ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет98/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   153

ауылдың желкесінен шаппайтын жорғаны мініп алып, қолына тобылғы сапты қамшы, басына сусар бөрік 

[киіп] өте бергенде, тамағын кернеп, жорғаны бір-екі нұқып жіберіп, бөрікті шекесіне былай бір, былай 

бір қойғанда, қыздар қарап қалады екен, – деп, басын қасып алыпты. 

Сұлу көз: 

– Мұның рас, ой, шіркін, әр нәрсе өз уақытында өнімді болады екен ғой. Жаңа сен айтқандай, менің бір 

жиенім мерген екен. Құдайдың құдіреті  – көзіне көрінген аңды  «Пу» деп, жайлап атқанда да түсіреді. 

«Пу» деп, былай атқанда да түсіреді екен, – деп, екі қолымен кезек-кезек көздеген болып, көзін сүртіп 

алады. 


Жалақ екеуіне қарап тұрып: 

– Бәлду-батпақ бәрі өтірік, бәлду-батпақ бай өтірік, – деп, тілімен біресе астыңғы ернін, біресе үстіңгі 

ернін сулап алады. Қоштасып, осы жерде бірінен бірі мінін таба алмай, әрқайсысы өз бетіне кеткен екен 

деседі. 


102. СОҚЫР, ТАЗ ЖӘНЕ ЖАЛАҚ 

Бір соқыр, бір таз және жалақ – үшеуі жолдас болыпты. Бұлар жолаушылап бір жат елге келе жатқанда 

үшеуі  соқыр,  таз,  жалақ  екенімізді  білдірмей,  жай  отырысалық;  соқыр  көзін  сүртпесін,  таз  басын 

қасымасын, жалақ ернін жаламасын деп, серт қылысыпты. Бір үйге қонып отырса, таздың басы қышып, 

жыбыршып, отыра алмапты. Сонда таз әңгімеге кірісіп: 

− Әкеміз асқан ат үстіне мықты болған кісі еді. Қамшыдай қатқан жүйрікке мініп, қайың сатылды қолға 

алып,  бөрікті  біресе  мына  шекеге,  біресе  мына  шекеге  киіп  алып,  араласқанда...  –  деп,  басын  әбден 

үйкелеп, қасып алыпты. Мұны соқыр біліп, менің де әкем құралайды көзге ататұғын мерген еді, сары 

құлаш садақты бетке осылай ұстап, сығалап тұрып, былай бір тартып, бұлай бір тартып жібергенде аң жау 

жапырақтай түсуші еді, − деп, көзін қасып алыпты. Мұны көріп отырған ерні тырысқан жалақ: 

− Бәлду-бәлду бәріңдікін де білдім, − деп, ернін екі жалап алыпты. 

103. АМАЛШЫЛ БЕКЖАН 

Бұрынғы уақытта бір хан болыпты. Ол ханның ақшасын Бекжан деген ұрлапты. Оны кім ұрлағанын ешкім 

біле алмайды. Кім ұрлағанын білуге хан үй тігіп, той қылып, барша халықтарын шақыртты. 

– Әр қонақтардың алдарына он тиын күмістен қой, – деді. 

Ханның бұйрығын орнына келтірді. 

– Кімде-кім ол он тиын күмісті алса, сол ханның ақшасын алған, – деді. 

Амалшыл Бекжан мұны білді. Етігінің өкшесіне желім жақты. Тамақ жегеннен кейін қонақтардың қолына 

су  құя  бастады.  Барлық  қонақтардың  алдындағы  күмістер  Бекжанның  өкшесіне  жабысты.  Онан  кейін 

далаға шығып кетті. Оның мұндай істегенін ешкім білген жоқ. 

* * * 

Ханның  бір  түйесі  бар  еді,  түйені  іздетуге  хан  ойланды.  Хан  түйені  бос  қоя  берді.  Түйе  барды  да, 



Бекжанның үйінің қасына барып жатты. Бекжан оны білген соң түйені сойып алды. Мұны хан білген жоқ. 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              699 bet 

Бір  уақытта Бекжанның үйіне бір қатын келді де, Бекжаннан бір жапырақ түйенің етін сұрады. Ол бір 

жапырақ етті алды да, көрсетуге ханға қарай жүрді. Қатын ханға келе жатқанда Бекжан жолықты. 

– Қайдан келесің? – деп, қатыннан сұрады. Қатын айтты: 

– Сіздікінен бір жапырақ ет сұрап әкелемін, – деді. Бекжан бұл қатынды үйіне ертіп келіп, өлтірді. Мұны 

хан білген жоқ. 

Хан тағы да бұйырып: 

– Жер қазып, ағаш орнат. Оның үстіне бір қап ақша қой, – деді. 

Ол ағашты орнатты. Жан-жағына елу кісіден күзетші қойды. 

Бекжан тағы да алуға ойланды. Бір боз ат тауып алды да, өзінің және аттың сол жағын балшыққа былғады. 

Атқа мінді де, жылдам қапты алып, қашып кетті көзге көрінбей. 

Ол ағаштың орта жағында тұрған күзетшілер айтты: 

– Ұрының астында қара аты, қара киімі бар, – деді. Сол жағында тұрғандар: 

– Ол ұрының астында боз аты, ақ киімі бар, – деді. 

Сондай  талас  сөздер  болған  соң  ұрыны  іздей  алмады.  Хан  ұрының  күшін  білді  де,  мұндай  кісіні  таба 

алмайтын болған соң тағы да той қылып, барша халықтарын шақырып: 

– Кімде-кім маған шын айтса, соған қызымды беремін, – деді. 

Бекжан мұны білген соң келді де, ханға айтты. Хан өзінің айтқанынан тая алмай, қызын Бекжанға береді. 

Жаңағы тойды онан да үлкейтіп, тойға ұластырып, ақырында, Бекжан дегеніне жетіпті. 

104. ЖАЗАСЫН ТАРТҚАН АЙЛАКЕР 

Бір ханның бас уәзірі бар екен бек сенімді ханға. Не түрлі үлкен жұмыс болса да, бәрін сол уәзірі бітіреді 

екен. Хан өлімге бұйырған жазалыларды өлтіріп, ханның бұйрығын орнына келтіруін де ол тексеретін. 

Өзге  уәзірлер оны көре алмай, әсіресе, екінші  уәзірі бас  уәзір өзі болғысы келіп, бас  уәзірді қайтсе де 

өлтірмек болды. Әр қайда ханға жамандайды екен бас уәзірін. Бірақ нанбаған көпке шейін. Бір күні екінші 

уәзір ханға келіп айтқан:  «Бас  уәзірдің бір дерті бар жұқпалы, қасына жанасқан кісіге де, һәм сізге де 

жұқса керек, уәзіріңіз дертін жасырып, сізге келіп жүреді, сізге дертін жұқтырар сөйтіп жүріп»,  – деді. 

Және де айтты: «Сізге келгенде дертін жасырмақ үшін аузын қолымен басып тұрады, дертінің жаман иісі 

сіздің мұрныңызға келмесін деп», – деді. 

Мұны естіген соң хан қорықты. Сонда да бұрын еш жамандық қылмаған еді. «Егерде дертті болса, мені 

де былғар, һәм жұмыс та бітірмес» деген ханның ойына келді. «Егерде бас уәзірі ханның сенімін оған 

пайдаланып, ханның ғұмырына қастық қылса, оны аяп та керегі жоқ. Үлкен жазаға бұйыру керек». Хан 

сонда да ойланды: «рас па екен, жоқ, өтірік пе екен» деп, осындай қылғаны. Бірінші уәзірді тексерейін 

деді.  Екінші  уәзір  хандікінен  шығып  кетіп,  бірінші  уәзірді  қонаққа  шақырды  қанша  әртүрлі  тамақтар 

даярлап. Ол берген тамақтарына сарымсақ көп қосқан екен, тамақ жеп болғаннан кейін әрі-беріден соң 

ханнан кісі келді: «бірінші уәзірді хан шақырады», – деп. Бірінші уәзір ойланды: «Бұған қалайша барамын, 

бұл аузымдағы сарымсақ иісімен», – деп. Сонда да амал жоқ бармауға болмады. Барды. Ханға келгеннен 

кейін, қасына тақау тұрмады. Қолымен аузын басып тұрды. Хан қасына қатар келіп: «қолыңды аузыңнан 

тарт» деді. Аузынан қолын тартып еді, жаман иісі шықты. Онан соң хан екінші уәзірдің айтқанына сенді 

де, рас екен деп, жазаға кіріптар қылатын жерге бұйрық жаза бастады «бірінші уәзірді өлтір» деп. «Ұшбу 

бұйрықты  апарғанды  өлтір»  –  деді.  Мұндай  өлтір  деп  жазғанын  бірінші  уәзір  білмеді.  Неге  десеңіз, 

бұрынғы уақытта ондай ханның бұйрығын жазаға кіріптар қылатын жерге бірінші  уәзір апарады екен. 

«Сондай ғой» деп алып кетті. Келе жатқан уақытта екінші уәзір жолығып: «Қайда барасың?» – деді. Сонда 

бірінші уәзір қолындағы конверттеген қағазды көрсетті. Екінші уәзір ойлады: «Мен апарайыншы ұшбу 

қағазды», – деп, һәм сұрады бірінші уәзірден маған бер, мен апарайын» – деп. Бұл ойлады да, «Мені де 

сыйлап, қонаққа шақырып еді ғой» деп, беріп жіберді. Қағазды жазаға көрсететін жерге әкелгеннен кейін 

бағанағы хан «Ұшбу хатты апарған кісіні тез өлтір» деген сөзімен оны өлтірді де тастады ешбір сөзіне 

қарамай.  Екінші  күні  бірінші  уәзір  ханға  келді.  Хан  көрді  де  таң  қалды:  «Бұл  қалай  келді?»  дегендей 

қылып, һәм ойлады:  «Менің бұйрығымды орнына келтірмеген»,  – деп. Артынан екінші  уәзірдің өтірік 

айтқанын біліп, Құдайға тәубә қылды өзінің сенімді адамы қалып, ғайбатшыл уәзірдің өлгеніне. 

«Біреуге ор қазба, өзің түсерсің». 

105. АЙДАРБЕК ҚУ 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              700 bet 

Айдарбек қу ел аралап жүріп, Шаншардың бір ауылына келіпті. Әлгі ауылдың бір адамы өліп, соны қойып 

жатыр екен. Айдарбек жаназаға келген Шаншарларға «майлансын-ақ», – депті. Елеңдеген бір жігіт: 

– Ой, мынау қалай, қалай сөйлейді? Кісіміз өліп жатқанда, көңіл айтудың орнына майлансын-ақ дегені 

несі? Өзіне дүре соғып, қып-қызыл қылып жіберсе қайтеді? – дейді. 

Айдарбек: 

– Иә, қып-қызыл қылсаң, қыларсыңдар. Қолдарың қанданып тұр екен, – деп, жүріп кетіпті. 

* * * 


Айдарбек  сол  бетінде  Шаншардың  бір  бай  ауылына  келеді.  Келсе,  әлгі  ауылдың  байы  үйде  жоқ, 

бәйбішесінен  рұқсат  сұрап,  қонады.  Түнде  бәйбіше  етті  көп  асып,  күтеді.  Сорпа  ішерде  Айдарбектің 

сорпасына үпілмәлік деген дәрі қосып береді. Ол дәріні ішкен адамның іші өтеді екен. Әлден уақытта 

Айдарбектің іші ауырады, тысқа шығайын десе, есікті мықтап жауып қойыпты. Шаншардың қуларының 

әдейі істеп жүргенін біледі де, төсекте жатқан бәйбішенің көрпесін ептеп алып, соған дәреттеп, көрпені 

қайта жауып қойыпты. 

Сонымен  ұйықтап  қалады.  Таңертең  бәйбішеден  басқалар  тұрып,  шәйға  отырады.  Бәйбіше  үндемейді, 

жата береді. Айдарбек: 

– Апыр-ай, бәйбіше неге тұрмады, «ас иесімен – тәтті» деуші еді, бәйбішені оятшы, – деп, болмайды. 

– Бәйбіше аурумын дейді, – деп, келіні қайтып келеді. 

–  Апыр-ай,  ауруы  жоқ  сияқты  еді-ау,  –  деп,  Айдарбек  тағы  тамсанады.  Сол  кезде  бәйбіше  ыңқылдай 

бастайды... 

* * * 

Екі  адам  дос  болыпты.  Бірімізден  ұл,  бірімізден  қыз  туса,  қалыңсыз  қосалық  десіпті.  Күндердің  бір 



күнінде  әлгінің  бірінен  ұл,  бірінен  қыз  туып,  өсіпті.  Қыз  ел  аузына  ілінген  мақтаулы,  ақылды  адам 

болыпты. Ал анау жігіт жарымес-жынды, шұбар болыпты. Ер жетіп, ел аузына ілінген сұлу қыз жынды 

күйеуге бармаймын деп, наразылық білдіріпті. Қыздың әкесі ренжітіп, бере алмапты. Сонымен екі арада 

алакөңілдік туыпты. Қыз әкесі кедей, нашар ата екен де, күйеу аталы жуан ауыл, бай баласы екен. Ағайын, 

туған,  әке-шеше  жігітті  аптап,  «сен  ынжықсың,  барып,  тартып  әкел,  пәленнің  жесірі  кетті  деген  не 

сұмдық», – деп, қызды тартып әкелуге жасақ жинайды. Бұл хабарды қыздың ауылы естиді де, қорқады. 

Өйткені, қыздың ауылы елден ерекше жеке жайлауда екен. Және қыз әкесі үйінде жоқ, алысқа кеткен екен. 

Және қыздың әкесінің екі әйелі бар екен. Қыз соның үлкенінен туған екен. Әйелдер үрейленіп, қысылып 

отырғанда, ауылына Айдарбек қонаққа келеді. Қыз шешесі Айдарбекті танымайды, бірақ «түсі жылыдан 

– түңілме» деген еді деп, жайын айтады. 

Айдарбек «Қорықпаңдар, саспаңдар», – деп, ақыл айтады да: 

– Мен не істесем, соған «мақұл» деп, қосыла беріңдер. Ал мен жұмысқа кірістім, сұрағанымды дайында, 

– дейді. 

Сонымен таң ата қыздың ауылына көп адам келіп, қызды тартып әкетеді. Қызды алып келіп, той қылады. 

Тойға  ел  жиналады.  Әлден  уақытта  келіннің  бетін  ашамыз  деп,  жыршылар  жиналып,  ақсақалдардың, 

бәйбішелердің алдына әкеліп, бетін ашады. Бетін ашса, әкелгені қыз емес, қыздың кіші шешесі болып 

шығады. Әкелген жігіттер де, ақсақалдар да масқара болып қайтады. Екі  арада бітім болып, құдағиды 

қайтарады. Артынан сұраса, оқиға былай екен дейді-ау! 

Айдарбек асықпай-үсікпей, қыздың бар киімін кіші шешесіне киіндіріп, сырға тағып, білезік кигізіп, жүзік 

салғызып, шашын майлап, тарап, шекен тақия кигізеді. Өзін бәйбішенің ірге жағына жатқызады. Қызға 

нашарлау киім кигізіп, тоқалдың төсегіне жатқызып, ыңқылдатып, ауыртып қояды. Қызды алуға келген 

бозбалалар асығып жүріп, бетіне қарамай, кемпірінің ірге жағында жатқан абысынын ала жөнеледі. Мұны 

жасаған Айдарбек қу еді дейді. 

* * * 


Сүйіндік ішінде Тынды дейтін бай болыпты. Кесіп алса, қан шықпайтын сараң болыпты. Күндердің бір 

күнінде Тындының үйіне келіп, бір аттың майын сұрайды. Тынды бермейді. Айдарбек ішінен ыза болып 

кетеді.  Есебін  тауып,  «Тындыға  бір  қылайын»  деп,  кектенеді.  Тындының  жалғыз  қызы  бар  екен,  оны 

Арғын  Тамаға  ұзатқан  екен.  Сол  қыздың  төркіндеп  келетін  мезгілі  болады.  Айдарбек  бойжеткен  қыз 

болып киініп, қасына бір жолдас ертіп, Тындының ауылына келеді. Кешке таман таудың басында отырған 

Тынды анадай оқшау келе жатқан бір әйел, бір еркекті көріп, дәу де болса, осы ұзатылған қызым ғой деп 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              701 bet 

ойлайды. Келе жатқан жолаушылар да ауыл адамдарын көрген соң әдеттегідей төркіндеген қыздың салты 

бойынша дауысын шығарады. Тынды қалбалақтап, алдынан қарсы жүреді. Сол кезде жолаушы әйел де 

аттан  түсіп,  сыңсып  келіп,  ауыл  адамдарына  шетінен  көрісе  бастайды.  Көріскен  адамы  аздан  соң 

талықсып,  отыра-отыра  қалады.  Өйткені:  көріскен  қыз  елді  екі  бүйірінен,  өкпесінен  қысып,  әлсіретіп 

жібереді.  Тындының  өзі  де  көксау  екен,  көріскен  соң  талықсып,  отырып  қалады.  Сол  кезде  Айдарбек 

атына міне сала қашады. Ауылдағы бірер арық-тұрақ атпен қуады, бірақ жете алмайды. 

Мұның Айдарбек екенін біліп, басы Тындының өзі болып, бармақты тістеп қалады. 

Арада бес-алты күн өтеді. Тағы да кешке таман күнбатыс жақтан бір әйел, бір еркек солаң етіп, шыға 

келеді. Тынды көріп: 

– Е, бәлем, Айдарбек,  анау күні  күншығыс жақтан келіп едің, енді күнбатыс жақтан шықтың ба, тағы 

көрісетін  шығарсың,  –  деп,  жеңінің  ішіне  кішкене  қолтоқпақ  тығып  алып,  жолаушылардың  алдынан 

қарсы шығады. Келе жатқан жолаушы әйел дауысын шығарып, кеңкілдеп жылап, аттан түседі. Тындыны 

көріп, құшағын жайып, сыңсып жылап, жүгіреді. 

– Ә, Айдарбек, тағы да бүйірімнен қысқалы келесің ғой, сен қысқанша, мен сені жайлайын, – деп, көрісе 

беріп, қолтоқпақпен шекеден періп жібереді. Әйел мұрттай ұшады. Әлден уақытта бетін ашып қараса, 

Айдарбек емес, Қаншайым деген өзінің ұзатқан қызы. 

Міне, осымен Айдарбек Тындыны екі рет масқара қылады. 

* * * 

Айдарбек кешкі уақытта қонамын деп Қашқынбектің үйіне келеді. Келсе, «күздік сойып жатырмыз, мал-



соғым сойған күні қондырмайтын әдетіміз», – деп, қондырмай жібереді. 

Айдарбек атына мініп, аяңдап, басқа бір ауылға барады да, қонып, түнде атқа мініп кетеді. Қашқынбектің 

інісі  Қореке  деген  сақау  бар  екен.  Айдарбек  Қореке  сақау  болып,  түні  бойы  өлкелі  елді  аралап,  үйдің 

сыртынан: 

– Қашқынбек бай жығылып қаза болды, таңертең жаназасы, – деп, өлкелі елге сауын айтады. Елдің алды 

күн  шыға  Қашқынбектің  ауылына  топ-топ  болып,  «ой,  бауырымдап»,  ат  қояды.  Қашқынбектің  өзі  де, 

ауылы да шошып кетеді. Қашқынбектің Оспан дегендегі қызы да келеді. Келіп, тыста тұрған әкесін бас 

салып, көріседі. Әкесі шошып: 

– Қарағым-ау, не болды, кім өлді? – десе, «Өзің-ау, өзің» деп, өкіріп, жылай береді. Әп-сап басылады, 

жылаған ел солығын  басады. Сол кезде бай  «сөз қайдан шықты?» десе, ел  «қайдан шыққаны бола ма, 

кәдімгі Қореке келіп, түн ортасында сізді аттан жығылып, мойыны үзілді деп хабарлады. Содан хабар 

естідік», – дейді. 

Қорекеден сұраса, ол «үйімнен шыққам жоқ, Құдай сақтасын», – деп, ант суын ішеді де, «егер мен болып 

жүрсе, бұл Айдарбек болды. Сол ит кешке келген. Содан бай қондырмай жіберген. Сол ит екен ғой», – 

дейді. Қашқынбек келгендерге тай сойып, қой сойып, қонақ қылып қайтарады. 

106. ҚҰЛАҚАЙ 

Құлақайдың  әкесі  елге  беделді  адам  болса  керек.  Мекені  –  Тарбағатай  тауының  алқымы,  «Саршоқы», 

«Аршалы»  деген  жерлер.  Сол  уақыттағы  дәстүр  бойынша  Құлақайдың  әкесі  күз  болып,  мал  семірген 

уақытта маңындағы елдерге жата-жастана қонақтайтын әдеті екен. Құлақайдың сегіз-тоғыз жастағы кезі. 

Әкесінің алты ұлының ең кішісі де осы – Құлақай. Сондықтан да оны жасынан-ақ еркелетіп, бетін қақпай 

өсіріпті. Әкесі қайда барса да, өз қасынан қалдырмапты. Ел ішінің беделді адамы, атақты рудың баласы 

болғандықтан, Құлақайдың әкесін елі құрметтейтін. Өзі жоққа нанғыш, байлығы болмаса, момын адам 

еді. Сүйтіп, жас Құлақай әкесімен қонақтап жүріп, барған үйінен үнемі құлақ (малдың) жеп, оның тәттілігі 

жас  баланы  кәніктендіреді.  Жасы  жеткен  адам  болғандықтан  да,  қай  үйге  барса  да,  бас  Құлақайдың 

әкесінікі  де,  құлағы  –  баласынікі.  Көбінесе,  ағайын  ішіндегі  бір  ауылдың,  қалса,  бір  елдің  ақсақалы 

болғандықтан, бір үйден екінші үй өздері–ақ құрметтеп әкететін. Оған деген бір малдары ертеден арнаулы. 

Құлақай жасынан-ақ бір бетті, көңілге алған ісіне тиянақты, көпшіл болды. Өзімен замандас балалардың 

ортасында әр нәрсеге ыңғайлы, қолынан іс келетін қабілеті күшті еді. Ең аяғы, ауыл балаларын әртүрлі 

ойынға  ұйымдастыратын  да  осы  Құлақай  болды.  Онсыз  ойындарының  беделі  болмайтын,  қызықсыз 

өтетін. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              702 bet 

Әкесі  бертін  келе  қартейеді.  Жасы  өсіп,  ақылы  кіре  бастаған  Құлақай  да  әкесімен  ілесіп,  әр  үйде 

қонақтауды мінәжіп етпеді. Өзінше ұят көрді. Оның орнына ауыл балаларымен бірге қозы-лақ бағу қызық 

көрінеді. 

Бір  күні  әкесімен  құрбылас  [адамдардың]  бес-алты  балалар[ы]мен  асық  ойнап  отырғанда,  қозы–

лақтарына  қасқыр  шауып,  сол  ауылдағы  атақты  бай  Мүрсәлімнің  бес  қозысын  жаралап,  үш  қозысын 

қасқыр алып кетеді. Мүрсәлімнің бәйбішесі Қанымжан қозыға шапқан қасқырдың әрекетін естуі-ақ мұң 

екен, Құлақай мен Серік деген жетім баланы таяқтың астына алып, қозыға қасқырдың шабуын бұлардан 

көреді. 

Мүрсәлімнің  қозышысы  –  Серік.  Қанымжан  бәйбіше  қарғап-сілеп,  жатарда  беретін  бір  тостаған  ащы 

іркітін де бермеді. Ұйқыда жатқан Серікті таң сәріден жабу арасынан тауып алып, үстіне бір шелек суық 

су құйып, қаперсіз жатқан баланың зәресін ұшыра оятып, қой артынан қозыны да өргіздіріпті. Қозы бір 

белді асқанша, бәйбіше де екі көзін сол жақтан аудармады. 

Құлақай  Серікті  өте  ұнататын.  Жетімдігінен  басқа  міні  жоқ  деп  есептейтін.  Балалар  ішінде  екеуі  өте 

сырлас, тату еді. Құлақай ауылға беттеген қозы алдына шықты. Серік оған күндегідей емес, жүзі  баяу. 

Кейістің  көлеңкесі  бар  бетінде.  Құлақай  оның  мәнісін  сұрап  еді,  қозы-лақтың  өткен  күнгі  жамырауы, 

кешегі  қасқырдың  қозыға  шабуы,  сол  үшін  бәйбішенің  шекесін  жарып,  бір  сөтке  тамақ  таттырмауын 

айтып, мұңын жолдасына шаққандай болып, көзінің жасын іркіп-іркіп алды. 

Құлақайдың  бәйбішеге  деген  ыза  кегі  қайнады.  Бірақ  ол  жерде  Құлақай  да,  Серік  те  ешнәрсе  демеді. 

Құлақай үйіне келді. Киіз үйдің ішіндегі шидің есігін ашты. Екі қалтасына құрт пен ірімшікті толтырып 

алып, суатқа қарай суға кеткен Серіктің артынан барып, қалтасындағы тағамдарын берді. 

Арада бірнеше күн өтті. Құлақай балалардың ақсүйек тастау ойынынан келе жатып, кілт тоқтай қалды да, 

қайта ілгері аттады. Оның ой түйіні шешілгендей болды. Ел тегіс ұйқыда. Сол бетінше қора ортасындағы 

көген басына келді. Көгендегі қозы-лақтарды ағыта бастады. Желідегі бұзауларды да босатты. Сүйтіп, 

Мүрсәлімге қарасты алты-жеті ауылдың төлін түгел босатты. Ауыл адамдары бұл істі көпке дейін сезбей 

жүрді. Бұл іс күн санап, шиеленісе берді. Малшыларға бәйбішелер нанбай, өз көздерімен қозы-лақтарды 

көгендетіп,  түгендейтін  болды.  Бірақ  та  қозы-лақ,  бұзаулардың  таңертең  енелерімен  бір  жүруі  әдетке 

айналды. Құлақай бұл істі өз үйіне де істеп қояды. Үйткені, оқиғаның мәнісін басқаларға сездірмеу. Міне, 

бұл іс күн санап, өріс алып, мал төлдерінің түн ішінде қосылып кетуі ақсақалдардың айтуы бойынша, 

Құдайдың құдіретімен істеліп тұрған болып шықты. Үйткені, үлкен-кіші Құдайға құлшылық ету дегенді 

міндетім демейді. Малға (закат)  садақа беруді,  Құдайға құлшылық  етуді  халық ұмытты деп, молдалар 

шықты.  Сайып  келгендегі  істің  түйіні  құдайға  құлшылық  етіп,  тасаттық  садақа  беруді  ұйғарды.  Ауыл 

болып,  үй  басы  мал  шығарып,  оны  сойып,  садақа  берісті.  Ауыл  болып,  сойылған  малдың  етін  жесті. 

Құлақай  да  бірнеше  малдың  құлағын  жеп,  Серік  сияқты  балалар  етпен  бірге  сорпа-су  ішіп,  оларға 

кішігірім тойдай  болды.  Құлақайдың іш  пікірі  ішінде.  Бірақ  мұнымен  іс  бітпеді.  Төлдер  бірге  жатуын 

қоймады. Құлақай да күнделікті байырғы әдетін қоймады. 

Күндерде  бір  күн  ауыл  әбден  ұйқыға  кеткен  мезгіл  еді.  Желідегі  қозылардың  арасына  келіп  жатқан 

Құлақайды ауыл жігіттерінің бірі  көріп қалады. Бірақ  Құлақай оны  аңғармайды. Ептеп қозы-лақтарды 

ағыта береді. Осы мезгілде бір қозы мойнынан көгені босауы-ақ мұң екен, маңыраған бетімен енесіне 

қосылады. Оның дауысымен мойнынан көгені босанған барлық қозылар шулап, енелері маңырап, у да шу 

болып, Құлақайдың көген арасынан тұра жөнелгенін әлгі жігіт әбден аңғарып, таниды. Оны қорқытпақ 

болған жігіт: 

– Әкеңе айтайын ба, не істеп жүргеніңді? – дейді. 

Оған Құлақай ешнәрсе деп жауап та қатпады. Үйіне келеді де, жатып қалады. Таңертең ерте тұрады да, 

кебежедегі асықтарын алып, жолдас–ауылдас балаларын ертіп, асық ойнауға кетеді. 

Жігіт түндегі көрген-білгендерін ауыл адамдарына, ауыл адамдары Құлақайдың әкесіне айтады. Әкесі бұл 

сөзді естісімен баласының ісіне ашуланып, қолына таяғын алып, ауылдың сырт жағындағы бір топ асық 

ойнап  жүрген  балаларға  келіп,  Құлақайды  жуан  қара  таяқтың  астына  алмай  ма  кеп.  Өз  ісі  өзіне  аян 

Құлақай  топ  баладан  жырыла  қашқан  беті  ауыл  малдарының  су  ішетін  таққай  атқысы  (суаты)  деген 

қорыққа таман қашпасын ба? Әкесі соңынан қалар емес. Қуып келеді, сол-ақ екен Құлақай су жағасына 

барлық киімдерін шешіп, әкесі келе бергенде: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              703 bet 

– Ал, әке, хош, сорлы шешеме сәлем айт, – дейді де, қара суға күмп беріп, сүңгиді де кетеді. Әкесі аң-таң. 

Ешбір дыбыс жоқ. Су бетіне шығар, бір дыбыс берер деп үміттеніп еді, бірақ Құлақай шықпады. Ары-

бері күтті, дыбыс жоқ. Әбден күдерін үзгендей болған кезде екі көзінен аққан жас сақалынан сорғалап, 

баласының  киімдерін  алып,  үйіне  қайтады.  Ауыл  адамдары  суға  ошақ  салады,  Құлақайды  су  астынан 

іздейді, таба алмайды. Әкесі «ой, бауырым» салады. 

Ал, Құлақай ше? Суға алғаш күп беріп түскен бетінде су астымен малтып, судың ортасындағы жағадан 

жетпіс метрдей қашық шоқ қамыстың ортасына еніп, судың ар жақ жағасына қамыс қалқасымен шығады. 

Оны  әкесі  аңғармай  қалады.  Келген  бетте-ақ  оның  екі  көзі  баласының  суға  сүңгіген  жері  болды.  Сол 

жерден шығар деп, көпке дейін үміттенді. 

Түн ортасы, ел аяғы басылды-ау деген кезде Құлақай су жағасындағы ұзын қамыстан бір қамыс жұлып 

алып, ұзын түтік жасады. Ішіндегі өзегін түсірді. Содан үйіне таман аяңдап, бет бұрды. Өз үйінің қасына 

келді.  Киіз  үй  жабығынан  сығалады.  Көрші  үйлердің  үш-төрт  әйелі  отыр.  Бәрінің  жүздері  баяу,  өте 

жабыраңқы.  Әкесі  таяғын  маңдайына  тіреп,  қалғып  кетіп,  қалғып  кетіп  отыр  екен.  Шешесі  оң  қолын 

жағына тіреп, анда-санда бір күрсінеді, өксіп алады. 

Құлақай киіз үйдің жабығынан түтігін сұқты. Әкесінің құлағына таяды да: «ей, шал!» – депті. Дыбыстың 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет