жанын  сақтап  қалатындай  нан  тауып,  әйелі  мен  балаларының  қарнын  тойдырып  жүріпті.  Кедей  су 

тасушының есегі болыпты. Есегі де әлсіз, арық еді. Су тасушы күн сайын бірнеше бөшкені суға толтырып, 

есегіне артып, үй-үйді жағалап, су сататын. Бейшара есек су тасып, бірақ дұрыс жем-шөп жемегендіктен, 

тарамысына ілініп, әбден титықтаған еді. Оның не түрі, не күші жоқ еді. Арқасы да ауыр көтергендіктен, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет