Сақау:
– Біз Айбан деген ей бойамыз, – дейді.
– Сен Албан болсаң, Қосбасар батырды білесің бе? – дейді.
– О не дегеніңіз, Қосбасай батыйды бимейтін кісі боя ма, биақ осы күнде кейтейіп кетті ғой. Жігіт күнінде
қиғыз-қазақ шабысқанда тайай иді қиады екен. Ейде бетіне туйа қайаған кісінің басын шауып тастайды,
мінезі жаман кісі Қосбасайдың, – дейді. Үсен:
– Бұл Қосбасар өмірінде ешкімнен қорқып көрді ме екен? – дейді.
Сақау:
– Бұй Қосбасай адамның байасынан қойқып көйген жоқ, биақ жианнан қойқады, би жейден жиан көйсе,
екінші сой жейге баспайды, – дейді.
Үсен:
– Бүгін ендеше сол Қосбасардың үйіне барайық, – дейді.
Сақау:
– Сен онда байсаң, мен баймаймын, түндегі ойжаңнан не бейесің? – дейді. Үсен ескі шапанын бөктеріп
алған екен, сақауға шешіп береді. Үсенге ыразы болып, ізінше қайтады. Үсен Қосбасар батырға бет алып,
келе жатса, алдынан құлаштай оқжылан көлденең кесіп өте берді. Үсен атынан түсе қалып, жыланның
желкесінен ұстай алса, жылан аузын арандай ашады. Қамшының сабын жыланның аузына тығып, тілін,
тісін сындырып, мұқалтып, ешкімді шақпайтын қылып, жейдесінің ішіне, жалаңаш етіне салып, белін
сыртынан буынып, атына мініп, жүре береді. Сонан жүре-жүре шаңқай түсте Қосбасардың үйіне келеді.
Үйдің жанына ақырын түсіп, атын белбеуіне байлап, үйге кіріп келсе, төрдің алдында манағы тері
тулақтың үстінде Қосбасар батыр желкесіне жастық қойып, шалқасынан түсіп, сақалын иіскетіп жатыр.
Отының басында тарамыс ширатып отырған Ақбөпе Үсенге «Жоғары шығыңыз», – депті. Үсен
Қосбасардың қасына барып, отырып, «Мал-шаруаңыз аман ба?» деген болып, белін шешіп жібереді.
Үсеннің етегінің үстінен шыққан жылан шалқасынан жатқан Қосбасардың көзіне жарқ ете түскенде
барлық дауысы бір-ақ шығып, үйінен атып, ұра жөнеледі. Жылан төсегінің бас жағына барып, жатып
алады. Ақбөпе де қорқып, Үсеннің арт жағына тұра береді. Қосбасар үркіп барып-барып, жүрегін басып,
артына қарап:
– Жылан қайда кетті? – дейді. Ақбөпе:
– Жылан төсектің бас жағына барып, жатып алды, – дейді. Қосбасар Үсенге:
– Ей, садағаң болайын, сен біздің үйді басқа бір жерге көшіріп, қондырып бер, жыланның басына бір ақ
құйып көрші, шығар мекен? – дейді. Үсен бір аяқта тұрған сүтті алып, жыланның басына тамызған болады.
Жылан тырп етпейді. Үсен Қосбасарға айқайлап:
– Жыланның басына ақ құйсам да, ышқырып, жатып алды, үйіңде ордасы бар ма, қалай? – дейді.
Қосбасар:
– Мен қырдан түйе айдап келейін, үйімді көшіріп бер, қарағым, мақұл ма? – дейді. Үсен:
– Мақұл, мақұл, – дейді. Қосбасар қырға шығып кетеді. Ақбөпе:
– Мұндай сұмдық жоқ еді, сіздің бір жеріңізге ілесіп келді ме, қайдан шыққанын білмедім, – дейді. Үсен:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
710 bet
– Мен жыланды жетелеп келді ғой дейсің бе, қайдан шыққанын мен де білмей қалдым, – дейді. Ақбөпе:
– Ағатай, енді не қыламыз, ағатай? – дейді. Үсен:
– Жыланды ма, жыланды сен көріп тұр, – деп, [таяқтың] ұшымен ұстай алып, керегенің басында тұрған
қап дорбаға салып, уықтың бауымен ауызын мықтап буып қояды. Ақбөпе:
– Ойпырмай, не ғылған жүрек жұтқан батыр кісі едіңіз, – дейді. Үсен:
– Бір жылан ұстады деп, Қосекеңнен бетер деп тұрғаныңыз ба? – дейді. Ақбөпе ернін шығарып,
«Қосекеңнің батырлығының жолы бүлінді», – деп, Үсенге қарап, жымиып күледі. Үсен де күліп,
Ақбөпенің мойнынан құшақтап, бетінен сүйе бергенде қолымен ауызын қақпалап, «Қойыңызшы, батыр,
батыр дегенге батырлығыңызды батырып жіберейін деп бедіңіз», – дейді. Үсен:
– Батырлықтың жасығын алып, асылын жібересіз бе? – дейді.
Ақбөпе:
– Бәрінен де қулығыңды асырып жібереді екенсіз, – деп, күрсініп тұрып, бір жалынды арманын
айттырғанша айтқанмен, керінің аты кері, жастың аты жас қой, – сіздің әзілің менің мейірімді қандырып
барады, – дейді. Үсен:
– Неге, күйеуің кедей болса да, еліңде әзілдесерлік жастар бар емес пе? – дейді.
Ақбөпе:
– Шалымның мінезі жаман, ауылға жастарды жолатпаушы еді. Сіздің ығыңыз қалай келді, маған ғажап,
– дейді. Үсен:
– Мен ығымды әрқашан осылай келтіретін кісімін, – дейді. Ақбөпе:
– Кім біледі, үйін көшіртіп алған соң сізді бүйтіп отырғызбайды ғой деймін, – деді.
Үсен:
– Ендеше сен тезірек Қосбасардың артынан бар. Үйдегі кісі жыланды тірідей ұстап алып, «бұл үйге неге
келгенсің?» – деп, жыланға қысым көрсетіп жатыр де. Жылан да жыланның бір үлкені білем, екінші бұл
үйге жылан атаулы кірмейтіндей сертін беріпті де. Осы сертіңді Қосбасар батырдың өзіне бер, – деп,
жыланды дорбаға салып, керегеге байлап қойды да, әрқашан мен келгенде байпаң болып тұратын қылып
кетейін, – дейді. Ақбөпе:
– Мақұл, ендеше мен шақырып келе қояйын, – деп, қырға шықса, Қосбасар түйесін айдап келеді екен.
– Ойбай, жүр, үйдегі кісі көшіңдер деп жатыр, жыланды арбасып, дорбаға салып алды, – деп, Ақбөпе
Қосбасарды итеріп келе жатқанда Үсен керегенің басындағы жыланды шешіп алып, Қосбасардың
алдынан шығады. Қосбасар Үсеннің қолындағы дорбаны көріп, одырайып, жоламайды.
– Қорықпай келе беріңіз, бұл жылан сізге тимейтін болды, – дейді. Дорбаңдағы жыланың не дейді,
шырағым, айтқан сөзі болса, бізге айта көр, зәремізді алғызбай, – дейді.
Үсен дорбаның ішіне қолын тығып жіберіп, жыланды ұстап, дорбадан шығарып, былдырлап сөйлескен
болады да, түймесін ағытып, жалаңаш етіне кіргізіп жібереді. Қосбасардың көзі бақырайып,
көткеншектей береді. Үсен Қосбасарға:
– Көк шолақ атты жарапазаншы қашан келген үйге, сонда босағада бір жылан жатыпты. Сен өңге сөзін
тыңдап, Мұқамет жарапазан дегенде қылышыңды ала қуып ең ғой, кәпір екен, сол жылан мына жыланға
жамандап барыпты.
– Қосбасар батыр, тура сені өлтіруге жеті күндік жолдан іздеп келіп ем дейді.
– Мені көріп, тайсалып кетті. Сонысына қапаланып, менімен сөйлеспей, әлек қылған жоқ па? Әйтеуір,
жылан тілін көріп-білетінімнен әке-үке деп жатып, бағанадан жаңа ғана сөйлестім, – дейді.
Қосбасар:
– Ырас, ырас, екінші жарапазаншыға тимеске сіздің алдыңызда сертімді бердім. Кәпір емес, мұсылман
кісі деп, жыланға мәнісін айтып қайтарыңыз, – дейді. Үсен:
– Мен айттым сізді мұсылман кісі деп, жылан қайтады, өзінің жеріне барады, – деп, қойнындағы жыланды
көк шөптің ішіне тастай салады. Қосбасар «құлдық, құлдық, сіздің шарапатыңызға құлдық, ажалыма
себеп болдыңыз», – деп, үйіне ертіп барып, қондырып, бір ат, бір түйе беріп шығарады.
Үсен осындай қулығын пайдаланып жүреді екен.
108. ИСА ҚУ
Бұрын Иса деген бір қу сарт ел аралап келе жатып, кешке жақын қонайын деп, қонақпын деп барса, ешбір
адам қондырмапты. Біреулер «үйде кісі жоқ», біреулер «үйіміз тар», біреулер «үйімізде қонақ бар», – деп,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
711 bet
ешбір адам қондырмапты. Ылажы жоқ, күн батып кеткенде елден көңілі қалып, енді кімге қонамын деп,
бір бел жотаға шығып, қарап тұрса, бір-екі адам бір ауылға ат қойып, «бауырым-бауырым» деп, ат қойып
беріпті. Иса қу:
– Не болса, болсын, – деп, бұл екі адамға қосылып, «бауырым, бауырым» деп, Иса да қосылып шауып,
бір үйге келіп, ол үйдің ер-әйелдеріне әлгі екі кісімен бірге көрісіп, жыласып, отыра беріпті. Ат қойып
келген екі кісі ойлапты, осы үйдің бұ да бір жекжаты шығар деп.
Үй иесі:
– Бұл ат қойып келген екі жекжаттың бұ да бір жолдасы шығар, – деп, үй иесі де сұрамапты. Түнімен
бұлармен бірге әбден асқа, тамаққа тойып, жатып, ертеңіне кеткен екен.
* * *
Және бір күн Иса тағы келе жатса, бір үйге «әке-көке» деп қоныпты. Иса қонған соң үйдің иесі – бәйбіше
Исадан қызғанып, шаңырақта тұрған санды дереу бір орамалмен орап, іліп қойыпты. Иса үйге кірген соң
сүт қатпаған қара шай мен талқан беріп:
– Қонағым, жайың болмағанға ренжіме, – депті.
– Болмады, асып беруге мал сояйық десек, мал көктеуге кеткен еді, қолымызда мал жоқ. Ыразы болып,
осымен жатарсыз да, – деді бәйбіше.
Иса сонда:
– Бәйбіше, рақмет, осы сіздің үйіңіздің уығы қанша болды екен? Осындай бір үй сатып алайын деп
ойлайым. Мына үйіңіздің уығын санап көрсем, қалай болар екен?
Бәйбіше, екеулеп әрі-бері санап жіберелік. Анау ілулі тұрған саннан былайғысын сіз санаңыз, саннан
бергісін мен санайын, – депті.
Бәйбіше бұл қудың санды сезіп қалғанын біліп:
– Ай, қонағым, қу екенсің. Бір жекжатқа сақтаған едім. Ол ұрлығым білініп қалды. Енді асып бермесем,
болмас, – деп, бақанды қолына алып, шаңырақтағы санды түсіріп, Исаға асып берген екен.
Тамаққа тойып, Иса қу ертеңіне атына мініп, аттанып жүріп кетіпті.
109. ҚАНАПИЯНЫҢ ӘЗІЛІ
Ертеде Қанапия Басығара баласы өзі бір кездерде Аманқарағай болысына ауылнай болған. Сонда бір орыс
қазақтан ат сатып алады. Сонда Қанапия аттың түс-таңбасына мынадай деп жазған екен:
– Ауылнайымыз – Лаңіскі,
Болысымыз – Сергелдескі.
Әкем аты – Шала,
Өзім атым – Көмір, –
деп, орысқа осы қағазды атпен бірге беріп жібереді.
Бір күндері болғанда орыс осы атын жоғалтады. Содан бас судияға орыс арыз беріп, аттың жөнінде
жоғарыдағы мәліметті хабарлайды. Сонда бас судия мұндай «Сергелдең болысы, әкем аты – Шала, өзім
атым – Көмір» деген кісі бізде жоқ. Ай, бұл Қанапия қудың ісі ғой, – деп күлген екен. Атын жоғалтқан
орыс, сөйтіп, атын таба алмаған екен.
* * *
Ертеде Басығараның ауылындағы бір қақпаншы, аң аулайтын аңшы көрші шал болған екен. Бұл кісі бір
күні ағаштың ішіне қақпан құрады.
Қақпанын қарауға барса, бір тырдай жалаңаш адам қақпанды сүйретіп, еңбектеп, қақпаншы шалды
қорқыту үшін осы қалың ағаштың ішінде жүрген екен. Шал ертемен таң ата қақпаныма не түсті екен деп
барса, бір тырдай жалаңаш адамның қақпанға түсіп, оны сылдырлатып, еңбектеп жүргенін көріп, үрейі
ұшып, қорқып, қашып келе жатып:
– Құдай, мына пәледен құтқар. Егер осы пәледен құтқарсаң, жалғыз бұзауымды садақа қылып шалып, етін
халыққа жегіземін, – деп, жалғыз бұзауын сойып, етін асып, халыққа етін жегізеді.
Сонда көпшіліктің ішінде отырған Қанапияның әкесі Басығара шалға:
– Не көрінді саған жалғыз бұзауыңды сойып, түс көрдің бе әлде? – деп сұрағанда, шал:
– Ағаштың ішіне құрған қақпанымды көрейін деп барсам, қақпаныма адам суретті бір нәрсе түсіп жатыр
екен. Содан шошып, қорықтым. Сосын бұзауымды осыдан құтылсам, құдайы қыламын деп, айтқан едім.
Соның үшін сойдым, – дейді. Сонда «құдайың қабыл болсын», – деп, күледі де айтады:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
712 bet
– Біздің әлгі андат ауылда ме еді? – деп, көпшіліктен сұрап, «ай, осыны істеп жүрген біздің қу болар-ау»,
– деп, Басығара өзі күледі де қояды. Сөйтіп, жұрт, халық жалғыз бұзаудың етін жеп, тараған екен.
110. ҚҰЛЖАТАЙ СӨЗІ
Бұл кәдімгі Тобықты деген рудың, оның ішінде Қарамырза деген топтан атақты Тәуке батырдың
туысқаны Құлжатай Қорыға баласы деген азамат, осының әңгімесі шығыс әңгімесінен де қызығырақ.
Осылар екі атаның баласы, бір жағы – Жақып баласы Байғали, Нұрғали, Қали, екінші жағы – Қорыға
баласы Мұсатай, Жолдатай, Құлжатай болып, Ақшоқы деген жерде жерге таласып, екі жақ болып,
төбелеске шығады. Бір жағының батыры атақты Тәуке, екінші жағынан қашқын Әділқан деген Байтен
деген рудан апрель айының аяқ кезінде талтүсте сарт та сұрт, ал соғыс. Бұл соғыста Қорыға жағы мегдетіп,
Жақып баладарының көбі қашып, түсіп қалады. Басты орамалмен мықтап тартып алған, қолда
Ақтабаннан нән бір-бір сойыл шоқпар еді. Жерге талас түс мезгілінде Құлжатай мырза тоқтап,
Ақшоқының басына шығып, желпініп, насыбайын атайын деп, қалтадан шақшаны суырып ап, ердің
қасына тық-тық еткізіп қақса, ері тілге келеді.
– Кенже-ау, басымды жардың ғой, – дейді.
Құлжатай мырза сасып, тап ерінің қасына қараса, тақымынан бір бас қылтиып шығып тұр, қараса,
алғашқы кездескенде сасып жүріп, жауырынынан жұлып алып, Әділқан батырды тақымына қысып ап
кеткен екен. Оны ұмытып кетіпті. Әлгі ердің қайысы деп, шақша қаққаны осы Әділқан батырдың басы
екен. Ыржиып күледі.
– Ай, ант ұрған-ай, ұмытып кеткен екем ғой, – деп, тақымын босатып, сылқ еткізіп, жерге тастай беріпті,
– дейді. Міне, әңгіменің төресі.
Осы Құлжатай мырзаның атақты сары құсы болатын-ды. Шағыр деген биіктің басына шығып, құсының
томағасын тартып қалса, қолдан атып кетіпті дейді. Сары құс осы ұшқанда ерекше болып ұшты, себебі –
жоғары бұлтқа өрлеп ұшып, бір кездерде бұлттың ішіне кіріп, ғайып болды.
Құлжатайдың екі көзі аспанда тұрды да қалды. Қазақ есебі сүт пісірім мөлшер болғанда торғайдай бұлт
ішінен бір қарайған көрінеді, әлгі бірте-бірте төмендеп келеді. Байқаса, аяғында бір нәрсе салбыраған
сықылды. Қараса, бір қара үйек орман түлкі.
Осы биік тау басына бұлт шөгерді де, енді көтеріліп ұшқанда, осы жортып жүрген түлкі бұлтқа мініп
кетіпті. Сары құс бағана тілеп ұшқанда осы түлкіні бұлт ішінен көріп, ұшқанын оқушылар өздері де
аңғарған болар.
Түлкіні айырып алып:
– Алда, жануарым-ай, жерді қойып, көктен де алдың, – деді Құлжатай.
Құлжатай айтады:
– Бір жылы май айында биені алғаш байлап, сүр, қымыз әбден ашыған. Үлкен ағайдың әйелі Кенже қымыз
істеп, шақырған болатын-ды. Қараса, былқ толып тұрған қымызды сары тегешке құйып, сапырып беріп
отыр. Мен ішіп отырмын. Бір кезде бірдеңе сарт-сырт етеді.
– Бұл қалай? – деп қарасам, бешпетімнің төрт күміс түймесі болатын-ды, менің ішім қымызға әбден
созылып, үлкейіп кетіп, бешпетті кернеген соң үзіліп, түсіп қалған түйме. Бірақ көргенім бар емес пе,
жеңгемнің аты Айымқан еді, өзіміз Бопай дейтұғын осы кісі көрмесе, өзім білмей де қалдым.
Өз құлағымнан естігенім. Қасымда Шәбден деген жігіт бар осы Құлжатайдікіне келдік. Май айының аяқ
кезі еді, қымыз ішіп, әртүрлі сөз айтысып отырыстық.
Сонда Құлжатай мырза отырып айтты:
– Осы күнде мына отырған сары құсты мына бір тарғыл мысық асырап отыр. Қалайша десеңіз,
Қарашоқының көліне барады, сонда көп қаздар бар, соларды арбайды. Екі қанатын салбыратып,
мысықтың артынан еріп, ауылға келеді. Қолмен ұстап аламыз да, бауыздап, құсқа беріп, осымен күнелтіп
отырмын, – деді.
Қасымдағы жігітім сырын біледі екен, мені бір тартып қалды.
Жарайды, мысығыңыздың мұнысы өнер-ақ екен, – деп, қайырлы болсын айтыстық. Тыңдаушы, осы
айтылып отырған сөзде мін бар ма, қалауын тапса, қар жанады емес пе?!
111. ЕСМАҒАМБЕТ
Жағалбайлы елінің сұлтаны болған Дербісәлі Беркінбаев патшадан шен алып, сұлтандық (ХІХ ғасырдың
аяғында) лауазым алып келген соң, қақпадан кісі кіргізбейтін әдет шығарып, күзетші солдат қойыпты.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
713 bet
Қашан түс болып, Дербісәлінің ұйқысы қанып, кісі қабылдайтын кезін күтіп, жұрт сарылатын болыпты.
Осыны есіткен Есмағамбет бір күні Дербісәлінің аулына әдейі ерте келеді.
Солдаттар кіргізбейді, ол кірмекші болады. Бағынбаған соң солдаттар мылтық атып, қорқытпақ болады.
Мылтық дауысы шыққан кезде:
– Ойбай, өлдім, оқ тиді! – деп, айқайлаған күйі қақпаға кіріп кетеді.
– Күзетшілерің біреуді атып алды білем, – деп, Дербісәліні оятады.
Дербісәлі далаға шықса, қақпа ішінде шанадан түсіп жатыр екен.
– Атылып қалған кім екен десем, сен екенсің ғой, өлетін жеріңнен тиген шығар, – деп күледі өзімен
амандасып тұрған Есмағамбетке.
Есмағамбет үйге кіруге ыңғайланған кезде:
– Осы тұрған күйіңше, ойланбастан бір ауыз айтпасаң, үйге кірмейсің, – дейді Дербісәлі.
Сонда Есмағамбет ойланбастан:
– Баласы Бер-екемнің болдың дүрдей,
Қыстадың өлең айт деп, үйге кірмей.
Айсадай аспанға ұшсаң, сөз – сенікі,
Жерде өлсең, сен де бірдей, мен де бірдей, – депті.
***
Жағалбайлы Отарбай қажы Қондыбаев соңғы кезде бидай саудасының қызығына түсіп, келген қонақпен
ісі болмайды екен. Қонақ мейманханада отыра береді де, байдың өзі далада біреуден бидай алып, біреуге
бидай сатып, сапырылысып жататын әдет шығарыпты. Бұл әдет елге ерсі көріне бастапты.
Бір күні Есмағамбет келіп қонса, Отарбай өзінің ескі әдетін істеп, далада сабылып жүреді.
– Маған сарайдан таңдап, үш бидай әкеп бер, бірінен бірі үлкен болсын, – дейді байдың інісі Сейітжанға
Есмағамбет.
Сейітжан айтқанындай үш бидай әкеп береді. Тамақ піскен кезде Отарбай үйге келеді. Сол кезде
Есмағамбет:
– Атаңа рақмет, ақ бидай, Адам атаны бейіштен шығардың, – деп, төс қалтасына салады.
– Қасиетіңді... қызыл бидай, Отарбайды әлі күнге үйінде отырғызып қойдың, – деп, бидайды сөгіп,
лақтырып жібереді.
Осыдан кейін Отарбай ұялып, өз әдетін түзепті.
***
Жағалбайлының бір сараң байының үйіне Есмағамбет қонады. Үстіндегі киімі жұпыны екен, бай
қонақасын жұпыны береді. Есмағамбет бұл ретте үндемей, кете береді.
Бір күні пар ат жегіп, иық ішігін киіп, алдына көшір отырғызып, әлгі байдың үйіне қайта кеп, қонады. Бұл
жолы бай танымайтын кісі бола тұрса да, жалпылдап, асты-үстіне түседі. Үлкен табақты толтыра қазы-
қарта, жал-жаяны түрілтіп қояды Есмағамбеттің алдына.
Есмағамбет үстінде жамылып отырған ішігінің жеңін табаққа малып:
−Же, ішігім, же. Мына тамақты бай саған беріп отыр, маған беріп отырған жоқ. Мен анада сенсіз
келгенімде мұндай тамақ берген жоқ, бай сені сыйлап отыр, − деп, етті жемей, жүріп кетіпті.
112. ҚУ ДҮЙСЕН
Қу Дүйсеннің әкесі кедей болған. Қу Дүйсеннің билік құрып, сөзге араласып жүрген кезінде осы кедейлігі
бетіне көп басылатын болған. Елдің айтуына қарағанда, Дүйсен бұл кедейлігіне намыстанбақ түгіл,
мақтаныш ететін болған.
Қу Дүйсен бір жол жүріп бара жатқанда Етекбайдың Бекмағамбетінің үйіне түседі. Бекмағамбет
мысқылшыл адам екен, қу Дүйсенді сыртынан білсе де:
– Қай ел боласыз? – дейді. Сонда Дүйсен:
– Керей, керей ішінде сықыл, сықыл ішінде кепек, әкем – Тілеулі, – дейді. Сонда Бекмағамбет тағы да:
– Сіздің елде шегір Дүйсен, сары Дүйсен, ұры Дүйсен дегендер бар, соның қайсысы боласыз? – депті.
Дүйсен:
– Біз қу Дүйсен деген боламыз, – депті.
Бекмағамбет:
– Атаң – Кепек, шөккен түйеге міне алмайтын еді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
714 bet
Әкең – Тілеулі, қой бағуға жарамайтын еді,
Боққа шыққан сүйріктей
Сен қайдан пысық болып тудың? –
депті. Сонда Дүйсен:
– Жаманнан жақсы туса, нұр боп туады. Жақсыдан жаман туса, жын боп туады деген. Біз нұр боп туған
шығармыз, – депті.
Бекмағамбеттің бір баласы жынданып, Омбының ауруханасында жатыр екен. Дүйсеннен жеңіліп, жер
шұқып, отырып қалыпты.
113. ӘБСӘТ
Әбсәт (Алтай-Сайдәлі) деген қу жігіт болыпты. Әбсәт жүрген жер ойын күлкі, қызықтан босамайды екен.
Жаз айының ішінде Әбсәт ел арасында келе жатса, екі жолаушы кездесіпті. Жөн сұрасса, Тамадағы
ұзатылған қызына бара жатқан адам екен. Әбсәт те бірге жүріп, Тамаға кетіпті. Түні бойы түн қатып жүріп
отырып, күн шыға бір биікке келіп, аттарын шалдырып, жан-жағына қараса, алдыңғы алқаптан қалың көш
келеді екен. Көшті көріп, Әбсәт жолдасын көшбасшыға жіберіп, өзі қасындағы қарт адамның
қоржынындағы әйелдің киімін алып, әйел болып киініп, ауыл қонатын көгалға келіп, екі аттың үзеңгісінен
шылбырын керіп байлап, толғатқан әйел болып, жырлап тұрыпты. Келе жатқан көш Тама ішіндегі
Отыншы дейтін үлкен байдың көші екен. Қасында бес кісісі бар. Отыншы бай көштен озып, қоныс қарап
келіп, ауыл қонатын жұртта толғатып тұрған әйелдің қасындағы екі кісіге келеді. «Арғын боламыз,
ұзатқан қызымызға бара жатыр едік. Жол үстінде келінім толғатып, қиын болып тұрғаны», – дейді қарт
жолаушы. Ол кезде Әбсәт, тіпті, бебеулеп, шыдамсызданады. Отыншының көші де келеді. Көштің
алдынан пәуеске арбаға мінген бәйбіше де келеді. Бәйбішеге қарап: «Мынау – жолаушы әйел, қысылып
тұр екен, бейбақтың ішін ұсташы», – дейді Отыншы бай. Бәйбіше тақап келгенде, Әбсәт бөксесін кейін
жіберіп, еңкейе береді. Бәйбіше келіп, ішін ұстап:
– Апырай, бала жоғары өрлеп тұр ма, қалай, кіндігі беліне жабысып кетіпті, – дейді.
Ауылдың әйелдері де жиналып қалады. Аңқаулау ұзын бойлы сары әйел келіп, «бісмілла» деп, ішін ұстай
бергенде, Әбсәт шалқая береді. Әйел бала төмендеп шатқа тірелген бе деп, қолын төмен жүгірткенде,
қолымен Әбсәттің астын ұстай алып, ұялғаннан кейін барып, отыра қалады. Екінші бір пысықтау әйел
келіп, белінен тарттырады. Бала қайда екен деп, тағы қолын жүгірткенде, о да ұстай алады да, «көтек,
еркек қой» деп, қаша жөнеледі. Сол кезде Әбсәт шәлісін сыпырып тастап, «рас айттыңыз, еркек едік», –
деп, түрегеледі. Отыншы бай бетіне қарап, «ой, антұрған, сен Әбсәт қу емеспісің?» – дейді.
Үйіне апарып, сыйлап, бір бесті ат мінгізіпті, Әбсәт бір қатар ойын көрсетіпті.
114. ТІЛЕМІС
Тілеміс деген қу кісі екен, жолаушы келе жатып, қазақтың бір сасық байының үйіне қоныпты. Жаздың
күні қой сауып, қатын, бала-шағасы қозы алып жүреді, бай малшыларына ұрсып, боқтап, малдың қасына
келмеді. Тілеміс қасындағы жолдасымен үйде отыр, дәу тай қазанға сүтті құйып, қатындар келіп-кетіп
жүр. Сонда Тілеміс жолдасына айтты:
– Осы байдың түрі жаман екен. Сонау баспақтағы тұздан үлкен бір қос уыс тұзды алып кел, осы бізге мал
соймайды, алдын ала бір шара істелік, – деп, жолдасына үй оңаша қалғанда айтыпты. Керегедегі екі тұздан
тұз алып келді, Тілеміс айтты:
– Қазанның астындағы күлге шоқырлап көм, – деп, көмдіріп тастады.
Бір уақытта малдарын жайлап, бай үйге келді, жөн–жайды сұраған жоқ, қабағын қарс жауып, сүтті от
жағып, пісіре бастады. Шайды қайнатып, басқа тамақ қылды. Бай айтты:
– Қонақтар, бүгін мал союға күн жайсыз, басқа бұйырған тамақты ішерсіздер, – дейді. Тілеміс мақұл деген
адамдай басын изеп, ұйықтап жатқан болып жатты. Тезек жанды, сүт көбіктеніп, балалары тостаған,
Достарыңызбен бөлісу: |