ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет31/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   153

кездестіріпті.  Мұның  мұңайған  жүзін  көрген  құмырсқалар:  «Саған  не  болды?  Неге  көңілсізсің?»-деп 

сұрайды. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              198 bet 

Құмырсқа  оларға  басынан  кешкендерінің  бәрін  айтып  беріпті.Бауырластары  оған  дәнді  жеткізуге 

көмектесіпті. Өкпелеп кеткен құмырсқа өзінің илеуіне оралыпты. «Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін 

тапқан соң» деген осы екен. 

 

 

«Ат пен есек» 



 

 

Бір кісі ат пен есекке жүк артып, қалаға келе жатты. Қалаға дейін жол ұзақ еді. Есек шаршап, жүгі ауырлап, 



атқа, 

 

-Жолдасым, менен біраз жүк алшы. Мен көтере алмай келемін,-деді. Ат жәрдем етпеді. Жолшыбай есектің 



халі  нашарлап,  өледі.  Сонан  соң  иесі  есектің  барлық  жүгін  және  есектің  терісін  сыпырып  алып,  атқа 

артады. 


 

Сонда ат: 

 

-Кінә менде, егер есектен біраз жүк алсам, бұл уақиға болмас ед енді міне, есектің барлық жүгін, әрі терісін 



әкеле жатырмын,-деп қалаға дейін өкінумен келеді. 

 

«Адасқан құмырсқа» 



 

Баяғыда бір құмырсқа өзінің бауырластарына өкпелеп, илеуден кетіп қалады да, ара мен қоңызға барып, 

солармен достасыпты. 

 

Бірде құмырсқа азық іздеп, ұзақ шарлап жүріп бір үлкен дән тауып алыпты. Оны өзімен алып кетпекші 



болып, сүйреуге, көтеруге қанша тырмысса да дәнді орнынан қозғалта алмапты. Ақыры құмырсқа өзінің 

жаңа достарын көмекке шақырмақ болып шешіпті. Әуелі бал жинап жүрген араны кездестіріп, былай деп 

өтініпті: 

 

-Достым, маған көмектесші, жалғыз өзімнің шамам жетер емес. 



 

Сонда ара досы: 

 

-көріп тұрған жоқсың ба?! Мен де жұмыс істеп жүрмін,-деп әрмен қарай ұша жөнеліпті. 



 

Құмырсқа енді қоңызға барады. 

 

-Мен  сен  үшін  мына  жұмысымды  тастап  кете  алмаймын,-деп  жауап  берген  қоңыз  да  қиын  домалатып 



жөніне кетіпті. 

 

Достарының қылығына өкпелеген құмырсқа үйіне қарай кетіп бара жатып, жолда өзінің бауырластарын 



кездестіріпті.  Мұның  мұңайған  жүзін  көрген  құмырсқалар:  «Саған  не  болды?  Неге  көңілсізсің?»-деп 

сұрайды. 

 

Құмырсқа  оларға  басынан  кешкендерінің  бәрін  айтып  беріпті.  Бауырластары  оған  дәнді  жеткізуге 



көмектесіпті. Өкпелеп кеткен құмырсқа өзінің илеуіне оралыпты. «Адасқанның айбы жоқ, қайта үйірін 

тапқан соң» деген осы екен. 

 

 

 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              199 bet 

Екі әтеш 

 

 

Ертеде бір кемпір-шалдың екі әтеші болған екен. Олар қолдарына түскен жемдерін сол әтештерге беріп 



асырапты. 

 

Бір күні кемпір құстарына жем шашады. Қарындары ашқан әтештер жүгіріп келеді. Шұбар әтеш қасында 



жүрген досынан жемді қызғанып, бергісі келмейді. 

 

-Шіркін, мына жемнің бәрін жалғыз өзім жеп, бір тойсам-ау,-деп ойлайды. Сөйтіп шұбар әтеш қасындағы 



сұр әтешті қайта-қайта шоқып, жем жегізбейді, мазасын алады. 

 

Ақырында  сұр  әтеш  ызаланып,  шұбар  әтешті  шоқып  алады.  Осыдан  соң  екі  әтеш  жүндері  үрпиісіп, 



төбелесе  кетеді.  Екеуінің  де  үсті-басы  жұлым-жұлым  болады.  Бұлар  таласып  жатқанда,  көрші  үйдегі 

тауықтың балапандары келіп, жемді түгін қалдырмай жеп кетеді. 

 

 

 



 

 

 



 

Мақтаншақ қоян 

 

Орманда бір қоян өмір сүріпті.Ала жаздай сайраңдап, тоғайдағы жеміс-жидектерді  теріп жеген ол,қыс 



түссе қарны ашып, ауылға арпа ұрлауға барады екен. 

 

Бір күні ол ауыл шетінде тұратын шаруаның үйіне ұрлыққа келеді. Қорасына кірсе, қаптаған қоян. Ол 



мақтана бастайды: 

 

-Сендер  үйде  тұрсаңдар  қайтейін?!  Мен  сендерден  бәрібір  артықпын.  Менің  мұртым-мұрт-ақ! 



Сендердікіндей емес! Ал, табаным мен тістерім ше? Сендердікі салыстыруға да келмейді...Мен ешкімнен 

қорықпаймын! 

 

Үй қояндары мақтаншақ қоянның қылығын Қарға тәтелеріне айтып береді. Ол бөспе қоянды жазаламақ 



болып, іздеп тауып алады. Даңғой қоян шошып кетеді: 

 

-Қарға тәте! Тиіспеші. Мен енді мақтанып елдің мазасын алмайтын боламын! 



 

-Солай де! Босқа мақтанба!Елден ерекшелігіңді бос сөзбен емес, ісіңмен көрсет!-дейді Қарға. 

 

Арада біраз күн өткен соң, бірде қараса, әлгі қарғаны иттер талап жатыр екен...Жаны ашып кеткен қоян 



құтқармақ болады. Иттердің назарын өзіне аударып, тұра жүгіреді. Қарғаны тастай салып, иттер қрғаны 

қуа жөнеледі.Қоян қашып құтылады. 

 

Қоянның ерлігіне риза болған қарғаоған келіп: 



 

-Рахмет саған! Сен мақтаншақ емес екенсің, мақтауға тұратын ер екенсің!-деп ризашылығын білдіреді. 

 

 

 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              200 bet 

«Түлкі мен тырна» 

 

 

Бір түлкі тырнамен жолдас болып, түлкінің апанына келіп кіріпті. Бұлардың ізіне бір аңшы түсіп, інге 



келіпті.  Інді  қазып,  әлгілерге  жақындаған  кезде  шыбық  салыпты.  Шыбық  тиген  соң,  тырна  түлкіге: 

«Алпыс амал түлкіде, алпыс екі амал адамда деуші еді, сол амалыңның біреуімен құтқар, құтқармасаң 

өлеміз»,-депті. 

 

Сонда түлкі: 



 

-Амалым құрыды,-дейді. 

 

Тағы өлуге жеткен соң, тырна айтыпты: «Олай болса, менің амалым бар! Сол амалмен құтылармыз,-депті 



де, түлкіге,-мен өлген боп, апанның ауыз жағында жатайын. Адам қол созып, мені жемтік екен деп, алып 

тастар. Сонда мен айғай салып ұшайын, ол жалт қарағанда, сен жұгіріп кет»-дейді де, іннің аузына барып 

жатады. Аңшы қол созып еді, қолына тырна екенін көрген соң, жерге тастай беріпті. Сонда тырна айғай 

салып ұша жөнеліпті. Ал, адам «аһ» деп жалт қарағанда, түлкі шыға жөнеліпті. 

 

Сөйтіп, екеуі де аман-есен аңшыдан құтылыпты. 



 

 

 



 

 

 



 

Масақ. 


 

Ертеде  екі  Тышқан  және  дауысы  әдемі  бір  Әтеш  өмір  сүріпті.  Екі  Тышқанның  аты-біреуі  Круть, 

екіншісінікі Верть екен. Тышқандар күніге тек ойнауды, өлең айтып, билеуді ғана біліпті. Ал, Әтеш таң 

атысымен барлығын өзінің әсем дауысымен оятып, бірден жұмысқа кіріседі екен. Сөйтіп, бір күні ауланы 

сыпырып жүргенде жерден бидайдың масағын тауып алады. Әтеш Круть пен Вертьтті шақырып былай 

депті:-Қараңдаршы, мен нені таптым? 

 

Тышқандар тез жүгіріп келіп, былай деді:-О,оны үгіту керек. 



 

Әтеш:-Оны кім үгітеді? 

 

Круть:-Мен емес,-деді. 



 

Верть:-Менде емес,-деп айқайлады. 

 

Әтеш:-Жарайды, ендеше, онда мен үгітейін. 



 

Сөйтіп  Әтеш  жұмысқа  кірісті.  Ал,  Тышқандар  болса,  ойнап,  би  билеп  жүрді.  Біраздан  соң  Әтеш  екі 

Тышқанды шақырды. 

 

Әтеш:-Круть, Верть, қараңдаршы, мен қаншама дән үгіттім. 



 

Тышқандар жүгіріп келіп, екеуі бірдей шиқылдады. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              201 bet 

Әтеш:-Круть, Верть, енді дәнді диірменге салып, үн етіп үгіту керек. Ал, кім көтереді. 

 

Круть:-Мен емес,-деді. 



 

Верть:-Менде емес,-деді.Әтеш:-Жарайды, ендеше, мен дәнді диірменге салайын. 

 

Сөйтіп, иығына қапты салып, Әтеш кетті. Ал, Тышқандар сол уақытта бір-біріне секіріп ойнады. 



 

Әтеш қайтадан диірменнен оралып, Тышқандарды шақырып: -Мен ұн әкелдім,-деді. 

 

Ал Тышқандар:-Ай, жарайсың, Әтеш. 



 

Әтеш:-Ал, енді, 

 

Осы ұнды илеп, пешке салып, бәліш пісіру керек. Кім илейді,-дейді. 



 

Тышқандар болса, баяғындай дауап береді. 

 

Тышқандар:-Менде емес, мен де емес,-деді. 



 

Әтеш:- Тағы да өзі жасайтын секілдімін. 

 

Сөйтіп, Әтеш ұнды илейді, отынды әкелді, пешті жақты. Пеш қызып, оған бәлішті салды. Ал, Тышқандар 



сол  уақытта  уақыттарын  жоғалтқан  жоқ.  Өлеңдерін  айтты,  билеп  жүрді.  Міне,  бәліш  те  пісті,  Әтеш 

бәлішті үстел үстіне қойды, ал тышқандар болса, бірден үстел басына жетіп келді. 

 

Круть:-Ой, менің қарным ашты. 



 

Верть:-Ох,менің жегім келіп тұр. Сөйтіп, үстелге отырып алды. 

 

Сонда  Әтеш:-Тоқтай  тұрыңдар,  тоқтай  тұрыңдар.Алдымен  сендер  маған  масақты  кім  тапты,  соны 



айтыңдаршы? 

 

Тышқандар:-Сен таптың,-деді. 



 

Ал, Әтеш:-Оны кім үгітті? 

 

Тышқандар:-Сен үгіттің. 



 

Әтеш:-Кім иледі? Отынды кім әкелді,пешті кім жақты? Бәлішті кім пісірді? 

 

Тышқандар:-Бәрін де сен!-деп ақырын айтты. 



 

Әтеш: -Ал, сендер не істедіңдер сонда? 

 

Не деп айтатындарын білмеді. Сонымен Круть пен Верть үстелден тұрып кете берді. Ал, Әтеш болса, 



оларды ұстамады. Себебі: мұндай еріншек пен жалқауларға бәліш берудің де қажеті жоқ деп түсінді. 

 

 



 

Айлакер түлкі. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              202 bet 

 

Баяғы заманда орман ішінде алай-дүлей дауыл соғады. Дауылдың қатты соққаны соншалық, ағаштарды 



тамырымен құлатып, жуан бұтақтарды сындырып, жапырақтарды ұшырып әкетеді. Аңдар қорыққанынан 

өз індеріне тығылыпты. Осылайша дауыл бірнеше күн соғып артынша тиылыпты. 

 

Сол  орманда  әтеш  пен  Тауық  өмір  сүріпті.  Дауыл  олардың  балапандарын  ұшырып  әкетіпті.  Жел 



тынышталғанда Тауық Әтешке: 

 

-Мен енді бұнда қала алмаспын. Бізге басқа жерге қоныс аудару керек,- депті. 



 

Сұрақ: 


 

-Балалар, құстардың балапандарын мына дауыл алып кете беретін болса, бұларға не істеу керек? 

 

Әтеш Тауықтың сөзіне келісіп, қоныс іздеуге бірге аттаныпты. 



 

Сөйтіп, олар жолда келе жатса, алдарынан екі үйрек кездесіпті. Сонда Үйрек Тауықтан: 

 

-Сіңілім, қайда жол жүрмексіңдер?-деп сұрайды. 



 

-Біз енді бұл орманда тұруға қорқамыз, сондықтан жаңа қоныс іздеуге бара жатырмыз,-деді. 

 

-ендеше, бізді де өздеріңмен ала кетіңдерші, бізде бұнда тұрғымыз келмейді,-дейді үйректер. 



 

Әтеш пен Тауық келісіп, төртеуі бірге жолға шығыпты. Көп ұзамай оларға екі Тауыс кезігіпті. 

 

Тауыс: -Барлықтарың қайда бара жатырсыңдар,-депті. 



 

Сонда барлығы: -Бұл орманда тұру қауіпті, сондықтан басқа жерден қоныс іздеп бара жатырмыз,-депті. 

 

Тауыс: -Ендеше, бізді де ала кетіңдерші, бізге де қауіп төніп тұр,-депті. 



 

Енді олар алтау болып, жаңа қоныс іздепті. 

 

Сұрақ: -Сонымен, Тауық пен Әтешке нелер кезігіпті? 



 

-Тауық, Әтеш, Тауыс, Үйрек аңдар ма, әлде құстар ма? 

 

-Құстардың қандай пайдасы бар? 



 

Жолда бұларға қоян да ілесіпті. Кенет, қайдан шыққаны белгісіз, алдарынан Түлкі шығыпты. Ол қоныс 

аударушыларғы көріп таң қалып, былай дейді: 

 

-Шырақтарым, қайда бағыттап бара жатырсыңдар? 



 

Барлығы: -Біз орманға қалуға қорқамыз,, сондықтан өзімізге жаңа қоныс іздеп бара жатырмыз,-депті. 

 

-Біздің  орманнан  кетпеңдер!  Мен  бір  жақсы жер  білемін.  Сол  жерді  көрсетейін  бе?  Онда тыныш  және 



сендер рахат өмір сүресіңдер,-дейді. 

 

Сұрақ: -Балалар, олар Түлкіге сенді ме? 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              203 bet 

 

Ең  әуелі  оған  ешкім  сенген  жоқ.  Бірақ,  Түлкі  айтқан  жерлерді  мақтап,  алдағаны  сонша,,  ақырында 



барлығы сол жерді көруге көніп: 

 

-Жарайды, ең әуелі мақтаған жерге барып көрейік. Ұнамаса, әрі қарай кете береміз,-дейді. 



 

Түлкі оларды дәл өзінің ініне әкеліп алып:-Бұдан әрі жол тар, мен алдына шығайын, ал сендер бір-бірден 

менің артымнан жүріңдер,-деді. Осы сөзден  кейін ол ініне жылмаң етіп түсіп, жасырынып қалды. Ал, 

оның артынан бірінші Тауыс кірді, осын Әтеш, тағы қалғандары. Түлкінің алдағанын білген Қоян жылдам 

секіріп,  апаннан  шығып  кетті.  Қатты  жүгіретін  Қоянға  Түлкі  жете  алмады.  Бірақ  аңқау  құстарды  жеп 

қойды. 


 

 

Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай 



 

 

Ерте-ерте  ертеде,  ешкі  құйрығы  келтеде  Шықбермес  Шығайбай  дейтін  бай  болыпты.  Төрт  түлігі  сай 



болыпты. Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса, дәм бермейді екен. Үйіне 

кісі келсе, ол: 

 

-Шық-әй!-дейді екен. Оыдан жұрт оны Шығайбай атап кеткен екен. 



 

Қайтсем де, қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылыпты. 

 

Алдар  десе,  Алдар-ау!  Алдардың  алдамайтыны,  арбамайтыны  жоқ  деген  атақ  та  осы  кезде  елден-елге 



жайылды. Ел аузындағы мәтелге айналды. 

 

-Әй,  Алдарың  қанша  қу  болса  да,  Шықбермес  Шығайбайды  алдай  алмас,-дейді  жұрт.  Бұл  сөз  Алдарға 



жетеді. Шықбермес Шығайбайдың атын Алдар да естиді. 

 

«Шықбермес Шығайбайды мырза етпесем, Алдар атым құрысын»,-деп АлдарШықбермес Шығайбайдың 



елін іздеп, сапарға шығады. Күн-түн жүреді. Ақырында, елден іргесін аулақ салған ен далада жалғыз үй 

қонған Шығайбайдың үйіне келеді. 

 

«Бұл қу не істеп отыр екен?» деп, атын алысқа тұсап, өзі білдірмей келіп, жабықтан сығалайды. Шығайбай 



қазы тіліп, бәйбішесі нан илеп, тоқалы бас үйтіп, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен. 

 

«Осыдан татпасам, Алдар атым құрысын» деп жылмың етіп: «Кеш жарық!»-деп кіріп барады. 



 

Бұлар да жылдам екен, Алдар  «кеш...» дегенді айтып болғанша, қолдағыларын жасыра-жасыра қойып, 

Шығайбай  таспаны,  бәйбіше  ұршықты,  қызы тігіліп  жатқан  көйлекті,  тоқалы  көсеуді  қолдарына  алып 

отырыса қалады. Түк білмегенсіп, қолдарындағы іспен болып отырғансып, жайбарақат бола қалады. 

 

«Әй, әбден-ақ әккіленіп алған екенсіңдер, мызғымас қу екенсіңдер» дейді Алдар ішінен. Амандасқансып, 



қол алысқансып, байға сүйкене барып, төр алдына отырып алады. 

 

«Әй, көсе екенсің, жұртты құрқан қу ма екенсің? Жүрісің жылмаң екен, жырынды болған сұм ба екенсің? 



Қу болсаң да, сұм болсаң да, менен дәм тата алмассың» дейді бай ішінен. 

 

-Қайдан  жүрген  сұмсың?  Қайда  барасың?  Не  естіген,  білгенің  бар?-дейді  бай  Алдарға.  Алдар  көтеріле 



түсіп, күлімдеп, желдіре жөнеледі: 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              204 bet 

 

-Көрген білгенім көп. Жолда келе жатып, үлкен сары жылан көрдім. Жуандығы тап өзіңнің астыңдағы 



қазыдай. 

 

Артық-кем қып асырмай, 



 

Шын айтқанды жасырмай: 

 

Таспен ұрып жібердім, 



 

Күң астындағы басындай. 

 

Былш етіп иленіп, 



 

Бәйбіше астындағы қамырдай. 

 

Өтірік болса, сақал жұлынсын, 



 

Қыз астындағы тырнадай. 

 

Бәрін де осының көріп келдім, 



 

Асыңды асшы, ұрламай,-дейді. Осыны айтқаннан кейін бай: 

 

-Шоқ түссін тіліңе!-деп астындағы қазысын лақтырып тастайды. 



 

-Тілің кесілсін!-деп бәйбіше астындағы қамырын лақтырады. 

 

-Жағың қарыссын!-деп тоқал басты лақтырады. 



 

-Ішің кепсін!-деп қыз тырнаны лақтырады. 

 

-Қазанда аса бер, бәйбіше,-дейді бай, «амал қайсы» деген пішінмен. Бәйбіше а салады да: 



 

-Піс, қазаным бес ай!-дейді. 

 

-Отырайын он ай!- деп Алдар етігін шешіп тастайды да: 



 

-Кер тағының терісін келер жылы киермін,-деп төрге орнығып отырады. Қазан түнімен қайнайды, бірақ 

түсірілмейді. Алдар да отырады. 

 

«Мынау кәпір қашан жатады?» деп, үн жоқ қсарарып бай да отырады.Ақырында, ұйқысы келіп, шыдай 



алмай: 

 

-Әй, кемпір, төсек сал,-дейді. 



 

Бәйбішесі төсек салады. Үй іші ұйықтаған кезде, Алдар орнынан тұрып, қазандағы етті сүзіп алып, оның 

орнына тулақты турап салып қояды. Бір уақытта бай тұрып, бәйбішесін оятады. 

 

-Мына ит ұйықтады білем. Түсір асыңды тез. Уақытымен асымызды жегізбеді-ау, ит!-деп сыбыр етеді. 



Бәйбіше қараңғыда асты түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп: 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              205 bet 

 

-Жат,  жігітім,  жат!  Сазайың  –осы!-деп  аузына  бір  кесегін  асап  жіберсе,  тісі  өтпейді.  Олай  қидалайды, 



былай қидалайды, болмайды. 

 

-Етіңе  не  болып  кеткен,  өңкей  шандыр!-деп  әйеліне  ұрсады.  Түйіліп  қалып,  май  сұрайды.  Ақыры, 



Алдардың келгенін біліп, амалсыз аштан-аш жатады. 

 

 



Не дәмді. 

 

 



Бір бас қосқанда құстар мен хайуанаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты. Сонда тауық: 

 

Ең дәмді тамақ тары, депті қыт қыттап. 



 

Тапқан екенсің дәмді тамақты! Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін! дейді Ит абалап. 

 

Бәрің де білмейсің. Күтірлетіп жейтін сәбізден артық еш нәрсе жоқ, дейді Қоян, екі құлағын тікірейтіп. 



 

Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді! деп, Ешкі маңырапты. 

 

Шіркін қою сүтті айтсаңдаршы! деп Мысық тамсанады. 



 

Сөйтіп, әркім өзі сүйетін тағамды мақтап қызыл кеңірдек болысып, бәтуаға келе алмай, тарасыпты. 

 

 

Ертегіде қонақта. 



 

 

Бір адам жасынан аң аулап күн көреді екен. Бір кезде ағаштың түбіне ау құрып жүрсе, қапыда арыстанға 



кездеседі. 

 

Арыстан: Ей, адам! Кездеспей жүр едің, бері кел. Құлақ сал сөзіме, сенің істегеніңнің бәрі қиянат көрінеді. 



Маған сырттан қайрат ететін көрінесің, күшің артық болса, құтыл менен. Аузыма бірақ салайын ба ? депті 

 

Адам айтады: 



 

Егер күшті болсаң, анау жерде менің құрып қойған бір нәрсем бар, содан өт, егер де өтіп кетсең мені жей 

ғой, арыстаным, деді. 

 

Арыстан: 



 

Айлаңды көріп тұрмын, әуелі өзің өтші дейді. 

 

Адам аудың астынан өте шығады. Арыстан өтемін деп, бар пәрменімен секіргенде торға барып оралады. 



Сөйтіп адам айласымен арыстанды торға түсірді. 

 

 



Жеті лақ 

 

 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              206 bet 

Ертеде бір Ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде Ешкі орманға жиналыпты. 

 

  -  Есікті  ешкімге  ашпаңдар!  Мен  қайтып  оралғанда  есікті  қағып:  «Лақтарым,  шұнақтарым!  Есікті 



ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп ән саламын», - дейді. 

 

Осы  кезде  Ешкі  үйінің  маңында  Қасқыр  жемтік  іздеп  жортып  жүрген.  Ол  лақтарды  алдамақ  болды. 



Қасқыр Ешкінің кеткенін күтіп, лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды. 

 

Қасқыр  ісмер  адамға  келіп,  жіңішке  дауыспен  ән  салу  үшін  тамағын  қағып  беруін  сұрады.  Ісмер  таң-



тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жіңішкертті. 

 

Қасқыр Ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты. Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен: 



 

-     - Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп әндетті. 

 

Лақтар  есікті  ашты.  Жауыз  Қасқырға  керегі  сол  еді.  Ол  үйге  баса  көктей,  кимелей  кірді  де,  лақтарды 



бірінен соң бірін қылғытып алды. 

 

Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді. Сұрқия Қасқыр жетінші  лақты ұзақ іздеді, бірақ таба алмады. 



Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын. Сондықтан ол зыта жөнелді. 

 

Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық жатыр. Үй ішінде ешкім көрінбейді. Пеш ішінен бір лағын тауып алды. 



Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып, зарлы үнімен зарлап жылады: 

 

-  Лақтарым. шұнақтарым, көлге біткен құрақтарым ! Есікті ашып, Қасқырға жем болдыңдар! 



 

Ешкі  Қасқырға  келіп:  «Сен  бе  менің  лақтарымды  жеп  қойған?»  –  деп  сұрады.  Қасқыр  оған:  «Сенің 

лақтарыңды жеген жоқпын,» - деп жауап қатты.«Жемегеніңді дәлелде. Кел, екеуіміз мына ордан секірейік. 

Егер сен менің лақтарымды жемесен, онда оңай секіріп кетесің!» – деді Ешкі.Қампиған қарнымен ордан 

секіру Қасқырға қиын түсетіні белгілі ғой. Амал қанша?! Секірді, бірақ өзін-өзі ұстай алмай, тура ыстық 

шоқтарды  бар  орға  құлады.Қарны  жарылып,  одан  құлан  таза  лақтар  орғып-  орғып  шықты.  Олар 

аналарымен  шұрқырасып  табысты.  Сөйтіп,  Ешкі  лақтарымен  бұрынғыдай  ауызбірліктері  күшті, 

ынтымақты өмір сүріпті. 

 

 

Алтын балта 



 

 

Баяғыда бір кедей болыпты. Бір күні ол көршілес байдың балтасын сұрап, отынға барыпты. Біраз отын 



шауып бола берген кезде, кедейдің балтасының басы ұшып кетіп диірмен тасын айналдырып жатқан суға 

барып түсіпті. Кедей диірменші шалға келіп, балтамды алып бер деп жалыныпты. Диірменші-шал суға 

қолын тығып жібереді де, бір алтын балтаны алып шығады. 

 

-Мынау ма балтаң? – дейді кедейге. 



 

-Жоқ,бұл емес, - дейді кедей. 

 

Шал екінші рет қолын малып күміс балтаны шығарып: 



 

- Мынау ма балтаң? – дейді тағы кедейге. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              207 bet 

- Жоқ,бұл да емес. 

 

Диірменші шал үшінші рет қолын суға салып қара темір балта ілігеді. Сол кезде кедей: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет