– Менің тісім ауырып қалды, Қожанасыр келіп, тісіме ем қылсын, – депті. Жігіттер келіп:
– Қожеке, жүр, сізді патша шақырады, – депті. Қожа айтыпты:
– Бармаймын, патша өзі келсін және маған керосин май беріп жіберсін, – деп, жігіттерге айтыпты.
Жігіттер барып, патшаға айтқан екен Қожа келмеймін дейді, маған май берсін деп, айтып жібереді, – деді.
Патша айтты:
– Бір бөтелкеге сиіп, толтырып, Қожаға алып бара беріңдер. Оның май емес
екенін білген соң Қожа ашуланып, өзі келеді, онан соң тісімді қаратып алайын, – деді. Жігіттер бөтелкеге
сиіп, Қожаға алып барып, беріпті. Алып барған жерінен танып, Қожа біліп, сыр бермей, қала беріпті.
Екінші күн:
– Қожаны шақырып кел, келмеді ғой, келмесе, байлап алып келіңдер, – деп,
патша жігіт жұмсады. Қожа адамның кепкен бір тезегін бір шүберекке таңып алып, дайын болып отыр
екен. Жігіттер келіп, Қожаны ертіп, патшаға барыпты. Патша қол қусырып:
– Қожеке, неге кеше келмедіңіз? Кешелі бері тісім ауырып, көрмеген қорлық көрдім. Маған бір дәрі-
барыңыз болса, берсеңіз екен. Не дүние болса, мен сізге берер едім, – деді.
Қожа сонда бағанағы тезекті бір шүберекке орап, патшаға береді.
– Мынаны аузыңызға салып, әрі жұтпай, тісіңізге басыңыз, – деді. Патша тісіне басып:
– Иә, Қожа, бұл не деген сасық дәрі, мұны қайдан алдыңыз? – деп, Қожа жауап береді:
– Патша кеше маған бір бөтелке май беріпсіз ғой, сол майдың күнжарысы ғой, – деді.
Патша орнынан қарғып тұрып, ауыздарын шайып:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
721 bet
– Қожа саған амал жоқ, бірақ жұртқа жайып, мені масқара қылма. Мен саған бір кебіс берейін, – деп,
артық бағалы бір кебіс Қожаға беріп, үйден шығарыпты. Кебісті аяғына киіп алып, көшеде келе жатса,
алдынан екі қарақшы шығып, екеуі ақылдасып, «Қожаның аяғындағы кебісті қолға қайтіп түсіреміз?
Біздің қолға тисе, бірталай дүниеге сатып, қарық болып қалар едік-ау», – деп, бұлар арман қылды.
Қожаның артына түсіп, бірнеше күн әуре болды. Кебісті ыңғайын тауып, ала алмады. Ақыры, шаршап,
екі жігіт бір биік ағаштың түбіне Қожаны алып, ертіп келіп, Қожаны алдамақ болып:
– Қожеке, сіз мына бақтың басындағы құстың балапанын алып түссеңіз, біз сізге ақша берер едік, – деп
алдап, кебісті тастап, баққа шыққанда кебісті алып қашалық, – деген ақылмен мұны ойлапты.
Қожа сонда:
– Мақұл, құстың балапанын алып берейін, – деп, баққа жармасты. Кебісті тастамады.
– Қожеке, кебісті тастап, қайта түскенде киесіз ғой, тастаңыз, – деді.
Қожа жауап беріп:
– Неге тастаймын, осы жерге келіп жүремін бе? Бұл шықса, содан әрі кете бермеймін бе? – деді. Жігіттер
дымы құрып: –Мұны қалай қыламыз, бұл кебісті кәйтіп қолға түсіреміз, – деп, бұлар көп кеңесіп,
ақырында, «Мұның үйіне түнде ұрлыққа баралық. Ұйықтап жатқан жерінен мұның кебісін және үй
дүниесін алып кетейік», – деп ақылдасып, түнде Қожа ұйықтап жатқан жерінен екі жігіт ұрлыққа кірді.
Қожа сезіп, тыныш жатты. Кебісті және үй дүниесін алып, екі жігіт жүріп кетті.
Артынан Қожа өзінің төсек-орнын, қазан-ошағын алып, жігіттердің артынан жүріп береді. Жігіттер бір
үйге келіп, кіріп, жаңа отырғанда Қожа да кіріп келді. Жігіттер есі шығып:
– Қожеке, бұл қалай? – депті. Қожа жауап беріп:
– Біз осында көшіп келмедік пе? – деді. Жігіттер сасып, не қыларын біле алмай:
– Қожеке, бізден айып өтті, кеш. Дүниеңізді үйіңізге алып барып берейік, – деді. Қайта көшіп, үйіне алып
келіп, қойды.
***
Қожа бір күні базардан екі келі ет алып, қолына ұстап келе жатса, бір қарақұс құйылып келіп, Қожаның
қолындағы етті іліп, алып кетіпті. Қожа не қыларын білмей сасып, бір қалқа жерге барып отырыпты. Және
басқа адам ет алып келе жатса, Қожа бағанағы құс құсап, әлгі адамның қолындағы етті жұлып алып, қаша
береді. Кісі артынан қуып:
– Қожеке, бұл қалай, мұныңыз зорлық па? Етті беріңіз, – десе, Қожа:
– Бұл жердің ырымы осындай екен. Қарақұстан менің етімді алып бер, мен де саған беремін, болмаса,
жолыңнан қалма, – дейді.
***
Қожа бір күн мешітте намаз оқып, көп кісілермен қатарға тұрып, еңкейе бергенде, Қожаның артындағы
бір жігіт қалжың қылып, құйрығына түртіп қойыпты. Қожа мұны көріп, алдындағы имамның Қожа
құйрығына түртіп жіберіпті. Қожа қайратты кісі болса керек, молда сүрініп-жығылып, намаз бұзылып,
Қожаға қарап:
– Мұның қалай? Мұныңыз кісілік пе? – депті.
Қожа жауап беріп:
– Молдеке, маған айтпаңыз, менің артымдағы жігіттен сұраңыз, мені бұл түрткен соң мен де сізді түртіп
едім. Бұл жердің рәсімі осындай екен деп ойлап қалдым, – деп Қожа жауап берді.
***
Қожа бір күні бір мешітке кіріп келіп:
– Жасаған Құдай маған мың алтын беріп, мың алтыннан бір алтын кем болса, алмаймын. Беретін болсаң,
мың алтын бер, – деп, мінәжат қылып, зарлай береді.
Бір үлкен бай мұның зарлап тұрғанын көріп:
– Анық әулие ме екен, жоқ, кәйтер екен, бұған мың алтыннан үш алтынын кем қылып, сынап көрейін,
есіктен шығарда қайтып алармын, мұны бір сынайын, – деп, тоғыз дүз тоқсан жеті алтынды тастап жіберіп,
қарап тұрды. Қожа жан-жағына қарап, ешкім көрінбеген соң дереу алтынды алып, санап тұрып еді, қараса,
үш алтын кем. Қожа алтынды жерге қойып:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
722 bet
– Ай, Құдай, мен саған мың алтын деп едім ғой, енді не, үш алтынға ақшаң жетпей қалды ма, алмаймын
мұныңды, берсең, түгел бер, – деп өкпелеп отырды, әрі-бері отырыпты, үш алтын келетін болмады, сонда
Қожа:
– Ойбай, мен есімнен жаңылған екенмін, мен мұны ойламаппын ғой, Құдай мұның үш алтынды кем
қылмақ себебін мына сыртындағы дорбаны үш алтынға бағалаған екен ғой, бұл дұрыс екен, мұны алайын,
– деп, жанқалтаға салып алып, жүріп кетті. Есіктен шыға бергенде бай жармасып:
– Қожа, алтынды тастаңыз, бұл – алтын менікі, сізді сынамаққа сіз жылап жатқасын, сынайын деп тастап
едім. Алтынды беріп кетіңіз, – деді.
Қожа қайырылып қарап:
– Неткен ақымақсың, мен сенен бұл алғаным жоқ. Мен Құдайдан сұрап едім, – деді. Бай артынан қалмай,
жабыса берді. Байды итеріп тастап, жүріп кетті. Қараса, байға теңдік беретін емес. Жағаласайын десе, әлі
келетін емес. Бай сасқанынан қазыға барып, арыз қылды.
– Менің мың алтынымды Қожа алып кетті. Қалжың қылып, ойнап тастап едім. Ол Құдайдан алдым деп,
маған теңдік беретін емес. Сол пұлды сіз бірдеме қылып, өндірмесеңіз, болмас болды, – деді.
Қазы айтты:
– Қожаны шабар жібергенмен келмейді, ол бір тентек кісі, өзің амалдап, Қожаны ертіп кел, онан соң
сұрармыз, – деді. Бай сонда Қожаға келді.
– Қожа, сіз қазының алдына барып, жауап беріңіз, екеуміздің дауымызды қазы шешеді. Соған жүріңіз, –
деді. Қожа жауап беріп:
– Мақұл, қазыға барайын, бірақ менің киімім жыртық, астымда ат жоқ. Қазыға барғанда маған ұят болады,
бір ат, бір тон тап, соны киіп барайын. Дауымыз біткен соң ат, киіміңді аларсың. Уақытша маған аусын,
– деді. Бай сонда жүретін болмаған соң Қожаға бір ат мінгізіп, бір тон кигізіп, алдап, қазыға ертіп барды.
Барған соң қазы жауап сұрап:
– Қожеке, сіз мына кісінің алтынына зорлық қылмаңыз, алтын мұныкі екен, қайтарып беріңіз, – деді.
Қожа жауап беріп:
– Тақсыр, қазы, мен мұның қолынан алтын алғаным жоқ. Бұл бір жалагөр адам екен. Бұл бай әуелі аздан
соң астыңдағы ат та, үстіңдегі тон да мендік деп жала қылар. Бұл зорлықшы адам екен, – деді.
Бай ойбай салып, астыңдағы ат пен үстіңдегі тон мендік емей, кімдік? Нағылған Қожасың? – дейді. Қожа
сонда қазыға қарап:
– Көрдің бе, мынаның жалақорын, тон мен атты мендік деп отырғанын қарашы, – деп, орнынан қарғып
тұрып, есіктен шығып, жүре берді. Қазы сонда байға қарап:
– Ақымақ адам екенсің, алдыңғы бұлыңды алмай жатып, оған ат-тон бермегің де бар екен алтынменен.
Қожадан кеткен дүниең болды.
– Бұл дүние түгіл ақыретте де саған Қожа теңдік бермейді, – деді.
***
Бір күні Қожа бір мешіттің мұнарасына шығып отырыпты. Мешіт алдында бес-алты молда шариғат
сөйлеп отырып, бір адам бір молдадан сұрапты.
– Тақсыр, бұл арықтағы суды біреу былғаса, аяқ жағындағы ел ішуге бола ма? – депті.
Молда жауап беріп:
– Басында біреу былғаса, ол су жеті домаласа, шариғат үкімі де адал болады, – депті.
Қожа мұнараның басында отырып, төмен молдаларға қарай шаптырып жіберіпті. Қараса, бір адам
мұнараның басында тұр, көк жауды ма деп қараса, ашық.
– Мына қызталақ шаптырып жіберген екен, – деп, мұнарадан қуып, жерге түсіріпті. Қожаны молдалар
танымайды. Қожаға қарап:
– Қызталақ, жындымысың? Біз сенің қол-аяғыңды байлап, өзіңе таяқ береміз, – деп қуып, Қожаны
жабылып, ұстап алады.
– Атың кім? Сен қайдан келдің? – деп, Қожаны ортаға алып, ұрып, «Атың кім?» – деп сұрапты. Қожа
молдаларға айтыпты:
– Атым – Құдай, – депті. Молдалар бұл сөзге шамданып: – Бұл анық дінсіз екен, мұны ұрыңдар, қол-аяғын
байлаңдар, – деп, қол-аяғын байлап алып, патшасының алдына алып барып:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
723 bet
– Тақсыр, патша, мына қызталақ біздің кітабымызға сиіп жіберді. Оның бер жағында «Атым – Құдай», –
дейді. Бұл шариғат үкімінде мұндай адамды шауып, өлтіріп тастау керек, – дейді.
Патша сұрап: – Неге бүйттің, неге кітабына сиесің, неге «атым – Құдай» дейсің, неткен адамсың, жауап
бер, – деді.
Сонда Қожа:
– Тақсыр, тоқтаңыз. Мен мұнараның басында отырғаным рас. Бірақ молдалар су арам болса, жеті
домаласа, адал болады десті. Өздерінің айтуы жалған болмаса, мен сиіп жібердім, сигім келіп, бірақ менің
сідігім жеті түгіл, жетпіс домалап түсті ғой. Шариғат дұрыс болса, менің сідігім адал болғаны ғой.
Екінші, бұл молдалардың бәрі бұзық екен. Мені ұстап алып, жан-жағымнан талаған иттей есімді шығарды.
«Атым менің Құдайберген», – деп, «Құдайын» айтып, «бергенін» айтқанша қол-аяғымды байлап, сіздің
алдыңызға алып келді, – деді.
Патша күліп, молдалардан босатып жіберді.
***
Қожанасыр бір күні базарға келсе, бір үлкен адам бойы айна тұр екен. Қасына келсе, айнаның ішінен өзі
көрініпті. Дереу әйеліне келіп:
– Ай, жолдасым, Қожанасыр біреу емес екен, екеу екен. Кәдімгі мен сияқты тағы біреу бар екен. Мен бір
жаққа кеткенде, мұнда сен қойныңа мен екен деп, алып қойма, – депті.
Әйел айтыпты:
– Не сөйлеп тұрсың? Менің көзім жоқ па? – депті. Қожанасыр айтыпты:
– Ойбай, жүрші, екеумізді салыстырып көр, – деп, әйелін ертіп келсе, әйел айтыпты ғой:
– Бұл айна ғой. Міне, мен де тұрмын ар жағында, – депті.
Қожа ойлапты:
– Ойбай, ананы мен сияқты екен десем, сен сияқты оның да әйелі бар екен ғой, ол сені құртса, оның әйелін
мен құртармын, – депті.
***
Қожанасыр бір күні жас баласын алдына алып отырса, Қожанасырдың алдына сиіп қойыпты. Дереу
Қожанасыр баласын жерге отырғызып, баланың алдына Қожанасыр сиіп жіберіпті. Әйелі айтыпты:
– Қожанасыр, мұның қалай? Бұл – бала, сіздікі не, ұят емес пе? – десе, Қожанасыр айтыпты.
– Бұл маған сигенде, мен осыдан жеңілемін бе, мен де сидім. Бұл неге ұялмайды, мен неге ұяламын? –
депті.
***
Қожанасыр бір күні есекке мініп, қоржын артып келе жатса, есек бүлдіріпті. Дереу есектен түсіп, киім-
кешегін шешіп, есектің үстіндегі қоржын жібін алып, барлығын бір тең қылып, өзі жотасына көтеріліп,
есектің үстіне мініп алыпты.
Есек тағы жүрмепті.
– Қызталақ, киім-кешек, қоржын – барлық ауыр жүкті мен көтергенде, мені сен көтере алмайсың ба? –
депті.
***
Қожанасыр бір күні базарға барса, ел мал сатып жатыр. Сатқан малдарын өте мақтап жатқанын көріп,
ойлапты.
Қожаның үш қызы бар екен, үшеуі де бойжеткен екен. Ешкім Қожадан батып, қызын айттырмаған екен.
Қожа «менің қызымды ешкім алмады. Мұнысы несі?» – деп жүреді екен. Жаңағы базарда сатқан
малдарды көріп, әр нәрсені мақтамаса, алатын емес екен ғой деп, Қожанасыр жиылған елге қарап:
– Ай, жұрт, мен де үш қыз бар, үшеуі де сұлу, үшеуі де семіз, өздері сүтті, кең қолтық әдемі қыздар
алатындарың болса, алыңдар, – депті. Жұрт батпай жүр екен, үшеуін үш адам алыпты да қойыпты.
***
Бір күні Қожанасырға әйелі базардан бір сиыр сатып алып кел десе, базардан бір бұқа сатып алып келіпті.
Әйелі айтыпты:
– Мұныңыз бұқа ғой, – десе,
– Бұқа болса да, балаға сүт болсын, – депті.
123. ҚОЖАНЫҢ АЙДЫ АСПАНҒА ШЫҒАРУЫ
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
724 bet
Бір күні түнде Қожа шөлдейді. Құдықтан су алып, ішпек болады. Құдыққа қауға салады. Қауғасы
құдықтың шегіне ілініп қалады. Әрі-бері тартып, шығара алмайды.
Сонан кейін Қожа:
– Бұған не болды екен? – деп, еңкейіп, құдықтың түбіне үңіледі. Онда айдың сәулесін көреді. Сонан соң:
– Е, қауғам, Айға ілініп қалған екен ғой, – деп ойлайды.
Сөйтеді де, құдықтың шеңберіне табанын тіреп, қауғаны бар пәрменімен тартып қалады. Қауғасы кілт
шығып кетеді. Қожа шалқасынан құлайды. Құлап жатып, Қожа аспанда тұрған Айды көреді. Сонда ол:
– Уһ, не болсын, ол болсын, әйтеуір, Айды аспанға бір шығардым-ау, – дейді.
124. ҚОЖАНЫҢ САУДАГЕРДІ ҰТУЫ
Қожанасыр бала-шағаларын киіндірейін деп, базарға сатуға үйдегі жалғыз сиырын жетелеп, жолға
шығыпты. Жолға бір қонып, Қожекең базарға да жетіпті. Базарда Қожекеңнің арық сиырын ешкім
саудаламайды.
Бір кезде базарда Қожанасырдың жанына бір шапан қолтықтаған адам келеді. Қожекең оған:
– Мына шапаның не тұрады? – дейді.
Шапан иесі:
– Шапанымды мына сиырыңа ауыстырайын, – дейді.
Қожанасыр ішінен бала-шағамызбен жамылуға жетер, бұл арзан дүние екен деп:
– Ал, онда ауыстырайық, – деп, сиырын шапанға ауыстырып жібереді. Одан кейін Қожанасыр шапанды
қолтықтап, базарды аралайды. Базарда біреу малақай сатып жүр екен дейді.
Қожанасыр оған:
– Мына малақайың не тұрады? – дейді.
Малақай иесі:
– Арзан, мына шапаныңа ауыстырайын, – дейді.
Қожанасыр ішінен бұны балаларым киеді екен, арзан дүние шығар деп:
– Ал, онда ауыстырайық, – деп, шапанын малақайға ауыстырады.
Қожанасыр малақайды басына киіп алып, қуанып, үйіне қайтып келе жатады. Күн ыссы болып, шөлдеп,
бұлаққа су ішуге келеді. Терең бұлақтан еңкейіп, су ішіп жатқанда, Қожанасырдың басындағы малақайын
жел үріп, суға түсіріп әкетеді. Ол оны терең судан ала алмайды. Қожанасыр судағы малақайға қарап:
– Е... суда қалғың келген екен, теріңді басқан соң өзің үйге келерсің, – деп, әрі қарай үйіне жүреді.
Біраз жүрген соң Қожанасырдың артынан үш түйе жүгі бар бір ноғай саудагер қуып жетеді. Ол
Қожанасырға сәлемдесіп, қайдан келе жатқанын сұрайды. Қожекең оған базарға сиыр апарғанын, оны
шапанға ауыстырғанын, шапанын малақайға ауыстырғанын, малақайын су ішіп жатқанда жел үрлеп,
бұлаққа түсіргенін айтады. Саудагер таң қалып:
– Енді әйеліңе не айтасың, жалғыз сиырыңды, ақырында малақай жасап, оны да суға ағызып, жоқ етіп
келе жатырсың, – дейді.
Қожанасыр күлімдеп:
– Ой, тақсыр-ай! Менің әйелім адал сүт емген, бір ауыз да сөз айтпайды, – дейді.
Саудагер өзерленіп:
– Ол мүмкін емес, осыдан әйелің бір ауыз сөз айтпаса, мына үш түйе жүгімді берем, егер әйелің сиырыңды
неге жойдың деп, сөз айтса, өміріңе маған түйеге жүк тиеуші боласың, – дейді.
Қожанасыр қарқылдап:
– Я, бір ауыз қарсылық сөз айтса, мені өміріңе түйеңе арт та жүр, – деп, қолын саудагерге ұсынып, келісім
жасайды.
Бір кезде бұлар Қожанасырдың үйіне жақындайды. Түйелерді бір сайға шөгеріп тастап, екеуі
Қожанасырдың үйіне келеді. Қожа үйіне кіріп кетеді де, саудагер сыртта киіз үйдің белдеуінен тыңдап
тұрады. Қожанасырдың әйелі Қожаға сәлемдеседі. Біраздан соң ол Қожанасырға:
– Я, малыңызды базарладыңыз ба? – деп сұрайды. Қожа:
– Сиырымды бір шапанға ауыстырдым, – дейді.
Әйелі:
– Қайырлы болсын, шапанда бір үс киім ғой, – дейді.
Қожа:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
725 bet
– Шапанымды бір малақайға ауыстырдым, – дейді.
Әйелі:
– Е, қайырлы болсын, малақай да бас киім ғой, – дейді. Одан әлгі Қожа күлімдеп:
– Малақайды киіп келе жатыр едім, су ішейін деп, бұлаққа еңкейе бергенде жел үріп, басымнан суға
ағызып әкетті, – дейді.
Әйелі:
– Е, Қоже-екем, басқа келген пәледен «бастан құлақ – садақа», өзің аман келсең, болды, – деп, сабадан
қымызды құя бастапты дейді.
Сол кезде сыртта тыңдап тұрған саудагер үйге кіріп келіп:
– Қожанасыр, үш түйе жүгіңді ал, әйелің адал сүт емген екен, адал екен, – дейді.
Қожанасыр саудагердің үш түйе жүгін алып, бала-шағаларын, көрші-көлемдерін киіндіріп, өзі дүниеге
молайып қалған екен дейді.
369 - Бөлім: Қазақ ертегілері (2)
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2066
1. АЛДАР КӨСЕНІҢ ӘКЕСІНЕН БАТА АЛУЫ.
АЛДАРДЫҢ БІЛГІР ҚҰС ТАПҚАНЫ
Баяғыда өткен заманда, хан Жәнібек тұсында Қожыр деген бір кедей шал болыпты. Үш баласы болыпты.
Күндерден күн өтеді, шалға кәрілік жетеді. Кәсіп етуден қалады. Ақырында, шал балаларын жинап алып:
– Жасым келді, кәрілік жетті. Сендер болсаңдар ержеттіңдер. Мал тауып, тамақ асырайтын менен әл кетті.
Мал табу, тамақ іздеу енді сендерге жетті. Ай, балалар! Кәсіп етіңдер, мал табыңдар. Мені асыраңдар.
Кәні, қайсың қандай кәсіппен мені асырайсыңдар, айта беріңдер, – дейді.
Сонда әрі-бері ойланып тұрып, балалары мынаны айтады:
Үлкені:
– Дұрыс айттың, ей, ата!
Егінді сүйер көңілім.
Мұнымда жоқ еш қата.
Егінмен өтсін өмірім.
Ортаншы:
– Егіннен басқа тағы да:
Көңілімде қой бақсам.
Маған берген бағы да –
Мал дегенде зар қақсам.
Кенжесі:
– Ей, ата, мен алдасам,
Болса да, шын арбасам.
Жұрт істейтін кәсіп көп,
Алдауды мен қаласам.
Шал балаларының берген жауаптарына ырза болады.
– Олай болса, Алла беттеріңнен жарылқасын, тұңғышым, сен жер кәсібін істе, егін сал. Ортаншым – қой
бақ, малшы бол, кенжем – сенің қалағаның алдау болса, басқа кәсіпті көптің бәрі істейді, бұл бір ерекше
кәсіп екен. Сенің де Алла алдыңнан жарылқасын. Алдар бол, – дейді. Қол жайып, батасын береді.
Содан үлкен баласы егіншілікке түседі, ортаншысы мал бағуға кіріседі, кенжесі алдау жолына түседі.
Алдаушының тұрақты жері бар ма? Ел кезіп, жер шарлап, кете береді.
***
Шалдың кенже баласы қолына таяқ ұстап, белін белбеумен қыстап, күн-түн жүріп, айлар-жылдар жүріп,
бір заңғар тауға келеді. Нардай шөккен заңғар тау алдын бөгейді. Таудың басы бұлттан асқан екен. Басына
дейін жалтыр тас екен. Адамның аяғы баса алмас, басына шыға алмас мұндай тау кездескенге Алдар
қайғыланады.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
726 bet
– Ебін тауып, адамды да, Алланы да, жын-шайтанды да алдауға кетіп бара жатырмын. Сондай таудай
талапты арқалап келе жатқанда, бұл тау маған бұйым бола ма? Қалай да болса, осы таудың басына шығып
асамын, – дейді.
Қона жатып, қыстап, таудың тасын қашап, саты жасайды. Өлдім–талдым дегенде, дымым құрыды дегенде,
күндер де бір күн азар деп, таудың басына шығады. Басына шығады да, талып, құлайды.
Бір уақыттарда есін жиып, көзін ашса – бір байғұз құс шоқиып, жатқан кісіні тас деп біліп, кеудесіне мініп
отыр екен. Шап беріп, ұстай алады. Аяғына жіп байлап, қолына қондырып алады.
Жарар дейді керекке,
Әуелгі байғұз олжа ғой.
Жарамаса керекке
Жіберермін қолда ғой, – деп, жүре береді.
Жүріп келе жатса, таудың арғы етегінде жұмыртқадан да ақ бір үй отыр.
Таң-тамаша жайлары,
Ойлы-қырлы сайлары.
Тас бастаулы маңайы,
Гүлденіпті баурайы.
Алдар таң-тамаша қалады, «не де болса, осы үйге барайын», – деп, таудан түседі. «Достың үйі ме,
дұшпанның үйі ме, адамның үйі ме, диюдың үйі ме? Әуелі байқайын», – деп, ептеп келіп, үйдің
жабығынан сығалайды. Сығаласа:
Бір жігіт пен бір әйел
Сүйіседі жақындап.
Күйіседі сақылдап,
Текешіктей бақылдап.
– Қызық та, той да, кәсіп те мұнда екен, – деп, Алдар ойланып тұрып-тұрып, «аптышау» деп, қатты бір
түшкіреді. Жігіт пен келіншек шошып кетеді. Жігіт бір секіріп, төр алдындағы тұрған сары сандыққа кіріп
кетеді. Келіншек шашбауындағы ашқышпен сандықты екі бұрап, кілттеп қояды. Алдекең мән-жайды біле
қояды.
– Ассалаумағалайкум! – деп, Алдакең жылт етіп, үйге кіріп келеді.
«Қайдан келдің, пері?» дегендей, келіншек қабағын түйіп, бір қарап, үндеместен отыра береді.
Алдар ішінен:
– Үндемесең, үндеме, келіншек, сенің де, сары сандық, сенің де сазайыңды берермін, – деп, күлімдеп,
отыра береді. Біраз отырғасын келіншек күлімдеп отырған Алдарға бір қарап:
– Неге күлімдеп отырсың? – дейді.
– Ана сабадағы қымызды көріп, күлімдеп отырғаным ғой, – дейді Алдар.
– Көрсең, іш,– дейді келіншек.
«Іштің» хабары келгесін Алдакең қарай ма, қара сабаның басына мінеді. Тойғанша қымыз ішеді. Сабаның
қасында тураулы тұрған, пісірулі сары қазыны да бірге аттандырады. Қазы мен қымызға тойып алып, төр
алдына барып, жантая кетеді.
Алдардың күлімдеуінен қорқып, бірдеңені біліп қойды ма? – деп, қипақ қағып отырған келіншек жібек
кілемнің үстіне сұлаған Алдарға ештеңе айта алмайды.
Алдекең қазыны жегенге, қымызды ішкенге, төрге аунағанға місе тұтпай, келіншекпен қалжыңдасуға
кіріседі. Қалжыңдасып отырып, бұл бір сасық байдың үйі екенін, байдың баласы жоқ екенін, келіншек
қырық бірінші қатыны екенін біліп алады. Сандықта жатқан жігіттің келіншек шаңырағына мініп келген
«енші» екенін де сезеді.
Сиырларын өк-өк деп,
Түйелерін шөк-шөк деп,
Жылқыларын құраулап, Достарыңызбен бөлісу: |