ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет74/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   153

 

– Бері ап кел, бермен, - деп, жұлып алып, тайдың мойнына тастап жіберіп, тартып қалғанда, тай жылп 



беріп, не ғып келіп қалғанын білмей қалыпты. Топай құл жүгендеймін деп ұмтылған екен, тай тулағанда, 

құлдың  қайың,  қарағай  болып  жүрген  сақалын  дал-дал  қылып,  құлдың  басын  ит  мүжіген  қу  бастай 

қылыпты. 

 

Сонан соң жеті жасар Желкілдек өзі жүгендеймін деп ұмтылған екен, тай бүлк етпепті. Бөгелекке басын 



изегендей басын изеп: «Қылша мойным мұнша» - деп тұра беріпті. Жүген салса, құнан болыпты [25]. Ер-

тоқымын салғанда, дөнен болыпты. Мінсе, бесті болыпты. Санына қамшы тигенде, алты жасар ат қалпына 

түсіп, оқ жыландай ойнақтатып, мініп алып: 

 

– Хош есен бол! - деп,жөнеле беріпті. Өзтемірді әкесіне жіберіпті: 



 

– Маған оң батасын берсін, қара қоржынын берсін, семсерін берсін, мені мына жерде кетіп барады дей 

ме,  жүрегі  айыз  кеше  кетіп қалды.  Маған  жеткізетұғын  емес,  артынан  барған  жерінде  тап!  -  деп  кетті 

дегейсің. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              487 bet 

 

Өзтемір Сарыбайға келді. Сарыбай баласының айтқанының бәрін түгендеп берді. 



 

Оң батасын да беріпті: 

 

– Жортқанда, жолы болсын, 



 

Жолдасы қыдыр болсын! - деп. 

 

Өзтемір бәрін алып қайтты. 



 

Жеті жасар Желкілдекті, 

 

Артынан қуып, 



 

Өзінің елінің үстіне келді. 

 

Қырық жігіт ертіп алды, 



 

Қырық бір кісі болды. Бәрі бас қосып, Желкілдекке жетті. Айдалада анттасты. «Қай қашқанымызды құдай 

тапсын», - деп, жер ортасына келді. Жеті жасар Желкілдек Өзтемірге айтты: 

 

– Тау басына шық, жауды қара, көріне ме, байқа! - дейді. 



 

Өзтемір тауға шықты. Төңіректің төрт бұрышына көз жіберді. 

 

– Ойбай! - деп, таудан төмен қарай жүгірді. Келді де, атқа мінді: 



 

– Қашыңыз, қайтыңыз, жау көп-ақ. Біздің алар жау емес! - қашты Өзтемір. 

 

Жолдасымен жеті жасар Желкілдек асын ішті. Күреңше атқа мінді, қашқандарды қуып жетті: 



 

– Тұра тұр! - депті, - Ал, Өзтемір айтысқан сөз осылай ма? 

 

Өзтемір айтты: 



 

– Қайтыңыз, біз қорқамыз,жаудың жаны көп, - дейді. Біз аз! - дейді. 

 

Бала айтты: 



 

– Жоқ, аға, қайтпаймын, сен қайтсаң, жүре бер! «Ноқталы басқа бір өлім!», «Өлім - құдай ісі, қашқан - 

қатын жұмысы» - деп,бала атының басын бұрып алып, жауға қарай жүрді. Бір обаның басына шықты. 

Жау келіп қалған екен. Күрең атқа тіл бітті: 

 

–  А,  ием,түс  үстімнен,  айылың  бауырыма  батып-батып  барады.  Жүгенің  кеңсірігіме  батып  барады, 



құйысқаның құйрығыма батып барады. Бес тұрманың бестамнан емес. Мені жалаңашта. Ер тоқымымды 

ал  -  аунайын,  жүгенімді  ал  -  қунайын.  Оң  жағыма  бір  аунайын,сол  жағыма  бір  аунайын.  Оңды-солды 

аунап шөп жейін. Құдай ер ерттер ме екен, Құдай маған жүген жүгендер ме екен? Сонан соң маған күш-

қуат кірер! - дейді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              488 bet 

– Айылды ағытты, ер тоқымды сыпырды. Жүгенді алды, қоя берді. Ат аунады. Оң жағына аунады, сол 

жағына аунады. Шөп асады, түрегелді. Ат күміс ер тоқымды болды. Кісі қарап тұрғандай тамаша болды. 

Желкілдек атқа мініп алды. 

 

Ат айтты: 



 

– Алдыңғы айылымды бос тарт, артқы айылымды берік тарт, - дейді. - Маған мін-дағы көзіңді жұм! Мен 

жауға араласпай, көзіңді ашпа, жүрегің айныр. Тайып кетсем, маған серт! Тайсалып соқсаң, саған серт! - 

дейді. 


 

Желкілдек  атқа  мінді,  көзін  жұмды.  Ат  аспанға  ұшқандай  алып  ұшты.  Желкілдек  жаудың  ортасына 

кіріп,етіне таяқ тигенде, көзін ашты. Өзі ортада жүрген соң, жаудың азын, көбін байқай алмады. Төбелес 

сала берді, бір мезгілде атының аяғының астына қараса, аттың тізесінен қан екен. Маңайында төбелесуге 

жан қалмапты. Өлгені өліп, өлмегені басын құтқарғанды олжа көріп қашқан екен. Келді бала бір обаның 

басына. Бала аттан түсті. Желпінді. Кәпір басы - Телегей деген алып екен. Күншілік жерден болжайды 

екен. 

 

– Тұра тұрыңыз, - дейді. - Біздің алар жау емес - дейді,- Атса, мылтық өтпейді, шапса, қылыш өтпейді. 



Қарғаса, қарғыс жетпейді. Отқа салса, күймейді, суға салса, батпайды. Құдайымның шынымен жаратқан 

жаны екен! Жалғыз-ақ мұның бойында жоқ та, ақыл жоқ. 

 

– Жігіттер, ор қазыңдар, мұны орға түсірейік. Ор қазсаңдар, терең қазыңдар. Мұның: «Мынау ор екен-ау, 



мынау кісі жығыларлық жер екен-ау!» - деген ойында дәнеме болмайды. Жай жердей көріп, «шауып өтіп 

кетемін»- деп,далақтап келіп түседі де, қалады, - дейді. 

 

Жігіттер  жиылып  алып  ор  қазды.  Жеті  жасар  Желкілдек  желпініп  отыр  екен.  Кәпір  басы  Телегей  дуа 



қылыпты. Ордың үстінде қаптап жайылып жүрген көп түйені Желкілдектің көзіне түсіріпті. Желкілдек 

атына мініп тұра шауыпты. Атының аяғының астына қарамастан орға барып бір-ақ түсіпті. Ат шошынып, 

бір-ақ қарғып шығып кетті. Желкілдек орда қалды. Атын аңдып тұрған кәпір басы - Телегей дұшпан ұстап 

алды. Телегей атты жетектеп үйіне алып келе жатыр екен. Алдынан жалғыз қызы шығыпты: 

 

– Әке, бір олжаңыз ғой, атыңызды маған байла, - депті. 



 

– Не қыласың, сен еркек емессің, қызсың, - деп, атты бермепті. 

 

Қыз: 


 

– Бер! - депті, - Мейрамда жегіп, сейілге шығамын! - депті. 

 

Телегей қызға айтты: 



 

– Жүзі (дүзі) қара, тұрмасыңды біліп едім, бұл атты саған берсем, менің басым кесіледі, мұрным тесіледі. 

Бұл аттың көзін жоғалтуға, өлтіруге көзім қимай алып келе жатыр едім. Жеті жаудың бірі сенсің ғой, ал 

ажалым сенен болатұғын болса, оған мен не қылсам да, болмас! - деп, атты берді. Жеті қабат темір үйге 

атты да енгізді, қызды да енгізді: 

 

– Осы үйден атты да шығармаңдар, қызды да шығармаңдар. Бұл үйден босанып бұлар шықса, бізге бұл 



жарық  дүние  жоқ,  -  дейді.  Бір  жеті  жасар  баланы  екеуіне  күтушіге  қойды,  сыртынан  көп  қарауылшы 

қойды. 


 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              489 bet 

Жеті жасар Желкілдек орда жатыр екен. Бір қоңыр қаз қаңқылдап келіп қасына қонды. Желкілдек өзінің 

шынашағын қанатып, ақ жейдесінің етегін жыртып алып өзінің орда жатқанын: «Маған қырық биенің еті 

керек, қырық саба қымыз керек», - деп, шынашағының қаныменен шимайлап бәрінің суретін салып: 

 

–  Сарыарқа  деген  жерге  бар,  Сарыбай  деген  байға  бар.  Үйінің  қақ  қасына  бар  да,  қон.  Міне,  менің 



көйлегімнің шүберегі екенін таныр. Бұларды сенен алар да, өзіңе тимей қоя берер. 

 

Қоңыр  қаз  ұшты,  Сарыбайдікіне  келді.  Таңертең  Сарыбай  тысқарыға  шықты.  Құман  алып  шықты  да, 



дәрет  алды.  Қасына  қоңыр  қаз  келіп  қонды.  «Балама  берейінші!»  -  деп,  ұстап  алды.  Қызын  шақырды, 

қызына  бұ  қазды  берді.  Бала  қазды  үйіне  алып  келіп  сипады,  сылады.  Қанатының  астында  желбіреп 

жүрген  шүберекті  көрді.  «Бұ  не  ғылған  шүберек?»  -  деп,  айналдырып  қарап,  ағасының  көйлегінің 

жыртығы екенін таныған соң, қыз бақырып шошып қалып, еңіреп қоя берді. Қыздың жылаған даусымен 

Сарыбай келді. Шешесі келді, досы келді. 

 

– Немене?! - десіп, үрпиісіп қалды. 



 

Қыз айтты: 

 

– Жалғыз ағамның көйлегінің жыртығы мынау шүберек. Өзі қып-қызыл ала қан, - дейді. 



 

Шешесі жүгіріп келіп: 

 

– Кәнеки, - деп, қолынан жұлып алып қарады. - Оның үшін жылап, жаман сұмдық бастама, бетбақ қар! - 



дейді. - Балам, құдайға шүкір, тірі екен. Өзі орда жатыр екен. Мұның бәрін өз ойынан шығарып, тірілігін, 

есендігін  білдіріп,  өз  қолынан  байлап,  өз  қолынан  жайлап,өзі  қылмаса,  әуеде  ұшып  жүрген  құс  үлкен 

кісінің  киімін  жыртып  ала  ма,  мұнша  шимайды  сала  ма?!  Мынау  қан  және  жарадан  аққан  емес.  Өз 

денесінен өз ықтиярымен шығарған қан. Жарамен аққан арам қан түсі қаралтым болады.  Мынау қып-

қызыл далаптай таза қан ғой. Бұған жылайтұғын не бар? Менің балам құдай алса, ажалдан өледі. Жаудан 

өлмейді. Айналайын, құдай, маған бергенде, жарты қылып бермей, бүтін қылып берген. Тұр, бай, сой да, 

қыр малыңды. Жи жұртыңды, қырық ту бие алып, қырық саба қымыз алып, өзі көрген бозжорға атты алып, 

жүр жетейік. Аман тірі күнінде аштан өліп қалар! - деген соң, Сарыбай жоғарғы елін шақыртты. Жорға 

бие  сойдырды.  Төменгі  елін  шақыртты,  төбел  бие  сойдырды.  Қырық  саба  алып  келіп,  бәрін  қымызға 

толтырып, ел-жұртын жиыпты: 

 

Жамағат, құлақ салыңдар, 



 

Бозбала, ат-тон алыңдар. 

 

Бұ жас балам Желкілдек, 



 

Орға түсіп қалыпты. 

 

Жараған атты мінісіп, 



 

Жараған тонды киісіп, 

 

Жабыла соған баруға 



 

Ағайын, қанша әлің бар?! 

 

Бозбалалар: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              490 bet 

 

– Барамыз! - депті, - Бейсенбі күні жүрелік, - депті. 



 

Таң атты, бейсенбі болды. Сарыбай айтты: 

 

– Баратұғындарың жүріңдер! - дейді. 



 

– Жоқ, - дейді-лер, - бай, өзің бармасаң, баратұғынымыз жоқ, - дейді. 

 

Сарыбай ашуланды. Қатынын, қызын, досын қасына ертті. Қырық бие алды, қырық саба алды, кетті. Бір 



күнде балаға келді. Баласын таба алмады. Бала сыбызғы тартты. Сыбызғының даусымен тапты баласын. 

 

– Аманбысың, балам?! - дейді. 



 

– Тәуірмін, - дейді. 

 

Қырық  құлаш  жібек  арқан  алып,  түсірді  тамақты  баласына.  Бір  биенің  етін  бір-ақ  асады.  Сүйегін 



мұрнынан шығарды. Қырық биенің етін қырық асап жеп қойды. Қырық саба қымызды жарып, баланың 

аузына ағызды. Қырық саба қымызды түгесті. 

 

Досы айтты: 



 

– Тойдың ба? 

 

– Жоқ, тойғаным жоқ. Қырық биенің ішінде өзім көрген мал жоқ екен. Өзім көрген боз ат бар ма? - дейді. 



 

– Бар, - дейді. 

 

– Сойыңыз, - дейді. 



 

Сойды, бір жапырақ етке тойды. 

 

– Енді қайтыңыздар. Сендер мені шығара алмайсыңдар. 



 

Әкесі,  шешесі  -  бәрі  жылады.  Жылап,  жылап  қайтып  кетті.  Желкілдек  жатып  қалды.  Бір  уақытта 

Желкілдек айтты: 

 

– Ә, құдайекем-ай, мені осы ордан шығарасың ба, шығармайсың ба, өзіңнен басқа маған болысушы жоқ 



екеніне  көзім  әбден  жетті.  Енді  жаратқан,  жан  қылған,  жоқтан  бар  қылған  құдай,өзіңнен  күш-қуат 

сұраймын, - дейді. 

 

Құдай бір адам болып айтты: 



 

– Құдай деп жаңа айттың ба, бұрынғыда неге айтпадың? - дейді,- Басыңды көтер, ақымақ, ұмтыл, шық! 

 

Желкілдек айтты: 



 

– Қайтіп шығайын? 

 

Құдай айтты: 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              491 bet 

– Сен ұмтыл, мен өзім шығарамын! 

 

Бала: 


 

– Иә, құдай, әл-қуат бере гөр! - деп ұмтылды. Құдай қолтығынан бір көтеріп демеп жіберді. 

 

Ордан шығып кетті бала.Келе жатса, жердің астынан бір түтін шығады. Келді түтін шыққан жерге. Бір үй 



болды. Үйге енді. 

 

– Ассалаумалейкүм, - дейді. 



 

Бір қу аяқ, қу кемпір бар екен: 

 

– Уалайкумассалам, жоғары шық, сәлемші балам, - дейді. - Қайда бара жатқан адамсың? -дейді. 



 

Бала айтты: 

 

– Ұлсызға ұл болайын, қызсызға қыз болайын деп жүрген жанмын, - дейді. 



 

Кемпір айтты: 

 

– Маған бала бол, бала қылайын, - деп,бір аяқ боза құйып берді. Бала ішті. Кемпірге бала болып тұрды. 



Бір күнде баладан сұрады: 

 

– Қайдан жүрген баласың, айт маған шыныңды. 



 

Бала айтарын да білмеді, айтпасын да білмеді. 

 

– Шешеке, шынымды айтайын, Сарыбай дегеннің баласы едім, солай бір жауға шығып едім. Кәпір басы - 



Телегей  Нұрманбет  деген  ханымызды  өлтіріпті.  Тінікей,  Күнікей  деген  екі  апамды  алып  кетіпті.Жеті 

жастағы Тастүлек деген бауырымды бауыздапты. Сол жаудан солардың қанын жоқтап шығып едім. Құдай 

ол тілеуімді бермеді. Кәпір басы Телегей мені алдап орға түсірді. Астымдағы мінген атым дүлдүл еді. Сол 

атымның қайда кеткенін білмей қалдым. Сонан бір уақытта құдайекем мені есіркеп, аяп, жалғыздығыма 

болысып, ордан өзі шығарды. Сол менің жүрген мән-жайым, - дейді. 

 

Кемпір айтты: 



 

– Жақсы, бұл сөзің шын екен. Сен маған шын бала болсаң, отынға бар. Отынымды боқтама,- дейді. 

 

Бала кетті отынға жаяу жіп алып. Отынды әрі-бері жиып алып, арқалауға келгенде, отынды боқтап салды. 



Бір арка отынды алып келді. Кемпір бір аяқ көже берді: 

 

– Балам,неге боқтадың? - дейді. - Ертең боқтамасаң, тоғайға бар, - дейді. - Тоғайымның бәрін қопарып, 



жалғызын қалғызба. Қопара алмасаң, басыңды аламын! - дейді. 

 

Бала жатты, ұйықтады. Ертең тұрды. Беті-қолын жуды. Барды тоғайға. Тоғайды қопарды, жалғыз да ағаш 



тастамады. Алып келе жатыр еді, көзі терледі. Кемпірді боқтады. Кемпірдің үйінің қасына тоғайды үйіп 

тастап, бала үйге келді. Кемпір айтты: 

 

– Неге боқтадың? 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              492 bet 

Бала айтты: 

 

– Жаны кейіген тәңірісін қарғайды, - демеп пе еді? Өзің жаратқан құдайдан қалайсың? Адамның шамасы 



келмейтұғын жұмысқа жұрт боқтасын деп жұмсайды ғой деп, боқтағаным сол, онан сенің дәнемең кеткен 

жоқ. Жұмысың орнына келген соң, не бар?-дейді. 

 

–  Жарайсың,  балам,  жарайсың!  Сен  маған  қызмет  қылдың.  Тілімді  алып,  айтқаныма  көніп,  айдауыма 



жүрдің.«Жаман  кемпірдің  қолында  не  тұр  дейсің?»  -  демедің.  Енді  мен  саған  бір  жақсылық  қылайын. 

Кәпір басы - Телегейдің қызына барайын. О қарды саған күйлетейін! Үйінде отыра алмастай қылайын. 

 

– Шеше, сені жолата ма, оның үстіне кіргізе ме? - дейді. 



 

Кемпір жөтеліп-шашалып қалды: 

 

–  Ойбай,  мына  шұнақ  не  дейді?  Мен  көк  кептер  болып  ұшпаймын  ба?  Қыздың  жатқан  темір  үйінің 



терезесіне қонбаймын ба? «Мен саған бір оңды бай тауып келдім!»- демеймін бе, онан соң о қарда жан 

қала  ма?!  -  деді  де,  кемпір  жүріп  кетті.  Көк  кептер  болып  ұшып,  қыздың  темір  сарайының  терезесіне 

қонды. Қызға сөйлесті. 

 

– Қыз-бикеш, күрең аттың иесі біздің үйде, сені қашан келеді деп, екі көзі жолында сарғайды. Сорлы саған 



не  болды?  Осы  сықылды  ат  қолыңа  түскенде,осындай  жануардың  үстінде  ойнақтап  жүрген  ер  кез 

болғанда,  жаның  барда  соған  жетіп,  бауырыңа  басып,  құшақтап  жатпай,  қараң  қалған  темір  үйде 

қатқаныңның ғана басына отырмысың? Әке-шешең сені қанша жақсы көргенмен, олар саған бай бола ма? 

Сығыр, шұнамыр жаман, жасық туған күң-ай! - дегенде, қыз хайран-асыр қалды. 

 

– Өзім де осы атты көрген соң, осы аттың иесі атын қалай бір іздеп келіп таппайды?! - деп, бағып жатыр 



едім. Бірақ мен оны қайдан тауып, қай жерден жолығамын? - дейді. 

 

–  Уай,  балашығым,  мен  саған  айтайын,  о  баланы  осы  шаһарға  алып  келіп,  бір  байға  жалшылыққа 



жүргізейін.  Жұрт  аңыз  қылар:  «Бір  жат  бөтен  жұрттың  жас  науша  баласы  пәленше  байға  жалданып, 

қойшы болыпты!» - деп, әркім таңырқап сөз қылар. Сол сөз біреуден болмаса, біреуден құлағыңа жетер. 

Сонда  сен  өз-өзіңнен  алас  ұрып  ауыр.  Есіктен  төрге  домала.  Төрден  есікке  домала.  «Не  қылды,  не 

қылды?!»-  деп  сенен  сұрар.  Сонда  сен  айт:  «Ішім  пысты,  пысты,  құса  болып  өлуге  тақалдым.  Күрең 

арғымақпен сейілге шықсам екен, жазғы жапан даланы көрсем екен!» - де. Әкең сұм ғой, білер, шығармас. 

Шешеңе жалын, шешең шығартар. Сені  далаға шығармақшы болса, әкең ел-жұртын жияр. Той қылар, 

арақ-шарап берер. Ішкен мас, жеген тоқ болар. Сонда сен шығып серуенде жүргенде, желбас бозбалалар 

аңыз қылысар: «Телегейдің жалғыз қызының емшегін ұстағанның арманы бар ма екен?!» - деп. Сонда қой 

бағып жүрген қойшы: «Ұстамай несі бар дейсің?! - деп, саған келіп шап етіп жабысар. Сонда сен атыңа 

мінгізіп ал да, қаш! Мен күнді тұман қылайын. Сонда сендер, құдай құтқарса, құтыларсыңдар! 

 

Кемпір үйіне қайтты. Балаға келді: 



 

– Балам, сені қыз сүйді. Сені апарып бір байға жалдайын. «Жылына бір қой бер!»- дейін. 

 

– Жарайды, шеше, мен өзім барып жалшылыққа жүрейін. Сіз үйде дөкей болып отыра беріңіз. Қыз қолыма 



түссе, салып осында келермін! - деп, бала жөнеле берді. 

 

Кемпір батасын беріп қала берді. Бала шаһарға келді. Бір қойы көп, ғақыл-ойы жоқ қазақтікіне жалданды. 



 

– Ақыңа не аласың? - деп еді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              493 bet 

– Бір жылғы еңбегіме бір қой берсең болады, - дейді. - Жарайды, қойды жақсы бақсаң, қой қотаннан өріп 

жөнелгенде, тұра алмай соңында қалған жаман сенікі болсын! - дейді. 

 

– Болады,- дейді. 



 

Қызыл өгізді мініп алып, қой жайды. Бір күндерде Телегейдің жалғыз қызы ауру болды. Есіктен төрге 

домалады,  төрден  есікке  домалады.  Әкесіне  кісі  жіберді:  «Әкем  келсін!  Мен  аурумын,  құса  болып 

барамын. Сейілге шықсам, жақсы болар еді!» 

 

Жіберген кісі келді, айтты: 



 

– Қызың ауру болды: «Құса болып өліп барамын!» - дейді. «Сейілге шықсам, жақсы болар едім!» - деп 

айтты қызың, - дейді. 

 

Әкесі айтты: 



 

– Жатсын, сейілге шығармаймын! Шықты, қызым қашады, - дейді. 

 

Шешесі айтты: 



 

– Адаммен үйір-шүйір болған жоқ. Тірі пендемен тіл қатысқан жоқ. Шайтанмен қаша ма, сейілге шығар. 

Құдай  жаратқан  жарық  дүниені  көрсін, көңілі  басылсын!  Тіпті  далаға  шықпаған  соң,  құса  болып  өліп 

кетер!- дейді. 

 

– Ұрғашылық қылдың, маған болыспадың, қызыңа болыстың. Осыдан қашып кетсе, мен оны қумаймын. 



Үйде, қасымда отырған сенің басыңды аламын! - дейді. 

 

Қызды сейілге шығармақшы болды. Ел-жұртын, жамағатын жиды. Той қылып, арақ берді. Қызы күреңше 



атқа салт мінді, сейілге шықты. Сөйтіп жүргенде, Желкілдек келді. 

 

– Осы күрең атқа мініп жүрген кімнің қызы?- дейді. 



 

Көп жамағат айтты: 

 

– Телегейдің қызы, - дейді. 



 

Желкілдек айтты: 

 

– Иттер-ау, біреуің жандасып, жанамалап барып емшегін ұстасаңдар болмай ма? - дейді. 



 

Қарап тұрған көп бозбала: «Жаман қойшының көңілі көп жерде-ау! Ер болсаң, сен барып ұстай қойшы! - 

дейді. 

 

Қызыл өгізді борбайлап-борбайлап, әукелектетіп жетіп барды. Бір қолын емшегіне салды, бір қолын ердің 



артқы қасына салды. Қыздың артына шап ете түсіп, бір-ақ қарғып мініп алып: 

 

– Жібер аттың басын! - дейді. 



 

Желкілдектің тақымы тигенін күрең ат білген соң, Алла пана берсін, көрген көрді, көрмеген көре алмай 

қалды. Көкке ұшты ма, жерге кірді ме дегендей, болды да қалды. Бір араға тышқан айғырдың боғындай 

үйіліп, Телегейдің ел-жұрты қала берді. Желкілдек қызды алып, аман-есен шешесінікіне келді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              494 bet 

 

Қызды сонда қойды да, өзі күрең атқа мініп, қайтадан Телегейдің жұртына келді. Күнікей, Тінікей - екі 



қызды іздеп жүр. Келсе, Тінікей өлген екен, Күнікей соның басында жылап отыр екен. Тінікей өлгеніне 

үш күн болған екен. Күнікей соны қайтерін білмей отыр екен. Желкілдек келді де, Күнікейге айтты: 

 

–  Мен  Сарыарқа  деген  жерден,  Қазақ  деген  елден  іздеп  келген  бауырыңмын,  апатай,  Сарыбайдың 



баласымын. Атым - Желкілдек,- дейді. Сол жерде түрегеліп, құшақтасып көрісті. 

 

–  Айналайын,  қарағым,  сенен  де  айналайын,  артымыздан  бізді  іздер  сендей  ұл  туғызған  Құдайдан  да 



айналайын! - деп, жылап, мауқын басқан соң, өлген қызды ақ жуып, арулап, терең қазып, тепкілеп көмді 

де, тірі қалған Күнікейді алып, шешесінікіне келді. 

 

Өзі  күрең  атқа  мінді,  семсерін  қолына  алды.  Телегейдің  шаһарына  барды.  Кәпір  басы  -Телегейдің 



шаһарын шапты. Бір жан тастаған жоқ, бәрін қырды. Кәпір басы - Телегейді ұстап алды. Мұрнын тесті, 

тесігінен жіп байлады. Алып келді, жетектеп шешесінікіне келді. Апасын алып жүрді. Телегейдің қызын 

алды. Төртеу болып жеріне келді. Өзтемірге келді, амандасты, есендесті. 

 

– А, құдай, көрсететұғын күнің бар екен! - дейді. 



 

Той қылды, Өзтемір іні қылды. 

 

– Қарындасымды ап келді, жауды мұқатты. Кәпір басы - Телегейді жеңіп алып келді! 



 

– Міне, Телегей: «Ағаңдай қылып, сыртынан жарып, өтін алсын өз қолымен!» - деп алып келдім! - деп, 

Өзтемірдің қолына берді. 

 

– Ой, бұған не қылсақ та, обал жоқ еді. Сен маған іні болдың. Мұнан туған қыз маған келін болды. Құдайға 



да  разымын,  інім,  саған  да  разымын!  Тап  сені  тапқан  қатыннан  айналайын!  Мұның  қасықтай  қанын, 

шыбындай жанын келінімді, сені есен көрген қуанышым үшін байладым.Ал, мені өлтіріп кетсең де, ерікті, 

ықтиярды өзіңе бердім! -деп, қол-аяғын босатып, мұрнынан жібін алды. 

 

Телегей айтты: 



 

– Мұнан да мені өлтіріп тастағандарың жақсы еді. Енді мен не деп жүзі қара болып, қалған ел-жұрттың 

бетін көремін. Тірі жүрсем, татар несібем, өлсем, топырағым осы жақтан бұйырған екен, - дейді. 

 

Өзтемір айтты: 



 

– Айтысқан сөзіміз бар еді: «Қашпаймын!» - дескен, қаштым. Оның үшін төбемізден оқ атысайық. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет