ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет81/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   153

                                              542 bet 

ІЗБАСТЫ 


 

Қыпшақ Ізбасты би, он жасар күнінде қош үстінде көп адаммен бір түлкі қуысып, бәрінен бұрын жетіп, 

түлкіні соғып алды. Артынан келген жасы үлкен кісілер «түлкіңді бізге байла» деп еді, Ізбасты бермеді. 

Қазақшылық  әдетте  жасы  үлкенге  мұндай  соғып  алған  түлкіні  байлаушы  еді,  мынау  бала  бізге 

байламайды деп, заманындағы ханына арызға келісіпті. Сонда Ізбасты ханға айтты дейді: 

 

— Ойдан қашты бір түлкі, тауға қарап демалмай, жабыла қудық көп кісі, бәрі де қалды ере алмай. Сол 



түлкіні  кім  алар,  жалғыз  жеткен  мен  алмай,  ағайыннан  дұшпан  жауым  жоқ  алдына  салып  айдап  жүр, 

алтайы түлкі көре алмай, ұялып, тақсыр, жүрмеңіз, мұның төресін ондап бере алмай. 

 

ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7472#ixzz4WfDUYOp8 



 

328 - Бөлім: ТЫШҚАННЫҢ ӨСИЕТІ 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2025 

 

 



ТЫШҚАННЫҢ ӨСИЕТІ 

 

Тышқан баласына оңашада үйретіпті: Адам деген мықты жауымыз бар, ағаштан қақпан құрып, үстіне ғана 



май байлап қояды, соны жеймін деп барсаң, қақпан ұстап алады, балам, соған жолай көрме, — деп. Бір 

күні  әлгі  баласы  ойнап  жүріп,  майдың  исі  шыққан  соң,  неғылып  қойған  екен  деп,  қасына  жоламай, 

алыстан сығалап қана қараса, шешесінің айтқан қалыбынша қақпан, үстінде майымен тұр екен. Ойлады: 

қарашы,  адамның  ақылсыздығын,  ағаштан  қақпан  ғана  істеп,  үстіне  май  байлап,  бізді  қызықсын  деп 

қойғанын. Біз сол қулыққа бола қоямыз ба деп, олай-бұлай одыраңдап жүгіріп жүрді де айтты: 

 

— Сөйтсе де, айхай майы құрғырдың исінің жақсысын - ай, жемесем де биттей ғана жақындап иіскеуге 



болады ғой,—деп, бірте-бірте жақындай-жақындай бара жатқанда, қақпан тарс етіп, тышқанды жаншып 

тастады. 

 

ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7471#ixzz4WfDf7g00 



 

329 - Бөлім: МЕЙІРІМДІ БАЛА 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2026 

 

 



МЕЙІРІМДІ БАЛА 

 

Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесе-тұғын. Бір төре 



осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы «әкем 

үшін жауап беремін» деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті. 

 

— Тақсыр патшам, — деді қыз, — менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айрылуы 



керек болды. Мінекей, тақсыр, әкемнің қолы, —деп өзінің қолын көтерді. — Бұл қол да менің жазықты 

болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз, тақсыр, 

осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға. 

 

Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешті дейді. 



 

ك ڭىنلااقام

ىرانياق ۋلە

: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7469#ixzz4WfDoIAJ5 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              543 bet 

 

331 - Бөлім: АУРУДАН - АЯҒАН КҮШТІРЕК 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2028 

 

 



АУРУДАН - АЯҒАН КҮШТІРЕК 

 

Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. 



Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң, 

Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып, танып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да 

шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі: 

 

— Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? — деп сұрады. 



 

Сейіт, шешесі шығып кеткен соң демін алып, сынықшыға сыбырлап айтты дейді: 

 

— Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, 



жүдемесін деп, шыдап жатырмын, — деді. 

 

332 - Бөлім: ШЕШЕ МЕН БАЛА 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2029 

 

 



ШЕШЕ МЕН БАЛА 

 

Шешесі қыз баласынан сұрады: 



 

—Берген ақшамды қайда қойдың? 

 

Бала: 


 

—Біреуге бердім. 

 

Шешесі: 


 

— Кімге? 

 

Бала: 


 

—Бір тентек балаға бердім. 

 

Шешесі: 


 

—Мұнан былай тентек болма деп берген шығарсың? 

 

Бала: 


 

—Рас, әже, екінші рет тентек болма дедім. Құс та Құдайдың жәндігі ғой, әже? 

 

Шешесі: 


 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              544 bet 

— Біз де, құс та, бөтен жан-жануардың бәрі де Құдайдың жаратқан жәндігіміз. 

 

Бала: 


 

— Әлгі бала Құдай-тағаланың жаратқан кішкентай құсын ұстап алып, сатайын деп жүр екен. Құс кісі 

аярлық  болып,  шиқылдап  тұрды.  Сонда  алып  жүрген  бала  тұмсығын  қыса  береді,  бейшара  құстың 

дауысын Құдай-тағала есітеді деп қорыққан шығар деймін. 

 

Шешесі: 


 

— Онда сен неғылдың? 

 

Бала: 


 

—Мен балаға ақша беріп сатып алып, құсты ұшырып қоя бердім. Менің бұл ісім сауап емес пе? 

 

Шешесі: 


 

— Әрине, сауап, бейшараларға қайырымды болғаның. 

 

Бала: 


 

— Ол бала, кім біледі, кем-тарлықтан құсты сатуға жүрген-ау? 

 

Шешесі: 


 

— Мен де солай ойлаймын. 

 

Сонда сөйлеп отырған бала сіңлісіне қарап: 



 

— Мана ақшамның бәрін бергенім жақсы болған екен,— деді. 

 

Сіңлісі шешесіне қарап: 



 

— Апаммен екеуміз мана бәстесіп едік, ол балаға апам құсыңның бәсі  не деп те сұрамай, ақшасының 

бәрін берді. Мен айттым: Құстың бәсі не? — деп сұрау керек еді деп, қайсымыздікі дұрыс? 

 

Шешесі үлкен қызына қарап айтты: 



 

— Сенің де бұл істеген ісінді дұрыс демеймін. Егер тағы бір манағындай бала жолықса, ақшаңның бәрін 

бастапқы балаға беріп қойдың, соңғыға не берер едің? 

 

Үлкен қызы: 



 

— Онда мен тағы да саған келер едім. 

 

Шешесі: 


 

—Егер менде де мал, ақша болмаса қайтер едің? 

 

Бала: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              545 bet 

 

— Онда... деп, не дерін біле алмады. 



 

Шешесі: 


 

—Көбірек жақсылық етуге шамам келсін десең, әр нәрсеге күтімді болу керек. Құстың бәсін сұрап, кемге 

бермеймін десе, сонда ақшаңның бәрін беру керек еді. Ол құстың өзі не құс екен? 

 

Баласы: 



 

— Мен сұрағаным да жоқ, әже, өзің айтушы емес пе ең, жақсылық еткен жаныңның атын да сұрама деп. 

 

Шешесі күліп: 



 

— Солай, солай, шырағым, — деді. 

 

Баласы: 


 

— Әже, сен көрсең еді, құсты қоя бергенімде, әуелі қуанғаннан тіпті ұша алмады. Сонан соң құсты сатқан 

баладан уәде алдым, екінші рет ұстама деп. 

 

Шешесі: 



 

— Қызым, жақсы іс істепсің, мінекей саған тағы да теңге. 

 

Қызы: 


 

— Алла разы болсын, әже. 

 

Шешесі: 


 

— Шырағым, қызым, әрдайым осындай рақымды бол, саған мұның үшін Құдай рақым етер, — деді. 

 

333 - Бөлім: АЛТЫН ШЕТТЕУІК 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2030 

 

 



АЛТЫН ШЕТТЕУІК 

 

Бір күн мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді. Леночка деген кіші 



қызы сол келтірген көп жемістің ішінде, сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп 

қоймады. Шешесі айтты: 

 

—Бұл шеттеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал, — деп, бөтендерін беріп еді, Леночка жылай 



бастады: 

 

— Мен қара шеттеуікті алмаймын, алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні де тәтті шығар, — деп. 



 

Шешесі  тіл  алмайтын  қисық  баланың  дегенін  істегеннен  артығы  жоқ  екенін  ойлап,  Леночкаға  алтын 

тыстыларын, бөтен балаларына бөтен шеттеуіктерді таратып берді. Леночка қуанып, шеттеуіктерін дереу 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              546 bet 

шаға  бастады.  Қараса,  бірінің  де  ішінде  дәні  жоқ  бос  қабықтар  екен.  Мұны  көріп  қасындағы  балалар 

мазақтап күле бастады. Сонда атасы айтты: 

 

— Бұл шеттеуіктер жеу үшін жасалған емес, тек көзге әдемі көріну үшін қойылған. Мен шеттеуіктердің 



бос  қабығын  алып,  сыртын  күміспен  бояп  қана  қойып  едім.  Екінші  рет  не  нәрсенің  де  құр  сыртына 

қызықпа, асылы ішінде болар, — деді. 

 

334 - Бөлім: БІР УЫС МАҚТА 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2031 

 

 



БІР УЫС МАҚТА 

 

Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты: 



 

—  Балам,  дүниедегі  жаратылған  жәндік-жансыздардың  ешқайсысының  да  керексіз  болып,  жерде 

қалатыны болмайды,— деп. 

 

Сол  сөзді  айтып  отырғанда,  қыз  бала  киімін  жамап  болып,  жердегі  мақтаның  қиқымын  терезеден 



лақтырып, далаға тастады: 

 

— Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас, — деп. 



 

Шешесі: 


 

— Балам, сол да жерде қалмайды, — деді. 

 

Осылайша  сөйлесіп,  терезеден  қарап  отырса,  манағы  мақтаны  жел  көтеріп  ұшырды.  Мұны  бір  торғай 



көріп, қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті. Қыз әжесінен: 

 

— Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады? — деп сұрады. 



 

Әжесі айтты: 

 

— Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына 



төсеп, жас балапандарына мамық етеді, — деді. 

 

335 - Бөлім: БАҚША АҒАШТАРЫ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2032 

 

 



БАҚША АҒАШТАРЫ 

 

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары 



мен гүл жапырақтарын көріп жүрді. 

 

— Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисайып кеткен? —деп сұрады баласы. 



 

— Оның себебі, балам, анау ағашты бағу - қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп. Мынау ағаш 

бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,— деді атасы. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              547 bet 

— Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, — деді баласы. 

 

Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады. Сен жас 



ағашсың,  саған  да  күтім  керек.  Мен  сенің  қате  істеріңді  түзеп,  пайдалы  іске  үйретсем,  сен  менің 

айтқанымды ұғып,  орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де 

мынау қисық біткен ағштай қисық өсерсің, — деді. 

 

336 - Бөлім: АСЫЛ ШӨП 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2033 

 

 



АСЫЛ ШӨП 

 

Злиха мен Батима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, 



қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха аһлап-уһлеп, шаршадым деп, Батима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда 

Злиха айтты: 

 

— Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, 



өзің де менен күшті емессің? 

 

— Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, — деді Бәтима. 



 

— Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін, — деді Злиха. 

 

Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «сабыр» деген, — деді. 



 

337 - Бөлім: ТАЛАПТЫҢ ПАЙДАСЫ 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2034 

 

 



ТАЛАПТЫҢ ПАЙДАСЫ 

 

Петр Великий деген осы күнгі ақ патшамыздың бабасы бір күні шіркеуде тұрғанда көп адамның артқы 



жағында  үңіліп  патшаға  қарап,  бөркімен  қалқалап  қана  бір  нәрсені  сызып  тұрған  балаға  көзі  түседі. 

Мұнымен бөтен кісінің ісі жоқ, жалғыз-ақ ақылы кемел патша сол бала-екеш балаға да көзін салып тұрған 

екен. Тілек тілеп болған соң, жұрт екі жарылып, патшаға жол беріпті. Сонда патша тұп-тура манағы балаға 

барады. Бала қолындағы сызумен болып тұрып, тіпті патшаның қасына келгенін де байқамай қалыпты. 

Сонда жұмсақ шыраймен патша сұрады: 

 

— Неғылып тұрсың? 



 

— Сенің жүзіңді жазып алайын деп едім. 

 

— Оны неғылмақсың? 



 

— Даңқың, дабылың жер жүзіне жайылған патшам, сенің суретіңді сызып алып, өміріме шейін бойымда 

сақтайын деп едім. 

 

— Қане, көрсетші сызғаныңды? 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              548 bet 

Сол уақытқа шейін қорықпай жауап беріп тұрған бала, «сызғаныңды көрсет» дегенде, қысылайын депті. 

Сөйтсе  де,  сызған қағазын  әдеппен патшаның  қолына  берді.  Қараса,  сурет  реуішті  де  емес,  әйтеуір  өз 

білімінше сызған сызық, бала ол күнде сурет салуды қайдан білсін?! Солай да болса, әлемге ақылы жеткен 

патша баланың талапты, зерек екенін аңғарып, оқуға бергізіп, ақырында сол бала бүкіл орыс жұртына 

даңқы шыққан Матвеев деген суретші болған. 

 

338 - Бөлім: СӘТЕМІР ХАН 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2035 

 

 



СӘТЕМІР ХАН 

 

Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір 



ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның 

төбесіне  қарай  өрмелеп  барады  да,  орта  шеніне  барғанда  құлап  түседі.Тұра  салып  тағы  да  өрмелейді, 

манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады. Ақыр бар 

күшін салып, қисая-мисая барып, тамның төбесіне шығып кетеді. Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: Құдай-

Тағаланың жаратқан жан-жануарының ең кішкентайы осы құмырсқа - екеш құмырсқа да тынбай жұмыс 

істеп жүр. Өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті. 

Тамның  басына  шықты.  Мұны  көріп  отырып  менің  де  талап  іздемей,  жұмыссыз  ойнап  жүргенім 

ақылсыздық екен, деп ойынын тастап, қалаға барды. 

 

Қалада бір зор білімді, оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-



мыс. 

 

Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған. 



 

339 - Бөлім: ӨРМЕКШІ, ҚҰМЫРСҚА, ҚАРЛЫҒАШ 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2036 

 

 



ӨРМЕКШІ, ҚҰМЫРСҚА, ҚАРЛЫҒАШ 

 

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады: 



 

— Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр? 

 

— Көремін, өрмек тоқып жүр. 



 

— Анау құмырсқаны көремісің? 

 

— Көремін, аузында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады. 



 

— Жоғары қара, аспанда не көрінеді? 

 

— Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар. 



 

Сонда атасы айтты: 

 

— Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет1. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып 



жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              549 bet 

тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына 

ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де Құдай-Тағала бос жүруге жаратпаған, 

жұмыс істеуге әдеттену керек, — деді. 

 

340 - Бөлім: СҮЛЕЙМЕН МЕН ІБІЛІС 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2037 

 

 



І. АҢЫЗ ӨЛЕҢДЕР 

 

СҮЛЕЙМЕН МЕН ІБІЛІС 



 

Құдайдың құлшылығы бізге парыз, 

 

Жалғанда құтылмасақ болар қарыз. 



 

Пайғамбар тақ Сүлеймен бір күндерде 

 

Аллаға бір сөз айтып қылды арыз: 



 

- Жын-пері адамзатқа қылдың еркін. 

 

Билеттің арзан қылып дүние-мүлкін. 



 

Ұшқан құс, жүгірген аң жел мен судың, 

 

Жараттың бір жүзікте қылып кілтін! 



 

Жер алыс үйден шығып жүрмегенге! 

 

Бар нәрсе жоқ сықылды көрмегенге! 



 

"Берді", - деп патшалықты ойламаймын, 

 

Билігін бір шайтан лағын бермегенге! 



 

- Ежелден жүрген шайтан қисық жолға, 

 

Жақсылық қылған емес ешбір құлға. 



 

- Ол итті билегенмен не қыласың 

 

Ойлайсың болады деп неге тұлға?! 



 

- Сен мені қойдың жұртқа патша сайлап, 

 

Алдыма салып жүрмін бәрін айдап! 



 

Билігін Ібіліс лағын берсең маған, 

 

Тас қылып қойсам деймін мықтап байлап. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              550 bet 

 

- Муафиқ [1] тағдырыма [2] емес сөзің, 



 

Жетпей түр бүл араға сенің көзің. 

 

Шайтанды босатпастан қойсаң байлап, 



 

Жүрерсің өле жаздап аштан өзің. 

 

- Жараттың оны неге әуел бастан, 



 

Атамыз адамзатқа қылып кұстан. 

 

Сенен бір сұрағаным билігін бер! 



 

Қояйын оны байлап, өлсем де аштан! 

 

- Ұшырып алып келсін: бұйыр желге! 



 

Қоймасын, тығылса да көрден-көрге! 

 

Қалжырап өзің аштан дағдарарсың 



 

Таба алмай ас пен қорек ішіп-жерге. 

 

Бұйырды сонда желге: "Алып кел!" - деп, 



 

Ұйтқыған самал тұрды, жел уілдеп, 

 

Ұшырып ап келген соң, байлап салды: 



 

- Ал, малғұн, тырп етпестен жата бер! - деп. 

 

Шайтанды байлап қойды пентке (винтке) салып 



 

Азаппен қинайын деп, өшін алып. 

 

Әртүрлі ерік берген пендесіне 



 

Құданың құдіретіне қайран қалып! 

 

Ақыл малда, көрік-шырай көмейде екен, 



 

Бұл сөзді ешкім бекер демейді екен. 

 

"Еңбексіз халал емес ішкен асың, - деп, 



 

Тағамды патшалықтан жемейді екен. 

 

Базарға тоқып зәнбіл [3] сатады екен, 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              551 bet 

Ас қылып сонан қорек татады екен. 

 

Өзінен онан басқа жемей тағам, 



 

Сабыр қып аш та болса, жатады екен. 

 

Бір себет талдан тоқып қолына алды, 



 

Сатып тамақ алуға базар барды. 

 

Базарда қыбырлаған жалғыз жан жоқ, 



 

"Бұл қалай кеп болды?!"- деп қайран қалды. 

 

Бос қалған шаршы базар, көше, сарай, 



 

Келеді жан-жағына қарай-қарай. 

 

Жандыдан жалғыз жүрген қарға да жоқ, 



 

Құданың құдіретін көр, болды қалай?! 

 

Тамаша көз жіберді әрбір жаққа, 



 

Қызығар бір пенде жоқ мал мен баққа: 

 

(Қылып тұр тәңірім оны сынамаққа!) 



 

Жан біткен үй ішінде — мешітте отыр, 

 

Құбылаға қарап, жылап жалғыз хаққа! 



 

Ешкімнің ойында жоқ дүние жалған, 

 

Безіпті үлкен-кіші бәрі малдан. 



 

Біреуге-біреу үндеп, тіл қатпайды, 

 

Дүниенің жұмысынан бәрі қалған! 



 

Жылаулы бір құдайға жанның бәрі, 

 

Отырған шарт жүгініп жас пен кәрі. 



 

Ешкімнің еш нәрсемен жұмысы жоқ, 

 

Көзінен тақ Сүлеймен көрген, әні! 



 

- Алушы зәнбілімді болмады жан, 

 

Шықпастан алды отырып үйлерінен, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              552 bet 

 

Бұ не сыр, жұртқа түскен не күн болды?! 



 

Құдая, білдірсейші, қалдым ғой таң?! 

 

Нандың ба, көріп, маған көзіңменен? 



 

Сен жұртты көрме бірдей өзіңменен. 

 

Жұмыстан қалды бүгін соның бәрі, 



 

Өзіңнің еркін айтқан сөзіңменен! 

 

Мәнісін мұның саған айтам енді, 



 

Бұларды өз қалпына кайтар енді! 

 

Әркімге әрбір түрлі іс қылғанда, 



 

Түрткілеп: "Бол-бол!"- дейтін шайтан еді. 

 

Біреуге ол, біреуге бүл жұмыс салып, 



 

Түрткілеп ерікке қоймай тыныш алып. 

 

Шайтанды өзің байлап қойғаннан соң, 



 

Байланды бүгін, істен бәрі қалып. 

 

Шайтанның адамзатқа достығы - қас, 



 

Мұрнына дәрі иіскетіп қылады мас. 

 

Ерікті шайтан құлға бола алмаса, 



 

Алданып бүл дүниеге бұрмайды бас. 

 

Отырған бір орнынан бұлар тұрмас, 



 

Бас қосып бір-бірімен кеңес құрмас. 

 

Бейхыкмет[4] ешбір нәрсе жаратпадым, 



 

Шайтансыз, асылы, дүние дүние болмас. 

 

Таң қалып тақ Сүлеймен күлді дейді, 



 

Құдайдың шеберлігін білді дейді: 

 

- Менікі ойлап тұрсам, бекер екен, 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет