ертеңімен ауылды торуға келді. Бұл елде ұры болмаса керек. Мал иесіз жатады, жаңғыз-ақ мал күзеткен
қыз-келіншектер ойнап жүр. Басқа малға қарап жүрген ешбір адамды көре алмады. Бұл күні қорадан
таңдап жүріп, екі қойды алып шықты Майқап. Жолдым да қарап жатқан жоқ қой, біраз құрт пен май, екі
шапан, төрт көйлек, қойшы қыздың білезігіне дейін алып шығыпты. Бұл сапар осымен қайтып, мекенге
келді. «Бір-екі күн тағы тынайық» деген ақылға тоқтады.
Осы мекенде табандаған бес күн жатты, алтыншы күні қатты жаңбыр жауып, естері шығып, қайда
паналарға жер таба алмады, өте қиын болды, күн бір күн, бір түн жауды. Далада ешқандай нәрсе су болмай
қалмады, бәрі су болды. Осы жауынның салдарынан от та сөнді, жауындағы оттық та су тиіп, от алмай
қалды. Екі күн, екі түн аш отырды.
Ел де бұлардың ұры екенін айтпай танып тұр, ұстап алады, онан соң құтылу қиын болады. Бармайын десе,
аштан өлетін болды, «Қой, бүйтіп өлмейік, сен барып, от алып шық үйден», – деді Майқап.
– Жарайды, екеуміз барайық, қайтарда мал да алып келейік, – деді Жолдым.
Елдің бәрі жатып қалған, бір-ақ үйден от шығады. Ол үйде күлкі ойнаған қыздардың даусы естіледі. Бұл
екеуі ойлайды – бұл үйде қыз ойыны, не болмаса, шілдехана бар ғой, қалай болады деп. Екеуі әңгімеге
кіріседі.
– Қой, не де болса, барайық ауылға, – дейді.
Ауылдың төріне кіріп, Майқап қойдан қой таңдады, тап өзінің әкесінің еншіге берген қойдай топ қойды
қосақтап айдап, шығып кетті.
Жолдым да от шыққан үйге таянып, ол жерінен, бұл жерінен сығалап жүр. Әбден анықтап қараса, қыз
ойнақ та жоқ, құр қыздардың бастаңғы істеп отырған отау үйі екен.
Жал бақырмен біреуі қуырдақты қуырып отыр. Жолдым осы қуырдақты және от алып шықсам деген ойға
кірді. Қуырдақты көргенде шыдап тұра алмады. Екі күннен бері қарны ашқан сабаз үйге кірсем деген
ойды мықты сақтады.
– Ой, түсімді өзгертіп барайын, ешқандай бетіме қарай алмайды, – деп, есіктің алдындағы зор балшықты
бетіне жағып, бөркін айналдырып киіп, үйге кіріп барды. Төрдің алдындағы отырған қыздар көріп:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
824 bet
«Ойбай, көтек», – деп, жабырлап, қисая кетіпті. Қуырдақ қуырып отырған келіншек артына бұрылып
қарап:
– Ойбай, Тәңір-ай, – деп, қолындағы бақырды тастай беріпті.
Жолдым бақырды алып, үстіне екі–үш шаланы салып, қисайып жатқан қыздардың екі бөркін қолтығына
қысып, отты өшіріп, үйден аман-есен шығып, өзінің су бөркін отқа жауып, қыздардың бөркін басына киіп,
қатты аяңға салып, жүріп кетті. Ай сондай қараңғы, көзге түртсе, білмейді. Ауылдан көп жерге шығып,
аздап дем алып, қуырдақты жеп, ауыл жаққа құлақ салды – «Қуғыншы бар ма немене», – деп. Ештеңе жоқ,
қыздар жылқышы деп, өздерінің ауылының жігіттерін атын атап, айғайлап:
– Бөркімді бер, сен-ақ же, қуырдағы құрысын! – деп, өздерінен көріп жатқан еді.
Жолдым қуырдаққа тойып, енді отты сөндірмей, алып барайын деген ойға кірді. Іздеп барып, өзі
мекендеген жеріне келді.
– Майқап! – деп, дабыл қылды.
– Мен өзім, – деп, жауап берді Майқап.
Қойды сойып, ашқан қарынды таң атқан соң тойдырды. Жолдым отты қалай алып қашқанын баяндады.
Тойып болған соң: «Қой, енді жата бермейік», – деп, екі күн төзіп, жал-қоны бар жылқы мен түйені алып,
бір сыпыра жасады, тауып алып, он күннен кейін еліне қайтты. Бұл алып қайтқан малдары өздерінің
ұстауына екі жылға толық жетерлік еді. Жиырма күн дегенде өзінің шыққан еліне қайтып оралды. Бұл
жаздың айы еді.
Ұры сорлыда береке бар ма? Осы малды тез-ақ азайтып алды. Бұрыннан өтей алмай жүрген борышын
өтеді және ел жақсыларына ат мінгізді. Кейіннен шыға қалса, сөзімді сөйлесін деп. Ешкім келген де жоқ,
осы малдар тастай батып, судай сіңді. Бұлар айлалы – ендігі әкелген малды өзіміз пайдаланамыз, мынау
– алды, ауыз бастырыққа берейік, – деген ой кірген еді.
Ақыры, ойынан шықты, екі айда мал да ада болды. Екі ат қалды, осыны ешкіге сатып, тағы ешкі айдамақ
болды.
Жиырма шамалы ешкіні айдап, баяғы нан жеген жағына аяңдады. Жайлауға келген ел, бұл екі қарақшы
келуін тоспай-ақ, өздері күздігүні қайтып көшіп кеткен болатын, оны бұл екі «мырза» есепке алмай,
көрген жерде ауыл бар деп, азығын шамалап алып шығыпты. Алып шыққан ешкі таусылып қалыпты.
Ешбір ел таба алмады. Олай ойлап, былай ойлап, ақыры, елдің көшкен ізімен жүрді. Жолдың
қиыншылығын көрді. Бұл екеуі жемеген құрт, құмырсқа қалмады. Аштық, бір жағынан, жаяулық тағы
бар, өте жол азабын көрді. Өлдім, талдым дегенде ел қарасын көрді. Мұның өзіне бұл екі «мырза» қатты
қуанды. Ауылға баратын бұл жазғандарда бет бар ма? Көрініп тұрған ауылға бара алмады.
Алыстан көріп, соған қарындары тойып, мәз болды. Күн де бұларға ерегескендей жуырда батпай қойды.
Асыққанда қандай бір күннің өзі бір жылдан кем тимеді. Бұлар асыққан екен деп, күн де тез бата қоймады,
уағында барып батты.
Күннің батысы-ақ мұң екен, екеуі бүлкілдеп ауылдың сыртына келді. Олай-бұлай торуылдап еді,
ешқандай нәрсені қолға түсіре алмады. Өздері сондайлық бай да ауыл болмай шықты. Егін салып отырған
жатақ болса керек. Сауымдық сиырдан басқа ешқандай мал көрінбеді. Оны олар алғыза қоятын емес.
Күзетші бар. Ешқандай көз ілмей, төрт күзетші отырды. Онымен бірге ауыл біткеннің иттері жатпай, біз
қай жаққа шапсақ, солай қарап үрді де тұрды. Не амал істеу керек? Олай жүгірдік, былай жүгірдік. Қолына
сынық мал да түсіре алмады Майқап. Діңкесі құрып, екеуі бір тасаға келді. Таң атқан соң мұны күндіз
аңдиық деген ақылға келді. Ауылдың сыртынан баспалап, қарап отырды. Ешқандай шашау мал шықпады.
Сиырды жұмысшылар ортасына айдап барып, сауып отырды. Бұзау ауылдың маңайынан шықпады.
Бұрынғы аштық аштық па? Қарын енді жаман ашты. Мынау ауылды көрген соң және жайылып жатқан
сиырды көрген соң, қарындары өте шұрылдады.
– Сен амалын таппасаң, менен қалған жоқ, – деді Майқап.
– Күн батпай, мен не істей аламын? Күн батсын, сонан соң ауылға тағы барып көреміз, – деді Жолдым.
Ауылдың сыртынан баспалап, көріп отыр. Қай жағынан кіру керек екен? Бір жалғыз үй тұр. Онда мал да
жоқ, өзі анау ауылдан бірталай жер. Сол үйге бару керек кешке, – деп, Майқап ақыл берді Жолдымға.
Жолдым:
– Жарайды, уағында көрерміз, – деп, жауап берді.
Күн батып, ел жатқан мезгілде бұлар да ауылдың сыртына келді. Түндегі қалпы, төрт күзетші отыр.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
825 bet
– Қой, бұл ауылдан ештеңе ала алмаймыз. Өзіміз отырып қалармыз, – деп, жағалап отырып, жалғыз үйге
келді. Келсе, бұл үй тым-тырыс, ит те үрмейді, сөйлеген адамның даусы да шықпады. Құлағын олай салып,
бұлай салып:
– Ұйықтаған екен, енді кіру керек, – деді Майқап.
– Жарайды, кірейін, – деп, жан-жаққа қарап, үйге қадам басып жөнелді. Сол қалпында Майқап тұрып
қалды. Жолдымға тапсырғаны сол – «Көжесін күбісімен алып шық, өзің кешігіп қалма», – деді Майқап.
– Жарайды, кешікпейін, – деді Жолдым.
Есігі де сондайлық оңай екен. Кідірместен үйді аралап байқап еді, бір–ақ әйел жатыр. Басқа ешкім жоқ
екенін біліп, аспай-саспай, өзі үйді аралап, керекті заттарды қапқа салып, енді ши жақты жағалады. Тамақ
дегеннен болғаны сол – ертең жұмысшыларға деп істеп қойған бір күбі көжеден басқа ештеме таба алмады.
Күбісімен алып шығуға күбіні көтере алмай, шелекке құйып алайын деп, шелек іздеп жүргенде есік
ашылды. Кірпікшешендей жиырылып жатып, жан-жаққа бақылау жіберді.
Келген адам жан-жағына қарамастан, тақтайда ұйықтап жатқан әйелдің жанына жатты. Ойлапты өзінің
байы екен ғой, ұстап алар ма екен деп қауіптеніп, құлағын тақтай жаққа салып, қарай-қарай Жолдым да
отырыпты.
– Екі күннен бері неғып келмедің, жалғыз өзім алаңдап, жата алмадым, – деді әйел.
– Қайдан білейін, үйде ғой деп, қорқып келе алмадым, – деді жігіт.
– Ол кеткелі екі күн болды. Сол барған жағында бір ай шамасындай болмақ, бұдан былай келіп жүр,
жаным, – деді әйел.
– Жарайды, келіп жүремін, сен ойыма түскенде не болғанымды өзім де білмей қаламын. Менің жаным
сенде ғой, шыбын, – деп, әйелдің бетінен шөп етіп, бір сүйіп алды жігіт.
Осындай ғашық болып жүрген екі азамат өздерінше ғашықтық-махаббаттық жұмыстарын жүргізе
бастады. Мұны көріп отырған Жолдымның ойынан аштық шығып, не істерін білмей, аузынан сілекейі
ағып, тамсана беріпті.
Бұл екеуі құмарлық жұмысы біткеннен кейін ұзақ сонар алдағы күнді қалай өткізетінін айтып, ұйықтамай
жатыпты.
Үйде қандай қызықтың болып жатқанынан шаруасы жоқ, әлгі барлық тамақтың тәттісін өзі ішіп,
рақаттанып жатыр ғой деп, қарны ашып, мазасы кетіп, Майқап тұрды.
– Қой, мен де үйге таянайын, әлде көтере алмай жатыр ма? – деп, Майқап үйге қарай аяңдады.
Бұлардың барлық әңгімесін естіп:
– Мынау мынаның заңсыз байы екен ғой, бұл таң атқанша осында бола ма, жоқ, қайта ма? – деп, ойланып
отырды Жолдым.
– Егер бұл таң атқанша болса, біздің қарнымыз ашып, өлеміз ғой ертеңге шейін, – деп, ұзақ ойға кетті.
Осы кезде мынадай сұрақ қойды әйел өзінің заңсыз байына:
– Сен мені шын жақсы көресің бе? – деді әйел.
– Жанымнан да жақсы көремін сені, – деді еркек.
– Ондай болса, менің дүзге отырғым келді. Далаға көтеріп барып, дүзге отырғызшы, – деді әйел.
Тап осы кезде Майқап та жеткен еді. Бұл сорлы үйдегі қызықты білмейді. Көңілі көжеде отырған, көтере
алмай келе жатқан күбі екен деп: «Жолдым, Жолдым, төкпе, күбіні мен алып келейін бе?» – деп,
сарылдаған суды естіп, көже екен деп қалып.
Әйелді табалдырықтың үстіне тастап жіберіп, жігіт тұра қашты. Ойбайды салуға шамасы келмей,
ыңқылдап, әйел де құйымшағы сынып, қозғала алмай қалыпты.
Әйелдің мұндай болып қалғаны екеуіне жаман болмапты. Қарны тойғанша көжені ішіп, үйдегі барлы-
жоқты дүниені алып, екі бақыр өз жайынша қайтып кетіпті. Бұл екеуінің «кәсібін» ел естіген болса керек.
Аман-есен мал алып, еліне қайтыпты.
Енді құйымшағы сынып жатқан әйелге келейік. Ертеңмен сусын алайын деп, жігіттер келсе, енеден тумай
жалаңаш есіктің алдында жылап отырған әйелді көреді. Қашықтан тұрып:
– Саған не болды? – деп, айғай салыпты жігіттер.
– Денім сау, бірақ қозғала алмаймын, сендер келмесеңдер, үйде киімімді алып беретін бір әйел келсін, –
деп, әйел ауылға хабар беріп, ауылдың бала-шағасы тегіс жиналады. «Не болды?» деп, сұрақтың үстіне
сұрақ қояды.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
826 bet
Үйден көйлегін алып келіп береді. Өзін әйелдер киіндіреді. Тағы сұрай бастайды:
– Не болды саған? – дейді жиналған халық.
– Ұйықтап қалған екенмін, екі періште мені көтеріп алып, жоғары алып ұшты. Оянып, бұлқынып қалып
едім, қолынан түсіп кеттім. Маңдайымнан сипап, екеуі өкінді. Даусым қалай шыққанын білмей қалдым,
– деді.
Жиналған халық таң қалды. Бұл тегін адам емес, Құдайдың қалаған, сүйген құлы деп, бағынды. Түндегі
істеген «жұмысын» жұрт қайдан білсін, бұлардың әулиесі түн болғанда, жаңғыз ойнас істейтін әулие
болса керек. Сол отырған ауыл қошемет қылып бағыпты, оны естіп, жан-жақтан халық келіп, осы әйелдің
үйіне түнейтінді шығарды. Бала таппай жүрген әйелдер көбірек түнейтінді шығарды. Мұнда жатқанда түс
көреді, ойлап жүргені түнде түсіне енеді, осы әулиенің қасиетінен болды деп, онан жаман мадақтайтынды
шығарды. Осы айтылған әулиені ауылдан бөлек алып бағыпты, алдына дәретсіз адам кірмейтін болды.
Сол төңіректегі ел болып жиналып, осы адамды күтетін адам қояйық, – депті. Кім лайықты деген сұрақтар
туыпты. Өзінің заңсыз байы мынау еді, соны шақырып:
– Сен мына әйелді күт, – депті. Ол жазған қашсын ба?
– Мақұл, болады, – деп, өзінің ризалығын беріпті. Қойын сойып, қолдарын қусырып, намаздарын оқып,
дәреттерін алып, әулиеге келді.
– Сізді біз пір тұтып, сізді бағып-күтушіге мынау бір пырадар адамды алып келдік, – деп, өзінің жасырын
байын көрсетіпті.
– Дұрыс болар, Құдай деген адам екен, бағуға жарайды, – деп, ризалығын білдіреді.
– Маған бұдан бұлай еркекпен бір ұйықтауды қоспайды, сондықтан менің еріме әйел алып беріңдер, мен
ризамын, – деді әйел.
Халық не болса, соған табынып, мақұл деп, қабыл алыпты. Құдайдың айтуы бойынша істейді ғой, таза
«әулие» екен деп, бұрынғының үстіне онан жаман табынатынды шығарды.
Сорлы бейшара, халықтың айтқанынан шыға алмай, амалсыздан әйелінен айрылды. Жаңадан жөндеу әйел
алды, онысына аса көңілі толмайды, қалған өмірді осымен өткізді аңқау сорлы.
Әйел өзінің қалаған байына қосылды, құйымшақтың сынғаны да жазылды, ойда жоқ жерден «әулие»
болған соң жаңағы жігіт күндіз күтуші, түнде байы болып үйленіп, қойнында жатып, қызметін атқарды.
Бұл екі бақыр көп уақыт өмір сүрді, амалмен ойдағы мұратқа жетті.
71. [ҰРЫНЫҢ ҚОЛЫ]
Бір ханның қолы ауырып, дәрігерлер:
– Енді қолың жазылмайды, кесу керек. Ал, қолсыз қалғың келмесе, жұртыңды жинап, бір оң қол сұра.
Егер оң қолын беруші болса, онда ауру оң қолыңды кесіп, орнына сала қоярмыз, – дейді. Хан жұртын
жинап, дәрігерлердің айтқанын айтып:
– Біреуің жәрдем етіп, оң қолыңды бер, – дейді.
Хан еліне қадірлі, елін жақсы ұстаған адам екен, жиналған халық қол тауып бермек боп таралады.
Хан:
– Қол берушіге жарты дүниемді берер едім, – дейді. Сол елде бір ұры адам бар екен. Ол өмірі еңбек етпей,
жалқаулыққа салынып, тек ұрлықпен күнелтеді екен. Ханға уәде берген халық әлгі ұрыны шақыртып
алып:
– Ханымыздың қолы ауырып, қолсыз қалғалы отыр. Елімізге жақсы хан еді. Оның кемтар болуы
хандығына кемістік келтірер. Дәрігерлердің айтуы бойынша, оның ауру оң қолын кесіп тастап, беруші
болса, басқа біреудің оң қолы да жарайды екен. Ал, сен болса да, қолыңды еңбекке пайдаланып жүрген
жоқсың, құр ұрлықпен елге жексұрын болдың. Сен ол қолыңды ханға бер, хан саған жатып ішуіңе өміріңе
жетер мүлік береді, – дейді. Ұры жатып ішер малға қызығып:
– Бірақ, менің қолымның түрі қара, оның қолы ақ қой, менің қолымды алмас, алса, берер ем, – дейді.
Бұл туралы ханға хабарлаған соң хан:
– Терінің ақ-қарасына қарамаймын, сұрағанын беремін, – деп, көп мал беріп, ұрының қолын алады. Сөйтіп,
хан қолды болады.
Бір кездері хан қонаққа барып келсе, әйелі оның шешкен киімінің қалтасынан әлгі шақырған үйдің
үстелінде көрген ұсақ-түйек заттарды тауып алатын болады. Ханға «Қайдан алдың?» десе, хан: «Алғам
жоқ, сол үйдің балалары салған шығар», – дейді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
827 bet
Күндерде бір күндері, «Хан ұрлық қылатын болды» деген өсек дүңк ете түседі. Хан да, ханым да
намыстанады. Сонсоң ханша ойлайды: «Әлде хан шын ұрлайтын болды ма, шынында, жұрттың
жоғалтқаны осының қалтасынан шығып жүр ғой», – деп, хан қайда барса, бірге барып, бақылап отыратын
болады. Сол уақытта барған жерде де, өз үйінде де оң қолының тыныш тұрмай, ылғи бірдеңені алып, оң
қалтасына салып жүргенін көреді. Алғашқыда ханша тауып алған заттарды [да] ханның оң қалтасынан
алған болатын. Сонсоң ханша ханға айтты:
– Е, жаным, ханзада, жұрттың өсегі рас екен. Өз көзіммен көрдім. Мен оң жағыңда отыр ем, оң қолыңмен
жан-жағыңнан нәрсе ұрлап, қалтаңа салдың. Тіпті, менің сол қалтамдағы қол орамалымды да ұрлап,
қалтаңа салдың. Мұның не, тегі, қияли шығарсың. Ел ішіндегі дәрежеңнен айырылдың.
Хан бұған таң қалды.
– Есің ауысқан шығар. Осынша дәулетіммен неге ұры қылайын? – деді.
Бірақ ханша нандырып айтқаннан кейін ойланып отырып, оң қолының өз қолы емес екендігі есіне түсіп,
халықты жинап:
– Е, менің құрметті халқым, сендердің ұлы құрметтеріңді қырық жыл көріп ем, енді төрт-бес жылдан бері
«хан – ұры» дегендеріңді де естідім. Бұл сөзді әйелім де айтты. Енді сендерден тілегім сол – мына менің
екі қолымды қараңдар, не айырмашылық бар? – дейді.
Жұрт қарап:
– Бірі – ұзын, бірі – қысқа. Оң қолың – қара, сол қолың – ақ, – деген сияқты сөздер айтады.
Хан:
– Жоқ, сендер қолдың ақ-қарасын, ұзын-қысқасын айттыңдар. Бұл дұрыс емес, әуелі осы екі қол екеуі де
менікі ме, осыны айтыңдар және оң қолды қандай адамнан алдыңдар, соны жасырмай айтыңдар, – деді.
Сол жерде жұрт:
– Ойбай, ол оң қолыңыз біреуден алған қол еді-ау!
– Ойбай, оны берген аты шулы Қарақ ұры еді ғой!
– Бәсе, хан ұрлық қылушы ма еді, сол ұрының қолы сізге ұят келтірген екен ғой, – дейді.
Бұдан кейін хан өзінің оң қолын сол қолымен жұлып алады да, «Ұрыдан қол сұрама, бұғыдан жол сұрама»
деген осы деп, лақтырып тастайды. «Ұры қол бір бас тұрсын, екі басқа сыйымсыз» деген мақал осыдан
қалған екен.
72. ҚЫРЫҚ АҚЫМАҚ
Бізден бұрынғы өткен заманда бір бай болыпты. Бай өте сараң екен. Бір малы өлсе, иә жоғалса, тамақ
ішпей, жер бауырлап, жылаумен болады екен. Байдың қырық баласы болыпты. Бай сараңдығынан
балаларының алды қырықтан асқанша қатын әпермепті. Төңірегіндегі ел байды да, қырыққа келгенше
қатынсыз жүрген балаларын да мазақ қылысыпты. Байдың қырық ұлы бұл мазаққа шыдай алмай:
– Қалада жүріп, қоңыз теріп жегеніміз жақсы,– деп, қаңғырып кетіпті. Көздеріне көрінгенді жепті. Ең
кішісі бір тасбақа тауып алып, ағаларына бермей, жепті. Ағалары оны біліп қойып, кіші інісін сабап-сабап,
қуып жіберіпті. Кіші інісі жалғыз өзі келе жатып, бір тастың үстінде қонып отырған үлкен құсты көріпті.
Құсты көрген соң ақырын бұғып барып, құстың сирағынан ұстай алыпты.
Құс оны алып ұшып таудың ең басына, бір үңгірге апарып тастапты. Әлгі үңгірдің ішінде үлкен сандық
бар екен. Сандықтың іші толған алтын екен. Бала қалтасына ептеп салып алыпты да, сандықты қайта
жауып, мақтану үшін баяғы отыз тоғыз ағаларын іздепті. Бірнеше күн жүріп, ағаларын тауып, алтынды
көрсетіпті. Ағалары:
– Мұны қайдан алдың? – депті.
– Мұны сонау үлкен таудың басында бір үңгір бар екен. Үңгірде бір сандық бар екен. Соның іші толған
алтын екен. Содан алдым, – депті.
– Сен оған қалай бардың? – деп сұрапты екінші ағасы таңдана.
– Сендерден бөлінген соң бір құс тастың басында отыр екен, соның сирағынан ұстап едім, сол апарып
тастады.
– Ойбай, сол құсты табасың ба? – депті үшінші бір ағасы.
– Табамын, – депті інісі масаттанып.
Қырқы да бірдей баяғы құс отырған тасқа келген екен, құс орнында отыр.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
828 bet
Баяғы әдетінше кіші бала құстың сирағынан ұстапты. Қалғандары бірінің сирағынан бірі ұстапты. Құс
бәрін алып ұшып, тауға жақындап қалғанда ең төмендегі үлкені тұрып, айқай салыпты:
– Ей, сандықтың аузы қандай екен?
– Сандықтың аузы мынадай екен, – деп, кіші бала екі қолын жайып, көрсе[те] берем деп, құстың аяғынан
айырылыпты. Сөйтіп, қырқы да құлап өліпті.
73. БАҚСЫ
Бір күні бір адамның ақшасы жоғалыпты. Табылмағасын не қыларын біле алмай, бал аштыруға бақсыны
шақырыпты. Бақсы келіп, төңірегіндегі қоңсыларын жиып алып, былай деп сөз айтады.
– Аяқ киіміңізді шешіп, жалаң аяқ отырыңыздар. Мен жынымды шақырып, ойнаймын, сол уақытта
ақшаны кім ұрласа, менің жыным жылан болып келіп, сол кісінің аяғын шағады, Бақсы әрлі-берлі сарнап,
жынын шақырып отырып, «Ал, аяғыңды шақты» дегенде бір жігіт секіріп түскен екен. Жұрт жабыла
барып, әлгі жігітті ұстап, ұрлығын мойнына қойыпты.
Сезікті секіреді деген осыдан қалған екен.
74. САРАҢНЫҢ САЗАЙЫ
Ілгері өткен заманда Ташкент пен Қоқан аралығындағы шатқал тау бөктерінде Паркент, Заркент деген
қыстақта Ішіқара деген бай болыпты. Ол өте сараң болыпты. Сараңдықта Шыршық пен Сыр бойында
алдына ешкімді салмапты. Күндердің күнінде бір қойшысының құрып қойған тұзағына жалғыз бала түлкі
түскен екен.
– Түлкі менің жерімнің түлкісі, – деп, қойшыдан Ішіқара бай тартып алыпты. Бай түлкіні алып,
Алтынбелдегі тымақ тігетін азғана үй қырғыздарға барыпты. Ішіқара бай қолындағы бала түлкінің терісін
көрсетіп:
– Осыдан маған бір тымақ тігіп бер, – депті. Тымақшы таңырқай бір қарапты да:
– Мақұл, – деп, келісім беріпті.
– Тігінші шебердің тымақ тігіп беруге бірден келісе қойғанына күмәнданған Ішіқара бай:
– Түлкім бір тымақ емес, екі тымақ шығар ма екен? – деп ойлапты да, бала түлкінің терісін қайтып алып,
Соқақ аулындағы шеберге апарыпты. Тымақ тігетін шеберге түлкінің терісін көрсетіп:
– Мына түлкінің терісін өзіме лайықтап, тымақ тігіп бер, – депті. Бұл тігінші де таңырқай қарап:
– Болады, тастап кетіңіз, – дей салыпты. Бұған да күмәнданған Ішіқара «Бірден келісімге кеп, тымақ тігіп
бергісі келді, екі тымаққа жететін болар», – депті де, – бала түлкінің терісін одан да қайтарып алыпты.
Бай қазақтар көпшілік боп қоныстанған Сәмсерек ауылына қарай жол тартыпты. Ауыл аралап, қона
жатып, екінші күн әрең дегенде Сәмсерекке жетіпті.
Сәмсеректегі қалың қазақ арасында бармағынан жез оймақ түспеген, иненің көзінен қыл өткізген,
қайшысы тері түгіл қаңылтыр кескен атақты бір тігінші шебер ұстаға келіп:
– Мына түлкінің терісі талай шебердің алақанын жалап, саусағының арасынан сусып өтті. Бұрап, сілкіп
илеуін де көрді. Өзіңдей шебердің қолына түссе игі еді деп, мен де тілеуін тілеумен болдым. Бүгін
ауылымнан аттанғалы алты күн болды. Шеберлердің біразын ұнатпай, екі күн жүріп, үш күн дегенде саған
жеттім. Мына түлкі терісінен үш тымақ етіп тігіп бер, – депті. Бай абайлап, өз қолымен түлкі баласының
терісін шебердің қолына салыпты.
Сәмсеректің шебері: «Сараңның сараңы, қудың сұмы, сұмның сұмпайысы сен боларсың», – деп, ішінен
ойлапты да:
– Сенің сазайыңды тарттырып, жылаған, сықтаған, зарлаған, зорлық көрген бейшаралардың кегін сенен
қайтармасам, тігінші атым құрысын, – деп, қарғаныпты.
– Мақұл, үшеуін үш күнде бітірейін, – деп, алып қалыпты.
– Арада үш күн өткеннен кейін Ішіқара бай тігінші шебердің үйіне келіп, пішіліп тігілген тымақтарды
көріп, есі ауып қала жаздапты. Өз басына молжалдап [болжап дегені] тіктірген тымақтары жас қыздардың Достарыңызбен бөлісу: |