— Е-е, ме-е демелік, өзге былшыл не керек, он бес түйем, бір атым, жартысы сенікі, жартысы менікі.
Б
Бір ноғай түн ортасында үйінен жалаңаяқ, жалаңбас қашып шығып, оны көрген соң қатын-баласы да үркіп,
үйін тастай қашып, үздік-создық көршісінің үйіне барып тығылыпты. Көршісі:
— Мұның не?—депті.
Демін алып, ноғай біраздан соң жауап берді:
— Үйімді көптен бері жын-шайтан аралап жүр еді. Күнде жатып қалсам, шайтандар үйімнің төбесінде
жиылысып, ойын салып, тасырлатып жүретін. Соларды қашыру үшін неше рет молдалар жидырып, дуа
оқытып, көп пұлым шықты. Бүгін түнде тағы да бұрынғы қалпынша, тасырлатып жүрген соң, ұйықтай
алмай жатыр едім. Бір мезгілде шайтанның біреуі тарс еткізіп үйдің төбесін сындырып, маған қарай
қарғыды, мен жалтарып қалып, бір жағымен қашып шықтым. Апыр-ай, шайтанның мүйізі де болады екен
ғой, қашып бара жатқанда, қолым мүйізіне тиіп кетіп еді, — деді.
Көршісі есті кісі екен, «қане шайтаныңды біз де көрелік» деп, қолына фонарь алып, үш-төрт кісі ертіп,
ноғайдың үйіне келді. Қараса, үйінің төбесін жұқа қамыспен тоқып сылаған екен, ортасы құлап түсіпті
және қарап жүргенде, бұрышта бір ешкі жайына күйсеп жатыр. Сәлден соң, үй төбесінде маңыраған
лақтардың дауысы шықты. Мұны есітіп ешкі де түрегеліп маңырады. Соның артынша лақтар манағы
құлаған жерден секіріп түсіп, енесіне қосылысыпты. Қараса, лақты ешкілер көршінің өзінікі екен. Түнде
үйдің төбесіне үйілген шөпке келіп жеп, ойын салуды әдет етіп жүріп, манағы үй төбесінің жұқа жерінен
құлап түскен екен.
В
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
519 bet
Екі кісі жаздың бір әдемі күнінде сайранға шығып, бір ағаштың қасынан өтіп келе жатқанда, көкек
шақырды дейді. Біреуі тұрып айтты :
— Көкек тек құс емес, ол мені көріп шақырғанын ырым етемін, маған ұзамай-ақ бір дәулет жолығады
екен,— деді.
Қасындағысы айтты:
— Көкек саған шақырған жоқ, маған шақырды, дәулетке мен жолығамын, — деді.
Әуелгісі айтты:
— Сен итке неғылған дәулет?!
Оған қарсы екіншісі:
— Мен ит емес, сен ит! — деп екеуі ұрсысып, ұрыстан соң төбелесіп, екеуінің де аузы-мұрны қан болды.
Мұнан соң екеуі де дәрігерге келіп, жараларына ем еттіріп отырып, ұрыстың неден басталғанын айтысты.
Сонда дәрігер айтты дейді:
— Ей, ақылсыздар, ол көкек сендер үшін емес, мен үшін шақырған екен. Көкек шақырмаса, сендер
төбелеспес едіңдер, төбелес болмаса, сендер жаралы болып, мен емдеп, ақы алып, олжа таппас едім, —
деді.
Г
Менің бір дос адамым әңгіме етеді:
— 1875 жылы, жолаушылап келе жатып, бір ауылға түстім. Әңгімелесіп отырғанда, бір бала келді, екі көзі
жылағаннан ісіп кеткен. Бөтен балалардай ойнамай, тамақ та жемей отырған соң аяп, қасымдағы
кісілерден сұрадым: «бұл бала неге қамығып жүр, ойнамайды, тамақ жемейді?» деп. Сонда ауыл кісілері
айтты:
— Бұл баланың кешегі күн ертемен шешесі қазаланды. Өлген соң-ақ қасымыздағы қыр үстіндегі
молалардың қасына апарып қойдық. Кешке бұзау қайтарып жүрген балалар моланың қасына барса,
манағы қатынның моласынан дауыстап шақырғандай көмескі бір үн келеді. Балалар бұзауларын тастай
қашып, ауылға айтқан соң, үлкен кісілер де молаға жақындап барсақ, анық есіттік моладан үн шыққанын.
Бұл сұмдықты көрген соң бір кесапатына ұшыраймыз деп, ауылымызбен көшіп, бүгін осы жерге қондық.
Сол қатынның мынау он екі жасар баласы: Әжем тірі жатыр ғой, көрден ашып алып бер деп, — жылап,
тілемеген адамы қалмады. Әрине, ешкім көрге бармақ түгіл, баланың, тіпті өзін де жібермей, бағып
тұрмыз.
Сонда манағы бала өзі де жылап қоя берді:
— Ағеке, сіз бір қайыр қылмасаңыз... әжем тірі қалуы рас, — деп.
Бұл балаға абайлап қарасам, сонша есті бала кескінді. Қанша үлкендердің айтқанына болмай өз ақылына
салып, шешесін тірі қалды деп тұрғанына таң қалып, алдыма шақырып, сүйіп отырып айттым:
— Тірі болса-болмаса да, шырағым, мен әжеңді барып көрейін.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
520 bet
Отырған кісілер үрпиісе түрегелді:
— Ойбай, мырза, айта көрмеңіз, өлген кісі тіріледі деп көр ақтарған не сұмдық, ол дүниедегі күнәсін
тартып жатқан қатынға бола өзіңіз мерт боларсыз, — деп.
Мен балаға «үйіңе барып киініп кел», деп шығарып жібердім. Отырған кісілерге айттым:
— Дұрыс, өлген кісі қайта тірілмейді, бірақ сіздер есі танып жатқан қатынды өлді деп біліп, тірілей
көмгенсіз. Дауыстап шақырғанын естіп тұрып, ашып алмағаныңыздан қатты обалға қалыпсыз, ешбір
Құдай-Тағаланың кәләмінде13 жоқ көрдегі азап адам құлағына естіледі деген, — дедім.
Сол арада манағы бала келді, ауылдан кетпен, күрек алып, қасымдағы екі жолдасыммен, баланы ертіп
молаға бардық. Ауылдан қорыққанынан адам ермеді. Молаға барып сырттан құлақ салсақ та, ешбір дыбыс
естілмеді. Сонсоң аштырып, екі кісі түсіріп қарасақ, бейшара қатынның қолы-басы жара, қан, үстіндегі
киімін айырып тастапты, өзінің әлі күнге денесі жып-жылы екен. Қатынды көрден алып, үстіне шатыр
тіккізіп бір күн бақтым. Көрден алған уақытта аз ғана жаны бар ма деп едім, сол күннің кешіңде-ақ
суынып, шынымен жан тапсырды.
Осындай істер әр елде болатын шығар деймін. Білімді зор дәрігерлер айтады: қайсыбір аурулар бар — бір
жұмаға шейін адамды есінен тандырып, ешбір жан бар белгісі болмай жатқызатын деп. Соның үшін өлікті
тым асықпай, байқаңқырап көму керек.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7505#ixzz4Wf95B9vT
لە
-
ىعاميا رەدنىكسەك انرا
: http:www.elarna.comvideo.php
299 - Бөлім: ӨТІРІКТІҢ ЗАЛАЛЫ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1996
ӨТІРІКТІҢ ЗАЛАЛЫ
Үш кісі жаланға шығып, күн бойы құс аулап, жалғыз-ақ шүрегей үйрек атып алыпты. Кешке бір жерге
келіп отырып сөйлеседі: бұл үйректі үшеуіміз жеп тоймаймыз, біреумізге жөн болмайды, — деп. Ішінде
біреуі қу жігіт екен, бұл айтты:
— Оған ақыл табылады. Үйректі пісіріп, бетін жауып қоялық та, үшеуіміз де жатып ұйықталық, қайсымыз
жақсырақ түс көрсек, үйректі сол жесін, — деді.
Осыған сөз қойысып, үйректі пісіріп, бетін жауып, өздері жатып ұйықтағанда, манағы қу тұрды да үйректі
жеп алып, табағының үстін әуелгіше жауып қойды. Ертең жолдастарымен бірдей тұрып қу сұрады:
— Не түс көрдіңіздер? — деп.
Біреуі айтты:
— Мен ақбоз атқа мініп, алтын тәж киіп, көкке ұшып жүр екенмін.
Екіншісі айтты:
— Мен ұшпаққа кіріп, хор қыздары маған қызмет етіп жүр екен.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
521 bet
Сонда қу айтты:
— Екеуіңдікі де рас, мен түсімде сеңдерге қарап тұрып едім, бірің патша болып көкке ұшып кеткен соң,
енді бірің ұшпаққа кіріп кеткен соң, бір шүрегей үйрекке бола қайтып келіп жатар деймісің деп, үйректі
мен жеп қойдым, — деді.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7504#ixzz4Wf9FWFvz
لە
-
ىعاميا رەدنىكسەك انرا
: http:www.elarna.comvideo.php
300 - Бөлім: АЙУАННЫҢ ЕСТІСІ КӨП, БІРАҚ АДАМДАЙ ТОЛЫҚ АҚЫЛЫ ЖОҚ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1997
АЙУАННЫҢ ЕСТІСІ КӨП, БІРАҚ АДАМДАЙ ТОЛЫҚ АҚЫЛЫ ЖОҚ
Ит адамға шын дос жануар. Дүние жүзінде иттің неше атасының ұлы бар: біреуі қора, біреуі үй күзетеді,
біреуі малшы орнына мал бағады, біреуі аң, құс алып береді, біреулері, тіпті, ат орнына жегіліп те жүріледі.
Бұлардың бәрін де екінші кітапта уақытымен айтармыз.
Англия жұртының ең үлкен Лондон дейтін қаласында өрт болған уақытта, жанып жатқан үйдің ішінде
қалған балаларды алып шығуға үйретілген иттер бар.
Соның біреуі Боб деген ит он екі баланы өрттен алып шығыпты.
Бір күні бір үй жанып, өрт сөндіргіш адамдар келген уақытта, бір қатын жылап тұрды, «балам жанып
жатқан үйде қалды» деп. Өртшілер әлгі Бобты жіберді. Боб баспалдақпен үйге кіріп, түтін ішінде жоқ боп
кетіп, біраздан соң баланы көйлегінен тістеп қана алып келді. Шешесі қуанып баласын алды, өртшілер
иттің өрт шалған жері жоқ па деп қарап тұрғанда, Боб өршеленіп, жанған үйге қарай тағы ұмтыла беріпті.
Өртшілер ойлады, «шамасы үйде тағы да бір бала бар шығар» деп. Сонымен, Бобты және қоя берді.
Біраздан соң Боб, ауызында бір тістегені бар, үйден жүгіріп шыға келді. Қараса, әкелгені бір үлкен
қуыршақ екен.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7503#ixzz4Wf9Mc0dN
لە
-
ىعاميا رەدنىكسەك انرا
: http:www.elarna.comvideo.php
301 - Бөлім: ЖАМАН ЖОЛДАС
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1998
ЖАМАН ЖОЛДАС
Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі
мықты, жас жігіт. Аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып
кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты.
Есітуі бар еді, «аю өлген кісіге тимейді» деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да,
дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң, манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
— Достым, аю құлағыңа не деп сыбырлап кетті?
Ауру айтты дейді:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
522 bet
— Аю құлағыма ақыл айтып сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен
жолдас болма деді, — дейді.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7502#ixzz4Wf9TgTgf
لە
-
ىعاميا رەدنىكسەك انرا
: http:www.elarna.comvideo.php
302 - Бөлім: АҚЫМАҚ ДОС
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1999
АҚЫМАҚ ДОС
Бір мырза орманнан бір аю баласын ұстап алып, үйіне алып келіп, сонша жақсы күтіп асырапты. Бір
күндерде мырза қатты ауырып, бір айдай төсектен тұрмай жатып, сол уақытта аюды да қараған кісі
болмай, бұл да қатты жүдеп зарығыпты. Аурудан аз-ғана тәуір болған соң, мырза бір күні далада, есік
алдына отырып, күннің жылысымен маужырап қалғиды, бірақ маңдайына, бетіне шыбын қонып,
шыдатпайды. Соның бәрін де манағы аю көріп отыр екен. Мырзаға тыныштық бермегені үшін шыбынға
қатты кейіді. Сөйтіп, аю ыза бола тұра жұлқып кеткенде шынжыры үзіліп кетіп, жүгіріп барды да,
мырзаның бетіне табанымен салып келіп кеткенде, мырза қалпақтай ұшып, сол жерде-ақ жан тапсырды
дейді.
Бұл іс Дәуіт пайғамбардың заманында болған екен. Аюды халық пайғамбарға сүйретіп алып барды, бұған
қалайынша жаза береміз деп.
Әзірет Дәуіт аюдан сұрады:
— Не себептен қожаңды өлтірдің ?
Аю жылап айтты дейді:
— Қожам мені баласындай күтіп, асыраушы еді, ол ауырған уақытта мені күткен кісі болмай, қожамның
жазылуын тілеп зарықтым. Бүгін сол аурудан тәуірірек болып, қожамның далаға шыққанына қуанып
қарап тұрғанымда, мырза есік алдына отырып, қалғиын деп еді, шыбындар тыныштық бермеді. Соған
ашуым келіп ұрғанымда қожам, не себептен екенін білмедім, өліп қалды. Мен қожама қастық ойламадым,
шыбынды қырайын деп едім, — деді.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7501#ixzz4Wf9ZSnBz
لە
-
ىعاميا رەدنىكسەك انرا
: http:www.elarna.comvideo.php
303 - Бөлім: САЛАҚТЫҚ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2000
САЛАҚТЫҚ
Кәрім деген мешер өзі жұмысқа тәуір жігіт те болса, жуынып, кірсіз көйлек киіп, таза жүрумен ісі жоқ еді.
Әркім айтушы еді:
— Саған не болды, Кәрім, бойыңнан кіріңді ағызып жүргенше, жуынсаң болмай ма? — деп.
— Қолым тимейді, — деуші еді ол.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
523 bet
Сөйтіп жүріп, тұлабойын шиқан қаптап және қотыр болды. Бұл күйде құрысып-тырысып жатқанында,
әркім сұрайды:
— Кәрім, саған не болды? — деп.
Кәрім айтады екен:
— Күнәм үшін Құдайдың бір берген сазайы-дағы, — деп.
Оған қарсы таныстары:
— Рас, Кәрім, Құдай-Тағала таза жүрмеген былғаныш кісіні сүймейді, тым болмаса жұмасына бір
моншаға түсіп, не болмаса үйінде сабынмен жуынуды әдет етсең, бұ бәлеге душар болмас едің.
Сонымен, Кәрімді ауру жататын үйге алып барып, таза жуындырып, таза киім киіндіріп, ем қылған соң аз
ба, көп пе жатып жазылды. Мұнан соң, Кәрім бір зауытқа барып жалданыпты. Өздеріңе де белгілі шығар,
зауытта нәрсе бояйтын бояулардың бәрі де у болады. Бір күні қожасы Кәрімге бір бояуды былғап қой деп
беріпті. Былғап отырып-отырып, кәдімгі үйренген қалыбынша, қолын жумастан барып, тамаққа отырып
нан жепті. Қолындағы бояудың жұғынының бәрі де жеп отырған нанына жабысып отырғанда, бір мезгілде
Кәрімнің іші бүрісіп, ауыра бастапты. Әрлі - бері, олай - бұлай аунақшып, біраз жатып, Кәрім ұзамай-ақ
жан тапсырыпты. Әлгі бояу у бояу екен.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7500#ixzz4Wf9fQHN9
لە
-
ىعاميا رەدنىكسەك انرا
: http:www.elarna.comvideo.php
304 - Бөлім: САРАҢДЫҚ ПЕН ЖИНАҚТЫЛЫҚ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2001
САРАҢДЫҚ ПЕН ЖИНАҚТЫЛЫҚ
Бірнеше тәуір кісілер бір жетім-жесір қалған үй ішін жылу жиямыз деп, әр үйге қыдырып барып жүріп,
бір байдың үйіне келсе, бай жұмыскеріне бір кішкентай жіпті жаңбырда ұмытып, далада қалдырыпсың
деп, қатты ұрысып тұр екен. Ұрысып тұрып айтады:
— Сен білмейсің, ол кішкентай жіп те болса, малға сатып алынған нәрсе, малдың табылуы оңай емес, —
деп.
Мұны есітіп, көріп, әлгі жолаушылар өзді-өзі сөйлесті: Бір жаман жіпті далада ұмытып қалдырдың деп
сонша кейіп тұрған адам бізге ешнәрсе бере қоймас, аузымызды ауыртпай, келген ізімізбен қайталық.
Ішінде біреуі айтты:
— Неміз кетіп барады, келген соң бұған да айтып кетелік.
Бұл сөзбен байға келіп, сәлем берді. Бай бұларды әдеппен үйіне кіргізді. Сонан соң келгендердің
жұмысын есітіп, сол жердің өзінде бөтендерге қарағанда екі есе ақша шығарып берді және мұнан басқа
төрт-бес қап астық беремін деп уәде етті. Мұнысын көріп жолаушылар таңданып отырды да, өздерінің
далада байды сараңға санағандарын айтысты. Сонда бай айтты:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
524 bet
— Аз нәрсені азсынбай, қадірін біліп жинағаннан осындай кем-кетікке жәрдем беруге қолым жетісті,
жинақтылық — сараңдыққа жатпайды, — деді дейді.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7499#ixzz4Wf9oxurM
لە
-
ىعاميا رەدنىكسەك انرا
: http:www.elarna.comvideo.php
305 - Бөлім: ЖОМАРТ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2002
ЖОМАРТ
Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі - құсқы киім киіп, отын кесіп,
шөп тасып, жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын - таныстары сұрады дейді:
— Жомарт, Құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа — тамақ жалаңашқа — киім, үйсіздерге — үй болдыңыз,
сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың
мағынасы не?—деп.
Жомарт айтты дейді:
— Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өнебойы әдет етсең, көңілге жел
кіргізеді. Сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем-кетікке
жем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік
екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі пұлға
нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі,
сіңімділігі болады екен. Төртіншісі: Құдай-Тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына
жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын, —
деді.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7498#ixzz4WfA33PMu
لە
-
ىعاميا رەدنىكسەك انرا
: http:www.elarna.comvideo.php
306 - Бөлім: МҰЖЫҚ ПЕН ЖАСАУЫЛ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2003
МҰЖЫҚ ПЕН ЖАСАУЫЛ
Бір мұжық далада жүріп, біртүрлі әдемі тас тауып алып, көршісінен сұрады:
— Бұл тасты неғылсам болады екен? — деп.
Көршісі айтты:
— Патшаға алып бар, — деп.
Сонымен, мұжық келіп, патшаның алдындағы жасауылының аяғына жығылып, мені патшаға жолықтыр
деп тілек етті.
— Не жұмысың бар? — деді олар.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
525 bet
— Патшаға сый алып келемін, — деді мұжық.
Жасауыл айтты:
—Патша саған не сый берсе, жартысын маған бер, болмаса жолықтырмаймын.
Мұжық бұған разы болды.
Мұнан соң, мұжықты патшаға алып келісті. Патша тасын алып, мұжыққа алда разы болсын айтып, мың
теңге беріп еді, мұжық аяғына жығылып:
— Тақсыр, мың теңгені алмаймын, арқама елу шыбық салдырыңыз, — деді
Патша бір мағынасы бар шығар деп, жасауылына бұйырды: «ақырын ғана мұның арқасына елу шыбық
соқ» деп. Жиырма бес шыбығын соғып болғанда мұжық айтты:
— Енді маған болар, қалғанын бәлен жасауылға салдырыңыз, алған сыйымның жартысын не де болса
соған бермекші едім.
Бұл жасауылды шақыртып, оған келістіріп жиырма бес шыбық ұрдырды. Сонан соң, бұл айласына разы
болып, мұжыққа патша екі мың теңге бергізді дейді.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7497#ixzz4WfA9hNqu
لە
-
ىعاميا رەدنىكسەك انرا
: http:www.elarna.comvideo.php
307 - Бөлім: ӘДІЛДІК
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2004
ӘДІЛДІК
Хусейін қазының терезесінің түбіне келіп, екі жаман киімді тіленші:
— Құдай үшін қайыр беріңіз, — деді.
— Құдай өзі берер, барыңыз, — деді қазы.
— Пайғамбар ақы үшін.
— Ей, тіленшілер, енді басымды ауыртпай кетіңіз, — деп ашуланып, қазы оқып отырған кітабын жерге
атып ұрды.
— Аһ, қазы, бейшарашылыққа бір нәрсе берсеңші,— деп тіленшілер кетпей, жылап тұрды.
Сонда қазы ыза болып, ұшып тұрып, жұмыскерлерін шақырып бұйырды:
— Мынау бір-екі қыдырыңдыны зынданға тастаңыз, — деп. Бірақ ол арада тіленшілер жоқ болып кетті.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
526 bet
Мұнан соң үш күн өткен соң, қазыға көп қонақтар келіп, той болды. Қазының үйінің іші жарқыраған
алтын, шамасыз сәулет, өзі терезесін ашып, сол терезе түбінде мүфтимен12 әңгімелесіп, көзін Бағдаттың
қаласына салып отыр екен. Сол уақытта терезе тұсына ана -күнгі екі тіленші тағы келді.
— Қуаныштарыңыз қайырлы болсын, қазы, осы қуаныш үстінде бізді де бір нәрсе беріп қуантыңыз, —
деп жылап тұрды.
Сонда қазы қасындағы мүфтиге айтты:
— Осы екі қыдырыңды тіленшілер екінші рет келіп беймаза етеді, қалипа қазіреті осындайларға жаза
бұйырмайды. Сөйтсе де, бұл жолы бұйрықсыз да болса, осы екі тіленшіні ұстатып, кісендетемін,
Бағдаттай қаланың сынын бұзып, қыдырып жүрмесін, — деп, адамдарын шақырды.
Сол уақытта екінші тіленшінің өздері де үйге кіріп келіп, үстіндегі ескі киімдерін тастап, біреуі айбатты
дауыспен ақырды:
— Қазы, мен сені қазы қойғанымда: жұртқа қайырлы, байға, жарлыға бірдей, ақ -сарағат би болар ма екен?
— деп үміт етіп едім, бұл жаңылысыма тоба қылдым. Жапар! Мынау оңбаған құртты алып, әділдікпен
жазасын бер, жұртым көріп - білсің патша құрығы ұзын екенін, ерте ме, кеш пе қылған жамандық патшаға
білінбей қалмайтынын, білінсе үлкен-кішілікке қарамай, жаза тартатынын, — деп.
Жиылған қонақтар бұларды танып, аяқтарына құлап жығылысты. Тіленші болып келіп жүрген
Һарунрашит деген қалипа патшасы, қасындағы Жапар деген уәзірі екен.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7495#ixzz4WfAL9wQS Достарыңызбен бөлісу: |