ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет73/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   153

 

– Мен, мен, - дейді қатын. Қайнағасы айтты: 

 

– Мұны көрген сен емессің, мұны көрген екі қызым екен. Қызым келсін тұсыма, келіп айтсын, - дейді. Екі 



қыз: Күнікей, Тінікей келді тұсына. 

 

– Жамағат, - дейді, 



 

- Құлақтарыңды бері сал, 

 

Кеңестеріңді әрі сал. 



 

Бүгін түнде түс көрдім, 

 

От жағалай іс көрдім. 



 

Екі де қара тең көрдім, 

 

Сорғалап аққан қан көрдім. 



 

Жоры, жамағат, бұ түсті! 

 

Қыздар бұ түсті айтқан соң, 



 

Жамағат бұ түсті естіген соң, 

 

Мағынасын білген жақсылар, 



 

Ақсақалды ағалар, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              473 bet 

 

Басы шалмалы бабалар: 



 

- Ағаң бүгін келер! - дейді. 

 

- Олжалы үйге келер, - дейді. 



 

Нұрманбеттің қыздары – 

 

Тінікей мен Күнікей, 



 

Бұ сөзіне нанбады. 

 

Өзтемір үйде жоқ болды, 



 

Жоқ болғанда боқ болдық [2], - дейді. 

 

Нұрманбет хан айтты: 



 

Жүз тоқсан екі жасаған, 

 

Қаздың етін асаған, 



 

Өзтемір үйде жоқ болды, 

 

Жоқ болғанда, боқ болды! - дейді, 



 

Нұрманбеттің  сақалынан  жас  төкті,  жылайды,  «Өлеміз!»  -  деп  жылайды.  Нұрманбеттің  жеті  жасар 

Жастүлек деген баласы бар екен. Жеті қырдың астында алпыс баламен асық ойнап жатыр екен. Жылаған 

Нұрманбеттің даусын баласы естіп келді. Келді де: 

 

– Хан ием, неге жылайсыз? - дейді. 



 

Хан айтты: 

 

– Жыламай қайтейін: 



 

Өзтемір үйде жоқ болғанда, 

 

Боқ болдық, - дейді. 



 

Баласы айтты: 

 

- Жылама, әкем, - дейді, 



 

- Оң батаңды бер, - дейді. 

 

- Дүлділіңді бер, - дейді, 



 

- Семсеріңді бер! - дейді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              474 bet 

- Жауға мен барайын, 

 

Бір ауыз жолға барайын. 



 

Бір келгенін бір қырайын, 

 

Екі келгенін екі қырайын, 



 

Біріне-бірін қосайын. 

 

Әкесі айтты балаға: 



 

- Сенің алар жауың жоқ, 

 

Бойың сенің өскен жоқ, 



 

Бұғанаң сенің қатқан жоқ, 

 

Балақта жүнің жеткен жоқ! 



 

Баласы сөзін алмады, 

 

Батасын сұрады. 



 

Әкесі оң [3] батасын берді: 

 

- Жортқанда жолың болсын, 



 

Жолдасың қыдыр болсын! 

 

Аллаһу акбар! - дейді. 



 

Дүлдүлін берді, семсерін берді: 

 

- Бар, балам! - дейді. 



 

- Дүлдүлің оң аяғымен жер тарпыса [4], 

 

Сол аяғын көкке көтерсе, келме! - дейді. 



 

- Сол аяғыменен жер тарпыса, 

 

Оң аяғын көкке көтерсе, 



 

Қайт, балам, - дейді. 

 

Жеті жаста Жастүлек, 



 

Дүлдүліне мінеді, 

 

Семсерін қолына алады. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              475 bet 

 

- Аман-есен болыңдар! - деп кетті. 



 

Келе жатса, бір белдің [5] үстінен шықты. Жер жүзін қарады, жау келе жатыр екен. Дүлдүлден түсті бала. 

Алдыңғы айылын бос тартты, Артқы айылын берік тартты, Онан соң дүлдүліне мінді. Бір келгенін бір 

қырды, Екі келгенін екі қырды, Бір-біріне қоспады. Көп жауды қырды. 

 

Жаудың ең көтінде кәпір басы [6] Телегей алып бар екен. Телегей айтады: 



 

- Жамағаттар, тұра тұрыңыз, 

 

Бұ жерде от жағыңыз. 



 

Құмалақ шашайық, 

 

Бал ашайық, 



 

Қой жауырынын жағайық, 

 

Жаудың алар хайласын табайық [7]. 



 

Құмалақ шашты, 

 

Бал ашты, 



 

Жауырын жағып, қарасты: 

 

- Бізді алып жатқан жау екен, 



 

Жеті жасар Жастүлек дәу екен. 

 

Атсақ, оны ата алмаймыз, 



 

Шапсақ, оны шаба алмаймыз[8]. 

 

Атсақ, мылтық тимейді, 



 

Шапсақ, қылыш өтпейді. 

 

Ал, оған амал не? 



 

Кәпір басы - Телегей, 

 

Күнді боран соқтырды, 



 

Аяз қылдырды, 

 

Бала тоңды, жаурады. 



 

Тоңған соң әкесінің айтқан сөзі есіне түсті [9]. «Дүлділің оң аяғымен жер тарпып, сол аяғын көкке көтерсе, 

қайтпа! Егер де сол аяғымен жер тарпып, оң аяғын көкке көтерсе, қайт!» - деген екен. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              476 bet 

 

Күн боран болды, 



 

Суық болды. 

 

Бала мұздады, тоңды. 



 

Дүлдүл сол аяғымен жер тарпыды, 

 

Оң аяғын көкке көтерді. 



 

Дүлдүліне мінді, қайтты, 

 

Жас бала тоңыпты, 



 

Атқа мініп қайтыпты. 

 

Қамшыны баса салып [10], 



 

Дүлдүлін жүгіртіп, 

 

Әкесіне жетіпті. 



 

Үлкен апасы Тінікей, 

 

Кіші апасы Күнікей, 



 

Алдынан шығыпты: 

 

- Тоңдың ба, қарағым-ай, 



 

Мұздадың ба, шырағым-ай! 

 

- Дүлдүлінен түсірді, - дейді, 



 

- Үйіне енгізді, - дейді. 

 

Бір апасы басын алдына алды [11], 



 

Басын қойнына салды. 

 

Бір апасы аяғын алды, 



 

Аяғын қойнына салды: 

 

- Тоңған басы жылынсын, 



 

Мұздаған аяғы жылынсын! - деп. 

 

Екі апасы Тінікей мен Күнікей артына қарады. Жау келіп қалған екен. Үйінде жеті құлақты қазаны бар 



екен. Соны жеті жасар Жастүлектің үстіне төңкеріп, екі апасы жауып, жасырып тастады. Кәпір жау келіп 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              477 bet 

қалды. Ақ шаһарын шапты. Жүз тоқсан екі жасаған Нұрманбеттің басын алды. Өтін сыртынан жарды. 

Күнікей, Тінікей қызды айттырамын дегендерге Нұрманбет бермеген екен. Аттың көтіне салды-лар. Өзге 

малын да, жанын да алып, жөнеліп бара жатып, кәпір басы Телегей айтты: 

 

– Бізді алған жау мұнда жоқ екен. Жеті жасар Жастүлек, оны өлтірмей кетсек, бұл дүние біздің бойымызға 



сіңбейді. Табарға керек! - дейді. 

 

Сонда қу аяқ, қу кемпір айтты: 



 

– Мен ол баланы тауып берейін. Жасырған жерін көрдім. Менің малымды, менің жанымды - бәрін берсең, 

айтайын, - дейді. 

 

Кәпір басы Телегей айтты: 



 

– Бәрін танысаң, ал, - дейді. Манағы малын, жанын берді. Кемпір айтты: 

 

– Қазанның астында жатыр, - дейді. Кәпір басы Телегей қазанға келді. Қазанды көтерді. Бала жатыр екен. 



Сол жерде баланың басын алды. Басын қанжығасына байлады. Қан ақты сорғалап. Кәпір басы Телегей 

жер-жебір қылып қайтты жеріне. 

 

Бір уақыт күнде, 



 

Өзтемір келді, 

 

Ақ шаһарға келді. 



 

Келген соң, 

 

Әкесі жоқ, інісі жоқ, 



 

Шешесі жоқ, қатыны жоқ, 

 

Екі қарындасы жоқ екен. 



 

Өзінің астында мініп жүрген бедеу биесі бар екен. 

 

Аттан түсті. Жылады: 



 

- Жүз тоқсан екі жасаған, 

 

Қаздың етін асаған. 



 

Нұрманбеттей хан ием, 

 

Дұшпанға басыңды алдырдым. 



 

Кәуірге өтіңді жардырдым. 

 

Мен өзім үйде жоқ болдым, 



 

Жоқ болдым да, боқ болдым. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              478 bet 

 

Шұғадан түскен қиындым, 



 

Мақпалдан түскен ойындым, 

 

Күнікедей көріктім, 



 

Тінікедей тектім, 

 

Өзім барда айттырып, 



 

Келген кісіге бермедім! 

 

Күнінде біреуге 



 

Тегіннен тегін олжа қылдырдым, 

 

Ат көтіне салдырдым. 



 

Әсіресе сүйікті қатын, 

 

Үйде жүрсем - мұңдасым, 



 

Жолда жүрсем - жолдасым! 

 

Жеті де жасар Жастүлек, 



 

Қауырсының қатқан жоқ, 

 

Балақта жүнің шыққан жоқ, 



 

Бойың сенің өскен жоқ, 

 

Ақылың сенің толған жоқ, 



 

Қапыда кеттің, жалғыздықтың жаманы-ай! 

 

Жеті күн жылады, 



 

Жеті түн жылады. 

 

Жылағанда Өзтемір, 



 

Жер бауырлап сұлады. 

 

Жылап, жылап ұйықтады. 



 

Сүйтіп ұйықтап жатқанда, 

 

Тұрды оның басында, 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              479 bet 

Келді бір адам, 

 

Дап-даяр қасында. 



 

- Өзтемір, көтер басыңды, 

 

Түр, түрегел!,- дейді. 



 

Өзтемір басын көтерді. 

 

Көтеріп басын отырды. 



 

Келген адам сөйлепті: 

 

- Сен ол жауға барма!- депті. 



 

- Алар жауың ол емес, 

 

Сарыбай деген хан бар, 



 

Соның бір баласы бар. 

 

Атса, мылтық тимейді, 



 

Шапса, қылыш өтпейді. 

 

Отқа салса, күймейді, 



 

Суға салса, батпайды, 

 

Қарғаса, қарғыс жетпейді. 



 

Сарыбайдың баласы екен, 

 

Жеті жасқа биыл жеткен, 



 

Атын әлі қойған жоқ, 

 

Сол балаға бар! 



 

Сол балаға барсаң, 

 

Кегіңді ол алып берер. 



 

Манағы Өзтемір тұрды, 

 

Беті-қолын жуды. 



 

Бір қойды жалынып сойды, 

 

Бір қасық ет жейді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              480 bet 

 

Манағы түсінде көрген адам Қыдыр 



 

Қара бедеу биесін ерттеп мінді. 

 

Сарыбайды іздеп кетті. 



 

Сарыбай деген бай екен, 

 

Бала жоқ екен. 



 

Бір күндерде, бір уақытта, 

 

Жиын, тойға барған, 



 

Төрт биемен, төрт сабамен барады екен [12] 

 

Қулар [13] өтірік той қылған екен. 



 

–  Бұ  Сарыбай  өзінің  баласы  жоқ,  бұған  құдайдан  бір  бала  тілетейік,  -  дейді.  Манағы  өтірік  тойға 

Сарыбайды  шақырды-лар.  Сарыбай  қатынымен,  төрт  биемен,  төрт  саба  қымызбен  келді.  Шақырған 

ауылға  келді.  Келсе,  ауылда  ат  байлаған  жоқ,  алдынан  шыққан,  құрмет  қылған  ешкім  жоқ.  Сарыбай 

ашуланды. Кісілерді боқтады: 

 

– Мұнда кісі жоқ екен. Бізді  мазақ қылды!  -  дейді. Өзге кісілер Сарыбайға жауап қайыра  алмады.  Бір 



кішкене тазша бала бар екен. Ол бала айтты: 

 

– Мен Сарыбайға жауап берейін! 



 

Тазша бала тысқары шықты. Сәлем берді. Сарыбай сәлемін боқтады. Бала айтты: 

 

– Сәлемді боқтама, бұл той - баласы бардың келетұғын тойы. 



 

Ұлы барға орын бар, 

 

Қызы барға қызық бар. 



 

Ұлы жоққа орын жоқ, 

 

Қызы жоққа қызық жоқ. 



 

Сарыбай мұны естіп долданып, 

 

Төрт биені бауыздап тастап, 



 

Төрт саба қымызды жарып тастап, 

 

Қатынымен екеуі үйіне қайтты. 



 

Астында мінген боз жорға ат бар екен. Боз жорға атты белдеуге байлады. Өзі қатынымен екеуі: «Құдайдан 

бір бала сұралық!» - деп, екі етегін беліне түріп алып: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              481 bet 

 

– А, Құдай,өзің қай жақтасың, қайда болсаң да, міне, біз сенен бала сұрап қаңғырдық! -деп, жапан түзге 



бет алды. Қаңғырып жүріп кетті. Жүре-жүре Сарыбай арықтады. Қатыны арқалады [14]. Бір ақ тікенекке 

келді.  Киімінің  етегін  тікенек  ілініп  жүргізбеді.  Қатыны  шаршады,  отырды.  Сарыбай  ұйықтап  қалды. 

Қатыны ұйықтаған жоқ екен. Аспаннан күмісті табақ балмен түсті. Табақтың ішінде күміс қасық бар екен. 

 

– Түрегел, байым, 



 

Тілекті берді Құдайым! - дейді. 

 

– Аспаннан табақ түсті!- дейді [15]. 



 

Сарыбай түрегелді: 

 

– Бисмилла!- деп, бір қасық бал жейді.Қатынына байы айтты: 



 

– Сен же!- дейді. - Құдай бала берер! - дейді. 

 

Қатын бәрін жеп қойды, 



 

Екеуі мас болды. 

 

Бірін-бірі құшақтап жығылды, 



 

Жас күнгі қуат-күштері кірді. 

 

Сонан соң есін жиып, 



 

Көздерінің жасын тыйып, 

 

Бойлары бір-біріне еміреніп иіп, 



 

Бірін-бірі құшақтап сүйіп, 

 

Ойнап-күліп үйлеріне қайтты. 



 

Қатын буаз болды[16]. Бір уақытта қатын босанды. Бір ұл, бір қыз - егіз бала тапты. Олар енді той қылды. 

Арақ-шарап берді. 

 

Он бие сойды, 



 

Он қой сойды, 

 

Он сиыр сойды. 



 

Жоғарғы елді шақырды, 

 

Төменгі елді шақырды. 



 

Аямай малын қырды, 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              482 bet 

Жұрт жиылып келгенде, 

 

Табақ тартып бергенде, 



 

Келген жұртты сыйлады, 

 

Мінер атын мінгізді, 



 

Киер тонын кигізді. 

 

Аты жоққа ат берді, 



 

Тоны жоққа тон берді. 

 

Сойылған малды жеген соң, 



 

Жиылған көп тойған соң, 

 

Келген елі тарқады. 



 

Шалқар көлдің басында, 

 

Шатыр тікті. 



 

Бала ойнап жүрді. 

 

Ту тобылғыдан жақ қылды, 



 

Шиден оқ қылды. 

 

Кәрі кемпірді атты, 



 

Кәрі шалды атты. 

 

Көп кемпірді, көп шалды өлтірді, 



 

Шалы өлген кемпірлер, 

 

Кемпірі өлген шалдар, 



 

Сарыбайға келіп жылады: 

 

- Балаңызды тыйыңыз! - деп, 



 

- Жарайды, - дейді. 

 

Баланы шақырды: 



 

– Балам, - дейді, - жылқыға бар, - дейді. 

 

Сарыбайдың бір құлы бар екен. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              483 bet 

 

Тоқсан қойдың терісі, 



 

Телпек тымақ шықпайды екен, 

 

Манағы Сарыбайдың баласы жылқыға кетті, 



 

Топай құлға келді. 

 

Ақ сақалы бар екен, 



 

Сақалының ағын жұрт: «Қайың»- дейді екен, 

 

Қарасын: «Қарағай» - дейді екен. 



 

Күн ыстық болғанда, 

 

Тоқсан торы ала айғырдың үйірі, 



 

Сақалына үйездеп тұрады екен. 

 

Сол күндерде Өзтемір жылқыға келді: «Қарағайдың ішінде паналап, көлеңкелейін», - деп, атын бір ағашқа 



байлап, жатып қалды. Топай құл айтты [17]: 

 

–  Сақалымның  ішінде  бит  жүр,  балам,  алып  берші,-  дейді.  Бит  жүр  дегенге  қараса,  Өзтемір  хан  екен. 



Мінгені қара бедеу бие екен. Сарыбайдың баласы Өзтемір ханды уыстап ұстап, Топай құлға алып келді. 

 

– Сен менің сақалымның ішінде не қылып жүрсің, ұрымысың? - дейді. Өзтемір айтты: 



 

– Жоқ, мен ұры емеспін, бір бейшара адаммын, - дейді. 

 

– Олай болса, неге келдің, қайда барасың, бармағымның арасына салып сені жоқ қылайын ба? - дейді[18]. 



 

Сарыбайдың баласы айтты: 

 

– Тиме, байғұсқа, аға, - дейді. - Сенің сақалыңды сақал екенін күнде көріп жүрген біз білеміз. Бұл сорлы 



қайдан білсін? 

 

– Не ғып жүр едің, ағатай? - дейді. Өзтемірхан айтты: 



 

– Сарыбайдың ұлын іздеп жүрмін, - дейді. 

 

– Өзі мырза бай, - дейді: 



 

Аты жоққа ат береді, 

 

Тоны жоққа тон береді. 



 

Сондай мырзаға барамын! 

 

Сарыбайдың баласы бар, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              484 bet 

 

Жеті жасар ұлы бар, 



 

Мылтық атса, оқ тимейді, 

 

Қылышпен шапса, қылыш өтпейді. 



 

Ол баласын сұраймын. 

 

Бала айтты: 



 

– Барсаң, анау белдің астында біздің аулымыз бар. Сарыбайдың баласы - менмін! 

 

Өзтемір кетті, бір уақытта Сарыбайдікіне келді. 



 

Өзтемір ханды аттан көтерді. Үйге отырғызды, амандасты, есендесті: 

 

– Қайда барасыз? - дейді. 



 

– Сізге келдім, - дейді. 

 

– Біздікіне не бергенің, не өткізгенің бар еді? [19] - дейді. 



 

– Сіздің бір балаңыз болған екен. Оның аты қойылған жоқ екен. Әдейі ат қойып, айдар тағайын деп келдім 

[20], - дейді. 

 

Сарыбай айтты: 



 

– Бәрекелді, 

 

Сенен басқа кісіге қойғызған жоқ едім. 



 

Баламды айтпай біліп, 

 

Сұрамай таныған, 



 

Қойсын атын! - деп, 

 

- Ойымдағы жаңа табылды! - деп қуанды[21]. 



 

Өзтемір баланың атын: 

 

«Жеті жасар Желкілдек» болсын,- дейді. 



 

Әкесі: 


 

- Жақсы, жарайды,- дейді. 

 

Хан: 


 

- Ат аламысың, ат берейін, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              485 bet 

 

Тон аламысың, тон берейін! - дейді. 



 

Өзтемір: 

 

- Алмаймын, ат пенен тонды 



 

Екінің біріне, егіздің сыңарына 

 

Беріп жүрсің ғой. 



 

Сені жын мырза емес, 

 

Шын мырза деп естіп келдім. 



 

Маған бергіш болсаң, балаңды бер, 

 

Балаңды қалап, сұрағалы, 



 

Сенің мырзалығыңды 

 

Сынағалы келдім! - дейді[22]. 



 

Сарыбай: 

 

– Баламды неге берейін? Тұр, жөнел! - деп боқтады. 



 

Өзтемір жылап шығып кетті. Сарыбай үйіне келді, қатыны айтты: 

 

– Не сұрай келген екен? - дейді. Сарыбай айтты: 



 

– Біздің жалғыз баланы сұрай келген екен. Соны мен бермей, боқтап-боқтап жібердім. 

 

Қатыны айтты: 



 

– Бұрынғылардың: «Дүние боқтан сасыққа, тастан қаттыға бітеді», - дегені осы екен-ау, ақылың жоқ екен, 

байғұс байым! Мырза Құдайдың мырзалық қылып берген нәрсесіне кісі сараңдық қылмас болар. Бізді 

құдай «қубас» деген аттан құтқарды. Бізге сонысы да қанағат. Шақыр бері, келсін! - дейді. 

 

Сарыбай тымағын қолына алды, тымағын бұлғап шақырды [23]. Өзтемір шақырған соң, келді. 



 

– Мен баламның өзін таптым, мінезін тапқаным жоқ, баланың өзіне бар. Бала саған еріп кетемін десе, 

бетінен жарылқасын, қайда барса, жолы болсын! Бір жаман алжыған шал, қақиған кемпір қызығын көрді 

не, көрмеді не? Тірі болса, қызығын халық, жұрт көрсін! -дейді. 

 

Өзтемір кетті. Жылқыға барды.Топай құл айтты: 



 

– Немене деп ат қойдың? 

 

Өзтемір айтты: 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              486 bet 

– «Жеті жасар Желкілдек» болсын! - деп,ат қойдым. 

 

Топай құл айтты: 



 

– Жап-жаман ат екен. 

 

Бала айтты: 



 

– Ағам, ақылың жоқ екен. Бізге осы қойған ат жақсы. 

 

Өзтемір айтты: 



 

– Інім, саған келдім. Сен маған қатты керексің. 

 

Бала айтты: 



 

– Керек болсам, әкемнен сұрадың ба мені? - деп. 

 

Өзтемір айтты: 



 

– Сұрадым, - дейді. - «Баланың өзі білсін!» - деп, өзіңе жіберді, - дейді. 

 

– Жарайды, ағам, мен барайын. 



 

Топай құлға айтты бала: 

 

– Ағатайым, маған бір ат бер. Өліп кетсем, малым-жаным сенде тұрсын. Ақыретте қолыңнан алайын. Тірі 



болып келсем, малымның жарымы сенікі болсын.Сен аға бол, мен іні болайын. Мынау әке-шешемді сен 

күт. Маған бір ат бер! 

 

Жылқының  сыйып  жатқан  даласы  бес  шақырым  болыпты.  Топай  құл  баланы  ертіп  жүріпті  [24].  Бір 



дарияның жағасында тұрып, Топай құл жылқы біткенді  құйрығынан ұстап алып, дарияның ар жағына 

лақтыра беріпті.Сонда бір қотыр күрең тай дарияның ортасына шо[л]п етіп түсіп кетіпті. Суға балықтай 

байпаңдап, үйректей қайқаңдап, екі  жағына да шықпай, дарияға жүзіп жүре беріпті. Топай құл шалма 

тастап тартқан екен, тайды сүйреп ала алмапты. Сонан соң бала шалманы Топай құлдан: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет