ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет89/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   153

Қара құл құлақ қойды бұл сөзіме, 

Көрінді шыбын жаным сол көзіме. 

"Қалағаның ал!" — десең, болды ғой,— деп, 

Жабысты жаман кәпір тап өзіме. 

Ол жерден бұл жігітті алып қойды, 

Ішіне алтын орда салып қойды. 

— Алтын, күміс берейін алғаныңша, 

Қой, — дедім, — құл шырағым, мұндай ойды! 

Бұл істі қылмас едім, мұнан қорықтым, 

Жігітті шығарған соң, сонан қорықтым. 

Сықылды асылзада ханның қызы 

Бұл малай қара шошқа құлдан қорықтым. 

Еш хайла ойласам да таба алмадым, 

Құл менен ерегесіп тұра алмадым. 

Сол кезде есім кетіп жығылыппын, 

Құлымның не қылғанын біле алмадым. 

Қара құл мұратына жеткен кісі, 

Дәурені хан қызының өткен кісі. 

Мұратын әрлі-берлі бітіріп алып, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              642 bet 

Жігітті сүйреп алып кеткен кісі. 

Көңілге құл кеткен соң сана кірді, 

Өртеніп іш-бауырым жана берді, 

Жігітті алып барып жайластырып, 

Дәндеген қара құлым және (жана) келді. 

Келгенін қара құлдың ұнатпадым, 

Ішіне алтын орда жолатпадым. 

"Өлтіргенің айтамын!" — дегеннен соң, 

Не қыларым біле алмай, алақтадым. 

Біле алмай не қыларым, есім кетті, 

Қара құл мұратына тағы жетті. 

Ажал жетпей, шыбын жан шықпайды екен, 

Алданып қара құлмен бір түн өтті. 

Шақырдым әуел неге қара құлды, 

Басыма құтылмастай пәле болды. 

Қоймады ықтиярға қара залым, 

Жүруге күнде келіп уағда қылды. 

Шаһардың еш білмейді даналары, 

Дұшпанның білсе қанар табалары. 

Бір күні отырысып мақтаныпты 

Жиылған бай мен бектің балалары. 

Теп-тегіс айтысыпты тамырларын, 

Құл тыңдап отырыпты мұның бәрін. 

Мақтанып өңшең мырза болғаннан соң, 

Құл айтыпты ханшаға қылғандарын: 

— Бірің — болат, бірің — құрыш; 

көп абзал бек, 

Бар екен ортаңызда осындай кеп. 

Қызымен патшаңыздың ашына жаймын, 

Мақтану сізлерден де бізлерге еп. 

Сонда отырған мырзалар күле берді: 

— Жаман сасық құл шірік ер ме?! — деді. 

"Құл құтырса, құдыққа қармақ салар", — 

Деген осы екен-ау деп күле берді. 

Қара құл сонда айтады: 

— Тыңда!- дейді, 

— Мені мазақ, мырзалар, қылма!—дейді. 

— Сөзіме менің айтқан нанбасаңыз, 

Хан қызын ап келейін мұнда! — дейді. 

Онда отырып біреуі: 

— Жарар, - деді, 

— Ойланып білгеніңше қарар, — деді. 

— Ханшаны осында ертіп келсең, 

Сөзіңе сенің айтқан нанар, — деді. 

Қара құл мұны айтты да, шығып кетті, 

Уағда мырзаларға қылып кетті. 

Хабарсыз дәнемеден отырғанда, 

Қасына ханшаның кіріп кепті. 

Қара құл сонда айтады көргенлерін, 

Уағданы көп жақсыға бергенлерін. 

Қасына ханшаны ертіп алып, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              643 bet 

Бармақ боп түн ішінде келгендерін. 

Еркіне бармайтұғын еш қоймайды, 

"Бармасаң, ал айтамын!", — деп ойлады. 

Сонда тұрып есімді жиып алып, 

Ойладым: "Қылайын – деп - бір хайланы". 

— Қадірлі қара құлсың биге лайық, 

Осындай алтын сарай үйге лайық. 

Бұ дағы біле білсең абырой ғой, 

Екеуміз мырзаларға сый қылайық. 

Қара құл бұл сөзді естіп, күлімдейді: 

— Ханша, ұнайтын сөз мұның,—дейді. 

Хайласын ханшаның қайдан білсін, 

— Өзім де ойлап келдім соны!—дейді. 

Түрлі ас дастарқанға орап алдым, 

Толтырып төрт шыныға арақ алдым. 

Шынының біреуіне уды салып, 

Ішіне мырзалардың бара қалдым. 

Сол құлға, түн ішінде еріп келдім, 

Боларын бір сұмдықтың біліп келдім. 

Ішіне мырзалардың кіріп барып, 

Қасқайып күрек тісім күліп келдім. 

Сол құлға еріп келген мені көрді, 

Бір пәле құтылмастай маған болды. 

"Айтқаны пәлекеттің шын екен!" — деп, 

Қарасып бір-біріне бәрі күлді. 

— Ас даярлап ап келдім көпке лайық, 

Ойнап күліп бұл түнде отырайық. 

Қылмаңыз түнде жүр деп бізді айып, 

Азырақ сізлерге біз сый қылайық! 

Сонда бұлар бәрі де асқа отырды, 

Ханшаның көңілі басқа отырды. 

Арақ пенен шараптан баса беріп, 

Жиылған жанның бәрін мас болдырды. 

Қаза болды-ау беклерге берген асым, 

Өз көңілімде дайын тұр қылған қасым. 

Баса құйып заһарды беріп едім, 

Елден бұрын жығылды қызылбасым. 

Бір жаман қиын істі, тағы қылдым, 

Күнәны кешілместей өзім қылдым. 

Арақ ішіп естерін танғаннан соң, 

Бір аяққа толтырып уды бердім. 

Адам білмей, бұл үйден шығып кеттім, 

Пенде қылмас бір істі қылып кеттім. 

"Сырым жұртқа әшкере болады!" — деп, 

Үй тола жанның бәрін қырып кеттім. 

Таңба салды қара құл сүйегіме, 

Ханның қызын қоймады сүйеріне. 

Даңқы шыққан бір ханның баласы едім, 

Не бетімді айтамын күйеуіме. 

Күйеуді келеді деп хабар келді, 

Үш жұма келмес бұрын шабар келді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              644 bet 

Күн көзді, ай ауызды ханның қызы, 

Нәрсені өтіп кеткен табар ма енді?! 

Ол нәрсе болмаса, ол күнде қиын іс-ті, 

Қатты қайғы ішіме бір от түсті. 

"Ханның қызы ханшада қыз белгі жоқ" — 

Деген өсек басыма бір жүк түсті. 

Тағы алдырдым баяғы кемпірімді, 

Кемпір келіп көреді секілімді. 

"Жаным, саған не болды?" — дегеннен соң, 

Кемпірден жасырмадым мен сырымды. 

— Елге қарар бет жоқ бізде! — дедім, 

— Алтын-күміс берейін сізге! — дедім. 

— Бойы менен кескіні маған ұқсас, 

Бір қызды тауып келші, ізде! — дедім. 

Кемпірім айтқан сөзді мақұл көрді: — 

Ханша, жарайтын іс мұның! — деді. 

Алтын, күміс ақшаны теңдеп артып, 

Алды-артына қарамай жүре берді. 

Алты күнде айналып [айланып] барып келді, 

Дәм татпай, ұйқы көрмей, арып келді. 

Алтын-күміс ақшаны аясын ба?! 

Жарлының жалғыз қызын алып келді. 

Шәлі орамал басына салындырдым, 

Ия інжу-маржан, иакуттан (жақұттан) тағындырдым. 

Көңілдегі қызымды ап келген соң, 

Қазынаға кемпірді малындырдым. 

Сұлулығы өзімнен қалыспайды, 

Хан қызынан бөтен деп таныспайды. 

Күйеуді келеді деген хабары бар, 

Арасы күннен күнге алыстайды. 

Неше күнлер өткен соң күйеу келді, 

Елін, жұртын шақыртып хан той қылды. 

Тойын тойлап халайық болғаннан соң, 

Жеңгелерім күйеуді алып келді. 

Алып келді күйеуді жеңгелерім, 

Кіргізбедім әлгі қыздан өзгелерін. 

Қалыңдық қайсы екенін танымады, 

Ісімнің енді білдім жөнделерін. 

Күң қызы мен хан ұғлы сұхбат қылды, 

Ханшаңыз қасында қарап тұрды. 

"Әрі-бері болған соң тура ғой!" — деп, 

Бұрын айтып қойып ем мұндай сырды. 

Жұмысы екеуінің аз болмайды, 

Тұр деуге біз бейбақта сөз болмайды. 

Ақырындап қолымды салып едім, 

Құшақтасып қалыпты, қозғалмайды. 

Басқа шықты битіміз балақтағы, 

Келгенімді күң қызы жаратпады. 

Ақырындап қолымды салып едім, 

Ханшаны қасына жолатпады. 

Хан баласы ол қызды қия алмады, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              645 bet 

Қарап тұрған өзімнен ұялмады. 

Екеуінің қылығын көре тұрып, 

Ханшаңыз көз жасын тыя алмады. 

"Малғұн мені аздырған шайтан ба?" - деп, 

"Өзі тұрар бармай-ақ қойсам ба?" — деп. 

"Болады тағы тартсам бір масқара, — 

Ойладым,—жарлы қызы тұрмас па?!" — деп. 

Күң қызы көкірекке салды дертті, 

Айтысқан алдындағы бұзды сертті. 

Бір жерден отын алып үйдім—дағы, 

Астына алтын сарай қойдым өртті. 

Өрт жанған соң жүгіріп үйге бардым, 

Қызды жігіт қойнынан сүйреп алдым. 

Қараңғы үйдің ішінде қақтықтырып, 

Жарлының жалғыз қызын отқа салдым. 

Бір жаман киын істі тағы қылдым, 

Күнәны кешілместей оңай білдім. 

Күйеуімді өзіме бермеген соң, 

Жарлының жалғыз қызын күйдіргенім. 

Тұрмағаны өзіне болмай пайда, 

Күйіп қалды сорлы қыз бір сарайда. 

Күйеуді алып барып оңашаға, 

Қосылып көңіл тынып жаттық жайға. 

Сондай қылдым мен қатты қиын істі, 

Өрт шыққан соң халайық жиылысты. 

Хан ұғлы мен ханша аман екен, 

Ел-жұртым бізді көріп сүйіністі. 

Сол күйеу сасқанынан сандалады, 

— Қалдық, — деп — құдай сақтап! — таң қалады. 

- Әлгіңіз кім еді? — деп, наздық қылсам, 

Алданып бұл сөзіме малданады. 

Осындай күнлер кешті біздің бастан, 

Сол кезде ханшаңыз қатты сасқан. 

Тырнақтай сыр кешпесе сіздің бастан. 

Көп жасап не пайда бар ұзын жастан?! 

Пәле боп мақтанғаны, құл да қалды, 

Бірталай құл тілімен мырза қалды. 

Әлін білмей, астамшылық қыламын деп, 

Жарлының жалғыз қызы отқа жанды. 

Жаман шал, уағдаңнан жаңылғаның, 

Атындай барымтаның сабылғаның. 

Азаптан бір сөз тауып, құтыла алмай, 

Көргенің мұнша бейнет не қылғаның?! 

Ханша жынысы әйелдің данасы екен, 

Құдайдың бұған берген панасы екен. 

Алғашқы көркем жігіт қыз өлтірген, 

Қаңғырған шалдың жалғыз баласы екен. 

Шал байғұс естіген соң аһ ұрады, 

Даусымен дүние толып жаңғырады. 

— Көрген көзің болайын құрмалдығы, 

Түгі-түсін сөйлеші! — деп сұрады. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              646 bet 

— Көркіне бір кенелдім мен де тойып, 

Берейін түгі-түсін қолмен қойып. 

Емес пе құр көрумен күйгендігім, 

Тастадым жарқыратып бірақ сойып. 

Мінезден асығыстық атандым қар, 

Қалды ма, айтыңдаршы менде ұят-ар?! 

Апармай тәңірі алдына жақсы келдің, 

Ал қылыш, балаң үшін, тілгілеп жар! 

Шал айтты: 

— Разы болдым, ханым! — дейді, 

— Керек қой айтқан сөзге наным! — дейді. 

— Аузыңнан айтқан ғана айналайын, 

Дауалап көңілім, тынды, жаным! — дейді. 

— Сыймаған маңдайыма бір бала еді, 

Тағдырдан қаза жетсе, кім қалады?! 

Сондай балам бар еді-ау деп айтқанмен, 

Көрген өзің болмасаң, кім нанады?! 

Бір жанын Құдай үшін берген балам! 

Ақ ниет адал жолмен өлген балам! 

Баламды көріп күйген сені көріп, 

Тірілді, біле білсем, өлген балам! 

Жоғалтқан бір жоғымнан бердің тілді, 

Тамсантқан қылған ісің қауым елді. 

Сондай жанның әкесі екендігім, 

Мінеки, сен айтқан соң, ғалам білді. 

Кез болдым қылып тәубе қайтқаныңа, 

Жұрт нанды артқаныңа, тартқаныңа. 

Балам түгіл, өзімнің жаным құрбан, 

Риза болдым ықырар боп айтқаныңа. 

Жарайды, жан екен де ханым да жас, 

Мөлтілдеп домалапты көзінен жас. 

Жүгіріп келіп ұстады шалдың қолын, 

— Кессең, міне, басым, — деп, — алдияр бас! 

— Жәпірейіп қалғам жоқ, желім болып, 

Қыдыр болдың дәл бүгін келім болып. 

Тұр қасымда, сенікі — қара орманым, 

Өмірімше күтейін келін болып. 

Бұл сөзбенен тырп етпестен шал да тұрды, 

Өңі еніп, гүл-гүл жайнап, болды нұрлы. 

Құдай бағын ашқан соң, оңалмақшы, 

Болғанмен әуел баста қанша сорлы! 

Шал байғұс Құдай оңдап болды бақты (бақытты), 

Ханым ісі құдайға әбден жақты. 

Ақырында әулие болды ханым, 

Құлағыңа сырға қып, тақ құлақты! 

 

350 - Бөлім: ЖИЕНӘЛІ БАТЫР ТҰЛПАРЫ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2047 

 

 



ЖИЕНӘЛІ БАТЫР ТҰЛПАРЫ 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              647 bet 

Алтай  ішінде  Бекайдар  деген  табынан  Жиенәлі  батыр  шыққан.  Жиенәлі  батырдың  қайыны  Уақ  екен. 

Қайнының жылқышысының айтуы бойынша бір күрең бесті ат алған. Екі мың жылқысы бар екен. 

– Осы күрең дөненді алыңыз,- деген,- екі мың жылқы жиылғанда, тоқымдығы терлемейді, - деген екен. 

Сол  күрең  бестіні  жаратып,  талай  асқа  түсіп,  өлшеусіз  жүйрік  болған.  Жиенәлі  батыр  Демік  деген 

жолдасын қасына алып, күрең атты жаратып, бір баланы үстіне мінгізіп алып, Ұлы жүзде бір асқа барады. 

Сол аста «Мыңтайлақ» атанған бір ат бар екен, сол Мыңтайлақ та келген екен. Жиенәлі батыр асқа тіккен 

үйлерді аралап жүріп бара жатқанда, Мыңтайлақтың иесі үйде отырып: 

– Тұлпардың дүбірі шықты, менің атыма: «Бәйге бермеймін!»- деп,бір қу ауыз жүйрік келді!- деген. 

Күрең ат алдында келіп: 

– Өзі шақырмай аяғынан келді, өзінің жүзі басқа екен!- деп, көпшілік намыс қылып, бас бәйгені бермепті. 

Сонда үстінде құлын жарғағы, астында ақ боз аты бар біреу келіп, Жиенәлі батырға: 

– Аттың бәйгесін қолыңа бір тигізсем, әкете алар ма едің?- депті. Жиенәлі батыр: 

– Қолыма бір тигізсең, көрер едім!- деген соң, Жиенәлі батырды ертіп алып, қалың топты қақ жарып келіп, 

ат бәйгелерін ұстап тұрғандарға: 

– Жақсыны көрмек үшін деп еді. Басқы аттың бәйгесі  қандай бұйым, бере тұрыңызшы, көрейік!- деп, 

алып, шеже көздеген алтынды мауыт екен. Қолына алып көріп, көрген болып, Жиенәлі батырға: 

– Мінеки, қалай оңды, көріңізші!- деп, Жиенәліге беріпті. 

Жиенәлі батыр күрең атты балаға беріп: 

– Ал да, жөнел, үш күндік жерге бармай, тоқтама!  - деп, бала ала жөнеліп, жалғыз жанға шалдырмай, 

құтылып,  бір  жерге  құлап,  қалжырап  жатып  қалыпты.  Артынан  Жиенәлі  батыр  келсе,  бала  қалжырап 

жатыр, ат бетімен жайылып жүр екен. Жиенәлі батыр: 

– Ыстықтай суысып қойды-ау, зорығып кетеді ғой!- деп, қатты қайғырып, уайымдапты. 

Шеже  көз  сауытты  алса  да,  үйіне  аман  келіседі.  Атына  қайғырып,  дөңбекшіп,  орнында  байырқалап 

отырмапты. Сонда қырдан бір сыншы адам кез болып: 

– Атыңа олай-бұлай деп, уайымды болсаң, маған сау күніндегі бағасына сат!- депті. Сатпапты. 

–  Мен  жылқы  танысам,  атыңа  уайым  қылма,  атың  дәнеме  етпейді.  Сенің  бұл  атың  аш-тоғын,  ыстық-

суығын, алыс-жақынын елең қылмайды. Мұнан былай жаратып, терін алғанда, үстіне жабу жауып,үстіне 

екі пұт құм теңдеп шап. Әйтпесе бүйірі қызбайды. Туысы тұлпардың аунаған жеріне кездескен жануар 

екен!- деп айтып беріпті. 

 

351 - Бөлім: ТҰЛПАРДЫҢ ДҮБІРІ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2048 

 

 



ТҰЛПАРДЫҢ ДҮБІРІ 

Алданазар ханға жүйрік тұқымы қайдан келді? «Толыбай»- ұранды Қанжығалыға ұран болған - Толыбай 

сыншы екен. Жүйрік сынайды екен. Сол Толыбайдың бір жас баласы Қарақалмақ: Қатысыбанның ханы 

Қоңтажының қолына тұтқындыққа түсіп, Қоңтажы қозы бақтыруға бұйырыпты. 

Көп бала қозы бағып жүрсе, айдалада бір қу бас жатыр екен. Жылқының басы екендігін баланың бәрі 

таныпты да: 

– Тірі күнде қандай жануар екен?- деген. 

Толыбай сыншының баласы танып, еңіреп қоя беріпті. Қалмақтың қозы баққан көп баласы ауылдарына 

айта келіпті: 

– Айдалада бір қу басты көріп, қазақ бала жылады!- деп. 

Қоңтажы баланы шақырып алып, сұрапты: 

– Балам, қу басқа неменесіне жыладың?- деп. 

Бала айтыпты: 

– Әкем жүйрік сынайтұғын сыншы еді, қазақ жұртына аты аталған, аруағы шашылған, «Толыбай сыншы» 

атанған. Айдалада жатқан қу бас жай жылқының басы емес, тірілігінде дүбірі жер жарған тұлпардың басы 

екен. Соны көрген соң: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              648 bet 

–  «Уай,  жарықтығым-ай,  сенің  тұлпардың  басы  екендігіңді  кім  таниды  да,менің  Толыбай  сыншының 

баласы екендігімді кім таниды?!- деп, қозы бағып жүргеніме қорланып жылап жіберіппін!»- деген соң, 

Қоңтажы қозы бағудан шығарды, атқа мінгізіп, қасына нөкер қосып: 

– Өзіме қараған қырық сан қалмақты аралап, таза тұлпардан шыққан жүйрік тауып бер!-деп жіберді. 

Бала  қырық  сан  қалмақты  аралап,  қалмақтың  жылқысы  топыршық  болады  екен.  «Ат  -биеден,  алып  - 

анадан». Ат туатұғын бие жоқ, тұлпар қайдан болсын?!- десіп, жүйрік таба алмай келіпті. «Жүрген-тұрған 

жолаушыдан,  келген-кеткен  керуеннен  қара!»-  деп,  бұйырған  соң,  бір  керуеннен  аяғы  ақсақ,  арқасы 

жауыр, құйрығы шолақ, кестірілмеген бір көк сәурікті: «Тұлпар екен!» - деп, сынап алып келіпті. 

Жазғытұрғы уақ екен: 

– Сүйегі ағарсын, бел қызығын көрсін, көңілі жабырқамай өссін!- деп, оны бір байталға үйірге салыпты. 

Шыңына әбден жетіп қалған арықтық бір күнде, бір жылда бойдан арыла қоя ма? Салған жылы бір бие де 

шығара алмапты. Қыстыгүні үйіріндегі байталдан бірін сойдырып қараса, байталдың жілігінің екі басы 

түгелімен қаракемік шығыпты. 

– Сүйегінің ағарған-ағармағанын осынан байқау керек!- депті. 

Келер жылы да бие шығара алмапты. Ол қыста үйірінен бір байталын сойғызып қараса, жілігінің бір басы 

ақ кемік, бір басының жартысы ақ кемік, жартысы қара кемік болып шығыпты. Үшінші жыл тоғызын 

түгел буаз қылуға жарапты. Үйірінен бір байталын және сойғызып қараса, бармақтың көлеміндей қара 

мік табылмапты. 

– Сүйегі ағарды. Ал енді ас, тойың болса, жарат та, қоса бер, алдын бермейді. Қырық сан қалмақта мұның 

алдына түсер жанды қара жоқ! - деген соң, Қоңтажының өзінің сұраған жанның жалғызына бере алмай 

отырған жалғыз қызы бар екен. Қызын байға тигізбекші болып, қырық сан қалмаққа сауын айтып, той 

қылып, балаға: 

– Осыны өзің жарат та, өзің шап!- деп, бұйрық қылыпты. 

Сонда бала екі бүйіріне қом теңдеп,терін тіліменен жалап көріп, терінің ащы дәмі ауызға білінбегенде: 

– Ащы тері алдында, - деп, тізесін қолымен сығып көріп, қолымен сыққан тезектен дым табылмағанда - 

қу тезек болды!- депті. 

Тойдың атшабар күні болғанда, мейлінше алыстан айдатып, бала өзі мініп шауып, ұшқан кұс, жүгірген аң 

да ілесе алмайтын күйіне түскен екен, жапа-жалғыз келе жатыр дейді. Қарақшыға жете бергенде: 

– Жылқы үйірін сағынса, құлақ басын қағынар,  Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар,  - деген осы 

болатұғын. Қой, хош-аман болыңдар!- деп, Сарыарқа, қайдасың?!- деп, жөнеле беріпті. 

Жабыла қуғанмен жалғыз жан қарасын көре ала ма?! Бір буаз биелі көпке шейін жалбаңдап алысыпты. 

Ішіндегі құлынынан айрылып, «Қал!»- десе де, қалмапты. Бір уақытта құлынын атып жіберіп, қалта қарап 

тұра қалыпты. Сөйтсе, жануардың өзінен шыққан бие екен, ішіндегі құлынның буы екен. 

Бала  құтылып,  жазы  жапанға  шығып  кетті.  Басын  тартып  тоқтатуға  әл  қайда,  дәрмен  қайда,  екі  қолы 

қарысып, ұшқан құспен жарысып, қатарласқанның бәрі де әудем жер бармай, кейін қалысып, баланың екі 

көзінен Сарыарқаның әр төбесін бір көрген сайын жас парлап: «Осы көріп келе жатқаным өңім бе, түсім 

бе, Құдай?!- деп, зарлап келе жатқанда, қас қарайып, түн болыпты. 

Үйде бойжеткен жалғыз апасы бар екен. Апасының түсіне кіріпті. Бұл жауға түсіп кеткенде, оң жақта 

айттырып қойған қалыңдығы бар екен. «Отауын оң жағыма түсіріп, жанымды ағартамын. «Қуыс үй құр 

тұрмас» деген сөз бар еді. Үйдің тілеуі - құлын жасында қосағынан айрылған келінімнің тілеуі неге бос 

қалсын?!- деп, отауын түсіріп, апасы: 

– Жалғызым есепті: бауырыма басып жатып, ұйықтамасам, ұйқым келмейді, - деп, отауда жалғыз інісінің 

қалыңдығын бауырына басып жатып ұйықтайды екен. Түн ішінде оянып, төсекте жатқан әкесіне жүгіріп 

келді дейді: 

– Сүйінші, сүйінші, әкеке, жалғызым түсіме кірді: «Қалмақтан аман-есен құтылдым, мінгенім – тұлпар, - 

дейді. - Бұл Арқаға тоқтайтын емес. Екі үйдің арасынан жібек арқан құр!» - дейді деген соң, әкесі: 

– Түсің шын, қарағым, тұлпардың дүбірі құлағыма келіп жатыр еді. Бұл Сарыарқада қайдан болсын, не 

ала жүрсін?!- деп, басымды көтермей жатыр едім!- деп, ұшып тұра келіп, жалма-жан жібек арқанды құрып 

байласымен, арқанға келіп килігіп, лықсып қалғанда, бала түсіп қалды да, арқан шарт етіп үзіліп, тұлпар 

кете берді. Толыбай сыншы артқы жағынан көріп қалып: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              649 bet 

–  Тұлпардың  өзі  емес  екен.  Су  тұлпарының  айғырының  су  биесіне  шапқанын  көріп,  сүйініп,бойы 

еміренген екен, қыр биесінің құлыны екен. Бұл суға түсіп кете алмайды. Алдында көлденең Күркілдектің 

суы бар, соған барып тоқтайды!- депті. 

Бала аман-есен үйіріне қосылды. Құдай пендесінің үмітін жаумид қылмайды. Бәрінің де ойлағаны болды. 

Толыбай сыншының айтқанындай, тұлпар Күркілдектің бойына барып тоқтапты. Сонда сол маңайды Ұлы 

жүз:  Үйсін Қасқарау байдың ауылы бар екен. Өзін ұстап алу қайда, тағы болып, су басында жүргенін 

көрген соң, Қасқарау бай бес байталды оңаша тастап, сол бес байталға шапқан екен. Қыпшақ: Қарабалық-

Алданазар паң бала күні екен де, өзі Қасқарауға жиен екен. Нағашысына барып: 

– Не қалағаның болса, ал!- десе, алмай, жиендік қылып, бес байталдың бірін буаз күнінде алып қашып 

кеткен  екен  де,  артынан  Қасқарау  қумайды  да,  зерттемейді.  Қазақтың  жиендік  қылатұғын  бұрыннан 

ғұрып-ғадеті болғандықтан, сол байтал еркек құлын тауып, өскен соң, үйірге салып Алданазар ханның 

жылқысы шетінен туа жүйрік бола бастағаны сол екен. Сонан соң мұның жылқысынан тұқым алу үшін 

құда  болмаған  қазақ  жоқ.  Бұл  орта  жүзде  болған  жүйріктің  түп  негізі  сол  Алданазар  ханға  барысып 

тиянақтайды.  Онан  соң  Қасқарау  деген  елдің  аты  қосылған  жерде  өзге  ел  бәйге  алмайды.  Және  бұл 

күнгеше өзге елге қарағанда, Қасқарау жылқысы жүйрік келеді. Қуандық аты тұрғанда, біздің Сүйіндікке 

бәйге жоқ. Қасқараудан жылқы тұқымын алған Қарсұн-Керней аты келген жерде Қуандыққа бәйге жоқ. 

Қасқараудың өзімен аралас аста Қарсұн-Керней атына бәйге жоқ. 

 

352 - Бөлім: КЕМПІР МЕН ҚАРҒА 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2049 

 

 



КЕМПІР МЕН ҚАРҒА 

Ертеде  бір  елсіз  тауда  бір  жалғыз  үй  қыстап  қалыпты.  Ауып  бара  жатқан  ел  екен.  Елге  ере  алмай, 

азаматының жоқтығынан, үй иесі кемпір болса керек. Бір топ қарға, қайтып бара жатқан, жалғыз үйге кез 

болып,  оның  ішінде  бір  арық  мүгедегі:  «Мен  мыналарға  ере  бергенде,  не  табамын?  Жолда  бір  жерде 

боранға ұшырап, текке қатып қалармын. Мына жалғыз үйдің қасында қалайын. Қара-құрасы бар көрінеді, 

қаны болар, жыны болар, дәнеме тимегенде, мына кемпірдің қарақан басынан атамның асы табылар!» - 

деп,  қар  қалың  жауып,  қыс  қамытшылыққа  айналып, кемпір  есігінің  алдынан  күрек  аршып,  қойларын 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет