ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет86/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   153

Жолыңа құрбан қылды шыбын жанды. 

Қалтасына ділда мен теңге салып, 

Керек қылған нәрсесін береді алып. 

Дүниесіне болмапты қатын ие, 

Есіл-дерті балаға кетіп қалып. 

Мұныменен алданып көп күн етті, 

Хан қызының орнына мұны күтті. 

Баламенен басқаның жұмысы жоқ, 

Үш-төрт қатын бас қосып кеңес етті. 

Басты әр жаққа бастайтын кез болыпты, 

Көп қаңғырған әр іске кез болыпты. 

"Неге жақсы баланы көреді?!" — деп, 

Таусылмайтын көп өсек сөз болыпты. 

"Бір кедейдің баласы - мұнша дәрі, 

Үйір қып жүр бойына қайдан, әні?! 

Құлағына ханымның салайық!" —деп, 

Қатын біткен жиылып барды бәрі. 

— Ханым, сізге бір сыр бар сақтап жүрген, 

Кісіңізден ши шықты мақтап жүрген. 

Енекеңіз жасырын ойнас бопты, 

Диуанамен ел кезіп ақтап жүрген. 

Үйір қылып Әдһамның бір баласын, 

Тауысатын берумен барлық асын. 

Айналасы шашқаны — сіздің дүние, 

Кімнің—дос, айырмайсыз кімнің қасын. 

Дәнекерін біз білдік арасының, 

Алып жүрген арадан парасының, 

Тамыр болып Әдһаммен алғандықтан, 

Барлық асы аузында баласының. 

Есіткен соң ханымды ашу қысты, 

Өз-өзінен от болып күйіп пісті: 

— Енекені алып кел жылдам! — дейді, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              611 bet 

— Көрсетейін мен оған әртүрлі істі! 

Қуанғаннан бір қатын жүгіріп кетті, 

— Ханым шақырып жатыр! — деп, алып жетті. 

Келісімен қолға алды отырғызбай: 

— Жаным, сені неден жын қағып кетті?! 

— Баста миың қай жаққа кетіп қалды?! 

Неден мұндай есінді құдай алды?! 

Көр күзеткен Әдһамның баласына 

Қалай бергіш боп жүрсің пұл мен нанды?! 

— Рас, мен беріп жүрмін пұл мен нанды, 

Нан түгіл берсем керек барлық малды. 

Мен нан берген баланы көрсең өзің, 

Денеңдегі берерсің ыстық жанды. 

Қылған ісін құдайдың таң көремін, 

Бір көрумен тоймаймын, сан көремін. 

Дәл өзіңнің қызыңдай боп тұрған соң, 

Сүйіп-сүйіп құшақтап нан беремін. 

Сөз қылсайшы баланы көріп өзің, 

Қанша айт, онша айт, онан соң маған сөзің. 

Қалай шыдап тұрасың сен нан бермей, 

Аумаған дәл өзіңнің өлген қызың. 

Баланы естіп, ханымның көңілі көшті, 

Жүрегіңе дерт болып бір от түсті. 

"Өлген қызың сықылды" — дегеннен соң, 

Мұның өзі сөз болды көкейкесті. 

Жылады қызы есіне түсіп кетіп, 

Өртенумен барады өмірі өтіп. 

Абырахмат жаңбырын аспандағы 

Шығарады дүр қылып садақ жұтып. 

Өлген қызын ұмытпай арман етіп, 

Қайғыменен таусылып түгел бітіп. 

"Қанттың шыққан қамысы қандай екен?" 

— Деуменен ынтызар боп есі кетіп. 

"Аһ!" — дегенде, жалыны ғарышқа жетті, 

Көрмей жатып баланы есі кетті. 

Енекеге жалынды: "Тұр жылдам!"—деп, 

"Алып кел!" — деп, баланы жарлық етті. 

Қуанғаннан Енеке жүгіріп барып, 

Дедектетіп баланы келіпті алып. 

Дүниесіне болмады ханым ие 

Есіл-дерті балаға кетіп қалып. 

Ханым әуелі "аһ!" — деп, аузын ашты, 

Не қыларын біле алмай жаман састы. 

— Айналайын, келді, — деп, — қызым қайдан?! 

Жас баланы бауырына қысып басты. 

Сүйді дейді бетіне бетін таяп, 

Не болады мал мен жан мұнан аяп?! 

Неше түрлі жемісті қойды алдына, 

Жан-жағына толтырып аяқ-аяқ. 

Телмірумен балаға көзін сүзіп, 

Бір көрумен мал-жаннан кетті безіп. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              612 bet 

Мал деген ит күн туса неге керек, 

Ауырмаса, беретін жаннан үзіп?! 

Ақ сабынмен қол-басын жуындырды, 

Алтын кемер беліне буындырды. 

Құдірет шебер емес пе мұндай қылған?! — 

Айдын көлден лашынға қу ілдірді. 

Басына алтын тәж беріп, гауһар таққан, 

Бір жорғаны мінгізді судай аққан. 

Неше түрлі үстіне тон кигізді, 

Патша екен деп ойлайды көрген баққан. 

Жалған, шіркін, өтеді жанды қинап, 

Әуре болдық кім үшін бір мал жинап?! 

Жібереді баланы енді үйіне, 

Қалдырмастан дәнеме осылай сыйлап. 

Баланың тойды көріп нұр сипатын, 

Жан білмес диуананың түпкі затын. 

— Қызыма аумай-талмай ұқсап туған, 

Тапты екен мұндай ұлды қандай қатын?! 

Анасын шақырып кел, көрелік біз, 

Қандай жан диуанаға боп жүрген кез?! 

Тапқан қатын мына ұлды тегін емес, 

Аузынан есітелік бір жақсы сөз. 

Құс екен қандай жерде ұя салған, 

Аң екен өсіп-өнген қай аралдан?! 

Құтан мен қытайдың киігі ме 

Жерінде жүрген-тұрған жұпар қалған?! 

Елшіні екі ортада қыздан алды, 

Жасанып бірнеше қыз оған барды. 

— Қараша үйде ханша болады екен! — 

— Деп бұлар көркін көріп қайран қалды. 

— Ханым сені шақырды, қатын! — дейді, 

— Көрдің бе балаң мінген атын!—дейді. 

— Барсаң, саған көп дүние пұл береді, 

Зердің зергер таниды затын!—дейді. 

— Біздер — қарға, ей, қыздар, сіз — бидайық, 

Үйімізде ас-су жоқ сізге лайық 

Өз теңімен жүрсе әркім жарасады. 

Ондай жайға біз барып не қылайық?! 

Үйімізде ет-нан жоқ жалғыз түйір, 

Барсақ бізге, дейді ғой: "Бір жіп иір!" 

"Тең теңін олжалайды" — деген сөз бар, 

Қарға мен бұлбұл болған қашан үйір?! 

Отырмыз үстімізді жамап бүріп, 

Итіміз жоқ шығатын: "әу!" — деп үріп. 

Ханым шошып кетпей ме, қарақтарым, 

Осы түрмен үстіне барсам кіріп?! 

Жолда көрген әркімдер күліп жүрер: 

"Не алады,- деп, - сыйқы жоқ кісі көрер?!" 

Бізді сықақ қылмаңдар, шырақтарым, 

Деген сөз бар: "Көп күлген бас келер". 

Қатын сөзін тауысты майда тілмен: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              613 bet 

— Ісіміз жоқ біздің, —деп, - жұртпен, елмен. 

Қыздар келіп ханымға баян қылды, 

Әңгімесін естіген көрген-білген. 

Ханым айтты: 

— Рас қой айтқан сөзі, 

Суыртпақтық үйінде жоқ қой бөзі?! 

Үсті-басы жамаулы шоқпыт шығар, 

Қорғалап отырған ғой сонан өзі. 

Сілкіп киер үйінде жоқ боп киім: 

"Жүретұғын жоқ қой,—деп,—еш жай-күйім, 

Бастан-шашым, аяқтан шуым шығып, 

Қалай барып көрем,—деп,—ханның үйін?!" 

Жаулық апар, жабылсын баста шашы, 

Көйлек, камзол, шапан мен кебіс-мәсі. 

Неше түрлі киімді апарыңдар 

Асыл бұйым әртүрлі зор бағасы. 

Және қыздар cay етіп жетіп барды, 

Мұнан түгел жабдығын етіп барды. 

Бастан-аяқ киімнің бәрін сайлап, 

Әкелуге ұлығлап күтіп барды. 

— Бармаймын, шырақтарым, қыспа! — дейді, 

— Кигенмен келіспейді нұсқа! — дейді. 

— Аяқ басып жүруге дәрменім жоқ. 

Әуре мені қылмаңдар босқа! — дейді. 

— Дәмі жоқ құр ендігі айтқан сөзің, 

Жүрерге - аяқ, көретін сау ғой көзің! 

Ерік алдыңа қоймастан ап кетеміз, 

Жүре ғой абыройыңмен онан да өзің! 

Апармай қоймайтынын енді білді, 

Киімді амалсыздан үстіне ілді. 

Көркейтіп дүние жүзін шыққан күндей, 

Сәулесі жарқ-жұрқ етіп кіріп келді. 

Пендесі көз салмаса төңірекке, 

Жеткізер Жаббар ием не керекке. 

Күдер үзген нәрсесі көлең етіп, 

Кіріп келді жанған шам көбелекке. 

Туралық, түзулікте болса кісі, 

Өз-өзінен оңалар оның ісі. 

Хан қызы хақтан көңіл бұрмағаннан, 

Қайта қонды басына дәулет кұсы. 

Бүркеншігін анасы жұлып алды, 

Бір-ақ келді "а!" деуге, есі танды. 

— Мұсылманлар, өңім бе, түсім бе?! — деп, 

Құлындағы құраққа даусы барды. 

— Көрем деп пе ем мен мұндай атқан таңды, 

Менің өшкен шырағым қайдан жанды?! 

Жеті жылдай жоғалтқан гауһар тасым, 

Қайдан келіп қолыма түсіп қалды?! 

Жаным менің қарағым, тәнім менің, 

Жеті жылдай түн болған күнім менің! 

Ия болмаса, ақылдан адастым ба, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              614 bet 

Жынды емес, сау еді ғой денім менің?! 

Қызы айтты: 

— Ей, анажан, мақұл сөзің, 

Мен сенің жеті жылғы өлген қызың. 

Алған құдай өзіңе қайта берді, 

Бойыңды басып, буыныңды бекіт өзің! 

Ел-жұрты мұны естіп аң-таң қапты, 

Патшаға сүйінші деп, кісі шапты, 

Өшкені өніп, өлгені тірілген соң, 

Көрге қойған перзентін төрден тапты. 

Қандай боп қуанды екен ата-анасы?! 

Қолына орнаған соң дүр данасы. 

Жоқтан бар қылған Хаққа бұл қиын ба?! 

Аллаға шек келтіріп, болма ғасы! 

Көрген соң ата-анасы ақ дидарын, 

Жарылып ақ түйеден жатыр қарын. 

Қыз езі бастан-аяқ баян қылды, 

Қалайша тірілгенін айтты бәрін. 

Кім айтар: "Өлген қайтып келмейді!" — деп 

"Құдайдың оған күші келмейді!" — деп. 

Әдһамға патша тұрып ашуланды: 

— Алған соң маған хабар бермейді! - деп. 

Қызы айтты: 

— Ей, ұлығлар патшасы, 

Әдһамның бұл турада жоқ күнәсы. 

Мен оны менсінем бе, теңсінем бе, 

Киген соң үйге келіп атлас шаһы?! 

Сөз қалды сөйлейтұғын тіл мен жақтан, 

Пайда жоқ күн туған соң алтын тақтан. 

Апарып бір қараңғы керге салды, 

Айырып еріксіз құдай алтын тақтан. 

Тірілдім өз-өзімнен көрде жатып, 

Көрмедім жарық сәуле бір таң атып. 

"Мені ал, мені ал!" — деуменен күнім өтіп, 

Шаршадым көрде жатып сілем қатып. 

Келді де, сырттан біреу көрімді ашты, 

Білген соң қыз екенім қайта қашты. 

Орнымнан қанша ұмтылып тұра алмадым, 

Көтеріп алсам-дағы көрден басты. 

Жалындым: 

"Ей, жақсы адам, бері кел! — деп, 

— Қолыңның құдай үшін ұшын бер!" — деп. 

Тұрғызып көрден мені әрең алды, 

Су ағып маңдайынан, тепшіп-терлеп. 

Ойладым: "Тағы жүгіріп үйге барсам, 

Үстіне алтын тақтың мініп алсам, 

Бұл сорлыға мені әкем бермес!"—дедім, 

Түріне, нұсқасына көзім салсам. 

Басқа бір өзім тәнді берер байға, 

Бұл сорлы құр алақан қалар жайға! 

"Қарсылық құдіретіме қылдың!" — десе, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              615 bet 

Ойладым: "Не деймін,—деп—соң құдайға?!" 

"Бізге көр жұрт: "Өлді!" — деп қазған екен, 

Тіріде менің пейілім азған екен. 

"Жалаңаш көрге ап келіп жабыстырып, 

— Ойладым,— бұған тәңірім жазған екен!" 

"Қой енді бас бұрмайын мұнан!" — дедім 

"Ат болар дөнен шықса, құнан!" — дедім. 

"Алланың жазуына тоқтамасам, 

Басыма түсер тағы тұман!" — дедім. 

Сонымен бердірмедім сізге хабар, 

Болмаса бұл байғұста не билік бар?! 

Жүргенмен жылан қанша иір-иір, 

Ақырда шыққан інін түзу табар. 

Атасы бұл сөзді естіп, түсті дейді, 

— Өзімнен шықты қызым есті!—дейді 

— Түспеген жұрт көзіне қайдан білсін, 

Құдайдан болған пәрмен істі!- дейді. 

Әдһамды баласымен алдырыпты, 

Шырағын оның құдай жандырыпты. 

Мүлкінің қақ жарымын бөліп беріп, 

Өзі өлген соң оларға қалдырыпты. 

Патшаның көп кешікпей болды опаты, 

Берілді Ибраһимге дәптер хаты. 

"Бадақшан-балых шаһарының патшасы!" — деп, 

Күншығыс, күнбатысқа кетті аты. 

Неше жыл патшалықпен дәурен сүрді, 

Қызығын дәулетінің ел-жұрт көрді. 

"Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап", 

Жылан мен бала бірге ойнап жүрді. 

Құс салып, аң аулады мылтық атып, 

Дүниеге бір күн шалқып, бір күн батып. 

Кез болды көз ұшында бір құланға, 

Жапанда жалғыз өзі келе жатып. 

Сенімді астындағы аты жүйрік, 

Мұны ұрып алайын деп болса бұйрық. 

Алыстан қуып еді аттатпай-ақ, 

Жақындап соғар жерге келді жуық. 

Ғайыптан құлағына бір үн келді, 

Кісі жоқ сөйлегендей, сөз естілді: 

— Аң қуып арсалаңдап әлі күнге, 

Жүргенмен не бітірдің, айтшы енді?! 

Шаңына қашқан құлан көңіл бөлмей, 

Қамыңды ойла қазулы көрге кірмей! 

Басың - бұлбұл, аяғың дүлдүл болсын, 

Сөйткенмен қаламысың ақыр өлмей?! 

Өлімнің келмес бұрын жолын көзде, 

Есіл өмірің өткізбе бекер түзде. 

Пайдасы жоқ аң қуып шаршағанша, 

Жанға пайда болатын құдайды ізде! 

Жалт қарады артына қашқан құлан, 

Қиыстырып сөз айтты онан-мұнан: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              616 bet 

— Аң қусын деп құдайым жаратты ма?! 

Өлмек үшін жаралған туған ұлан! 

Бұл сөзді естіп құланнан зәресі ұшты, 

Ұмытпастай сөз болды көкейкесті. 

Енді құлан қумасқа олда-білдә, 

Ант етіп, қайтып келіп үйге түсті. 

Ішсе, жесе, тамақтан өтпейді ас, 

Тыйылмайды көзінен домалап жас. 

Ұзын түнді өткізді ояулықпен, 

Түні бойы жастыққа қоя алмай бас. 

Жатқанменен көзіне ұйы келмей, 

Патшалықты өзіне дәурен білмей: 

"Бұл дүниеде сүргенмен жүз жыл дәурен, 

Қалам ба — деп — сөйткенмен ақыр өлмей?!" 

Әуелден-ақ ұйқысын бөлуші еді, 

Түн жарымы болғанда тұрушы еді. 

"Жануарға обал, — деп — таң атқанша!" — 

Өз қолынан атқа жем беруші еді. 

Өзге түннен бүгін түн ерте тұрды, 

Аттың жемін бергелі солай жүрді. 

Тап-тап басқан кісінің табанындай 

Үй үстінен есітті бір тықырды. 

— Өлімді ойлап жүрегім дүрсілдейді, 

Бұл не қылған мезгілсіз дүрсіл?! — дейді. 

— Кімсің өзің, жөніңді айт, не еткен жансың, 

Үй үстінен не қарап жүрсің?! — дейді. 

— Кірекеш едім мен өзім бәдәуи араб, 

Жоқ жоғалтып, ақылым алты тарап. 

Түзде жүрдің, көзіңе түсті ме екен, 

Түйеші едім бір жүрген түйе қарап?! 

Естіген соң бүл сөзді патша күлді: 

— Мұнан артық бола ма ақымақ енді?! 

Ол заман мен бұл заман, — бар ма, сірә: 

"Үй үстіне, — деген сөз - түйе келді?!" 

Ақымақтығың білінді айтқан сөзден, 

Іздесейші түйеңді жапан түзден. 

Ей, бейшара, есіңнің кеткені ме, 

Тақта отырған, түйеңді сұрап, бізден?! 

— Мен ақымақ емес, патша — ақымақ өзің, 

Болған жоқ па құдайды іздер кезің?! 

Дәнемені көрмейтін қор болыпты, 

Түздегі аңның тозаңы басып көзің! 

Ішіп-жеумен күндіз-түн карның тойған, 

Жоқ нәрсеге сарп қып өмірін жойған: 

Жатқан саған келе ме құдай өзі, 

Кім орнатып құдайды таққа қойған?! 

Қолда садақ болғанда, белде — қылыш 

Ит дүниеге қыласың күн-түн жұмыс. 

Тақта отырып құдайды іздейді екен, 

Бәрекелді, кісі екен мынау дұрыс! 

Бұл сөзіме қайыра жауап берші, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              617 bet 

Құдай қайда, айтайын, бермен келші! 

Өзіңдікі ойында жоқтығыңнан, 

Түйешімін дегенім болды ма ерсі?! 

Жоқ жерден оқыс сөзді патша есітті, 

Тағынан ықтиярсыз құлап кетті. 

Шыбын-шіркей үйінен шығып кетіп, 

Құдай жаққа түзеді енді бетті. 

Ешбір жан бұл кеткенін сезбей қалды, 

Талақ қылып тастады дүние малды! 

Үш күн, үш түн жол жүріп жапа жалғыз, 

Далада отар жатқан малға барды. 

Қотан-қотан қойлар бар түсіменен, 

Қос-қос жылқы ішінде қосыменен, 

Аяқ алып жүре алмай жатқан малдан, 

Сегіз күнді өткізді осыменен. 

— Қожайынымыз қанша елдің ханы! — дейді, 

— Дәулетінің болмаған саны! —дейді. 

"Кімдікі?! — деп сұраса, жолыққаннан: 

— Ибраһим Әдһамның малы! — дейді. 

Мұнша дәулет барлығы келмейді ойға, 

Айналмастай боп кетті айт пен тойға. 

Ол шеті мен бұл шеті көз жеткісіз, 

Тағы келді бір бөлек отар қойға. 

— Жұрт асқан патшамыздың ойы! — дейді, 

— Тал шыбықтай бұралған бойы! — дейді. 

— Онан басқа кімде мал болушы еді, 

Ибраһим Әдһамның қойы! — дейді. 

Бір кісіге аямай берген құдай, 

Құдай берген кісіге бәрі де оңай. 

— Отар жатқан малының шеті осы ма, 

Тағы қойы бар ма, айтшы, мұнан былай? 

— Жылқышының қарайған қосы! — дейді, 

— Дүние іздеген - шайтанның досы! —дейді. 

— Мұнан былай малы жоқ отар салған, 

Шаруасының ең шеті осы! — дейді. 

— Енді қойшы аузыңды адамға ашпа, 

Айтқан сырды ішіңе тықта, таста! 

Бас-аяғын дүниенің қыдырсаң да, 

Ибраһим Әдһам жоқ менен басқа. 

Талақ қылып дүниені безіп кеттім, 

Құдайды іздеп тентіреп кезіп кеттім. 

Бір қарауға артыма мұршам келмей, 

Мен артымнан күдерді үзіп кеттім. 

Азат қылып босаттым өз басыңды, 

Емін-еркін тыныштықпен іш асыңды. 

Қойдың бәрін ал жинап, бердім саған, 

Ие бол меншіктеп тау-тасыңды. 

Шекпеніңді қи маған, байғұс балам, 

Атлас тонды киіп бол бір түрлі адам. 

Алған малың өзіңе болсын халал 

Хақ жолына мен: "һу!" — деп, бастым қадам. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              618 bet 

Қараңыз қойшы олжаға батқанына, 

Қой жүн шекпен атласқа сатқаныңа 

Әбден разы болғандай осы қойшы, 

Неше жылдай қой бағып жатқанына. 

Бір түн түнеп қойшыға жатып кетті, 

Атлас тонды шекпенге сатып кетті. 

"Жаяулық пен жалғыздық құмар ісі, 

Қарқ олжаға — демеңдер — батып кетті!" 

— Көп жаңбырдан не пайда қара тасқа, 

Үйір болма бойыңа сіңбес асқа! 

Кім сұраса, "Көргем жоқ!" — деп айтқайсың, 

Бір өзімдей қаңғырған құлдан басқа. 

Амандасып қойшымен жолға түсті, 

Тұрғызбайды жүрегі алып ұшты. 

Өз-өзінен бүлініп, әлек болып, 

Лағын шайтан өртеніп күйіп пісті. 

Жаны ашыған кісі боп, келді жетіп: 

— Бейшара — деп, мүсәпірсіп аяп кетіп. 

Мұныменен жетесің сен қай жерге 

Жасисың ғой қорлықпен өмірің өтіп?! 

Не таптың желге тиіп, күнге күйіп? 

Шықпапсың жөні түзу киім киіп. 

Түйең жоқ аяқ артар шаршағанда, 

Табаның үш күн болмай қалар тиіп. 

Қоржының жоқ ет пен нан салатұғын, 

Торсығың - сусын құйып алатұғын. " 

Ас - адамның арқауы", — деген сөз бар, 

Сендей жаяу әр жерде қалатұғын. 

Сұлтан айтты: 

— Барамын бұл барғаннан, 

Бара алмасам, құтылдым мен арманнан. 

Тәуекелді тамам қып өлген артық, 

Жан тынышы үйде жатып құр қалғаннан! 

Жетеді пенде қайдан түйе мініп, 

Хайуанға алданады хайуан сеніп. 

Бір құдайдан басқаға көңіл бөлмей, 

Өмірімді өткізейін жаяу жүріп. 

Осы үшеуін серт қылдым бір басыма 

Ортақ қылып жүрейін кімді асыма?! 

Тәуекелдің таяндым таяғына 

Болсын куә періште көз жасыма. 

Өзіңді іздеп үйімнен шықтым, құдай, 

Қылма мені арсалаң бұрынғыдай! 

Бір басқа екі бас намаз оқып, 

Мұныменен барамын жүріп солай. 

Азықты алған жанлар ала берсін, 

Болымсызға алданып қала берсін. 

Азық артып жанымды қинарым жоқ, 

Шыдамаған жан болса, бара берсін! 

Мұны естіп лағын шайтан қайтып кетті, 

Насихатын осылай айтып кетті. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              619 bet 

Қылған серттен табанын тайдырмастан, 

Бұл жүріспен арада төрт жыл өтті. 

Бізге мұндай таң қайда анық атқан, 

Жарық сәуле көре алмай құр түн қатқан?! 

Көп керуенмен біраз күн жолдастасты, 

Жолы бір боп бәрінің бара жатқан. 

Жылдан-жылға барады заман өтіп, 

Қалып жатыр жаманлар, жақсы кетіп. 

Әлек қылып көңілін арбайын деп, 

Лағын шайтан тағы да келді жетіп: 

— Тәуекел осылай ма, сертің қайда?! 

Міндетім деп шығып ең бір құдайда. 

Өлмес қамын, бейшара, қылыпсың ғой, 

Ойламаймын деуші едің жанға пайда! 

Жан сақтапсың керуенге жанасалап, 

Бақ болмаса, не керек таудай талап?! 

Қамыңды өлмейтұғын ойлапсың ғой, 

Артылғанын бұлардың ұрттап жалап. 

Сені есіркер керуеннің аяп іші, 

Жұрт үстінен күнелтпек пұлсыз кісі. 

Бұл қалыпты болмаса керек еді, 

Тәуекелді шын қылған нардың ісі. 

— Әуре болма бұлайша маған нансаң, 

Көз сүзбес ең бұларға үйден алсаң. 

Көлігіне мінгізіп әкетеді, 

Жол үстінде жүре алмай шаршап қалсаң. 

Айтқан сөзі малғұнның ащы тиді, 

Айырылуды керуеннен көңілі сүйді. 

Жолсыз жермен қаңғырып жаяу кетті, 

Тірі пенде әр түрлі көрмек күйді. 

Үш күн, үш түн ас ұрттап, ішпеді су, 

Жан қиналды басынан бұрқырап бу. 

"Қаңғырып өлсін елсізде!" — дегені ғой, 

Ескі дұшпан, ежелгі жаны қас қу. 

Таңдайына жабысып тілі қатып, 

Бір ұрттам су болса деп көзін сатып. 

Аяқ басып жүруге дәрмені жоқ, 

Айдалада әлсіреп қалды жатып. 

Шыбын келіп үймелеп қонып жатыр, 

Тышқан түтіп киімін жұлып жатыр. 

Қара шіркей, сары маса ұзын аяқ, 

Бір кісіге білгенін қылып жатыр. 

Инелік пен көбелек о да бірге, 

Жеңіп алған бұрыннан бит пен бүрге. 

Ит пен құсқа жем қылып қалдыра ма?! 

Енді құдай мүсіркер келді жерге! 

Жақсы-жаман дүниеде сөз болыпты, 

Басты әр жаққа бастайтын көз болыпты, 

Бір бәдәуи астында түйесі бар, 

Құдай айдап үстіне кез болыпты. 

Бізге құдай осындай таңды атыр, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              620 bet 

Таң атса болар едік біз де батыр. 

Тірі-өлісін, дал болды, айыра алмай, 

Нұры балқып жүзінен біреу жатыр. 

Айдалада айқайлап сүрен салды, 

Құр шулатып құлақтың тынышын (тыйышын) алды. 

Өкпесіне қараса қолын салып, 

Шығар шықпас кеудеде жаны бар-ды. 

Біле қойды жатқанын аштан талып, 

Демі құрып сілесі қатып қалып. 

Іш-бауыры елжіреп тұра қалды, 

Мөлт-мөлт төгіп көз жасын іркіп алып. 

Бәдәуидің домалап көзден жасы, 

Не көрмейді ат пенен адам басы?! 

Қайда барса өзінен қалдырмайтын, 

Шырын-шәрбәт бар екен сусын асы. 

Кеуіп жатқан аузына құйды сүтті, 

Бір қызырға жолықты жолы құтты. 

Кеңірдек пен өңеші жібіген соң, 

Ар жағынан дем алып, сылқ-сылқ жұтты. 

Сенбегендер Құдайға қалады екен, 

Шын сенгендер көп олжа алады екен. 

Айдалада қалса да ассыз-сусыз, 

Азық әкеп аузына салады екен. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет