ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет77/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   153


Қатын  жып-жылдам  қара  сауытты  жуып,  сонан  соң  қара  сия  құйып,  бұл  іске  сонша  ептілік  көрсетті. 

Мұнан көрінді қара сия сауытпен айналысып көрген қатын екендігі. Мұжық қатыны болса, ондай іске епті 

бола  бермес  еді.  Осынан  молданың  сөзінің  растығы  білінді.  Ақша  турасында  білгенім,  ақшаны  кеше 

кешке бір кесе суға салдым да, таңертең тұрып қарадым: «судың бетіне май шықпас па екен?» деп. Май 

шыққан  жоқ.  Мұнан  көрінеді  майшының  сөзі  өтірік,  қасапшынікі  дұрыс  екендігі,  не  үшін  десеңіз  — 

майшының майлы қолымен ұстап тұтынған ақша болса, су бетіне ақшадан май жүзіп шығар еді. Бәрінен 

сіздің ат турасында қиынырақ болды. Сен та-ныған атты тіленші де таныды, бірақ менің ойымда сендерге 

ат таныту емес еді, ат қайсыңды таныр екен деп атқораға алып барып едім. Сіз аттың қасына барғанда 

оқыранып, ат саған мойнын созды, тіленші қасына барғанда құлағын жымитып, аяғын көтерді. Мұнан ат 

сенікі екендігі білінді деді. 

 

Сонда Бауақас айтты: 



 

— Мен көпес емес, Бауақас деген патшаңмын. Сенің тураңда жұрттың айтуы дұрыс па екен деп сол үшін 

келіп едім, айтқанындай бар екенсің. Енді тілегің болса тіле, — деді. 

 

Қазы: 



 

— Маған сый керек емес. Патшамның осы мақтағаны да жетерлік сый деді, — дейді. 

 

293 - Бөлім: КИІЗ ҮЙ МЕН АҒАШ ҮЙ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1990 

 

 



КИІЗ ҮЙ МЕН АҒАШ ҮЙ 

 

1876 жылы мен судиялық орында тұрғанымда, екі ептеш адам бір-бірімен ұрысып арызға келді. Біреуі 



мешер,  біреуі  қазақ  —  екеуі  де  іскер,  қазақтарға  жер  үй,  ағаш  үй  істеп,  көп  мал  тауып  жүруші  еді. 

Ұрыстарының себебі, мешер айтыпты: 

 

— Қыстың күні тоңармыз, өзімізге бір жер үй салып алалық. 



 

Қазақ айтыпты: 

 

—  Жоқ  киіз  қос  істеп  алалық,  қысымызға  да,  жазымызға  да  бұл  қолайлы.  Біреу  жұмысқа  шақырса, 



қосымызды қыс болсын, жаз болсын артып жүре берерміз. 

 

Мешер айтыпты: 



 

— Ой, киіз үйің құрсын, не күндіз, не түнде бір жылынбай, бүрісіп отырғаның. 

 

Қазақ айтыпты: 



 

— Сенің ағаш үйің құрсын, көшсең артуыңа көнбейтін. 

 

Сонымен,  біреуі  киіз  үйді,  біреуі  агаш  үйді  мақтап  таласып  отырып,  бірін-бірі  сөгіп,  ақырында 



қайсымыздың сөзіміз дұрыстығын судияға сынатамыз деп маған келісіпті. Екеуі де өзіме белгілі ақкөңіл, 

бейнетқор адамдар еді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              511 bet 

 

Істің себебін білген соң, сұрадым: 



 

— Айына екеуің қанша мал табасың? 

 

Олар айтты: 



 

— Екеуміз 40-50 теңге табамыз. 

 

— Қос пен жер үйдің бағасы не болады? 



 

Олар айтты: 

 

—  Екеумізге  кішкентай  ғана  қос,  кішкентай  жер  үй  болса  болады,  жұмысын  өзіміз  істейміз,  отыздай 



теңгемен істеп болар еді десті. 

 

— Бұрын қайда тұрып жүруші едіңіз? 



 

— Ел жайлауға кеткенде біреудің киіз үйін жалдап, жазына 10-15 теңге беруші едік. Қыс болса кез келген 

үйде жатып тұрушы едік. Не болмаса бір үйді меншіктеп жатсақ, оған да ақы беруші едік. 

 

Сонан соң айттым: 



 

—  Екеуіңнің  де  сөздеріңіз дұрыс.  Киіз  үй  көшіп  -  қонып  жүруге  қолайлы.  Жаз  ел  жайлауға  кеткенде, 

сіздер қыстауда қалып, бір қыстаудан бір қыстауға көшіп, сонда алып жүруге киіз қос қолайлы, және жаз 

қоста қону түгіл, ауасы да ағаш үйден жақсырақ болады. Соның үшін сен қазақ бір шағын қос істеп ал. 

Қыс қазақ үй салдырмайды, ол уақытта сіздер әртүрлі уақ жұмыс істейсіз, көбісінше үйде отырып. Күні 

бойы  далада  жүрген  жұмыс  адамына,  түнде  бір  мезгіл  жылы  жер  де  керек,  дұрыстап  дем  алып,  және 

жұмысқа ренжімей даяр болуға. Соның үшін, сен мешер, бір жер үй істеп ал. Сонымен жаз қосты алып 

жүріп сонда тұрасыз, қыс жер үйде тұрарсыз, және жыл сайын біреудің үйін жалдап жүрген ақшаңызға 

неше жылдық қос пен үй істеп алсаңыз, ақырыңда бұл пайдалы болар дедім. 

 

Екеуі де төре маған тиді деп шығып бара жатқанда, және шақырдым: 



 

— Екеуің жер үйді бірігіп істейсіндер ме, жоқ бөлек істейсіндер ме?—деп сұрадым. 

 

Қазақ айтгы: 



 

— Үйін мешер өзі істей берсін, мен қос тауып аламын. 

 

Сонда және төрелік айттым: 



 

— Сен, мешер, жаз болса мынау қазақтың салған қосында бірге тұрарсың, соның үшін қостың жарты 

пұлын сен төле, сен, қазақ, қыс болса, мынау мешердің жылы земленкесінде бірге тұрарсың, соның үшін 

земленкені сен де бірге істе. 

 

Екеуі де менікі дұрысқа шықты деп, құлдық ұрысып, шығып кетісті. 



 

294 - Бөлім: ТӘКАППАРЛЫҚ 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1991 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              512 bet 

 

ТӘКАППАРЛЫҚ 



 

Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера 

деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға 

алып келіпті. Франклин бұл кісіге сөйлесе келе жатып, алдыңда не барын аңғармай, есікке жақындағанда 

қарт дауыстапты: 

 

— Еңкей, еңкей, — деп. 



 

Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете түсіпті. Сонда қарт 

күліп айтты дейді: 

 

— Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар, ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды 



тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнан да артық неше соққылардан құтыларсың. 

 

Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, әрдайым айтушы еді: 



 

—  Сол  қарттың  ақылы  маған  көп  пайда  болды,  және  көзіммен  көрдім:  басын  жоғары  көтерген 

тәкаппарлардың нешеуінің әлек болғанын, — деп. 

 

295 - Бөлім: БАТЫР ТІГІНШІ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1992 

 

 



БАТЫР ТІГІНШІ 

 

(ертегі) 



 

Бір неміс шаһарында Ганс дейтін киім тігетін ісмер адам болыпты. Ол күні бойы терезенің алдындағы 

үстелде іс тігіп отырады екен. Күрте де, шалбар да, кеудеше де тігетін болса керек. 

 

Бір күні Ганс іс тігіп отырып, көшеден айғайлаған дауыс естиді. 



 

— Мұраппа! Қара өрік мұраппасы! Кімге мұраппа керек? 

 

«Мұраппа, ә!—деп ойлайды тігінші.— Және қара өріктің мұраппасы екен. Жақсы болды». 



 

Осылай ойлайды да, Ганс терезеден айғай салады: 

 

— Тәтей, тәтей, бері кел! Мұраппаңнан бере кет! 



 

Жарты қалбыр мұраппа сатып алады да, бір тілім нан кесіп, оған мұраппа жағып қойып, кеудешені әрі 

қарай тіге береді. 

 

«Кеудешені тігіп тастап, мұраппа жейінші бір,— деп ойлайды. 



 

Тігінші Ганстің үйінде құжынаған шыбын болатын-ды. Мың ба, әлде екі мың ба, есебіне сан жетпейтін 

еді. 

 

Шыбындар мұраппаның иісін сезіп, нанның үстіне үймелеп кетті. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              513 bet 

 

— Ау, шыбындар, шыбындар,— дейді тігінші,— сендерді кім шақырды? Мұраппама неге үймелейсіңдер? 



 

Ал  шыбындар  сөзге  құлақ  аспай,  мұраппаны  жей  береді.  Сол  арада  тігінші  ашуланып,  кетіп,  қолына 

шүберек ала салып, шыбындарды періп қалғанда, бірден жетеуі жер жастанды. 

 

— Пәле, қандай күшті, қандай батыр едім!—дейді тігінші Ганс.— Бұл ерлігімді күллі шаһар білуі тиіс. 



Тәйір-ай, шаһар деген не? Бүкіл әлем білсін. Жаңадан белбеу істеп алайын да, сыртына үлкен әріптермен 

«Ашулансам, ноянмын, жетеуіңді жоямын»,— деп кестелейін. 

 

Айтты — болды. Сонсоң жаңа белбеуді беліне байлап, жол азыққа жан қалтасына бір түйір сүтсірне салып 



алып, сыртқа шығады. 

 

Қақпа алдында бұтаға шырмалып қалған құсты көреді. Құс қанша бұлқынып шырылдағанмен, босанып 



кете алмай жатыр екен. Ганс құсты ұстап, әлгі сүтсірне салған жан қалтасына сүңгітіп жіберді. 

 

Жүріп келеді, жүріп келеді, ақыры бір биік таудың етегіне келеді. Ұшар басына шығып  қараса — тау 



үстінде төңіректі шолып, бір дәу отыр. 

 

— Аман ба, дос,— дейді тігінші.— Кел, маған ер, жалғанды жалпағынан басып, бір қыдырып қайтайық. 



 

—  Қайдағы  доссың  сен  маған!—дейді  дәу.—  Сен  болсаң,  шидиген,  құртақандайсың,  ал  мен  болсам, 

алпамсадай алыппын, күштімін! Есен-сауыңда табаныңды жалтырат. 

 

— Ал сен мынаны көрдің бе?—дейді Ганс, дәуге белбеуін көрсетін. 



 

Ганстің белбеуінде «Ашулансам, ноянмын, жетеуіңді жоямын» деп үлкен әріптермен кестеленген екен. 

 

Дәу  жазуды  оқыған  соң:  «Кім  біледі,  мүмкін,  бұл  өзі  шынында  да  күшті  адам  шығар.  Сынап  байқау 



керек»,— деп ойлайды. 

 

Дәу жерден тас алып, қатты қысып қалғанда, тастан су шығады. 



 

— Енді сен де осыны істеп байқа,— дейді дәу. 

 

— Бар мақтанғаның осы ма?—дейді тігінші.— Бұл мен үшін ойыншық нәрсе ғой. 



 

Ол  жан  қалтасынан  ептеп  бір  түйір  сүтсірне алады  да,  бір  қолымен-ақ  сығымдап  қысады,  сол-ақ  екен 

саусақтарының арасынан су жерге тамшылай бастайды. 

 

Мынадай күшке таң қалған дәу Гансты тағы сынап байқамақ болады. Жерден тас алып, лақтырып кеп 



жібереді. Қатты лақтырғаны соншалық, тас көрінбей кетеді. 

 

— Ал, қане,— дейді тігіншіге,— енді сен лақтырып көр. 



 

— Сен тым биікке лақтырады екенсің,— дейді тігінші.— Дегенмен лақтырған тасың жерге қайтып түсті. 

Ал мен лақтырған тасқа қарап тұр, аспан астына сүңгіп кетеді. 

 

Қолын жан қалтасына сұғып, баяғы құсты алады да, жоғары ұшырып кеп жібереді. Құс әуелеп ұшып, көп 



ұзамай көзден ғайып болады. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              514 bet 

— Қалай екен, достым?— деп сұрайды Ганс. 

 

— Жаман емес,— дейді дәу.— Енді бір күш сынасып байқайық, дәу ағашты арқалап кете алар ма екенсің? 



 

Тігіншіні кесілген еменнің қасына алып келеді де: 

 

— Сен күшті болсаң, осы ағашты орманнан шығарып әкетуге маған көмектесші,— дейді. 



 

— Құп болады,— дейді тігінші, ал өзі ішінен: 

 

«Мен әлсіз болсам да, ақылдымын, ал сен күшті болғанмен, су мисың. Мен сені әрқашан-ақ алдап, жер 



соқтырып кете алам»,— деп ойлап тұр. 

 

— Сен ағаштың діңін ғана арқала, ал мен бүкіл бұтағын, бүрін көтеріп жүрейін. Өйткені ол жағы қомақты 



да ауыр ғой. 

 

Олар солай етеді. Дәу ағаштың діңін иығына салып, сүйрете жөнеледі. Сол-ақ екен тігінші бұтақтардың 



үстіне  шығып  алады.  Дәу  жалғыз  өзі  бүтін  ағашты  тігіншімен  қоса  сүйретіп  келеді.  Бұрылып  артына 

қарайын десе, бұтақтары көлегейлеп көрсетпейді. 

 

Ганс бұтақтардың үстіне атша мініп алып: 



 

— Жігіттері ауылдың Бақшаға қарай ағылды.— деп өлеңдетіп келеді. 

 

Ағашты дәу ұзақ сүйретеді, ақырында шаршап: 



 

— Ау, тігінші, мен қазір ағашты жерге тастап жіберем. Әбден шаршадым,— дейді. 

 

Сол-ақ екен тігінші бұтақтан секіріп түсіп, бағанадан бері дәуге көмектесіп келе жатқан құсап, ағашқа қос 



қолдап жармаса қалады. 

 

— Мәссаған!—дейді тігінші дәуге.— Алпамсадай болғанмен, күшің шамалы екен. 



 

Ағашты сол жерге қалдырып, екеуі әрі қарай жүріп кетеді. Жүріп келеді, жүріп келеді, ақыры бір үңгірге 

жетеді. От басында бес дәу отыр, әрқайсысының қолында бір-бір үйтілген қой. 

 

— Міне,— дейді Гансты ертіп келген дәу,— біз осында тұрамыз. Ана кереуетке шық та, жатып дем ал. 



 

Тігінші төсекке қарап: «Мынау маған лайық кереует емес екен»,— деп ойлайды. 

 

Ол осылай ойлады да, үңгірдің бір қараңғылау бұрышын тауып алып, ұйқыға бас қояды. Түн ортасында 



дәу оянып, қолына үлкен темір сүймен алып, бар пәрменімен кереуетті періп кеп қалады. 

 

— Бәсе,— дейді дәу жолдастарына,— сірә, мына мықты пәледен енді құтылған шығармын. 



 

Алты дәу таңертең тұрып, отын шапқалы орманға беттейді. Тігінші де тұрып, жуынып-шайынып, таранып, 

дәулердің соңынан кетеді. 

 

Орманда Гансты көре салып, дәулердің зәресі ұшады. «Е,— деп ойлайды олар,— мұны темір сүйменмен 



ұрып өлтіре алмадық, сірә, бұл бәріміздің түбімізге жетер». 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              515 bet 

Дәулер осылай ойлап, тым-тырақай қаша жөнелсе керек. 

 

Ал тігінші болса, оларды мазақтап ішек-сілесі қатып күліп, басы ауған жаққа жүре береді. 



 

Жүріп  келеді,  жүріп  келеді,  ақыры  король  сарайының  қасына  келеді.  Қақпа  алдындағы  көк  шөпке 

қисайып, қатты ұйқтап кетеді. 

 

Ол  ұйқтап  жатқанда,  король  нөкерлері  жанына  келіп,  белбеуіндегі  «Ашулансам,  ноянмын,  жетеуіңді 



жоямын» деген жазуды оқып көреді. 

 

— Пәле, бізге бір мықты келген екен!— дейді олар.— Дереу корольге хабарлау керек. 



 

Нөкерлері корольге келіп: 

 

—  Сарайдың  алдында  бір  мықты  жатыр.  Нөкер  етіп  алсаңыз,  қайтеді.  Соғыс  бола  қалса,  бір  кәдеге 



жарар,— дейді. 

 

Король қуанып кетіп: 



 

— Дұрыс айтасыңдар, шақырып келіңдер,— дейді. 

 

Тігінші ұйқысын қандырып, көзін уқалап алып, корольге нөкерлік қызметке кіріседі. 



 

Арада біраз күн өтеді, ол нөкер болып жүре береді. Король сарбаздарының арасында күңкіл туа бастайды. 

 

— Сірә, бұл мықтыдан біз еш жақсылық таппаспыз. Бұл ашуланса, жетеуді бірден жер жастандырады ғой. 



Белбеуінде солай деп жазылыпты. 

 

Олар корольге келіп: 



 

—  Мұнымен  бірге  жүре  алмаймыз.  Бірде  болмаса  бірде  ашуланса,  бәрімізді  қырып  тастайды.  Аман-

есенімізде бізді нөкерліктен босатыңыз,— дейді. 

 

Мұндай мықтыны нөкер етіп алғанына корольдың өзі де өкініп, бармағын шайнап жүрген болатын. 



 

«Шынында да,— деп ойлады ол,— бұ шіркін ашуланса, сарбаздарымды түгел қырып салар, өзімді де жер 

жастандырар, сонсоң өзі тағыма отырып алар... Бұдан қалай құтылсам екен, ә?» 

 

Тігіншіні шақырып алып, король: 



 

— Менің елімде, ит тұмсығы өтпейтін қалың орманымның ішінде екі қарақшы жүр, екеуі де асқан күшті, 

маңына тірі пенде жолай алмайды. Сол екеуін іздеп тауып, көздерін жоюды бұйырамын. Көмекке жүз 

салт атты сарбаз қосып беремін,— дейді. 

 

— Құп,— дейді тігінші.— Мен ашулансам, жетеуіңді бірден жер жастандырам. Тәйір-ай, екі қарақшы сөз 



бе екен! 

 

Сөйтіп, ол орманға қарай беттейді. Салт атты сарбаздар соңынан желе жортып келеді. 



 

Орманның шетіне жеткен соң, Ганс сарбаздарға: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              516 bet 

— Сарбаздар, сендер осы арада қалыңдар, қарақшыларды о дүниеге өзім-ақ аттандырам,— дейді. 

 

Қалың жыныстың ішіне кіріп, жан-жаққа көз жүгірте бастайды. Демдерінен үстіндегі бұтақтар теңселіп, 



дәу ағаштың түбінде қорылдап қатты ұйқтап жатқан екі қарақшыны көреді. Көп ойлап жатпастан, тігінші 

жан  қалтасын  тасқа  толтырып  алып,  ағаштың  басына  шығып,  бір  қарақшыны  көздеп  тас  лақтыра 

бастайды.  Тас  біресе  кеудесіне,  біресе  маңдайына  тиеді.  Қарақшы  қор-қор  етіп,  еш  нәрсе  сезбей  жата 

береді. Кенет бір тас қарақшының мұрнына тарс ете түседі. 

 

Қарақшы ояна салып, жолдасын бүйірге нұқып қалады. 



 

— Сен неге төбелесесің? 

 

— О не дегенің!—дейді екінші қарақшы.— Сені мен ұрған жоқпын. Сірә, түс көргенсің ғой. 



 

Екеуі қайтадан қорылдап ұйықтап кетеді. 

 

Сол-ақ екен тігінші екінші қарақшыны таспен атқылай бастайды. 



 

Ол да оянып кетіп, айғай салады: 

 

— Сен маған неге тас лақтырасың? Жынданғансың ба, өзің! 



 

Осыны айтып, ол жолдасын маңдайға періп жібереді. Анау мұны періп қалады. 

 

Екеуі біраз жұдырықтасып алып, сонсоң қолдарына не түссе сонымен, таспен, ағашпен бірін-бірі төпеп, 



қызыл шекелесіп кетеді. Және бірін-бірі әбден мүрдем кетіргенше солай төбелесе береді. 

 

Сонсоң тігінші ағаштан түсіп, орманнан шығады да, сарбаздарға: 



 

— Іс бітті, екеуі де мүрдем кетті. Антұрғандар пәлекет екен! Тас лақтырып, жұдырықтасып бақты, бірақ, 

тәйірі, маған не істей алушы еді? Мен ашулансам, екеу түгіл жетеуді бірден жер жастандырам ғой!—дейді. 

 

Король  сарбаздары  орманға  кіріп,  екі  қарақшының  сілейіп  жатқанын  көреді.  Тіршілік  нышаны 



байқалмайды, мүрдем кетіпті. 

 

Ганс  корольдың  сарайына  қайтып  оралады.  Король  зымиян  қу  адам  болатын.  Ганстың  сөзін  тыңдап 



болған соң: «Жарайды, жігітім, қарақшылардан күшің асқан екен, сені тағы бір жұмысқа жұмсайын, әсте, 

тірі қайтпассың»,— деп ойлайды. 

 

—  Бері  қара,—  дейді  король  Ганске,—  сен  әлгі  орманға  қайта  барып,  сонда  жүрген  жалғыз  мүйізді 



жалмауыз аңды ұстап әкел. 

 

—  Құп,—  дейді  Ганс  корольге,—  бұ  да  қолымнан  келеді.  Мен  ашулансам,  жетеуді  бірден  жер 



жастандырам ғой. Тәйір-ай, жалғыз мүйізді жалғыз аң маған сөз бе екен. 

 

Ол қолына балта, арқан алып, орманға қарай беттейді. 



 

Ганс жалғыз мүйізді жалмауызды көп іздеп сандалған жоқ, түрінен адам шошырлықтай, үстіндегі түгі 

тікірейген, мүйізі алмас қанжардай бір аң қарсы алдынан шыға келеді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              517 bet 

Мүйізімен жарып тастамақ болып тап бергенде, тігінші бір жуан ағаштың тасасына тығыла қалады. Аң 

зымыраған бетімен келіп, ағашты сүзгенде, мүйізі ағашқа қадалады. Кері жұлқынып еді, мүйізін шығарып 

ала алмайды. 

 

— Бәлем, енді менен құтыла алмайсың! — деп, тігінші жалғыз мүйіздің мойнынан тас қылып байлайды 



да, ағашқа қадалған мүйізін балтамен шауып шығарып алып, шаһарға қарай жетектеп жөнеледі. 

 

Жалғыз мүйіздіні тұп-тура король сарайына алып келеді. 



 

Жалғыз  мүйіз  басына  алтын  тәж  киген,  үстіне  қызыл  шапан  жамылған  корольді  көре  салысымен, 

пысылдап, күжілдеп қоя берді. Екі көзіне қан толып, түгі тікірейіп, мүйізі қанжардай сойдиып тұр. 

 

Король зәресі ұшып, тұра кеп қашады. Сарбаздары соңынан жөнеледі. Король сол қашқаннан ұзап қаша 



беріп, адасып кетеді, кері қайтар жолды таба алмайды. 

 

Ал тігінші болса тыныш өмір сүріп өтіпті, бұрынғысынша күрте-шалбар, кеудеше тіге беріпті. Белбеуін 



қабырғаға  іліп  қойса  керек,  бұдан  былай  ғұмырында  дәулерді  де,  қарақшыларды  да,  жалғыз  мүйізді 

құбыжық аңды да көрмепті. 

 

296 - Бөлім: САҚЫП 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1993 

 

 



САҚЫП 

 

Сақып деген бір жақсы кісі мал жинамай жүріп, ақырында әл кеткенде қатты кедейшілік тартып, бір күні 



етігі болмаған соң жалаңаяқ далада жүргенінде, аяқтарын тас жыртып ренжіңкірепті. Сөйтіп келе жатып, 

екі аяғы жоқ, ағаш балдақпен жүрген бір тіленшіге жолықты. Мұны көріп, Сақып аһ ұрып айтты дейді: 

 

— Әй Құдайым, ренжігеніме тоба қылдым, шүкір саған, менің жүруге аяғымды аман сақтағаныңа, мынау 



балдақты бишараға жаңадан аяқ табылса, жалаңаяқ та болса жүріп жүруді дүниенің бір қызығы деп білер 

еді- ау, — деп. 

 

297 - Бөлім: ЖАМАНДЫҚҚА ЖАҚСЫЛЫҚ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1994 

 

 



ЖАМАНДЫҚҚА ЖАҚСЫЛЫҚ 

 

Қызылбас  патшасының  Абдулла  деген  уәзірі  бар  еді.  Соның  заманында  жұрт  бұзылып,  бір  күні  уәзір 



патшаға  келе  жатқанда  халық  қамап:  Дегенімізді  істе,  істемесеңіз  өлтіреміз,  —  деп,  ішінде  бір 

батырырағы уәзірді сақалынан алып жұлықты. Уәзір ашу етпеді. Бұлардан шыққан соң патшаға барып, 

жұрттың  тілегін  беріңіз  деп  өтініп,  тілегенін  патшадан  алып  берді  және  өзінің  көрген  кемшілігі  үшін 

ешкімге жаза бермеңіз деп оны да тілеп алды. Ертеңіне уәзірге бір саудагер келіп: 

 

— Тақсыр, кеше сізді ренжітіп, сақалыңыздан жұлыққан кісіні айтайын деп келдім, ол Нағым деген менің 



көршім еді, алдырып жаза беріңіз, — деді. 

 

Бұл сөзді есіткен соң уәзір саудагерді қайтарып, Нағымды шақыртып алды. Нағым: Менің кешегі ісімді 



біреу айтып танытқан екен, — деп қорыққанынан үрейі кетіп, келе-ақ уәзірдің аяғына жығылды. Уәзір 

Нағымды жерден көтеріп алып, айтты дейді: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              518 bet 

 

—  Мен  сені  жазаландыру  үшін  шақырмадым.  Бірақ,  көршің  саудагер  жақсы  кісі  емес  екен.  Сенің 



білместігіңді маған келіп айтты. Екінші рет ол көршіңнен сақтанып жүргендей екенсің. 

 

Соны айтайын деп шақырып едім. Енді аман бол! — деп ішкергі үйіне кіріп кетті дейді. 



 

298 - Бөлім: НАДАНДЫҚ 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1995 

 

 



НАДАНДЫҚ 

 

А 



 

Аңқау  елге  арамза молда тұрып, балаларға  сабақ оқытыпты—мыс.  Молда жазу  да танымайтын, надан 

өзбек екен. Балалардың қолына қағаз беріп, шимайлап оқытатын оқуы: 

 

— Неке қияр ат болар, бала туса шат болар — оған асыл зат болар, ат қояры — семіз ат, сүндет басы — 



үш түйе, ысқат деген бес түйе. 

 

Бір күндерде сол елге шын молда келіп, әлгі бала оқыған медресеге келіпті. Сонда арамза молда жалма-



жан бір балаға, келген молдаға есіттіріп, сабақ берді дейді: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет