Бай етті шегіп, ұстата бергенде, көсе өткір алмас пышақпен байдың қолын кесіп алады. Бай табанда есі
ауып, құлап түседі. Ал, Алдар көсе бір тасалау жермен тайып кетеді.
Алдар көсе байдың қолын қапшығына салып, сол күні түнде ұйықтамастан кесілген қолды алып, алтынын
алған байдың үйіне келеді. Алтыны ұрланған бай тағы да алтын ұрлауға ұрылар келер деп, қызын киіз
үйінің кіре беріс босағасына күзетші етіп қойған екен дейді. Алдар көсе де ішінен күзетші болар деп
сезіктеніп, киіз үйдің сықырлауық есігін аз ашып, кесіп әкелген байдың қолын үйдің ішіне ұсынады. Қыз
өткір қылышымен қолды «кесіп» түседі. Алдар көсе:
– Ойбай, бикеш, қолымды кестің ғой, – деп, бақырады да, сырттағы атына міне, қаша жөнеледі.
Байдың қызы жарық жағып, үйдің кіре берісінде қан-қан болып, кесіліп қалған қолды тауып, әкесін оятып
көрсетеді. Бай ертең еліне жар шашып, қолы кесілгенді тауып әкелгенге бәйге жариялайды. Байдың
шабармандары қолы кесілген ет сатқан байды тауып алып, әкеледі. Ол бай:
– Ойбай, ет сатып тұрған жерімнен біреу қолымды кесіп әкетті, өзім өлермен халінде жүрмін, ханға апар,
шешсін, – дейді. Алтын иесі:
– Ұры сенсің, қызым өтірік кескен жоқ және де сенікі, ханға жауапты өзім берем, –деп, қасапшы байды
өлтірген екен дейді.
Алдар көсе күндерде бір күні алыстағы бөтен бір ханның еліне барады. Ханның ордасының айналасы
кілең күзетші, бағушылар екен. Көсе өтірік домбырашы болып, ханның ордасына кіріп, байқатпай жүреді.
Түн болған соң Алдар көсе ханның алтынын алып, оны қапшыққа салып, ханның ат қорасына апарып,
жасырынады. Ат қорадан ханның қара арғымағын тауып, оның бір жағын ақ балшықпен бояп, ағартады.
Одан кейін арғымаққа міне шабады. Күзетшілер тоқтата алмайды. Хан алтынының алынғанын сезіп,
күзетшілерді шақырып, қандай ат мінген адам кеткенін сұрайды. Хан ордасының қақпасының оң жағында
тұрғандар:
– Қара ат мінген кісі кетті, – дейді.
Қақпаның сол жағындағы күзетшілер:
– Ақ ат мінген кісі кетті, – дейді.
Хан қатты кейіп, уәзірлеріне:
– Мына күзетшілерді өлтіріңдер, бір жағы қара, бір жағы ақ ат болмайды, мені мазақ етіп тұр. Өздері
ұрлап жүр, – дейді.
Көсекең:
– Алтын да олжа, ат та олжа, – деп, еліне барып, қара арғымақты сойып, етіне тойып, алтынға керегін
алған екен дейді.
7. АЛДАР КӨСЕ МЕН ДОСЫ
Бір сапар Алдар көсеге бір сараң бай келіп, дос болыпты. Сол уақыттағы ханның өте сұлу қызы бар екен,
көрем деген адам әрбір көргеніне мың тіллә беріп, көреді екен. Әлгі сараң бай сол ханның қызын көруге
көңілі кетіп, досына айтыпты:
– Мені ертіп барып, маған ханның қызын көрсет, – деп. Алдар көсе досына:
– Жақсы, көрсетейін, ол қызды көрген адам әрбір көргеніне мың тіллә беріп көруші еді, мен сізге бір
тиынсыз көрсетейін, – депті. Досынан сұрапты:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
734 bet
– Сен маған кәзір екі теңге бер, мен кейін берейін, – депті. Бай:
– Мақұл, кейін берсең, берейін, – деп, екі теңгені беріп, екеуі ханның қызы жаққа келе жатып, жолда бір
қой жайып жүрген қойшыға жолығады. Алдар көсе қойшыға айтты:
– Мен екі теңге берейін, сен маған бір жаман лақ бер, – деп, қойшы бала «мақұл» деп, бір лақ әкеп беріпті.
Сонан соң Алдар көсе айтады:
– Шырағым, қойшы, сен мына екі теңгені де, лақты да алып, маған бір арықтау тоқты бер, – деді.
Ол байғұс қойшы ойлайды: теңге де, лақ та менікі болса, пайда ғой деп, оны алып, бір тоқты әкеп береді.
Көсе тағы айтты:
– Қарағым, енді былай болсын, сен, міне, теңгені де, лақты да һәм тоқтыны да ал, маған бір ешкі бер, –
деп. Мұны естіп, ақымақ қойшы бәрін алсам, байып кетемін ғой деп, анасынан туғандай қуанып, бір ешкі
алып келіп берді. Ақыры, осы алдаумен бір үлкен қойын алып, кетіп қалды. Екеуі қойды алып, қыздың
ауылының алдында бір өзен бар еді, соған барып, қос салып отырған екен. Хан қызының күңі суға келсе,
екі адам отыр.
– Қайдан жүрсіңдер, не қылып отырсыңдар? – деп сұрады.
Алдар көсе айтты:
– Біз көктен түскен адамбыз, – деп. Күң қайтып барып, ханның қызына айтады:
– Сондай адамдар отыр, – деп. Ханның қызы бұларды көрмек болып, малайларымен келіп, жақындағанда
Алдар көсе досына айтады:
– Жақсылап көріп ал, – деп, ол біраз тұрып, кетіп қалды.
Баяғы күң тағы бір суға келгенде бұлардың бір қойды балталап жатқанын көреді. Ол күңі бұлардан «Не
қылып жатырсыңдар?» – деп сұрады. Бұлар «соямыз» деді. Күң жүгіріп барып, хан қызына айтты.
– Баяғы адамдар қой союды білмейді екен, бір қойды соямыз деп, балталап жатыр, – деді. Сонда ханның
қызы тағы келіп, тамаша қылып тұрғанда, бұлар тағы көріп алды. Хан қызы күңіне айтып, оларға барып,
союды үйрет деп, күңді жіберіп, үйретеді. Бұлар үйіне барған соң, хан қызы күңді тағы жіберді.
«Біліп кел, не қылып жатыр екен» деп. Ол күң келсе, ошақ қазып, етті ошаққа салып, үстіне су құйып,
бетіне қазан төңкеріп, от жағып жатыр екен, күң келіп, тағы сұрады:
– Не қылып жатырсыздар? Бұлар:
– Пісірейік деп жатырмыз, – депті. Күң қайтып барып, хан қызына айтып, оларды ертіп келіп, астына от
жағып, етті қазанға салып, пісіруді үйретті. Бұл келгенде, тіпті, анықтап көріп алыпты.
Біраздан кейін күң тағы қайтып айналып келсе, бұлар қазаннан етті алып, ол жағына бір тигізіп, бұл
жағына бір тигізіп отыр екен. Күң «Не қылып отырсыздар?» десе, «Жегеніміз де осындай», – депті. Хан
қызын ертіп әкеліп, енді бұларға тамақ жеуді үйретті.
Енді кеш болған соң, «Бұлар алыс жерден келген мейман екен», – деп, хан қызы сарайына алып келіп,
қонақ қылып, қондырыпты. Түнде екеуіне бір оңаша тамға төсек салып жатқызса, бұлар аяғынан өздерін
жоғары асып, бастарын төмен салбыратып, асылып тұр. Хан қызы мен күң келіп, бұларға «Неғып асылып
жатырсыңдар?» десе, «Өзіміздің жатысымыз осындай», – депті. Сонан соң бұларға қыздардың жаны
ашып, күң Алдар көсені, хан қызы бай-патшаны қойындарына алып жатыпты. Түнімен қыздың қойнында
жатып, көңілі бітіп, ертеңіне ауылына қайтыпты.
Жолда келе жатып, бай Алдар көсеге: «Екі теңгемді бер», – деп сұрапты. Алдар көсе:
– Мақұл, берейін, тұра тұр. Әзір жанымда пұл жоқ, – депті. Сонан соң бай-патша екі–үш күнде пұлымды
бер деп, келе берген соң, бір күні тағы келе жатқанда қатынына айтыпты:
– Анау менің досым келе жатыр пұлын сұрап, мен өтірік ауырайын, ол келіп, мені сұраса, «Ауырып
жатыр» [деп айт] – депті. Ол келіп, «Досым қайда?» десе, қатыны: «Ауырып жатыр», – депті. Бай
ауруының өтірік екенін біліп, «досымды көріп, өлсе, қолымнан жуып, көміп қайтайын», – деп, үйге кіріп
отырыпты. Сонда Алдар көсе қатты ауру адамға ұқсап, біраздан кейін өлген адамдай болып, көзін жұмып
жатыпты. Сонан соң досы бір қазанға суды қайнатып, әбден ысытып, «сүйегін өзім жуамын» деп, жуғанда
көсенің бір қабат терісі сыпырылып, көлдіреп қалыпты. Астына шеңгел салған екен, оның тікені етіне
кіріп кетіпті. Сөйтіп, ақыретке орап, апарып, көміп қойған жерінен көсе «тіріліп», үйіне қайтып келіпті.
8. БАЙДЫ АЛДАҒАН ШАЛ
Бұрынғы өткен заманда бір шал, кемпір және бір қызы болыпты. Бұлардың мал дегенде бес-алты ешкісі
болған. Әр күні шал ешкісін бағып жүріп, ұйықтап қалып, қасқыр шалдың ешкілерін жатақ жеріне қуып
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
735 bet
кетеді. Шал ұйқыдан тұрып қараса, ешкілері жоқ. Сонан ізіне түсіп отырып, бір інге келеді. Шал
қасқырдың інге әкеліп кіргізгенін білетін, қасқырды ұстап алмақшы болып, іннің аузында қапты қолына
алып, аңдып тұрады. Біраздан соң қасқыр іннен шыға берген уақытта қасқырды қапқа салып алып, аулына
қайтады. Өз үйіне жете алмай, жолда бір байдың үйіне келіп, қонады, үйге кіргеннен арқасындағы қапты
керегенің басына ілдіріп қояды. Бір уақыттан кейін бай сұрайды шалдан «қабыңыздағы не?» – деп.
Шал айтады:
– Қаптағы тұқымы асыл бір көк қошқар еді, – дейді.
Бай:
– Қошқарыңды маған сат, – дейді.
Шал:
– Жақсы, сатайын. Бәленше тілдә берсең, – дейді. Бай сұрағанын беріп, алады.
– Мұны енді қаптан шығарып, қойға жіберейік, – десе,
– Жоқ, қазір жіберуге болмайды. Адам тегіс жатқаннан кейін жіберу керек, – дейді.
– Мақұл, – деп, ел тегіс жатқаннан кейін қораға жібереді. Әлгі қораға жіберген «көк қошқар» тоқты менен
қойлардың бәрін тамақтап кетеді. Сонымен қатар бәленше тілдәні алып, шал да жоқ болады. Ертеңгісін
бай тұрып, қораны қараса, қойларының көбі теңкиіп-теңкиіп, өліп жатқан. Енді бай ойласа, түндегі көк
қошқар емес, ол көк қасқыр екен. Бай, сөйтіп, шалдан алданып қалған.
9. АЛДАРДЫҢ ӨГІЗ СЕМІРТКЕНІ.
КЕРУЕНБАСЫН ЕКІ АЛДАУЫ
Бір күні Алдар үлкен қара жолмен сапар жүріп келе жатып, мал айдаған үлкен бір керуенге кездеседі.
Алдар жанынан жортып, өтіп бара жатқанда керуенбасы:
– Әй, жігітім, босқа жүргенше, мал таппайсың ба? – дейді.
– Табайын, – дейді Алдар.
– Олай болса, біз саған жүз өгіз берелік. Соны қасымызда жайып, айдап отыр. Осыған көнесің бе? – дейді.
– Жақсы, көнейін. Өгіздеріңді айтқандарыңдай семіртіп берейін, – дейді Алдар.
Сөйтіп, керуеннің жүз өгізін жаюға алады. Өгіздерін керуенді жанамалап айдап, бірнеше күн жүріп
отырады.
– Бұл жануарларды азырақ қатты айдап, ішін босатпаса болмас, ауырлап жүре алмай келеді, – деп, бір күн
өгіздерді тышқақтата айдап, қуа жөнеледі. Сол қуумен отырып, керуеннен бірнеше күндік жерге озып
кетеді.
Бір жерге келеді де:
– Жырымдап берген малды алған Алдарды көрген екенсіңдер,– дейді де, өгіздерді маң даладағы бір қораға
қамап тастап, барлығының да құйрықтарын керуеннің жүретін жолындағы бір үлкен батпаққа әкеліп,
әрқайсысын әр жерге шаншады. Өзі батпақтың бір шетін қазуға кіріседі. Бірнеше күннен кейін
керуеншілер келеді. Келсе, өгіздері жоқ. Алдардың өзі батпақты айналдырып қазып жатыр.
– Ау, неғып жатырсың? Өгіздер қайда? – дейді керуенбасы.
– Ой, не қыласың? Өгіздер тойынып, жүндері түлеп, шөлдегеннен бой бермей, мына батпаққа келіп, түсіп
кеткені. Батпақтың асты су емес пе? Сол суға тұмсықтары жетіп, су ішіп, шықпай жатқаны! Қандары
кеуіп қалған екен, тіпті, шығара алмай қойдым,– дейді.
– Қані, батпақта өгіз түгіл сайтан да жоқ қой, – дейді керуенбасы.
– Ана құйрықтарын көрмейсің бе, шошайып шығып тұрған. Өгіз болмаса, ол не? – дейді Алдар.
– Ал, өгіз ол болсын, өзің жерді неге қазып жатырсың?
– Өгізді айдап шыға алмағасын мына батпақты қазып, бір–бірлеп айдап шықпақшы едім.
– Қой, мынауың еріккеннің ермегі! Сол батпақты қазып болғанша біз жолдан қалып жатамыз ба? – деп
түсе қалып, күшіне сенген бір неме екен, жүгіріп барып, бір құйрықты ұстай алады.
– Ойбай, тоқта! – деп, Алдар жүгіріп барып, жібермейді.
– Ал, немене?
– Ойбай, құйрығынан тарта көрме! Сиырдың құйрығы осал болады. Үзіліп кетеді. Сиырдың көбі шолақ
болатынын білмейсің бе? Құйрығын тартып, үзіп алсаң, бірі қалмастан суға кетеді. Олар жалғыз ғана
құйрығына ілігіп тұр. Әйтпесе, суға кетіп қалады, – дейді.
– Боқ жеп тұрғаның не өзі? – деп, керуенбасы жүгіріп барып, бір құйрықты тартып қалып, суырып алады.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
736 bet
– Мынауың қалай бос еді, – деп, екінші біреуін тағы суырып алады.
– Апырай, күшің қалай еді, жарықтығым! Өгізден де күшті екенсің. Күшті балуан адамды өмірімде
бірінші көруім – күшің де байлығыңа сай келген екен. Ойбай, енді тарта көрме! Мына күшіңмен бір өгіз
де қалмайды. Бәрінің де құйрығы үзіліп, батып кетеді. Онан да базардан тез кетпен сатып әкеліп, жабыла
қазсақ, бәрін де аршып аламыз. Апырай, күшіңнен қорқайын дедім. Енді тартуыңды қой, – дейді Алдар,
жүгіріп келіп, керуенбасшыны ұстап.
Керуенбасы мақтаншақ бір мырза екен. «Өгіздей күшің бар» дегенге кеудесін көтере түседі. Мақтанып,
тағы бірнеше құйрықты жұлып алады.
Ақырында, малға құмарлығы мақтаншылығын жеңеді. Тартуын қояды.
– Тез күрек әкеліп, аршыған жөн болар, – деп, құйрықты тартуын қояды.
– Міне, жүз сом ақша. Біреуің тез барып, күрек сатып әкеліңдер, –дейді керуенбасы жігіттеріне қарап.
Жүз сомды көріп, Алдардың көзі жайнап кетеді.
– Күрек әкелгенде бір мән бар. Құйрықтың үшіне ілініп тұрған өгіздер көпке төзбейді. Осал құйрық емес
пе? Екі-үш күннен кейін үзіліп кетеді. Тез қазып алу керек болады. Кетпенді қалайда кешке дейін жеткізу
керек. Бұған бір жүйрік жігіт баруы керек, – дейді.
Жігіттердің ішінен «Мен барам» деуші табылмайды. Бәрі де «Бүгін күрек жеткізу қайда! Базарға да жете
алмаймыз», – дейді.
– Болмас-болмас! Мен өзім-ақ жүгірейін, – дейді Алдар.
– Олай болса, жарайды. Мә, ақша! Қалай да бүгін жет! – деп, керуенбасы жүз сомды Алдарға береді.
Жүз сом қолға түскесін Алдардың аяғы аяғына жұқпайды. Құйындай ұшып жөнеледі.
– Шайтанның жүйрігі-ай! Лезде көз үшіне жетіп, жоқ болды, – деп, керуендегілер мақтасады.
Алдекең жүгіріп отырып, қамаған өгіздерге келіп, алдына салып айдап, тайып отырады.
10. АЛДАРДЫҢ ТАЗШАНЫ ЕМДЕУІ, ТӘУБАҒА КЕЛУІ
Өгіздерді айдап келе жатса, қой баққан бір тазшаға жолығады. Амандасып, ол-пұл деп отырып,
торсығындағы айраннан ішіп, шөлін қандырады.
– Осыны алдап, қойын айдап кетсем, – дейді ішінен Алдар. «Қалай алдаймын?» деп отырып, қойшының
самайына көзі түседі. Үрпиіп самайынан шығып тұрған шашын көріп, таз екенін біледі. «Енді жайыңды
таптым», – дейді ішінен.
– Қой баққан деген азап қой. Мен де талай қой баққанмын, – деп, Алдекең үлкен кеңеске түседі – қой
бағудан көрген бір азабым сол, шаңырақта, азапта жүріп, сар қотыр таз болғанмын. Тазша деген ат қандай
жаман! Құтыла алмай жүргенде, тәңір жарылғағыр, бір емшінің емдеп жазғаны, – дейді.
– Ол қандай ем істеп еді, – деп, қойшы шап ете түседі.
«Енді қармаққа іліндің бе?» – дейді де ішінен, қалай емдегенін айтады.
– Бір күні қойымды жайып отыр едім. Мойнында дорбасы бар бір адам келді. Келіп отырып, басымның
таз екенін көріп: «сорлы, өлесің ғой, емдетпейсің бе?» – дейді. Мен ем таба алмай жүргенімді айттым.
– Ем таба алмады деген не? Мен-ақ емдеп берейін, – деді. «Емдеңіз», – деп, жабыса кеттім.
– Бірақ, байдың көп қойын аяйсың ба, қасқыр жеді дерсің. Біреуін сой. Әрі етіне тоялық, әрі басыңды
жазалық. «Басыңды жазу үшін құйрығы мен іш майы керек», – деді. Бір қойдың несін аяйын, сол жерде
сойдым да, әрі етін асып, етке тойдық, әрі құйрығы мен ішкі майын басыма тартып, тазымды жазып алдым.
Сол емшіден үйреніп, бастары таз ауылдас балалар бар еді, солардың бәрін емдеп жаздым… Қой, ойбай,
әңгіме айтам деп, жолымнан қалдым. Енді жүрейін, – деп, Алдар тұра келеді.
– Ойбай, ағатай, менің басымды да емдеп кет, – деп, тазша жабыса кетеді.
– Ойбай-ау, сен де таз ба едің? Манадан бері айтсайшы! Онда емдейін, – дейді.
Тазша қойдан таңдап жүріп, бір семіз қойды ұстап, алып келіп, ұрып, сояды. Етін асады. Етке тойып алып:
– Ал, еміңді істе, – дейді.
– Емімді істейін, бірақ, сен шартымды орында, әйтпесе, жаза алмайсың,–дейді Алдар.
– Орындаймын, – дейді тазша.
– Орындасаң, құйрық пен шарбы майды басыңа ораймын. Сен ықтау жерде бір күн, бір түн
қимылдамастан, көзіңді ашпастан жатасың. Содан кейін тазыңнан түк те қалмайды. Оған дейін қойыңды
мен жая тұрамын, – дейді.
– Жарайды, – дейді тазша.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
737 bet
Алдар қойшының басына құйрық пен шарбы майды орап, бір апандау жерге апарып, жатқызады.
– Ал, қыбыр етпе. Май әбден сорып алсын, – деп, жатқызып тастайды. Сөйтеді де, жүз өгізге қосып алып,
қойды да айдап жүре береді.
Қойшы басының тазын майға сорғызып жата тұрсын, енді кетпен күтіп қалған керуенге келелік.
«Алдарды кетпен әкеледі» деп, керуеншілер әні жатады, міні жатады. Бір күн өтеді, екі күн өтеді, үш күн
өтеді.
– Әй, осы қу алдаған болар, – дейді.
Біреуі барып қараса, өгіз түгел дәнеңе жоқ, бәрі де әшейін шаншылған құйрық, «Ұрған екен!» – дейді.
Енді бәрі жиналып, күшіне мақтанған керуенбасын жатып келіп мазақтайды.
– Апыр-ау, бұл не деген күш! Құйрықты нағып көтерген?! – дейді біреуі.
– Апыр-ай дейсің! Батпақ қалай бірге қопарылмағаны! – дейді екінші біреуі.
– Оны айтасың-ау! Жер нағып дірілдемеген десейші! – дейді үшіншісі.
– Дірілдемегені несі! «Әуп» деп, құйрықты тартып келіп кеткенде, жер теңселіп, көктегі Күн домалап
барып, азар қалған жоқ па? – дейді енді біреуі.
– Әжүз-Мәжүз шығады дейтін еді. Тауды тауға соғады дейтін еді. Осы сол Мәжүзің…. – деп, енді біреуі
келекелеп келе жатқанда, керуенбасы ұшып тұрып:
– Тоқтатыңдар енді, бірдеңе көрейін демесеңдер! Сол қуды тауып алып, құйрығына таңба басып, құл
қылмасам, жер үстінде жүрмейін, – деп, тұра көліктерін жектіреді.
– Айтамыз ғой! Осыда бір күш бар, – деп, керуеншілер сықақтайды.
Керуеншілер күн жүріп, түн жүріп, Алдарды іздейді. Алдардың кеткен жолымен келе жатса, басына
шарбы орап, апанда жатқан біреуге кездеседі. «Дәу де болса, осы болар», – деседі.
– Тұр! – деп айқайлайды. Қойшы тұрмайды. Біреуі келіп, теуіп қалады, оған да тұрмайды.
«Мынау өлген адам екен», – деп, басындағы майын жұлып алса, бір тазша. Өлуі былай тұрсын, бетіне май
сіңіп, нарттай болып алған.
– Не ғылып жатырсың?
– Емделіп жатырмын.
– Неден?
– Тазымнан.
– Құйрық пен шарбыдан емделуге болады деп кім айтты?
– Ар жақтарыңдағы қой жайып жүрген адам айтты.
– Қайдағы қой жайып жүрген адам?
– Ар жақтарыңдағы.
– Ар жағың қайсы?
– Е, ар жақтарыңда қой жатқан жоқ па?
– Қой, түге, шайтан да жоқ.
– Қойшы, әй! – деп, тазша ұшып тұрады. «Өзің қойшы», – деп, керуеншілер күліседі.
Тазша қараса, қой түгіл, дәнеңе де жоқ. Алдардың алдап кеткенін енді біледі. «Енді бай өлтіреді» деп,
еңіреп, отыра кетеді.
– Сен жылауыңды қой. Біреу алдап, жүз өгізімізді айдап кетті. Соны қуып, іздеп келеміз. Бізге ер, сен де
табарсың, – дейді керуенбасы.
– Ойбай, жүз өгіз айдаған тап – сол, – дейді таз.
– Е, олай болса, бізді алдаған қу сені де алдаған екен. Жоғымыз бір жерде екен. Жүр, ізделік, – дейді.
– Жарайды, – деп, тазша бұларға қосылып, Алдарды бірлесіп іздейді.
Керуеншілер мен тазша Алдарды айлап, жылдап іздейді. Бармаған, сұрастырмаған жерлері қалмайды.
Ақырында, Алдардың ауылы қайда екенін біледі.
Керуеншілер мен тазшаның тынбастан іздеп жүргенін бір күні Алдар да есітеді. «Енді не амал қылдым?»
деп, ойлап-ойлап, ақыры, амалын табады. Бір күні еліндегі қарияларын жиып, Алдар садақа беріп:
– Ал, елдің жақсылары, кәриелері! Бармаған жерім жоқ, баспаған тауым жоқ. Соншама ел кезіп жүріп,
істеген жақсылығым да болар, жамандығым да болар. Енді бүгінгі күн тәубаға келіп, өткендегіден безіп
отырмын. Өмірімнің ұзақ еместігі өзіме аян болып жүр. Сол себептен сіздерден патиқа алу үшін, сонымен
бірге көзімнің тірісінде қабірімді тұрғызу үшін шақырып отырмын, –дейді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
738 bet
Көпшілік «әумин» деп, патиқа қылып, садақа етін жеп, Алдардың қабірін тұрғызысуға кіріседі.
– Алдардың тірі отырып, моласын салғызғаны – тәубаға шын келгені екен, – деседі.
11. АЛДАР КӨСЕ МЕН АЛАША ХАН
Баяғы Алаш алаш болғанда, сол уақыттарда Алаша деген кісі хан болып тұрғанда, Алдар көсе деген адам
алдайтын біреу болған екен. Бір күні сол Алдар көсе Алаша ханға келіп айтыпты:
– О, тақсыр, менім бір өнерім бар, сізге айтайын деп келдім, – депті.
Сонда хан:
– Рұқсат, айта бер, қандай өнерің бар? – деді.
Көсе айтады:
– Тақсыр, мен алтынды егіп шығаратын өнерім бар. Егерде бір батпан алтын берсеңіз, мен сол алтынды
егіп, сізге бір қызмет қылсам, – деді.
Хан көріп, айтады:
– Егер де алтынды алып, егіп шығара алмасаң, не қыламын? – деді.
Көсе:
– Тақсыр, өлтіріңіз, – деді.
Хан мақұл көріп, мың тілләлік алтын береді. Алдар көсе алтынын үйіне алып келеді. Хан Алдар көседен
күнде хабар алдырып тұрды, не қылып жатыр екен, – деп.
Ханның хабаршылары келгенде қос өгіз алып, бір таудың бөктерін айдап, егін егіп жатқан кісі болып егіп
жүріп, «бір мың бол!» – деп, хан жасауылдарына естіріп айтады. Сөйтіп, өтіріктен көсе алтынды егіп
болды. Енді жұрт күзгі егінін орып болған соң хан көсеге жасауыл жібереді:
– Алтынды алып келсін, – деп. Жасауылдар көсенің үйіне келіп, сөйлес қылды. Үйінің ішінен бір әйелдің
даусы шығады, «Үйде жоқ», – деген. Сонан соң жасауылдар аттан түсіп, көсенің үйіне келіп қараса, үйінде
бір сұлу қыз отыр. Жасауылдар бұл қыздан көсе қайда кетті деп сұраса, қыз айтады:
– Биыл жауын жоқ болған соң ағамның еккен алтынының мәнісі болмай, ханнан қорыққанынан алтын
іздеп кетіп, тапсам – келемін, таппасам келмеймін деп кетті, – деді. Сонда жасауыл:
– Сіз кім боласыз? – деп сұрады.
Сонда қыз тұрып:
– Мен сол көсенің қарындасы боламын, – деді. Сондағы «қыз» болып отырған көсенің өзі еді. Жасауылдар
бұл сөздерді айтып, жасауыл ханға барып, көрген-білгендерінің бәрін ханға сөйледі. Хан бір адамға
бұйырып, дереу барып, көсенің үйіндегі қарындасын алып келіңдер, – деп, бұйрық қылды. Ханның
жарлығын екі қылмады, жасауылдар барып, көсенің қарындасын алып келеді. Алып келген соң хан өзінің
қыздарының қасына қосып қойды. Ханның екі қызы бар еді.
Көсенің өтірік қарындасымен үшеу болды. Үшеуі тату болып, күліп-ойнап, бір табақтан ас ішіп, бірінің
төсегіне бірі жатып, сырласатын болды. Бір күндері түнде ханның қызының біреуі тұрып айтады:
– Осы Құдайдың құдіретіменен үшеуміздің біреуімізді еркек қылса, көп жақсы болар еді, – деді. Сонда
көсенің «қарындасы» тұрып айтады:
– Мен бір дауа білемін, соны қылып қарайық, қандай болар екен, – деді.
Ханның қыздары «қыла гөріңіз» деп, өтініп қоймаған соң сонда тұрып көсенің қарындасы ханның
қыздарына айтты:
– Үш аяқ су алып келіңіздер, – деді.
Ханның қыздары үш аяқ суды алып келді. Көсе үш аяқ суды қатар қойып, ханның қыздарын бастарына
орамалдарын жапқызып, отырғызып қойды. Өзі аяқтарды алдына алып, бірдеме оқып отырған болып,
Достарыңызбен бөлісу: |