қатынды қуып жіберіпті. Енді баланы әлгі кемпір құдыққа салып жіберіпті. Сонда Құдайдың құдіретімен
Жәбірейіл періште құс болып келіп, аяғымен көтеріп алып кетіпті де, қаланың шетіндегі бір кемпірге
әкеліп беріпті. Ол кемпірдің ұлы, қызы жоқ екен. Сонда ол екі бала үш-төрт жыл тұрыпты. Сол уақытта
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
502 bet
әлгі кемпір өліпті. Сонан соң, бала оқ мылтық атып, құлан-бұлан аулап, етін тамақ қылып, терісін киім
қылып жүріпті. Сөйтіп жүріп бір таудың шұқырына келіп, соны үй қылып, сонда тұрыпты.
Ол баланың тірі екенін біліп, бұрынғы қас қылған шешесі баяғы сиқыршы кемпірді жіберіпті: «Алтын
Айдарлы баланы өлтіріп кел» деп. Сонан соң, ол сиқыршы кемпір баланы іздеп келсе, бала аңға шығып
кетіпті. Қарындасы үйде отыр екен, оған айтыпты:
— Ағаңа айт, мына жақта Күлмесхан дегеннің бір биесі бар. Күнде құлындайды, құлындары арғымақ,
тұлпар болады, — деді де, кетіп қалды.
Ол кемпір қастықпен өлтіруге ойлапты. Ол жолға барған кісі —жолда адасып кетіп өледі екен. Кешке
ағасы келіпті. Сонда қарындасы кемпірдің айтқанының бәрін де тамам айтыпты. Мұны есітіп, ағасы
құлынды іздеп, сапар шығып кетіпті.
Жолда келе жатқанда бір дарияға келіпті. Ол дарйядан жүрген, өткен кісі әлек болады екен. Алтын Айдар
өтіп келе жатса, бір перінің қызы дарияны толқын қылып, кемені аударуға келе жатыр екен. Ол аудара
бергенде, Алтын Айдарлы бала қолынан ұстап алып, қолындағы сақинасын, білезігін тартып алып, жөніне
кетіпті.
Сөйтіп жүріп Күлмесханға келіпті. Ол Күлмесханның биесі құлындап жатыр екен. Күлмесханға айтыпты:
— Ай, тақсыр, құлыныңызды ұлықсат болса алайын, — депті.
Сонда хан:
— Ала ғой, — депті.
Олар өздері де құлындарын ала алмайды екен. Ол құлынды туысымен бір перінің қызы бермей алып
кетеді екен. Сол уақытта бала мұны күзетіп тұрғанда, бір перінің қызы бұлт болып келіп, құлынды алып
бара жатқанда, Алтын Айдар қылышпен бұлтты сермеп қалыпты. Сөйтіп перінің кебісі мен құлынды алып
қалыпты. Сонан соң ханға кел iн, кебіс пен құлынды көрсетіпті. Сонда хан бұған бата беріпті. Бұл
қарындасына келіп, құлынды, сақинаны беріпті де, және аңға кетіпті.
Сиқыршы кемпір тағы келіп, құлын мен сақинаны көріп, қарындасына айтыпты:
— Мінекей, мен сендерге жақсылық ойлаймын, — депті, — ағаң саған сақина алып келді, — депті. —
Тағы енді бір жаққа жібер, онан барып, алтын сандық алып келсін, — депті де, кетіп қалыпты.
Ағасы келген соң, қарындасы:
— Тағы бір жерде бір жақсы сандық бар, соны маған алып келіп бер, — деді.
Сонан соң ағасы тұлпар құлынына мініп кетіпті. Жолда бір кемпірді көріпті. Ол кемпір жердің жарығын
жамап отыр екен. Бұған келіп:
— Шеше не қылып отырсың? — депті.
Ол кемпір айтыпты:
— Мен осы жердің жарығын тігіп отырмын,—депті. — Не үшін десең, осы жерге өзіңдей батырлар келіп
кіріп, бір сандық үшін өлді, — деді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
503 bet
Сонда бала:
— Маған да сандық керек, — деп, келіп кіріп кетіпті. Жердің астынан бір пері шығып айқайлапты:
— Тапал-тас үйде болсаң, хабарлас, —деп айқайлағанда, Алтын Айдарлы бала тас болып қалыпты.
Тұлпары бір-екі күн келмеген соң, үйіне қайтып, жылап тұрыпты. Сонда қыз ағасының өлгенін біліп,
тұлпарға мініп, манағы жер жамап отырған кемпірді көріп, ағасын сұрапты. Кемпір айтыпты:
— Ағаң өлген, барма, барсаң сен де өлерсің, — депті.
Сонда қыз айтыпты:
— Мен ағамды көріп өлермін, көріп кетейін, — деп!
Кемпір айтыпты:
— Сен жылай бар: «жер үстінде мен мұңдық, жер астында сен мұңдық» деп.
Сонда ол қыз осылайша жылап кіріп бара жатқанда, алдынан бір пері қызы шығып, мұңын сұрап, мұны
аяп, ағасын тірілтіп беріпті.
Сонан соң бұлар көп ағаш көріп, соған келіп кіріпті. Қарындасын тұлпарымен ағаштың шетіне қойып
кетіпті, өзі ағаштың ішіне кіріп аралап жүре беріпті. Сөйтіп жүріп бір ақ отау көріпті де, оған келіп кіріпті.
Біраз отырған соң, екі пері қызы ұшып келіп, сол үйдің төбесіне қонып отырып, екеуі біріне-бірі айтыпты:
— Ай, мен бір қорықтым, — депті, — неге десең, мені бір бала, суда жүріп, кемені аударып жүргенімде
қолымдағы сақинамды тартып алды, —депті. — Мен ол баланы көрсем, оған қатын болар едім, — депті.
Сонда кішісі айтты:
— Мен де бір қорықтым, — деді. — Неге десең, мен де бір ханның құлынын күнде алып кетуші едім. Бір
күні алайын деп келгенімде, бір бала күзетіп тұр екен. Мен ала бергенімде, менен құлынды тартып алып
қалды. Ол табылса мен де оған қатын болар едім, — дегенде:
— Міне, қатын болсаңдар, оларды тартып алған бала мен деп түрегелді. Сонан сон екі қыз да бұған некесін
қиып тиді. Бұл бала қыздарды отаумен көшіріп, манағы қарындасы мен тұлпарына алып келді. Сонан соң
бәрі жиылып бұрынғы орнына келді.
Сол жерде төрт-бес жыл өмір сүрді. Неше күндер өтіпті, бала әр күнде аңға шығып жүреді екен. Бір күні
аңға шығып жүрсе, бір адамды көріпті. Екеуі келе жатса, алдынан бір аң шықты да, көлбектеп жүре берді.
Сол уақытта бала да, қасындағы кісі де атайын деп ұмтылғанда, әлгі аң кісі болды да, атайын деген кісіге
айтты:
— Сенің мынау балаң, — деді.
Балаға айтты:
— Сенің мынау әкең, — деді, — сендерді Мыстан кемпір деген сиқыршы кемпір айырған, — деп, өзі жоқ
болды.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
504 bet
Сонан соң әкесі мен баласы жылап көрісіпті де, әкесі баласын үйіне әкеліп қонақ қылып, үлкен қатыны
мен мыстан кемпірді шақыртып алдырып өлтіртіпті. Мұның шешесін «бала таппадың» деп қайыршы
қылып, қаңғыртып жіберген екен. Соны алдырып, өзіне бұрынғыдай қатын қылыпты. Алтын Айдар бала
патша болыпты. Бұл баланың қарындасын, қатындарын алдыртыпты. Бәрін жинап алып той қылдырыпты,
ат шаптырыпты, барша мұратына жетіпті.
289 - Бөлім: ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1986
ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН
Жиренше шешен жолаушы келе жатып, бір ауылдың тұсына келсе, ауылмен екі арада өзен суы тұрған
соң, өткелін біле алмай сасып тұрғанда, судың аржағынан су алуға шелекпен бір қыз келді дейді.
Жиренше дауыстап сұрады:
— Бұл өзеннің өткелі қайда? — деп.
Қыз айтты:
— Анау жақта бір өткел бар алыс, алыс та болса жақын, берірек бір өткел бар жақын, жақын да болса
алыс.
— Мұның не сөз екенін аңғармай, Жиренше жақын деген өткелге барып, жүріп кетіп еді, судың орта
жеріне барғанда аты омбылап жығылып, үсті-басы былғанып, азар-мазар қайтып шықты. Сонан соң
алыста болса жақын деген өткелге барып, оп-оңай аржақтағы қыздың үйіне келді. Үйіне кіріп отырған
соң, Жиренше қызға қарап:
— Жаным, қарным ашып алыстан келемін, тамағың-ның тәттісін бер, — деді.
Қыз айтты:
— Бір тамақ бар ащы, ащы да болса тәтті. Бір тамақ бар тұщы, тұщы да болса ащы.
Жиренше:
— Ащы да болса тәтті деген тамағыңды келтір, — деді. Қыз тұрып, шанаштан бір уыс тұз алып, бір
аяқшаға салып, Жиреншенің алдына қойды. Жиренше мұны көріп:
— Жаным, құр тұзды қалай жеймін?—деді.
Сонда қыз үндемей, тұзы жоқ қара көже құйып берді.
Жиренше өзі де данышпан ақылды кісі, ойлап отырып, бұл сөздерге түсінді, және өзінің үй иесінің берген
мәзірін күтпей, тәтті тамағыңды бер деп сұрағанына ұялды. Сол істерінен Жиренше қыздың есті қыз
екенін аңғарып, ақырында өзіне қатындыққа айттырып алды дейді.
Қыздың аты Қарашаш сұлу, жұртқа белгілі көркем, данышпан болған соң, заманындағы хан күңдеп,
Жиреншемен қас болды. Бір күні ханның көңілі шапқан соң, аспазшылар алдына бір қаз пісіріп алып келіп
қойысты. Жиренше қасында отыр екен, хан оған бұйырды:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
505 bet
— Бұл қазды өзіме, ханымға, екі балама, және өзіңе, біріне артық, бірімізге кем жібермей беліп бер. Егер
біреумізге бір мысқал артық-кем болса, өзіңді қатты жазаландырамын, — деп.
Жиренше қолына пышақ алып, әуелі қаздың басын кесіп ханға берді:
— Тақсыр, сіз біздің басымызсыз, міне сізге бас, — деп.
— Екінші, хан ханымсыз болмас, ханым хансыз болмас, құс мұрынсыз болмас. Олай болса ханым сіздің
мойыныңыз деп, оған қаздың кеңірдегін кесіп алдына қойды.
— Мынау екі балаңыз — сіздің екі қанатыңыз, оларға міне қанат деп, қаздың екі қанатын кесіп қойды.
— Мен өзім, тақсыр, бас та емес, аяқ та емес, орташа ғана адаммын, мынау құстың орта денесі маған
лайық деп, қаздың қалған денесін өз алдына қойды дейді.
Және бір аз күн өткен соң, хан аң аулай далаға шығып жүріп, домалап бара жатқан бір қаңбақты көріп,
Жиреншеге бұйырды:
— Барып қаңбақтың көшу-қонуының қайда болатынын сұрап кел, жауабын дұрыс келтірмесең,
жасауылдарға ұрдыруға бұйырамын, — деп.
Жиренше атын борбайға салып жіберіп, шауып кетті де, қаңбақты қуып жетіп, найзасымен шаншып
тоқтатып, біраз тұрды-тұрды да, қайта ханға келіп айтты дейді:
— Тақсыр, қаңбақтан бұйрығыңызша сұрадым. Қаңбақ айтты:
— Сұрата жіберген хан тентек пе, сұрай келген сен тентек пе, көшерімді жел біледі, қонарымды сай біледі,
— деп.
Осылайша әуре етіп жүре-жүре, хан Жиреншенің ешбір тұзаққа түспегеніне өшігіп, енді лайығын тапса,
тіпті өлтіріп, қатынын алуға ойланды. Бұл ыңғайын таныған соң, Жиренше қайғыда болып жүргенде, бір
күні Қарашаш сұлу байынан сұрады:
— Неге қамығасың? — деп.
Жиренше себебін айтты. Қарашаш айтты:
— Достым, қайғырма, бұған бір ақыл табылар. Екі күннен соң хан-билерді үйге қонаққа шақырыңыз.
Жиренше елінен озған алаяқ шешен атанса да, өзі кедей екен дейді. Кедейлігі турасында әлі күнге қазақта
қалған бір сөзде бар ғой. Ханның сәулетті ордасында күн бойы әдемі төсек үстінде отырып, кеш өзінің
қара лашығына келіп, тулақ үстіне жатып айтады-мыс: айһай менің өз үйім — кең сарайым боз үйім, —
деп. Қатынының әлгі айтқан сөзін есітіп, Жиренше айтты:
— Хан-қараны шақырып, қай жерге отырғызамыз, және немен сыйлаймыз?
Қарашаш айтты:
— Оның ақылын маған қоя беріңіз.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
506 bet
Екі күн өткен соң, Жиренше ханды жан-жаранымен қонаққа шақырды. Хан да, жасауылдары да
«Жиренше бізді немен сыйлар екен, көрейік» деп келіпті- міс. Сыйғаны үйге кіріп, сыймағанына далада
киіз жайып, тегіс отырып болған соң, Қарашаш сұлу өзі тұрып ханның алдына бір аяқшаға салған аз ғана
сүт - қаймақты келтіріп қойды. Хан шынашағымен ғана қаймақтан аузына алып салып еді, бұл қаймақ
ханның өмірінде жеп көрмеген артықша бір тәтті дәм, және сол шынашағымен бір-екі алып жегенде
тойып та қалды. Ханнан қалғанын қасындағы жақсыларына беріп, үй ішіндегі жан біткеннің бәрі де «не
тамақ екен?» деп аз - аздап алып, дәмін татысты. Аттанар уақытта, хан Қарашаш сұлудан сұрады:
— Сұлу, бұл берген тамағыңыз не тамақ? Біз көрмеген бір тәтті дәм екен, үйретсең аспазшыларыма
бұйырайын, әрдайым осындай тамақ істеуге.
Сонда Қарашаш айтты дейді:
— Тақсыр, сіз білесіз біздің жарлы екенімізді. Ерім сізді жақсыларыңызбен қонақ етуге ниет еткен соң,
«не тамақпен сыйласам болар?» деп уайымға қалдым. Ақырында ойладым: дүниедегі тамақ асылы—
адамның сүті болса керек. Не үшін десеңіз — бала бес алты жасқа келгенше жалғыз емшек сүтімен күн
көреді. Соның үшін өз сүтімді сауып, осы қаймақты істедім, — деді.
Хан «аһ» деп санын бір соғып, шыға жөнелді, — дейді. Ол заман да бұл заман да белгілі — емшегінің
сүтін ішкен әйел шеше есебіне кіріп, қатындыққа алуға болмайтындығы.
Мұнан соң бірнеше күннен соң, хан Жиреншені шақырып алып: «қиянат істерімді кешіңіз» деп өтініп,
көп мал сыйлапты-мыс.
290 - Бөлім: ҮНДІ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1987
ҮНДІ
Үнді жұртының бір адамы бір жақтан үйіне қайтып келсе, үйдің қасындағы ағаштың басына кептіруге
іліп қойған еті жоқ. Ағаштың айналасын әбден жүріп, қарап болған соң, орамға шығып жолай дауыстап
сұрайды:
— Аласа бойлы, қолында қысқантақ мылтығы бар, соңында тарақ-құйрық кішкентай иті бар, бір қарт
адам көрдіңіз бе?—деп.
Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен барып тауып, ұрысын ұстапты-мыс. Ауылдас адамдары үндіден
«ұрының түсі-түгін қайдан білдіңіз?» деп сұрасыпты. Сонда үнді айтты дейді:
— Ұрының аласа бойлы екенін білгенім, менің қолыммен ілген етімді, ол ағаштан аяғының астына тас
қойып, соның үстіне шығып алыпты. Қарт екенін білгенім, жүргендегі ізінен байқадым — адымының
арасы тым жақын екен. Мылтығының қысқа екенін: етімді ұрларда, мылтығын ағашқа сүйеп қойған екен.
Сонда мылтықтың аузы ағаштың кішкене қабығын жырып кетіпті. Жер мен сол жырылған қабықтың
арасынан шамалдадым. Ұрының қасында иті бар екенін, және ол иттің өзі кішкентай, құйрығы тарақ-
құйрық екенін білгенім, етімді ұрлап жатқанда, ит анадай бір құмайтырақ жерде отырған екен. Соның
құмға түсіп қалған ізінен, және былғаңдатқан құйрығының табынан байқадым депті-міс.
291 - Бөлім: ҮШ ҰРЫ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1988
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
507 bet
ҮШ ҰРЫ
Бip сарт қалаға бір есек, бір ешкі сатуға алып келеді. Ешкінің мойнында қоңырауы бар екен. Мұны үш
ұры көріп, біреуі айтты:
—Мен осы сарттың өзіне білдірмей ешкісін ұрлап аламын.
Екіншісі айтты:
—Мен қолындағы есегін ұрлап аламын.
Үшіншісі айтты:
—Оның бәрі де қиын емес, мына мен сарттың өзінің үстіндегі киімін де ұрлап аламын.
Сол сөзбен бастапқы ұры сарттың артқы жағынан келіп, ешкінің мойнындағы қоңырауды алып, есектің
құйрығына тақты да, ешкіні жетектеп далаға алып кетті. Біраздан соң сарт артына қараса ешкі жоқ. Сөйтіп
аң—таң болып тұрғанда, екінші ұры келіп: Неғылып тұрсың? — деп сұрады. Сарт:
—Ешкімді алдырдым, — деді. Ұры айтты:
—Мен көрдім, ешкі жетектеген біреу жаңа ғана осы орманға кіріп кетті, қусаң жетесің. Сарт:
—Ендеше, құдай үшін есегімді ұстай тұр, — деп, есегін ұрыға ұстатып, өзі ағашқа жүгіріп кіргенде, бұл
ұры есекті алып жөнелді.
Біраздан соң қайтып келсе, есегі тағы жоқ. Мұнан соң сарт байғұс жылап, жолға түсіп жүре берді. Сарт
сөйтіп келе жатса, жол үстінде, судың жағасында жылап отырған бір адамға ұшырап, «неге жылап
отырсың?» деп сұрады.
Ол кісі айтты:
—Бір байдың қызметкері едім, бай бір қапшық алтын беріп «қалаға алып бар» деп жіберіп еді. Осы судың
жағасына жеткен соң дем алайыншы деп сүйеніп жатып ұйықтап кетіп, ұйқысырап абайсыз қапшықты
суға итеріп жіберіппін. Енді неғыларымды білмей отырмын.
Сарт:
— Ендеше суға неге түсіп, алтыныңды алмайсың? — деді.
Кісі айтты:
— Жүзе білмегеннен судан қорқушы едім, қапшықты алып берген кісіге 20 алтын берер едім.
Сарт ойлады:
— Есегім мен ешкімді алдырған үшін маған бұл Құдайдың жіберген олжасы шығар, қапшығын әперіп, 20
алтын алайын, — деп, жалмажан шешініп, киімінің бәрін тастап суға түсті. Су ішінде олай-бұлай жүзіп,
тайыз жерінде жүріп іздесе де қапшық табылмады.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
508 bet
Біраздан соң, шаршап қайтып келсе, киімін манағы үшінші ұры алып жөнелген екен.
292 - Бөлім: ДАНЫШПАН ҚАЗЫ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1989
ДАНЫШПАН ҚАЗЫ
Алжир жұртының патшасы Бауақас деген қол астындағы қалалардың біреуінде бір данышпан қазы бар,
онан өтірік айтып ешкім құтыла алмайды, даугердің қайсысының ісінің ақ екенін айтпай табады деп есітіп,
рас па екен білейінші деп, бір көпес кескінді киініп, қазыға қарай жүрді дейді. Қалаға кіре бергенде, бір
аяғы жоқ ақсақтіленші қайыр сұрады. Бауақас қайыр беріп өтейін деп еді, тіленші етегінен ұстап
айрылмады.
— Мен қайыр бергенім жоқ па, енді не керек? — деді Бауақас.
Тіленші айтты:
— Қайыр бердің, бірақ тағы бір қайыр қыл, мені мінгестіріп, орам ортасына жеткізіп таста, әйтпесе
базардат ат пен түйелер басып кете ме деп қорқамын,—деді.
Бауақас тіленшіні мінгестіріп, орам ортасына жеткен соң, тіленшіні түсірейін деп тоқтады. Тіленші
түспеді.
Бауақас айтты:
— Енді неге тұрсың, түс, орам ортасына жеттік қой.
Тіленші айтты:
— Неге түсейін, ат менікі, атыма дау еткің келсе, қазыға жүр.
Төңіректегі халық жиылып, бұлардың даусын есітеді, бәрі де айтты:
— Қазыға барыңыз, ол қайсыңның ақ-қараңды табар, — деп.
Бауақас тіленшімен қазыға келісті. Келсе, қазының алдында бұрынырақ келіп тұрған да даугерлер бар
екен. Қазы ретпен сұрап отырып, бір молда мен мужикті шақырды. Бұл екеуі бір қатынға таласып, молда
менің қатыным, мужик менің қатыным дейді. Сөздерін тыңдап болып, оларға қазы айтты:
— Қатынды мұнда қалдырып, өздеріңіз ертең келіңіз.
Олардан соң рет бір қасапшы мен май сатушыға келді.
Қасапшының тұла-бойы қан, майшының үсті-басы май. Қасапшынын қолында ұстаған ақшасы бар,
майшы сол ақша ұстаған колынан ұстап жібермей тұр. Қасапшы айтады:
— Мен бұл майшыдан май сатып алып, ақшасын беруге калтамды шығарып едім, майшы ақшаңның бәрін
тартып аламын деп қолымнан ұстады. Сол ұстаған калыбымен ақшаны тартып ала алмаған соң, саған бәле
саламын деп сізге келді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
509 bet
Майшы айтты:
— Бұл сөзі өтірік, қазы. Қасапшы маған май сатып алуға келген соң, бір бақыраш май құйып бердім.
Сонда қасапшы айтты: бір алтын айырып берейін, — деп.
Мен: айырып бер, — деп қалтасымен ақшамды шығарып, алдымыздағы тақтайға қойғанымда, қасапшы
ақшаны алып қашайын деп еді, қолынан ұстай алып, жібермей сізге келтірдім, — деді.
Тыңдап болып, қазы айтты:
— Ақшаны мұнда қойып, өздеріңіз ертең келіңіз. Енді кезек Бауақас пен тіленшіге келді. Бауақас бастан
аяқ істің мәнін айтып еді, тіленші дауыстады:
— Мұның сөзі өтірік. Мен атқа мініп, қалаға келе жатыр едім, бұл көпес жерде отыр екен, қалаға жеткізіп
таста деп өтінді. Сонан соң, атыма мінгізіп, қалаға келтірген соң, түс десем, аттан түспей, ат тіпті өзімдікі
деп әуре етіп жүргені, — деді.
Қазы азырақ ойланып тұрып:
— Атты мұнда қойып, өздеріңіз ертең келіңіз, — деді. Келесі күні көп кісі жиылды қазының төресін
есітеміз деп. Әуелі молда мен мужик келді. Оларға қазы бұйырды:
— Қатын молданікі, мужикке елу шыбық ұрыңыз. Айтқанынша сол жерде-ақ қатынды молда алып,
мужикке жасауыл елу шыбық ұрды.
Екінші қасапшы мен майшы келді. Қазы:
— Ақша, қасапшы, сенікі, майшыға елу шыбық ұрыңыз.
Үшінші Бауақас пен тіленші келді. Қазы Бауақастан сұрады:
— Жиырма аттың ішінен атыңды танып алармысың? Бауақас айтты:
— Танырмын. Тіленшіге тағы:
— Сен де танырмысың? — деді қазы. Ол да айтты:
— Танырмын.
Сонан соң «екеуің де маған еріңіз» деп, ат қораға алып келді. Қораға екеуі Бауақасты кіргізіп, ол көп
аттардың ішінен тұп-тура барып өз атын ұстады. Оның артынан тіленшіні кіргізіп еді, ол да атты танып
қасына барды. Сонан соң қазы орнына келіп отырып төре берді:
— Ат, көпес, сенікі, тіленшіге елу шыбық соғыңыз. Бұл істердің төресін беріп, орнына келтірген соң, қазы
үйіне барды, Бауақас қалмай ере келді.
— Сен неге келесің, — деді қазы — әлде берген төреме разы болмадыңыз ба?
— Жоқ, — деді Бауақас — төреңізге разымын, бірақ білгім келеді: «Қатынның молданыкі екенін,
ақшаның қасапшынікі екенін, аттың менікі екенін қайдан білдіңіз?»
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
510 bet
Қазы айтты:
— Қатын турасында білгенім, таңертең қатынды үйіме шақырып: «қара сауытыма қара сия құй дедім». Достарыңызбен бөлісу: |