ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет30/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   153


 

– Алдымен сен маған отын сал. Содан соң айтамын, – дейді пеш. 

 

Маша тездетіп отын жарады. Жарған отынды пешке салады. Пеш оған жол көр сетеді. Қыз пеш сілтеген 



бағытқа қарай жүгіре жөнеледі. 

 

Біраздан кейін ол өсіп тұрған жалғыз түп алма ағашын кезіктіреді. Алма ағаштың бұтақтары қып-қызыл 



алмаларын көтере алмай, жерге қарай иіліп тұр екен. Маша оған: 

 

– Алма ағашы-ау, алма ағашы, жабайы қаздар қайда ұшып кетті? – дейді өтініп. 



 

–  Бұталарым  иіліп,  сынуға  айналды.  Егер  салған  алмаларымды  теріп  алсаң,  айтамын,  –  деп  ағаш  бір 

күрсінді. 

 

Маша  тездетіп  пісіп  тұрған  алмаларды  тере  бастайды.  Ағаштың  жерге  қарай  иіліп  тұрған  бұтақтары 



біртіндеп жоғары көтеріледі. Жеңілдеп, бой түзеген алма ағашы қызға жол көрсетеді. 

 

Маша сапарын жалғастырады. Оның алдынан енді өзен шығады. Онда су емес, сүт ағып жатыр екен. Қыз 



жақын келіп: 

 

– Сүтті өзен, сүтті өзен, жабайы қаздардың қайда ұшып кеткенін көрсетіп жіберші, – дейді жалынышты 



үнімен. 

 

–  Бағана  бір  үлкен  тас  домалап  құлап  кетіп,  жолымды  бөгеді.  Енді  сүттің  ары  қа-рай  ағуына  кедергі 



келтіріп тұр. Егер сол тасты жағаға шығарсаң, мен саған жол сілтер едім, – деп өзен мұңын шағады. 

 

Маша қолына үлкен таяқ алып, тасты итеріп, жағаға шығарады. Сыңғырлап аққан сүтті өзен оған жабайы 



қаздарды қайдан табатынын айтып береді. 

 

Сөйтіп, Маша жүгірген қалпы қалың орманға жетеді. Ары қарай қайда жүрерін білмей, аңтарылып тұрып 



қалады. Cол сәтте бөрене түбінде отырған кірпіні көреді. Қасына жақындап: 

 

– Кірпі-ау, кірпі, жабайы қаздарды қалай табуға болады? – деп сұрайды. 



 

Кірпі оған: 

 

– Менің соңымнан ер, – дейді де өзі жиырылып, дөңгелеп кетеді. 



 

Осылай олар алдымен шыршалардың арасынан, одан әрі аққайыңдар ортасынан өтіп, бір алаңқайға жетеді. 

 

Алаңқайда бір тауық аяқты үйшік тұр. Іште, терезе алдында жалмауыз кемпір тоқыма тоқуда екен. Ал 



Ванюша  есік  алдында  алтын  алмамен  ойнап  отыр.  Маша  ақырын  басып,  тауық  аяқты  үйшікке 

жақындайды. Інісін көтеріп алады да, қаша жөнеледі. 

 

Біраздан  кейін  жалмауыз  кемпір  терезеден  сыртқа  қарайды.  Ойнап  отырған  бала  жоқ.  Ашуланған  ол 



ысқырып, жабайы қаздарын шақырады. 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              191 bet 

 

– Тез ұстаңдар оны! Қуып жетіңдер! Баланы алдыма алып келіңдер! – деп бұйырады. 



 

Жабайы қаздар қаңқылдап ұша жөнеледі. 

 

Ванюшаны көтерген Маша қашып келеді. Анда-санда артына бұрылып қарап қояды. Міне, жол-жөнекей 



кезіккен сүтті өзенге де жетеді. Тағы бір рет бұрылып, артына қарайды. Жабайы қаздар жақындап қалған 

екен. Қыз қайда тығыларын білмей, әбден сасады. Ол өзенге: 

 

– Өзен, өзен, бізді жабайы қаздардан жасыршы, – дейді. 



 

Сүтті  өзен  арнасынан  жоғары  көтеріледі.  Балалар  астына  кіріп  отырады.  Өзен  үстімен  ағып,  оларды 

көзден таса қылады. Жабайы қаздар Маша мен Ванюшаны көрмей, ұшып өтеді. 

 

Қуғыншылар  кетісімен  балалар  жағаға  шығып,  өзенге  рақметін  айтады  да,  жолдарын  жалғастырады. 



Ағайынды екеуін таппаған жабайы қаздар кері қайтады да, жүгіріп келе жатқан Машаны тағы да байқап 

қалады. Бұл кезде інісін көтеріп алған Маша өзі кездестірген алма ағашына жеткен еді. Қыз ағашқа: 

 

– Алма ағашы, бізді жабайы қаздардан жасыршы, – деп көмек сұрайды. 



 

Ағаш Маша мен Ванюшаны қалың бұталарының астына отырғызып, жапырақтарымен жауып, көрсетпей 

тастайды. Қыздан адасып қалған жабайы қаздар алма ағашын ары-бері айналып, балаларды таппаған соң 

ұшып кетеді. 

 

Маша тасадан шығып, ағашқа алғысын білдіріп, жолын жалғастырады. 



 

Міне, үйлеріне де жақындап қалған еді. Маша бұрылып, артына қарайды. Жабайы қаздар тағы соңдарына 

түскен екен. Олар қызды қуып жетіп, тіпті Ванюшаны қанаттарымен қағып әкетпекші болады. Бірақ қыз 

інісін  құшағына  қатты  қысып  жібермейді.  Әрең  дегенде  құстардан  сытылып  шыққан  Маша  алғаш 

кездестірген пешке жетеді де: 

 

– Пеш, пеш, бізді мына жабайы қаздардан құтқаршы, – деп өтінеді.Пеш балаларды ішіне отырғызып, бетін 



жапқышпен жабады. Ал жабайы қаздар пешті айналшықтап ұзақ ұшып жүреді. Жапқышты қанаттарымен 

сабалап, сабалап аша алмай, әбден шаршайды. Сөйтіп амалдары таусылған олар кері, жалмауыз кемпірге 

қайтады.Маша інісін көтеріп, жерге түседі. Олар пешке алғысын айтып, үйіне келеді. Артынша қаладан 

әкесі мен анасы оралады. Қызы Маша мен кішкентай ұлдары Ваняға мол сыйлық береді. 

 

 

Екі сараң қонжық. 



 

 

Ертеде бір ну орманда кәрі Аю тіршілік етіпті. Аюдың екі қонжығы болыпты. Қонжықтар өскен кезде, 



бақыт  іздеуге  жолға  шығыпты.  Олар  жолға  шығар  алдында  анасымен  қоштасыпты.  Ал  анасы 

қонжықтарын  құшақтап,  еш  уақытта  бір  бірінен  айырылыспауды  талап  етті.  Анасының  бұйрығын 

орындауға  сөз  берген  қонжықтар  жқлға  шығады.  Алдымен  олар  тоғайдың  шетімен,  содан  соң  жазық 

даламен жүреді. Сөйтіп бір күн жүрді, екінші күн жүрді. Ақырында бар қоректері таусылды. Ал жолдан 

табатын ештеңе болмады. Қонжықтар бірінің артынан бірі еріп келе жатты. 

 

Сол уақытта кіші Қонжық: 



 

Ағатайым, менің қарным ашты! деп шағымданады. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              192 bet 

 

-Менің де қарным ашты! деп өңі бұзылып, басын шайқайды. 



 

Солай  жүре  берді.  Кенеттен  үлкен  ірімшікке  кезікті.  Әділ  жолмен  тең  бөліспек  еді,  бөлісе  алмады. 

Қонжықтар бір бірінен ірімшікті қызғанып, ұрсысып, ақырып тұрғанда кенеттен жандарына Түлкі келеді 

 

-Неге ұрсысып тұрсыңдар? деп сұрайды. 



 

Түлкі: -Мен сендерге ірімшікті теңдей бөліп беремін деді. 

 

Түлкі ірімшікті алып екі бөлікке бөледі. Алайда алаяқ басты бір жарымын екіншіден үлкен қылып бөледі. 



 

Қонжықтар бұған ренжіді. 

 

-Мынау үлкен ғой, деп ақырды. 



 

Түлкі оларды жұбатып: 

 

-Тыныш жастар! 



 

Кішкене сабырлық, қазір бәрін реттеймін. 

 

-Мен өзімнің жұмысымды білемін, деді. 



 

-Бұлай да бірдей емес, деп тынымсызданады. 

 

Ол үлкен жарты бөліктің жартысын қылғытып жұтып қояды. Енді кіші жарымы үлкен болады. 



 

Жүргізуші: Осылайша қу түлкі қонжықтардың ірімшігін тең бөлмей, біразын жеп азғантай ғана қалдырып, 

оларды теңеп, екеуіне береді. 

 

Түлкі оларға күліп: 



 

Міне сараң, арам болсаң, бір күні осындай азығыңнан құр қаласың, деп өз жөнімен кетті. 

 

 

 



Әтеш пен тоты. 

 

Ертеде тоты мен әтеш айырылмас дос болыпты. Ол кезде тоты құс жерде өмір сүреді екен. Тотықұс бір 



күні әпкесінің үйіне қонаққа бармақ болады. Өзінің әдемі көйлегі болмағандықтан әтештің үстіндегі әдемі 

көйлегін  сұрайды.  Әтеш  көйлегін  беруге  келіседі.  Тотықұс  қонақтан  келгесін  қайтаратын  болады. 

Тотықұс  әтештің  әдемі  көйлегін киеді.  Киініп,  таранып  жолға  дайындалады.  Әтеш  тотықұстан:  қашан 

келесің? деп сұрайды. кешікпей келемін деп жауап береді тотықұс. Кешіксең қайтемін? Деп сұрайды әтеш. 

Ондайда  айғайлап  шақыра  қойсаң  болғаны,  лезде  келемін  дейді  тотықұс.  Тотықұс  сол  кеткеннен  мол 

кетеді. Әтеш әне күтеді, міне күтеді, көйлегін киген досы келмейді. Шыдамы таусылған әтеш қораның 

басына шығып: Ку ка ре ку!!! Деп тотықұсты шақырады. Бірақ тотықұс келмейді. Әтеш оны әлі күнге 

дейін шақырады екен. 

 

 

Қасқыр мен ит 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              193 bet 

 

 



Ерте, ерте, ертеде, ешкi құйрығы бөртеде бiр шаруа өмiр сүрiптi. Оның күшiк күнiнен өсiрген жалғыз итi 

бар екен. Шаруа шалғымен шөп шауып

 

қой бағып күнелтiптi. Ол ертеңгiсiн ерте тұрып қырға қой бағуға кетердiң алдында, үйiн, қора-қопсысын 



күзетудi итiне тапсырады екен. Итi де өзм iндетiне ұқыпты қарап, үй маңына ешкiмдi жолатпапты. Шаруа 

жұмыстан келгенiн деитiн еркелетiп, басынан сипап: 

 

Итiм, итiм, итiм-ай, 



 

Түн үресiң бiр тынбай. 

 

Қожайынға адалсың, 



 

Жақсы көрем ырысымдай. 

 

Қамқорым да өзiңсiң, 



 

Үйiмдегi көзiмсiң. 

 

Қожайының демалып, 



 

Бiрер уақыт көзiлсiн, –  

 

деп, үйiне кiрiп демалады екен. Осыны көптен сырттай бақылап жүрген бiр көкжал қасқыр иттi қожайынға 



мазақ етпек болып айлаға 

 

көшедi. Оның бiр дамылдаған сәтiн пайдаланып, қорадағы қозыға түспекке ыңғайланады. 



 

Бiр  күнi  түнгi  күзеттен  шаршап,  күншуақта  бойыжылып,  мызғып  кеткен  иттiң  мұрнына  жағымсыз 

иiскеледi де, ұйқысынан шошып янады. Жан ұшырып қораны айналса, күнi бұрын қазылған iн арқылы 

қасқыр: 


 

Жылы-жұмсақ қозылар, 

 

Етiң дәмдi дертке нәр. 



 

Бiр қолыма түсерсiң, 

 

Қарнымда жатып пiсерсiң, – 



 

деп, сiлекейiн шұбыртып қораға енiп бара жатыр екен. 

 

–  Әй,  көкжал,  тоқта!  –  дейдi  жүнiн  тiкiрейткен  ит.  –  Қазiр  «аттандап»  үрсем,  қожайыным  оянады  да, 



мылтығымен сенi атып салады. Саған анау даланың толып жатқан қоян-түлкiсi жетпедi ме? Нең бар мұнда? 

 

– Ет тәттiлiгiн қойса, мен жегенiмдi қоямын, – дейдi қасқыр гүр етiп. – Қазiр мен сенiң қармағыңа түстiм. 



Не iстесең де қолыңдамын. Бiрақ мен бiр нәрсеге түсiнбеймiн. Қожайыныңа құйрығынды бұлғаңдатып, 

оған адал қызмет еткенде, iшiп-жейтiнiң қалған-құтқан бiрдеңелер. Өзiңдi аямайсың ба? Түнiмен ұйқы 

көрмей, шәуiлдеп үрумен боласың. Иең ашуланса, бұрышта бүк түсiп, iшiң бұратылып аш жатасың. Анау 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              194 bet 

сала  құлаш  шынжырың  мойныңды  ауыртады.  Сенi  осыншама  бейнетке  салатындай  адамның  қандай 

құдiретi  бар?  Мен  сияқты  берсе  –  қолынан,  бермесе  –  жолынандеп,  жұлып  жеп  күнелтпейсiңбе?  Өзiң 

туыссың. Бiрге өмiрсүрейiк. 

 

Ит  ойланған  кейiп  танытады.  Қасқырдың  көзi  оттай  жанып,  iшiнен:  «Әп,  бәлем,  қармағыма  түстiңбе? 



Қарным ашқан күнi бiр-ақ бүктеп, тарамыс-тарамыс етiңдi талшық етсем», – деп зымияндана қарайды. 

 

– Ау, Қасеке, мына сауалыңа мен жауапберейiн, – дейдi ит әңгiменi ұзаққа созғысы келiп. – Туыс екенiмiз 



рас.  Енемнен  туып,  көзiмдi  ашпай  тұрғанда,  осы  адам  менi  есiгiнiң  көзiне  жатқызыпты.  Қашып  кетер 

қауқар қайда. Әттең, сол кезде өзiңе кездессем ғой. Бiрге iлесiп жүребер етiнедiм. Сонан соң көзiмдi ашып, 

еңсемдi  көтерген  кезде,  темiр  шынжырлы  қарғы  бау  мойныма  iлiндi.  Қайтып  құтыласың?  Қараптан-

қарапаштанөлесiңбе?  Қораны  айналып,  қой  күзеткен  болып  үрдiм  келiп.  Сонда  өзiң  маңайыма 

жақындамадың да ғой. Алыстан қарап, менсiнбедiң менi. Амалсыздан үйдiң күзетшiсi атандым. 

 

Қасқыр мына сөзге мәз болып қалды. Шоқиып отырған күйiм ақтана жөнелдi. 



 

– Әй, туысым-ай, ол кезде сенi көрдiм дейсiңбе? Әйтпесе бөлтiрiктерiме ертiпжүрiп, аңғасалатын едiм. 

Алтайдың  қызыл  түлкiсiнiң  терiсiн  паршалатып,  етiн  жегiзередiм.  Құм  қоянының  су  жүректiгiн 

бiлмейсiңғой.  Түрiңдi  көрсе,  көзiбадырайып,  алдыңа  жата  қаларедi.  Бойыңжазылып,  мына  мен  сияқты 

елiк  атаулыны  қадам  бастырмас  едiң.  Алты  қырдың  астындағыны  сезер  ақылды  болуың  ғажап  емес. 

Жауыңа кектi, жорыққа мойымас едiң. 

 

Сол  сәт  қора  iшiндегi  қозылардың  у-шу  үнiн  естiп,  сiлекейi  шұбырған  қасқыр  сөзiнен  жаңылады.  Ит 



асықпайды, оны тағы да әңгiмеге тартады. 

 

– Ау, қасеке, сiздiң мiнезiңiзде мен түсiнбейтiн ғажап бiр қасиет бар, – дейдi қасқыр дымақтап. 



 

– Ол қандай қасиет? – қасқыр ырза боп, тiсiн сақылдатты. – Әй, итiм-ай, туыстықты қадiрлейтiнiң бiлiнiп 

тұр. Менiң iшкi сырыма үңiлген сияқтысың ғой. 

 

–  Қасеке,  ол  қасиетiңiз  өзгенiң  де,  мәселен,  бiздiң  де  қамымызды  ойлайтындығыңыз.  Қазiр  ғой,  мына 



қораға  кiресiз  де,  мен  сияқты  өзiме  ғана  жетедi  деп  бiр  қойды  теңдеп  әкетпейсiз,  түгел  жусатасыз  да 

саласыз.  Өлек  сенi  адам  атаулы  жемейдi.  «Арамдалды»  деп  отар  маңынан  аулақтау  жерге  тастайды. 

Ертелi-кеш тамағымыз дайын. Осындай ғажап мiнезiңiзге таңмын, – деп ит бiр тоқтады. 

 

– Тауып айттың, итiм, бұл қасиеттi үйрену үшiн талай ақыл керек. Бабаларымыз: «Ақылмен жесең – асап 



жейсiң, ақылсыз жесең – аз-ақ жейсiң», – деп айтып кетiптi ғой, – дейдi қасқыр. 

 

– Осы, Қасеке, аң атаулы ақыл жағынан сiзге тең келмейдi. Түйе үлкен болғанымен, оның түймедей ойы 



жоқ.  Сiз  оның  шөгiп  жатқан  сәтiн  аңдып,  өркешiнен  бiр  аттап  кетсеңiз,  орнынан  тұра  алмай  қалады. 

Шамасы,  жүрегi  жарылып  кететiн  болар.  Жылқы  атаулыны  атама,  ақымақ  мал  ғой.Құйрығынан 

жабыссаңыз,  бiткенi,  шiренетартып,  жiбере  салғаныңызда,  өзiнен  өзi  омақаса  құлайды.  Арыстан  мен 

жолбарыс күштiлiгiне, сiлеусiн шапшаңдығына сенедi. Түлкi тышқан аулағанға мәз. Шибөрiiнiңiзқойдың 

майлы құйрығын сорғанын мақтан етедi. 

 

– Әрине, әрине! – деп қостады қасқыр мәз болып. 



 

– Қасеке, осы сiз қойшыдан қорықпайсыз ба? – дедi ит сыр тартып. 

 

– Әй, бауырым-ай, бiздiң туыстардың «Өгiздi қойшы – өлген қойшы, жеп болғанда көрген қойшы. Түйелi 



қойшы – тұрған қойшы. Жаяу қойшы – көңiлi қаяу қойшы», – деп, айтқандарын естiмеппе едiң? Жалғыз-

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              195 bet 

жарымай далада кездессiншi, екi-үшеуiмiзжан-жағынанқардыборатыпберейiк. Сабазыңесiшығып, қойды 

тастай қашады. 

 

– Адамнан да қорықпайтын жүрек жұтқан ағайынсыңғой. Бiзге ондай батырлық қайда? Рас, басқа түссе, 



қоянын аулап, түлкiсiн қырармыз. Сiз сияқты iн де қазармыз-ау, бiрақ ол бiзге ақпанның ақырған аязында 

пана болмайды ғой. Қарғыс атқыр аңшы атаулы жүйрiк атқамiнiп, шошақ мылтығын асынып, ойда жоқта 

кездесе қалса, саудамыздың бiткенi. Менен сорлы жоқ шығар бұл  дүниеде,  – деп, ит  ұлып жата кеттi. 

Мұнысы иесiне берген белгiсi едi. 

 

– Айтпақшы, Қасеке, ұлу демекшi, осы сiздер туыстарыңызды қалай ғана iздеп таба қоясыздар, – дейдi ит 



кенет басын көтерiп. 

 

– Ұлудың да неше түрiбар-ау. Әлде қалай олжа кездесiп, жалғыз шамаң келмесе, ұлымағанда қайтесiң. 



Қазiр «У-у-у» дейiншi, туыс атаулы жан-жақтан сабылып жетедi. Бiрақ оңай ол жаға оларды ортақ қылып 

нем бар, – дейдi қасқыр бөсiп. 

 

–  Онда  мен  сенен  қалмаймын,  –  дейдi  ит.  –  Туып-өскен  жерiңдi  қимайды  екенсiң.  Қоштасып  кетейiн. 



Көзiмдi  ашып,  күнде  майлы  жуынды  iшкен  жерiм,  қош,  у-у!  Қарғы  бау  тағынып,  шынжыр  сүйретiп 

күзеткен қорам, қош, у-у! Тамақ бермей, таяқпен басыма ұрған қожайыным қош, у-у! 

 

Қасқыр мәз болып, iшек-сiлесi қатқанша күледi. Итiнiң ауық-ауық ұлығанынан оянып кеткен кожайын 



қолына  мылтығын  алып,  қораны  айналады.  Ұлып  отырған  итiнiң  жанындағы  касқырды  атып  алады. 

Ақылды ит қасқырды осылай қолға түсiрiптi. 

 

 

 



Ақылды лақ 

 

Бір  бұзау,бір  тоқты,бір  лақ  ел  көшкенде  ойнап  жүріп  байқаусызда  жұрттан  қалыпты.Үшеуі  түрнектеп 



жүріп,қос  тұрғызып  алыпты.Қосы  бір  бұлақтын  қасында  екен.Оның  қасында  зәулім  бәйтерек  өсіп 

тұрыпты. 

 

Бұлар айдалада ең қалғанын естіп бір тойып алайын -деген ниетпен аю іздеп келіпті. 



 

Лақ арбаңдап келе жатқан аюды көреді де ,алдынан жүгіріп шығып,қарсы алыпты.Содан қосқа естіріп 

келіп  есік  ашып  төрге  шығарады.Бұлар  үйге  кірген  кезде  «аю  ағамыз  келіп  қалыпты»-  екен  не  тамақ 

береміз? -деп сұрайды тоқты лақтан. 

 

Сонда ақ лақ даусын көтереңкіреп «Басқа аюдың басын ас, соңғы аюдын төсін ас, дым болмаса осы аюдың 



өзін сойып,барлық етін түгел ас»-депті. 

 

Оны  естіп  отырған  аю-  «бұлар  аюдың  етін  жейді  екен  ғой»-деп  ойлапорнынан  атып  тұрыпай-жайға 



қарамай тұра қашыпты.Зытып келе жатса қарсы алдынан қасқыр кездеседі. Аюдың қылығына танданған 

қасқыр 


 

-Ооо аю жан неден қашып келесін сонша-деп сұрайды. 

 

Бұған  аю  айтады:  мына  белдің  арға  жағындағы  бұлақтың  жағасында  бұзау,тоқты,лақ  үшеуі  тұрады. 



Соларды байқап көрейін деп барып ем өзімді жеймін- деген соң ,сорға қашып құтылдым. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              196 bet 

Қой ,ары -дейді қасқыр әлгі аюдың сөзіне күліп «бір аюдың басын,бір аюдың төсін жейміз»- деп дауласып 

жатқанда мен қаша жөнелдім. 

 

Ендеше жүр екеуміз бірге барайық.Үшеуін де қоршап алып ,тең бөлісіп желік-дейді қасқыр. 



 

Оған аю көнбей , жүрексініп -жоқ мен бармаймын өзін-ақ бара бер –дейді.Сол арада қасқыр жіп тауып 

алады да ,бір ұшын аюдың мойынан ,бір ұшын өзінің мойнын байлайды да,сөйтіп аюды зорлықпен ала 

жүреді. 


 

Аюды жетелеген қасқыр тартса, тартса қосқа жақындағанда лақ жүгіріп сыртқа шығып : 

 

-Ооо қасеке біз үшеуміз ол аюға тоймаймыз- деп айқайлайды. 



 

Бұл сөзін естіген аю бұрынғыдан да шошып,кері қарай қаша жөнеледі.Қасқыр жіпке буынып қылқынып 

қалады.Бір  жерге келгенде аю жіпті үзіп тастап кетеді.Ес  -түсінен айырылып,әлсіреп жатқан қасқырға 

дала кезіп жүрген тағы бір қасқыр. 

 

-Ооо досым неғып зұлап жатырсын? –деп сұрайды.Бірден, уақытта есін жиған қасқыр «Неғып жатушы 



ем ,аюдың ақмақтығынан өлгелі жатырмын, мені аю сүйретіп шығып кетті»-деп басынан кешкен оқиғаны 

айтып береді. 

 

Онда өзіміз-ақ барайық- деп айтады қалсыраған қасқыр.Сонымен екі қасқыр қосқа қайта барады.Бұларға 



қолдана  шарасы  таусылған  бұзау,тоқты,лақ  бәйтерекке  шығып  алады.  Лақ  бас  жағына,тоқты  орта 

тұсына ,бұзау олардан төменірек орналасады. Бәйтеректің түбіне келген соң әлгі жолда қосылған қасқыр: 

 

-кел  екеуміз  мына  ағашты  ырғайық.  Аналар  алма  құсап  жерге  төгіліп  түседі-деп  ағаш  астына  келіп 



дайындалып тұрғанда ,бұзау отырған бұтақ сынып кетеді де жерге топ ете түседі., содан сескеніп тұрған 

қасқырдың бел омыртқасы үзіліп кетіпті.Бұдан кейін аю қылқындырып кеткен қасқыр қорқып өз бетімен 

қаша  жөнеледі.Сөйтіп бұзау,тоқты.лақ  ажалдан  аман  қалыпты.Күзде ескі  жұртына  қайта  көшіп келген 

иесі аман есен жайылып жүрген малын тауып алыпты. 

 

Арыстан күшігін асыраған мысық 



 

Бір мысық қаңғырып жүріп өліп жатқан арыстанға тап болады да, оның жетім қалған күшігін бауырына 

басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы аң болады, өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді. 

Бір күні ашыққан арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп 

ағаш басына шығып кетеді. Сонда арыстан тұрып: 

- О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бар ақылыңды үйреткенде, 

ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? - дейді. 

Сонда мысық: 

- О, қайырымды балам! Сені мен кішкентайыңнан бауырыма басып өсірдім, білген ақыл-айламның бәрін 

үйреттім. Бірақ құлқыныңнан қорқып, бір өнерімді айтпай, бүгіп қалып едім, оным ақыл болған екен! - 

дейді. 

 

 



 

Ек қаз,бір бақа. 

 

 

Ертеде бiр бақа болыпты. Ол батпақта тұрыпты. 



Бiр күнi ол өзен жағасында отырды. Бiр кезде жағаға үйректер қонды. 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              197 bet 

 

– Жол алыс, – дедi бiр үйрек. – Тез тамақ жеңдер, сосын ұшамыз. 



Бұны бақа естiдi..  

– Кешiрiңiз, қайда ұшасыздар? – дедi бақа. 

– Оңтүстiкке ұшамыз, – дедi бiр үйрек. 

– Оңтүстiк жылы ма? 

– Иә, жылы. 

– Онда маса, шiркей көп пе? 

– Иә, көп, – дедi үйрек. 

– Онда менi ала кетiңдер. 

– Сенiң қанатың жоқ, қалай ұшасың? 

– Бiлмеймiн, бiрақ тұра тұрыңдар, мен ойланайын, – дедi бақа..  

Бақа бiраз ойланды, сосын::  

– Таптым, таптым, – деп айқайлады. – Екi үйрек таяқтың екi ұшынан тiстейдi, мен ортасынан тiстеймiн. 

Бiрақ сендер қаңқылдамаңдар, мен бақылдамаймын. 

– Жарайды, – дедi үйрек. 

Сөйтiп олар ұшты. Екi жақта екi үйрек, ортасында бақа. 

Бұл қызық көрiнiс болды. 

Бұны балалар көрдi. 

– Бақаны қараңдар, бақаны қараңдар! – деп айқайлады балалар. – Қызық-ай, бақа ұшып бара жатыр. 

Бақа мақтанып кеттi. 

– Бұны мен ойлап таптым, мен, – дегенде бақа шалшыққа құлап түстi. 

 

 

Адасқан құмырсқа 



 

Баяғыда бір құмырсқа өзінің бауырластарына өкпелеп, илеуден кетіп қалады да, ара мен қоңызға барып, 

солармен достасыпты. 

 

Бірде құмырсқа азық іздеп, ұзақ шарлап жүріп бір үлкен дән тауып алыпты. Оны өзімен алып кетпекші 



болып, сүйреуге, көтеруге қанша тырмысса да дәнді орнынан қозғалта алмапты.Ақыры құмырсқа өзінің 

жаңа достарын көмекке шақырмақ болып шешіпті. Әуелі бал жинап жүрген араны кездестіріп, былай деп 

өтініпті: 

 

-Достым, маған көмектесші, жалғыз өзімнің шамам жетер емес. 



 

Сонда ара досы: 

 

-Көріп тұрған жоқсың ба?! Мен де жұмыс істеп жүрмін,-деп әрмен қарай ұша жөнеліпті. 



 

Құмырсқа енді қоңызға барады. 

 

-Мен  сен  үшін  мына  жұмысымды  тастап  кете  алмаймын,-деп  жауап  берген  қоңыз  да  қиын 



домалатыпжөніне кетіпті. 

 

Достарының  қылығына  өкпелеген  құмырсқа  үйіне  қарай  кетіп  бара  жатып,  жолда  өзінің  бауырларын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет