ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет103/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   153

Ешкі мен қойды құрайлап. 

Кешке таман бай келеді, келеді де, төрде жатқан Алдарды көріп: 

– Торғайын құшақтап, төрімде жатқан бұл қай Құдайың! – деп ақырады. 

– Ол – мен Құдайың! – дейді Алдар. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              727 bet 

– Мен Құдайың қай Құдай? 

– Мен Құдайың – бәлгер Құдай. Мынауым – көріпкел, біліпкел байғұз Құдай. 

Байдың өмір бойы тілегені бір бала екен. Бала таптырам деп, алмаған қатыны, қаратпаған бақсысы жоқ 

екен. «Балгермін» дегенге райдан қайтып қалады. «Құдай шипа берсе…» деген ойына келеді. 

– Кім болсаң да, бір қу боларсың, – дейді де, ала көзімен бір қарап, қазан жаққа барып, орнына отыра 

кетеді. 

Ас ішіп, біраз отырғаннан кейін бай мән-жайын айтады: 

– Төрт түлігім сай бай едім, мал дегенің есепсіз болып еді. Бірақ, соның бәрі бір балаға тұрмады. Алладан 

бала  тілеп,  қырық  қатын  алдым.  Қырқынан  да  пайда  болмады.  Ақырында,  мал–мүлкімді  төгіп,  осы 

қатынды алдым. Бірақ, одан да ештеңе болмай отыр. Жасым да келіп қалды. Сонда да Алладан үмітім бар. 

Балгермін дейсің. Байғұзым көріпкел дейсің. Көріпкелің не айтар екен? Балыңды аша көр, жаным, – дейді. 

– Жарайды, – деп, Алдар бал ашуға, бақсы болып, ойнауға кіріседі. Жынын шақырып, «ақ сөйле» деп, 

құсына ақырып, сарнайды. 

– Мынау нағыз балгер екен, – деп, бай қуана түседі. 

Алдар сарнап жүріп, баяғы сары сандықты айналдыра береді. 

– Япырым-ай, байым қалай-ды? 

Қиын екен бұл өзі. 

Көріп едім талайды, – деп, сандықты ұрады, құлағын салып тыңдайды, шертіп қарайды. 

– Е, байым, іс жаман екен, – дей береді. Ақырында, ашқан балын айтады: 

– Сары сандық ішінде 

Қара пәле жатыпты. 

Жібек көрпе үстінде 

Қызық іске батыпты… 

Қылмайды екен қарекет 

Ішеді екен, жейді екен 

Арғы затын сұрасаң, 

Екі аяқты дию дейді екен 

Осы қара пәле әйеліңе бала бітірмейді екен. Осы пәлені көшірмесе, болмайды екен, – дейді. 

Бай мұнысына нана қоймайды. Алдап-сулап, мал тапқысы келіп жүрген бір қу болды ғой, сонда да: 

Бақыр-мақыр берермін, 

Көп сұраса, көнермін. 

Көшірсе, көшіре қойсыншы», – деп, ішінен ойлайды да: 

– Жарайды, көшіре қой, – дейді. 

–  Мұны  көшіру  үшін  ыстық  су  керек,  –  деп,  Алдар  су  қайнаттырады.  Бақсы  ойнап  жатыр  дегенге 

«мұндайдың талайын көргенбіз», – деп, мысқыл етіп, келіншек те сырттан үйге кіріп тұрады. 

Келіншек тұр күлімдеп, 

Күлім-күлім жасарып. 

Жігіт жатыр селкілдеп, 

Қайда барсын қаша алып. 

Келіншек тұр қуанып, 

«Дию» деген жөнінен. 

Жігіт жатыр қуарып, 

«Құю» деген жөнінен. 

Алдар үй ішін айналып жүріп, келіншектің шашбауындағы кілтін кесіп алады. Сүйтеді де, бір бақыраш 

ыстық суды қолына алып, сары сандыққа жүгіріп барып, аузын ашып: 

– Көш, пері, көш! – деп, ыстық суды жігіттің басына құя салады. 

Атып кетті бір адам, 

Бір адымы он қадам. 

Пәле кетті үйінен 

Асқан сұлу жігіт боп, 

Түсі кетті келіннің 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              728 bet 

Көңілі мұздай суық боп. 

Сиқыры құрсын, масқара! 

Өле алмайды ұяттан, 

Бар ма лажы, жоқ шара 

Әбден болды дүзқара. 

Сонымен басы күйіп, жігіт кетті. Іші күйіп, келіншек кетті. Жүрегі ұшып, талып, бай жатыр. Күлкісін жия 

алмай, Алдар жатыр. 

Біраздан кейін бай есін жиып, орнынан тұрады. 

– Мың рахмет, шырағым. Бәлені үйімнен қудың. Әйтпесе, өлген екенбіз. Енді Алладан үмітім күшейді… 

әрі садақа болсын, әрі еңбегің болсын. Аю ат дейтін атым бар. Соны ал. Сонымен бірге ол пәлеңнің қайтып 

келмесін кім біліпті. Осы балгер құсыңды маған сат. Бағасын айт, – дейді. 

– Өмірлік жолдасым еді, мұнсыз күйім қараң еді. Байғызымды сатпаймын, – деп, Алдар біраз шалқаяды. 

Бай жалынып болмайды. Ақырында: 

– Сіз үшін ғана құсымның көзін қиямын, – деп, сатпақ болады. 

– Бір өтірігі жоқ, осы құсымды мен иесінен қырық жылқыға сатып алғанымда иесі екі күн өкінген. Мен 

де өкінермін, елу жылқы беріңіз, – дейді. 

– Мұның көп. Жылқының құны да аз емес қой. Амал жоқ, сол берген жылқыңды мен де берейін, – дейді 

бай. 

– Жоқ, болмайды. Оллаһи тегін, қырыққа берсем, өмірімде есімнен кетпейді, – деп, Алдар көнбейді. 



– Оллаһи, бағасы, – деп, бай көнбейді. 

Екі қу бірін-бірі тездікпен жеңіскен бе? Азайтып айтқанда, бір жұма, көбейтіп айтқанда, бір жыл екеуі 

саудаласып,  алақан  ұрумен  болады.  Ақырында,  Алдардың  қулығы  асып,  елу  жылқы  алып,  байғызын 

сатып: 


– Қаңғып қалды бұл басым, 

Іс болмаса құсыма. 

Қош айтысып жылайын. 

Жыламай, не амал қылайын, – деп, бір жұма құсымен 

қоштасқан боп, тағы жатып, қазы-қарта жеп, қымыз ішіп, тойынып алып, жөніне кетіпті. 

2. АЛДАРДЫҢ ҚАЛЫҢДЫҚ АЙТТЫРУЫ. ҚУДАН АЛДАНУЫ 

Алдар жаман торғайды байға елу атқа сатқанына мәз болып, «осы құрғыр артымнан қуып келіп жүрмесін» 

деп, тездетіп жүріп, тағы бір тауға келеді. Таудың бауырында тағы бір ел көреді. Елге қарап тұрса: 

Қойлар жатыр жусанда 

Түйе жатыр сортаңда. 

Жылқы жатыр беткейде 

Ешкі тастан кетпейді. 

Алдекең ағып жатқан малды көріп: 

– Енді қандай несіп болар екен, – деп, езу тартып, қарап тұрса, жылқы шетінде жүрген жылқышыны көреді. 

–  Елге  бару  үшін  алдымен  осыдан  жай–мәнісін  сұрап  білу  керек  болар,  –  деп,  жылқышыға  келеді. 

Жылқышыға келіп амандасып, ол–пұлды айтып, қалжыңдап тұрып: 

– Бұл кімнің малы, мынау кімнің ауылы? Үлкені кім, ханы кім? Жақсысы кім, жаманы кім? Байы кім, 

жарлысы кім? – деп, сұрау қойып, жылқышыдан елдің барлық сырын біліп алады. 

– Ау, жаным! Тәптештеп, жайын біліп алдың. Өзің кімсің? – деген жылқышының сұрауына: 

– Мағлұмбай деген атақты байдың мырзасы едім. Елімнен қыз таба алмай, елу атты қалыңмалға жетектеп, 

жиһан кезіп, қыз іздеп жүр едім. Еш сұлуды кездестіре алмай келемін, – деп, жауап береді. 

– Қыз іздеген, қыз жақтырмаған жігіт болсаң, біздің ауылдың пәлен байында бір қора қыз бар. 

Түріне ұқсар түрі бар, 

Нұрына ұқсар нұры бар. 

Түрлі-түрлі қызы бар

Әр қызының сыры бар. 

Әсіресе, соның ішінде 

Жиһаннан асқан бірі бар, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              729 bet 

Жаудыраған көзі бар, 

Таң қалғандай сөзі бар. 

Сағымданып құбылып, 

Көз қарасы сүзіліп. 

Қарағанда тұрарсың – 

Есің ауып бұзылып. 

Сен жиһан кезіп, қыз жаратпасаң да, осы қызға тоқталасың. 

Бұл – хордың қызы, – дейді жылқышы. 

Алдар «қыз іздеп жүрмін» деп, өтірік айтса да, жылқышы қызды тым мақтап  жібергенсін «Осы қызды 

көрсем қайтеді,  жаратпаса, қалармын. Менің нем кетіпті. Соған барайын»,  – деп, байдың жөнін сұрап 

алып, көрінген елге тартады. Ішкі көңілінде өзінің алдауға шыққанын ұмытып, шынында да, қыз іздеп 

шыққан адам сияқты болады. 

Қызы бар байдың ауылының сыртына келіп: 

– Жолық! – деп, айқай салады. 

Байдың ауылы қараса, тарамыс сияқты, қатып қалған бір шикі сары, елу атты жетелеп, аю аттың үстінде 

өзі қайқайып отыр. 

– Мынауың кім екен, барып білші!– деп, бай кісі жібереді. Кісі келіп: «Жол болсын», – деп айтады. 

– Әлей болсын! Мен қонақпын, қонамын. Жер жүзін шарлап, көздеп жүрген бір нәрсем бар. 

Қалған-құтқан сөзімді 

Қыз іздеген сырымды. 

Атамыз қазақ мұрасы 

Қонғаннан соң сұрашы, – 

деп, «Лұқсат жоққа» келтірмей, түсе қалады. Байдың жіберген кісісі жүгіріп, байға келеді: 

– Жер жүзін шарлап жүрген адаммын. Қонамын, – дейді. Аузында қыз бар…. сірә, – дей бергенде, бай 

түсіне қалып: 

– Әй, қонақ келеді, үйге көрпе салыңдар! – деп, айқай салады. Бір қора қылып, қызын өткізе алмай отырған 

байғұс жүгіріп жүріп, Алдарды қарсы алып, қонақ қылады. «Қалағаның білсін» дегендей, қыздарын да 

үйге иіріп қояды. 

«Қазақ  есіктен  қарады  дегенше,  төрге  шықты  де»  дегендей,  «ләмға  келді»  дегенше,  Алдар  қойын–

қонышқа кірді  де, өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай қылып соғып,  бүкіл  ауылды иіріп, аузына 

қаратып алады. 

– Мынауың елден озған жүйрік, шешен, жұрттан озған көсем ғой!– деген қорытындыға келтіреді. «Атақты 

Мағлұмбай  байдың  мырзасы  екен»  деген  атақ  таққызады.  «Мағлұмбайың  қай  бай?»  деулеріне  жол 

қалдырмайды. 

Сонымен  Алдекең  алдап–алдап,  байдың  ең  кенже  қызына  құда  түспек  болады.  «Қайда  кетпеген 

жылқысың» деп, елу атты сол жерде қалыңдыққа тартады. 

– Қалған-құтқан кемісін толтыра жатарсың, – деп, бай қалыңдыққа ырза болады. 

Бірақ менің қызым қашып жатқан жоқ қой. Менің үш балам бар еді. Сол үш балам жылқы бағып, отарға 

кеткеніне жыл болды. Әлі жоқ. Қайда жүргенінен де хабар жоқ. Іздететін адамым болмай отыр. Менің 

сенен  сұрайтыным  –  сол  балаларымды  іздеп,  тауып  келсең.  Сосын  балаларым  келгесін,  күзге  қарай 

қызымның тойын істеп, қосамын, – дейді. 

– Жарайды, – деп, Алдар атқа мінеді. «Осы күзге кенже сұлуды аламын» деп, көңілі тасиды. 

Күндеп  жүріп,  айлап  жүріп,  ақырында,  Алдар  жайылып  жатқан  бір  көп  жылқыға  келеді.  Келіп, 

адамдармен сөйлесіп қарағанда, атасының балалары екенін біледі. Өзінің жай–мәнісін айтып, сол жерде 

танысып, құшақтасып көріседі. 

Байдың балалары бос немелер болса керек. Мыңдаған жылқының басын қайырып, жөнге сала алмай, елге 

айдай  алмай,  жатып  қалған  екен.  Алдар  келіп  болысып,  жылқыны  жөнге  салып,  елге  айдап  келеді. 

Жылқысы, балалары келгеніне бай қуанып, ат шаптырып, той қылады. 

Күндерде бір күні бай Алдарды оңаша шығарып алып: 

–  Кенже  қызыма  елу  жылқы  бердің.  Жылқы  деген  өзімде  де  көп.  Оныңа  қанағат  етпеймін. 

Қалыңмалыңның кемін толтыр. Ат басындай алтын тап. Әйтпеген күнде қызымды ала алмайсың, – дейді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              730 bet 

Қулық қылып, байды алдадым деп жүрсе, бай Алдарды алдаған екен. Алдар: «алдыма бір келтірді–ау», – 

деп, санын бір соғады. Сонда да: 

– Алдаудан жеңілгенім бе? – дейді. 

– Жарайды, ат басындай алтынды табамын, – дейді. 

– Тапсаң, жарайды. Келер жылы осы уақытқа дейін күтемін. Келер жылы дәл осы уақытқа алтынды алып 

келмесең, күдеріңді үзе бер, – дейді. 

Алдар түнімен дөңбекшіді. Қанша дөңбекшісе де, алтынды қайдан аларын білмейді. Анау-мынау алдауға 

ат басындай алтынның таптырмайтынын біледі. Сөйтіп жатып, ұйқыға кетеді. 

Алдар  таңертең  оянып,  көзін  ашса,  далада  жатыр.  Айналада  ел  дегеніңнен  еш  нәрсе  жоқ.  Сөйтсе,  бай 

ауылы түннен тұрып, Алдарды жұртқа тастап, көшіп кеткен екен. Алдар ыза болады. Ызасына шыдамай, 

қазылған жерошаққа түсіп, күлге аунап жатып, жылайды. Ыза болғанда, қыздан айрылып қалғанына емес, 

байдан алданып қалғанына ыза болады. 

«Ұрыны қарақшы ұрлайды» дегендей, қуды қу ұрып кетеді. 

3. АЛДАР КӨСЕ 

(I – нұсқа) 

Алдар  көсе  бір  күні  келе  жатса,  бір  жерден  қу  жауырын  тауып  алып,  сүйек  қайнатып  отырған  бір-екі 

қатындарға жолығып, амандасып болып, Алдар көсе: «мен бір айла қылайын», – деді. Сөйтіп, қатындарға 

қарап: 

–  Құдағай,  менің  бір  шикі  етім  бар  еді,  соны  қазандарыңызға  салып,  пісіріп  алуға  мүмкін  бе?  –  деп 



сұрайды. Қатындар: 

– Мақұл, салып, пісіріп ала ғой, – дейді. 

Алдар көсе: 

– Сүйектерің етімді жеп қоймаса, – дейді. 

– Ойбай, құрысын, ол не сұмдық? Етті сүйек жейді дегенің. Сал, жесе, біздер бір тоқты төлейміз, – дейді. 

Сонсын Алдар көсе жеңін көлегейлеп тұрып, қазанға қу жауырынды алдап, салып жібереді. Біраздан соң 

барып, «піскен шығар» деп, алып қараса, қу жауырынның өзі дейді. Алдар көсе қатындарға қарап: 

– Міні, жаңа айтып едім ғой, осындай қылат деп, бер енді тоқтымды, – дейді. 

– Құдай–ай, тоба, – деп, сөздерінен тана алмай, қатындар Алдар көсеге бір тоқты беріп жібереді. Алдар 

көсе өзі: 

– Қатындарды құп алдадым-ау, – деп, тоқтысын жетелеп келе жатса, бір байдың ауылына келеді. Байға 

жолығып: 

– Е, бай-еке, асалаума-алейкум, қалай, аман-есен, бала-шағаңыз аман ба? – деп сұрайды. Бай: 

– Құдаға шүкір, – деп, қарнын тыр-тыр қасып отырып: 

– Е, Алдар көсе, жол болсын! Бұл тоқтың не? – деп сұрайды. 

– Е, алай болсын, байеке, несін сұрайсыз, кедей болған соң осыда, пәленше бай былтыр бір тоқтымды 

алып еді. Соны бүгін алып келе жатырмын, – дейді. Сөйтіп болып, байға айтады: 

– Менің тоқтымды қойыңызға қосуға бола ма? – дейді. 

– Мақұл, қоса ғой, – дейді. 

Алдар көсе тұрып: 

– Қойларыңыз тоқтымды жеп қоймаса, – дейді. 

– Ой, Алдар көсе-ай, қойды қой жейді дегенің не сұмдық. Қой, сандалмай жібер, жесе, сол жеген қойдың 

бәрін саған беремін, – деді. 

Алдар көсе қойларға тоқтысын жіберіп, байдың үйіне қонақ болып, жата берді. Түнде бір ұйықтап тұрып, 

байға  білдірместен  көп  қойға  барып,  өзінің  тоқтысын  ұстап,  сойып,  он  семіз  бойдақ  қойдың  аузына 

жағады. Жағып болып, сойған тоқтысының етін иттерге тастап, үйге келіп, жатып қалды. Таң атып, күн 

шыққасын тұрып, шай ішіп болып, байды ертіп, қойға барса, Алдар көсенің тоқтысы жоқ. Бай олай, бұлай 

қараса, бірталай қойдың аузы – қан. Алдар көсе тұрып: 

– Ай, байеке, мен сорлының айтқаным әр уақытта да келеді. Кеше-ақ айтып едім ғой, сонда осыны біліп 

айтып едім, – дейді. Бай тұрып, жағасын ұстап: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              731 bet 

– Ой, Құдай-ай, – деп, «бұл не сұмдық», – деп, аузы қан болған қойларды ұстап, қосақтап алып, Алдар 

көсеге он қой қылып берді. Алдар көсе байды да тағы алдадым-ау деп, қойларын айдап, қуанып кетіп бара 

жатса, біреудің сұлу қызы өлген екен, соны көмеміз деп, апаратқан адамдарға Алдар көсе айтады: 

–  Бұл  қызды  сендер  не  қыласыңдар,  бірталай  бейнет  қылып,  онан  да  менің  он  қойымды  ал-дағы,  осы 

қызды беріңдер, – деп. Адамдарды алдап, он қойын беріп, қызды алып кетіп, бір бөтен ауылдың қырының 

астына  апарып,  екі  қосағаштың  астына  екі  айыр  ағаш  қойып,  түрегелдіріп  қояды  да,  ауылға  барып, 

ауылының қыздарына, әйелдеріне айтып: 

– Мен бір елден сұлу қыз әкеліп, мына ойдың астына қойдым, – дейді. Қыздар, қатындар жүгіріп бара 

жатса, Алдар көсе әйелдерге қарап: 

– Менің әйелім өзі жас, тағы да басым ауырып келе жатыр деп еді. Оны сендер түртіп, итеріп, ойнамаңдар, 

–  дейді.  Қыз,  қатындарды  жібереді.  Қыздар  барса,  жаңағы  қыз  қимылдамайды,  сонсын  бір  қыз  өлген 

қызды итеріп жіберіпті де, қашып, Алдар көсеге барып айтады: 

– Қатының өліп қалыпты, – дейді. Алдар көсе ішіп отырған тамағын тастай салып, өтіріктен қызға: 

–  Сен  өлтірдің,  –  деп,  ойбайлап,  бауырымдап,  қасына  барып  көрісіп,  жылап,  қайтып  келеді.  Сөйтіп, 

ауылының адамдарына айтады: 

– Қатынымды төлеп беріңдер, сендердің қыздарың өлтірді, – дейді. Олар төлемейміз деп, ұрысып, екеуі 

шығысалмай, қазыға барады. Қазы екі жағын тергеп-тергеп кесіп, жаңағы итеріп жіберген қызды Алдар 

көсеге бермекші болып, қарар қылады. Сосын Алдар көсені қыздың ағасы ауылына ертіп әкеліп, жаңағы 

қызды беріп жібереді. 

Сонда Алдар көсенің көңілі тасып, қыз алып кетіп бара жатқандағы айтқан өлеңі: 

– Ой, қу жауырыным – бір тоқты, 

Бір тоқтым – он бойдақ. 

Он бойдағым – өлі қатын, 

Өлі  қатын  –  тірі  қатын-ай,  ау,  –  деп,  өлең  айтып,  бір  қызды  ауылына  апарып,  өлең  айттырып,  той 

қылдырып, мұратына жеткен дейді бұрынғылардың айтуынша. 

4. АЛДАР КӨСЕ 

(ІІ – нұсқа) 

Бұрынғы уақытта бір Алдар көсе қойдың қу жауырынымен бал ашып жүреді екен. Бір күні қоналқаға бір 

ауылға келіп қонады, қонған үйінің қазанына бал ашып жүрген жауырынын адамға көрсетпей, апарып, 

салып жібереді. Сол қонып отырған үйдің әйеліне айтады: 

– Қазаныңызға мен ет салдым. Піскен соң өзіме көбігімен берерсіз, – дейді. 

Ет  піскеннен  кейін  Алдар  көсенің  еті  жоқ,  жауырыны  бар.  Алдар  көсе  дауласып,  қонған  үйінен  бір 

құйымшақ  алады.  Құйымшақты  алып,  тағы  бір  елге  келіп,  бір  үйге  қонады.  Алдар  көсенің  қабы  бар, 

қабына орап, құйымшағын қонған үйінің етіне қосады. Сөйтіп, өзі жатып қалады. Таңертең тұра сала: 

– Қаптағы етім жоқ, бір қап етім бар еді, жалғыз–ақ құйымшақ қалыпты. Кеше жұрттың бәрі көрген, әзер 

көтеріп әкеліп едім. Не етімді тауып бер, болмаса, төлеп бер, сенің өзің алмасаң да, жұмысшың алған 

шығар, – деп, отырып алады. Қонған үйі байшікем үй екен, бір кішкене тоқты беріп құтылады. 

Енді  Алдар  көсе  тоқтысын  алып,  тағы  бір  елге  келеді.  Тағы  да  бір  үйге  қонады.  Тоқтысын  үйдің  қой 

қорасына қойларымен бірге қамайды. Сонсын өзі жатып қалады. Біраз уақыт өткен соң орнынан тұрып, 

өз тоқтысын өзі жоқ қылады. Таңертең үй иесімен тоқтысын көрейін деп, қой ішіне келеді. Келсе, тоқты 

жоқ. Сонан жатып, үй иесімен дауласады. 

– Өз қойың түгел, менің жалғыз тоқты ма келді ме ұры? – деп дауласып, айыбымен бір тоқтысына тоғыз 

қой алады. 

Тоғыз қойды айдап келе жатқанда алдына үш кісі кез келеді. Бір кедейдің қызы өліп, соны қояйын деп 

келе жатқан кісі екен. Сол жерде өлген қызды Алдар көсе тоғыз қойын беріп алады. Өлген қызды беріп, 

тоғыз қойды айдап, үш кісі кете барады. Өлген қызды Алдар көсе тірі адамдай киіндіріп, түйесіне өңгеріп, 

бір  ауылға  келе  жатқанда  сол  ауылдың  қыз-қырқын,  бала-шаға  шулап,  «келіншек  келе  жатыр»  деп, 

алдынан шығады. Қызарып қыз-қырқын келе жатқанда түйесінің өркешіне біз тығып алады, түйесі тулап, 

жығылып кетеді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              732 bet 

– Сендердің қырсықтарыңнан түйем үркіп жығылып, келіншегім өліп қалды, – деп, дауласып, ауыл болып 

бір пәлеге қалдық, мұнан құтылайық, – деп, бір кедейдің қызын беріп, қоя береді. Алдар көсе қызды алып 

келіп отырады. Кешке қонатын жерге келіп отырып, Алдар көсенің қызға айтқан сөзі: 

Қу жауырыным – құйымшақ, 

Құйымшағым – тоқтышақ, 

Тоқтышағым – тоғыз қой, 

Тоғыз қойым – өлі қыз, 

Өлі қызым – тірі қыз. 

Айналайын, сары қыз. 

Арқамды қасы, дәрі қыз, – деген екен Алдар көсе. 

5. АЛДАР КӨСЕ МЕН БАЙ 

(I – нұсқа ) 

Алдар көсе байдың қойын жайыпты. Жайып жүріп, бір күні шықпақ болыпты. Байдың баласы жоқ екен. 

Қойнына ыстық нанды тығып, қойына кетіп бара жатса, Алдар көсе келіп: 

–  Бай,  сенімен  құшақтасып  кетейін,  –  деп,  байға  келіпті.  Байға  «қош»  деп,  құшақтасып  көрісіпті. 

Қойнындағы ыстық нан қойнын күйгізсе, бай нанды: 

– Ит жегір-ай, – деп, лақтырып жіберсе, Алдар көсе: 

– Ит жегенше, мен жейін, – деп, сол арада нанды жеп алыпты. 

Байдың үш қызы бар екен. Үлкенінің аты – Жуанбіз, ортаншысының аты – Ортаншыбіз, кішісінің аты – 

Жіңішкебіз екен. Әсіресе, кіші қызы сұлу екен. Алдар көсе байға айтыпты. 

– Байеке, байеке, жіңішке бізіңізді бере тұрсаңыз. Етігімді тігіп алайын, – дейді. 

Бай: 

– Үйге барсаң, қатын береді, – дейді. Алдар көсе үйіне келіп: 



– Бай Жіңішкебізді маған ал деді, – деп, қатынына айтыпты. Қатыны «бермеймін» десе, Алдар көсе байға 

айқай салыпты. Сөйтсе, бай ашуланып, қатынына: 

– Бер, – депті. Қатыны Жіңішкебізді Алдар көсеге беріп жіберіпті. Алдар көсе Жіңішкебізді алып келе 

жатса, бір таз қой бағып жүр екен. Алдар көсе тазға айтыпты. 

– Тазым, тазым, басыңды жазып берейін бе? – депті. Таз: 

– Мақұл, – депті. 

– Көк серкеңді әкел, – деп, серкені сойып, қарнын-жынын таздың басына қаптап: 

– Сен енді  осы құдыққа түсіп, жылын. Қасыңа бір ешкі  байлап қоясың. Сол ешкі  маңырағанда, тазың 

кетеді, – деп, ешкіні байлап кетіпті. Сөйтсе, қой кетіп қалыпты. Алдар көсе Жіңішкебізбен келе жатса, бір 

қарт қос айдап жүрсе, сартқа келіп, Алдар көсе қартқа айтыпты. 

– Сарт, мен сенің үйіңнен тамақ ішіп шықтым. Қатының тамағыңды даярлап тұр, маған «сен айдай тұр» 

деді, – депті. Сарт сеніп, үйіне кетіп қалса, өгізінің құйрығын кесіп, жерге қадап, екі өгізді Жіңішкебізбен 

бір белдің астына апарып қойып, сартқа айқайлапты. 

–  Сартақ  сарт,  өгізің  жерге  кіріп  кетті,  –  деп  айқайлайды.  Сарт  келіп,  құйрықты  тартса,  Алдар  көсе 

«жұлынады, тартпа» десе, сарт болмай, жұлып алыпты. 

– Әне, жұлма десем де жұлды. 

Сарт жерді қазып-қазып, таба алмай, сарт үйіне кетіпті. 

Алдар көсе Жіңішкебізді, екі өгізді алып, жолына түсіпті. 

6. АЛДАР КӨСЕ МЕН БАЙ 

(ІІ – нұсқа) 

Бір күні Алдар көсе байларға ашуланып, оларды мұқату үшін бір байдың аулына келеді. Күн батып кеткен 

мезгіл  болса  керек,  бай  қозыларды  қойдан  бөлгелі  жатыр  екен  дейді.  Бай  күржіңдеп,  бір  семіз  қойды 

қозысын ертіп, шеткерек көгенге көгендеуге апара жатыр екен. 

Көсекең артынан барып, қойдың қозысын алып, қала береді. Бай көген басына барса, қойдың қозысы жоқ, 

оны  іздеп,  кері  жүгіріп  кетеді.  Осы  кезде  қаны  қайнап  тұрған  Көсекең  семіз  қойды  көгеннен  босатып 

жіберіп, жетектей, тасамен тайып тұрған екен дейді. 

Бай қайта оралып келсе, қойы орнында жоқ, кімнен көрерін білмей, сақалын жұлады. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              733 bet 

Алдар көсе қойды үйіне әкеліп сойып, етін жеп, екі-үш күн өткен соң әлгі байдың аулына тағы барады. 

Кеште барған соң кете алмай, көсе байдың үйіне түнейді. Түн ортасы ауғанда бай шырт ұйқыда жатқанда 

Алдар көсе айқайлап, өкіріп: 

– Ойбай, алтынды ұрылар әкетті, – деп, тұра келеді. Бай жалма-жан жарық жағып жіберіп, жастығының 

астындағы қоржындағы алтындарын түгендейді де: 

– Бәрі түгел ғой, – деп, қайта төсегіне жатады. 

Алтынның қай жерде жасырулы тұрғанын сезген көсе таң атуға жақын байдың есі кетіп ұйықтап жатқан 

кезінде  байдың  алтынын  жастығы  астынан  қоржынымен  суырып  алып,  сыртқа  шығады  да,  бай  үйінің 

сықырлауық есігін сыртынан байлап кетеді. 

Бай таң атқан соң алтынын жоқтап, жан-жаққа іздеу салады. Ешкім білмейді. Ал байдың өзі де түнде келіп 

қонған қонақтың кім екенін білмейді. 

Көсекең бұл алтынды орналастырып, екінші байдың аулына барған екен дейді. Бай базарға барып, мал 

сойып, етін сатып жатыр екен дейді. Алдар көсе қасапшы байдан ет саудалап, үш қадақ ет алмақ болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет