ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет32/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   153


 

-Міне, менің балтам, - дейді. 

 

Шал кедейге: 



 

-Шырағым,  ақ  пейілді,  адал  жан  екенсің.  Сол  үшін  мына  балтаны  сыйға  ал,  оның  сен  сияқты  кедейге 

тигізетін пайдасы көп, - деп алтын балтаны береді. 

 

Кедей сол алтын балтаны үйге әкелген күннен бастап, құлшына еңбек етеді. Алтын балта сиқырлы екен, 



не істесе де өңдірте жасайды. Сөйтіп кедейдің үйіне береке кіреді. 

 

Мұны  көрші  бай  байқап,  бір  күні  кедейден  сырын  сұрайды.  Кедей  жасырмай  барлық  болған  оқиғаны 



айтып береді. 

 

Оны естіген бай отынға барады. Отынды шабар-шаппастан-ақ шыдамай, балтасын диірмен суға лақтырып 



жібереді де, диірменші шалға келеді. Шал судан алтын басты балтаны алып шыққанда. Бай: 

 

-Менің балтам, мынау менің балтам! – деп тұра ұмтылады. 



 

Бірақ диірменші оны тоқтатып: 

 

-Қоя тұр, тоймаған қу неме! Міне, сенің балтаң, - деп темір басты балтаны ұстатады. 



 

Бай амалы құрып үйіне қайтады. 

 

 

Ең қымбат байлық 



 

 

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызыл, құйрық жүні ұзын кезде дәл біздің осы күнгі 



жалқау балалар секілді сидам сирақ жастар өте көп болыпты. Әдетте жалқаулардың құрғақ уайымға кқп 

салынатын әдеті ғой. Сондай жалқаулардың бірі: 

 

-О,  Жаратқан  ием-ай,  жарық  дүниеге  әдейі  әкелген  соң  дәулеті  шалқыған  бай  етіп  жаратсаң  етті! 



Жалғанды  жалпағынан  басып  шалқып  өмір  сүретін  жасымда,  ішсем  тамаққа,  кисем  киімге  жарымай 

жүрген түрім мынау! – деп уайымдапты. 

 

Оның мұңын естіп қалған бір ақсақал: 



 

-Ей, қарағым, сен несіне қайғырасың? Байлықтың бәрі өзіңде тұр ғой, - депті. 

 

Ақсақалдың сөзін мені мазақтағаны деп түсінген жігіт: 



 

-Сіз қайдағы байлықты айтып тұрсыз? – деп ашуланыпты. 

 

Ақсақал ештеңе болмағандай сабыр сақтай отырып: 



 

-Шырағым, сен андағы екі көзіңді маған сатшы. Мен саған қалағаныңша алтын, күміс берейін! – дейді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              208 bet 

 

Жігіт ашуланып: 



 

-Екі көзден айырылғаннан кейін сіздің алтын, күмісіңіздің керегі қанша? Ондай байлығың өзіңе! 

 

Ары қарай жігіттің он екі мүшесіне саудаласып, сұрай бастаған ақсақалға әбден ашуланған жігіт: 



 

-Ақсақал, ат басындай алтын берсеңіз де ешбір мүшемді сатпаймын! Өйтіп мүгедек болар жайым жоқ! – 

деп кесіп тастапты. 

 

Сонда барып ақсақал: 



 

-Е, ендеше адамның ең қымбат байлығы – денінің саулығы. Сен сияқты төрт мүшесі түгел адам – бай адам. 

Оны ешқандай алтын, күміске айырбастап ала алмайсың! – деген екен. 

 

 



Нан қайдан шығады? 

 

 



Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа тіскен сап-сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан 

иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр-жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы 

кезде күзетші келіп қалды. 

 

Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан шықты екен осыншама 



нан. Біліп алып шыққан жеріне, кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тесіктен сақтана сығалады. 

 

-Нан, нан, сен қайдан шықтың? – деді сыбырлап. 



 

-Сатушыдан сұра, - деді нан. 

 

Тышқан сатушыға келді. 



 

-Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады? 

 

-Наубайшыдан сұра, - деді сатушы. 



 

Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен. 

 

-Нан қайдан шығады? – деді бір наубайшыға келіп. 



 

-Диірменшіден сұра, - деді Наубайшы. 

 

Тышқан диірменшіге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыркөбелек айналады. Екі адам ұн тартып тұр. Ұн 



төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып-жұмғанша қап-қап ұн дайын болды. Тышқан иненің 

көзіндей танауын тыржитып, таңдана, қарап тұрды да: 

 

-Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? – деп сұрады. 



 

-Комбайншыдан сұра, - деді қырманшы қарт. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              209 bet 

Тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, 

ілгерілеп  барады.  Сабанын  бір  бөлек,  топанын  бір  бөлек  шығарып  тастайды.  Торсықтай  ақ  бидайды 

астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп: 

 

-Комбайншы, комбайншы, нан қайдан шығады? – деп сұрады. 



 

Көктемде, тракторшы жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек 

сіңіреді.  Міне,  мынау  қалың  астық  –  сол  көп  еңбектің  жемісі.  Нан  еңбек  арқылы  табылады,  -  деді 

комбайншы. 

 

-Ой, мұның – азап қой. Мен шалқайып жатып-ақ нан таба беремін, - деп қутың-қутың етті тышқан. 



 

-Әне, мысық келе жатыр! – деді комбайншы. 

 

Сол-ақ екен, тышқан бір ескі інге зып берді. 



 

 

 



 

Жеті өнерпаз 

 

 

Баяғы өткен заманда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның ұлы болмапты. 



 

Жалғыз-ақ, ай десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым атты бір қызы болыпты. Қыздың сұлулығы сондай 

– қараған адам есінен танып қалады екен. Күндердің бір күнінде Қаншайым қыз қырық нөкерімен сейіл 

құрып, суға түсуге барады. Суға түсіп бола бергенде, Қаншайымды көктен бір қара құс келіп, көтеріп 

кетеді. Қырық қыз шулап қала береді. 

 

Бірнеше  күнге  дейін  ханға  естіртуге  ел-жұрты  бата  алмайды.  Бір  ақсақалды  шал  келіп  естіртеді.  Хан 



есінен  танып,  тағынан  құлап  түседі.  Біраздан  соң  хан  есін  жиіп,  бақсы-балгер,  қожа-молда  жинайды, 

қызды олардың бірі де біле алмайды, бәрінен де жәрдем болмайды. 

 

Тек ханның бас уәзірі Назар келіп, ханмен ақылдасып, былай дейді: 



 

-Мұхиттың ар жағында балықшы Сәлім деген бар, оның жеті өнерпаз баласы бар. Бір тапса, солар табар. 

Жаныма бес жүз әскер қосып беріп, темірден кеме соққыз да, мені соған жібер. 

 

Хан табанда барлық айтқан керегін дайын қылып, бас уәзірді аттандырады.назар сумен жол жүріп, бір 



айда аман-сау мұхиттың ар жағындағы Сәлім шалға жетеді. Барса, жеті өнерпаз баласы жоқ, шалдың өзі 

ғана  отыр  екен.  Сәлім  шал  әскермен  келген  Назардан  қорқып  кетеді.  Назар  уәзір  Сәлім  шалға  мән-

жайының бәрін баян етеді; ханның алты мөрін басып, өтініп жазған хатын береді, әдейі іздеп келгенін 

айтады. Сол арада Сәлім шал балаларын шақырып алып: 

 

-Айлық  алыс,  шет  жерден  сендердің  өнерлеріңді  естіп  келіпті.  Нәсіп  болса  барыңдар.  Егер  тапсаңдар, 



дүние-мүлкі мен қызын береді. Өнерді ішке сақтамай, сыртқа шығарыңдар! – дейді. 

 

Сонымен жеті өнерпаз ханның бас уәзірі Назарға еріп, аман-сау хан ордасына келеді. Хан жеті өнерпазды 



көріп, қатты қуанып, жігіттерден кім не істей алатынын сұрайды. 

 

Жігіттердің ең үлкені: «Мен аспанда ұзақ ұша аламын», - дейді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              210 bet 

 

Екіншісі: «Мен елден асқан мергенмін», - дейді. 



 

Үшінші жігіт былай дейді: «Мен суға жақсы сүңги аламын». 

 

Төртінші өнерпаз: «Мен шебер ұстамын», - деп мақтанады. 



 

Бесінші жігіт: «Мен жер астына жол саламын», - деп жауап береді. 

 

Алтыншы өнерпаз: «Мен жолды болжай аламын», - деп айтады. 



 

Ал кенже жетіншісі: «Мен керемет аспазбын», - дейді. 

 

Хан жігіттермен танысқан соң, бірер күн тынықтырып, хан қасына жеті өнерпазды ертіп, баяғы қызды 



көтеріп әкеткен қара құстың қасына келеді. Қара құс қызды алып, аспанға ұшады. 

 

Жеті өнерпаздың үлкені аспанға ұшып, қызды көтеріп ұшқан қара құстың көлеңке ізіне түсіп қуады. Бұлар 



көкте жеті күн, жеті түн ұшады, сегізінші күн дегенде құсты көреді: бір дарияның жағасында құс отыр, 

қыз шашын тарап тұр екен. Қуғыншылардың дабыл қағып, ұшқан екпінінен қорқып, қара құс қызды алып, 

тағы да аспанға ұшады. Сонда қуғыншылар:  «Қыздан айырылдық»,  -деп жылайды. Жігіттердің үлкені 

екіншісіне: «Өнеріңді көрсет», - дейді. 

 

Екіншісі, мерген жігіт құстың екі қанатынан көздеп атқан оғы оның екі санын жұлып түседі. 



 

Аспанда шыр айналып келіп, қыз суға түскенде, үшіншісі сүңгуір суға сүңгіп, қызды алып шығады. Қыз 

жұтқан суын қайта құсып, аман түрегеледі. 

 

Бұлар  енді  судан  құрғаққа  шыққан  кезде,  бір  үлкен  айдаһар  бәрін  лебімен  жұтып  барады  екен.  Енді 



бұлардың төртіншісі, ұста жігіт тасын қолына алып, соғыстырып еді, бес жүз шақырым жерден қорған 

соғылады. Әлгі айдаһар қорғанның сыртына оралып, жатып қалады. Бірнеше күн тас қорғанның ішінде 

бұлар да жатады. 

 

Айдаһар  тас  қорғанды  сыртынан  орап  алып,  қысып,  сыға  бастайды.  Бұлар  қысылып  өлер  болған  соң, 



бесіншісі де өнерін істейді. 

 

Айдаһар сол күйінде таста оралып жатып қалады. Бұлар жер бетіне шыққан соң, еліне апаратын жолдың 



қай жақта екенін біле алмай, айласы таусылып, адасады. 

 

Бұлардың алтыншысы оқу оқып, көзін сипап, өнерін істеп, он күндік жердегі жолды табады. Бірақ өздері 



арып-ашып  шаршаған,  жаяу  жүре-жүре  табандары  тесілген,  тамақтары  және  жоқ,  аш,  әлсіреп  қалады. 

Жетіншісі,  аспаз  жігіт  қойнындағы  бір  асыл  табағын  алып,  жолдастарын  күніне  үш  мезгіл  тамаққа 

тойдырып отырады. 

 

Бұлар бірнеше күн жол жүріп, ханның аулына жетеді: бәрі де сау, Қаншайым қызды аман алып келеді. 



Сонан  соң  хан  ат  шаптырып,  үлкен  той  істейді.  Хан  ел-жұрты  болып,  жеті  өнерпазға  қатты  риза 

болады.Хан жеті өнерпазға риза болғандықтан: 

 

-Қызымды біреуің әйел қылып алыңдар, - дейді. 



 

Сонда тұрып жеті өнерпаздың ең үлкені: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              211 bet 

-Бәріміз де істеген өнерімізді айтып өтелік, қайсысымыздікі артық болса, сол алсын, - дейді. 

 

-Бұл қызға менің істеген өнерім бәрінен басым. Мен болмасам, бұл қыз жоқ еді, - деп, бірі жеті күн қара 



құстың ізімен аспанда ұшқанын айтады. – Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді ол. 

 

Екіншісі: 



 

-Сенің өнерің таусылып, қызды қара құс аспанға алып бара жатқанда мен атпасам, қыз жоқ еді. Сондықтан 

қыз маған тиісті, - дейді. 

 

Үшіншісі тұрып: 



 

-Сен аспаннан қызды атып түсіргенде, мен судан сүңгіп алмағанда, қыз жоқ еді. Сондықтан қыз маған 

тиісті, - дейді. 

 

Сонда төртіншісі тұрып: 



 

-Мен  тастан  қорған  соқпағанда,  бәріңді  де  айдаһар  жұтып  қоятын  еді,  қыз  да,  сендер  де  жоқ  едіңдер. 

Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді. 

 

Бесіншісі: 



 

-Мен болмасам, бәрің тастың астында қырылып өлер едіңдер. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді. 

 

Алтыншысы тұрып: 



 

-Бәрің де жол таба алмай, адасатын едіңдер. Бұларды адастырмай, жол тауып берген мен емес пе едім? 

Қыз маған тиісті, - дейді. 

 

Ақырында жетіншісі тұрып: 



 

-Менің табағымнан ас жемесеңдер, бәрің де аштан өлер едіңдер. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді. 

 

Бәрі де өздерінің өнерін айтып, ханға жүгінеді. 



 

Хан білгіштерін жинайды. Сонда бір қария тұрып: 

 

-Бұл  жетеуінің  бәрінің де  өнері  бірдей, бірақ қызды  сүңгуірге  қосыңыз,  өйткені  ол  қызды  басқалардан 



бұрын құшты ғой. Ал қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, алты жерге уәзір сайлаңыз, - дейді. 

 

Хан қызын сүңгуірге қосып, қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, алты елді билетіпті. Сөйтіп жеті 



өнерпаз мұратына жетіпті. 

 

 



Алтын балық 

 

 



Баяғыда бір үлкен өзеннің жағасында, мыжырайған жаман күркеде шал мен кемпір өмір сүріпті. Өздері 

тақыр кедей екен: шал күнде өзенге барып, балық аулап әкеліп, сорпалап немесе отқа қақтап пісіреді де, 

соны  талғажау  етіп  өмір  сүріп  жатады.  Шалдың  қармағына  ештеңе  ілінбеген  күндері  мүлде  ашқарын 

отырады екен. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              212 bet 

 

Сол өзенде су әміршісі, алтын дидарлы Жалал Камани мекендейді. Бір күні шал өзеннен ау тартса, ау 



зілдей ауыр екен, шал оны әрең дегенде өзен жағасына тартып шығарады. 

 

Жалтылдаған алтыннан көзі қарығып, жұма қояды; көзін ашып қараса, ау ішінде жалт-жұлт еткен дәл бір 



саф  алтыннан  құйылғандай  үлкен  балық  жатыр  екен.  Қанатын  желбіретіп,  мұртын  жыбырлатып,  көзі 

бажырайып, шалға тесіле қарайды. Алтын балық қарт балықшыға; 

 

-Өлтіре көрме мені, қария, үйіңе де апарма. Жөніме қоя беріп, керегіңді сұрай бер, - дейді. 



 

-Не сұраймын мен сенен, ғажайып балық? – дейді шал. – Басымда жөнді баспанам, ішер ас, киер киімім 

де жоқ. Егер рақымың түсіп, осының бәрін маған сыйласаң, саған өле-өлгенше риза болармын. 

 

Балық шалдың сөзін тыңдап болып, құйрығын шолп еткізіп: 



 

-Ештеңеге алаңдамай жүре бер, қария. Үйің де, тамағың да, киімің де болады, - дейді. 

 

Шал балықты өзенге қоя береді де, үйіне қарай жөнеледі. Үйіне келіп, баспанасын танымай қалады: жаман 



күркесінің  орнында  бөренеден  қиылған  ғажап  үй  тұр,  ішінде  қонақтарға  арналған  орындықтар,  табақ-

табақ ақ күріш, мейрамдарда киетін сан алуан сәнді киім жайнап тұр. Бұны көріп, шал кемпіріне: 

 

-Көрдің бе, кемпірім, қандай олжаға кенелгенімізді. Бүгін ауыма түскен алтын балыққа алғысыңды айт. 



Өзін босатып жібергенім үшін осылай жарылқай салды. Жоқшылықтың азабы осымен бітті, - дейді. 

 

Шалының сөзін ақырына дейін тыңдаған кемпір, қатты күрсініп, басын шайқап: 



 

-Әй,  шалым-ай!  Біраз  жасқа  жетсең  де,  ақылың  жаңа  туған  нәрестенің  ақылынан  аспапты.  Болымсыз 

нәрсеге  мәзсің.  Күрішті  жеп,  киімді  тоздырамыз,  әрі  қарай  не  істемекпіз?  Қайта  бар  да,  балықтан 

патшаның сарайындай әдемі, кең үй, бес қызметші сұра. Іші алтынға толы болсын, күріш пен қарамыққа 

қамбалар толсын, есік алдында жаңа арбалар мен соқалар, қорада ондаған өгіз тұрсын... Бар, осының бәрін 

сұрап алмайынша үйге қайтпа! – дейді. 

 

Шалдың  мүлдем  барғысы  жоқ-ты?  Бірақ  кемпірімен  де  жанжалдасқысы  келмейді.  Өзеннің  жағасына 



барып отырып, балықты шақырады: 

 

-Шықшы бері, ғажайып балығым! Жағаға жүзіп келші, алтын балығым! 



 

Біраздан  соң  су  толқынданып,  қанатын  желбіретіп,  мұртын  жыбырлатып,  бажырайған  көзімен  шалға 

тесіле қарап, алтын балық жағаға жүзіп келеді. 

 

-Тыңдашы,  ғажайып  балығым,  менің  сенен  сұрағаным  аз  көрінеді.  Кемпірім  разы  болмай  жатыр.  Кең 



сарайдай үйіміз, бес қызметші, ондаған жегін өгіз, қамба толған күріш, түрлі алтын әшекей, мол ақша 

болсын дейді... 

 

Бәрін тыңдап болған балық, құйрығын бұлғаң еткізіп: 



 

-Жарайды, солай-ақ болсын! – деп қайтадан өзенге сүңгіп кетеді. 

 

Шал үйіне қайтады. Қараса, айнала жол жағалай даңғыраларын соғып, сырнайларын тартып, қолдарына 



қымбат сыйлықтарымен гүлдерін ұстаған жұрт, біреуді күткендей орындарынан қозғалмай тұр. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              213 bet 

Шаруалар шалды әдемі зембілге отырғызып, иықтарына салып көтеріп, үйіне алып келеді. Шалдың үйі 

бұрынғы үй емес – кең сарай, үй іші толған өзі балықтан сұраған жиһаздар. 

 

Осыдан былай кемпір-шал уайым-қайғысыз, бақытты өмір сүреді, бәрі де жеткілікті сияқты, бірақ кмпір 



зарлауын қоймайды. Бір ай өтпей-ақ кемпір тағы да шалының мазасын алады... 

 

-Осы да құрмет-сый болып па? Староста деген кімінің шікірәсі? Жоқ, болмайды, сен балыққа қайта барып, 



тағы да жақсылап сұрауың керек: сені күллі әлемге махараджа етсін. Бар, қартым, жалынып сұра, әйтпесе 

кемпірім күн көрсетпейтін болды де... 

 

-Бармаймын, - дейді шал. – Аш-жалаңаш тұрғанымызды қалайша тез ұмыттың? Тамақ, жаңа үй, киім беріп 



жарылқаған осы балық емес пе! Бұдан артық не керек саған? 

 

Шал қанша керісіп-таласса да, қарсыласса да, кемпірі бой бермеді: бар да бар деп болмайды. Бишара шал 



қайтсін, тағы да өзенге баруына тура келеді. Өзеннің жағасына отырып алып, балықты шақыра бастайды: 

 

-Жүзіп шықшы, ғажайып балығым! Жағаға жақындашы, алтын балығым! 



 

Бір рет шақырды балықты, екінші, үшінші рет шақырды... Бірақ су бетіне ешкім шықпады, бейне өзенде 

ешқандай алтын балық болмағандай. Шал көпке дейін тосып отырды, содан соң бір күрсінді де, үйіне 

қарай ілбіді. 

 

Қараса, балық берген баяғы сәнді үйінің орнында бұрынғы жаман күркесі тұр, күркенің ішінде кемпірі 



отыр.  Кемпірдің  үстінде  бұрынғы  ескі-құсқы  киімі,  шашы  жалбырап,  көзі  былшықтанып,  қайғырып 

жылап отыр. 

 

Шал оған қарап тұрып: 



 

-Әй, кемпір, кемпір... Айтпадым ба мен саған: көп сұраймын деп, аздан айрыласың деп. Кемпірім, қолда 

барыңды қанағат қыл демедім бе? Сен мені тыңдадың ба, сол айтқаным келді емес пе! Енді несіне жылап 

отырсың? – дейді. 

 

 

Түймеқыз 



 

 

Байырғы бір замандарда өте қайырымды бір әйел өмір сүріпті. Бір балаға зар болған ол бірде сиқыршы 



кемпірге барып жалбарыныпты. 

 

- О,құдіретті сиқыршы! Менің бір арманым бар -бала сүйгім келеді! Көмек бере гөр! 



 

Сиқыршы кемпір әйелге жаны ашып, арпаның дәнін береді. 

 

Әйел үйіне келіп,гүл өсіретін қыш құмыраға арпаның сиқырлы дәнін егіп, суара бастайды. 



 

О, ғажап! Сиқырлы дәннен әп-сәтте гүл өсіп шығады.Қараса, гүлдің қауызында кіп –кішкентай әдемі қыз 

отыр –өзі түймедей ғана! Жүрегі жарылардай қуанған әйел кішкене қызына-Түймеқыз деп ат қояды. 

 

Түймедей сұлу қыздың сыңғырлаған әсем дауысын естіген анасының қуанышында шек жоқ! 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              214 bet 

Күндіз Түймеқыз үстелдің үстінде су құйылған ыдысқа шомылып, жүзіп, ойнап-күліп, ән айтып жүреді. 

Ал  түнде  анасы  Түймеқызды  жаңғақтың  қабығынан  жасалған  бесікке  шегіргүлдің  жапырағынан  төсек 

салып,  раушангүлдің  күлтешесінен  үстіне  көрпе  жауап,  бесік  жырын  айтып,  ұйықтатын  болады. 

Түймеқыздың бақытты балалық шағы осылайша алаңсыз өтіп жатты. 

 

Бір түні Түймеқыз өзінің бесігінде тәтті ұйқыда жатқанда, кенеттен ашық тұрған терезеден бөлмеге үлкен 



құрбақа  қарғып  кіреді.  Түймеқыздың  әдемілігі,  сұлулығы  туралы  және  нәзік  дауыспен  айтқан  әндерін 

естіген құрбақа қызды өзінің баласына үйлендірмек болыпты. Ол үстелдің үстіне қарғып шығып, қызды 

ұрлап, бесігімен ала жөнеледі. 

 

Қырбақа баласымен өзеннің жағасында, ми батпақта, балдыр арасында тұратын еді. 



 

-Ба-а-ақ , ба-а –ақ!-деп құрбақаның баласы қызды көріп, қуанып кетті. 

 

-Балам, Түймеқызды оятпайық! Оны әзірше үлкен жапырақтардың біріне орналастырайық, ал біз сендерге 



жеке тұратын үйді дайындауға кірісейік! –деп екеуі жаңа үй салуға батпаққа кетті. 

 

Таңертең Түймеқыз оянып, қараса, өзі –тұңғиықтың жапырағында,айналасы -қоршаған су. Қыз қорқып 



кетеді. Құрбақа мұны өз ұлына ұйлендірейін деп алып келгенін құлағы шалғанда тіпті, қайғыдан қанқұса 

болады. 


 

Түймеқыздың көзінен моншақтап аққан жаста шек жоқ. Қыздың жылағанын естіген балықтар су бетіне 

шығып, қызға көмек көрсетпек болды. Олар тұңғиықтың жапырағын сабағынан қырқып, оны ағыспен тез 

жылжыта жөнеледі. 

 

Дәрменсіз кішкентай Түймеқызға инелік те, көбелектер де көмектеседі. Сүйкімді қыз белдігін шешіп, бір 



шетін жапыраққа байлап, екінші шетін инелікке ұстатады, ал ол шаршағанда көбелекке береді. Қайыққа 

айналған  жапырақты  тез  ұшқан  көбелек  су  бетінде  зырылдатып  жүздіріп  келе  жатады.Енді  құрбақа 

баласымен маған жете алмас деп Түймеқыз іштей қуанады. 

 

Бір кезде осылайша су бетінде жүзіп келе жатқан Түймеқызды зауза қоңыз байқап қалады. Тартымдылығы 



ынтықтырып, ол қыздың қыпша белінен іліп алып, аспанға ұша жөнеледі. 

 

Өзеннің жағасында қоңыз Түймеқызды биік ағаштың жапырағына отырғызады. Бұрын мұндай биіктікке 



шығып көрмеген Түймеқыздың басы айналады. Осы кезде  жан-жақтан көрші қоңыздар жинала қалды. 

Бейтаныс қызды көріп күле бастайды: 

 

-Өзі адамға ұқсайды екен! Аяғы екеу ғой! Белді тым жіңішке екен!Мұртшалары қандай? 



 

Зауза қоңыр мазаққа шыдамай, қызды түймедақ гүлінің үстіне апарып тастайды. 

 

Сөйтіп,  Түймеқыз  орманда  жаз  бойы  жалғыз  тұрады.  Ол  гүлдердің  тәтті  тозаңымен  тамақтанып, 



жапыраққа жиналған таңғы шықты ішіп, өмір сүреді. 

 

Жаз кетіп,суық түседі. Түймеқыз өзіне жылы баспана іздеп, жүре-жүре дала тышқанның үйіне кез болады, 



есіген қағады. 

 

-Тышқан, Тышқан! Көмектесіңізші! Суықтан тоңдым! Екі күн бойы нәр татпадым, аштан өлетін болдым! 



 

Тышқан Түймеқызды өзіне қалдырады, қыз оған ертегі айтады, үйін жинайды. Екеуі тіл табысып, жақсы 

тұрып жатады. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              215 bet 

 

Бір күні оларға көршісі көртышқан қонаққа келеді.Түймеқыздың сұлулығын көріп, нәзәк дауысын естіп, 



бай да кербез көртышқан қызды ұнатып қалады, өзінің үйіне қонаққа шақырады. 

 

Түймеқыз көртышқанның үйіне бара жатып, жолда әлсіреп жатқан қарлығашты көреді.Құстың тірі екенін 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет